Коммерциялық банктің негізгі операциялары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекемелер ерекше орын алады, себебі оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды өзіне тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.

Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің ақша қаражаттарын салым түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып: тұтынушымен жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (жинақ сертификаттары) .

Банктік саясаттың маңыздысы болып ресурс базасын қалыптастыру саналады. Банкпен пассивтік операцияларды жүргізу процесіндегі ресурстық базаны қалыптастыру оның активті операцияларға қатынасы бойынша тарихи маңызды және айқындаушы рольді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларды жүргізу барысында қалыптасады, несиелік ұйымның қызметтерінің тұрақтылығы осы операцияларды тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай ресурстық потенциалды өсіру және оның тұрақтылығын пассивтарды тиімді басқару арқылы қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Салымдар банктер үшін ең негізгі өндіріс факторы болып табылады, себебі, олар банктердің несиелерін қаржыландыру мен бағалы қағаздарды сатып алуға қажетті қаражат көзін құраушы қаражат. Ал, банктер тарапынан жүргізілетін операциялар, яғни несие беру мен бағалы қағаздарды сатып алу банктің ұзақ мерзімді жұмысын қаржыландыруға қажетті пайда алуға көмектеседі.

Бұл жүйені өзара байланысты үзіліссіз механизм деп қарауға болады. Ашып айтқанда, банктер тарапынан берілетін несие кіші және орта бизнестің, жалпы өндірістің дамуына әсерін тигізеді, яғни өндірістің өсуі - ол экономиканың өсуі, нәтижесінде экономикасы тұрақталған елдің халқының жағдайы түзеліп, банктерге өз артық қаражаттарын салып, банктің ресурстарының көлемін арттыруға себепші болады.

Міне, депозиттік саясаттың еліміздің экономикасына тигізетін әсерінің зор екенін ескере отырып, мен дипломдық жұмысымда осы мәселе төңірегінде қарастыруды жөн көрдім. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері болып - депозиттік операциялармен депозиттік саясат және де келесі мәселелер табылады;

  • банктік ресурстардың жіктелуі қарастырылған;
  • Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жіктемесі берілген және олардың ерекшеліктері қарастырылған;
  • Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері зерттелінген, оның негізі және қалыптастыру принциптері, мақсаты мен бағыттары ашып қарастырылған;
  • Депозиттік нарыққа республикалық және жергілікті деңгейде зерттеу жүргізілген;
  • Банктік жүйеде субъектінің қызметіне заңды және жеке тұлғалардан қаражаттарды тарту сферасында зерттеу жүргізілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - депозит ұғымының мәнін ашып, депозиттік саясатты жүргізудің қажеттілігін көрсетіп, коммерциялық банктер тарапынан жүргізілетін депозиттік саясатты дамытудың, оны тиімді түрде жүзеге асырудың жолдарын, әрине, депозиттік нарық басқа нарық сияқты қиындықсыз болмайды, осы қиындықтардан шығудың тиімді бағыттарын іздестіріп, мүмкіндігінше ашып қарастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеті - депозиттік саясаттың даму дәрежесін көрсету, және де қазіргі жағдайды жақсарту жолдарын, банктің депозиттік қызмет сегменттерінің өсу факторларын және жаңа ойларды іздеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып, коммерциялық банктің ресурстық потенциалын жоғарлату және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету табылады.

Зерттеу объектісі «БТА Банкі» АҚ ның қызметтері табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын

қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Коммерциялық банктердегі депозиттер және депозиттік

операцияларды ұйымдастыру

Қазіргі кездегі банктік тәжірибе депозиттердің және депозиттік шоттардың көптеген түрлерімен сипатталады. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта клиенттердің әр түрлі топтарының сұраныстарын банктік ресурстармен қанағаттандыру және олардың уақытша бос ақша қаражаттарын тартумен негізделген.

ҚР «Банктер және банктік қызметтер туралы» заңында депозитке келесі анықтама берілген;

Депозит (салым) - бір тұлға басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде ҰБ) аталған күйінде қайтарылуға тиіс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгілі бір мерзім өткеннен кейін толық немесе бөлшектеп, алдын - ала келісілген үстемесімен немесе ондай үстемесіз, депозиторға тікелей қайтарылуға тиіс не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілуге тиістілігіне қарамастан беретін ақша. (2 - бап) .

Банктік салым - бұл салымшының белгілі бір шартпен банк басқаруына берген ақшасы. Банкке салынған уақытша бос ақшалар салымшылар үшін екі ролді атқарады; бір жағынан ақша ролінде, ал екінші жағынан - табыс әкелетін капитал ретінде деп бөледі.

Банк қызметінің маңызы оның атқаратын функциялары арқылы анықталынады, олардың негізгілері келесілер болып табылады:

  • Уақытша бос ақша қаражаттарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру;
  • Кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелеу;
  • Шаруашылықта төлемдерді және есеп-айырысуларды жүргізу;
  • Эмиссионды-құрылтайшылық функция;
  • Консультациялау, экономикалық және қаржылық ақпараттарды беру.

Уақытша бос ақша қаражаттарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру функциясын орындау арқылы, банктер ақшалай табыстарды және салым түріндегі жинақтарды шоғырландырады. Тартылған қаражаттарды банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелеуге қолданады. Коммерциялық банктердің функцияларының бірі төлем-есеп айырысу механизмін қамтамасыз ету болып табылады. Төлемдерде делдалдардың рөлін атқара отырып, банктер өзінің клиенттеріне төлем және есеп айырысумен байланысты операцияларды жүргізеді. Эмиссионды-құрылтайшылық функциясы коммерциялық банктермен бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыру жолымен жүргізіледі. Экономикалық жағдайларды тұрақты басқару мүмкіндіктеріне ие бола отырып, коммерциялық банктер клиенттерге консультациялық қызметтерді көрсетеді.

Банк операцияларының экономикалық негізін ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктің барлық операцияларын шартты түрде негізгі үш түрге бөлуге болады. (1 сурет) . :

  1. пассивтік операциялар (банкке қаражаттарды тарту және оларды ресурстарға қалыптастыру) ;
  2. активтік операциялар (банк ресурстарын орналастыру) ;
  3. активтік-пассивтік (банкпен клиенттің тапсырысы бойынша белгілі бір төлемді алу арқылы орындалатын комиссиондық, делдалдық операциялар) .

Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субъектілері сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша қаражаттары, яғни ресурстары болуы керек. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы, ресурстарды қалыптастыру проблемасы аса маңызды болып табылуда.

Банктің меншік қаражаттары дегеніміз - банкпен өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылатын әр түрлі қорлар, және де ағымдағы сонымен қатар өткен жыл нәтижесі бойынша алынған табыстар

Банктердің тартылған қаражаттары активті операцияларды әсіресе несиелік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттардың 90 % -дан көбін қамтамасыз етеді. Олар депозиттер сонымен қатар контокорренттік және корреспонденттік шоттар. Олардың маңызы өте зор. Несие ресурстары нарығында заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын мобилизациялай отырып, коммерциялық банктер олардың көмегімен халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, ақшаның капиталға айналуына септігін тигізеді, халықтың тұтыну несиесіне қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Банктермен тартылатын қаражаттардың құрамы әр алуан. Олардың бастылары болып, клиенттермен жұмыс істеу процесінде банктермен тартылған қаражаттар, яғни депозиттер, меншікті борыш міндеттемелерін шығарудан шоғырланған депозиттік және жинақ сертификаттары, вексельдер, облигациялар және басқа да несие мекемелерінен банкаралық несие және ҚРҰБ алынған қаражаттары жатады.

1-сурет. Коммерциялық банктің негізгі операциялары

Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі-бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салымдарға тарту операцияларын, сонымен қатар клиенттердің есеп айырысу шотындағы қаражаттарының қалдықтарын инвестициялық қызметке және несиелік ресурстарға пайдалануын айтамыз.

1 - кесте. Депозиттік операциялар бойынша пайыз ставкаларының

көлеміне міндетті резервтеудің ықпалы

% түрінде

Нарықтық пайыздық ставка

Резервтеу нормасындағы нақты

пайыздық ставка

15
10
5
Нарықтық пайыздық ставка: 10
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 11, 8
11, 1
10, 5
Нарықтық пайыздық ставка: 20
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 23, 6
22, 2
21
Нарықтық пайыздық ставка: 30
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 35, 4
33, 3
31, 5
Нарықтық пайыздық ставка: 40
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 47, 2
44, 4
42
Нарықтық пайыздық ставка: 50
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 59
55, 5
52, 5
Нарықтық пайыздық ставка: 60
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 70, 8
66, 6
63
Нарықтық пайыздық ставка: 70
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 82, 6
77, 7
73, 5
Нарықтық пайыздық ставка: 80
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 94, 4
88, 8
84
Нарықтық пайыздық ставка: 90
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 106, 2
99, 9
94, 5
Нарықтық пайыздық ставка: 100
Резервтеу нормасындағы нақтыпайыздық ставка: 118
111
105
Нарықтық пайыздық ставка: Ескерту: автормен Ұлттық банктің мәліметтері негізінде құрастырылған

Банктің депозиттік операциялары бойынша пайыз ставкаларының мөлшеріне міндетті резервтеудің ықпалының нәтижелері 1-кестеде берілген.

Депозиттік операция - кең ұғым, өйткені оларға банктің қаражаттарды салымдарға тартумен байланысты барлық қызметтері жатады. Пассивтік операциялардың бұл тобының ерекшелігі болып, банктің бұндай операциялар көлеміне бақылауының салыстырмалы түрде аз болуында, өйткені қаражаттарды салымдарға салу ынтасы клиенттерден туындайды. Осымен қатар, тәжірибеде көрсеткендей салымшыны банк төлейтін пайыздарымен қатар, банкке сақтауға тапсырылған қаражаттардың сенімділігі де қызықтырады.

  • Депозиттік операцияларды ұйымдастыру бірқатар принциптерді сақтау арқылы жүзеге асу керек;
  • Ағымдағы табыстарды алу және оларды болашақта алуға жағдайлар жасау;
  • Банк өтімділігінің шапшаңдығын қамтамасыз үшін депозиттік операцияларды басқарудағы (гибкая) иілгіш саясат;
  • Депозиттік саясат және активтер табыстылығының арасындағы келісімділік;
  • Клиенттерді тарту мақсатында банктік қызметтерді дамыту.

Депозиттік шоттар табиғаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін, олардың жіктелуіне негізіне келесідей критерилер қойылған; салым көздері, олардың бағытталу мақсаты, табыс әкелу дәрежесі және т. б, бірақ көбінесе критери ретінде салымшының категориясы және салымды алу формасы жиі қолданылады. Депозиттік операциялар келесідей болып жіктеледі:

  1. Салымшылар категориясына байланысты:
  • заңды тұлғалардың депозиттері (кәсіпорындар, ұйымдар, басқа банктер және т. б. ) ;
  • жеке тұлғалардың депозиттері. Экономикалық мазмұны бойынша:
  • Салымшылар категориясын есепке ала отырып;
  • Қайтарып алу формасы бойынша;
  • Сақтаудағы қаражаттарды қолдану тәртібі бойынша. Қаражаттарды алу формасы бойынша:
  • мерзімді депозиттер;
  • талап еткенге дейінгі депозиттер;
  • халықтың жинақ салымдары.

Депозиттердің жіктелуін қайтарып алу формасы бойынша толығырақ 3-суреттен көруге болады.

Батыс банктерінің тәжірибесінде депозиттерді қайтарып алу мүмкіндігі бойынша оларды келесі категорияларға бөледі:

  • «Тығыз қажет ақша», үлкен ықтималдықпен алуға болатын қаражаттар (мысалы, пайыз ставкасының өзгеруіне сезгіштік танытатын депозиттер) ;
  • Сенімсіз депозиттер, салынған қаражаттар көлемінің 25-30 % мөлшерінде алынуы мүмкін қаражаттар;
  • Тұрақты қаражаттар, (негізгі депозиттер) қайтарып алыну ықтималдығы ең төмен.

Қазақстан банктеріне оралатын болсақ, онда талап еткенге дейінгі депозиттерден бастайық, өйткені олар банктердің тартқан қаржаттарының құрылымында басым бөлігін алады. Сонымен, талап еткенге дейінгі депозиттер бұл-салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты ақшаларын қайтарып алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Оларға есеп айырысу, бюджеттік және басқа шоттардағы қаражаттарды мақсатты пайдалану немесе есеп айырысуларды жүргізумен байланысты қаражаттарды жатқызуға болады.

Талап еткенге дейінгі салымдар негізінен тұрақсыз, бұл коммерциялық банктер үшін оларды қолдану шеңберін шектейді. Осыған байланысты шот иелеріне төмен пайыз төленеді немесе тіптен төленбейді. Салымдарды тартудағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты коммерциялық банктер клиенттерді тартуға тырысады және талап еткенге дейінгі шот иелеріне қосымша қызметтер, сонымен қатар оларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолымен талап еткенге дейінгі салымдардың өсуін ынталандыруға тырысады. талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша банктер Қазақстан республикасының Ұлттық банкінде минималды резервті сақтауға міндетті.

ЛОРО
3 айға дейін
Мерзімді
3-6 айға дейін
қосымша салым-дар салынатын мерзімді
ЛОРО: Контокоррент
3 айға дейін: 6- 9 айға дейін
Мерзімді: Шартты
ЛОРО: Овердрафт
3 айға дейін: Ұсынушыға
ЛОРО: НОСТРО
3 айға дейін: 9 - 12 айға дейін
Мерзімді: Талап еткенге дейінгі
ЛОРО: 12 айдан жоғары
3 айға дейін: Ағымдағы шотта

1-сурет. Коммерциялық банктерден депозиттерді қайтарып алу формасы

бойынша жіктелуі

Талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша пайыз, салымшыға ереже бойынша жаңа күнтізбелік жылдың басында бір рет төленеді.

Талап еткенге дейінгі депозиттердің өтімділігі жоғары болып келеді. Олардың иелері талап еткенге дейінгі шоттарындағы қаражаттарын кез-келген уақытта қолдана алады. Осы шотқа ақшаны бөліктеп салуға және алуға, сонымен қатар толық шектеусіз алуға болады, және де осы шоттан ҚРҰБ бекіткен ережелерге сәйкес қолма-қол ақшаны алуға болады. Басқаша айтқанда, талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы болып олардың жоғары өтімділігі табылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттердің - иелері үшін басты кемшілігі болып шот бойынша төленетін пайыздың төмендігі табылады, ал банк үшін-өтімділікті ұстау мақсатында жоғары шапшаң резервтің болуының қажеттілігі. Осыған сәйкес, талап еткенге дейінгі депозиттік шоттың ерекшеліктерін былайша сипаттауға болады:

  • Ақшаны салу және алу ешбір шектеусіз кез-келген уақытта жүгізіледі;
  • Шот иесі банкке шотты қолданғаны үшін белгіленген тұрақты айлық ставка бойынша комиссия төлейді;
  • Банк талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттарды сақтағаны үшін төмен пайыздық ставка төлейді немесе тіптен төлемейді;
  • Банк талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша ҚРҰБ-тің міндетті резервтер қорына жоғары нормамен резервтерді аударады.

Талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттардың жоғары жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, ондағы минималды төмендемейтін қалдықты анықтауға болады және оны тұрақты несие ресурсы ретінде пайдалануға болады. Талап еткенге дейінгі салымдардың көмегімен банктің табыс алу есебі шығарылады, ал клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша шығындар минималды.

Көптеген коммерциялық банктерде талап еткенге дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар құрылымында басым бөлігін алады. Бірақ банк ресурсында бұл қаражаттардың үйлесімді ара салмағы болып 30-36% саналады. Қазақстанда бұл қаражаттардың үлесі айтарлықтай жоғары. Банктердің қаржылық ресурстарындағы талап еткенге дейінгі депозиттер үлесінің көбеюі, оның пайыздық шығынын азайтып және осы қаражаттарды банк активтерінде қолдануда айтарлықтай жоғары табыс алуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар есеп айырысу шоты-бұл пассивтің өзгермелі элементі. Сондықтан олардың несиелік капиталдағы жоғары үлесі банк өтімділігін өте қатты әлсіретеді. Осыған орай басқарудың маңызды мақсаты - банктің депозиттік базасының тиімді құрылымын анықтау болып табылады.

Банктер үшін маңыздылығы бойынша екінші орынды мерзімді депозиттер алады, өйткені олар тұрақты және банктерге салымшылардың салымдарын ұзақ уақыт ағымында пайдалануға мүмкіндік береді.

Мерзімді депозиттер - бұл банктерге белгілі-бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос қаражаттары болып табылады. Олар бойынша сыйақы салымның мерзімі мен мөлшеріне байланысты төленеді. Мерзімді салымның иесі оларды келісілген мерзімі өткеннен кейін басқара алатыны туралы жағдай, оларға өздерінің қаражаттарын банктерден мерзімінен бұрын алуға мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бірақ бұл жағдайда клиенттің салым бойынша пайыздық ставкасы төмендетіледі.

Мерзімді депозиттер негізінен мерзімдеріне байланысты жіктеледі;

  • айға дейінгі депозиттер;
  • айдан 6 айға дейінгі депозиттер;
  • 6 айдан 9 айға дейінгі депозиттер;
  • 9 айдан 12 айға дейінгі депозиттер;
  • 12 айдан жоғары мерзімдегі депозиттер.

Клиент үшін мерзімді депозиттік шоттың артықшылығы болып жоғары пайыз алу, ал банк үшін-өтімділікті төменгі оперативтік резервпен ұстаудың мүмкіндігі табылады. Клиенттер үшін мерзімді депозиттердің кемшілігі болып төменгі өтімділігі табылады. Ал банктер үшін кемшілік болып салымдарға жоғары пайыз төлеу табылады, ал ол өз кезегінде маржаның төмендеуіне алып келеді.

Мерзімді депозиттердің екі формасы бар:

  • мерзімі бекітілген мерзімді салым;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Мерзімді салымдарды-банк басқаруына белгілі-бір мерзімге және келісім шарттағы шарттар бойынша толық берілетін қаражаттар түсініледі, ал келісілген мерзімі өткеннен кейін мерзімді салым иесі кез-келген уақытта қайтарып ала алады. Мерзімді депозиттер бойынша клиентке төленетін сыйақы мөлшері салым мерзіміне, депозит сомасына және салымшымен келісім шарт шарттарын орындауына байланысты болады. Салым мерзімі ұзақ болған сайын және (немесе) салым сомасы көп болған сайын сыйақы көлемі де артады.

Алдын-ала алуы ескертілетін салымдар бойынша клиент салымды алу үшін ереже бойынша банкті алдын-ала келісім шартта көрсетілген мерзімді ескертуі қажет (ереже бойынша 1 дан 3, 3 дан 6, 6 дан 12 және 12 айдан жоғары) . Ескертілу мерзіміне байланысты салымдардың пайыздық ставкасы анықталады.

Егер салымшы салым сомасын өзгерткісі келсе-яғни азайтқысы немесе көбейткісі, онда ол келісім шартты бұзып, өзінің салымын жаңа шарттар бойынша қайта сала алады. Бірақ салым бойынша қаражатты салымшы мерзімінен бұрын алған жағдайда ол келісім шартта көрсетілген пайыздың бір бөлігін немесе толық пайызынан айырылады. Ереже бойынша, бұндай жағдайда пайыз талап еткенге дейінгі депозиттердің пайыз мөлшеріне дейін төмендетіледі.

Мерзімді салымдар бойынша пайыз ставкасын бекітудің басты факторы болып қаражаттарды орналастырған мерзім табылады; мерзімі ұзақ болған сайын, пайыз ставкасы да жоғары болып табылады. Маңызды кезеңдердің бірі болып табысты төлеудің жиілігі де табылады, төлем сирек болған сайын пайыздық ставканың деңгейі де жоғары болады. Сонымен қатар пайызды есептеудің әр түрлі әдістері де қолданылады.

Мерзімді депозиттерді тарту арқылы банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі.

Әлемдік банктік тәжірибеде мерзімді және талап еткенге дейінгі депозиттердің ортасындағы орынды жинақ депозиттері алады. Олар банк ресурстарында маңызды орынды алады.

Халықтың жинақ салымдары салым операцияларының шарттарына және мерзіміне байланысты жіктеледі;

  • мерзімді;
  • қосымша жарна салуға рұқсат етілген мерзімді салым;
  • шартты;
  • ұсынушыға;
  • талап еткенге дейінгі;
  • ағымдағы шотқа және басқалары.

Олар толық сомада немесе бөліктеп салынады және қайтарып алынады немесе ол жинақ кітапшаларын ұсынумен кепілдендіріледі. Жинақ салымдарына ақшалай жинақтарды сақтау немесе жинау мақсатындағы пайда болған салымдар жатады. Оларды, пайда болу ерекшеліктері, мақсатты сипаттағы қаражаттардың жинақталуы немесе табыстылықтың жоғары деңгейі (мерзімді депозиттерден төмен) сипаттайды.

Банктер үшін жинақ салымдарының артықшылықтары және кемшіліктері бар. Банктер үшін жинақ салымдарының артықшылығы болып, олардың көмегімен халықтың қолданбаған табыстары мобилизацияланады және өндірістік капиталға айналады. Ал банктер үшін кемшілігі болып салымдар бойынша жоғары пайыз төлеу қажеттілігі және осы салымдардың экономикалық, саяси және психалогиялық факторларға байланыстылығында, ол осы шоттардан қаражаттардың тез ағылу және банктің өтімділігін жоғалту қаупін арттырады.

Осы сұрақты қарастыруда келесі фактті айта кету қажет, отандық коммерциялық банктердің депозиттік саясатында шетел тәжірибесінің инструменттерін яғни нарықта басқа бағалы қағаз ұқсас айналыста жүретін депозиттік сертификаттарды қолдана бастауы болып табылады. Депозиттік сертификат теңгені ресми ақша бірлігі ретінде қолданатын Қазақстан немесе басқа елдер территориясында тіркелген заңды тұлғаларға беріледі, ал жинақ сертификаты теңгені заңды төлем құралы ретінде қолданатын Қазақстан және басқа елдер территориясында тұратын жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Депозиттік сертификаттың екі артықшылығы бар. Біріншіден, ол депозиттік саясаттың басқа құралдарына қарағанда биржа ойынының құралы болып табылуында және оның иесі қосымша табысты нарық конъюктурасының жағымды өзгеруі нәтижесінде алуы мүмкін. Екіншіден, үкімет кәсіпорындар депозиттерін қатыру мақсаты жүзеге асқан жағдайда нарықта еркін жүретін сертификат алу олардың иелеріне біршама іс-әрекет еркіндігін береді. Бұл жағдайда сертификат төлемнің балама құралы болып табылады. Ұсынушыға депозиттік және жинақ сертификаттарының бланкілерін ҚР Қаржы министрлігінен бағалы қағаздардың бланкілерін дайындауға лицензия алған полиграфиялық кәсіпорындар ғана дайындайды. Атаулы сертификаттардың бланкілерін банктердің өздері типографиялық, фотокопиялық және басқа да тәсілдермен жасай алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Мемлекетің бағалы қағаздары
Банктің активтік операциялары
Банктердің дамуы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz