Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Аскар Асел Серікқызы

Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары бойынша жауаптылық

Мамандығы 050301 - «құқықтану»

Алматы. 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика

кафедра меңгерушісінің

з. ғ. д., проф. рұқсатымен Джансараева Р. Е.

қорғауға жіберілді.

«___»2013 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары бойынша жауаптылық

Мамандығы 050301 - «құқықтану»

Орындаған: 3 курс студентіАсқар Асел Ғылыми жетекші: з. ғ. к. Бисенова М. Қ. Норма бақылаушы:з. ғ. к. Джетибаев Н. С.

Алматы, 2013

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы : Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары бойынша жауаптылық.

Таңдалған тақырыбының өзектiлiгi. Бүгінгі танда қоғамымызда қылмыстың күн санап өсуі, оның ішінде қатысушылық арқылы қылмыс жасау мемлекетіміздегі көкейтесті мәселелердің біріне айналғаны рас. Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқық ғылымында ең маңызды мәселенің бірі болып табылады да, сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан 3-ші шабуыл жасап тонаудың біреуін, 2-ші қорқытып алушылықтың біреуін осы қылмыстық топтар жасайды.

Дипломдық жүмыстың пәні және нысаны.

Осы жұмыстың нысаны қылмысқа қатысу нысандары, түрлері, олардың ерекшеліктері мен кейбір ара қатынастарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

Зерттеудiң пәнін қылмысқа қатысу нысандары, түрлерінің қылмыстық нормада көрсетілген саралау белгілерінің құққы қорғау органдарында дұрыс қолдануын құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi.

Осы зерттеу өзiнiң алдына қылмысқа қатысу нысандары, түрлерінің тарихына шолу жасау арқылы қылмысқа қатысу нысандары, түрлерін терең жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр.

Аталған мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:

  1. Қылмысқа қатысушылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын теориялық тұрғыдан талдау.
  2. Қылмысқа қатысушылыққа сипаттама беріліп, оның объектитвік және субъектитвік мәселелері анықтау;
  3. Қылмысқа қатысушылықтың нысандары көрсетіліп, олардың әрқайсысының түсінігіне, белгілеріне, ерекшеліктеріне талдау жасалады. сол сияқты кімдерді қылмысқа қатысушылар деп тануға болатындығы және олардың жауаптылығы туралы, өзіне тән белгілері мен ерекшеліктерін ашып көрсету;

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . ……… . . . 6

1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері . . . 9

1. 1 Қылмысқа қатысудың түсінігі мен белгілері …… . . . … . . . . . . 9

1. 2 Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы . . . 19

2 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары бойынша жауаптылық . . . 45

2. 1 Қылмысқа қатысушыларға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар . . . ………. . . . ……… . . . …. . 45

2. 2. Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар. 50

Қорытынды . . . …… . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . 62

КІРІСПЕ

Таңдалған тақырыбының өзектiлiгi. Бүгінгі танда қоғамымызда қылмыстың күн санап өсуі, оның ішінде қатысушылық арқылы қылмыс жасау мемлекетіміздегі көкейтесті мәселелердің біріне айналғаны рас. Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқық ғылымында ең маңызды мәселенің бірі болып табылады да, сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан 3-ші шабуыл жасап тонаудың біреуін, 2-ші қорқытып алушылықтың біреуін осы қылмыстық топтар жасайды.

Қылмыспен күресті күшейту мақсатында Республика Президентінің бір қатар Жарлықтары мен Қаулылары жарияланды . Құқық қорғау заңдарының даму бағытын анықтайтын, құқық органдары қызметінің тиімділігін жоғарылататын қылмыстылықпен күресу бағдарламасы жүзеге асуда. Мемлекет басшысының Жарлықтары мен Қаулыларының арасында 1992 жылғы 17-ші наурыздағы «Ұйымдасқан қылмыспен қарсы күресті күшейту шаралары» туралы Жарлықты, 2004 жылы 11-ақпандағы «Қылмыстылықпен күресу Кеңесінің құруы туралы Жарлықты, осы аталған жарлықтар мен қаулыларда қылмыстылыққа қарсы күресті күшейтуді бағыттайтын ұйымдастыру шаралары ұсынылады.

Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі туралы мәселенің тәжірибелік маңызы да зор. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі, бір жағынан, қылмыс жасаған адамдардық барлығын жауапқа тартуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қылмыс жасамаған адамдарды қатысушылар ретінде негізсіз жауапқа тартудан сақтандырады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдеде қабылдаған Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, қатысушылардың түрлері, олардың жауапкершілігі, қылмысқа қатысушылық нысандары туралы заң нормалары бекітілген. Осы зерттеу барасында Кеңестік және Қазақстандық қылмыстық құқық докринасының өкілдеріннің еңбектері пайланылды.

Осыған орай, жалпы қылмыстық құқықтын, бір институты ретінде қылмысқа қатысушылық институты ұйымдасқан қылмыспен күресудің қылмыстық құқықтық құрамдарының бірі болып танылады.

Ол 1997 жылы қабылданғанмен де, одан бәрі бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, 2002 жылы халықаралық терроризмнің өршуіне байланысты бірнеше өзгертулер енгізілсе, 2002 жылдық соңында ҚР қүқықтық реформаның тұжырымдамасының шығуына байланысты ең соңғы рет қомақты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Жұмыс алдына заңшығарушылық ұсыныстар енгізуді мақсат етіп қойған жоқ, тек қылмысқа қатысушылық институтының теориялық және практиткалық маңызы бар қырларының ғылыми аспектілерін ашуды көздеді.

Тақырыптың зерттелген дәрежесі.

Қылмысқа қатысу мәселелері әрдайым қай қоғамдық даму сатысына қарамастан зерттеуде болатын тақырыптың бірі. Осы ілімді зерттеп, жетілдіруге іргелі ғылыми еңбектер арнаған ғалымдар көптеп саналады, олардың қатарына - Ашитов З. О., Абдиров Н. М., Ағыбаев А. Н., Баймурзин Г. Р., Жекебаев У. С., Т. Ә. Бапанов., Кайыржанов Е., Алауханов Е. О., Рахметов С. М., Трайнин А. Н, Пионтковский А. А., Кригер Г. А және т. б. еңбектерін айтуға болады. Осы аталған ғалымдардың зерттеулеріндегі қорытындылар теориялық, тәжiрибелiк ұсыныстарға көңіл бөлінді.

Дипломдық жүмыстың пәні және нысаны.

Осы жұмыстың нысаны қылмысқа қатысу нысандары, түрлері, олардың ерекшеліктері мен кейбір ара қатынастарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

Зерттеудiң пәнін қылмысқа қатысу нысандары, түрлерінің қылмыстық нормада көрсетілген саралау белгілерінің құққы қорғау органдарында дұрыс қолдануын құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi.

Осы зерттеу өзiнiң алдына қылмысқа қатысу нысандары, түрлерінің тарихына шолу жасау арқылы қылмысқа қатысу нысандары, түрлерін терең жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр.

Аталған мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:

  1. Қылмысқа қатысушылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын теориялық тұрғыдан талдау.
  2. Қылмысқа қатысушылыққа сипаттама беріліп, оның объектитвік және субъектитвік мәселелері анықтау;
  3. Қылмысқа қатысушылықтың нысандары көрсетіліп, олардың әрқайсысының түсінігіне, белгілеріне, ерекшеліктеріне талдау жасалады. сол сияқты кімдерді қылмысқа қатысушылар деп тануға болатындығы және олардың жауаптылығы туралы, өзіне тән белгілері мен ерекшеліктерін ашып көрсету;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарын қалыптары мен доктринасын ескере отырып, кешендi түрде қылмысқа қатысу нысандары мен түрлері теориялық және тәжiрибелiк тұрғыда зерттелiндi. Қылмысқа қатысу нысандарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасын берумен қатар зерттеу нәтижесінде мәселе кешенді шешемін тапты. Қылмысқа қатысу нысандары мен түрлеріне қатысты қылмыстық заңдардың кейбір қалыптарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.

Дипломдық жұмыс нәтижелерінің тәжiрибелiк құндылығы және теориялық маңыздылығы.

Жұмыстағы қол жеткізген тұжырымдар мен ұсыныстар қылмысқа қатысумен жасалған қылмыстық іс-әрекеттеріне сәйкес және тиімді шараларын өңдеу үшін қажетті алғы шарттары құрады.

Тұжырымдар мен ұсыныстар қылмысқа қатысумен жасалатын қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес саласында қылмыстық заңдарды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарғы оқу орындарында заң факультеттерінде «Қылмыстық құқық», «Криминология» пәндері бойынша дәріс және семинар сабақтарын жүргізуде, оқулық және әдістемелік құралдарды даярлау барысында қолданылуы мүмкін. Жұмыстың негiзгi ережелерi құқық қорғау органдарында қызметтік дайындық, біліктілікті арттыру курстарында кеңінен қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.

Қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер осы жұмыстың әдістемелік негізін құрайды. Тақырыпты зерттеу барысында талдау мен синтез әдістері, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістері кеңінен пайдаланылды. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарын зерттеу салыстырмалы-құқықтық әдіспен пайымдалды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология салаларында жазылған қазақстандық, ресейлік заңгерлердің еңбегі болып табылады. Осы зерттеу отандық заңи әдебиеттерге негізделген. Жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық заңдары, қылмыстық іс жүргізу заңдары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, қылмысқа қатысуңмен жасалған қылмыстар туралы мәліметтік есептер мен шолулар, құжаттар, жинақтар осы еңбектің нормативтік теориялық базасын құрады.

1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері

  1. Қылмысқа қатысудың түсінігі мен белгілері

Қылмысқа қатысушылықтың заңда көрсетілген анықтамасын зерттеуге кіріспестен бұрын, «қылмысқа қатысушылық» терминінің түсінігін анықтау қажет. Себебі, бұл термин қылмыстық құқықтық әдебиетте екі түрлі мағынада қолданылады.

Біріншіден, бұл термин бір қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуын көрсетсе, екіншіден, қатысушылар арасында орындайтын рөлдерді бөлу жүргізілетін бірлесіп жасалатын әрекеттерді көрсетеді[1. 78 б] .

Қылмысқа қатысушылықтың екінші түсінігіне байланысты «қылмысқа қатысушылық терминін қолданудың жоғарыда көрсетілген аспектін жіктеу мақсатында қылмыстық құқықта тар[2. 54 б] және кең[3. 43 б] мағынадағы қатысушылық туралы айтылады.

Егер бұл түсініктер араласпаса, бір терминді екі түрлі мағынада-кең және тар қолдану қарсылық тудырмайды. Өйткені тар мағынадағы қылмысқа қатысушылық бір бөлімі болып кетеді. Қатысушылық түсінігінің осы екі аспектісіне ортақ белгі болып, екі жағдайда да қылмысқа екі немесе оданда көп адамдардың қатысуы саналады. Тар мағынадағы қатысушылықтың айырмашылығы қатысушылар арасындағы функциялады бөлу, олардың әрекеттерінің біртектес болмауында. Осы жағдайға байланысты заң шығарушы арнайы заң-техникалық әдісін қолданады: ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің әртүрлі қылмыстарындағы рөлдері бойынша ортақ әрекеттерін бөліп, олардың жауаптылығын Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде реттейді.

Біздің пікірімізше, М. Д. Шаргородскийдің: «бірлесіп қылмыс жасаған адамдардың әрқайсысының әрекетінде Ерекше бөлімнің бабында көрсетілген қылмыстық құрам болса, олардын, әрекеттерін саралауда қылмысқа қатысушылық институтына сілтеме жасаудың қажеті жоқ - деген пікірін дұрыс деп есептеу керек[4. 93 б] . .

Бірақ жоғарыда көрсетілген жағдайларды нақтылай келе профессор М. Д. Шаргородский қатысушылық мәселесін мынадай жағдайларда ғана туындайды деп көрсетеді:заңда көрсетілген қылмыстық әрекет екі немесе бірнеше адамдардың әрекеттерінің жиынтығымен жасалады; қылмыстық зардап олардың әрекеттерінің жиынтығынан туындайды; субъектінің (қатысушының) қоғамға қауіптілігі және кінәлі әрекетінің қылмыстылығы оның әрекетімен себепті байланысқан басқа адамдардың (орындаушының) қылмыстық әрекетімен анықталады.

Басқаша айтқанда, автор қатысушылық институтының әрекетін тар мағынадағы қатысушылыққа ғана емес, сонымен бірге, қатысушылардың әрқайсысы жеке-жеке әрекеттер жасаған жағдайда да қолданады.

Қатысушылардың жеке-жеке әрекеттерінің жиынтығы заңмен тиым салынған әрекетті немесе ортақ қылмыстық нәтижеге әкелетін әрекеттерді құрайды[5. 67б] .

Бұл жағдайды профессор Шаргородский «ортақ кінәң деп атап, оны бірге орындаушылыққа қарсы қояды. Шаргородскийдің пікірінше бірге орындаушылыққа қатысушылық мүлде жоқ.

Профессор М. Д. Шаргородский бірге орындаушылықты қатысушылық институтынан бөле отырып, бұл институтқа қылмыстық ұйымды жатқызады, яғни, мұндай ұйымдарға қатысушылардың әрекеттерін саралауда Жалпы бөлімге сілтеме жасаудың қажеті жоқ[4. 76 б] .

Басқа авторлар да қатысушылықтың тар және кең мағынадағы түсініктерін нақты ажыратып көрсетпейді. Мысалы, Ковалев М. И. қатысушылық «рөлдерді бөлу арқылы, сондай-ақ бөлмей-ақ мүмкін деп көрсетеді.

Қатысушылық түсінігін анықтауда қылмыстық құқық теориясында ғалымдар әлі де бір шешімге келмеген. Ковалев теориядағы қатысушылық концепциясын топтастырып, үш бағытта бөледі[6. 105 б] :

1. Қасақаналық қылмысқа екі немесе оданда көп адамдардың қасақана қатысуы. Бұл пікірді криминалистердің басым көпшілігі ұсынады.

2. Себепті байланысты қатысушылықтың міндетті белгісі, элементі ретінде жоққа шығару. Бұл концепцияны Вышинский А. Я., Мишунин П. Г. қолдайды.

3. Абайсызда жасалатын қылмыстарда қатысушылықтың болуы. Мысалы, Трайнин: «Қатысушылық-бірнеше адамдардың бірлесіп бір абайсызда жасаған қылмыстарында да орын алады - дейді. Кейбір зерттеушілер қатысушылықтың қасақаналық сипатымен қоса, қатысушылар арасында алдын-ала келісім болу қажеттілігін көрсетеді.

Өз еңбегінде Лаптев: «Кеңестік қылмыстық құқыққа қатысушылықты бір немесе қылмыстар жасау туралы келісімге негізделген бірнеше адамдардың қатысуы деп көрсетеді. Бірақ, бұл анықтама қатысушылардың көлемін тарылтады және атқаратын рөлдеріне қарамастан қатысушылардың әрекеттерін алдын-ала келісімен бекітілген формасын шектейді. Мишунин қылмысқа қатысушылық түсінігі үшін «қылмысқа қатысушылардың арасында субъективті байланыстың болуын қажет етеді[7. 89 б] .

«Бұл субъективті байланыс айдап салушы мен көмектесушінің өз әрекеттерімен орындаушыға қылмыс жасауға көмектесіп отырғанын білуінен көрінуі тиіс. Қоғамға қауіпті әрекет жасағандары үшін бәрі бірге қылмысқа қатысушылық ережесі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс[8. 12 б] .

Қатысушылыққа анықтама бергенде Ковалев бір қыллмысты жүзеге асыруда барлық қатысушылардың бірлесіп жасаған әрекеттерін көрсетіп, қажетті шарт ретінде қылмысқа қатысушының есі дұрыстығын және ниетін көрсетеді.

Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі алғаш рет заң жүзінде 1959 жылғы Қылмыстық Кодексте орын алды. Осы кодекске сай, екі немесе одан көп адамдардың қасақана бірлесіп қылмыс істеуге қатысуы-қылмысқа қатысуы деп танылды. Қылмысты екі немесе одан көп адамдардың бірлесіп жасау процесінде олардың арасында осындай қылмысты қатысушылардың бәріне ортақ деп табуға мүмкіндік беретін байланыс орнайды[9. 34 б] .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес (27-бап) екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы-қылмысқа қатысуы деп танылады[10. 3 б] .

Осы мәтінен көрініп тұрғандай, қылмысқа екі немесе одан да көп адам қатысқанда, қылмысқа бірлесіп қатысқанда, қылмысқа қасақана қатысқанда ғана қатысушылық туралы айтуға болады. Бұлардың алғашқы екеуі объективті белгі де, соңғысы субъективті белгі болып табылады.

Қатысушылық арқылы жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі қатысушылық кезіндегі қылмыс ізін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігінің жоғарылауына да тәуелді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген[10. 11 б] .

Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.

Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді[11. 97 б] .

Кей жағдайда қатысушылар жеке-жеке жүріп істей алмаған қылмыстарды қатысушылық арқылы жасау мүмкіндігі туады. Қылмысты жалғыз істегенде адам өзін бүкіл қоғамға қарсы қоя отырып, басқа тараптан көмектің болмайтынын біледі. Өзінің қоғамнан бөлініп қалғанын сезіну, белгілі бір жағдайларда қылмыс жасаудан бас тартуға, қылмыстық ниетін жүзеге асыруының күмәндануына әкеліп соғады. Ал, қылмысты бір топ адам болып жасағанда жағдай басқаша. Мұнда әрбір қатысушы басқа қатысушылардан көмек және тірек табады, сондықтан, бірлесіп жасайтын қылмысқа өз үлесін қосу шешімін бекітеді. Қатысушылық арқылы жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі қатысушылық кезіндегі қылмыс ізін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігінің жоғарылауына да тәуелді[12. 79 б] .

Басқа құқық салаларына қарағанда қылмыстық құқық қоғамдық қатынастардың ерекше саласын қорғайды. Оның міндеті жеке адам мен азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілікпен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу болып табылады[13. 23 б] .

Көп жағдайда қылмысты бір адам емес, қылмыстық нәтижеге жету жолында өз күштерін біріктірген адамдар тобы жасайды. Топ болып қылмыс жасағанда олар орындайтын рөлдерін бөліп алуы мүмкін. Қылмысты топ болып жасаған қылмыс қылмыстық әрекеттің ерекше нысаны болып табылады да, қылмыс жасауды және онық ізін жасыруды жеңілдетеді, сондықтан осындай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін күшейтеді. Осыған байланысты бірлесіп жасаған қылмыстары үшін жауап беретін адамдар тобын, олардың жауаптылығының негіздері мен шектерін, кінә дәрежесі мен жазаны заң көлемінде белгілеудің маңызы зор.

Қатысушылық белгілерінің өзін объективтік жене субъективтік белгілер деп жіктеуге болады. Қылмысқа қатысушылықтың ең жалпы белгісі болып бір қылмыс жасауға бірнеше субъектінің қатысуы саналады.

Бұл сандық белгі болмай қатысушылықты көзге елестету мүмкін емес, бірақ, бір ғана сандық белгінің қылмысқа қатысушылықты анықтауға жеткіліксіз болуы мүмкін.

Қатысушылық болу үшін бір қылмысты жасағанда қатысушылардың әрқайсысы нақты қылмыстық нәтижеге жету жолында елеулі әрекеттер жасауы тиіс. Қылмыстық құқық бойынша қатысушылардың болмағанда біреуі қылмыстық нәтижеге елеулі түрде әсер ететін әрекеттер жасамаса, бұл қылмысқа қатысушылық болып табылмайды[14. 60 б] .

Қылмысқа қатысушының әрекеттері объективтік жағынан әрекетсіздікпен сипатталған кезде де қылмысқа қатысушылықтын, болуы мүмкін емес. Бірақ, бұл қылмысқа қатысушылық әрқашан белсенді әрекетпен көрінеді деген сөз емес[15. 54 б] .

Орыс ғалымы Колоколов қылмысқа қатысушылық-«қатысушылар тек белсенді әрекет етіп, қылмыстық нәтижеге жетуге ұмтылғанда ғана болады»-деп есептеді. Трайнин Колоколовтың пікіріне қарсылық білдіре отырып, «қатысушы нәтижеге жету жолында әрекетсіздікпен де қатысуы мүмкін, - деп көрсетті.

Қылмысқа қатысушылық үшін қылмыстық нәтижеге жету жолында әрқашан белсенді әрекет жасау міндетті емес деген пікірді қолдасақ, Трайниннің пікірімен келісу керек. Бірақ әрбір қатысушы «қылмыстық нәтижеге жетуге әрекетсіздік арқылы қатысадың деген пікір қате. Бұл пікір орындаушы мен көмектесуші үшін дұрыс болуы мүмкін, өйткені, орындаушылық әрекет етумен қатар, әрекетсіздікпен де көрінуі мүмкін. Айдап салушының ішкі табиғаты сондай, айдап салушылықты жүзеге асыру тек белсенді әрекет ету арқылы ғана мүмкін болады, сондықтан әрекетсіздікпен жүзеге асыруға болады деген пікірмен келісуге болмайды. Ұйымдастырушының да қылмысқа қатысуы тек белсенді әрекетпен сипатталады.

Сонымен, қылмысқа қатысушылық үшін қылмыстық нәтижеге жету жолында екі немесе оданда көп адамдардың әрекет етуі қажет әрі қатысушылардың әрекеттері ортақ қылмыстық нәтижеге елеулі түрде үлес қосуы тиіс[16. 15 б] .

Бірақ, тек сандық көрсеткіштің болуы қатысушылық үшін жеткіліксіз. Қылмысқа қатысушылықты анықтау үшін қатысушылықты басқа екі немесе оданда көп адамдардың әрекеттерінің кездейсоқ тоғысу жағдайларынан ажырататын белгі қажет. Мұндай белгі болып қатысушылардың әрекеттерінің бірлесуі саналады[17. 81 б] .

Қылмысқа қатысушылық үшін бір қылмысқа қатысушылардың бірлесіп әрекет еткендігі қажет. Кеңестік заң әдебиеттерінде әрекет бірлесімі мәселесі толық, жан-жақты ашылып көрсетілмеген.

Ғалымдар Гришаев Г. А мен Кригер П. И әрекет бірлесімі түсінігін төрт элементтен тұрады деп көрсетеді: қылмысты бірнеше адам бірлесіп жасайды; қылмыстық нәтиже бұл адамдар үшін ортақ, біртұтас болады; әр қатысушының әрекеті басқа қатысушының әрекеті үшін қажетті шарт болып табылады; қылмыстың нәтижесінде қылмыс жасау факті қатысушылардың әрқайсысының әрекетімен себепті байланысты[12. 63 б] .

Бірлесім белгісін осылайша жіктеу белгілі бір дәрежеде жасанды болып табылады, өйткені, біріншіден, әрекет бірлесімі түсінігіне басқа объективті моменттерді қосу арқылы қалыптан тыс ұлғайтады, екіншіден, бұл түсініктің психологиялық субъективтік мазмұнын жоққа шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері
Қылмысқа қатысу нысандары, жауаптылығы және жанасушылық
Ұйымдасқан қылмыстылық
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Топтық қылмыстың мәні мен түсінігі
Қылмысқа қатысудың түсiнiгi жəне оның белгiлерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz