Қызметтік хаттың құрылымы


1. Хабарландыру жазыңыз . География және табиғатты пайдалану факультеті "Көмек" еріктілер қозғалысы балалар үйіне өз көмектерін көрсетемін деген студенттерді ерікті ретінде жұмыс істеуге шақырады. "Көмек"еріктілер қозғалысы ұйымы төрайымы:Омарғазы Жанар. Тел:87027929598 2 . Өмірбаян құрылымы, ерекшелігі. Өмірбаян авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін. Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі: құжаттың аты-жөні, автордың аты-жөні, туған жері мен мезгілі, білімі мен мамандығы, қызметіне қатысты мәліметтер, марапаттаулар мен алған мадақтаулары, отбасы жағдайы мен отбасы құрамы, үйінің мекен-жайы мен телефоны, толтырылған күні мен жеке қолы. Өмірбаянды жұмыскер өз қолымен бір данада жазады. Оған (өмірбаянға) - өз өмірінің негізгі сатыларын уақтылы бір ізділікпен, еш өзгертусіз толтырады. Өмірбаян деректемелері:
- Құжаттың аты -өмірбаян;
- мәтіні;
- күні;
- қолқою.
:
- аты-жөні, фамилиясы, әкесініңаты;
- туылғанжылы;
- білімі (қайда, қашан, қандайоқуорны) ;
- ;
- ;
- әскериатағы (егер бар болса) ;
- жанұяжағдайы;
- алғыстары;
- үйініңмекен-жайы.
3 . Ресми іс қағаздар тіліқазақ әдеби тілінің бір тармағы. Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стилі. Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері. Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай-ақ моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздары тарих, саясаттану, құқықтану, экономика, тіл білімі сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Қай кезеңде болмасын мемлекеттің ел басқару жүйесі, басқа елдермен қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы іс қағаздарынан айқын көрініс тапқан. Ресми іс қағаздарының қолданылуы, мазмұны, мақсаты қоғам өмірінің құбылыстарымен тікелей байланысты болғандықтан, олар қоғамдық өмірдің дамуымен бірге дамып, қоғамдық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда, реттеуде зор қызмет атқарады. «Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: а) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; ә) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ; б) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар) (Ожегов С. И. Словарь русского языка. М., с. ) . Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.
4. Жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш жазыңыз.
өтініш - азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
- жұмысқа-қабылдау- жұмыстан-босату
- басқа-жұмысқа-ауыстыру
- кезекті-демалыс-сұрау
- кезектен-тыс-демалыс-сұрау
- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т. б. туралы-сұрау- жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т. б.
Тараз қаласы, жамбыл облысы әкімін Қанат Бозымбаев.
Жамбыл обл, тараз қаласы, жамбыл 59. Тоқтасынова Арайлым Қасымханқызы.
ӨТІНІШ
м ені басқа жұмысқа ауысуыма байланысты жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
200__ жылғы «___»
(қолы)
5. Резюме(түйіндеме) құрылымы, ерекшелігі. Кейінгі кезде жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі резюме жазылып жүр. Бұнда белгілі бір тұлғаның өмірбаяны туралы нақты, әрі қысқа мәлімет беріледі. «Резюме» француз тілінен аударғанда, айтылған немесе жазылған мәселенің қысқаша «түйіні» деген мағынаны білдіреді. Түйіндеме деректемелері:
- құжаттыңаты - түйіндеме
- уақыты, күні;
- фамилиясы, аты, әкесініңаты;
- -жайы;
- телефоны;
- мәтіні;
- қолы.
Біріншіөзатын, әкесініңатын, фамилиясын, мекен-жайын, телефонын, туылғанмерзімін () жазады.
Мәтін мын абөлімдерден тұрады:
- түйіндеменіңмақсаты - ;
- білімі (бірінші: жоғарыбілімі - қайоқуорны, қашанбітірді, алғанмамандығы; содансоң, ) ;
- еңбекқызметі (жұмысорны, , оны да көрсетугеболады) ;
- арнайыбілімі (әртүрлібілімділігі - , шетелтілдерінбілуі, қызметберушіні не ) ;
- жанұяжағдайы (күйеугешыққанба / шықпаған ба, күйеуіқайтысболған, балалары бар болсаолардыкөрсетеді) .
Түйіндеме мәтіні екі беттен аспауы тиіс.
Түйіндемені жақсы сапалы парақта тереді (жазады) . 6. Ресми іс қағаздары стилінің мазмұны мен мәні. Ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай-ақ моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздары тарих, саясаттану, құқықтану, экономика, тіл білімі сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Қай кезеңде болмасын мемлекеттің ел басқару жүйесі, басқа елдермен қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы іс қағаздарынан айқын көрініс тапқан. Ресми іс қағаздарының қолданылуы, мазмұны, мақсаты қоғам өмірінің құбылыстарымен тікелей байланысты болғандықтан, олар қоғамдық өмірдің дамуымен бірге дамып, қоғамдық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда, реттеуде зор қызмет атқарады.
7. Өз өмірбаяныңызды жазыңыз. Мен, Серік Жұмаділұлы қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым. 1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шәкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. әр түрлі қоғамдық жұмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым. Ата-анам бар: әкем - Ж. қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді. 2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шұғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел. 40-02-05.
8. Мінездеме құрылымы, ерекщелігі. Мінездеме қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады. Мінездеменің басқы бөлімі - анкеталық мәліметтер (аты жөні, туған жылы, білімі т. б. ) Екінші бөлімде еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі т. б. ) және еңбегіне берілген баға жазылады. Үшінші бөлімде қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестермен қарым қатынасына баға беріледі. Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады. Мінездемені қызметкердің өз сұрауы бойынша, басқа мекеменің сұрауы бойынша және өзінің бастамасымен әкімшілік немесе мекеменің қоғамдық ұйымы (егер бар болса) жазады. Мінездеменің деректемелері:
- құжаттыңтүрі -мінездеме;
- мәтіні;
- қолқою;
- мерзімі;
- мөрі.
: Кіріспе бөлімінде: фамилиясы, аты, әкесініңаты, туғанжылы, туылғанкүні, білімі, қызметі, еңбекөтілі (стажы) көрсетіледі. Негізгі бөлімде - іскерлігі, , алғанмарапаттаулары, , қызмет тегі өсуін жазады. Егер, мінездемені қоғамдық ұйым немесе еңбек ұжымы бекітсе онда хаттаманың нөмірі мен мерзіміне сілтеме жиналыста қаралады. Мінездемеге мекеме жетекшісі, жетекші маман, қоғамдық ұйым жетекшісі қол қояды, мөрмен куәландырылады. Мінездеме 2 (екі) данада жазылады. 9. Ресми іс-қағаздар стилінің қолданыс аясына қарай түрлері . өтініш, сенімхат, қолхат, келісімшарт, хабарландыру, арыз, хаттама, жарлық, баяндама, резюме, жарнама. 10. Қолхат жазыңыз. Құжат үлгісі мынадай түрде болады:
- құжат атауы - ҚОЛХАТ;
- мәтін;
- мерзімі;
- қолы;
- мөрі.
Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі (қажет жағдайда), аты-жөні, алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің кімнен алынғаны (аты-жөні) толық көрсетіледі.
Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Егер мәтінде қандай да бір жөндеулер, өңдеулер, өшірулер кездессе, құжат күшін жояды. Мәтін мен қойылған қолдың арасындағы бос кеңістік сызықпен толтырылады. Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ол жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды. Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
Қолхат Алматы қаласы, 2011 жылғы он бесінші сәуір Мен, азаматша Толешова Асел Нұржанқызы, мекен-жайым Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 11-үй, 1-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2008 жылғы 8 қаңтарда берген жеке куәлігім №1247762985, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 7-үй, 9-пәтерде тұратын азаматша Халыкова Гаухар Нургалиқызынан, , Қазақстан Республикасының ІІМ 2007 жылғы 6 тамызда берген жекекуәлігінің№20026444, 1(бір миллион) теңге алдым. - Мен алынған ақшаны 2011 жылғы 13 желтоқсанда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25% көлемінде айып төлеуге; -мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім жағдайында хабарлауға міндеттенемін; Осы қолхат үш данада жасалған, бір данасы нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азаматша Толешова Асел Нұржанқызында, үшінші данасы Халыкова Гаухар Нургалиқызында сақталады. 2011 жыл он бесінші сәуір Халыкова Гаухар Нургалиқызы
Толешова Асел Нұржанқызы
11. Досыңызға мінездеме беріңіз. Мінездеме Менің досым, Егенбердиева Сабина, қарапайым, ой-өрісі кең, адамгершілік қасиеттері мол қыз. Сабаққа дайындықпен келеді, әрі жан-жақты, қабілетті. Қоғамда болып жатқан жаңалықтардан хабардар. Адамдарға деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі өте жоғары. Әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Достарының арасында беделді, сыпайы, адамдармен тез араласып кетеді. Сабина қазақ тілін жетік меңгерген және орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. 12. Ресми құжаттар түрі, ерекшеліктері. Ресми құжаттар дипломатиялық және заң тілі болып бөлінеді. Дипломатия тілі халықаралық терминдердің жиі кездесуімен ерекшеленеді. Орта ғасырларда Бат. Еуропа елдерінде дипломатия тілі алғашында латын тілі, содан кейін XVIII-XIX ғ басында француз тілі болды. Сол себепті дипломатия тілінде француз тілінен қалған терминдер кездеседі. Мысалы; Аташе\дипломатиялық қызметтер. Коммунике, дуаен және т. б. Қазақ дипломатия тілінде де қалыптасқан терминдер бар. Бәтуә, мәлімдеме, сенім грамотасы «Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: а) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; ә) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ; б) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар) Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс. Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді. 13. Ғылым тілінің лексикалық ерекшеліктері . . Ғылыми стиль жазба стильдің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғыллыми стильдер зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби стильде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда оның өзіндік ерекшеліктері болады. Ғылым тілінің лексикасындағы ерекшелік сөз тек өзінің лексикалық мағынасында жұмсалады. Сөздің көпмағыналылығы, образды сөздер аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың термин сөздері болады. Сонымен бірге, Белгілі бір ғылымның саласында қолданылу аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, немесе формулаларға негізделеді. 14 . Мәтіннің ішкі және сыртқы құрылымы. Ішкі құрылымы-1) экскурс (жанама мәселені түсіндіру мақсатында негізгі тақырыптан ауытқып, шолу жасау), 2) тақырыптық шегініс және авторлық бағалау. Сыртқы құрылымы-аталуы, түйін, кіріспе, бап, тарау, қорытынды. Экскурс\ сөз болып отырған ғылым саласына байланысты шектес жатқан мәселелерден хабардар ету, шолу жасау. Бұл көбінесе жалғыз жұртшылыққа арналған ғылыми көпшілік мәтіндерде кездеседі. Мұнда тақырыпқа жанама түрде байланысты мәселелер:тарихы, әлеуметтік, саяси, қаржыландыру мәселелері қарастырылады. Таза ғылыми мәтінде экскурс сирек кездеседі. Тақырыптық шегініс/ қаралып отырған мәселелермен тығыз байланыста. Бірақ, нақты осы еңбекте зерттеу объектісі болмай отырған мәселені қамтиды. Авторлық бағалау автордың субъективтік көзқарасы эмоционалды, зерделі қолданыстары. Құрылымның сыртқы элементтері қалыптасқан пікірлер бойынша тақырыптың аты бірнеше қызмет атқарады: / нормативтік мәліметтер //жарнамалық саралау. 15. Ресми құжаттардың стильдік ерекшеліктері. Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стилі. Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар. Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стильдері. Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай-ақ моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздары тарих, саясаттану, құқықтану, экономика, тіл білімі сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Қай кезеңде болмасын мемлекеттің ел басқару жүйесі, басқа елдермен қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы іс қағаздарынан айқын көрініс тапқан. Ресми іс қағаздарының қолданылуы, мазмұны, мақсаты қоғам өмірінің құбылыстарымен тікелей байланысты болғандықтан, олар қоғамдық өмірдің дамуымен бірге дамып, қоғамдық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда, реттеуде зор қызмет атқарады. «Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: а) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; ә) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ; б) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар) (Ожегов С. И. Словарь русского языка. М., с. ) . Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылады. 16 . Шәкіртақыңызды алу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз. Сенімхат 2011жылғы 13желтоқсан, Алматы қаласы Мен, азаматшаХалыкова Гаухар, мекен-жайым:Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 64-үй, 85-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2009жылы 17 шілдеде берген жеке куәлігімнің №17071988, Алматы аласы, Абай даңғылы, 56-үй, 45-пәтерде тұратын азаматшаХалыкова Жанардың, Қазақстан Республикасының ІІМ 2010 жылы 14қарашада берген жеке куәлігінің №0777, өз шәкіртақымды алуға сенім білдіремін. Бұл үшін азаматша Халыкова Жанарды менің атымнан мәміле жасауға, анықтамалар мен құжаттар алуға, менің орныма қол қоюға өкілетті етемін. Сенімхат 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген. 17. Сенімхат құрылымы, ерекшелігі. Сенімхат сенім көрсетілген адамға сенім білдірушінің үшінші адам алдында сенім тапсыру құжаты болып табылады. СЕНІМХАТ екі түрде болады:
- арнайы, мекемеден берілген;
- жеке, азаматтан берілген.
Арнайы сенімхатта рмекеме қызметкеріне қандай да бір келісімді аяқтауға, ақша алуға, құндылықты қажетті заттарды өз атынан алуға беріледі. Мұндай СЕНІМХАТТЫҢ мынадай деректемелер іболуы иіс:
- мекеменің аты;
- мекеме туралы анықтамалық мәлімет;
- құжаттың аты;
- құжаттың уақыты, күні;
- құжаттың тіркеу нөмірі;
- құжаттың мәтіні;
- қызметкерлердің қолдары;
- мекеменің мөрі.
СЕНІМХАТТЫҢ мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс:
- , паспортыныңмәліметі;
- ;
- іс-әрекеттіңтүрі;
- ;
- .
. Егер, сенімхат көрсетілгені іс-әрекет ақшаға және материалдық құндылықтарға қажетті болса онда оған мекеме басшысы және бас есепші қол қоя ды. Көп жағдайда сенімхаттың типтік бланкілері қолданылады. Жеке сенімхаттар жеке азаматтан айлығын, еңбек кітапшасына байланысты әртүрлі өнімдерін, зейнетақысын, жәрдемақысын, стипендиясын, банкідегі ақшасын (салымын), ақшалай және салымды алмасуларын алуға берілетін сенімі. Аударылған сенімхаттарға нотариалдық куәландыру міндетті емес. Олар сенімберушінің жұмыс істейтінн емесе оқитын жерінен куәландыруы мүмкін, тұратын тұрғылық мекен-жай мекемесінен және өзі емделіп жатқан әкімшілдік-стационарлықемдеу орталығынан беріледі. Жеке СЕНІМХАТ келесі деректемелерден тұрады:
- құжаттыңаты;
- құжаттыңмерзімі (уақыты, күні) ;
- мәтін (-) ;
- сенімбілдірушініңқолы;
- , тұрғылықтымекен-жайұйымының (өзітұратын), .
Сенімхаттар өзінде көрсетілген мерзімдегі іс-әрекетке беріледі. Егер, сенімхатта мерзімі (қаншауақытқа берілгендігі) көрсетілмесе; онда берілген уақыттан бастап 3 (үш) жылға жарамды болады. Сенімхат егер, берілген мерзімі, уақыты көрсетілмесе жарамсыз болып саналады. Сенім білдірушінің тілегі мен сенімхат нотариалды куәландырылуы мүмкін. Нотариалдық түрдегі сенімхаттар екі жақтың келісімімен жасалынады. Сенім білдірілген адамға жүктелетін өкілеттілік мейлінше дәл, өте нақты, қатесіз сауатты баяндалуға тиіс. 18. Ғылыми мәтіннің құрылымы. Мәтіннің құрылымы-мәлімет беру мақсатында өзара күрделі байланысқа түскен тіл элементтерінің жиынтығы. Ішкі құрылымы-1) экскурс (жанама мәселені түсіндіру мақсатында негізгі тақырыптан ауытқып, шолу жасау), 2) тақырыптық шегініс және авторлық бағалау. Сыртқы құрылымы-аталуы, түйін, кіріспе, бап, тарау, қорытынды. Кіріспе\ ғылыми көпшілік мәтіндерде кіріспе мәселенің тарихын қамтиды және оқырманды соңғы ғылыми жаңалықтардан хабардар етеді. Бап/ әр бапта жалпы мәселенің бір ғана сұрағы төңірегінде сөз болады. Тарау\ бап тәрізді ғылыми мәтін құрылымының ірі бөлшектерін қамтып, логикалық жағынан аяқталған біртұтас мәтіннің бөлігі болып табылады. 19. Экскурс және тақырыптық шегініс . Экскурс-сөз болып отырған ғылым саласына байланысты шектес жатқан мәселелерден хабардар ету, шолу жасау. Бұл көбінесе жалғыз жұртшылыққа арналған ғылыми көпшілік мәтіндерде кездеседі. Мұнда тақырыпқа жанама түрде байланысты мәселелер:тарихы, әлеуметтік, саяси, қаржыландыру мәселелері қарастырылады. Таза ғылыми мәтінде экскурс сирек кездеседі. Тақырыптық шегініс/ қаралып отырған мәселелермен тығыз байланыста. Бірақ, нақты осы еңбекте зерттеу объектісі болмай отырған мәселені қамтиды. Авторлық бағалау автордың субъективтік көзқарасы эмоционалды, зерделі қолданыстары. Құрылымның сыртқы элементтері қалыптасқан пікірлер бойынша тақырыптың аты бірнеше қызмет атқарады: / нормативтік мәліметтер //жарнамалық саралау. 20 . Өтініш құрылымы, ерекшелігі . Өтініш өтінушінің қолымен жазылады және хатшыға немесе құжатханаға тіркеуге беріледі, өтінушінің қолында қалған екінші данасына хатшы қабылданғаны туралы белгі соғады (айы - күнін көрсетіп, қолын қояды) . ӨТІНІШдеректемелері:
- құжаттың аты - ӨТІНІШ;
- күні, уақыты;
- мекен-жай иесі (кімге жазылған) ;
- кімнен жіберілді;
- мәтіні;
- қол қою;
- құжаттың орындалуы және іске асырылуы туралы мәлімет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz