Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚУНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау

тәсілдері

Орындаған

4 курс студентіМ. Ә. Жанетова

Ғылыми жетекші

ф. ғ. к., доцентС. Ә. Қалқабаева

Норма бақылаушы

ф. ғ. к., доцентЖ. О. Мәмбетов

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

ф. ғ. д., профессорА. Б. Темірболат

Алматы, 2011 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1. Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі. 4

2. Б. Момышұлы- ұлттық характер танытатын тарихи тұлға.

2. 1 Бауыржан- батырлық пен ерліктің үлгісі. 29

2. 2 Бауыржан образындағы ұлттық болмыс пен мінез. 34

Қортынды38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі39

Мен бір жан өмірінің өзі дастан

Ыстық, суық ғұлманнан көзін ашқан

Көктемдей құбылмалы мінезім бар,

Мейлің күл, мейлің илан

Мейлің жасқан.

(Б. Момышұлы)

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары қай кезеңде де жан-жақты зерттеліп келеді. Ғылыми зерттеуге кейде бір қаламгердің тұтас бір туындысы, кейде сол жазушы шығармашылығының бір қыры өзек болады. Бұл жұмысымда қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ә. Нұршайықовтың шығармасын арқау еттік. Бұл зерттеуде Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдерін қарастырдық. Себебі бұл туынды Момышұлымен сұхбатқа құрылған. Автор сұрақ қоя отырып, оның іс-әрекеттерін баяндай отырып характерін бейнелейді. Өзгеде адамдардың арқау ете отырып кейіпкер характерін ашып көрсеткен.

Зерттеудің өзектілігі : Еліміздің рухани әлемі көркем шығармалармен толығып отырады. Сондай туындының бірі - Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты. Ә. Нұршайықов шығармаларына жоғары баға берген мақала мен еңбектер бар. Алайда, «Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері» тұрғысынан қарастырған еңбектердің болмауынан зерттеудің қажеттігін, тақырыптың өзектілігін айқындайды. Зерттеу тақырыбы - кейіпкеріміз Б. Момышұлының іс-әрекетін көрсету арқылы характерін ашу. Жазушының барлық дерлік шығармалары ұрпақ тәрбиесіне арналған, ізгі қасиеттерді насихаттайды.

Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы, Б. Момышұлы туралы естеліктер, Момышұлының кітаптары.

Мақсаты мен міндеті: Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы Б. Момышұлының ерлік істерін қол астындағы жауынгерлерін басқара білуі, жау қамалын бұзып жара шыққан ақылдылығы, даналығы, әрбір іс-әрекетін көрсете отырып автордың батырымыздың характерін бейнелеуі басты мақсат болып табылады. Осы мақсат үрдісінен шығу үшін зерттеу алдына мынадай мақсат қойылды:

  • жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесіне барлау жасау;
  • кейіпкерді мінездеуде портретті, пейзажды, монолог диалогты, психологизм элементтерін қолдану шеберлігін сөз ету;
  • автор мен Бауыржанның сұхбаты, оның әңгімешілдігіне, сөйлеу шеберлігін мәтіндік тұрғыдан талдап қорыту;

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі.

Халық батыры Б. Момышұлының биік парасаты мен асау рухын, ерлігі мен батырлығын, мінезінің қырларын жазу үшін ой тербетпеген ақын-жазушы кемде кем. Алайда, Ә. Нұршайықовтың Бауыржандай батырымыздың шынайы тұлғасын бұқпасыз бейнелеуде, бар болмысын зерттеуде жазған еңбегі ерекше. Алғаш «Ақиқат пен аңыз» роман- сұхбаты кітап болып жарияланғаннан кейін авторға келген хаттардың бірінде: «Біз Баукеңнің өмір жолын, бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін біле бермейтінбіз. Кейбір ауызекі естігендеріміз бойынша Баукеңді дәл мұндай жаны жомарт жан деп есептемейтінбіз. Біз ол естігендеріміздің мүлде қате екенін енді түсіндік. Енді біз сіздің осы кітабыңыз арқылы Баукеңнің өте ақылды, терең білімді, әрі сөзге шебер, нағыз жомарт жанды азамат аға екеніне көзіміз жетті», - дейді оқырман. Бұл сарынды хаттар авторға көптеп келді. «Ақиқат пен аңыз» романының ұзын-ырғасы сұхбат түрінде жазылғанымен, кітаптағы барлық деректерді автор Бауыржан аузынан жазып алған жоқ. 1986 жылы «Жалын» журналына берген интервьюінде «Бауыржан маған роман-диалогтағы сияқты өмірбаянын басынан бастап, соңғы беттегі нүктесіне дейін өзі айтып, баяндап берді ма? Жоқ. Ең алғашқы күні мен онымен он екі сағат әңгімелестім. Сол әңгіме кезінде өз аузынан отыз бет материалды қолмен жазып алдым. Баукеңмен ең алғаш ұзақ әңгімелескеніміз де сол алғашқы күн болды. Одан кейін арамызда кейбір қысқа-қысқа кездесулер өтті (ауруханада, үйде, қонақта, көшеде, Жазушылар одағында) . Бірақ бұл кездесулерде жазып алғаным алғашқы күндегіден аз болмаса, көп емес еді. Өзге материалдың бәрін өз бетіммен(кітаптар арқылы, жұртпен әңгімелесіп) жинап алуыма тура келді», - дейді жазушы. Бауыржанның қаһармандық тұлғасын нанымды жасауда автор сұхбаттан басқа замандастарының, М. Ғабдуллиннің, зайыбы Кәмәштің, естелік-әңгімелерін, күнделіктер мен қарулас және қызметтес болған жолдастарының сөздерін, әртүрлі құжаттар, мінездемелер, хаттар, хаттамалардың түпнұсқасын келтіріп отырады. Бұл, біріншіден, шығарма оқиғасының тарихи шындығын растап, баяндау формасын түрлендірсе, екіншіден, батыр характерін аша түсудің тағы бір әдісі іспетті. Романда жазушы Б. Момышұлының қатардағы жауынгерден гвардия полковнигі дәрежесіне дейінгі өсу жолын сатылы түрде тарихи деректерге, архивтік материалдарға сүйене отырып суреттеген. Осы екі аралықта оның жастық шағы, Қызыл Армияда атқарған әскери міндеті, қоғамдық қызметінің алғашқы баспалдақтары, Қиыр Шығыстағы офицерлік қызметі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батальон, полк командирі болуы қамтылған. Соғыстан кейін Мәскеуде Әскери академияны бітіріп, онда сабақ бере жүріп, әскери профессор болғандығы да айтылады. Баукең өмірінің жиырма бес жылын әскери қызметке арнаған. Роман-сұхбатта бас кейіпкердің өз әңгімесіне қоса, баспасөз материалдары, естеліктер, өлең-жыр, ел-арасына тараған қызық аңыздар мен әңгімелер, құжаттар молынан пайдаланылып, батырдың жан-жақты бейнесі жасалған. Шығармада Бауыржанның рухани адамгершілік әлемі бай. Ол әділде шыншыл, өжетте қатал, жаны жайсаң, кішіпейіл де жомарт, нәзік сезімнің иесі. Баукең бойынан табылатын осындай қасиеттердің барлығын автор үлкен сезімталдықпен сомдай білген. Бауыржан бойындағы үлкен қасиеттің бірі- әділдік, шыншылдық. Ол өз басынан өткерген, көзімен көрген жайларды, маңындағы жандардың қиянаттарымен ізгі істерін сарапқа салу негізінде әділдікті бойға сіңірді. (2; 71-бет) Мәселен: Сөйтіп, мен алты ай милиция бастығы болдым. Сүзекпен ауырып, ол қызметтен өзімнен-өзім түсіп қалдым. Одан бұрын бастық болған кездегі бір хикаямды айтып берейін. Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандық милицияға мен бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды. Мен бұрын ол кісіні көрмегенмін. Қаперімде түк жоқ, кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен кейін бас-аяғыма қарап алды да:

- Шырағым милиция бастығы қайда екен? - деп сұрады. Тегі, менің түріме қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.

-Мен, - дедім орнымнан тұрып. Ол кісі маған құжатын көрсетті. Сөйтсем, Емельяновым осы кісі екен. Бастық болғанымның өзіне 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтінмін.

- Ендеше, түрмені барып көрейік, - деді ол. Келдік. Көрдік. Адам деген бықып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықтық. Қорада 69 ат байлаулы тұр.

-Бұлар кімдікі?

-Түрмедегі қазақтардікі.

-Аттарын неге қайтармайсыңдар?- дейді Емельянов. Оны да ешкім білмейді. Емельянов мені ертіп, қайтадан кабинетке келді. Содан кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де, түсіндіре бастады.

- Түрмеде 250 адам жатыр, - деді ол. - Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ. Заңсыздық, кеңес заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды қылмысы болса түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды қайдан тапқансыздар? Меніңше, милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ. Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың қаншамасына протокол жасалған екен? Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы. Мен аппаратымды шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айттым. Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсек, 50 адамға протокол жасалыпты.

- Протоколсыз жатқан адамдардың бәрінде қазір өзіңіз барып, түрмеден босаттырыңыз, - деді Емельянов маған. - Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.

Мен барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырдым. Қазақтар өздерінің босағандарына сенер- сенбестерін білмей, маған қайта-қайта жалтақтап қарай берді.

- Қарағым, сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді, -деп маған рақметті үсті-үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына қолы тиісімен ырғып мініп, «осы пәлелерден шынымен құтылдықпа, жоқ па?»- дегендей, арттарына жалт- жалт қарасып дала қойнына сүңгіп ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр. «Ей, момын халқым, - деймін мен олардың соңдарынан қарап тұрып. - «Сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді», - деп, сендер маған разы болып барасыңдар. Іштеріңдегі көзі ашық деген менің өзім сендердің ақ-қараларыңды айыра алмай, қанша күн босқа қамауда ұстадым. Егер Емельянов келмесе, өздеріңнің әлі қанша күн жатарларыңды білмей мені босқа мақтап барасыңдар- ау».

Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағыда жиырма адамды босаттырды. Содан соң ол жиналыс өткізіп, бізге социалистік заңдылық туралы лекция оқыды. Кеңес азаматтарынан бір адамды заңсыз түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге қамалады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып қалды. Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем, қылыштай қырқып отыруға бекіндім. (1; 29-бет)

«Әділдік пен адалдық- адамның ең қымбат қасиеті», - деп жазушының өзі айтқандай, романда Бауыржанның әділдігі әр кез адамгершілікпен ұштасып қабыса көрінеді. Мысалы: Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде, шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз», - дейді. Бауыржан барып бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.

Неге мұңайып тұрсыз, шешей?- дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.

Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.

- Маған деген үйді үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді, -дейді. Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне-бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.

- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз - пәтеріңіз өзіңізге тиеді, - дейді де, Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық кеңеске тартады.

- Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын, - дейді ол бағана қолына ордерді ұстатқан қызметкерге келіп. - Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз! Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып берді. Қалалық кеңес қызметкері қалбалақтап:

- Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік . . .

- Молчать!- дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. - Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

- Түсінікті, түсінікті жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

- Ол солдаттың анасы ғой! Сол солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе? Солдаттың анасы - Ресейдің анасы! Енді ұғынықты ма сізге? (33-бет) Бауыржан жайында айтылып жүрген осы әңгімені автор еске түсіре отырып кейіпкерін бірнеше қырынан аша түседі. Біріншіден, әділдігі көрінсе, екіншіден, анаға деген құрметін байқаймыз. Жазушы Момышұлына тән қасиеттерді ашуда, оны өзге кейіпкерлермен қарым-қатынаста көрсетеді. Ол үшін өмірдің алуан түрлі жақтарынан сабақ, тәлім берген маршал Василий Константинович Блюхер, полковник Круглов, капитан Шурдук, комбриг Дотоль, майор Чистяков сияқты әскери ұстаздары жайында әңгімелетеді. Бауыржан бойына мұраттар дарытқан Қиыр шығысты оларсыз елестете алмайды. 406-полктың командирі полковник Круглов туралы былай дейді: «Круглов менің ең жақсы әскери ұстаздарымның бірі болды. Ол кісі біреулермен сөйлескенде ылғи өз орнын бос қойып, басқа жерде отырып сөйлесуші еді. Солдаттардың қамын өз балаларының қамындай ойлайтын. Қарамағында бағыныштыларына әділ болатын. Әр командирдің кемшілігін біліп, сол кемшіліктерін үнемі есепке алып отыратын. Бірақ ешкімге сен анадайсың, сен мынадайсың демейтін. Кругловтың маған берген үлгісі осындай еді»( 128-бет) Дотольдың қызметтен босағанын естіген сәттегі Бауыржанның көңіл-күйін суреттейтін тұстар, командирлерін не үшін жақсы көргендігін сұраған Чистяковқа берген жауаптары Дотольдың образын биіктете түседі. Чистяков сұрағына: «Әділдігі үшін, әскери өнерге жетіктігі үшін, жауынгерлердің жанын ұға білетін зерделігі үшін»(180-бет), - деп жауап береді. Жазушы бұл жерде кейіпкерінің адалдығын, шыншылдығын ашық көрсеткен. Шыншылдық, адалдық оның қанына сіңген дағды екендігін, ат спорты жарысарда аттың құйрығын шауып алғаны үшін дивизия штабынан полкқа дейін он шақырым жер атыңды жетектеп барасың деп жазалағанда ешкім бақылап тұрмаса да адал орындағанын көреміз. Осы екі эпизодттың өзінен автор үлкен шеберлікпен үш кейіпкердің болмысын танытып тастайды. Дотольдың шәкіртіне сыйлылығын, Бауыржанның шыншылдығын, Чистяковтың өзгенің жақсы қасиетін сыйлай білетін адал жан екендігін байқатады.

Бауыржанның қанына сіңген дағдының бірі- өзгенің асыл қасиеттерін бағалай білу. Ол еңбекте істес болған жақсы бастығын ұстаз тұтып, әр кез есінен шығармай дәріптеп, ал жаман бастығын жамсата баяндап отырады. Мысалы: Ертеңінде танысып, сәлемдесу және қызмет мәселесін шешу үшін аяңдап отырып екінші хатшыға бардым. Барсам, екі беті шарық табақтай, екі көзі бақырайған, бұғағы салбыраған, үстелге тарбиып құрбақадай жабысып қалған бір қазақ екен. Сәлем беріп жөн-жосығымды айттым. Көзі шарасынан шыға сызданып, жауап бермеді. Паң екенін де, надан екенін де айырмадым. Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой. Нобайы келген соң жіберіле салған жандардың бірі болуы керек. Отырып-отырып Бағов:

Жүре беріңіз, көрерміз, - деген сөзді әрең айтты. Наразылау болып, жаңа бастықтың кабинетінен шықтым. Содан соң жолдас-жоралар қызмет істейтін басқа мекемелерге бас сұқтым. Олар менің болашақ қызметім жайын сөз етісе отырып:

- Жаңа хатшыға бардың ба?- деп сұрасты.

- Бардым, - дедім.

- Қандай екен?-десті кейбіреулері.

- Үстел басына отырғызып қойған құрбақа сияқты екен! -дедім мен. (1; 44-бет)

Нығмет ағай мені қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба деп сұрады. Үй ішімнің, ел-жұрттың амандығын білгеннен кейін:

- Ал, қалқам, шаруаңды айта бер, - деді.

- Екі түрлі шаруамен келдім, ағай, - деп алдымен өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді өтіндім. Одан соң оқуға түскім келетінін білдірдім. Сырғабеков менің сөзімді ыждағатпен тыңдап алды да, маған бір ғана сұрақ қойды, жалғыз ғана ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталды.

- Анау адамды неге құрбақаға теңедің қалқам? - деді Сырғабеков менің сөзімді әбден тыңдап болғаннан кейін.

- Өзі құрбақаға ұқсап тұрса, мен оны құрбақаға теңемегенде құдайға теңеймін бе, - дедім мен Жуалыда Бердібаевқа айтқанымды қайталап. Нығмет ағай бетіме қарап отырды да, басын шайқады.

- Ол кісі жаман-ақ адам шығар, қалқам. Бірақ ол кісі сенен үлкен ғой. Үлкенді сыйлау керек еді ғой. Мен ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. (1; 23-бет)

Мінездеме ( әдеби характер) - көркем шығармадағы кейіпкердің мінез- бітімі, ой - сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн. Реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды және осыған қоса оның өз ішкі диалектикасы болатыныда ескерілуі қажет. Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез- құлқы, оның әр қилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой- өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған орай әдеби шығармадағы характер күрес- тартыс үстінде, кейіпкердің іс- әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып, анық танылады. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі. Әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін суреттеу арқылы психологиясы жан дүниесі тікелей бейнеленуі, яғни мінез арқылы айқындалып, сондай-ақ сырт-сымбатын, бой тұлғасын, бет- әлпетін, сөйлеу ерекшеліктерін көрсету өзінің туындысында Бауыржанның ерлік істерін, оқиғаларды баяндай отырып оның мінезін тура, жанама түрде де өзі де мінездеме беру яғни жанама мінездеу арқылы жан- жақты ашыла түседі. (3; 359-бет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі монолог
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Жазушының әңгіме жанрындағы еңбегі қыруар
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері
1980-90-ыншы жылдардағы қазақ әңгiмесi
Шығарманың көркемдік қуаты осында
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz