Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер


Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Басқару» факультеті
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Жалпы және әлеуметтік педагогика пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді қалыптастыру, жетілдіру мәселелері.
Орындаған: «Басқару» факультеті,
әлеуметтік жұмыс, 201топ
студенті: Жолдасбаева Н. А.
Тексерген: Әбенова К. Ә.
ф. ғ. к., доцент
Алматы 2010 жыл
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 . Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің алғы шарттары:
1. 1. Жетім балаларды асырап алудың мемлекеттік формалары . . . 4
1. 2. Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс технологиялары . . . 7
2. Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер:
2. 1Жетім балаларды шетел азаматтарының асырып алу мәселелері. . 11
2. 2Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайырымдылық қорлары. . 13
2. 3. Қазақстанда жетім балалармен әлеуметтік жұмыс . . . …14
III. Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру.
3. 1. Жетім балаларды әлеметтендіру мақсат-міндеттерінің басшылыққа алынатын алғы шарттары17
3. 2. Жетім балалармен тәрбие үрдісіне бағыт-бағдар беру және жеткіншектерді әлеуметтендіру мақсатында жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар19
3. 3. Жетім балалардың құқықтарын қорғау және қолдау мониторингі20
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде түрлі себептерге байланысты жетім қалған балалардың қал-жайы, олардың дұрыс тәрбие көріп, мейірімге бөлінуі үшін қандай жағдайлар жасалды және жасалудағы көмектер сонымен қатар қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың мәдени, рухани даму деңгейіне сай өзін-өзі басқару қабілеттерін дами басқа ұйымдармен қарым-қатынасқа түсу жетім балалардың өмірдегі қиындықтарға дайын болуға шыңдауын болжау. Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым - отбасының ықпалы жетіспейді. Осындай өзектілік осы тақырыпты зерттеуді қажет етіп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің алғы шарттарын басшылыққа ала отырып, ондағы өзекті мәселелерді айқындау, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеті: осындай мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Жетім балаларды асырап алудың мемлекеттік формаларын айқындау;
- Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс технологияларын ұсыну;
- Жетім балаларды шетел азаматтарының асырып алу мәселелерін көтеру;
- Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайырымдылық қорларының жұмысын басшылыққа алу;
- Қазақстанда жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді айқындау;
- Жетім балаларды әлеметтендіру мақсат-міндеттерінің басшылыққа алынатын алғы шарттарын көрсету;
- Жетім балалармен тәрбие үрдісіне бағыт-бағдар беру және жеткіншектерді әлеуметтендіру мақсатында жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру;
- Жетім балалардың құқықтарын қорғау және қолдау мониторингін айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, жиырма төрт беттен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 . Жетімдік әлеуметтік мәселе ретінде
1. 1. Жетім балаларды асырап алудың мемлекеттік формалары
Жетім, тірілей жетім балалар тағдыры- бұл дүниежүзілік мәселе. Әлемде 100 млн. жетім және қараусыз қалған балалар бар. Сонымен бірге жетімдері, балалар үйі жоқ мемлекеттерде бар. Мұның бірі - Ирландия.
Балаларын тәрбиелей алмайтын, оларды шетелге асыру негізінен кедей мемлекеттерге, тұрғындарының басым көпшілігі қайыршы, патриоттық сана-сезімі төмен елдерге тән. Жетімдерсіз ел аз, бірақ оларға көзқарас әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та 300 мың жетім балалар бар, бірақ АҚШ өз жетімдерін сыртқа бермейді, басқа елдерден жетім балаларды асырап алуға мән береді. Әр балаға жылына 13 мың доллар қаржы жұмсалады.
Қазақстанда 92 мың 573 бала мемлекет қамқорлығында, оның 31, 1 пайызы немесе 28 772-сі балаларды тәрбиелеуді міндетіне алған отбасылар саны келтірілген, 47 946 баланы (51, 8 пайыз) асырап алған, 15 855 бала(немесе 17, 1пайыз) мемлекеттік мекемелерде, 2120-сәбилер үйінде, 912-і балаларға арналған мүгедектер үйінде, 12 823 бала- балалар үйі мен интернат мекемелерінде, 6 065 бала- асырап алған.
Олар кімдер? 2 116-сы -жетімдер, 3 мыңы қамқорсыз қалғандар, 614-і тастанды балалар, 1 775-і -әке-шешелері ата-ана айырылғандар. [1]
Қазақстанда « Неке және отбасы туралы» Заң 1998 жылы 17 желтоқсанда қолданысқа енді. Осы заңның 76-бабының екінші тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Мемлекетімізде жетім балалардың жағдайы мәз емес екендігі жөнінде бұған дейін баспасөз беттерінде әлденеше рет айтылды. Көтерілген мәселелер мен айтылған сындардан нәтиже шығару үшін қазіргі күні мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр.
Әр баланың жеке өсу процесі сияқты, оның қоғамдағы орны, дәлірек айтсақ, қоғамның баларға деген қамқорлығы ретінде. Балалық шақтың, ересек адамның да өмірі сияқты өсу процесі екенін ескерсек, ересек адамның қалыптасуының маңыздылығы балалық шаққа байланысты.
Баланың жастық ерекшелігі, оның әрбір кезеңде ерекше денелік қалыптасуы, өзіндік танымдық өсуі, әлеуметтік өмір тәжірибесі мен белгілі бір моральдық танымымен ерекшеленеді. Жас өскен сайын балалардың әлеуметтік қалыптасуы, бірінші кезекте отбасына байланысты болады. Сондықтан отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі өте зор.
Бала өлімінің жылдан-жылға өсуі, көбеюі, бала туудың қысқаруы, мүгедек баланың санының өсуі - бұл еліміздегі қазіргі экономикалық және саяси әлеуметтік дағдарыс болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі баланың да мінез-құлқы, құлықтық және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Еліміздің арасындағы ең қараусыз қалғандар балалар мен жасөспірімдер болып шықты. Балалар мен жасөспірімдердің шынайы мемлекеттік қараусыз қалуы, олардың тәртібіне, іс-әрекеттеріне, қарым-қатынастарына әсерін тигізіп, антиқоғамдық әрекеттерге, қандай да болмасын жолмен ақша соңына түсуге, қылмыстың өсуіне әкеліп соқты.
Білім беру дағдарысы толыққанды қаржыландырмау әлеуметтік жұмыс мамандары мен педагог кадрлардың жетіспеушілігіне, мектептің қоғамдық процестерден шектелуіне әкелді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге кері әсерін тигізді.
Екіншіден, нағыз балалық шақ - бұл алға ұмтылыс, бұл тоқталмайтын есею процесі. Бала ересек болғысы келеді. Көптеген ойындарда біз баланың, ананың, әкенің, дәрігердің, ұстаздың, құрылыстың, солдаттың, сатушының т. с. с. рөлдерді ойнайтынын байқаймыз. Баланың өзінен кішкентайдың рөлін алатынын кездестіру қиын. Сонымен бала өмірінің мәні, балалық шақтың мәні, баланың тезірек есеюге деген құштарлығынан басқа ештеңе де емес. Егер балалық шаққа осы көзқараспен келсек, біздің балаға деген қарым-қатынасымыздың бағытын басқаша ойластыруымыз керек. Олармен араласқанда біз, олардың есеюге деген құштарлығына қолдау көрсетуіміз керек. Оның кішкентай екенін ескертіп, шамадан тыс еркелетіп, көп аяй беруге де болмайды.
Тәрбиенің тапсырмасы, балалардың ержетуіне көмектесіп, осы жолдағы әр ұмтылысына қолдау болып табылады. Ал біз болсақ, балаға барынша ойын-сауық, ойыншықтар беру мен қандай да болмасын еңбек етуден сақтауға тырысамыз.
Балалық шақтың қызығы мен қуанышы ойын-сауық пен ойыншықтарда емес, өмірде өзін-өзі ашуында, өз болашағына жақындауында. Балалардың өздерінің тәуелсіздігін дәлелдейтін істерге баруы ересектердің өміріне ендіретін ойыншықтар алып, ойын ойнайтыны, міне осыдан. Бұл шытырман оқиғаларға, қиындықтарға толы болашаққа ұмтылған біздің балалардың нағыз балалық шағы. 80-ші жылдардағы он жастағы балалардың көбірек білу үшін, оқуды, санауды, жазуды үйренуге, жаңа достар табуға асығуы - балалық шақ- қызық та өзіндік, тәуелсіз өмірге деген құштарлық мәні бар есею екенін дәлелдейді. [2]
Оқыту мен тәрбие, педагогикалық процестің барлығы, өзінің әлеуметтік орнына байланысты, бағындыру элементін алып жүреді. Бұл баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерінің өсуі өз еркімен таңдап алған материалдардан емес, қоғамымыздың талабымен, оның мәдени-әлеуметтік өсу деңгейімен белгіленген тәрбие мен оқытуға байланысты.
Тәрбиеші, «аналар» балаларды қалыпты жағдайға келіріп, олар үшін үйіндегі аналары жасайтын барлық жақсылықты жасауда. Олар: балалардың киімін жуып, ауырса емдеп, оларды достастырып, тіпті оларға әр түрлі мерекелер ұйымдастырып, сыйлықтар бере білді. Томилинодағы «аналар» жоғары білімді әрі осындай үлкен отбасыны шынайы жүрегімен қабылдайды. Бұл ауылда 56 бала бар, олар 14 үй - 11 отбасы, әр отбасында 8 баладан бар. 3-4 кішкене балаға бір ересек баладан бөлінген. Статистикалық мәлімет бойынша, қазіргі қараусыз қалған балалардың осындай отбасыларға енуі «теңіз тамшысындай» ғана, бірақ, бұл іс - болашағы зор іс. [3]
Жетім бала -ата-анасының екеуі де немесе біреуі қайтыс болған жалғыз басты бала.
Жетімдіктің екі категориясы бар, ол табиғи және әлеуметтік жетімдік. Қоғамда негізінен ата-ана қамқорлығынан айырылғандарды табиғи жетім және әлеуметтік жетім деп екіге бөледі.
Әлеуметтік жетім дегеніміз-отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады. Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы тәрбиелеуде - әкесі немесе шешесі, некеден тыс туған балалардың тууының саны ұлғаюы. Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез- құлқына яғни психикасына әсер етеді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында яғни өз елімізде 100 мыңнан астам балалар, сәбилер үйлерінде және арнайы интернаттар да тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйлері шағын болғандықтан онда әр баланың жүрегіне жол табуға тырысқан, бірақ әр балалар үйінде, мектеп интернаттарында жетім баланың әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды.
Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?
-ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ана санының көбеюі;
-тілексіз туған балалар;
-халықтың материалдық жағдайының төмендеуі;
Асырап алу мәселесі бойынша, әлеуметтік педагог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман төмендегі сұрақтар төңірегінде толық мәлімет ала білуі тиіс:
бала асырап алуға психологиялық жақтан дайын ба?
заңды түрде асырауға беріліп отыр ма?
бала өз келісімін берді ме?
егер асырап алушылар шетелдіктер болса, баланың өз еліне келіп тұруын үнемі қамтамасыз ете ала ма?
асырап алған отбасы мен асыраушы балаға қадағалау үнемі жүреді ме?
Одан басқа, асырап алушының психологиялық жағынан дайындауға, әлеуметтік, экономикалық, физиологиялық жағын жете зерттеуге аса көңіл бөлуі керек. Баланы асырап алушының мәдени ортасын, ниетін де білуі тиіс және асырап алушыға психологиялық көмек бөлуді қолға алу керек. Баланың жас ерекшелігін, ұлттық ерекшелігін ескере отырып, оның барған жерінде бейімделу кезеңіне көңіл бөлу аса маңызды екенін үнемі есте сақтау керек. Ең басты назарда әсіресе, баланың келешек тағдыры. Егер асыранды бала жайсыз отбасыға түскен жағдайда не істеу керектігін алдын - ала шешкен жөн. Асыранды бала асыраушысынан немесе ата-анасынан айырылған жағдайда зейнетақы алу құқығына ие болып қалады. Асырап алушы ешбір жеңілдіктерге ие бола алмайды. Асырап алу құпиясы заңмен корғалады. Асырап алу жағдайын өзгертуді тек сот қана шешеді. Осы ретте баланың жеке пікірі есепке алынады.
1. 2Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс технологиялары .
Жалпы балалармен жұмыс жасағанда, олармен араласқанда біз оларға кішкентай бала ретінде емес, маңызды істер тапсырып, олармен санассақ, тезірек ересек болу процесіне септігімізді тигізсек, сонда ғана біздің балаға деген қамқорлықтың әлеуметтік педагогикалық мағынасы болады.
Әлеуметтік жұмыскердің жетім балалармен жұмысы-олардың бойындағы достық пен сүйіспеншілік, бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда жатыр және де олардың өмірде дұрыс жол таңдауларына бағыт беру, рухани, адамгершілік, моральдық құндылықтарға баулу, қолдау көрсету болып табылады. Оларға психологиялық кеңес беру, эмоционалдық жай-күйлерін анықтау, олардың санасына, көзқарасына өзгерістер енгізу. Балалар үйінде балалар арасындағы көрсеқұмарлық пен бәсекелестікке жол бермеу керек. Сол себепті, тәрбиешілер, әлеуметтік жұмыскерлер балаларды бір - бірін жақсы түсіне алатындай етіп топтастыруы керек.
Жетім балаларға арналған кез келген балалар үйі немесе интернаттың басты міндеті - тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі, олардың қазіргі қоғамға сіңісуі, оларға:
а) жалпы қоғамдық ықпалдастық пен әлеуметтік-психологиялық жағдаяттардың баланың жеке тұлғасының дамуына әсер ету;
ә) бұл үдерістегі істерге баланың өзінің белсене ат салысуы;
б) қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесін жетілдіру, оның ішінде интернат түлектеріне қатысты жүйені қайта қарастыру үдерістері жатады.
Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер өздеріне қолдау керектігін көрсетіп отыр. Десе де отбасында тұратын, төрт құбыласы түгел құрбы-құрдастарына қарағанда, олардың бұл қолдауды алу мүмкіндіктері шектеулі.
Түйіндей келе, балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтенуінің мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- жеке меңгеру кеңістігі мен сезімдік-туыстық қатынастар аясының тарлығына байланысты тұлғалық теңестірілудің қалыптаспауы;
- жоғарғы конформизм фонындағы социумдағы икемділік, нәтижелі әрекетшілдік пен қарым-қатынасқа қажетті қалыптасқан дағдылар;
- қажеттілікті сезіне отырып, басқа жақтан берілген көмекті қабылдау қиындығы.
Сондай-ақ, балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламасының басты кластерін анықтауға болады. Бұл, бірінші кезекте, жасөспірімдердің болашақта қалыптасатын тұлғалық теңестірілуін дамыту үшін жағдай жасау. Ол өз кезегінде жасөспірімнің әлеуметтендірілуінің жалпы деңгейінің көтерілуіне негізделеді.
Жалпы жетім балалардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезімде бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан балалар үлкен өмірге мүлде дайын болмай шығады. Өйткені, оларда ешбір тәжірибе жоқ. Кейбір балалар өздерінің тамағын жасап, киімін жөндеп киюге де дағдыланбаған. Міне, мұндай балалар қылмыстық істерге бейім келеді. Сол себепті, балалар үйінен шыққан балаларды әлеуметтендіру мақсатында оларға экономикалық тәуелсіздік беріледі. Әлеуметтік өмірге бейімделу барысында балалар ең басында әлеуметтік көмекті қажетсінеді. Осы ретте балалар үйінен тәрбиеленетін балаларға ақшалай көмек көрсетеді, бірақ бұл көмек үнемі берілмейді. Қазіргі кездегі жетім балаларды қабылдайтын кәсіптік мектептер мен колледждер қысқаруына байланысты жағдай біраз қиындады.
Жетім балалардың барлық мәселесін түбегейлі шешу үшін мемлекеттік деңгейдегі нақтылы бағдарламалар шығарылып, өз күшіне енуі тиіс. Оны үкімет, түрлі қайырымдылық қорлары мен ұйымдары қолдауы шарт.
Қазіргі кезеңдегі еліміз жағдайына сәйкес ең алдымен:
аз қамтамасыз етілген отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту;
мүгедек бала асырап отырғандарға өтемақы мен жеңілдіктер беру;
жалғызбасты аналарға жақсылық жасауға, тілектестік білдіруге ынталандыру, сонда ғана қоғамымыздағы жас аналар өз балаларын өкімет қарамағына итере салмай, өздері тәрбиелейтін еді;
ерте жастан бастап, ер балалар мен қыз балалар арасындағы жыныстық тәрбиеге байланысты түрлі іс-шаралар өткізу керек.
Интернат тектес мекемелерде психологиялық педагогикалық жұмыстардың формалары мен әдістерін жандандыру.
Жетім балалар тәрбиелейтін мекемелердің құрылымын жетілдіру. Осы ретте баларға имандылық тәрбие беретін мешіттер мен медреселердің атсалысуына қол жеткізу. [6]
Әр бала құқылы:
Өмір сүруге;
Туғаннан соң өзіне есім мен азаматтық алуға;
Өз отбасында немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылған жағдайда әлеуметтік қамқор ортада тәрбиеленуіне;
Толыққанды өмір сүруі үшін ақыл-ойы, дене бітімі, рухани және әлеуметтік жағынан өсіп-жетілуіне;
Денсаулық сақтауға;
Сапалы білім алуына;
Мүгедек болған жағдайда ерекше қамқорлыққа, күтімге және әмірге бейімделіп, араласуғa;
Өз ана тілін, мәдениетін пайдалануға және дінін қабылдауға;
Демалуға, мәдени өмірге атсалысуға;
Күштеудің барлық түрінен қауіпсіз болуға, қатыгездік пен дөрекі кемсітушілік қарым-қатынастардан қорғалуға;
Басқа адамдармен кездесуге, ассоциацияларға мүше болуға және оны құруға;
Ақпаратарды ауызша, жазбаша, баспа түрінде, өнер туындысы немесе басқа тәсілдермен іздеп табуға, беруге және алуға. Мемлекет баланың әлеуметтік және мәдени дамуына әсерін тигізетін ақпараттық бағдарламаларды таратуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ, олар зиян ақпараттардан қорғалуға;
Өз көзқарасы мен пікірін ашық айтуға және соған сай кез-келген сұрақтың шешілуіне мүмкіндік алуға;
Жетім бала-әлеуметтік педагогиканың объектісі ретінде.
Жетім бала -ата-анасының екеуі де немесе біреуі қайтыс болған жалғыз басты бала. Жетімдіктің екі категориясы бар, ол табиғи және әлеуметтік жетімдік. Қоғамда негізінен ата-ана қамқорлығынан айырылғандарды табиғи жетім және әлеуметтік жетім деп екіге бөледі.
Әлеуметтік жетім дегеніміз - отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады. Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы тәрбиелеуде - әкесі немесе шешесі, некеден тыс туған балалардың тууының саны ұлғаюы. Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез- құлқына яғни психикасына әсер етеді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында яғни өз елімізде 100 мыңнан астам балалар, сәбилер үйлерінде және арнайы интернаттар да тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйлері шағын болғандықтан онда әр баланың жүрегіне жол табуға тырысқан, бірақ әр балалар үйінде, мектеп интернаттарында жетім баланың әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды.
Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?
-ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ана санының көбеюі;
-тілексіз туған балалар;
-халықтың материалдық жағдайының төмендеуі;
Қоршаған ортаның жетімдерге тигізетін кері әсері, ол ата-ана не жақын туыстарының жылулық сезімдерінің жеткіліксіздігі, отбасы мейірімінің кемшілігі. Балаларға әсер етіп отырған бұл жағдайлар олардың ақыл-ой дамуына, тұлға дамуына кері әсерін тигізеді. Көбінесе бұндай балаларды ақыл-ой дамуында кемшіліктер, жыныстык идентификациясының бұзылуы, нашакорлықпен қылмысқа бейімділік байқалады. Бұндай балалар қарым-қатынаста неврозды өздеріне көңіл аудартқысы келе тұра одан қашады, агрессивтілікке беріледі немесе түңіледі, зейінін шоғырландыра алмайды. Мұның бәрі балаларда қоршағандарға деген жағымсыз қатынастың тууына алып келеді. Балалар үйі жағдайында балалар арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Отбасында жанұялық «біз» сезімі сезінеді. Бұл құлықтық күш бала да қорғаншылық жағдайын туғызады. Ал, ата-ананың қорғаншылығынсыз балаларды стихиялық түрде «біз және бөтендер», «біз және олар» интернаттық сезімі қалыптасады. Бөтендерден бәрі ерекшеленеді, бірақ бала өз тобында шет қалып қояды. Олар адамдарды жатсынып оқшаулауды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Бұдан олардың қоғам заңдылықтарын бұзу «құқығы» шығады. Бала интернатпен балалар үйінде көп құрдастарына бейімделуі керек, ал бала ортасында олардың үнемі болып тұру қоздырғыштықты, алаңдаушылыкты, агрессияны туғызады. Онда ананизм, гомосексуализм, сексуалдық кең өріс алады.
Бұның барлығы жылулықтың жағымды эмоциялардың жоқ болуы салдарынан туатын жүйке-жүйелерінің тозуы нәтижесінде пайда болады.
Балалар үйлері мен интернаттарда баланың өзі бола алады, жалғыз демала алады және өзінің іс-әрекеттеріне анализ жасай алар жеке бөлмесі жоқ.
Өзіндік шоғырланудың жоқтығынан тұлғаның белгілі бір стандартты әлеуметтік түр қалыптасады. Мемлекет қамқорлығындағы балалар да өзімшілдік («Бізге беруі тиіс», « беріңдер») қалыптасып, жауапкершілігімен үнемдеушілігі болмайды.
Сәбилер үйінде олар сенімсіз ересектерге үйренбейді, тұйық, көңілсіз, қызығушылық, белсенділікті дамытпайды, сөйлеу тілі нашар дамыған. Жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өмірге бейімдеу тиімділігін арттыру мәселелері өткір көтеріліп отыр. Себебі, жетім балалармен ақыл - естерінде ауытқушылықтары бар балалар өз тұстарына қарағанда арнайы күтім мен мейірім қажет етеді. Бұл өз кезегінде интеграциялау үрдісінде ықпал ететін фактордың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеудің көкейкестілігін, мектеп интернаттағы тәрбиеленушінің түлектерінің өмір сүру жағдайын жақсарту қажеттілігін көрсетеді. Ал, бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында барлық типті және атаулы 511 интернат мекемелері жұмыс жасап, оларға 58839 жас тәрбиеленіп жатыр.
Жетімдік мәселесін шешу жолдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz