Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары


КІРІСПЕ
Ішкі туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзлік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт - дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір - түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдаң Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалы және басқа да аты аңызға айналған жнрлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын - ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмнің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастырдық:
- Ішкі туризм индустриясының даму мәселелері;
- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы;
- Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері;
- Ішкі туризмінің дамуының алғы шарттары;
- Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар;
Осыған байланысты курстық жұмыстың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден тұрады:
- Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;
- Қазақсанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру;
- Қазақсанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайына шолу жасау;
- Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу;
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг енгізілуі қажет.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстанның туризм индустриясын қалыптастырудың және дамытудың теориялық мәселелерін қарастыру, туризмнің аз тексерілген аспектілерінің мүмкіндіктерін ашу және әлемдік туристік индустрияға ену болашағын зерттеу.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының ішкі туризм индустриясы.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен болашағы.
Зерттеу міндеті:
- Ішкі туризмді дамыту мәселелеріне теориялық негіздеме жасау;
- Қазақстандағы ішкі туризмнің әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың әлеуметтік - экономиканың алғы шарттарын қарастыру.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШІКІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- Туризм туралы түсінік
Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы «Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980жылы) -деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі».
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло) : туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П. Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесуле мақсатында саяхаттау» - дейді.
Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде - әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдақ - экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г. А. Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П. В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады». Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема ойынша олар: экономикалық - әлеуметтік -географиялық - демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық. Аталғн факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи - географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк - экономикалық, материалды - техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс - сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау керек.
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай - ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т. б. өсуі.
- Қазақстандағы ішкітуризмнің қазіргі жағдай
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.
Туризм - әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. ДТҰ-ның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 жұмысшының орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризменен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнда, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейінгі үшінші орынды алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдақта да қала бермек. Ал туризмнінң өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар.
1993 жылы Қазақстан Республикасы ДТҰ - ға нақты мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі замаңғы инфрақұрылым саласының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізудің субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек Жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан ішкі туризмнің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы ішкі туристік қызметті реттеумен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуің, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына, және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басты сала деп анықтады.
Қазіргі туризм- бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату едлдің энергия көздері азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
- Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
- Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүние жүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы болйынша, туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын бестен тоғызға дейін жұмыс орыны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
- Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Қазақстанда ішкі туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұиымдастырушылық негізін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы « Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңдандыру. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2000 жж жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы » Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
Қазіргі уақытта 2000 - 2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысының « Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында » атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленеді.
Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Мақсаты. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шауашылық жүргізуші субъектілердің құрылу және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған туризм саласы Қазақстан Републикасында енді бой көтеріп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев « Мемлекеттің экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті салалардың бірі » деп біннеше рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр. Бұл бір қатар жағдайлармен анықталады, олар:
- Туристік инфрақұрылымның әлі де дами қоймағандығы;
- Шетел инвестициясын туризмге қызықтыратын қаржылық кредиттік жүйенің жетілмегендігі;
- Мемлекеттің көрікті орындарының және туристік жерлерінің шетелде жарнамаланбауы және жеткілікті насихатталмауы;
- Туризм саласында жоғары квалификацияланған мамандардың аздығы;
- Туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін ұиымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы, туризмнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.
Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану « Қазақстан 2030 » стратегиясын, « Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы », «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы» заңын және басқада нормативтік - құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірнші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалады:
- Туризм инфрақұрылымын дамыту;
- Туризмді мемлекттік ретту мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
- Елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
- Туристік әлеуетті арттыру;
- Рекриациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтарды қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің рөлі айқындалып келеді.
Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай - ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрылым сыртқа шығушылар туризімі дамыған.
Шығу туризмінің үлесі - 55 пайызды, ішкі - 51 пайызды, келу - 3 пайызды құрайды.
1) . Шығу - 55%, 2) . Ішкі - 42, 3) . Келу - 3%.
Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлері мен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген(4 Қосымша) . Бұл өңірдегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай - ақ шоп- турлар болып табылады.
Кесте - 1 Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) көлемі (млн. теңгеде)
2001жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туритсік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айтаоық, ішкі туризмді дамытудың 2003 -2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылы 329мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын бес жүз мың теңгеден және Қостанай облысында-1, 5 млн. теңге шегінде бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Статистка Агентігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейрамхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санатроий- профилакторий, 12 профилакторий, 5емдеу профилакорий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27демалыс үй, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4таушаңғылық базасы, 13 қонақ үй, 9аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмнің орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) -5.
2005жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа орналастыру орынының 340 жекеменшік нысанында, 22 - сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.
Елде үш, төрт, бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz