Ұлы Түркі қағанаты


Тақырыбы : Қазақстан мемлекеттілігінің дамуындағы Ислам факторы.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Көне түркілердің билеуші әулетінің киелігі туралы және оның мемлекеттілік дамуындағы рөлі туралы
1. 1. Батыс түрік және Түркеш қағанаттары және мемлекеттік басқарудағы қағанның рөлі
1. 2. Қарлұқ және Қимақ мемлекеттеріндегі басқарудың ерекшеліктері мен саяси құрылыстары
ІІ. Ислам және Қарахандардағы мемлекеттік даму мәселелері
2. 1. Ислам дінінің Қазақстанға ену мен қабылдану үрдістері
2. 2. Қарахан мемлекетіндегі мемлекеттіліктің даму жолдары мен исламның тигізген ықпалы
ІІІ. Алтын Ордадағы мемлекеттілік және Ислам факторы
3. 1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуымен қалыптасқан билік формасы және ислам факторының пайда болуы
3. 2. Өзбек хан тұсындағы ислам дінінің рөлі және мемлекеттің саяси дамуына ықпалы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Түркі халықтарында мемлекеттіліктің даму үрдістері әлемдік құбылыста өзіндік орынға ие. Мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал етуші факторлаар мен критерилер толығымен жеткілікті болды. Еуразия даласын мекендеген түркілерде мемлекеттіліктің дамуы басқа да әлемдік үрдістерден кейінгі сатыда болған жоқ. Ислам факторының айғақтары Қазақстанда бірнеше саяси өзгерістер мен толқындарға сәйкес келді. Мемлекетаралық саяси қарым-қатынастар мен шиеленістердің тоғысу кезеңімен тұспа-тұсқа ұласты.
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады.
Ал, ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В. : «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді, » - деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаттары ретінде төмендегідей аспектілерді атаймыз: түркі қағандары әулетінің киелігі туралы ұғымға кең мағыналы түрде ғылыми тұжырым жасау; ислам дінінің енуі мен қабылдану факторларының алғышарттарына шынайы көзқаараста жан-жақты зерттеулер жүргізу және салыстырмалы талдаулар легімен зерделеу; Қарахан мен Алтын Орда мемлекеттеріндегі исламның қабылдану, таралу факторларына жан-жақты баға бере отырып оның мемлекеттің даму үрдісіне тигізген ықпалына айқындаулар беру; ислам дінін қабылдауда халықтың сенім көздеріне берілген артықшылықтары мен дәйектемелерін ғылыми теориялық жүзеде салғастыру;
Зерттеу жұмысының міндеттері: Зерттеу жұмысының міндеттері ретінде келесідегідей тұжырымдарды алға тартамыз: біріншіден пәнаралық және салааралық әдіснамалар мен концепцияларды, ұстанымдарды ұстана отырып жұмыстың ғылыми мәнде жазылуына жол ашу; түркі қағандарының мемлекетті құру мен қалыптастыру жолындағы рөліне нақты тоқталу және өзіндік пікір желісінде көзқарас таныту; Қарахан мен Алтын Орда мемлекеттеріне ислам дінінің енуі мен мемлекеттік дәрежедегі ықпал өрісі турасында салыстырмалы талдау зерттеуін жүргізу.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы: Зерттеу жұмысының тарихнамалық қоры шығу тегі мен авторлардың әлеуметтік сипаты тұрғысынан әртүрлі мәнге ие. Алғашқы қадамды тарихнамалық зерттеу тұрғысында Ш. Ш. Уәлихановтан бастағанымыз оң болып табылар. Ш. Ш. Уәлихановтың томдық шығармалар жинағының І және ІІ томында түркі халықтарының шығу тегі мен рухани таным дүниесіне қатысты негізді зерттеулер жүргізілген. Оның ішінде ислам дінінің Түркі халықтарының арасына таралуы мен сенімге ие болуы жөнінде бірқатар зерделенді. Әрине Ш. Ш. Уәлихановқа дейінгі араб, парсы және елімізде туылған көптеген тарихшылардың жазған еңбектері мен жазба мәліметтері деректік қорларымызды толықтыра түседі. Ол еңбектер тобын ретроспективті зерттеулер немесе мемуарлық жазба ескерткіш көздері деп қарастырған дұрыс болып табылатыны сөзссіз. Атап айтсақ, Ибн Халдун, Ибн Фадлан және Рузбихани мен Осман Кухистанидың еңбектерінде түркі халықтарының наным-сенімдері мен шығу тегі, саяси құрылысы және мемлекет басшыларының алар рөлі тұрғысында мәліметтер легі аз кездеспейді. Махмұд Қашқаридың «Түркі сөздігі», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» және Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағында» түркі халықтарының шығу тегі, қағандардың ел басқару саясаттары мен діни наным-сенімдері тұрғысында деректер жеткілікті деңгейде зерделенген. Оларды жұмыс барысында тиімді қолдануға аса мән бердік. Тағы бір айтулы еңбектің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династии ханов» атты шежірелік зерттеуі болып табылады. Бұл еңбекте қазақтың біртуар ұлдарының бірі түркі мемлекеттерінің қалыптасуы, өркендеуіне қатысты зерттеулерден басқа қағандар мен хандар әулетінің шығу тегіне де қатысты маңызды тұжырымдар мен пікірлерді айшықтаған.
Түркі тарихын зерттеу барысында айтарлықтай із қалдырған ғалымдардың бірі Л. Н. Гумилев «Көне түріктер» атты зерттеу еңбегінде Түрік қағанаты мен оның сыртқы және ішкі саясаты туралы тұжырымды зерттеулер қалдырған. Аталған еңбектің дерек көздерін түркі қағандарының ел басқарудағы рөлі мен әулеттік құрылысына қатысты жұмысымызда мардымды қолдануға иек арттық. Өткен ғасырдағы түркітанушы ғалымдардың бірегейі саналған В. В. Бартольд «Тюрки - Двенадцать лекций» атты зерттеулік шығармасында түркі халықтарының діни, мәдени және рухани құндылықтарына баға бере отырып діни наным-сенімдеріне де аз тоқталмаған.
Отандық тарих ғылымында өлшеусіз үлес қалдырған Әлкей Марғұланның зерттеулік еңбектері мен мақалаларының құндылығы аса зор мәнге ие болып табылады. Оның түркі халықтарының наным-сенімдері мен исламның халқымыз ортасына таралуы тұрғысындағы дәйекті пікірлерінің салмағын жұмысымызда барынша көрсетуге тырыстық.
С. П. Несиеров «Конь в культах тюркоязычных племен Центральной Азии в эпоху средневековья», Дж. С. Тримингэм «Суфиские ордены в исламе» атты еңбектерінде орыс және ағылшын ғалымдары жіті зерттеу тұжырымдарын алға тартты. Зерттеу барысында алыс-жақынды шетел ғалымдарының еңбектерін жан-жаұты қолдануға ден қойдық. Әсіресе түрік ғалымдарының зерттеу кешендерінің алар орынына тоқталып өтуге басымдық бердік. Түркиялық ғалым М. Kalkan «Orta Asya Türk Devletlerinde Ordu va Savaş Stratejileri» атты еңбегінде Түркі мемлекеттерінің оның ішінде Қарлұқ, Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің әскери өнер қимылдарына негізгі шолуларды арнаса, ислам діні мен қағандардың ел басқарудағы рөлдеріне де біршама зерттеу бөлімдерін арнаған болатын.
Оғыз-нама жырының ұйғыр және араб әріптерімен жазылған екі нұсқасы сақталғаны белгілі. Оны орыс тіліне аударып, басып шығарған кеңестік ғалым А. М. Шербак болып табылады. Оның зерттеуі Мәскеу қаласында «Огуз-нама» атымен 1959 жылы жарыққа шықты. Бұл еңбектің де біздің зерттеу жүйемізге қосар үлесі мен мәліметтер қоры аз емес. 1958 жылы жоғарыда аталып кеткен В. В. Бартольдттің «Орта Азия Түркі тарихы» атымен тарихи монографиялық очеркі жарық көрді. Бұл еңбекте Батыс Түрік қағанаты дәуірі мен қағандардың ел басқару саясаттары және әулеттік қарым-қатынастардың негізгі аспектілерін теориялық жүзеде нақты түрде талдауға мән берген. Соның нәтижесінде бұл еңбектің біздің зерттеу жұмысымызда алар орыны ерекше болып табылады. Тағы бір түркітанушы орыс-кеңес ғалымы А. Диваев «Бақсылар» атты очеркінде түркі халықтарының наным-сенімдеріне жүйелі зерттеулер жасай отырып ислам дінінің түркілер арасына енуі мен тигізген ықпалдарына қатысты өз бағасын бідірген болатын.
Кеңестік кезеңнің ірі зерттеушісі Б. Я. Владимирцов 1929 жылы «Заметки к древне тюркским и старомонгольским текстам» атты зерттеу еңбегін ерекше атауға болады. Сонымен қатар, тағы сол ғалымның «Географические имена орхонских надписей сохранившиеся в монгольском» зерттеу очерктерінің де осы зерттеу аясында маңызы зор.
С. М. Прозорованың «Ислам, историографические очерки» атты еңбегін салыстырмалы зерттеу тұрғысынан қолдану зер салдық. Соның нәтижесінде жұмысымызда салыстырмалы-талдау әдіснамасы үлкен септікке ие болды. Жалпы біздің зерттеу жұмысымыз тарихнамалық хронологияны 3 топқа бөледі:
1. Кеңестік кезеңге дейінгі зерттеулер;
2. Кеңестік кезең зерттеулері;
3. Отандық тарихшылардың тәуелсіздік кезеңдегі зерттеулері;
Біз зерттеу барысында отандық тарихшыларымыздың тәуелсіздік кезеңдегі зерттеулеріне көп сүйенуге мән береміз. Түркі қағандары мен олардың жүргізген тарихына қатысты зерттеулерінің алғашқы сатысы 1994 жылы Нығмет Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихы» атымен жарық көрді. Бұл еңбекте Түркеш қағанатының, Қарлұқ пен Қимақ қағанаттарының және Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің саяси құрылысы мен діни негіздерінің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай талдау жүргізілген.
Тарих ғылымдарының докторы, академик Б. Көмеков өзінің «Қимақ мемлекетінің тарихы» және «Қыпшақ мемлекетінің тарихы» атты еңбектерінде Қимақ пен Қыпшақ мемлекеттерінің қағандары мен олардың шығу тектері және мемлекет басқарудағы айқын рөлдеріне теориялы жүзедегі зерттеулер жүргізген. Жаңа кезеңдегі зерттеу кешендерінің тағы бір желісін «История Казахстана и Централъной Азии» атты еңбек құрайды. Франциялық зерттеуші Рене Груссе «Империя Степей. Аттила, Чингисхан, Тамерлан» атты еңбегінде дала мемлекеттеріндегі басқару формасының өзіндік спецификасының аспектілерін тоқталып салыстырмалы талдау түрінде негіздеген. Осы еңбегінде Шыңғыс хан мемлекетінің құрылуына оған түркі мемлекеттілігінің ықпалы мен Алтын Орда мемлекеті және ислам дінінің ықпал өрісі турасында тұжырымдамаларды сыртқы көз тұрғысынан алға тартады.
Отандық тарихтың тағы бір желісінде Талас Омарбеков пен Берекет Кәрібаев сынды зерттеуші ғалымдарымыздың да біздің жұмысқа ұсынған зерттеулік кешендері мен пікірлерінің маңызы зор болып табылады. Талас Омарбеков өзінің жекелей мақалаларында ғана емес, «Отан тарихына және тарихнамасына жаңаша көзқарас» атты еңбегінде толымды тұжырымдар мен өзекті мәселелерге жаңаша ұстанымдардың қажет екендігін және «өркениеттік» принцп тұрғысынан қарастыруды негіздеді.
Сонымен қатар, біздің жұмысымызда деректердің тағы бір көзі саналатын газет-журналдарда жарияланған тақырыбымызға қатысты мақалалардың кешені болып табылады. Белгілі тарихшы, профессор Талас Омарбеков өзінің «Ана тілі» газетіне жариялаған «Ұлы Түркі қағанаты», «Шығыс түркілерінің екінші қағанаты», «Қазақ хандығында мемлекеттік жүйенің қалыптасуы» атты мақалаларында осы мәселеге қатысты ұстанымдар мен көзқарастардың біржақты пікірі негізделген.
Сондай-ақ, Т: Омарбековтың басқа да конференцияларда оқыған баяндама мен дәрістерінің негізінде журнал беттерінде шыққан «Қазақты құраған түркі тайпаларының мәселелері (IX-XIII ғғ. ) », «Ортағасырлық Қазақстанда Ұлыстық басқарудан жүздік-әкімшілік басқаруға өту мәселелері» атты мақалаларында теориялық жүзеде нақтылана түскен.
Отандық бірқатар ғалымдар ислам дінің Қазақстанға енуі мен таралуы және тигізген ықпалы турасында зерттеулер жүргізіп келеді. Н. Альниязов «Исламның дамуының жаңа бағыттары және олардың Орта Азиядағы тұрақтылыққа тигізген әсері» атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Осы тақырыпта келелі зерттеулер айқындап келе жатқан Ж. Жұмабаева «Түркі қағанатының құрылуы» атты мақаласын зерделесе, С. Акимбековтың «Ислам в Казахстане» атты мақаласын «Континент» журналында жарыққа шығарды. Осындай желідегі зерттеу үрдістерін Р. Мұстафинаның «Ислам в Казахстане» атымен жариялады. Татарстанның Қазан қаласында жарық көрген шеттілдік мәліметтерімен айшықтаған З. Д. Шаймарданованың «Ислам в Казахстане во Французкой историографии» еңбегі, Қазақ әдебиетінің тарихы атты 10 томдық серияның ІІ томында «Алғашқы түркі қағанатындағы әдебиет» атымен жарияланған зерттеу жинағының біздің жұмысымызға қосар үлесі зор болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде мемлекеттілік және дін деген ұғымдарды аламыз. Осы екі ұғымның аясында тармақтала отырып белгілі зерттеу нысанын көздей аламыз. Көне түркі әулеттерінің киелігі және қағандардың басқару жүйесіндегі ерекше қасиеттеріне айқын түрде тоқталамыз және ислам дінінің түркі кеңістігіне кіру факторларын зерделейміз.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ретінде VI-VII ғасырлардағы түркі мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму үрдістеріне байланысты қарастырамыз және Алтын Орда мемлекетіне ислам дінінің мемлекеттік дін дәрежесенде енген XIV ғасыр шеңберімен аяқтаймыз.
Зерттеу жұмысының территориялық шеңбері: Территориялық шеңбер бірлігіне қазіргі Қазақстан Республикасының территориясымен қатар, Моңғолия мемлекетінің де территориясын да негізгі жұмыс көлемінде қамтимыз. Себебі, Моңғолия мемлекеті ерте кезеңдерден бері түркі тайпалары мен руларының басым мекен еткен аймағы болып табылатын. Моңғолия мемлекетінің территориясында Шығыс Түрік қағанаты өмір сүрсе, қимақ тайпасының сол ел жерінен Қазақстанға көшіп келгендігін басқа да зерттеулерден кең білеміз.
Зерттеу жұмысының методологиялық құрылымы: Зерттеу жұмысының метологиялық әдістері мен әдіснамаларына тұтас бір кешендерді қолдануды мақсат еттік. Соның нәтижесінде шынайы нәтижелер мен қорытындыларға қол жеткізе алдық деп ой жүгірте аламыз. Тарих ғылымының салаларында кең қолданылушы әдістер мен ұстанымдарды, тұжырымдарды баса қолдануды жіті көздедік. Бұл салааралық байланыстың күшеюіне әкеліп соқты. Тарихнама, деректану салаларында қолданылатын салыстыру, талдау, ретроспективтілік әдіснамаларын тиімді қолдану көзделінген. Батыс Түркі қағанатындағы қаған мен мемлекеттіліктің даму жолының өзіндік сипатқа ие екендігіне көз жеткізу үшін Шығыс Түрік қағанатындағы билік формасы мен қағандар әулетінің рөліне салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Осындай жұмыстардың барлығы шынайылыққа жеткізетіндігі сөзссіз.
Зерттеуден алынатын нәтижелер: Зерттеу барысында келесідегідей нәтижелерге қол жеткізу көзделіп отыр: Түркі қағандары мен әулеттеріне қатысты зерттеулік еңбектер мен дерек көздерінің кешіні құрылып теориялық-тәжірбиелік тұрғыда жүзеге асады; Ислам факторының түркі мемлекеттілігі мен Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына қосқан үлесі туралы жаңаша көзқарастарды топтап салыстырмаалы-талдау жұмысын жүргізу белгілі нәтижелерге әкелетіні сөзссіз; Зерттеу жұмысының нәтижелері алдағы зерттеу жұмыстарының іргетасына айналып, кейінгі магистрлік жұмыстарға арқау болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы - жұмыстың мазмұнынан, кіріспе бөлімінен және үш тарауша мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімі өздігінен 10 тармақтан тұратын бөлімнен тұрса, үш тарауша екі тармақшадан алты тармақшаға ие.
І. Көне түркілердің билеуші әулетінің киелігі туралы және оның мемлекеттілік дамуындағы рөлі туралы
1. 1. Батыс түрік және Түркеш қағанаттары және мемлекеттік басқарудағы қағанның рөлі
Батыс түрік және Түркеш қағанаттары Қазақстанның территориясында санғасырларға созылған тарихи этностық қалыптасулар мен кірігулердің нәтижесінде пайда болған мемлекеттер ретінде саналады. Екі мемлекетте Қазақ халқының қалыптасу, орнығу, мемлекеттік құрылымын дамыту үрдістерінде маңызды рөлдер атқарды. Ортағасырда Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми деректе бар.
Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб(Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды[1-112] .
Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы - «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің - мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды[2-147] . Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.
Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz