Физикалық вербальды агрессия


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Теориялық бөлім

1. 1. Агрессивтілік мәселесі туралы психологиялық теориялар . . . 6

1. 2. Жеткіншектердегі агрессияның көріну формалары мен факторлары… . . . 10

1. 3. Жеткіншектік кезеңде агрессивтіліктің қалыптасуына әсер етуші жағдайлар . . . 19

1. 4. Жеткіншектердің агрессивтілігі мен өзіндік бағалауының байланысы…25

  1. Эксперименттік зерттеу бөлімі

2. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері . . . 50

2. 2. Зерттеу әдістеріне сипаттама беру50

2. 3. Зерттеу мәліметтерін психологиялық талдау, зерттеу болжамын дәлелдеу . . . 53

Қорытынды 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Қазіргі кезде агресивтіліктің күрт өсуі тек қана үлкендердің арасында ғана байқалып жатқан жоқ, сонымен қатар жеткіншектердың арасында агрессивтіліктің көрінуі байқалуда. Сонымен бірге жағымсыз әлеуметтік экономикалық жағдай біріншіден зорлық-қомбылық қылмыстардың өсуіне алып келеді. Яғни үлкендер арасында (ең шеткі формада агрессияның көрінуі) буның ішіндегі ең қайғылысы, бұл жеткіншектер арасындағы (жеткіншектер) қылмыстардың саны көбеюде. Бұл жағдайлардың пайда болуына әлеуметтік өзгерістер, белгісіздік өмірінің құрылымдалмауы әсер етуі мүмкін.

Ең маңыздысы өзі сыртқы факторларды қалай қабылдайды. Егер сенімсіздік, қорқыныш, мазасыздану адамды басқаратын болса, бұл бір ситуация болып табылады. егер адам өз өмірінің жақсы болып келе жатқанын көрсе агрессивтік төмендейді. Агрессивтіліктің көрінуіне байланысты психологиялық факторларға келетін болсақ мысалы: қоғамда адамның жүріс-тұрысына қатаң талаптар қойылады. Адам өз эмоцияларын тектен-тек шығаруға құқысы жоқ. Сондықтан ол оның басқа жолдарын іздеуге тырысады. Агрессия жиі жағдайда жақын адамдарына байланысты көрінеді.

Зерттеу өзектілігі - теориялық жағынан алсақ, бұл ғылыми зерттеу қазақ аудиториясында аса терең, толық ашылмаған күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан жұмыс қорытындысының кейбір нәтижелері мәселенің одан әрі өріс алып терең зерттелуіне көмек береді. Агрессивтіліктің жоғары болуы өзіндік бағалаудың төмен болуымен байланысты болғандықтан осы агрессивтілікті төмендету үшін жеткіншектің өзіндік бағалауымен жұмыс істеу керек.

Бұл арада жеткіншектің агрессивтілігінің табиғатындағы ерекше орынмен көзге түсетін мәселелердің бірі - адамның өзіндік бағалауы, өз ортасындағы жеке адамдық ролі болып табылады.

Жеткіншектік кезең күрделі дағдарыстар мен қарама-қайшылықтарға ішкі тебіреністерге толы болғандықтан олардың өзіндік сана, өзін-өзі тану, өзіндік бағалау мәселелері маңызды орын алды. Осы мәселелердің қойылуы, зерттелуі жеткіншектердің алдағы өміріндегі мән мағынасын бағыт бағдарын мақсатын анықтауға көмектеседі.

Бұл жұмыстың маңыздылығы жеткіншектердің тұлғалық агрессивтілігі көріністерін және оның өзіндік бағалауға байланысты сипатын анықтау. Осы зерттеу жұмысы арқылы олардың қоршаған ортада өзін-өзі қалай ұстайтындығын, өмірлік көзқарастарын кейбір өзгеріс, ауытқуларды анықтау, өз қатарының арасында өзін қалай сезінетіндігі мен өз бейнесін, яғни «менің» қалай сипаттайтындығын анықтау.

Жеткіншектер арасында гиперактивтілік синдромы кездесуде, ал ата-аналар мұндай жеткіншектермен қарым-қатынасқа түсуге дайын емес. «Мен - образымен», «мен концепциясымен» және адамның өзіндік сана сезімімен және жеткіншектегі өзіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.

Сондай-ақ, мұнда өзіндік бағалау мәселесін зерттеу жеке адамдық қасиеттердің қалыптасу негіздеріне байланыстырылады. өзіндік бағалау, өзіндік сана-сезім процесімен жеке адам дамуының өмір бойы бірлігін, жайғасуын сипаттайды. Оның дамуының негізгі, нақтылы бейнесі адамның жеткіншектік кезеңінде қалыптасады жеткіншектік кезеңде жеке адамдық даму процесстері адамның физикалық жетілуі қарқынды жүре отырып, оның өмірлік көзқарасы, ересектік өзін-өзі анықтауы қалыптасады, өзіндік бағалауы айқын көрініс бере бастайды.

Зерттеу мақсаты - қазақ аудиториясындағы жеткіншектердің агрессивті лігінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Агрессивтілік туралы көзқарастарға теориялық талдам жасау.
  2. Агрессивтілікке әсер етуші факторларды анықтау.
  3. Жеткіншектердің агрессивтілігінің көрінуінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу объектісі - жеткіншектер тобы

Зерттеу пәні - жеткіншектердің агрессивтілігінің көріну ерекшеліктері.

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Агрессивтілік мәселесі туралы психологиялық теориялар

Жалпы психология ғылымындағы агрессивтіліктің көрінуі және тұлғаның агрессивтілігі туралы зерттеулер - негізінен ғылым тарихындағы методологиялық бағыттармен байланысты. Шетелдік психологиядағы агрессивтіліктің механизмдерін зерттеудің басы - Фрейдтің атымен тығыз байланысты. Ол фундаменталды инстинктің екі түрін бөлген.

  1. Өмір инстинкті
  2. Өлім инстинкті

Бұл инстинктер туа берілген мәңгілік және өзгермейтін инстинкт. Агрессивтілік адам табиғатының бір қасиеті ретінде «агрессивтілік драйв» энергиясына жиналып уақыт өткеннен кейін агрессивтілік бұрқ етіп шығады деп тұжырымдайды.

Агрессивтіліктің логикалық теориясы бойынша адамның агрессивтілігі және жануарлардың агрессивтілігі таза биологиялық тұрғыда түсіндіріледі. Яғни басқалармен күресте аман қалуы ретінде қорғаныс тәсілі ретінде өзін дәлелдеу ретінде қарсыластарын жойып жіберу арқылы өмір сүру. Бұл мағынада ер адам өзінің өміріндегі белсенді қорғанушысы ретінде биологиялық тұрғыда бағдарланылады. Осындай бейнемен этнологтар адамның агрессивті жүріс-тұрысын спонтанды қастық реакциясы ретінде қарастырады. Бұл көзқарас К. Лоренстің жұмыстарында орын алды.

К. Лоренс бойынша адамның агрессивтілігінің табиғаты яғни, белгілі механизм ретінде қарастырылады. К. Лоренс адамның агрессивтілік тәрбиелеу арқылы реттеуге болады деген. Бірақ, басқа этнологтардың айтуы бойынша адамдар өздерінің агрессивтіліктерін көрінген жағдайында ылғида оны реттеп, бақылап отыра алмайды дейді. Сондықтанда соғыстардан, кісі өлтіруден, агрессивті бұрқаныстардан қашып құтылу мүмкін емес [1] .

Кейіннен ең танымал агрессивтілік теориялардың ішінен фрустрация - агрессия теориясы танымал болды. Бұл теорияның мәні мынада: қандайда болсын фрустрация агрессияға деген мотивті оятады. Фрустрация агрессия теориясында үш негізгі түзетулерді енгізді.

  1. Фрустрация міндетті турде агрессивті әрекеттерде реализацияланды, бірақ ол соған дейін дайындықты стимулдайды.
  2. Дайындық кезіндегі агрессия қандайда бір шартты жағдайларсыз көрінбейді.
  3. фрустрацияланған жағдайдан агрессивті әрекеттің көмегі арқылы шығуда, адамда сондай әрекетке деген белгілі әдет қалыптасады.

Сонымен қатар агрессия белгілі бір күш көрсету жағынан көрінуі мүмкін. Осы агрессияның фрустрациялы теориясына келісе келе агрессия - бұл орган автоматты пайда болмайды. Ол белгілі бір фрустрацияның салдарынан болды. Яғни субъектінің мақсатқа бағытталған жолында кейбір кедергілердің шығуында адам агрессияға ұшырайды. Қарастырылып жатқан теорияның дәлелдеуі бойынша біріншіден агрессия ылғида фрустрацияның салдарының пайда болады.

Екіншіден фрустрация ылғи да өзінің артынан агрессияны алып жүрушісі ретінде, бірақ олардың дәлелдеулері қате болып шықты. Яғни қандайда болсын агрессия фрустрацияның салдарынан болуы мүмкін емес. Сонымен қатар қандайда болсын фрустрация агрессияға деген талпыныстың деңгейін көтеруі мүмкін емес деген тұжырымға келеміз.

Агрессивті жүріс-тұрысты өте терең зерттеген бихевиористер болған, олар агрессияны және фрустрацуияны байланыстырады. Фрустрация өзінің алдына мақсат қойған жағдайда жету жолында жеңіп шыға алмайтын кедергілердің пайда болған кездегі адамның эмоционалды күш.

Фрустрация бұл қажеттіліктердің қанаттанбаған кезінде көрінеді. Қандай да болсын агрессия, қандай да бір фрустрацияның шақырылуымен көрінеді. Агрессия тікелей түрде (ұрсу, соғысу т. б. ) және жанама түрде де болуы мүмкін. Сонымен қатар агрессия адамның өз-өзіне бағытталуы мүмкін. Яғни аутоагрессия. Фрустрация мен агрессия әлеуметтік тезеуден пайда болады. Мысалы басқаларға қарағанда мені аз жақсы көреді. Ең соңында агрессия әлсіздерге барып төгіледі.

Агрессия бұл бір жақты теріс эмоциялардың бейнесі сол теріс эмоциялар адекватты емес жүріс-тұрысқа және шындықты дұрыс түсінбеушілікке әкеледі. Жиі жағдайдағы анализдің көрсеткіш бойынша, агрессия адам үшін қандайда бір позитивті мақсатты көздемейді. Бірақ таңдалған агрессивті жүріс-тұрыс тәсілі сәтсіз адекватты емес болып табылады. яғни ол өтіп баражатқан жағдайдағы конфликтінің тұрып қалуына әкеледі. әлеуметтік үйрену теориясы бойынша фрустрация тұлға аралық конфликт агрессияның көрінуін жеңілдетеді. Яғни ол қажетті болып табылады.

Жүріс-тұрыстың бағыттың өкілі А. Бандура фрустрацияны, жүріс-тұрысты блакадалау процессі ретінде анықтауға тырысты. Ол «шабуыл» деген ұғымды енгізеді. Бұл шабуыл өте күшті агрессивті реакцияны шақырады, ал фрустрация болса әлсіз агрессивті шақырады. Ол агрессивті әдет күшіне байланысты бірнеше факторларды көрсетті [2] .

1. Адамның шабуылдаған кезіндегі тітіркенуі, фрустрациялануы жағдайдың интенсивтілігі және жиілігі көрінеді. Ашу ызалы стимулдарды көп алған адамдар агрессивті тұрғыда жауап беруі мүмкін.

2. Агрессия жолымен жиі жағдайда сәттілікке жету, агрессивті әдеттердің бекітілуіне әкеледі. Сәттілік ішкі (ашу ызаның күрт әлсіреуі, қанағаттанбаушылық) немесе сыртқы (кедергілерді шектеу) болуы мүмкін.

3. Адаммен меңгерілген мәдени және субмәдени нормалар одағы агрессивтіліктің дамуын жеңілдетуі мүмкін (балалық шақтан бастап агрессивті кинолар мен мультфильмдер көруі; яғни бұл кезде бала агрессивтіліктің нормаларын меңгере бастайды)

4. Жүріс-тұрыстағы агрессивтіліктің формаларының бекітілуіне және жеке адамның қырлары агрессивтіліктің қалыптасуына әсер етеді. Яғни ол темпераменттің мынандай сапалары импульсивтік, реакцияның интенсивтілігі; белсенділік деңгейі.

5. Өзін-өзі сыйлауға деген талпыныс топтық қысымнан қорғанысқа деген талпыныс және тәуелсіздікке деген талпыныс алғашында тыңдамаушылыққа деген тенденцияны шақырады. Ал содан кейін қоршаған ортаның қарама-қарсылығын кездестіре адам жүріс-тұрыстың агрессивті формаларын көрсете бастайды. Оның айтуынша агрессиялардың түрлерінің арасындағы айырмашылықты ескеру қажет дейді. Агрессивті жүріс-тұрыстың классификациялау үшін ол үш дихотолияны ұсынады.

1. Физикалық вербальды агрессия

2. Белсенді-пассивті агрессия

3. Бағытталған-бағытталмаған агрессия

Физикалық агрессияның тікелей мақсаты, басқа адамды жарақаттау физикалық тұрғыда жарақаттау немесе басқа адамға физикалық ауыртпашылық көрсету.

Вербальды агрессия яғни, сөзбен біреуді жәбірлеу, кейде «сөзбен де адамды өлтіруге» болады. Келесі тұжырымдарды вербалды агрессия ретінде қарастыруға болады.

  1. санадан тыс көп тойтарыстар
  2. сындық ескертулер мен теріс пікірлер
  3. жағымсыз эмоционалды көріністер (мысалы, сенімсіздік, жасырын реніштер өшпенділіктер, балағат, соғыс түріндегі наразылықтар)
  4. агрессивті мазмұндарға байланысты ойларын айту
  5. түрлі қорқытулар, күштеп алушылық және мәжбірлеу
  6. кінәлау және жазғыру
  7. ренішті және балағатты қалжыңдар, келемеждеушіліктер, мазақ ету.
  8. қарапайым айқай, бақырып жылау
  9. фантазияда, қиялда жасырынып тұрған агрессиялар. Ол вербалды тұрғыда жиі суретте көрінеді.

Тікелей агрессия құрбан болушы адамға бағытталған, ал жанама агрессия болғанда құрбан болатын адам болмайды. Ол туралы теріс сөздер, пікірлер тарайды, немесе агрессия сол адамның тобындағы мүшеге қарай бағытталады.

Жүріс-тұрыстық көзқарастың келесі бір мүшесі А. Бандура. Оның айтуынша, егер адам балалық шағында адамдардың агрессивті жүріс-тұрысының көріністерін көретін болса, яғни өз ата-аналарының, онда ол еліктеудің күші ретінде агрессивті әрекеттерге үйрене бастайды. Көптеген зертеушілердің көрсеткіші бойынша ата-аналар мен тәрбиеленген агрессивті жеткіншектер, яғни ата-аналары өз үйлерінде өздерін жақсы ұстайды да, ал өзінің құрбы-құрдастарына және басқа адамдарға өзінің агрессивтілігін көрсеткен [2] .

Еріксіз көндіру теориясы. Бұл теорияның мәні қарапайым, өзінің алға қойған мақсатына жету үшін ол мақсатқа жетуде басқа тәсілдер жоқ болған жағдайда физикалық зорлық-зомбылық көрсетуі. Осыған байланысты Фишбах агрессияның инструменталды түрін бөліп көрсеткен. Инструменталды агресасивтілік қандайда бір мақсатқа жету үшін пайдаланылады, бірақ біреуге зиян келтіру, бұның мақсаты болып табылмайды. Тек ол әсер етудің тәсілі ретінде көрінеді.

Р. Бэрон бойынша қастық тұрғысындағы агрессияның құрбан болған адамға зиян келтіру және оған физикалық ациртпашылық ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде агрессивтілік түсінігіне көптеген авторлар әртүрлі анықтама беруде.

1. Агрессия түсінігі арқылы күшті белсенділікті өз ісінің дұрыстылығын дәлелдеуге талпынуды сыртқы күштерге қарама-қарсы тұруға мүмкіншілік беретін ішкі күш арқылы түсінуге болады.

2. Агрессия түсінігі арқылы қастандық реакцияларын, шабуылдарды, басқа адамға, объектіге, қоғамға күш көрсету зиян келтіру ретінде көрінуі (Х. Дальгадо) . Сондай-ақ агрессияны жеке тұлғалық спецификалық формасы ретіндегі агрессивтілік және адамның психологиялық қасиетіне байланысты ажыратылады. Мысалы ол агрессияны былай түсіндіреді; бір адамның жағынан физикалық әрекет көрсету реакциясы ретінде.

Агрессивтіліктің көрінуі

  1. Нақты бір мақсатқа жету тәсілі ретінде
  2. Блокталған қажеттіліктердің орнын босу үшін психологиялық бәсеңдеу тәсілі ретінде
  3. өзіндік мақсаты ретінде
  4. өзін реализациялау және өзі-өзін дәлелдеу қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілі ретінде.

Бір-бірімен ажыратылатын әртүрлі модальдылықтағы агрессивтіліктің параметрлерін бөлуге болады [3] .

Қазіргі уақытта агрессия әрекеттердің мотивтелген түрінде көрінуі деген тұжырым дәлелденуде. Яғни нормаларды бұзу, ережелерді бұзу басқа адамдарға зиян келтіру, ауыртпашылық түсіру. Сонымен қатар агрессияны тек қана жеке тұрмыстық жағынан ғана қарастырып қоймай, оны психологиялық қалып ретінде қарастыруға болады.

Психологиялық қалыптың ішінен танымдық, эмоциялық еріктік компоненттерін бөліп қарастыру қажет. Ситуацияны қауіп-тондіруші жағынан түсіну негізінде танымдық компонент жатыр. Лацарустың айтуынша қауіп тондіруші агрессияның қоздырушысы негізінде көрінеді. Қауіп белгілі-бір стрессті туындаттырса, ал агрессия стреске деген реакция болып табылады. бірақ әрбір қауіп агрессияның шақыруы мүмкін емес.

Әр түрлі адамдарда агрессивтіліктің мүлде жоқ болуы, бұл белсенді өмірлік позициясын орындарға қабілетті емес деп айтуға болады. Сонымен қатар шектен тыс агрессивтіліктің дамуы, жалпы адамзатты конфликтілігі жағдайға түсіруге алып келеді. Ал оның шектен тыс көрінісі паталогиялық жағдайға алып келеді.

Агрессивті жағдайдың эмоциядағы компоненті де маңызды болып табылады. мүнде ең алдымен ашу-ыза бөлініп көрсетіледі. Агрессия барысында адам өте қатты эмоциялды ашу үстінде болуы мүмкін. Агрессивті әрекеттің еріктік компоненті анық байқалады. Яғни мақсатқа бағытталуы, шешім қабылдағыштық, инициативтілік, өжеттілік көрінеді. Деструктивті әрекеттерде агрессивтіліктің көрінуінің мақсаты басқа адамдарға зиян келтіру.

1. 2. Жеткіншектердегі агрессияның көріну формалары мен факторлары туралы зерттеулер

Жеткіншек шақ әлеуметтік-психологиялық құбылыс, қоғам дамуының нақты-тарихи жағдайларының шартталған, бір жағынан негізгі сипаттамалардың терең психологиялық мәнінің тұрақтылығымен ажыратылады. Тағы бір жағы әлеуметтік - экономикалық өмірдің өзгерістері өсіп келе жатқан жастардың санасын, сана-сезімін, тұлғалық қалыптасуын сапалы айырмашылықтарын қамтамасыз етеді.

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі тұлғаның мазасыздық күйінің өзіндік бағалауға әсер етуі нарық заманында күрделі мәселеге айналып отырғанымен негізделеді. Жеткіншектердегі өзіндік бағалау мен мазасыздану ерекшеліктерін зерттеу өте маңызды, себебі ол тұлғаның өмір бойы қалыптасатын негізгі оқиғалардың бірі, әрі тұлғаның әрі қарай даму жолдарына әсер етеді. Адекватты, жоғары өзіндік бағалау жағдайында мазасызданудың азаюы эксперименттік тұрғыдан негіздеу қажеттілігіне әкеліп, жеткіншектердің іс-әрекетті (оқу және басқа) эмоциялық басқаруына әсер етеді дей отырып, бұл мәселе берілген зерттеу тақырыбының көкейкестілігін анықтайды.

Жеткіншектің әлеуметтік дамудығы мағыналық жылжулары ретроспективі талдаудың ұзақ созылуында ғана емес, тарихи қысқаша қашықтықта да байқалады. Қазіргі кезге қызығушылғын туғыза отырып, жеткіншек өзінің орнын айналасынан іздейді, іс-әрекеттің ауытқушылықтары мен жетіспеушіліктерін, белгілі адамдарлың жүріс-тұрысын және қоғамдық институттарды. Сондықтан қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жеткіншектің тұлғалық қалыптасуында байқалады.

Қазіргі уақытта агрессивтіліктің көрінуін субъективті қатынас аймағындағы деструктивті тенденция өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін белгілі бір тәсілдерді қолдануға деген дайындығы ретінде қарастыру жиі кездеседі.

Жеткіншектік шақта агрессия негізінен делинквентті жүріс-тұріс түрінде көрінеді; яғни әлсіздерді және өзінен кіші жеткіншектерды келемеждеу түрінде құрбы-құрдастарымен төбелес түрінде көрінеді. Криминалды бағыттағы жеткіншектердің топтасуына зорлық көрсету агрессия өзіндік мақсат ретіндегі қолдану тәсілі түрінде қолданылуы мүмкін.

К. Бютнер ойынша агрессивтіліктің көріну формасы өз бетіншелік құбылыс және ол потологиялық агрессияның 3 потогенетикалық тобын бөледі.

  1. Афективті агрессия
  2. Жоғары құнды агрессия
  3. Садистік агрессия

Еркек жынысты жеткіншектерде агрессия құрбы-құрдастарымен төбелес түрінде келемеждеу түрінде, вандалдық түрінде, біреудің мүлкін қирату, зоосадизм түрінде көрінеді. Осы кейінгі жылдары шетел және отандық зерттеу мәліметтері бойынша жеткіншектер арасындағы зорлық көрсетумен байланысты қылмыстар көбеюде [4] .

Чикагодағы Американдық мектептегі 1035 оқушылардың 75% ұл жеткіншектеры және 10% қыз жеткіншектеры суық қаруды қолданудағы төбелестерде, тонауларда т. б. жағдайларда күәгер болған. 8-11 - сынып оқушыларын зерттеген мәліметтер бойынша оқушылардың ең демегенде 51% төбелеске қатысқан. Оның себебі ойын кезіндегі келіспеушіліктерге, балағаттаушыларға қарсы жауап. Жеткіншектер арасындағы аутоагрессивті жүріс-тұрыстың таралуы.

Агрессивтіліктің табиғаты туралы көзқарастарды талдай отырып, жалпы бір-бірімен түрлі айырмашылықта көрінетін агрессивтіліктің формалары мен параметрлерін көрсетуге болады.

1) Антиагрессивтілік. Агрессивтілікті көрсететін адамдарға негативті қатыныста қарауы. Яғни мұндай адамдар келісімге келуге тырысады. Бұндай адамдардың ойынша әйел адамды, әлсіз адамды, жеткіншектерды, мүгедектерге қол көтеру болмайды дейді. Ал конфликтілігі жағдай болған кезде кетіп қалғанды не шыдап тұруды, милицияға хабарлағанды дұрыс көреді. Тек физикалық шабуыл болған кезде ғана қорғанады.

2) Интренцивті агрессия зиян келтіру мақсатында емес, шартты-агрессивті әрекетті орындау кезіндегі мотивтелінген ләззат алу (ойындар, күрес, жаттығулар) сондықтан спорт адамдардағы агрессивтілік қолданбалы Формасы ретінде.

3) Дифференцияланбаған агрессивтілік. Агрессивтілік арқылы зорлық-зомбылық көрсету. Ұрыс шығару, дөрекі, тура сөйлейтін адамдар. Бірақ мұндай адамдар физикалық агрессияға дейін баруы мүмкін. Сонымен қатар жанұялық-тұрмыстық жағдайдағы қылмыстарға да баруы мүмкін.

4) Локальді немесе импульсивті агрессивтілік. Агрессия конфликт жағдайына тікелей реакцияның көрінуі ретінде. Адам бұл кезде қарсыласын сөздік тұрғыда физикалық тәсілдері де көрінуі мүмкін. Ол адамды ұрып жіберуі де мүмкін.

5) Шартты, инструментальды агрессия. Бұл агрессияның түрі өзіндік дәлелдеумен байланысты.

6) Қастандық түріндегі агрессивтілік яғни қызғаншақ сезімін, өшпенділігін тұрақты эмоциясын ашу-ызасын адам тұрғыда көрсетеді, бірақ реалды физикалық агрессияға талпынбауыда мүмкін. өшпенділік нақты бір адамға бағытталуы мүмкін. Қоршаған ортаның сыйлауына жету үшін, ол басқа адамдар төбелескенде суыққанды, жеңіске жеткен жағдайда төбелесті ләззат пен еске түсіреді. Алғашында өзінің агрессиясын сыртқа шығармай ұстауы мүмкін, ал кейіннен өшін алуы мүмкін. Оны жазаламаған кезде не күші басым болған кезде қылмыстық жағдайға дейін барады. Адамдарға толық түрде қастандық көзқараспен қарайды.

7) Инструментальды агрессия - қандай да бір мәнді мақсатына жету үшін қолданады.

8) Кескілескен агрессия. Зорлық және агрессия өзіндік мақсаты ретінде. Агрессивті әрекет жаудың әрекетін ылғи да жоғарылатады. Бұл шектен тыс қауыпсіздікпен және ерекше ашу ызалықпен ажыратылады. Мұндай адамдар қатігез қылмыстардың бірін істейді.

9) Психологиялық агрессия. Агрессияның акттарын қайталаушы қатыгез және мәнсіз агрессияның түрі (агрессивті психопат «маньяк-адам өлтіруші»)

10) Топтық ынтымақтастықтың мотиві бар агрессия. Топтық дәстүрді ұстанып, қылмыстық жағдайға баруы. Сонымен қатар өзінің тобында өзін негізгі адам етіп көрсетуі, яғни топтан қолдау алу үшін, өзінің күшін, шешім қабылдағыштығын ешнәрседен қорықпайтындығын көрсету үшін агрессивтік топтық ынтымақтастың мотиві бай агрессияның мақұлданған формасы болып табылады. мұнда әскерлік дәстүрлер қалыптасады, яғни «отанды қорғау» «нақты бір идеяларды қорғау» мысалы демократияны қорғау, құқықты, тәртіпті қорғау және т. б.

11) Сексуальді агрессия. Бұл әртүрлі деңгейде болады. Сексуальді дөрекіліктен бастап сексуальді зорлыққа дейін және адам өлтіруге дейін барады. Фрейдтің айтуынша көптеген ер адамдардың сексуальділігінде өзіне бағынышты ету ыңғайын көруге болады деген әйелді ұру, оған зорлық-зомбылық көрсету арқылы кейбір ер адамдар содан ләззат алуы мүмкін.

Агрессияның қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық факторлар туралы бастапқы айтылған фактілерге сүйене отырып, мынадай тұжырымға келуге болады. Бір уақытта балалық шақта қалыптасқан ми орталығында физиологиялық негізі бар агрессивтіліктің нышандары, өмір бақи біршама тұрақты болып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық және толық емес отбасынан шыққан жасаөспірімдердің агрессивті жүріс – тұрысының ерекшеліктері
Жеткіншектердің эмоционалдық тұрақсыздық жағдайына байланысты агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін коррекциялау
Жеткіншектердің агрессивті мінез - құлқының психологиялық ерекшеліктері
Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету
Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz