ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әскери қақтығыстар ХХ ғасырдың аяғында шиеленісе бастады. Ғылым мен техниканың дамуы әскери өнеркәсіпке жаңа сипат қосты. Бұл құбылыс әлемдік қоғамдастықтың жаһандануына әкелді. Жергілікті әскери қақтығыстар бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіре бастады. Оған себепші болған ғылым мен техниканың дамуы. Соңғы онжылдықтағы қақтығыстарда журналистер сырттан бақылаушы ретінде емес, сол оқиғалардың қатысушысы ретінде оқиғаның бүге-шүгесіне дейін араласып жүрді.
Басқа азаматтармен қатар, әскери қақтығыс аймағында жұмыс істеп жүрген журналистер де атыс құрбанына айналуы мүмкін. Жалпыға ортақ қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар, журналист өз өміріне қауіп төніп тұрса да, қызметін бір сәтке ұмытпай атқаруы керек. Соңғы жылдардағы жанжалдардың көпшілігі террористік сипат алып кетті. Әскери соғыстан кем түспейтін осы оқиғаларда журналистер қоғамдық пікір қалыптастырушы мықты күш екендерін дәлелдеді. Оқиғаның әрі қарай өрбуі, жұртшылықтың көзқарасы түгелдей журналистердің қолында. Себебі - жиырма бірінші ғасырдың басты құндылығы - ақпарат.
Бұл дипломдық жұмыста біз БАҚ-тың әскери қақтығыстарды таратудағы теориялық және тәжірибелік бағыттарын, олардың қоғамдық пікір қалыптасуына тигізетін әсерін қарастырамыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі: қоғамдық пікір қалыптастыру, белгілі бір мәселеге байланысты адамдардың пікірін өзгерту немесе қалыптасып үлгерген пікірді одан әрі дамыту. Қоғаммен байланыс орнатудың басты құралы - басылымдар, радио, телевидение және интернет. Қазіргі қоғамда БАҚ қоғамдық пікір қалыптастырушы ретінде беделді рөлге ие. Бұл құбылыс бұқаралық коммуникация құралдарының дамуымен, қоғамның секунд сайын жаңа ақпарат күтуімен және ақпарат тарату механизмдерінің уақытылы жаңарып отыруымен байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әскери қақтығыстардың БАҚ-та қалай берілетіні мен БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі көптеген авторлардың еңбектерінде кездеседі. Аталмыш тақырыпты отандық авторымыз Ыбраева Ғ.Ж. [1], сондай-ақ, С.А. Зелинский [2], С.Г. Қара-Мырза [3], Дмитрий Шурхало [4], Г.Г. Почепцов[5], А.Дугин [6], О.Шпенглер [7], Э.Лимонов [8] еңбектерінде кездеседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Әскери қақтығыс аймағындағы журналист қызметінің және ыстық нүктелердегі ақпараттың қоғамға берілу ерекшеліктерін анықтау. Мақсат анықталғаннан кейін төмендегі міндеттер қойылды.
1. Соңғы жылдардағы әскери қақтығыстардың сипаты мен дамуын анықтау. Олардың түрлеріне тоқталу.
2. БАҚ-тың қоғамға ықпалын анықтау.
3. Басты оқиғаларды бөліп алып, оларға сараптама жасау. Қақтығыс ошағындағы журналист қызметінің ерекшеліктерін зерттеу.
4. Әскери қақтығыс аймағындағы БАҚ мүмкіндіктерін анықтау.
5. Зерттеу объектісін таңдау. Әлемдегі ең жас жанжал орталығындағы журналистердің сұхбаттары негізінде дайындалған ақпараттық агенттіктер мен басқа да БАҚ материалдарын қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бүгінде халықаралық әскери қақтығыстар мәселесі жақсы зерттелгенімен, оның БАҚ-та берілуі тағы да ізденуді талап етеді. Қойылған мәселенің маңыздылығы мен ғылыми зерттелу аясының тарлығы оған басты себеп.
Зерттеу жұмысының әдістері. Мәселе турасындағы қолда бар ақпаратты сараптау (ғылыми сараптамалық әдіс); ақпарат көзінде берілген көзқарастарды жалпылау және іріктеу (ғылыми іріктеу мен жалпылау әдісі).
Зерттеу нысаны. Әскери қақтығыс аймағында қалыптасқан жағдайға байланысты журналиске төнетін қауіп, және оның қақтығыс аймағындағы міндеттері мен құқықтары анықталды. Әлемдегі соңғы әскери, қарулы қақтығыстар мен ондағы ақпараттың таралу ерекшеліктері, журналист қызметінің қиындықтары мен қаупі зерттеудің нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. Жекелей алғанда, Украина қақтығысының зерттелуі мен оның отандық және әлемдік БАҚ-та көтерілуі зерттелді. Әлемдік саясаткерлердің оқиға жайындағы пайымдаулары, қақтығыстардың БАҚ-та қалай жазылғандығы анықталды.
Дипломдық жұмыста халықаралық әскери қақтығыстардың БАҚ-та берілуі, әскери қақтығыстардың қоғамға ықпалы, әскери қақтығыстар мен ақпараттық соғыстың ерекшеліктері, ондағы журналист қызметінің ерешеліктері, Украинадағы қақтығыстардың ақпарат құралдарында берілуі мен БАҚ-тың насихат қызметі және қоғамдық пікір қалыптастыру мүмкіндіктері зерттелді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тарау және тақырыпшаларынан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ

1.1 Халықаралық әскери қақтығыстардың жаңа мүмкіндіктері. Ақпараттық соғыс
Шиеленіс, дағдарыс, қақтығыс сияқты сөздердің мағынасы атыс-шабысты, аяушылықтың жоқтығын, елдегі әлеуметтік тұрақсыздық пен жұмыссыздықты елестетеді. Бұл құбылыстың адамзатқа жағымсыз зардаптар әкелетіні анық. Жанжал термині (латын тілінен аударғанда) қақтығыс, дағдарыс, шиеленіс деп түсіндіріледі. Американдық әлеуметтанушы Л.Козердің берген анықтамасы ең көп таралғандарының бірі ретінде көптеген сөздіктер мен қоғамдық ғылымдар жайындағы энциклопедияларға енгізілген. Жанжал - билік үшін, белгілі әлеуметтік орын немесе материалдық байлық үшін талас -деген анықтама берілген. Жанжалда қарсы тараптардың басты мақсаты - бір-біріне қандай да зақым келтіру, қарсыласын жою. Л. Козердің айтуынша, жанжалдардың өзіндік пайдасы да бар, ол жаңа мүмкіндіктер мен дамуларға жол ашады.
Бұл терминді қоғамдық ғылымдар да түсіндіреді. Жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың ортақ қызығушылықтар мен іс-әрекеттерінің, көзқарастары мен ұстанымдардың бір жерден шықпауы. Яғни, қоғамдық қатынастардың әр түрлі позицияны ұстанып, бір ымыраға келмеуінен туындайтын құбылыс. Жанжалдарды таралу ауқымы мен даму сатысына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: мемлекет ішіндегі жанжалдар, мемлекетаралық пікірталас, халықаралық қарулы қақтығыстар және халықаралық әскери қақтығыстар. Халықаралық қақтығыстың жіктелуіне әскери қару-жарақты қолдану, әскери шабуылдардың қарқыны, қатысушылардың санының белгілері негіз болады.
Мемлекет ішіндегі жанжалдар шешімін таппаған қоғамдық келісімдер, халықтың тұрмыс жағдайының бұзылуы, адам құқығының жаппай және өрескел бұзылуы, себепсіз экономикалық өзгерістер сияқты құбылыстардан туындайды. Олар бейбіт шерулер мен жаппай толқулардан бастау алып, саяси шешім таппаған жағдайда қарулы қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін. Көп жағдайда бұл ретсіздіктер халықаралық (мемлекетаралық) деңгейге ұласып кетеді.
Халықаралық жағдай деп - мүдделері ортақ бола отырып, бір-біріне ашық наразылық білдірмеген кезде бір немесе бірнеше мемлекет арасында орын алған шиеленіс жағдайын айтамыз.
Мемлекетаралық (халықаралық) пікірталас кезеңі уақытында шешілмесе, агрессиялық сипат алып, бірден қарулы қақтығысқа айналады.
Халықаралық пікірталас - мемлекеттердің ортақ мәселеге байланысты бір біріне ашық наразылық білдіруінен туындайды. БҰҰ Жарғысының қағидасына сәйкес (3 тармақ, 2 бап), халықаралық даулар халықаралық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен әділеттілікке нұқсан келтірмейтіндей жолмен шешілуі керек. 1970 жылғы халықаралық құқық қағидаттарының Декларациясы бұл ұстанымды бекітті. БҰҰ Бас Ассамблеясының 37-ші сессиясы 1982 жылы халықаралық дауларды бейбіт шешу туралы Декларациясын қабылдады. БҰҰ Жарғысы халықаралық дауларды бейбіт шешу жүйесін бекіткен. Яғни, екіжақты, көпжақты немесе халықаралық конференция түрінде өтетін жүйелі келіссөздер, халықаралық бітімге келтіру жұмыстары, халықаралық төрелік пен сот рәсімдері, дауларды халықаралық мекемелерде шешу.
Қарулы қақтығыстар қару қолданылған акциялар мен қарулы қақтығыстар түрінде басталуы мүмкін, ал, кей жағдайда, ұлттық, этникалық, діни және басқа да келіспеушіліктерді қарумен шешу амалынан туындайды. Қарулы қақтығыстар бейбіт қарым-қатынастарды бұзып, олардың арасына қарулы күрес жағдайын орнатады. Осы ретте қарулы қақтығыс пен әскери қақтығыс түсініктерін бөліп қараған жөн. Ресей Федерациясының 2010 әскери Доктринасында (6-бабы) әскери қақтығыс пен қарулы қақтығыс түсініктері өте түсінікті сараланған.
Мемлекеттер арасындағы шектеулі ауқымдағы немесе бір мемлекет аумағындағы ішкі жағдайларды қарулы қақтығыстар деп түсіндіреді.
Ал әскери қақтығыс мемлекетаралық немесе мемлекет ішіндегі қайшылықтарды әскери күштермен шешу деп түсіндіріледі (ірі көлемдегі, аймақтық, жергілікті және қарулы қарсылықтың барлық түрін қамтиды). Ресей Федерациясының Әскери доктринасы халықаралық-құқықтық актілерден ерекшеленетін жаңа амалдарды осылайша енгізді. Тақырыптың зерттелуі ірі масштабтағы қақтығыстар туралы, яғни, халықаралық әскери қақтығыстар турасында өрбитіндіктен, осы терминді кеңірек талқылаймын.
Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипаты, негізгі белгілері -олардың әскери-саяси мақсатымен, қолданылатын қару түрлерімен, ауқымымен айқындалады:
* таралу кеңістігінің үнемі ұлғайып отыруы, ұтқырлық, әскери іс-қимылдың дәстүрлі емес тәсілдерін пайдалану, қашықтықтан алдын ала ату арқылы жою және электрондық жаныштау;
* жүйесіз, кейде тіпті заңсыз қарулы құрылымдардың қатысуы;
* қару-жарақ пен әскери техниканың казіргі заманғы жоғары тиімді жүйелерінің қолданылуы;
* жанама стратегиялық іс-қимылдардың кеңінен колданылуы (саяси және психологиялық қысым көрсету, экономикалық санкциялар, ақпараттық соғыс, көлік коммуникацияларын шектеу, күш көрсету және т. б.);
* мемлекеттік және әскери баскару жүйесіне іріткі салу;
* әскерлер мен қаруды баскару жүйелерін қатардан шығару;
* негізінен энергетика кәсіпорындарын, қауіпті өндірістерді, коммуникацияларды, инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жою.
XXI ғасырдың негізгі қақтығыс ошақтарын іріктеп алып, олардың белгі, сипаттарын анықтап көрейік.
Иракта ИГИЛ террористік ұйымының Ирак пен Сирия аумағының бір бөлігіне ислам теократтық мемлекетін құру ойынан басталған жағдай орын алды. Қарсы тараптың жасақтарын басуға биліктің күші жетпей отыр. ИГИЛ келуін тиімді пайдаланып қалғысы келген ирак күрдтері бірнеше мұнай кен орындары бар аймақтарды басып алып, ендігі кезекте Ирактан бөлініп шықпақшы. Қазір ИГИЛ халифаты сириялық Алеппо қаласынан Бағдадпен шекаралас аймаққа дейін созылып жатыр. Үкімет әскері әзірге Тикрит пен Уджа сынды ірі қалаларды ғана қайтара алды.
Газа секторындағы жанжалдың басты себебі де террористік ұйымдармен байланысты. ХАМАС террористік ұйымының және Газа секторы аймағындағы басқа да террористік ұйымдардың инфрақұрылымын жою үшін бастаған Алынбас қамал операциясының басталуына Израиль аймағында жиілеп кеткен атыс-шабыстар мен үш еврей жеткіншегінің ұрлануы түрткі болды. ХАМАС жасақтары бес сағаттық достастық келісімін бұзған соң, операциялардың жаңа кезеңі басталды. БҰҰ хабарлауынша, өзара уақытша достастық келісімі қабылданар алдында бейбіт тұрғындар ішінен 200-ден аса адам қаза болған.
Ал Сириядағы соғыс араб көктемі әсерімен үкіметке қарсы ұйымдастырылған шараның қатал жаншылуынан бастау алды. Башар Асад әскерінің қарсылығы мен оппозициялық пікірі бүкіл елді қамтыған азаматтық соғысқа ұласып кетті. Қазір Сириядағы қақтығысқа жалпы саны 75-тен 115-ке жететін 1500-ге жуық көтерілісшілер қосылған. Ең мықты қарулы топ - радикалды исламистер. Бүгінгі күні елдің үлкен аумағы сириялық әскер күшімен реттеліп отырады, алайда, Сирияның солтүстік аймақтарын ИГИЛ басып алған. Сондай-ақ, күрдтер оларға қарсы шабуылдарын тоқтатар емес.
Украинадағы жағдай Қырымның Ресейеге қосылуы мен Киев билігі ауысқаннан кейін ресейлік қарулы жасақтар өткен жылдың сәуірінде Украинаның оңтүстік-шығысында Донецк және Луганск ұлттық республикаларын жариялады. Украина билігі мен жаңа сайланған президент Порошенко сепаратистерге қарсы әскери операция бастады. Сепаратистер бақылауындағы аумақта малайзиялық лайнер апатқа ұшырады. Киев 298 жауынгердің өліміне өзін-өзі жариялаған Донецк Ұлттық Республикасын кінәлады. Украина билігі сепаратистердің Ресей қамтамасыз еткен әуе шабуылына қарсы жүйелері бар екеніне сенімді. Донецк Ұлттық Республикасы әуе қақтығысына қатысы жоқтығын айтады. Қазіргі таңда әуе апаты орын алған жерде ЕҚЫҰ өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сепаратистердің бұған дейін құлатқан ұшақтары, мұндай биіктен құламаған және арнайы зымыранды құралдармен іске аспаған. Бүгінгі күні Украина қарулы күштері сепаратистер аумағының біраз бөлігін тартып алды. (Славянск қаласы).
Нигериядағы тыныштықтың бұзылуына 2002 жылдан бастап Нигерия аумағында жұмыс істеп келе жатқан Боко Харам радикалды исламшылдар сектасы кінәлі. Мұсылмандар мемлекеттегі халықтың бір ғана бөлігі екендігіне қарамастан, олар бүкіл ел аумағына шариғат заңдарын енгізгісі келеді. Боко Харам негізін салушылар соңғы бес жылда қаруланып, тұрақты түрде атыс-шабыс ұйымдастырып келеді, адам ұрлап, оларды жаппай жазалайды. Террористерден зардап шегетіндер - зиялы мұсылман қауымы мен христиандар. Мемлекет билігі Боко Харамды тоқтатуға қауқарсыз. Керісінше, аталмыш топ елге өз үстемдігін орнатып жатыр. Нигер штаттарының кейбірінде төтенше жағдай енгізілгелі бір жылдай болып қалды. Нигерия президенті террористермен күресуге қауқары жетпейтіндігін мәлімдеп, халықаралық қауымдастықтан қаржылай көмек сұрады. Боко Харам 250-ден астам мектеп жасындағы қыздарды ұрлап, жасырып отыр. Мақсаттары оларды құлдыққа сату.
Оңтүстік Судан. 2013 жылдың желтоқсанындағы саяси дағдарыс өршіп тұрған кезде Оңтүстік Судан президенті өзінің бұрынғы жақтасы, вице-президенттің арам пиғылдарын елге жайып салды. Президенттің айтуы бойынша, ол елде әскери қақтығыс ұйымдастырғысы келген. Жағдай жаппай тәртіпсіздіктер мен тұтқындалулардан басталып, қатаң қарулы қақтығыстарға ұласып кетті. Қарулы қақтығыс екі тайпалық одақ арасында жүріп жатыр. Ел президенті басымшылдыққа ие нуэр тайпасы жағында болса, вице-президентке динка тайпалық одағы жақтасты. Көтерілісшілер Оңтүстік Судан экономикасының негізі саналатын басты мұнай кен орындарын бақылауда ұстап отыр. БҰҰ қақтығыс ошағына бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатымен бітімгерлерді жіберді. Елде 10 мыңға жуық адам қаза тапса, 700 мың адам шекара асып, қашып кетуге мәжбүр болды. Жуырда тараптар достық келіссөздер жүргізе бастады, алайда, оларды бақылауға алу қиынға соқты. Себебі, елде Оңтүстік Судан үкімет күшінің жақтасы көршілес Уганданың әскерлері болды.
Орталық Азия (Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан). Аймақтағы шиеленіс жағдайы бірнеше жылдарға созылып келеді. Бір жағынан шекаралық мәселелері таусылмайтын Ауғанстан болса, екінші жағынан Өзбекстан. Аталмыш елдерде есірткі тасымалдау іске асыратындықтан, аймақ тұрақты қарулы қылмыстық топтар арасындағы қақтығыстарға толы. АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылып, елде сайлау өткізілгеннен кейін елде кезекті дағдарыс орын алды. Президент сайлауының нәтижесіне наразы Талибан қозғалысы Кабул қаласына шабуылын бастады.
Екі мемлекетте де нақты келісім-шарт болмағандықтан, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс бүгінде тоқтамай отыр. Оған қоса, Қырғызстан мен Тәжікстанға өзінің шекаралық құқықтарына қатысты талаптарын Өзбекстан да білдіріп отыр. КСРО тұсында бөлінген аумақ олардың көңілінен шықпайтын көрінеді. 2012 жылдан басталған шиеленіс кез келген уақытта қарулы қақтығысқа ұласуы мүмкін.
Қытай және аймақ мемлекеттері. Қырымның Ресейге қосылуынан кейін Қытай Вьетнамға қатысты шекара мәселелерін қозғай бастады. Даулы мәселе кішігірім болса да, стратегиялық маңызды аралдар мен аралдар тобына қатысты өрбіді. Токио бейбіт конституцияны қайта қарап, ҚДР көз тігіп отырған Сенкаку аралдар тобы маңына әскери бақылауды күшейту мәселесін алға қойды.
Қақтығыстарының басталуына әр қилы себептер түрткі болыпты. Мәселен, бірін террористік ұйымдар тұтатса, енді бірі көршілес ел жанжалдары, тіпті ел ішіндегі кикілжіңдер. Жанжалдардың бірі ауыздықталып жатса, бірі енді тұтанып жатыр. Адамзат тарихында аса зардапты із қалдырған екі дүниежүзілік соғыс болды [9].
Американдық ғалым Ф.Фукуяманың Тарихтың ақыры еңбегіндегі идеялар бәсекелестігі дәуірінің аяқталғанын, адам қоғамын ұйымдастыруда либералды принциптердің орнауы мүмкін деген болжамы орындалмады. Көптеген қақтығыстар дамушы елдер мен бұрынғы социалистік достастық елдеріне тиесілі еді, ішкі және халықаралық деңгейдегі қақтығыстардың айырмашылығы болмай қалды. Шағын және аймақтық қақтығыстардың саны артып, күрделене түсті. Жаһандану жағдайында қақтығыстар кеңейіп кету қаупімен әлемдік қауымдастыққа қатер төндіреді. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі қақтығыстардың шығу тегін, өту барысын, шешу жолдарын анықтау аса маңызды. Алайда, ойшыл Г.Спенсер әскери қақтығыстарды қоғам өмірінен түбегейлі алып тастау мүмкін емес деп санайды. Мүмкін оның айтқысы келгені келесі мәселе шығар...
Ақпарат кімнің қолында болса, әлемді сол билейді. Бұл пікірдің айтылуы тегін емес, себебі бүгіннің зерттеушілері қазір әлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқандығын айтады. Жоғарыда аталып кеткен қақтығыс нүктелері көзге көрінетін нағыз тәртіпсіздіктер болса, әлемнің басқа басқа түкпірінде - қарусыз-ақ санаңды жаулап, өлтірмей жаныңды алатын ақпараттық соғыс етек алып жатыр. Біз күнделікті газет оқимыз, теледидар көреміз, радио тыңдаймыз. Ақпарат құралдарымен құлаққа кіріп, санаға сіңген ақпарат қоғамда, мемлекетте, тіпті тұтастай әлемде қаруы жоқ соғыстың өршуіне себепкер болатынын сезе бермейміз... [10].
Алғаш рет 1980 жылдары АҚШ Қорғаныс министрлігі және АҚШ президенттері Р.Рейган мен Дж.Буш кезінде Ақ үйде ғылыми кеңесші қызметін атқарған Т.Рона 1976 жылы Boeing компаниясына арнап жазған Weapon Systems and Information War есебінде қолданылған Ақпараттық соғыс ұғымы бүгінде ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, электрондық құралдарының дамуына байланысты кең қолданыла бастады.
Ақпараттық соғыстың басты мақсаты - қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Мақсатына жету үшін қарсы жақтар ақпараттық және интеллектуалдық ресурстарына ықпал ете алатын және алдап-арбауға мүмкіндік беретін кез келген құралдарды қолдануға әзір. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде ақпараттық қару көптеп қолданыла бастады [11].
Мұндай соғыс мемлекеттер, одақтар, қоғамдық, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғысты психологиялық соғыспен де теңестіруге болады. Ол ашық және жабық түрде жүргізіледі және бұл қарусыз майданда кімнің жау екенін ажырату қиынға түседі. Психологиялық, электрондық соғыс шаралары, теріс ақпарат тарату мен қарсы үгіт-насихат, тікелей ақпараттық шабуылдар мемлекеттер мен ірі державалар арасындағы ақпараттық теке-тірестің өршуіне негізгі себеп болады. Сондай-ақ алыпқашпа әңгіме, сенімсіз ақпарат, қауесет барлығы да ақпараттық терроризмге жатады.
Ақпараттық терроризм - ақпараттық соғысты жүргізудің ең тиімді әрі арзан құралы. Мемлекеттер арасындағы шығынсыз соғыстың жаңа түрі. Соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып жатқан ғаламтор желілері, түрлі сайттар осы ақпараттық соғыстарға жол ашты.
Ақпараттық соғысқа тән қасиет - барлық іс-әрекетті жоспарлау. Ақпараттық соғыс барысында стратегиялық, тактикалық және тез шешім қабылдауды қажетсінетін міндеттер қойылып, шешімін табуы мүмкін. Оның басты белгісі ұлттық және бірлескен мүдделерді белінен басатын әскери іс-әрекеттің шексіздігі.
Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі бағыттары: қарсы жақтың өмірлік маңызды - саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, ғылыми-техникалық құрылымдарының қалыпты қызметін жою (бұрмалау) арқылы ақпараттық ресурстарын жеңіліске ұшырату, сонымен қатар, компьютер желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарының, ақпараттық- телекоммуникациялық жұмысының шырқын бұзу және т.б.; қарсыластың даму деңгейін анықтау мақсатында ақпараттық ресурстарына жасырын бақылау орнату, тежеу саясатын ұстану және өз пайдасына шешілуіне күш салу, қоғамдық санаға ықпал ету, ақырында қарсы жақты келесі жақтың мүдделеріне сәйкес келетін шешімдер қабылдауға мәжбүрлеу; қарсыластың барлық ақпараттық ықпалына төтеп беретін мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық соғыстың салдары әр түрлі: саяси, экономикалық, қаржылық және әскери салаларда пайда табу; қоғамдық сананы өзгерту, қоғамдық-саяси шаралардың және "сөз бостандығының" беделін түсіру, саяси, экономикалық, әскери шараларды бүркемелеу; жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін бұзу; мемлекеттік, қаржылық және коммуникациялық желілердің және ақпараттық жүйелердің қызметін бұзу; құпия ақпаратқа қол жеткізу және электронды жүйелерге және желілерге шығар жолды бұзу және т.б. [12].
Әлемдік ақпараттық қақтығыстарға түрлі мысалдар келтіруге болады. Саясат сахнасындағы сан түрлі құбылысты әлемдік БАҚ әртүрлі сипатпен береді. Тарқатып айтсақ, көрпені әркім өз жағына тартады. Ақпараттық соғыстың бастауы да, өршуі де осыдан қалыптасады. Соңғы жылдары жер бетіндегі ірілі-ұсақты мемлекеттер арасында қақтығыстар мен шиеленістер көбейіп барады. Солардың ішіндегі Ислам мен Батыс елдері арасында ашық ақпараттық соғыс жүргізіліп жатқандығы кез келген саналы азаматқа мәлім.
Мұның бірден-бір себебі Ислам еліндегі туу көрсеткішінің жоғарылығы, олардың Батыс елдерін жайлап бара жатқандығы Батыстағы халықтың шамына тиіп, оларды әбден титықтатып бітті. Одан өзге Араб елдеріндегі Мысыр, Тунис, Ливиядағы жағдайларды күнделікті БАҚ-тан естіп, көріп жүрміз. Қырық бір жылдан бері елді басқарып келе жатқан Муаммар Каддафиді биліктен кетсін деп көтеріліске шыққан ливиялықтар әлем жұртшылығын таңғалдырғаны бар. Бұл елдегі қақтығыс салдарынан алты мың адам көз жұмған. Кикілжіңдер нәтижесінде Ливия Каддафиге бағынатын Батыс пен оппозицияның ықпалындағы Шығысқа бөлініп, екіге жарылды және Каддафидің аяусыз өлімімен аяқталды. Тіпті, Каддафидің өлімін тікелей эфирден көрсетіп, бәзбір алпауыт телеарналар өзіне ұпай жинады. Ливиядағы жағдай дүниежүзінде жасырын ақпараттық соғыстың жүріп жатқанын әшкерелеп берді. Көптеген ақпараттық және әлеуметтік интернет желілер бір-біріне қарама-қайшы мәлімет таратты. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 1 наурызда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 16-сессиясында сөйлеген сөзінде: АҚШ-тың қолында Ливияның әскери-әуе күштерінің бейбіт халықты бомбалауы туралы нақты да дәйекті дерек жоқ, - деп мәлімдеді. Дегенмен, нақты ақпараттың жеткіліксіздігі АҚШ, Британия, Франция сияқты мемлекеттерді оппозиция жағына қолдау көрсетуден айныта алмады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Ливиядағы жағдайға байланысты қарама-қайшы ақпарат таратып келеді. Әлі де әлем Ливияға қатысты ақпараттық соғыстың құрбаны һәм көрермені болып отыр.
Ақпараттық соғыстың тиімді құралы - БАҚ арқылы мәдени азғындауға жеткізу. Ойды жаулау - бүгінгі ақпараттық саясаттың өзегі болып отыр. Бұл мәселені қаперіне ұстаған Катардағы Al Jazeera телеарнасы ақпараттық соғыста ешкімге, тіпті АҚШ-тың өзіне дес бермей келеді. Яғни АҚШ ақпараттық соғыста Al Jazeera араб телеарнасынан, сонымен бірге Қытай мен Ресейден жеңіліс табуда. Қытайлар әртүрлі тілде ақпарат тарататын ғаламдық телевизиялық желі құрып жатса, орыстар ағылшын тілді телеарна ашып алды. Бұл АҚШ-тың ақпараттық кеңістікте беделі мен ықпалы азайып бара жатқанының анық айғағы болса керек.
Ресей мен Беларусь арасындағы келіспеушілік газ жанжалынан бастау алып, ақыры ақпараттық соғысқа алып келді. Бұл жағдайды көршілес елдер түгілі, Батыстың ақпарат құралдарының өздері жарыса хабарлады. Кедендік одаққа біресе кіремін, біресе кірмеймін деп дал болып жүрген Белоруссия басшысы Лукашенко соңында Кедендік кодексті ратификациялағанын, Астанада өтетін ЕурАзЭҚ-тің мемлекетаралық кеңесіне қатысатынын мәлімдеді. Өз есесін жібермейтін Ресей ертесінде жауап ретінде НТВ арнасынан Лукашенконың басқа қырынан көрсеткен Өкіл батька фильмін көрсетіп, басылымдарда сынның астына алған көптеген мақалалар жарияланды. Батькада аянып қалсын ба, Грузияның президенті Саакашвилимен бірігіп, Кремльдің де біраз құпияларын жалпақ жұртқа жайып жіберді. Осылайша ақпаратпен атысып жүрген екі мемлекеттің арасындағы тартыс әлі де жалғасып келеді [12].
Украинадағы қақтығыс ушыға бастағаннан кейін бұл елде де ақпараттық соғыстың белгілері біліне бастады. Ресейлік Левада Центр орталығының социологтары жүргізген зерттеулерге сүйенсек, 59 пайыз ресейлік өз бұқаралық ақпарат құралдарына мүлтіксіз сенеді. 83 пайыз ресейліктер Украина Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүргізіп жатқанын айтса, халықтың 88 пайызы дәл сондай айыпты АҚШ пен Батыс елдеріне тағып отыр. Азаматтардың 8 пайызын құраған аз ғана бөлігі Украинаға ақпараттық шабуыл жасап отырған, керісінше, Ресей деп ойлайды.
Ақпараттық соғыстың белгілерін 24 пайызы байқаған. 13 пайызы қолдаса, 11 пайызы, керісінше, БАҚ-тың мұндай саясатын қауіпті деп баға беріпті. Интерфакстың хабарлауынша, респонденттердің көп бөлігі ақпараттық соғыс Ресейге қарсы жүргізіліп жатыр деген пікірде. Ресей азаматтары, тіпті, АҚШ пен Еуро Одақты Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр деп айыптауда.
ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігі биылғы жылдың республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 28 наурыз күні жарық көрген мақалаларға шолу жасапты. Бүгінгі күні әлемде ақпараттық соғыс алдыңғы қатарға шықты. Қай елдің ақпарат тартуда мүмкіндігі мол, сол ел жеңімпаз деуге болады. Өйткені, БАҚ арқылы бір тұлғаны не болмаса бір мемлекетті жамандап, бүкіл әлемді соған қарсы қоюға болады. Басылымның жазуынша, содан болар қазір барлық мемлекет өзінің ақпараттық қауіпсіздігіне үлкен мән бере бастады. Тіпті қейбірі БАҚ-ты қару ретінде өзге елдерге жұмсауда. Осы аптада АҚШ Ресей және Ислам мемлекеті тобының алдында ақпараттық соғыста жеңіліске ұшырады деп мәлімдеді америкалық 30-ға тарта сарапшы. Халықаралық хабар тарататын BBG орталығы директорының орынбасары Джеффри Тримбла Ресей шетелдерде өзін насихаттау үшін жылына 400-500 миллион доллар бөлетіндігін, ал Құрама Штаттары небәрі 20 миллионның көлемінде ғана қаржыны талғажау қылатынын тілге тиек етті. Осының кесірінен, АҚШ ақпараттық соғыста әлсіздігін танытуда деседі сарапшылар. Аса зор ресурстарға ие алып ел АҚШ Ресей алдында дәрменсіздік көрсетіп жатқанда, өзгелерге не жорық?, - деп жазады мақала авторы [13].
Көріп отырғанымыздай, қақтығыстарының басталуына әр қилы себептер түрткі болыпты. Мәселен, бірін террористік ұйымдар тұтатса, енді бірі көршілес ел жанжалдары, тіпті ел ішіндегі кикілжіңдер. Жанжалдардың бірі ауыздықталып жатса, бірі енді тұтанып жатыр. Бүгіннің зерттеушілері қазір әлемде үшінші дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқандығын айтады. Жоғарыда аталып кеткен қақтығыс нүктелері көзге көрінетін нағыз тәртіпсіздіктер болса, әлемнің басқа басқа түкпірінде - қарусыз-ақ санаңды жаулап, өлтірмей жаныңды алатын ақпараттық соғыс етек алып жатыр.
Ақпараттық терроризм - мемлекеттер арасындағы шығынсыз соғыстың жаңа түрі. Соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып жатқан ғаламтор желілері, түрлі сайттар осы ақпараттық соғыстарға жол ашты.

1.2 Халықаралық әскери қақтығыс аймағындағы журналист қызметінің ерекшеліктері. Халықаралық гуманитарлық құқық
Журналистика әлемдегі қауіпті мамандықтардың қатарына кіреді. Олардың қалам мен қойындәптерінен өзге еш қаруы жоқ. Бүгінде саны азаймай жатқан қақтығыс ошақтарында журналистер көптеп қаза тауып жатыр. Женева қаласындағы Press Emblem Campaign (PEC) ұйымының мәліметі бойынша, әр апта сайын әлемде үш журналист мерт болады екен [1]. Қақтығыс нүктесіндегі журналист міндеттері мен құқықтары жеке талдауды қажет ететін тақырып.
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының журналистерге арналған бірнеше қорғау түрлері бар. №1 Қосымша хаттаманың 79-бабы журналистерге берілген қорғау түрлерін реттейді. Осы баптың бірінші және екінші бөліміне назар аударсақ, журналистерге берілген қорғау түрлері қарапайым азаматтарды қорғау сияқты. БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін журналистерді қорғау жөнінде белгілі бір ереже құруды ұсынған еді. Олар журналистерге арналған арнайы белгілер жасауды, журналистерді арнайы есепке алуды, деректер қорын құруды, ыстық нүктелерге жіберуді реттеп отыратын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Бірақ, журналистердің өздері халықаралық журналистер ұйымдары БҰҰ-ның бұл мәселені көтеруіне қарсы шықты. Журналистердің мұндай қорғанысқа қарсы шығуының бір себебі, мұндай қорғаныс журналистерге көрсетілетін қысымды көбейтуі мүмкін. Ондай қысым қарулы қақтығыс аймағында жүрген журналистердің кәсіби жұмысына кедергі келтіреді.
Бұл күдіктердің өз себептері бар. Халықаралық деңгейдегі мысалдарға сүйенсек, журналистерді қарулы қақтығыстармен байланысты шиеленістерге жібермей, ақпараттарын шектеу құбылыстары жиі байқалған. Бейбіт жағдайдағы адам құқығының қорғалуымен мемлекеттің жеке ұлттық заңнамасы айналысады. Қарулы қақтығыс жағдайы адам құқықтарын біраз шектейді, сондықтан, бейбіт замандағы заңнама ол кезде әсер ете алмайды. Ол кезде Женева құқығы және Гаага құқығы деген екі бөлімнен тұратын халықаралық гуманитарлық құқықтың заңдар көмекке келеді. Бүкіләлемдік құқықтық-нормалық актілерге негізделген бұл жүйе әр индивидтің құқықтарын қорғайды.
Халықаралық құқық 1864 жылы Қызыл Крест Ұйымының отырысында, 16 елдің қатысуымен алғашқы Женева конвенциясында қабылданды. Женева құқығы әскерлер қатарынан шығып қалғандарды, әскери қимылдарға қатыспайтын тұлғалардың құқығын қорғайды. Оның құрамы жеке тұлғаны әскери қақтығыс кезіндегі қорғайтын ережелерінің жүйесінен тұратын 600-ге жуық бабы бар 1949 жылғы төртінші Женева конвенциясынан, 1977 жылы екі Қосымша хаттамадан тұрады. Гаага құқығы әскери іс-қимылдар кезіндегі қарсы екі тараптың құқықтары мен міндеттерін айтып, келетін зардаптардың санын щектейді. Бұл құқық 1899 жылғы Гаага конвенциясының нәтижесі болып саналады. Оған әскери тұтқындардың, жараланғандардың, теңіздегі әскери қимылдар кезінде кеме апатына ұшырағандардың және жаулап алынған аумақтағы азаматтық тұлғалардың санатына қатысты ережелер кіреді.
Женева конвенциясы мақалаларының бірінде әскери қақтығыстар аймағында жүрген журналистер құқығы туралы: Әскери қақтығыс аймағында іссапарда жүрген журналистер азаматтық тұлға ретінде танылып, солар сияқты құқықтармен қорғалуы керек. Журналист өзінің қызметін білдіретін жеке куәлік алса болады, - делінген. Аталмыш мақала қақтығыс нүктесіндегі журналист құқығының негізі болып табылады. Төртінші Женева конвенциясы қабылданғаннан кейін, оған журналистерге қатысты бірнеше хаттамалар ұсынылған. Мысалы, әскери қақтығыс аймағындағы журналистердің ерекшеленетін эмблема тағып жүруі. Бұл хаттама әлі толықтай қабылданған жоқ. Конвенцияда журналист азаматтық тұлға ретінде қарастырылады. Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары бойынша, қолына қару алып, қарулы құрылымдар қатарына қосылғандармен қатар, олардың жанындағы журналистер де әскери объектіге жатады. Алғашқы болып шабуылға ұшырайтын - әскери объектілер болғандықтан, олар халықаралық гуманитарлық құқық беретін қорғаныс құқығынан айырылады. Олардың өмірінің қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз ете алмайды.
Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының сақталуын қадағалайтын - Халықаралық Қызыл Крест Ұйымы болып табылады. Халықаралық Қызыл Крест Ұйымымен қатар қарулы қақтығыстар аймағында журналистермен бірге жұмыс істейтін басқа ұйымдар бар. Ол БҰҰ бітімгерлік күштері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы - ЕҚЫҰ, Шекарасыз дәрігерлік көмек халықаралық ұйымы, Халықаралық рақымшылық, Шекарасыз репортер, БҰҰ Жоғары Басқармасы босқындар ісі жөніндегі комиссары қызметі және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар. Олардың мақсаты - ең алдымен қарулы қақтығыстан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету. Журналистердің кәсіби парызы - қарулы қақтығыс болып жатқан жерде ақпарат тарату болғандықтан, журналистерді қорғау мәселесін алға қойған жөн. Себебі, біріншіден, журналистерге қарсы жасалған қылмыс саны жыл санап артып келеді. Бірін өлтіріп, енді бірін қамауға алып жатса, үшіншілері террористердің қолына кепіл болып түсіп жатады. Қарулы қақтығыс көбейген сайын, журналистер өлімі де көбейіп келеді. Бұл нені білдіреді? Бүгін журналист - дәл әскерилер сияқты, қақтығыстың толыққанды мүшесі.
Екіншіден, өз қызметтік міндеттерін жақсы орындап қана қоймай, өзінің бас амандығын ойлау керек. Әскери қақтығысқа қатысушының ережелер мен кеңестер жинағындағы арнайы қауіпсіздік шараларын үнемі сақтап жүру маңызды. Қарсы тараптармен байланыс орнатып, өзін шабуылдардан қорғап, ақпарат алуға тиімді уақытты пайдалану және т.б. баспасөз өкілдерінің көп жылдар бойы жинаған әскери тәжірибелері.
Үшіншіден, журналистің ұрысқа қатысуы оның әскерлермен қарым-қатынасын білдіреді. Әдетте, әскерилер журналисті өз серігі деп санамайды. Тіпті, болып жатқан оқиға туралы ақпаратты әскери билік өкілдеріне қарағанда, террористерден алған оңай болуы мүмкін. Әскерилердің журналистерге шынайы ақпарат алуға мүмкіндік бермей қойған кездері көп кездеседі. Офицерлік құраммен жақсы қарым-қатынас орнату - қақтығыс аймағындағы журналистің басты міндетінің бірі.
Төртінші - журналист ақпарат таратуда барынша шыншыл, әділ болуға ұмтылуы керек. Әсіресе қауіпті аймақта бұл маңызды шарт. Тек кәсіби қажеттіліктен өзге, бұл жерде журналистің адамгершілігі де үлкен рөл атқарады. Кей журналистер өздерін жан-жақты қырларынан көрсетіп жатады.
Бесінші - қақтығыс аймағына тап болған, әрбір баспасөз өкілі қағаз жүзінде, яғни, заңмен ғана қорғалған. Халықаралық құқық обьектісі болғанына қарамастан, көп жағдайда оның құқығы өрескел бұзылып жатады.
Әскери қақтығыс алаңындағы журналист қызметі аса жоғары бақылауда болатыны анық. Әсіресе тақырып саясат пен билікке қатысты болса. Жариялаған жаңалығы бір тараптың көңілінен шықса, екінші тарапқа ұнамай қалуы мүмкін. Ақпарат өзі қызмет ететін мекемеге, немесе билік басындағыларға ұнамай қалса, қызметін қажетті деңгейде атқара алмағаны үшін журналист жауапқа тартылады. Мысалы, Лента.ру басылымын он жыл бойы басқарып келген бас редактор Галина Тимченко жұмыстан босатылды. Оның себебін әлем бұқаралық ақпараттары түсіндірмек болды.
Associated Press агенттігінің ойынша, Ресейлік жаңалықтар сайтының бас редакторы Украинадағы жағдайды баспасөзде көтергені үшін жұмыстан босатылды. Үкіметке қарсы шерулерді ұйымдастырумен айналысатын Андрей Тарасенкомен сұхбаттасқаннан кейін, бастапқыда ескерту алып, кейін жұмыстан шығарылған редактордың орнына Кремль сайтының бұрынғы редакторы келеді делінген.
Reuters: Ресейлік танымал ақпараттық интернет-сайттың бас редакторы жұмыстан шығарылуының басты себебі, Кремль тарапынан көрсетілген тікелей қысым, яғни цензура деген ақпарат жариялапты.
Ресейлік редакторды украиндық ұлтшылдан сұхбат алғаны үшін жұмыстан шығарды деген ақпаратты The Wall Street Journal да жазыпты.
Бұл журналистерге билік тарапынан көрсетілген қысымның бір ғана мысалы. Тимченко бүкіл батысқа танымал журналист болғандықтан ғана бұл ақпарат тез тарап кетті. Көп жағдайда, журналистердің ұқсас себептермен жұмыстан босатылуы жабық күйінде қалады [14].
Журналистерге төнетін бар қауіп тек жұмыстан айырылу емес, кей жағдайда қызметі үшін оларға қастандық жасалып жатады. 2014 жылы басталған Украинадағы тәртіпсіздіктер салдарынан бірталай журналист өлімі тіркелді.
* Мысалы, 2014 жылдың 19 ақпанында Вести газетінің репортері Вячеслав Веремийді Киев орталығында атып кеткен. Бұрынғы оппозиция өкілі, қазіргі Украина ІІМ министрінің айтуынша, Еуромайдан қатысушыларына қарсы топ құрылған адамдар оны аяусыз соққыға жығып, кейін атып кеткен.
* 2014 жылдың 20 ақпанында Sportanalytic газетінде қызмет еткен 22-жасар украиналық журналист, студент, украиналық уикипедияның редакторы Еуромайдан снайперінің қолынан қаза тапты.
* 2014 жылдың 4 сәуірінде Корсунь-Шевченко аудандық "Надросся" газетінің редакторы, "Свобода" белсендісін белгісіз адамдар ұрлап әкетіп, өлтірген.
* 2014 жылдың 24 мамырында итальяндық тілші Славянск блокадасынан ақпарат таратып жатқан кезінде, Андреа Роккелли (Andrea Rocchelli) және онымен бірге аудармашы Андрей Миронов қайтыс болды. Жағдайдың анық-қанығы толық ашылмаған. Француз фотографының ресей телевидениесіне берген ақпараты бойынша, Роккели мен Миронов атыс салдарынан қаза тапқан. Фотографтың өзі атыстан дене жарақатын алғандығын айтады.
* 2014 жылдың 15 маусымында қоғам қайраткері, Каменяри инфо интернет-сайтының журналисі, Майдан белсендісі Владимир Марцишевскийді Еуромайданның баспасөз орталығынан ұрлап әкетіп, ауыр соққыға жыққан. Ауыр дене жарақаттары салдарынан журналист ауруханада көз жұмды.
* 2014 жылдың 17 маусымында ВГТРК тілшісі Игорь Корнелюк Луганск маңындағы Металлист ауылы маңындағы украина қарулы күштерінің қызмет орындау барысында жүргізген атыста жарақат алып, қаза тапты. Қасындағы дыбыс режиссері Антон Волошин де оқиға орнында мерт болған.
* 2014 жылдың 29 маусымында Бірінші арнаның операторы Анатолий Клян Донецк облысындағы автобусқа жасалған шабуыл кезінде оққа ұшып, ауруханада көз жұмды.
* 2014 жылдың 6 тамызында (болжам бойынша) - Россия сегодня халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Андрей Стениннің көлігі Донецк облысы, Дмитровка маңындағы атыстың ортасында қалды. Фототілшімен бірге IКОРПУС ДҰР ақпараттық бөлімінің қызметкерлері Сергей Кореченков пен Андрей Вячало қаза тапты.
* 2014 жылдың 29 қарашасында донецкілік Криминал-Экспресс газетінің бас редакторы, журналист, Хроника донецкого бандитизма, Антология заказного убийства кітаптарының авторы өлтірілді.
* 2015 жылдың 16 ақпанында Украина қорғаныс Министрлігінің Бриз телерадиотарату компаниясы басшысының орынбасары, әскери тілші, капитан-лейтенант Дмитрий Лабуткин және С секторының баспасөз-офицеры ДҰР қарсылықтары кезінде қаза тапты.
* 2015 жылдың 28 ақпанында Сегодня газетінің фототілшісі Сергей Николаев Донецк облысындағы Пески ауылындағы атыс кезінде көз жұмды.
* 2015 жылдың 15 наурызында Нетишинский вестник газетінің бас редакторын өз үйінде өлтіріп кеткен.
* 2015 жылдың 13 сәуірінде ProUA және Обком интернет-басылымдарының негізін салушы әрі көмекшісі Сергей Сухобок төбелес салдарынан қаза тапты.
* 2015 16 сәуірінде жазушы, Сегодня газетінің экс-бас редакторы Олесь Бузин өз үйінде өлтірілген [15].
Жаңалықтар қауіпсіздігінің халықаралық институты да журналистер өлімі рейтингін жариялап отырады. Вашингтон қаласында Newseum Журналистика тарихының музейі ашылған. Оның ішінде қаза болған журналистерге арналған мемориал бар. Мемориалдың кураторы, бұрынғы БАҚ қызметкері Дон Росс: Алдыңғы соғыстармен салыстырғанда, дәл Ирак соғысында қарсы тараптар журналистерді қасақана атты, себебі, болып жатқан оқиғаның әлемге таралғанын қаламады. Тіпті, екінші дүниежүзілік соғысы мен Вьетнам соғысында журналистер атылмаған,-дейді [1]. Ирактағы әскери операция кезінде (2003 ж.) соғысушы тараптар телевизия жаңалықтарында қамаудағы сарбаздарды көрсетіп, Женева конвенциясын ашық түрде бұзды. Euronews, BBC және CNN арналары бойынша тұлғалары анықталмаған бейнелер, ал Араб БАҚ-тарынан нақты тұлғаларды, яғни АҚШ-тың әскери ұшқыштарын көрсетті. Сол уақыттағы АҚШ президенті Джордж Буш Al-Jazeera мен басқа да араб бұқаралық ақпарат құралдарын Женева конвенциясын бұзды деп айыптады. Дәл сол кезде, Бағдад қаласындағы Al-Jazeera телеарнасының кеңсесіне зымыраннан оқ жауып, түгелдей қиратылды. Ақпарат соғыстың негізгі қозғаушы екені Ирактағы қақтығыстан бастап белгілі болды. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты - әлемдік қоғамдық пікірді өзгертіп, бұқараны үрейлендіру болды. Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін Еуразиялық медиафорум 2003 жылы Ирак әскери операциясының аяқталуымен тура келді. Форумда жиналған қауым, журналистер, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері әскери қақтығыстардың БАҚ-та берілуін талқылады. Ақпараттың бұрмалануы, қарсылас кейпінің суреттелуі, әскери қақтығыстарды таратуда қолданылатын әдістер кеңінен талқыланды. Ирактағы қақтығыс мәселесін көтерген халықаралық журналистер шынайы деректер келтіріп, журналист қауіпсіздігі мен Женева конвенцияларының қолдануылуы сияқты өзекті тақырыптарды ашып айтты. Қақтығыс аймағында жұмыс істейтін журналистерді даярлайтын арнайы орталықтар бар. Мысалы, Аустралиядағы GRASP, Ұлыбританиядағы BBC-дің журналистерді ыстық нүктелерге дайындау мен тренинг Департамент-орталықтары, Ресей Федерациясы журналистер одағының экстремалды журналистика Орталығы да белсенді қызмет атқарады. Бұл орталықтың жұмысы барысында Ауғанстан, Тәжікстан және Шешенстандағы әскери қозғалыстардың БАҚ-та берілуі жайлы материалдар жарыққа шыққан.
Әскери қақтығыс кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдары мен әскери құрылымдары арасындағы қатынастар барлық елдерде ұқсас болып жатыр. Бұл қарым-қатынас мәселелері алғаш рет Вьетнам соғысында байқалды. Журналистердің айтуы бойынша, қоғамдық пікір қалыптастыруға жол бермес үшін, олардың ақпарат алуға мүмкіндіктерін шектеп отырған. Ал әскерилер журналистер әр американдықтың үйіне соғыстың сұмдықтарын, азаптарын, қасіреттерін көрсету арқылы соғыста жеңіліске ұшырауға әсер етті деп айыптаған.
Осындай оқиға Гренадада байқалған. Онда журналистер соғыс аймағына мүлде жіберілмеген. Бірақ, Гренададан жағдайынан кейін ғана орталықтандырылған арнайы ақпараттық бригадалар құру туралы шешім қабылданған. Әскерилер таратуға рұқсат берген ақпарат осылай тарала бастады.
Мұндай шешім Панаманы басып алу кезінде 1989 жылдың желтоқсан айында жүзеге асырылған. Онда ойластырылмаған жоспарлау, техникалық және көлікпен қамтамасыз ету әлсіздігі, ақпараттық бригадалардың баяу әрекеттігі байқалды.
Парсы шығанағындағы әскери әрекеттерге дайындық кезінде американдықтарға осы мәселені шешуге тағы тура келді.
Иракты басып алу үшін құрылған көпұлтты күштерді қалыптастыруда насихаттау жұмысы ұйымдастырылды. Американдық әскери техника және әскерлердің дайындығы жан-жақты мадақталды. Ирак үшін сұмдық соғыс суреттелді, Саддам Хусейнге төнген қауіп-қатер мен оны күтіп тұрған жаза туралы көп айтылды. Соғысқа дайындық кезінде одақ басқармасы теріс ақпараттар таратты. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскерлердің орын ауыстыруы, соғысқа дайындалу мерзімінің ұзартылуы туралы жалған деректер таратылды. Ең аяғында, АҚШ қорғаныс министрінің соғыс басталуға дейінгі бірнеше күн қалғанда көпұлтты күштердің әскери операцияны жүргізуге дайын еместігі туралы жалған ақпарат берді.
Әскерлер орналасқан аудандардан тарайтын барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Саяси қақтығыстар
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны
Халықаралық терроризммен күресудің жаңа кезеңі
Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Пәндер