Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы
Диплом (бітіру) жұмысы
И. В. ГЕТЕНІҢ «ФАУСТ» ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТӘРЖІМАЛАРЫНДАҒЫ АДЕКВАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
«050119- Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
Орындаған,
4-курс студенті Г. Я. Махаева
Ғылыми жетекші,
ф. ғ. к. доцент Л. Ж. Мұсалы
Норма бақылаушы,
ф. ғ. к. доцент Е. С. Адаева
Қорғауға жіберілді:
« » 2013ж.
Аударма теориясы және әдіснамасы
кафедрасының меңгерушісі,
ф. ғ. д., профессор Ә. С. Тарақов
Алматы, 2013
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: "И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларындағы адекваттылық мәселесі"
Диплом жұмысының көлемі: 60 бет
Дипломда пайдаланылған әдебиеттер саны: 35
Тірек сөздер: адекваттылық, балама, аударматану, тәржіма, трагедия, көркем шығарма, эквиваленттілік, идеялық-көркемдік ерекшелік.
Диплом жұмысының нысаны: көркем тәржіманың шет тілдерге, (қазақ, ағылшын) тәржімалаудағы адекваттылық мәселесі.
Диплом жұмысының пәні: неміс тілінде жазылған көркем шығарманың қазақ, ағылшын тілдерінде тілдік-стильдік ерекшеліктерін зерттеу.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: неміс тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ, ағылшын тілдеріне тәржімалауда шығарманы тәржімашының оқырманға тұтастай жеткізу;
- көркем шығарманы тәржіма теориясындағы адекваттылық мәселесі тұрғысынан терең зерттеу;
- трагедияның идеялық-көркемдік ерекшелігінің қазақ, ағылшын тілдерінде сақталуын зерттеу;
- мысалдардың неміс, қазақ, ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы анализін жасау.
Диломдық жұмыста қолданылған әдістер: зерттеуде негізгі тәсіл ретінде тәржіманың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған. Дипломдық жұмыста қазақ, ағылшын, неміс тілдеріндегі мәтіндері қатар қарастырылып, тәржіме тәжірибесімен салғастырыла зерттелді. Зерттеу жұмысына қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеуде сөздік әдіс, көрнекілік әдісі, түсіндірмелі әдіс, иллюстративтік әдіс, өзіндік жұмыс әдісі қолданылды.
Ғылыми нәтижелер: зерттеу барысында тәржімадағы «адекваттылық» ұғымы айқындалып, оған сипаттама берілді. Көркем шығарма тәржіма теориясындағы адекваттылық тұрғысынан терең зерттелді. Көркем шығарманың тілдік-стильдік ерекшеліктері мен өзгешеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырылды.
Гетенің «Фауст» трагедиясының түпнұсқасы М. Құрмановтың тәржімасымен алғаш рет салыстырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық зерттеу кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдер мен тармақшалардан топталған екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
"И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларындағы адекваттылық мәселесі"
- Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі 10
1. 2. И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тілдеріне тәржімалану тарихы мен тәжірибесі 24
2 тарау И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларын адекваттылық тұрғысынан салыстырмалы талдау және бағалау
2. 1. И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының идеялық-көркемдік ерекшелігінің қазақ, ағылшын тәржімаларында сақталуы 29
2. 2. И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының тілдік-стильдік ерекшелігінің қазақ, ағылшын тәржімаларында сақталуы 33
2. 3. И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларын түпнұсқамен салыстырмалы талдау 44
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
ҚОСЫМША И. В. Гетенің "Фауст" трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларындағы эпитет пен метафора тәржімалары бойынша кесте
АНЫҚТАМАЛАР
Эквиваленттілік - бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Адекваттылық - толық сәйкестілік құбылыстың кейбір қасиеттерінің тиісінше бір заңдылықпен өзгеруі.
Эпитет - заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.
Метафора - троптың (құбылтудың) бір түрі, құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Көркем тәржіма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.
Синхронды тәржіма - тәржімашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша тәржіманың бір түрі.
Механикалық тәржіма - синтактикалық және логикалық қатынассыз, шет елдік мәтіннің сөздерінің механикалық тәржімасы.
Коммуникативті эквиваленттілік - бұл коммуникативті құндылығы бар, тәржіма мәтінінің сипаттамасы, тәржімалаушы тілдің мәтінінің прототиптіі жақтарын, сонымен қатар, тәржімалаушы тілдің қабылдаушысының ақпараттандыруының дәрежесін көрсететін, тарихи және вербалды қарым - қатынаспен, тәржіманың бағытталғандығы.
Денотат - (латын тілінің denotatum «белгіленген» сөзінен шыққан) - осы бірлікпен атала алатын белгіленген зат, ақиқаттылықтың көптеген объектері (заттар, қасиеттер, байланыстар, күй, үдерістер, іс-әрекеттер және т. б. )
Коннотация - (латын connotation, connoto «қосымша мағынам бар» сөзінен шыққан) - тіл бірлігінің узуалды немесе окказионалды сипаты эмоционалды, бағалы немесе стилистикалық сипаттамасы.
Қосу - тәржімалау кезіндегі шет тіліндегі «орынды сөздердің» қайта жаңғыруын білдіретін аудармашылық трансформациясының бір түрі.
Түсіріп тастау - қосуға қарама - қарсы құбылыс, тәржіма кезіндегі кейбір «артық» сөздерді алып тастау.
Жалпылау - бұл тәсілдің мәні түр ұғымының түбірмен, жеке ұғымының ортақпен алмасуы.
Нақтылау - аударма трансформациясының бұл түрінің мәні - бастапқы тілде шұбатылған мәнге ие сөзді нақты мағынасы бар сөзбен алмастыру.
Трагедия - драматургиядағы, әдебиетте және кинодағы жанр. Әдетте, басты кейіпкердің қазасымен аяқталатын, қоғамдық немесе жеке адамның қайғысын суреттейтін траматикалық шығарма.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаты: дипломдық жұмыс И. В. Гетенің «Фауст» трагедиясының қазақ, ағылшын тәржімаларындағы адекваттылық мәселесіне арналған.
Тақырып өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі бiр мәдениеттiң шығармаларының басқа тiлде өзгеруі түпнұсқаның салыстырмалы талдауының маңыздылығы мен поэтикалық шығармалардың тәржімасымен шартталған . Дәстүрлі отандық тәржіманың адекваттылық дәрежесінің көрсеткіші түпнұсқаға тәуелді. Көркем тәржіманың тәжірибесі- көкейкесті мәселе, себебі неміс поэзиясының көркем тәржімасының сұрақтары қазақ тілінде аз зерттелген және терең ғылыми зерттеуді сұрайды.
Зерттеудің нысаны: көркем тәржіманың шет тілдерге тәржімалаудағы адекваттылық мәселесі.
Зерттеудің пәні: неміс тілінде жазылған көркем шығарманың қазақ, ағылшын тілдерінде тілдік-стильдік ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тәржіма, әсіресе, көркем тәржіма - ең алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы - бұған дейін қазақ көркем аудармасының жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.
Неміс тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ, ағылшын тілдеріне тәржімалауда шығарманы тәржімашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен тәржімашының арасындағы тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- көркем шығарманы тәржіма теориясындағы адекваттылық мәселесі тұрғысынан терең зерттеу;
- трагедияның идеялық-көркемдік ерекшелігінің қазақ, ағылшын тілдерінде сақталуын зерттеу;
- мысалдардың неміс, қазақ, ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы анализін жасау;
- М. Құрмановтың тәржіма нұсқасын түпнұсқамен салыстыру.
Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі: Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде тәржіманың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған. Дипломдық жұмыста қазақ, ағылшын, неміс тілдеріндегі мәтіндері қатар қарастырылып, тәржіма тәжірибесімен салғастырыла зерттелді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыста «Фауст» трагедиясының қазақ тіліне М. Құрманов тәржімалаған нұсқасы алғаш рет түпнұсқамен салыстырылып талданды. Бұған дейін көркем тәржіма мәселелері көбінесе әдебиеттану, тіл білімі тұрғысынан ғана қаралып келсе, бұл еңбекте тәржіманың тілдік коммуникациямен байланыстылығы сөз етіледі. Аударманың эстетикалық құндылығы мәтіннің өзінен толық таныла қалмайтыны, түптеп келгенде оның бағасы реципиенттің қалай қабыл алуына байланысты екендігі, ал мұның бәрінен бұрын қоғамдық сұранысқа тәуелділігі дәлелденеді. Тәржіме туындысының қалай жасалғанымен қатар қашан жасалғаны да маңыздылығы ашылады. Қазақ тілінің қабылдампаздығы қазақ ділінің қабылдампаздығынан шығатыны, мұның өзі тарихи тұрғыдан қысқа ғана кезең аралығында қазақ әдебиетінің қазынасына әлемдік классиканың інжу-маржандарын қосуға мүмкіндік берген басты факторлардың бірі екендігі көрсетіледі.
Зерттеудің теориялық маңызы: Еңбекте нақты аударматану мен аударма теориясындағы «адекваттылық» мәселесі теориялық тұрғыдан қарастырылады.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдарын оқушылар мен студенттерге, ізденушілерге теориялық-практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Еңбекте нақты аударматану мен аударма теориясындағы «адекваттылық» мәселесі теориялық тұрғыдан қарастырылады.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдарын оқушылар мен студенттерге, ізденушілерге теориялық-практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық зерттеу кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдер мен тармақшалардан топталған екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттелу деңгейі: Көркем тәржіма - аударматанудағы ең күрделі әрі күрмеулі мәселелердің бірі. Көркем тәржіманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай - ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби тәржіманың табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына жатады. Оның үстіне тәржіма шығармада оның авторы мен тәржімашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады. Әрі түпнұсқа тілі мен тәржіма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі тәржіма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.
Ұлтаралық қарым-қатынасқа келсек, әр тілді сөйлейтін адамдардың арасында тілдік дәнекер керектігі өзінен - өзі белгілі. Міне, осы тұста тәржіманың қажеттілігі туады. Осы тұрғыдан келгенде, тәржіманың бастау көздері тым әрі, тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді.
тәржімалау іс - әрекетінің өмір сүруі ұлт тарихының көне қойнауымен астарлас. Ал, іс - әрекет шыққан соң, заңдылықтарын білу өмір талабы. Сондықтан тәржіма заңдылықтары туралы алғашқы ойлар халық көкейінде, тәржімашылардың немесе соған қатысы бар адамдардың ауызша пікірінде болса керек. Дей тұрғанмен, тіл зерттеу тарихында тәржімаға байланысты балаң жазба тәржімалар көне Греция, Рим кезеңдерінен басталады. Ал, тәржіма заңдылықтарын мақсатты зерттеу Қайта өрлеу заманында арнайы қолға алына бастады. Жаңа ел, жаңа жерлердің ашылуы осыны талап етті. Ал, алғашқы теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырдың еншісіне тиеді. Аталған дәуірлерден бүгінгі күнге дейін тәржіма және оны зерттеу үздіксіз даму үстінде. Жалпы тәржіма және оның тарихы жөнінде орыс тіліндегі әдебиеттерде кеңінен айтылады. Мысалы: Ғ. Сатыбалдиев, В. Н. Комиссаров, А. В. Федоров, ө. А. Айтбаев және т. б. Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару мәселелері орта ғасырдағы араб тілі, түркі танушы ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей сөздерді, сөз өрнектерін араб тілінде қалай жеткізу керек деген мәселеге кезі келгенде назар аударып отырыпты. Алайда, бұл еңбектерді тәржіма заңдылықтарына арналған теориялық еңбектер деп айта қою қиын. Орта ғасырдағы Араб Халифаты тұсындағы ғалымдардың басты еңбегі - түркі тілдерін басқа тілдермен қарым - қатынасқа түсіруі, түркі тілдеріне, түркі тілдерін қалай тәржімалауға болады деген мәселеге із салуы.
Қазақ тіліне, қазақ тілінен тәржімалау заңдылықтары туралы жекелеген қарапайым топшылаулар ХІХ ғасырдың басынан бастап “ Түркістан уалаятының газеті ” мен “ Дала уалаятының газетінде ” елеусіз болса да бой көрсете бастады. Ал, тәржіма мәселесі жайында алғашқы арнайы пікірлер, үлкен теориялық деңгейде болмаса да, сыни дәрежеде 1914 жылы “ Айқап ” журналында .
50 - жылдары тәржіманың стильдік, жанрлық, әдеби, тілдік мәселелеріне де назар аударылды. Бұрын орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалау туралы сөз болып келсе, 50 - жылдары қазақ тілінен орыс тіліне тәржімалау мәселесіне арналған алғашқы диссертация қорғалады.
Бұл кезеңдегі тәржіма теориясына айырықша үлес қосқандар - С. Талжанов пен Ғ. Сатыбалдиев. Алғашқы ғалым тәржімаға әдеби тұрғыдан келіп, жеке жазушы (Н. В. Гоголь) стилін бағамдаса, Ғ. Сатыбалдиев Л. Н. Толстой шығармаларының қазақша тәржімасын арқау ете отырып, әдеби тұрғыдан келсе де, тілдік талдаулар жасауға айырықша ұмтылыс жасайды. Тәржіманың дәлдігіне шарттар қоя отырып, реалистік тәржіма ұғымын ұсынады.
50 - 60 жылдарда бой алған аударматану ілімі айырықша дами түсті. Ол жылдардан бері А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтындағы тәржіма бөлімі, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тәржіманы зерттеуді жоспарлы түрде жүргізіп келе жатыр. Библиографиялық материалдарға қарап отырсақ, содан бері осы мәселеге арналып, бірнеше диссертациялық еңбектер, ғылыми жинақтар, монографиялар жарық көріпті. 60 - жылдардан бергі тәржімаға байланысты жарық көрген еңбектерге тән ерекшеліктердің кейбірі мынадай: тәржіманың жеке нақты проблемаларын зерттеу ( ө. Айтбаев, А. С. Ермағамбетова т. б. ) . Зерттеудің обьектісі етіп, орыс тілі мен қазақ тілі ғана емес, басқа шетел тілдерін де алу ( Б. Репин, Ю. Сушков, М. Ж. Құрманов, К. И. Дүйсетаева т. б. ) ; тәржіма мәселелеріне арналған ғылыми жинақтар шығару ; тәржіманы зерттеудің аспектілері ажыратылады. Кей ғалымдар (М. Әуезов, С. Талжанов, Ғ. Тұрарбеков және т. б. ) тәржіманы әдебиеттанудың обьектісі етіп алса, екінші бірі бұны лингвистикалық тұрғыдан қарады (Ө. Айтбаев, А. Ермағамбетова және т. б. ) . Ал, үшінші топ бұны әдебиет пен тілге тел құбылыс ретінде зерттеді.
Шындығына келгенде, тәржімаға әдеби деңгейден қарайтын зерттеушілер тілге соқпай, тілдік тұрғыдан зерттейтіндер әдебиет категорияларына соқпай өте алмайды. Өйткені әдебиет дегеніміздің өзі - сөз өнері Аударманың келесі бір қыры -оны коммуникативтік тұрғыдан зерттеу. Бұл - әлі қазақ филологиясының аяқ баса қоймаған аңғары.
Көркем тәржіма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге тәржімаланған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада тәржіма деуге келмейді. Олар кейде еркін тәржіма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы тәржіма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем тәржіма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетіне орай дәлме - дәл тәржіма, еркін тәржіма, сәйкес тәржіма деп ажыратылады. Көркем тәржімада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Тәржіма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз тәржіманың сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Тәржімада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты мәселелер толық сақталуы шарт. Тәржіма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Тәржіма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем тәржіманың қасиетін арттырып, түпнұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем тәржіманың бүгінгі әдеби процессте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем тәржіма жасау дәстүрі XIX ғасырдан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю. Лермонтовтың, А. Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы. Алтынсарин орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л. Толстойдың("Асархадон патша", "Үш сауал"), А. С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М. Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б. Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем тәржіманың дамуына ықпал етті. XX ғасырда тәржіма ерекше серпінмен дамып, А. Байтұрсынұлы (И. Крылов мысалдары), М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х. Өзденбаев, Т. Нұртазин, Ғ. Жарылғапов, Ә. Жұмабаев, Г. Бельгер, Н. Шәкеев, Ж. Ысмағұлов, С. Ақтаев, т. б. қаламгерлер көркем тәржіма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем тәржіма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н. Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) деп аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма") .
Иоганн Вольфганг Гёте (1749 - 1832) Германиядағы Ағарту заманының ең көрнекті өкілі, ұлы неміс ақыны және ойшылы болды. Гёте 1749 жылы сол кездегі Германияның құрамына кіретін "азат қалалардың" бірі Франкфуртта дүниеге келді. Әкесі Императордың кеңесшісі болып қызмет атқарды. Шешесі де император сарайында абыройы бар адам еді. Осындай қалталы да, білімді азаматтардың отбасында дүниеге келген сәби алғыр да зерек болып өсті. 16 жасқа келген соң, жас бала Лейпциг университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, білім алуды бастайды. Дегенмен, әдебиет пен өнерге жаны құмар Гете заң ғылымдарына деген қызығушылығының жоқтығын сезген соң, Лейпцигтегі оқуын тастап, үйіне қайтып келеді. Араға біраз уақыт салып, Страсбург университетіне түсіп, білім жолын сол жақта жалғастырады. Студент Гете сонымен қатар, медицина, жаратылыстану ғылымдарына қызығады.
1769 жылы Гетенің алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұдан көп ұзамай, жас ақын "Екпінді боран" атты әдебиет клубының басшысы атанады. Бұл кезеңдерде бұл қозғалыс Германияда үлкен танымалдылыққа ие еді.
Гете 1771 жылы университтегі оқуын тәмәмдап, құқықтану докторы атанды. Осыдан соң, 1775 жылға дейін осы салада еңбек етті. Қызметімен қатар, әдебиетті де алып жүре білген ол осы уақытта "Жас Вертердің мұңдары" романын (1772), "Гец фон Берлихинген" тарихи драмасын жазып шықты. (1773)
1775 жылдың соңында Гете герцог Карл Августтың шақыртуымен Веймарға жол тартады. Сонда біржола тұрақтап, герцогтың көмекшісі болып қызмет атқарады. Кейін әйгілі Шиллермен де танысып, неміс әдебиетінің дамуына бірлесіп үлес қосты.
1775-1796 жылдары жазушы "Вильгельм Мейстердің оқу жылдары" атты романын жазып шықты. Ал 1808 жылы "Фауст" трагедиясының алғашқы бөлімі жарық көрді. Бұл туынды кейін Гете шығармашылығының шыңы деп бағаланды. Гете өзінің даналыққа толытамаша шығармалары арқылы неміс халқының XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғасырдың басындағы жаңа әдебиеттің бастаушысы, ұлы классигі бүкіл әлем әдебиетіне зор ұстаздық еткен адам. Гете өзінің сексен жылдан астам өмірінде бірнеше кітап боларлық табиғат, махаббат сырларын толғайтын назды жырлар, философиялық тебіреністі өлеңдер, өнегелі балладалармен қатар «Герман мен Доротея», «Рейнекее Лис» сияқты бірнеше ғажап поэмалар, «Торквато Тассо», «Эгмонт», «Мұқамбет» сынды терең мағыналы драмалар, «Жас Вертердің қасіреті» атты прозалық шығармалар жазып, дүниеге өшпес әдеби мұралар жасап кеткен дана ақын.
Гетенің көптеген шығармаларында, әсіресе, лирикалық, философиялық өлеңдерінде адамзатқа әділетті аңсау, зұлматқа қарсылық сарыны басым. Гете - халыққа, адам баласына сойқансыз, сұмдықсыз өмірді, әділ, еркін заманды аңсаған аса кемеңгер жан.
Маркс пен Энгельс Гетені «Орасан зор ақын, дана ақын», деп жоғары бағалаған. Гетенің көптеген еңбектері әлем тілдеріне тәржімаланып, аса зор атаққа ие болған.
Гете әдебиеттен басқа жаратылыстану ғылымдарымен де көп айналысты. Мысалы өсімдіктер мен жануарлардың морфологиясына қатысты зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, физика, геология, минералогия, медицина салаларына да қызығып, өз үлесін қосуға тырысқан.
Иоганн Вольфганг Гете 1832 жылдың 22 наурызында дүние салды. Есімі әлемге мәшһүр болған ол әлем тарихына ұлы ақын және әмбебап жазушы ретінде енді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz