Банк ресурстары және меншікті капитал


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

« Қаржы және есеп » факультеті

« Қаржы » кафедрасы

«Банктің несиелік ресурстарын басқару, оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі» тақырыбына

« Қаржы » мамандығы бойынша жазылған

Дипломдық жұмыс

Орындаған: Бегеева Айғаным

3 курс студенті 304 топ

Ғылыми жетекші: э. ғ. к., аға оқытушы Қасымбекова Г. Р.

Дипломдық жұмыс « Қаржы » кафедрасы отырысының 2009 жылғы «__» № хаттама шешімімен Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі

э. ғ. д., профессор

Ынтықбаева С. Ж.

Алматы-2010 жыл

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Қаржы және есеп» факультеті

«Қаржы» кафедрасы

«050509-Қаржы» мамандығы

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Бегеева Айғаным Әуезхановна

Дипломдық жұмыс тақырыбы « Банктің кредиттік ресурстарын басқару, оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі »

20__жылғы «__» қарашадағы №ЖОО

бұйрығымен бекітілді.

Аяқталған материалдар мен мәліметтер сипаттамасы

Дипломдық жұмысты дайындауда жататын сұрақтар тізбесі:

1)

2)

3)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Графиктік материалдардың (кестелердің, диаграммалардың, сызбалардың) тізбесі

Тапсырманы беру күні «__» 200_ж.

Ғылыми жетекшісі:

(аты-жөні) қолы

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент:

(аты-жөні) қолы

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Қаржы және есеп» факультеті

«Қаржы» кафедрасы

«Мақұлданған» «Бекітемін»

Ғылыми жетекшісі «Қаржы» кафедрасының

меңгерушісі э. ғ. д., профессор

Интикбаева С. Ж.

(аты-жөні) қолы «__» 2009

__ курс, тобы, «050509-Қаржы» мамандығы студентінің

«»тақырыбына

арналған дипломдық жұмысын жазудың

КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ

Жұмыстың кезеңдері
Орындау
мерзімдері

Жетекшінің

орындау

туралы

белгісі

Жоспар-

ланған

Орындал-

ған

№: 1.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысқа тапсырма беру
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 2.
Жұмыстың кезеңдері: Негізгі көздер бойынша библиографияны құрастырумен бірге әдебиетті жинақтау, зерделеу және өңдеу
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 3.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың жоспарын құрастыру және оның ғылыми жетекшімен келісуі
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 4.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 5.
Жұмыстың кезеңдері: Өндірістік (диплом алдындағы) практиканы өту орны /жұмыс орны бойынша жиналған практикалық материалдарды бір жүйеге келтіру, талдау мен өңдеу
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 6.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың екінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 7.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 8.
Жұмыстың кезеңдері: Ғылыми жетекшімен қорытындылар мен ұсыныстардың келісімі
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 9.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты ескертпелерге сәйкес қайта өңдеу (соңына дейін өңдеу) және оны кафедраға ғылыми жетекшінің пікірімен бірге ұсыну
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 10.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты кафедрада алдын-ала қорғау
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 11.
Жұмыстың кезеңдері: Дипломдық жұмысты кафедра меңгерушісінің қорғауға рұқсат еткенінен кейін сыртқы оппоненттің сын-пікірін алу үшін бағыттау және жазбаша рецензиясын алу
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:
№: 12.
Жұмыстың кезеңдері: Баяндаманың тезисі мен қорғауға шығарылатын кестелік -сурет түріндегі материалдарды құрастыру
Орындау:
мерзімдері:
Жетекшініңорындаутуралыбелгісі:

Күнтізбелік графикті беру күні «___» 20___ж.

Күнтізбелік графикті орындауға қабылданған студент

(Аты-жөні) (қолы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ

1. 1 Банк несиелік ресурстарының ұғымы және меншікті қаражат көздері . . . 6

1. 2 Банктің меншікті қаражатының жеткіліктілігі және банктің тартылған қаражаттары . . . 14

1. 3 Банктің депозиттік операциялар және депозиттік емес ресурстары . . . 22

2 «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ-НЫҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік ресурстары және несие саясаты . . . 25

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік операцияларының сапасын талдау . . . 32

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- ның несиелік қоржынын қалыптастыру ерекшеліктері . . . 34

3 БАНКТІК НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫН

3. 1 Банктік несиелік қоржынды қалыптастыру және оның жағдайын бақылау . . . 40

3. 2 Банктік несиелік ресурстарын басқарудың жетілдіру жолдары . . . 43

3. 3 Банктік несиелік ресурс бойынша тәуекелді төмендету әдістері . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМША

1. Банк ресурстары және меншікті капитал

1. 1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурстар» терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәспорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады. Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері терінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг, және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық банк «Банктердің банкі» болып табылғандықтан, коммерциялық банктер ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті жіне тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы, және қызметінің ерекшкліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы

2) Банктің зеамдық және тартылған қаражаттары

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Қазақстандық екінші деңгейдегі банктер пассивтерінің құрылымы мен шамасына топтастырылуы

Банктердің аттары
Міндеттемелері
Меншікті капитал
Барлық пассивтері
Банктердің аттары: 1. Казкоммерцбанк АҚ
Міндеттемелері: 383 359 151
Меншікті капитал: 39 265 133
Барлық пассивтері: 422 624 284
Банктердің аттары: 2. ТұранӘлемБанкі АҚ
Міндеттемелері: 340 308 170
Меншікті капитал: 29 670 510
Барлық пассивтері: 369 978 680
Банктердің аттары: 3. Қазақстан Халық Банкі АҚ
Міндеттемелері: 232 454 217
Меншікті капитал: 21 100 904
Барлық пассивтері: 253 555 121
Банктердің аттары: 4. Алматы Сауда Қаржы Банкі АҚ
Міндеттемелері: 86 669 542
Меншікті капитал: 9 083 160
Барлық пассивтері: 95 752 702
Банктердің аттары: 5. Центркредит банкі АҚ
Міндеттемелері: 75 177 638
Меншікті капитал: 7 561 962
Барлық пассивтері: 82 739 600
Банктердің аттары: 6. НұрбанкАҚ
Міндеттемелері: 51 287 682
Меншікті капитал: 7 123 368
Барлық пассивтері: 58 411 050
Банктердің аттары: 7. Каспийский Банкі АҚ
Міндеттемелері: 48 772 598
Меншікті капитал: 6 161 812
Барлық пассивтері: 54 934 410
Банктердің аттары: 8. Альянс Банк АҚ
Міндеттемелері: 46 589 193
Меншікті капитал: 4 085 889
Барлық пассивтері: 50 675 082
Банктердің аттары: 9. Еуразия Банкі АҚ
Міндеттемелері: 41 954 490
Меншікті капитал: 8 461 110
Барлық пассивтері: 50 415 600
Банктердің аттары: 10. Ситибанк Казахстан АҚ
Міндеттемелері: 28 864 535
Меншікті капитал: 6 303 720
Барлық пассивтері: 35 168 255
Банктердің аттары: 11. АБН-АМРО Қазақстан банкі АҚ
Міндеттемелері: 25 511 314
Меншікті капитал: 5 146 055
Барлық пассивтері: 30 657 369
Банктердің аттары: 12. Темірбанкі АҚ
Міндеттемелері: 24 249 481
Меншікті капитал: 4 413 033
Барлық пассивтері: 28 662 514
Банктердің аттары: 13. TEXAKABANK
Міндеттемелері: 10 986 409
Меншікті капитал: 1 507 108
Барлық пассивтері: 12 493 517
Банктердің аттары: 14. Цеснабанкі АҚ
Міндеттемелері: 10 812 320
Меншікті капитал: 1 428 783
Барлық пассивтері: 12 241 103
Банктердің аттары: 15. Альфа-банк ЕБ
Міндеттемелері: 7 424 480
Меншікті капитал: 2 280 476
Барлық пассивтері: 9 704 956
Банктердің аттары: 16. Қазақстандағы қытай банкі ЕБ АҚ
Міндеттемелері: 4 185 336
Меншікті капитал: 2 450 711
Барлық пассивтері: 6 636 047
Банктердің аттары: 17. Демір Қазақстан банкі АҚ
Міндеттемелері: 2 815 026
Меншікті капитал: 1 198 976
Барлық пассивтері: 4 014 002
Банктердің аттары: 18. Нефтебанк АҚ
Міндеттемелері: 2 622 019
Меншікті капитал: 913 606
Барлық пассивтері: 3 535 625
Банктердің аттары: 19. Алма-ата МБ АҚ
Міндеттемелері: 2 009 097
Меншікті капитал: 978 905
Барлық пассивтері: 2 988 202
Банктердің аттары: 20. Данабанк АҚ
Міндеттемелері: 1 231 666
Меншікті капитал: 1 064 945
Барлық пассивтері: 2 296 611
Банктердің аттары: 21. ТПБК АҚ
Міндеттемелері: 929 517
Меншікті капитал: 1 290 089
Барлық пассивтері: 2 219 606
Банктердің аттары: 22. Лариба-Банкі ББ АҚ
Міндеттемелері: 913 270
Меншікті капитал: 1 327 307
Барлық пассивтері: 2 240 577
Банктердің аттары: 23. КЗИ банкі АҚ
Міндеттемелері: 886 873
Меншікті капитал: 2 213 684
Барлық пассивтері: 3 100 557
Банктердің аттары: 24. ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ
Міндеттемелері: 706 996
Меншікті капитал: 1 193 421
Барлық пассивтері: 1 900 417
Банктердің аттары: 25. Қазақстан индустриалды банкі АҚ
Міндеттемелері: 647 980
Меншікті капитал: 1 119 484
Барлық пассивтері: 1 767 464
Банктердің аттары: 26. Сенімбанкі АҚ
Міндеттемелері: 144 537
Меншікті капитал: 1 055 273
Барлық пассивтері: 1 203 310
Банктердің аттары: 27. КИБ АҚ
Міндеттемелері: 126 340
Меншікті капитал: 1 076 970
Барлық пассивтері: 1 203 310
Банктердің аттары: 28. Заман-банкі АҚ
Міндеттемелері: 98 316
Меншікті капитал: 1 034 446
Барлық пассивтері: 1 132 762
Банктердің аттары: 29. Алаш-банкі АҚ
Міндеттемелері: 83 625
Меншікті капитал: 1 101 709
Барлық пассивтері: 1 185 334
Банктердің аттары: 30. Пәкістан ұлттық банкі АҚ
Міндеттемелері: 46 656
Меншікті капитал: 1 113 635
Барлық пассивтері: 1 160 291
Банктердің аттары: 31. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ
Міндеттемелері: 15 638
Меншікті капитал: 1 508 473
Барлық пассивтері: 1 524 111

*Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің есептік материалдарынан*

Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозиттік базаның өсуі ықпал етуде.

Ал, несиелік ресурстарға тоқтала кететін болсақ, «несиелік ресурстар» термині «Банк ресурстары» терминіне қарағанда экономикалық нарықта мағлұматтар өте аз десек те болады. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің нысандары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі нысаны: коммерциялық және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпкерлер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.

Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар мынадай:

● бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі;

● бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;

● бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді:оны тек өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы комбайн зауыты өз өнімін комбайндарды несиеге алу үшін ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.

Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие болып табылады.

Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

‒ коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Ал банктік несие болса, тауар өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

‒ коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қазызгер ретінде де кәсіпкер жүреді. Ал банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы кәсіпкер болады.

‒ коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.

‒ бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді.

Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несинің екі жақтылығы туындайды: - қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда ол капитал қарызы , ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ол ақша қарызы болып табылады.

Банктік несиені экономиканың кез-келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез-келген келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне т. с. с. )

Несиенің негізгі екі формасы, яғни коммерциялық және банктік несиелер әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық, консорциалдық несие т. б.

Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында, яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату, банктік несие формасында тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру, яғни ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазтқыштар, теледидарлар және т. б. беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдеа да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, студенттерге берілуі ықтимал. Мәселен, бұл несие кезінде Чехословакияда жоғарғы оқу орындарының студерттеріне берілетін болған.

Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Негізінен лизинг деп маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктердіжәне негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтамыз. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқына ие болады.

Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез-келген экономикалық дердес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді.

Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқы мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.

Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО - да кең қолданылған несие түрі. Ол - жоғарғы басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі.

Шаруашылықаралық несиенің басқа несилерден айырмашылығы: бұл несие субъектілері міндетті түрде бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы, яғни пайыз төленбейді; бұл несиені алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорынның қаржы қиындығы жойылған соң жоғарғы органдардың үкімімен несие толығымен қайтарылынып алыныды. Соңғы кездері бүл несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы, күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.

Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді, яғни жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді т. с. с. кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипоткалық банк несие алушыға қарызгер екендігі туралы куәлігін берді. Ипотекалық несиенің ақшалы қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар шығырып, сатудан түскен қаржыдан құралады.

Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының облигация сату арқылы жеке заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие қатынастарының субъектілері:несие беруші - халық және заңды ұйымдар, ал несие алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары.

Мемлекеттік несие қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екі топқа бөлінеді:

Қысқа мерзімді несие - қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек . Ал ұзақ мерзімді несие болса, мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көп жылдар өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджет тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық ақшаны шығаруға мумкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т. с. с. өндірістік емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.

Халықаралық несие - деп мерзімді белгілеу, пайыз төлеу және кері қайтару келісімімен тауар валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық эконмикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Банк жүйесінің маңызды элементі
Банктің заемдық және тартылған қаражаттары
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Банктің меншік капиталы
Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz