Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы

ӘКП кафедрасының бастығы

қорғауға

(жіберіледі, жіберілмейді)

«» 2011 ж.

Диплом жұмысы

«Ішкі Істер органдарының қызметін бақылаудағы Омбудсмен институтының рөлі» тақырыбына

050303 «Құқық қорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша

Орындаған: Хайруллина Альмира Әбдікәрімқызы

әкімшілік құқықтық мамандық, 2007

жылы қабылданған 402-ші оқу тобы

Ғылыми жетекші: кафедра бастығы, з. ғ. к.,

полиция полковнигі

Амитов Шамшидин Егембердіұлы

АЛМАТЫ 2011

Ж О С П А Р

Кіріспе . . . 3

1. Адам және азамат құқықтарын қорғау институтының қалыптасуы және қазіргі жағдайы.

1. 1. Адам және азамат құқықтарын қорғау институтының қалыптасу тарихы және даму кезеңдері . . . 7

1. 2. . Омбудсмен институтының қазіргі заманғы жағдайы . . . 16

2. Омбудсмен институтының мемлекеттік органдар арасындағы орыны.

2. 1. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық мемлекеттік институттар . . . 25

2. 2. Қазақстан Республикасының Президенті - адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілі ретінде . . . 29

2. 3 . Адам және азамат құқықтарын қамтамасыз етуде атқарушы билік органдарының алатын орны . . . 36

3. Ішкі істер органдарының қызметінде адам құқықтарын сақталуын бақылаудағы Омбудсмен институтының рөлі.

3. 1. Биліктің өкілетті органдарымен азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету . . . 44

3. 2. Адам құқықтарын, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ІІО-ның қызметі . . . 50

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60


КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі адам және азамат құқықтарын қорғау институтының Ішкі істер органдарының қызметін бақылаындағы атқаратын рөлі және олардың ара қатынасы.

Адам құқығы өзінің әлеуметтік, ұлттық және азаматтық құрамына

қарамастан көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі конституцияларының

ірге тасын қалады, яғни бекітіліп, кепілдік алып, мемлекет тарапынан

қорғалатын жағдайларға ие болды. Мемлекеттердің басым көпшілігінің адам

құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойынауы қазіргі қоғамдық

қозғалыс (социоцентристіктен антроцентристікке) бағыттарын анықтауға

мүмкіндік берді. Адам құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел

ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады

немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады.

Сондықтан адам құқығы жалпы алғанда мемлекеттен жоғары тұратын

институт сипатында бекітілді. Бұған әлемдік қауымдастықтың қалыптасуы

және көптеген мемлекеттердің БҰҰ шеңберінде қабылданған адам

құқығының халықаралық стандарттарын мойындаулары куә болып отыр.

Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік практика мен саяси ойлаудағы

көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып

табылуы қажет.

Әлемдік көлемде таралып жатқан саяси процесстер («әлемдік

социалистік жүйенің» құлдырауы, ядролық соғыс қаупі, жаңа әлемдік

тәртіптің орнауы, жаһандану) әлемдік саясаттың жаһандық сипатын, оның

жекелеген адам тағдырына, өміріне, құқығы мен бостандығына әсерінің зор

екенін көрсетіп отыр. Әлемдік жаңа саяси нақты жағдайларға сәйкес адам

құқығы мен бостандығын барынша толығырақ жүзеге асыру мәселесі өзекті

мәселелердің біріне айналуда. Күштеу мен наша сату, халықаралық

терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар және т. б. қауіптер жекелеген

адамның саяси мәртебесіне нұқсан келтіру жағдайларына орын берді, яғни

әлемдік саясат көлемінде адам құқығына қатысты немқұрайлы

қатынастарға жиі жол берілді.

Диплом жұмысының мақсаты - Ішкі істер органдары мен адам және азамат құқықтары институтының ара қатынасы кезінде туындайтын мәселелерді талқылау. Омбудсмен институты түсінігін толықтап ашу және заңмен адам құқықтарын қорғаудағы құқықтық мәртебені талқылау арқылы заңның кейбір бөлімдеріне қатысты пікірлерді ойларды тұжырымдау.

Адам құқығын қамтамасыз ету құралдары ретінде практикада

қолданысқа түскен әр түрлі жолдар, суверенитетті шектеу және

«гуманитарлық интервенция» әлемдік қауымдастық тарапынан біркелкі

бағаланбады және белгілі бір дағдарыстық ахуал тудырды (әсіресе Косово

мен Ирактағы оқиғаларға қатысты) . Біздің көзқарасымыз бойынша адам

құқығы - әлемдік қауымдастықта немесе белгілі бір мемлекет ішіндегі саяси

және әлеуметтік - экономикалық процесстер нәтижесінде пайда болған

өзінің ішкі қайшылықтары бар, оны әлі де жетілдіруді талап ететін, ашық

жүйе. Адам құқығы жүйесіндегі аталмыш қайшылықтарды шешу, әлемдік

жаһандану мен халықаралық - саяси қарама - қайшылықтар жағдайында

адам құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету маңызды ғылыми

талдауды қажет етеді.

Өкінішке орай, жеке азаматтарға қатысты алғанда адам құқығы мен

бостандықтарының бұзылуының көпшілігі барлық құрылықтарда мемлекет

тарапынан болып отыр (азаматтық, сөз және өз пікірін білдіру бостандығы,

ұйымға бірігу бостандығы, жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы т. б. ),

соның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар, қоғамдағы

әртүрлі экономикалық және саяси күштердің күресі. Адам болмысындағы

көптеген маңызды сұрақтардың шешімін таппауы, тұтастай алғанда

меммлекеттердің әлеуметтік, саяси және азаматтық құқықтар мен

бостандықтарды бұзуы мен аяқ асты етуі - қазіргі кезеңнің нақты көрінісі

міне осындай.

Қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыстар мен ағымдардың пайда болуы

адам құқықтары мен бостандықтарының үздіксіз дамуына, адам құқықтары

мен бостандықтарының мазмұнын кеңейтуге ықпал етеді. Ғылыми -

техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған мәселелер, соның ішінде

биология мен генетика, жаһандық ақпараттану, экология және биоресурстар

жекелеген адамның мүддесін білдіретін саяси шешімдер қабылдауды талап

етеді. Адам құқықтары мен бостандықтар аясының, мазмұнының, жүзеге

асырылу мүмкіндіктерінің кеңеюі осы бағыттағы мемлекеттік сяасаттың

жүзеге асырылуын қажет етеді. Сондықтан адам құқығы көзқарастары,

әлемдік саясаттың және халықаралық әрекеттер мен әлемдегі көптеген

мемлекеттердің сыртқы саясатының басты бір реттеуші күші бола отыра

әлемдегі құқықтық, саяси, адамгершілік және әлеуметтік жаңа көзқарасын

қалыптастыруды талап етеді. Адам құқығы мен бостандығы мәселесі

аталмыш саладағы ахуалдардың щиеленісуіне байланысты ұлттық, аймақтық

және халықаралық деңгейде әлеуметтік практиканың барлығында ерекше

маңызға ие болады.

Адам құқығы мен бостандығы көпқырлы, күрделі құбылыс ретінде

қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Әр түрлі әлемдік

көзқарастарға, әдістемелік тәсілдер мен саяси ұстанымдарға негізделген

адам құқығы мен бостандығын елестету қоғамдағы адам құқығы туралы

ұғымдар нысандарының жиынтығын береді. Адам бостандықтары, оның

құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие

болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты:

алдыменен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа

құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан

танылды.

Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің басым көпшілігі адам құқықтары мен

бостандықтарын тек қана адамның мемлекетпен қатынасы деп пайымдайды.

Бұл аталмыш құқықтардың тігінен әрекет етуі деп аталады. Адам

құқығының адамдар арасындағы қатынасқа қатысты әдістемесі мен

терминологиясын (бұл құқықтардың көлденең әрекет етуі деп аталады)

практикада қолдану өз нәтижесін бермеді. Адам құқығы туралы айтқан

кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз

дейді М. Новицкий. Жалпы алғанда, құқықтар мен бостандықтарға қатысты

жағдайлардың барлығы адамның өкіметпен тығыз байланысы негізінде іске

асырылады, және бұл аталмыш қатынастардың үш түрлі жолдарының пайда

болуына әсерін тигізді. Қоғамдық қатынастардың қалыптасуы адамның

өкіметпен қатынасының қандай жолды таңдап алуына байланысты болады.

Бірінші тәсілге сәйкес алғашқы өкімет адамдарға белгілі бір құқықтарды

береді. Екінші тәсіл өкімет пен халық арасындағы қоғамдық келісім (шын

мәнінде конституция нысанындағы) сипатында іске асырылады. Үшінші

тәсілге сәйкес табиғи және ажыратылмайтын құқықтарға ие болған адамдар

мемлекетті құру мен билікті қалыптастыру мәселесін шешеді, яғни адамдар

өмірін жақсартуды негізгі міндет етіп қояды. Үшінші тәсіл өкіметтің тек қана

заңмен рұқсат етілген әрекеттерді ғана іске асыруын, ал адамдардың заңмен

тиым салынбаған әрекеттің барлығын жасай алуын қарастырады. Адам

құқығы көзқарасының мәні де осында.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

Омбудсмен институтын түсіну мақсатымен оның даму тарихын және қалыптасуын түсіндіру;

Адам құқықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының ролін саралауға әкімшілік-құқықтық сипаттама беру;

Ішкі істер органдарының жүргізетін адам құқықтарын қамтамасыз етуін талқылау.

Диплом жұмысының заты және объектісі . Қарастырылатын жұмыстың мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі адам құқықтарының ішкі істер органдарындағы қатынасты талқылау болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, оның ішінде сұрақтардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Құқықтар мен бостандықтардың қазіргі көзқарастары адам

құқықтарының қорғалуының әр түрлі аясында мемлекетте міндетті заңдылық

нормаларды қалыптастыруда жалпы танылған халықаралық актілерде

нақты бейнеленеді. Бұл халықаралық - құқықтық актілер әртүрлі мәдени

және тарихи жағдйларды мойындаған мемлекеттің адам құқығын қорғаудың

ең төменгі деңгейдегі үлгісін құрайды. Белгілі бір деңгейде анықталған адам

құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы - бұл әртүрлі елдерде

өзіндік нәтижеге ие болған саяси күрестердің жемісі. Құқықтар мен

бостандықтардың құрамы қоғамның әлеуметтік - экономикалық, саяси және

мәдени даму деңгейіне, саяси тәртіпке, қоғамдық - саяси күштердің

орналасуына сәйкес толықтырылып отырады. Әлемдік қауымдастықтың

(БҰҰ, Еуропа Кеңесі басқа да аймақтық жүйелер аясында) адам құқығының

жекелеген елдерде әлемдік стандартын құрастыруы сол елдің өзіне тән адам

құқығына қатысты көзқарасының қалыптасуына, саяси, әлеуметтік-

экономикалық жағдайының, мәдениетінің, дәстүрінің даму деңгейін

көрсететін өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының құрамын

кеңейтуге ықпалын тигізеді. Егер мысалы, еуропалық мәдениетте көптеген

жағдайда жеке тұлғаға артықшылықпен қарайтын либералдық үлгі орын

алған болса, ал шығыстық мәдениетте адам құқығы толықтай қоғам мен

мемлекеттің мүддесіне бағындырылған. Сондықтан, әлеуметтік практикада

адам құқығы кез келген қоғамдық жүйеге жұмыс істейтін және біркелкі

болуы тиіс емес. Адам құқығына қатысты жаңа қоғамдық құбылыстардың

пайда болуы, адам құқығы туралы ағымдардың өзіндік талқылануы, «адам

құқығы» ұғымы көлемінің ұлғаюы адам құқығы туралы ой - пікірлерге

өзгерістер енгізуді ғана емес, сонымен бірге оның ары қарай ғылыми

зерттелуін де қажет екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық және демократиялық мемлекет

деп жариялай отырып, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қатынасты сапалы түрде жаңартудың қажет екенін, жеке тұлғаның әлеуметтік және моральдық құндылықтарының жоғары тұру керектігін сезінеді. Мемлекеттік билік, оның құрылымы және әрекет етуі адам құқығы мен бостандығына негізделуі қажет, мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесінің мазмұны адамға, оның құқықтары мен бостандықтарына тәуелді болуы тиіс. [1, 5бет]

  1. Адам және адамзат құқықтарын қорғау институтының қалыптасу тарихы және даму кезеңдері.

Адам құқықтары көптеген мыңжылдықтар бойы адамзаттың басты назарында болды. Жеке тұлғалар мен биліктің өзара қатынас әдістерін іздеу үрдісі тұрақты түрде жүріп отырды. Адам құқықтарының мәселесі өмірге, ар-намысқа, тұлғаның ұол сұғылмаушылығына, нанымның бостандығына құқығы адам өмірінің қажетті шарты болғандықтан, әрқашанда өткір таптық шайқастардың, әр түрлі соғыстар мен көтерілістердің себепшісі болды. Адамзат дамуының әрбір сатысында жаңа ұрпақ, өзіінің құқықтарын қорғай отырып, субъектілерге таралған бостандық шеңберін кеңейту және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тарапынан туындайтын немқұрайлық әрекеттерін шектеуге қол жеткізуге талпынғандығы сирек емес.

Адам құқықтары қоғам мен мемлекеттің тіршілік етуінің барлық солаларында көпқырлы мүдделерге ие тұлға болған барлық жерлерде құқықтық қорғануды талап етеді. Мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету сәтінде туындаған міндеттерді жузеге асырудың басты құралының бірі ретінде қоғамдағы тұлға құқықтарын жан-жақты сақтау, сонымен қатар оларды бұзу мезетінде занды әдістермен қорғау мүмкіндігін құрайтын шарттарды туғызу қарастырылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік басқару органдарының немқұрайлықтары мен шендердің билікпен қиянат қорғау механизмдердің ішінен ерекше орынға омбудсмен институты ие.

Адам құқығы - адам дамуының барлық кезеңдерінде ең маңызды,

адамзатты толғандырған басты мәселелердің бірі болып келді. Саяси,

құқықтық, философиялық, діни және этикалық ойлардың барлығы адам

құқығының мәселесіне келіп тіреледі. Өмір сүру құқығы, жеке басқа, қадір

қасиетке қол сұғылмаушылық, ар намыс және сенім еркіндігі адам өмірінің

маңызды шарттары болып табылғандықтан адам құқығының мәселесі әр

түрлі соғыстардың, көтерілістердің және қозғалыстардың себепкері болды. .

Адамзат тарихының әр дәуірі адам құқығы мен бостандығын өз дәуіріне

сәйкес анықтап, оның мәні мен мағынасына өзіндік ерекшеліктерін енгізді.

Жаңа дәуір азаматтары өз құқықтары үшін күресіп, құқықтары мен

бостандықтарын кеңейте түсті[2, 192б] . Мысалы, антикалық құл алғашқы қоғам

адамдарына қарағанда еркінірек болса, ортағасырлық шаруа антикалық құлға

қарағанда еркінірек болды, т. с. с.

Еңбектің бөлінуі, өндірістің ұлғаюы, жеке меншіктің пайда болуы жеке

меншікті қорғауға бағытталған нормалардың пайда болуына әсерін тигізді.

Аталмыш құқықтық нормалар бостандықтағы адамдарға бағытталған

төменгі деңгейдегі нормаларды қамтыды, ал құлдар бұл қатардан

шығарылып тасталды. Осы дәуірде (б. з. д. ХХІVғ) «бостандық» ұғымы

қалыптасты, бірақ бұл бостандық монарх Шумердің жесірлер, жетімдер,

қызметшілерінің билікке таласу барысындағы әділетсіз әрекеттеріне санкция

тағайындау арқылы келді.

Скандинавиялық текті заңды феноменнің ерекшкліктерін талдау екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдерінде басталды.

Омбудсмен алғаш рет 1809 жылы Швецияда құрылды, бірақ екінші дүние жүзілік соғыстан кеін ол әртүрлі құқық жүйелер мен басқару нысандарына ие мемлекететтермен заңды тұрғыдан мойындалды. Бұл барлық елдер бюрократиямен күресу мәселелермен кездесетіндігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар олрһар тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекет пен азаматтың арасындағы шиеленісті төмендетуге мүдделі. Атқарушы билік әрекетін ұйымдастыратын масштабтардың ең үлкені - мемлекетте. Мемлекеттің әкімшілік қызметтерін кеңейтумен Омбудсмен институтының кеңеюі оның дүниежүзінің елдерінің көбінде конституциялық-саяси жүйеге енуімен түсіндіріледі. Мемлекеттік-әкімшілік органдар мен азаматтар арасындағы қақтығыстардың пайда болуына, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің санының тұрақты өсуі, құқық нормалар мен ережелердің үлкен мөлшері де, атқарушы биліктің әрекетінде парламенттің ақпаратық жеткіліксіздігі де әкімшілік соттардың шамадан артық әрекетіне де т. б. әсер етті.

Швецияда, Финляндияда (1919), Норвегияда(1952), Данияда(1953) адам құқықтары жөніндегі уәклді парламенттік омбудсмен деп, Ұлыбританияда(1967) - парламенттік комиссиялар, Кипрда(1991) -әкімшілік істер жөнінде комиссар, Нидерландыда(1983) б- ұлттық омбудсмен, Грецияда(1969) - азаматтардың қорғаушысы, Австралияда - халықтың қорғаушысы, Испанида (1978) - халықтың қорғаушысы, Македонияда (1991) - ұлттық құқық қорғаушы, Молдавияда (1997) - парламенттік адвокат, Польшада (1987) - азамат құқықтары жөнінде өкіл, Францияда (1973) - Франция Республикасының делдалы, Португалияда (1976) - сот төрелігі істері жөнінде уәкіл (проведер) деп атайды. Омбудсмен институты мемлекеттерге әртүрлі аталса да, бір мағынаға ие - мемлекеттегі шенеунік тарапынан билікпен қиянат ету мен немқұрайлық әрекеттерден адам құқықтарын қорғау.

XIX ғасырдағы қоғамдық қатынастардың өзгеруі Швецияда король мен парламенттің кең өкілеттіктерін теңестіретін конституциялық нормаларды туғызады. Соңғысына парламент пен басқа да билік органдарының заң актілерін сақтауын бақылайтын арнайы парламенттік комиссарды ( омбудсменді ) сайлау құқыңы берілді. Басынан бастап бұл орган атқарушы билік пен басқа да органдардың әрекетін конституциялық бақылау қызметтеріне ие болды. Сонымен қатар ол әкімшілік тарапынан туындайтын немқұрайлықтан азамат құқықтарын қорғауды жақсартуға мүмкіндік туғызады.

«Омбудсмен» - швед сөзі, басқа тұлғалардың адвокаты, агенті, сондай-ақ өкілі болатын тұлңаны білдірді. Біреулер бұл термин неміс тегінен шықты деп есептесе, басқалары исландиялық тамырлары бар деп көзқарастарынан білдірді. Теоретикалық тұрғыдан қарағанда, «омбудсмен» термині жинақтаушы ұғым болып табылады, яғни адам құқықтарын қорғаудағы арнайы қызметті білдіретін топтық түсінік ретінде қарастырылады. Мемлекеттік-құқықтық мағынада омбудсмен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауда парламентпен құзырет берілген және барлық мемлекеттік лауазымдарға кең бақылау жүргізуді жүзеге асыратын тәуелсіз тұлға деп танылады.

Омбудсмен институтының пайда болуына XIX ғасырдың басындағы қоғамдық қатынастардығ либеризациясы себеп болғандығы анық (бұл Швециядағы констиуциялық нормаларды тудырады) . 1809 жылы Рикстаг (мемлекеттің парламенті) парламентке арнайы парламенттік комиссарды (омбудсменді) сайлау құқығын беретін басқарушылық құжатты қабылады. Оған сәйкес арнайы парламенттік комиссар король мен парламенттің кең өкілеттіктерін теңестіру үшін парламент пен биліктің басқа да органдарының заң актілерді сақтайтын қадағалауды жүзеге асырады. 1809 жылы Швецияда күшіне енген конституциялық құжаттар бұрын ұқсастығы болмаған лауазымды riskens standlers justitle - ombudsman деп көрсетті. Кейін мемлекеттік органдардың бұндай құрылымы екі палаталы парламентпен ауысқандықтан, көрсетілген атау justitle - ombudsman дегенге ауысты. «Омбудсмен» түсінігінің өзі umbup дегеннен шықты. Швед тілінде бұл күш немесе абыройды білдірді. 1919 жылдан бастап осындай органдар да басқа елдерде де құрылып, құқықтық бақылау жүйесіне енді. Буржуазиялық құқықта бұл парламенттік және соттық бақылау деп, сонымен бірге әкімшілік органдарды бақылау деп сипатталады. Бұндай институтқа қажеттілік ең алдымен, қоғамда бар институттардың мемлекеттік бақылауы, бақылау міндеттері көлемінің қоғам мүшелерінің барлығын қанағаттандырмағанда туындады. Бұл уақытта « демократиялық мемлекеттегі әкімшілік немқұрайлыққа қарсы» азамат құқықтарын қосымша қорғау қажеттілігі пайда болады. Финляния, Швецияның бірінші көршісі ретінде Омбудсмен институтын 1919 жылдың 17 шілдедегі конституциясына еңгізілді. Ұқсас құрылым 1953 Данияда да ашылды. Онда кұқықтық жүйе англо-американдық және еуропалық континенталды құқықтық мәдениетіне жақын болғандықтан омбудсменнің дания моделі дүние жүзінде ең үлкен мәнге ие. Норвегиялық омбудсмен лауазым ретінде 1952 жылы 21 сәуірдегі парламенттің шешімімен еңгізілді. Алғашқы кездерде ол тек қарулы күштерге бақылады жүзеге асырған. 1962 жылы осындай орган азаматтық әкімшіліктің әрекетін бақылау үшін құрылған[3, 6 бет] .

1967 жылы Ұлыбританияда омбудсмен лауазымын құру үшін халықтың наразылығы, бюрократия тарапынан өскен қысым және құқықтық қорғау құралының тиімсіздігі негіз болды. Бастапқыда күшейту мәселелерін шешу арнайы әкішілік трибуналдың санын көбейту сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылды.

Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, қатаң бақылау қажет. Халықаралық құқық комиссиясының британдық бөлімшесімен дайындалған « Whyat Report » баяндамасы британдық жағдайларға бейімделген Омбудсмен институтын құруды ұсынды. Лейбористтік үкімет бұл ұсыныстарды қолдап, 1967 жылы Ұлыбританияда Омбудсмен ( парламенттік уәкіл - Parlamentary Commisioner ) институтының құрылуы жөнінде заң қабылданды. Омбудсменнің бақылау шеңбері басында тым шектеулі болды. Билік органдары 55 млн. тұрғыны бар елде шағымдардың көп болуынан күдіктенді. Сондықтан да жергілікті органдар бақылаудың объектісіне кірмеді, сонымен бірге оның қызметтері шектелді. Испанияның 1981 жылғы заңы бұл институтты португалиялық және француз үлгілерін қолдана отырып, конституциялық-саяси жүйесіне ең гізеді. Аймақтық омбудсмендер Швейцарияда, Бельгияда, Италияда әрекет етеді. Бұл институт Гаяна, Мавриний, Фиджи аралдарында т. б. дамып келе жатқан елдер де таралды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы
БҰҰ қызметіндегі адам құқығы мәселесінің қорғалуы
Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы элементі ретінде
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz