Тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Кедендік шекарадан тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принциптері
  2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметті басқару
  3. Негізгі кеден операцияларын жүргізу технологиясы
  1. АЗЫҚ - ТҮЛІКТІК ЕМЕС ТАУАРЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУМіндетті сертификаттаудан өтуге тиісті тауарларды импорттауХалықаралық сертификаттау
  2. КЕДЕНДІК САРАПТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУКедендік сараптама нысаны мен объектісіТауарлардың сенімділігіОрталық кедендік зертханаАумақтық кедендік зертхана
  3. КЕДЕНДІК САРАПТАМАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫКедендік құралдардың жалпы сипаттамасыТауарлар мен көлік құралдарынан бөлінетін радиоактивтілікті анықтауға арналған құралдарРентгендік тексеру техникасыИнспекциялық тексеру кешендері

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі кедендік органдарға артылған - ұлттық қауіпсіздікті, адам денсаулығы мен өмірін, қоршаған ортаны қорғау.

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық - импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.

Кеден ісін ұйымдастыру барысында әр түрлі сараптама жасауды талап ететін қазынашылық, бақылау, экономикалық, құқық қорғау сипатындағы ортақ міндеттердің біртұтас кешендері қарастырылады. Тауардың оңтайлы ассортименті мен сапасын анықтауда тауар сапасының сараптамасына ерекше мән беріледі. Сараптама адам қызметінің әр түрлі салаларында туындайтын проблемалық немесе даулы мәселелер бойынша негізделген шешімді қабылдау үшін қажетті сенімді, сараланған, объективті және тәуелсіз қорытынды алу мақсатымен сарапшылар жүргізетін ғылыми - тәжірибелік зерттеудің ерекше түрі болып табылады.

Кедендік қызметтердің басты міндеттерінің бірі кедендік шекара арқылы өтетін жүктердің, көлік құралдарының, заттардың, тұлғалардың жоғары өндірістегі және тиімді кедендік бақылауын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, тыйым салынған жеке контрабандалық жүктер, есірткілер ағымын барынша кеміту, сондай - ақ, қоршаған ортаға қауіп төндіретін жолаушылар мен коммерциялық жүктерді айқындау мен әшкерелеу болып табылады.

Бұл міндеттерге кедендік қызметтерді қайта құрылымдау, олардың қызмет тәжірибесіне озық технологияларды енгізу, тауарларды, көлік құралдарын және жолаушыларды кедендік бақылаудың әрбір нақты алаңында техникалық құралдарды кешенді қолдану арқылы анықталады.

ҚР-сы территориясына кіргізілетін өнім қауіпсіздігінің нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растау сертификаттау жүргізу немесе шетелдік сертификаттауды мойындау арқылы жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі уақыттаға көкейкесті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның БСҰ-ға (Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы) мүше болуымен байланысты. Тауар сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту керек.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1 Кедендік шекарадан тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принциптері

Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе іргетасының - тұтастай өзгеруін қажет етеді.

Бұл процесті талдаудың бірінші буынына әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып бағаланады.

Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.

Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды: қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу; бәсекелесікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту және т. б.

Осыған сәйкес 1995 жылы 20 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Заңы қабылданды.

1991 жылы Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі экономиканың ең маңызды салаларымен бір қатарда тұр.

Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кеденді одақ және еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық бірігуді одан әрі дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде келісімдер жасау дегенді білдіреді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республика кедені шекарасында және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы.

Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар және транспорттық құралдарын өткізудің негізгі қағидаларын қарасытру керек; 1 қаңтардағы Қазақстан Респуликасының Президентінің Жарлығында қабылданған.

Бірінші принцип. Республиканың кедендік территориясына тауарлар мен транспорттық құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығару жатады. Мұнда кедендік территорияға жататындар: еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі.

Екінші принцип. Республикаға тауарлар, транспорттық құралдарды енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы принципті ескере отырып, мұндай қарама - қайшылық тәжірибеде болатын тауарлар және транспорттық құралдарды енгізу, шығаруға шек қоюға қажеттілікпен түсіндіріледі. Оның мынадай себептері бар:

  • Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі (стратегиялық маңызды салалар өнімдер шығару, тауарлы - материалдық құндылықтарды, есірткі заттарын, бактериологиялық қару, жаппай жою қаруларын контрабандалық жолмен шекарадан өткізу, сапа стандарттарына сәйкес емес тауарларды кіргізу және т. б. ) ;
  • Азаматтардың заңды және жеке тұлғаларының денсаулығына қауіп, өсімдіктер және жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
  • Қазақстан Республикасының шығармашылық, тарихи және археологиялық мұрасына қауіп;
  • Меншік құқығына, оның ішінде интеллектуалды меншік құқығына қауіп;
  • Әкелінетін және шығарылатын тауарлар, транспорттық құралдар сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіпті.

Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.

Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.

Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискацияланып, соттың шешімімен мемлекет меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.

Үшінші принцип. Тауарлар және транспорттық құралдарды әкелу мен шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер - заңды акті түрінде 30 күннен кейін күшіне енеді.

Төртінші принцип. Тауарлар және транспорттық құралдардың кедендік шекара арқылы өту принципі - кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл принцип бірінші принциптің салдары және құрамдас бөлігі болып келеді.

Оның мағынасы мынада: шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлем байланысты болады. Мұнда тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес 14 кедендік режим белгіленген.

Шекарадан өтпес бұрын тауарлар және транспорттық құралдар кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік территория периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.

Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.

Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен, кеден заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.

Процестің көп векторлылығын ескере отырып, тауар және транспорттық құралдардың кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.

Бесінші принцип. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар және транспорттық құралдарды тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы, экспортқа арналған тауарлар кедендік территориядан тыс жерлерде өңделе алмайды.

Соңғы принцип - шартты шығарылған тауарлар мен транспорттық құралдарды пайдалану және қолдану принципі. Бұларға кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі берілген мақсаттар мен кеден органдары белгіленген түрлі шарттарды орындауға міндеттенеді.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметті басқару

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы- елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан - жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Мысалы, АҚШ - та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.

Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кеден және кедендік бекеттері бар.

Қазақстан Республикасындағы кедендік саясатты жүзеге асырушы орган - қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі» Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.

«Кедендік іс жөніндегі» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта («Атакент» - іскерлік ынтымақтастық Орталығы және Хоргос) орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.

Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарасытырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік. Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы.

Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамасыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленеді.

Орталық кеден органы кедендік қызметтің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалды құрылымның негізін құраушы элемент болып Кеден есептеледі.

Кеден дегеніміз - кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген және тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.

Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі төмендегі жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.

Қазақстанның кедендік органдар жүйесі

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ болуы - жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөлігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жергілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.

Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы, яғни, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы - Кедендік комитеті.

Кедендік органдардың негізгі қызметтері:

  1. Біріншіден, олар Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;
  2. Екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғайды;
  3. Үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т. б.

Негізгі функциялардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.

Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және елдегі кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.

ҚР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасайды, лардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасз етеді.

Кедендік басқармалар - орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арасындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасының кедендері - кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.

Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік- саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын - соңды кедендік бақылау (тексеру) кедендік шекарада орналасқан нүктелерде ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни, кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша негізгі жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылды.

Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі таңда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен байланыстырды, шекара маңыындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді. Бұл кедендерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың, сонымен бірге, пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.

Кедендік бекет - кедендік органдар жүйесінің алғашқы буыны, ол белгілі бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда (мысалы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын) кедендік құжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.

Кедендік бекет төмендегідей негізгі міндеттерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік құжаттарды толтырады.

Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келді.

Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кеден басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың қызметтерін қарасытрғанда, оның құрамы 16 бөлімнен тұрады:

  1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі - Қазақстан Респубикасының Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:
  • Еркін айналым үшін тауарларды шығару;
  • Тауарлардың реимпорты;
  • Тауарлар импорты;
  • Тауарлар реэкспорты;
  • Тауарлар экспорты;
  • Тауарларды жою;
  • Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
  • Салықсыз сауда дүкені;
  • Кедендік қойма;
  • Еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
  • Тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
  • ҚР-ның кеден территориясында тауарларды өңдеу;
  • Кедендік тексеру арқылы тауарларды өңдеу;
  • Уақытша сақтау қоймасы;
  • Кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өңдеу;
  • Жүктердің кедендік құжаттарын дайындау.
  1. Кедендік төлемдер бөлімі - кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режимге сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдарды белгілейді және жинайды; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлар әсернен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсуі мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік - банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операцияларды аудиторлық тексеруден өткізеді.
  2. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі - контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу жүргізеді; оперативтік тергеу қызметін жүзеге асырады; тексерудің техникалық құралдары мен арнайы дайындалған із кесуші иттерді қолдану арқылы есірткі заттар мен жарылғыш құралдар контрабандасы фактілерін анықтау шараларын жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.
  3. Кедендік қорғау мен режим бөлімі - кедендік шекараны, кедендік орган оюъектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару - жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдану ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  4. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі - «транзит» атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит (ІКТ) шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды; «Тауарлар экспорты» және «Тауарлар реэкспорты» деген кедендік режимге енгізілген тауарлардың іс жүзінде шетке шығарылуына бақылау жасайды.
  5. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі - кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.
  6. Өзіндік қауіпсіздік қызметі - кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттардың шетке шығуына тыйым салады.
  7. Кадрлар бөлімі - кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарында тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
  8. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі - кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.
  9. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауардарымен, қызмет органымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.
  10. Құжаттың қамтамасыз ету бөлімі - құжаттау және іс қағаздарын толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
  11. Ақпараттарды қорғау қызметі - кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери - дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
  12. Заң қызметі - кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, кедендік басқармалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды; ҚР-ғы заң актілері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.
  13. Пресс қызметі - халықаралық жіберулерді - ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдері бар «М» атты қапшықтардың кедендік құжаттарын дайынайды.
  14. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі - кедендік қызмет мәселелері бойынша елщіліктер және өкілдермен кездесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.
  15. Акциздік кедендік бекет - тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Негізгі кеден операцияларын жүргізу технологиясы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Кедендік операцияларды жүргізу тәртібі
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Астана жаңа қаласындағы кеден органында тауарларды ресімдеудің ерекшеліктері
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz