Балқаштың климаты континентальды


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалануфакультеті

Метеорология және гидрология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІ - ҮШТӨБЕ БЕКЕТІ БОЙЫНША СУ ӨТІМІ ҚИСЫҚТАРЫН ТҰРҒЫЗУ ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫНЫ ЕСЕПТЕУ

Орындаушы:

2 курс студенті Елбасиева Б. Б.

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к, доцент Молдахметов М. М.

Норма бақылаушы:

ассистент Жанабаева Ж. А.

Қорғауға жіберілді

“___”2012 ж.

Кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к, доцент Джусупбеков Д. К.

Алматы 2012

РЕФЕРАТ

Курстық жұмыстың тақырыбы Қаратал өзені - Үштөбе бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және ағындыны есептеу.

Курстық жұмыс 33 беттен, 15 кестеден, 12 формуладан, 1 суреттен тұрады.

Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, су қимасының ауданы, тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, өзен аңғары.

Зерттеу нысаны - Қаратал өзені - Үштөбе бекеті.


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
б.
: 1
Кіріспе. . .: Қаратал өзені алабының қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы
б.:
: 1. 1
Кіріспе. . .: Табиғи жағдайы . . .
б.: 5
: 1. 2
Кіріспе. . .: Жер бедері . . .
б.: 6
: 1. 3
Кіріспе. . .: Геологиялық құрылымы . . .
б.: 7
: 1. 4
Кіріспе. . .: Топырағы мен өсімдік жамылғысы . . .
б.: 7
: 1. 5
Кіріспе. . .: Климаты . . .
б.: 8
: 1. 5. 1
Кіріспе. . .: Ауа температурасы . . .
б.: 8
: 1. 5. 2
Кіріспе. . .: Жауын-шашын . . .
б.: 9
: 1. 5. 3
Кіріспе. . .: Қар жамылғысы . . .
б.: 9
: 1. 5. 4
Кіріспе. . .: Ауа ылғалдылығы мен жел . . .
б.: 10
: 1. 6
Кіріспе. . .: Гидрографиясы және морфометриясы . . .
б.: 10
: 1. 7.
Кіріспе. . .: Өзендер желісі . . .
б.: 12
: 2
Кіріспе. . .: Су өтімі қисықтарын тұрғызу және ағындыны есептеу
б.:
: 2. 1
Кіріспе. . .: Негізгі түсініктеме . . .
б.: 14
: 2. 2
Кіріспе. . .: Тапсырманың мазмұны . . .
б.: 15
: 2. 3
Кіріспе. . .: Жұмысты орындау тәртібі . . .
б.: 21
: 2. 3. 1
Кіріспе. . .: Су өтімі қисықтарын тұрғызу . . .
б.: 21
: 2. 3. 2
Кіріспе. . .: Су өтімі қисықтарын экстраполяциялау . . .
б.: 26
: 2. 3. 3
Кіріспе. . .: Су ағындысын есептеу . . .
б.: 29
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
б.: 32
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
б.: 33


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты : Қаратал өзені - Үштөбе бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және су ағындысын есептеу.

Курстық жұмыста Қаратал өзені - Үштөбе бекеті бойынша өзен алабының физикалық-географиялық сипаттамасы, бекеттің сипаттамасы қарастырылған.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Қаратал өзені - Үштөбе бекеті бойынша өлшенген су өтімдері және су деңгейі мәліметтері арқылы су өтімі қисықтарын тұрғызу, аталған мәліметтер бойынша күнделікті су өтімдер кестесін құрастыру және су ағындысын есептеу.

Су өтімі қисықтарын тұрғызу барысында байқалған ең жоғарғы және ең төменгі су деңгейлеріне дейін экстраполяциялау әдісі арқылы орындалады.

Су ағындысы есептелгеннен кейін, анықталған мәндерді «Гидрологиялық жылнама» мәліметтерімен салыстырып, олардың айырмашылығы табылады.


1 ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІ алабыныҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Табиғи жағдайы

Қаратал өзені Жетісудағы өзен болып саналады. Қаратал өзенінің батыс жағалауында Тауқұм, шығыс жағалауында Сарыесік-Атырау құмды шөлі жатыр. Сазды, құмды төбелер мен қырқалардан құралған. Бұл жерлерде тақырлар да кездеседі. Ауданның оңтүстігіндегі теңіз деңгейінен 500-700 м биіктікте Малайсары, Тасмұрын асулары жатыр. Жер бедерінің көп бөлігі жазық, оңтүстіктен солтүстікке қарай аласарады. Бұл жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштерінің ішінде, ағын су мен жел көп әсер етеді. Көбінесе, құмды төбелер - жыңғыл, ши, қамыс, сексеуіл сияқты бұталы өсімдіктердің астына жиналады. Бұл құмды төбелердің көлемі өсімдіктердің бойына қарай анықталады. Ал егер өсімдік тіршілігін жойса, құм жайылып кетеді. Тауқұм шөлді аймағының жер бедері эолдық, яғни жел атқаратын формадағы түріне жатады. Сондай-ақ Сарыесік-Атырау шөлінде де жер бедері жазық [1] .

Балқаштың оңтүстігінде орналасқан Қарқаралы-Ақтау массиві және Шыңғыстау жотасы оның солтүстігіндегі суайрығы болып табылады. Оңтүстікте су Теріскей және Күнгей Алатауларының арасынан және Қаратал Алатауы арасынан, ал батыста Шу-Іле тауларының арасынан өтеді. Аумағы құбылмалы: 17-22 мың км 2 , батыстан шығысқа қарай 900 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680км-ге созылып жатыр. Суының көлемі 112 км 3 . Өзеннің алабы 501 мың км 2 шамасында. Ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігінде Іле, шығыс бөлігінде Ақсу, Лепсі және Аягөз өзендері құяды. Көлдің солтүстік жағалауы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жар қабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғалармен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде қалған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлде кездесетін ірі аралдар: Басарал және Тасарал.

Шығыс тауішілік аудан Балқаш көлі алабының Шарын өзенін басып өтетін шығыс бөлігін алады. Алаптың аталған бөлігін айнала таулар қоршап жатыр. Жоңғар Алатауы ауданның солтүстік шекарасы болса, шығыс шекарасы Іле Алатауы және оңтүстігінде Теріскей Алатауымен шектеледі [1] .

Алаптың үлкен көлемі, климаты мен жер , табиғи шарттардың әртүрлілігі Балқаш маңы шөлді алабының солтүстік Тянь-Шаньның таулы тізбегіне дейін айқындалады. Орфографиясы жағынан алап үш бөліке бөлінеді. Негізінен солтүстік және солтүстік маңын алып жататын солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі Қазақтың ұсақ шоқысының маңында орналасқан . Алаптың бұл бөлігінің жер бедеріне жоталары сайлармен тілімделген шоқылары бар жазықтар тән. Жергілікті жердегі шекаралар биіктігі 30 - 40 м-ге дейін жетеді, кейде 100 - 200 м-ге дейін болады. Орталық бөлігі - Балқаш ойпаты - Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстік шетінен оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы тізбегіне дейін созылып жатқан құмды, шөлейітті жазықтық Балқаш ойпатының солтүстік бөлігіндегі белгілер 400 - 500 метрге дейін жетеді. Үстірт - шоқылар, төбелер, құрғақ аңғарлар және құрғап кеткен өзендермен кесілген. Ойпаттың оңтүстік жағында негізінен - Тауқұм, Мойынқұм, Сары-Ішіқотрау құмды шөлдері орналасқан. Алптың оңтүстік-шығыс пен оңтүстік бөлігі Қазақ-Жоңғар таулы аумағы мен Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік тізбегімен шектелген. Қазақ-Жоңғартаулы аумағының құрамына Тарбағатай тауы, Жайыр, Ұрқашыркөтерілімдері, Барлық пен Майлы таулары, биіктігі 2000 - 4 м-ге жететін Жоңғар Алатауының тауларына кіреді. Іленің солтүстік жағалауының көп жері жайдақ, кейде құмды, тұздылау және жиде, терек, шеңгел, сексеуіл, қарағай жапқан. Бекеттен төмен, Қапшағай шатқалының бойында, отыз шақырымнан аса жерде Іле Қапшағай атты биік шың-құздармен қысылады; одан ары қарай құмды далаға жайылып, құм және қалың, үлкен қамыстардың арасымен ағады [2] .

  1. Жер бедері және геологиясы

Балқаш көлі алабы аумағының геологиялық құрылысы жағынан өте күрделілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Кембрийге дейінгі шөгінділер: кристалды тақтатастар, гнейстер, амфиболиттер Шу-Іле тауларында, Іле Алатауы мен Теріскей Алатауларында кездеседі. Кембрийлік шөгінділер: сұр құмтастар, спилиттер, мраморлар, әктастар Шу-Іле тауларының айтарлықтай көп аумағында, Іле Алатауында және Теріскей Алатаудың солтүстік жоталарында кездеседі.

Карбонатты шөгінділер Іле Алатауының батыс бөлігінің біраз жерлерінде таралған. Жоңғар Алатауының солтүстік бөлігі мен солтүстік-шығыс Балқаш маңында карбонатты шөгінділер спилиттер, диабаздар, әктастар, құмдақтар түрінде кездеседі.

Ордовик шөгінділері: құмдақтар, конгломераттар, тақтатастар, әктастар мен эффузивтер Солтүстік Балқаш маңы мен Тарбағатай, Шыңғыстау, Шу-Іле тауларында кеңінен тараған. Сонымен қатар Іле Алатауы мен ЖоңғарАлатауы, Кетпен, Күнгей Алатауы тауларында да белгілі.

Силур шөгінділері (құмдақтар, әктастар, тақтатастар, эффузивтер және олардың туфтары) тек қана Шу-Іле тауларында, Оңтүстік Жоңғарда, Кетпенде, Тарбағатайда, Шыңғыстауда тараған. Карбонатты жыныстар немесе осы жыныспен жасты шөгінділер қарастырылып ортырған ауданда өте аз тараған деуге болады. Солтүстік Балқаш маңында силурлық шөгінділер жасыл түсті терригендік құрылымдар (құмдақтар, алевролиттер, яшмалар) түрінде кездеседі. Жоғарыда аталған жыныстардың барлығы Іле Алатауында, Күнгей Алатауында және Теріскей Алатауында ендік бойымен, ал Тарбағатай, Шыңғыстау Шу-Іле тауларында солтүстіктен шығысқа, ал Солтүстік Балқаш маңында меридиан бойымен тығыздалған қатпарлар түрінде кездеседі [1] .

Солтүстік-батыс Балқаш маңы мен Шу-Іле тауларында, Теріскей және Күнгей Алатауларында қызылтүсті құмтастармен, эффузивтермен, конгломераттармен қатар әктастар кең тараған. Олар өте кең алқапты, яғни Шалқұдықсу, Текес Қарқара өзендерінің алаптарын, Балқаштың солтүстік-батыс жағалауларын алып жатыр.

1. 3 Топырағы мен өсімдік жамылғысы

Балқаш ауданының топырағы құмды, сазды сұр топырақ типіне жатады. Қазіргі кезде сортаңдана бастап, топырақтың бетін тұз басып жатыр. Өте сирек өсімдік жамылғысы ермен, бұталар және эфедрамен келтірілген. Өзендердің көне аңғарларындаұсақ бұталар және сексеуіл өсетін тақыр топырақ таралған. Балқаш көлінің жағалауындағы шалғындарда қамыс, сортаңды ермен, солянка өседі. Таулы аудандардың көтерілуіне байланысты әр экспозицияа әртүрлі өсімдіктер тән. Жоңғар және Іле Алатауының шөлді-далалы белдеуіне боз-ерменді өсімдік жамылғысы бар сұр топырақ және каштанды топырақ тән. Бұл зонаның таралу шекарасы 600 - 800 м-ге дейін жетеді. Жоғарғы шекарасында -шыршалар кездеседі. Субальпілік ландшафттарға(2300 - 2800 м-ге дейін) арша, типчак, ырғай мен орта бойлы шөпті шалғындармен ауысып келеді [1] .

Аумақтың шөл-дала зонасын алып жатқан Солтүстік Балқаш маңында солтүстік шөлдің құба және сұр-құба топырағы тараған, кейбір жерлерде бұл топырақ сор және сортаң топырақтармен араласады. Құба топырақтарда жусан, бетеге өседі, ал сұр-құба топырақтарда жусан, боялыш өседі. Шарын өзенін жағалай жайылма-шабындықты топырақтар тараған, бұл топырақтарда қоға өсімдігінің тоғайлары, қамыс және т. б. тоғай өсімдіктері кездеседі. Балқаш көлінің жағалауларында құрақтар, сортаң жусандар және сораңдар өсетін сортаң топырақтар тараған [2] .

Шөл-дала белдеуінде кәдімгі сұр топырақтар басымдылық танытады. Мұнда жусан, көкшыбық, бетеге, көл қияқтары өседі. Алтынемел жотасының тауалды жазықтарында сұр-құба топырақтар тараған. Өсімдік жамылғысына келетін болсақ мұнда ксерофитті бұталар басымырақ, ақ жусан, басбүйірген өседі. Онда -сексеуіл, жыңғыл, қамыс шеңгел, құрақ қамыс, қоға, құм бетегісі, тал, ши, сары ағаш, қара ағаш, долана өседі. Аудан ішінде - шырша, терек, қайың, емен, үйеңкі, арша өседі. Құмды сазды жерлерге - құм бидайығы, арпабас, сортаңды ажырық, меңдуана, қаңбақ, шырғанақ содан қашығырақ жерлерде өседі. Сонымен шөл зонасының өсімдіктері, өзінің қалыптасқан табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Қаратал өзенін бойлай, тоғай арасында жидектерден - бүлдірген, қара жидек өседі [1] .

Іле-Шу таулары айтарлықтай биік болмағандықтан мұнда тек екі белдеу: таулы-далалы және шөл-далалы бар. 700-850 м биіктегі тауалдындағы көлбеу беткейлерде ашық каштанды топырақ тараған, ал 300 м төменде Шу-Іле тауларында кәдімгі сұр топырақ тараған. Өсімдітерге келетін болсақ бетегелі-жусанды және бетегелі-дәнді өсімдіктер өседі.

1. 4 Климаты

Балқаштың климаты континентальды. Олар жазық, аласа таулы және таулы аумақтары бір-бірінен ерекшеленеді. Жазықтық және аласа таулы аудандарда көбінесе ауа температурасының үлкен ауытқулары, қысы суық, жазы құрғақ, ыстық және созылмалы болып келеді. Таулы аудандардағы климат бірқалыпсыз, көбінесе ол жергілікті жердің биіктігі мен жер бедерінің түріне байланысты. Жалпы, Іле өлкесінің климаты - далалық. Ауа райының ауытқушылығы мен тұрақсыздығы - оның ерекшелігі; даланың солтүстік бөлігіне қарағанда едәуір тұрақты болса да, қыста аяз болып тұрады; жазда ыстық 40 °С-қа дейін жетеді. Суық 50 °С-тан төмендеуі сирек. Көктем тым жаңбырлы және жауын-шашынды болып келеді [2] .

1. 4. 1 Ауа температурасы

Орташа жылдық ауа температурасы көлдіңбатыс жағалауында 7, 0 ºC-тан көлдің шығысында 5, 3 ºC -қа дейін өзгереді. Қаңтар айының орташа температурасы минус 13 -16 ºC, ал шілде айында орташа алғанда плюс 24 -25 ºC шамасында болып келеді.

Абсолюттік минимал температура көлдің орталық бөлігінде (минус 40 ºC) және солтүстік жағалауында (минус 46 ºC) байқалады. Ауа температурасының абсолюттік максимал шамасы көлдің шығысынан батысына қарай 41 - 45 ºC -қа дейін өзгереді.

Қазан және қараша айларында ауа температурасының күрт төмендеуі тән (8 - 9 ºC -қа), мұндай жағдай солтүстік салқын ауаның енуімен және сібір антициклоны тармағының дамуымен байланысты. Қыс мезгілінде антициклондық ауа райында орташа ауа температурасы минус 30 ºC -қа (орташа есеппен бір айда бір күн), ал қысы қатал жылдары минус 40 ºC -қа дейін төмендейді (1-кесте) [1] .

Кесте 1 - Орташа, максимал және минимал айлық және жылдық ауа температурасы, ºC

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Жыл
1: Балқаш ст.
1: -15, 2
2: -13, 5
3: -5, 3
4: 7, 1
5: 16, 0
6: 21, 8
7: 24, 2
8: 22, 2
9: 15, 3
10: 6, 2
11: -3, 6
12: -11, 9
Жыл: 5, 3
1: -10, 1
2: -7, 3
3: 2, 2
4: 11, 3
5: 19, 2
6: 25, 1
7: 27, 0
8: 24, 6
9: 18, 4
10: 1, 1
11: 0, 6
12: -6, 0
Жыл: 6, 8
1: -19, 1
2: -21, 4
3: -11, 8
4: 4, 0
5: 11, 8
6: 18, 2
7: 21, 0
8: 18, 3
9: 12, 0
10: 3, 1
11: -10, 5
12: -19, 6
Жыл: 3, 8

Тұрғылықты суық орташа алғанда қарашаның ортасында- желтоқсанның басында орнайды және наурыздың ортасына дейін сақталады. Суық мезгілдің орташа тұру ұзақтығы (орташа тәуліктік температурасы 0 ºC -тан төмен күндер) 85-112 күнді құрайды.

Қыс айларында оңтүстіктен жылы ауа массасының енуіне байланысты (С типті циркуляция) күндізгі температура 10-15 ºC -қа көтеріліп, жылымықтардың орнауы мүмкін [1] .

Наурызда жылы ауа массасының енуімен және радиациялық жылыну нәтижесінде ауа температурасының жылдам көтерілуі байқалады. Соңғы көктемгі суыну (заморозки) әдетте сәуірдің екінші жартысында, жекелеген жылдары 20 ºC ауытқумен орнауы мүмкін.

Жаз айларында (маусым-тамыз) орташа айлық ауа температурасы 22 - 25 ºC шамасында тербеледі, ал орташа тәуліктік температура 25-35 ºC -қа жетеді [1] .

1. 4. 2 Атмосфералық жауын-шашын

Атмосферадағы жылдық жауын-шашынның таралуы батыстан шығысқа қарай өседі. 1930-1969 ж. ж. аралығында орташа жауын-шашын көл айдынынан 200 мм, Батыс Балқашта 186 мм, Шығыс Балқашта 220 мм, ал 1970-1989 ж. ж. аралығында 178 мм; 198 мм және 186 мм болған. 1930-1969 ж. ж. жауын-шашын мөлшерінің орташа көлемі 3, 6 км 3 /жыл, ал 1970-1989 ж. ж. аралығында 3, 5 км 3 /жыл құрады. Жаздың биік температурасы, ауа құрғақшылығы және қатты жел сияқты факторлар көл бетінен булануға жақсы әсерін тигізеді. Буланудың орташа қабаты мен көлемі 1930-1989 ж. ж. 990 мм және 10 км 3 /жыл Батыс Балқаш және 1000 мм және 7, 5 км 3 /жыл Шығыс Балқаш үшін болды.

Балқаш маңында өлшенген жылдық жиынтық жауын - тшашын мөлшері 100 -160 мм-ді құрайды. Суық мезгілге қарағанда жылы мезгілде жауын-шашын көбірек түседі. Ауа температурасы жоғары болып келген кезеңде әдетте жауын-шашын жаумайды. Ең. Жоғары. жиынтық жылдық жауын-шашын мөлшері 255 мм, ал ең азы - 39 мм-ді құрайды. Айлық жиынтық жауын-шашын мөлшерінің аумақ бойынша таралуы өте жоғары айырмашылықта болып келеді (Кесте 2) [2] .

Кесте 2 - Көпжылдық орташа жиынтық жылдық жауын-шашынның жыл ішінде таралуы және максималды, минималды айлық жиынтық жауын-шашын мөлшері, мм

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
жыл
11-3
4-10
1: Балқаш ст.
1: 12
2: 10
3: 11
4: 12
5: 10
6: 13
7: 12
8: 8
9: 5
10: 9
11: 11
12: 14
жыл: 127
11-3: 58
4-10: 69
1: 26
2: 25
3: 17
4: 37
5: 44
6: 55
7: 35
8: 43
9: 40
10: 32
11: 28
12: 24
жыл: 220
11-3: 78
4-10: 154
1: 1
2: 0
3: 0
4: 0
5: 0
6: 0
7: 0
8: 0
9: 0
10: 0
11: 1
12: 1
жыл: 59
11-3: 20
4-10: 25

1. 4. 3 Қар жамылғысы

Қар жамылғысы периоды ұзақтығы қар биіктігіне, тығыздығына және ондағы су қорына, сондай-ақ жергілікті рельефке байланысты.

Қар жамылғысының басталуы солтүстік аудандарда қазан айының соңғы күндері, оңтүстік жазықта - 10/-15/11, тау баурайларында - қараша айының басында, биік таулы аймақтарда қыркүйек айының басында байқалады. Алғаш жерге түскен қардың 70-80 % қар жамылғысын түзбейді [1] .

Оңтүстік жазық аудандарда қыстың соңына қарай қар жамылғысы биіктігі 10-15 см, ал солтүстікте - 15-25 см болады. Іле Алатауының таулы бөктерінде, Жоңғар Алатауының оңтүстік сілемдерінде және Шу-Іле тауларында қар жамылғысының биіктігі 15 см-ден 30 см-ге дейін көтеріледі [1] .

1. 4. 4 Ауа ылғалдылығы мен жел

Ауа температурасының орташа абсолюттік ылғалдылығы 7 мб-ды құрайды. Солтүстік жағалауда аздау 6, 3 мб-дан 6, 9 мб-ға дейін, оңтүстік жағада көбірек 7, 2 мб-дан 7, 3 мб-ға дейін жетеді. Жазда үлкен ауа температура мен жауын-шашын аз мөлшерінің әсері тым құрғақшылыққа әкеледі. Жылдың суық мезгілінде абсолютті ылғалдылық (қараша-наурыз) 80 % шамасында, өтпелі кезеңде (сәуір-қазан) 57 %-дан 67 %-ға дейін, ал жазда (маусым-тамыз) 40 %-дан 52 %-ға дейін жетеді. Оның орташа жылдық мәні 60-80 %. Жыл бойындағы ауа ылғалдылығының тапшылығы 6, 4 мб-дан 8, 3 мб-ға дейін, ал қыста 0, 8 мб-дан 1, 3 мб-ға дейін өзгереді. Көктемде ауа температурасының өсуімен қатар ылғалдылық тапшылығы өсіп, жазда 20 мб-дан 25 мб-ға жетеді [2] .

Ауаның ылғал тапшылығы жыл бойы 6, 4-8, 3 мб шегінде өзгереді. Көлдің оңтүстік жағалауы бұдан төмендеу шамамен сипатталады. Іле өңірінде екі бағытта жел соғады: Балқаштан солтүстік-батыс желі және жоғарыдан соғатын шығыс желі, оны қазақтар Ебінің желі деп атайды. Ол тек көктемде соғады. Соңғысы жылы және құрғақ; біріншісі әрқашан қара бұлт әкеледі және құрғақ Бетпақдала мен Балқаш жағалауы құмдарынан көтерілген қалың шаңды айдап ала келеді. Біртіндеп бұл шаң жақындап келеді де, қамысты майыстырып, осал киіз үйлерді құлатып, қас қағым арасында өте шығады, содан соң тыныштық орнап, нөсер жауын жерді шаяды. Бұл дауыл қандай жылдамдықпен соғатынын тек оның белгісі батыста бір сағаттан ерте білінбейді, ал үш сағат ішінде бүкіл Іле өлкесі малшынып шығуы мүмкін [1] .

1. 5 Гидрографиясы және морфометриясы

Шығыстағы, оңтүстік-шығыстағы және оңтүстік бөлігіндегі биік тау сілемдері және солтүстік пен батыстағы аласа таулы рельеф аудандағы ағыстың негізгі бағытының қалыптасуына әсер етеді. Өзендердің басым бөлігі оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста. Барлық өзендердің 90 %-ы Балқаш бассейніне құяды, қалғандары Алакөл бассейні тобындағы өзендер. Көптеген өзендер көлге жетіп келмейді, жолда құмға сіңіп кетеді. Барлық ірі көлдер (Балқаш, Алакөл, Сасықкөл), сонымен қатар кішігірім көлдердің басым бөлігі территорияның орталық төменгі бөлігінде орналасқан [2] .

Соңғы жылдары бұл аймақта су қоймалары мен бөгендер, тоғандар көптеп салынуда. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ең ірі бөгендердің бірі Қапшағай су қоймасы Іле өзенінде салынған, су айдынының ауданы 1800 км 2 .

Биік таулы аймақтарда гидрографиялық желі жиілігі 0, 40-0, 20 км/км 2 , Солтүстік Балқаш маңында 0, 20-0, 50 км/км 2 , ал аумақтың оңтүстік жазық бөлігінде 0, 01 км/км 2 [1] .

Балқаш көлінің, оның батыс және шығыс бөліктерінің морфометриялық сипаттамалары 3, 4-кестелерде келтірілген [2] .

Кесте 3 - Су деңгейі 342 м кезіндегі Балқаш көлінің морфометриялық сипаттамалары, км

Сипаттамалары
Өлшем бірлігі
Шамасы
№: 1
Сипаттамалары: Көлдің ұзындығы
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 614
№: 2
Сипаттамалары: Максимал ені
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 70
№: 3
Сипаттамалары: Орташа ені
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 30
№: 4
Сипаттамалары: Жағалық сызықтың ұзындығы
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 2 383
№: 5
Сипаттамалары: Су айдынының ауданы
Өлшем бірлігі: км 2
Шамасы: 18 200
№: 6
Сипаттамалары: Максимал тереңдік
Өлшем бірлігі: м
Шамасы: 26, 5
№: 7
Сипаттамалары: Орташа тереңдік
Өлшем бірлігі: м
Шамасы: 5, 8
№: 8
Сипаттамалары: Суының көлемі
Өлшем бірлігі: км 3
Шамасы: 106
№: 9
Сипаттамалары: Көл қазаншұңқырының көрсеткіші (С. Д. Муравейский бойынша)
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 1, 50

Балқаш көлінің қазаншұңқырының созыңқылығымен және жағалық сызықтарының тілімделген болып келуімен ерекшеленеді. Сарыесік жартылай аралы тұсында көл енінің күрт тарылуынан көл екі бөлікке - батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктер өздерінің морфометриялық және гидрофизикалық сипаттамаларымен өзгешеленеді. 342, 0 м су деңгейі жағдайында Ұзынарал мойнағының (ең тар жері) ені 5-6 км-ден аспайды, ал табалдырықтың ең таяз жерлері 2, 8-3, 3 м болып келеді.

Көлдің бұлай екіге бөлінуі оның әсіресе суларының тұздылығының күрт өзгешеленуімен ерекшеленеді. Батыс Балқаш негізінен тұщы немесе өте төмен минералданған (су деңгейінің тербелісіне байланысты) ағынды көл болып табылады, ал Шығыс Балқаш салыстырмалы түрде алғанда жоғары минералдануымен сипаттталады [2] .

Кесте 4 - Батыс және Шығыс Балқаштың негізгі морфометриялық сипаттамалары.

Көлдің бөлігі
Ұзын-дығы, км
Максимал ені, км
Орташа ені, км
Айдынының ауданы, км 2
Максимал тереңдік, м
Орташа тереңдік
Суының көлемі
Көлдің бөлігі: Батыс Балқаш
Ұзын-дығы, км: 296
Максимал ені, км: 70
Орташа ені, км: 36
Айдынының ауданы, км2: 10600
Максимал тереңдік, м: 11, 0
Орташа тереңдік: 4, 6
Суының көлемі: 48, 5
Көлдің бөлігі: Шығыс Балқаш
Ұзын-дығы, км: 318
Максимал ені, км: 47, 5
Орташа ені, км: 24
Айдынының ауданы, км2: 7600
Максимал тереңдік, м: 26, 5
Орташа тереңдік: 7, 6
Суының көлемі: 57, 5

1. 6 Өзендер желісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
Балқаштың биологиялық әртүрлілігі
Қазақстанның экологиялық жағдайы
Қазақстанда қалыптасқан экалогиялық ақуалдар
Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес
Балқаш аңызы және атауы
Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz