Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Басқару факультеті

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

Аймақтық экономика пәні бойынша

СӨЖ

Тақырыбы: Аймақтағы экономиканы салааралық реттеу механизмі: Қостанай облысы мысалында

Орындағандар: Такабаева М.
Омарова А.
Султанова Г.
Абдрахманова М.
Исмаилов Р.
Әлеуметтік жұмыс мамандығы
3 курс 303 топ студенттері
Тексерген: Тоқтасынов С.У.

Алматы 2010

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5

ІІ Облыстың әлеуметтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІІ Экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Қостанай облысы - Қазақстанның солтүстігінде орналасқан облыс. Әкімшілік орталығы - Қостанай қаласы, аумағы - 196 мың км², халқының саны - 223.600 адам. Қостанай облысы 1936 жылдың 9 шілдесінде құрылды. Облыс аумағы 196000 шаршы км. құрайды. (Қазақстан аумағының 7, 7%). Қостанай қаласы облыстың әкімшілік, сауда, индустриялық, әлеуметтік және мәдени орталығы болып табылады. Ол далалы аймақта, Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Халқы 223.600 адамды құрайды, немесе жалпы халық санының 22%. Облыс құрамына 16 аудан және 4 қала кіреді. Өңірдің ең ірі елді мекендері: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара және Арқалық.
Облыстың жер қойнауы пайдалы қазбаларға, әсіресе темір кенге (магнетитті кеннің шығатын жері - Соколов, Сарыбай, Қашар, және қоңыр солитті темір - Аят темір-кен бассейні, Лисаковск кен орны) ерекше бай. Магнетитті кен мен қоңыр темірдің жалпы қоры 15, 7 млрд. тоннаны құрайды, оның жеңіл байытылатыны және байытылуды талап етпейтіні - 5, 7 млрд. тонна. Қостанай облысының жер қойнауы темір кенге, сұр тас көмірге, асбестке, отқа төзімді және кірпішті саз балшыққа, флюсті және цементті әктасқа, шынылы құмға, құрылыс тасына және басқаларға бай. Бокситтің 19, алтынның 7, біреуден күміс пен никельдің кен орындары ашылды.
Облыс экономикасының алдында тұрған міндеттердің бірі экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын және өсу нүктелерінің - бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады. Облыс экономиканы дамыту үшін қажетті әлеуетке ие: орналасқан жері географиялық тиімді, көрші өңірлерге автокөлік арқылы шыға алады, темір-жол қатынастарының желісі дамыған, электр энергиясымен және газбен жабдықталған, кәсіпорындар ТМД-ның және алыс шетелдердің ірі өнеркәсіптерімен тығыз ынтымақтастық орнықтырған, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеует бар. Озық өсу аймақтарын қалыптастыруда адами, инвестициялық және инновациялық капиталды ынталандыратын өнеркәсіп, сауда-қаражат, білім орталықтары тіректі қалаларда басымдыққа ие, олар өз алдына экономикалық өсу нүктелері болуға тиіс. Облыс экономикасы дамудың индустриялық-аграрлық бағытын ұстанады. Облыс экономикасында жалпы өңірлік өнімді өндірудегі өнеркәсіп үлесі шамамен 30 % құрайды. Облыста темір-кен кесектері, асбесттің және бокситтің республикалық көлемінің 100%-і, 80% астам темір-кені өндіріледі. Бүгінгі таңда облыстың негізгі өндіруші күштері 5 қалада шоғырланып отыр: Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара.
Қостанай қаласы - Қостанай облысының облыс орталығы, республикалық деңгейдегі өсу полюстерінің бірі болып табылады. Қала экономикалық қызметінің негізгі түрі: азық-түлік өндірісі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, және жиһаз жасау, баспа ісі, құрылыс материалдарын шығару, сауда, қызмет көрсету саласы. Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылуда. АЭА құру қала және облыс өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтады, соның ішінде: машина жасау, металургия, химия, агро өнеркәсіп кешені және құрылыс индустриясы өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Сол сияқты өңірлік деңгейдегі экономикалық өсудің тіректі нүктелері Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары болуға тиіс.
Рудный қаласы - облыстың ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп құрылымында жетекші орынды ССКӨБ АҚ - қара металлургиясы және оның флагманы алады. Кәсіпорынның негізгі өнімі - теміркенді шекемтастар, темір концентраты және агломерирленген кен. Қала экономикасына қызмет етуші кәсіпорындар және құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдары тірек етеді. Өнеркәсіптер 40-тан астам өнім өндіреді. Тауарлардың негізгі атаулары: темір кені, шекемтастар, отқа төзімді бұйымдар, жиһаз, есік және терезе блоктары, ұн, нан, макарон, шұжық, сүт өнімдері және т.б.
Лисаков қаласы - экономика жағынан тұрақты дамып келе жатқан қала. Экономикалық қызметінің негізгі түрі: тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылық техникасы, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, сауда, қызмет көрсету саласы. Қаланың тау-кен өндірісінің негізгі өндірісі: темір кені (Өркен ЖШС) және бокситтер (Қазақстан алюминийі КБРУ АҚ). Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты.
Жітіқара қаласы - Жітіқара ауданымен бірлескен және оның аудан орталығы болып табылады. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының дамуы басымдық мағынаға ие. Ірі өнеркәсіп - Қостанай минералдары АҚ - қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты. Қалада сол сияқты құрамында алтын бар кен өндіру және қайта өңдеу бойынша Метал Трейдинг ЖШС тау-кен өндіру кәсіпорны жұмыс істейді. Ірі өнеркәсіптердің тұрақты жұмысы ауданның тұрақты экономикалық өсуінің бастапқы факторларының бірі болып табылады.
Арқалық қаласы. Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық жүйесінде белгілі рөлін экономиканың өнеркәсіп секторы атқарады. Арқалықты құрылғаннан бері және осы күні қала қылып ұстап отырған кәсіпорын Қазақстан алюминийі АҚ Торғай боксит кен басқармасы болып табылады. Қаланың қолда бар минералдық-шикізат базасы тау-кен өндіру саласының дамуына ықпал етуі мүмкін (бокситтердің 6 кен орны, Жаңа-Арқалық қорғасынының пайда болуы, кендегі ілеспе компонентттер ретінде: иттрий, мыс, кадмий, алтын, күміс, қалайы, және т.б., жалпы кең тараған пайдалы қазбалар: кірпіш шикізаты, құрылыс тасы, құрылыс құмы).

Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу

2009 жылдың қаңтар-қарашасында облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 59 830, 3 млн. теңгеге шығарылды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3, 3% артық. Облыста барлығы 6713 агроқұрылым, оның ішінде 6 ӨК, 6 АҚ, 567 ЖШС, 4 мемлекеттік кәсіпорын және 6130 шаруа қожалығы бар. Облыста 15 селолық кредиттік серіктестігі құрылды, жарғы капиталы 750, 2 млн. теңге, қатысушылар саны -- 396 құрайды. 2010 жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 188866,3 млн. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.
2009 жылы егін шаруашылығының жалпы өнімі 115755,3 млн. теңгеге өндірілді, немесе 2008 жылға қарағанда - 163,8 пайыз. Ауыл шаруашылығы құрылымында егін шаруашылығының үлесі 61,2 пайызды құрайды. Облыс егіншілігін дамытудағы басымдылық астық өндіру болып қала береді, ол егін шаруашылығы жалпы өнімінің 84,5 % қамтиды. 2009 жылы астық алқабы 4159,1 мың гектарды құрды, ол 2008 жылғыдан 201,7 мың гектарға артық. Ұлғаю негізінен жарамсыз және тыңайған жерлерді айналымға тарту есебінен пайда болған. Негізгі астық дақылы бидай 3 843,7 мың гектар алқапқа орналастырылды, ол 2008 жылғыдан 174, 4 мың гектар көп. Соңғы жылдарда, 2004 жылдан бастап егін шаруашылығына ылғал сақтау жүйесінің енгізілуі астықтың тұрақты өнімінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және 2009 жылы астықтың өңдеуден кейінгі жалпы жиын көлемі 5899,3 мың тоннаны құрап, гектар түсімділігі - 15 центнерден айналды, бұл 2008 жылдан 1,9 центнерге артық. 2010 жылы ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алаңдары 3000 мың гектарға дейін өсті, немесе 2009 жылға қарағанда 36,4 пайызға артық. Жыл сайын нөлдік өңдеу бойынша жер өңдеу алаңдарын өсіру жүргізіліп жатыр: 2008 жылы - 266,1 мың гектар, 2009 жылы - 300 мың гектар, 2010 жылы - 360 мың гектар.
2009 жылы майлы дақылдар егістігі 76,0 мың гектарға орналасты, оның ішінде рапс - 64,5 мың гектар. 2008 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар егістігінің көлемі 19,4 мың гектар, рапс - 12,1 мың гектарға өсті. 2009 жылы астық 4159,1 мың гектар алқапта орылған, 5256,1 мың тонна бастырылған (бастапқы түскен салмағы) орташа гектар түсімділігі 12,7 центнерден айналды. Тұқым шаруашылығын дамыту үшін 2008 жылы 206,3 млн. теңге, 2009 жылы - 379,2 млн. теңге, оның ішінде элиталық тұқымдарды өндіруге - 332,9 млн. теңге бөлінді. Облыста 5 элиталық - тұқым шаруашылықтары жұмыс істейді. Сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсатында элиталық тұқым шаруашылықтары 2008 жылы 20 мың тонна элиталық тұқым, 2009 жылы - 20,5 мың тонна тұқым сатты, оның ішінде облыстан тыс жерлерге 2008 жылы - 1,6 мың тонна, 2009 жылы - 2,1 мың тонна сатылды. 53 тұқым қалыптастырушы шаруашылықтар шаруа және фермерлік қожалықтарды тұқымдармен қамтамасыз етті. 2009 жылдың өніміне 554,3 мың тонна көлемінде дәнді дақылдар тұқымы себілді, бұл қажеттіліктің 100 пайызын құрды.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2009 жылы 30,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізді, тыңайтылған алқап 702,7 мың гектар құрайды, бұл 2008 жылымен салыстырғанда 93,9 мың гектар артық және егіс алқабында 115,4 пайыз құрайды. Астық бағасының өсуіне байланысты бірінші сорттағы нан бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Облыста қоғамдық бастамалары негізінде бекітілген баға бойынша астық сатып алу арқылы 100 мың тонна көлемінде азық-түлік бидайының облыстық тұрақтандыру қоры құрылған. Қайта өндіруші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен бекітілген баға бойынша астық қабылдап, наубайханаларға сату үшін одан ұн жасайды.
Кесте - Қостанай облысы аудандарының жинау алқабы, дәнді-дақылдар өнімділігі және жалпы түсімі (2009 жыл)

Аудандар
Жинау алқабы (мың. га)
Дәнді-дақылдар жалпы түсімі
(мың.тонн)
жинау өнімділігі (цга)
Алтынсарин
182,3
255,2
14,0
Амангелді
70,0
77,0
11,0
Әулиекөл
192,5
231,0
12,0
Жангелді
8,0
6,0
7,5
Денисов
255,1
262,9
10,5
Жітіқара
203,9
168,8
8,3
Қамысты
307,3
353,3
11,5
Қарабалық
235,2
317,0
13,5
Қарасу
606,9
750,9
12,5
Қостанай
296,1
398,3
13,5
Мендіқара
254,5
409,6
16,1
Наурзым
222,3
222,3
10,0
Сарыкөл
315,7
473,4
15,0
Таран
150,9
154,5
10,0
Ұзынкөл
264,2
418,9
16,0
Фёдоров
356,8
507,9
14,2
Арқалық
226,3
260,4
12,0
Облыс бойынша барлығы
4148,0
5267,4
12,7
Ескерту - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша
1-кестеде Қостанай облысының аудандарының жинау алқабы, дәнді-дақылдар өнімділігі және жалпы түсімі келтірілген.
Ауыл шаруашылық өндірісін жаңғырту процесінде техниканың қаржы лизингі белгілі орын алады. Осы бағытта облыста КазАгро Ұлттық холдингке кіретін КазАгроФинанс АҚ және Астана - Финанс АҚ - лизингтік компанияларының филиалдары жақсы жұмыс жасайды. 2008-2009 жылдары облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне лизингке КазАгроФинанс АҚ ҚФ арқылы 9,6 млрд. теңге сомасында 647 бірлік техника және жабдықтар берілді, КазАгроФинанс ҚФ арқылы 2,5 млрд. теңге сомасында -137 бірлік берілді. 2009 жылы КазАгроФинанс АҚ ҚФ арқылы 2,9 млрд. теңгеге лизингке техника сатып алуға 53 тракторға, 70 комбайн, 34 егін сепкіш кешендері, 31 егін сепкіштер және өзге техниканың 20 бірлігіне тапсырыс берілді. Тапсырыстарды жинау жұмыстары жыл бойы жалғастырылуда. Мемлекеттік техника лизингі бағдарламасы бойынша ҚазАгроФинанс АҚ арқылы 2009 жылы 5 млрд. теңгеден артық сомаға 237 бірлік техника алынды.
Облыстың машина жасау және жөндеу-қалпына келтіру жөніндегі кәсіпорындары кең алымды дестелегіштер, тұқым сепкіштер, тиегіштер, астық тазалағыш және топырақ өңдегіш техникаларын, қосалқы бөлшектер, тораптар мен агрегаттар жасап шығарады, сол сияқты ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмысын жүргізеді. Ауыл шаруашылығының шағын және орта құрылымдарына егістік, егін орағы, химиялық өңдеу, сүді жер өңдеу, техника жөндеу жұмыстарында механикаландырылған қызмет көрсететін машина-технологиялық 3 станция (МТС) жұмыс жасайды. Иволга -Холдинг ЖШС құрамына кіретін Агротехмаш механикалық зауыты 5 кластағы К -744 (Казахстанец) тракторларын құрастырды, 2009 жылы 48 трактор құрастырылды. Жаңа трактордың құны 16,2 млн. теңге тұрады. 2010 жылы 360 трактор құрастыру жоспарланып отыр. Қостанай дизельді зауыты Енисей астық жинаушы комбайнін құрастыру бойынша жобаны іске асыруға қатысады. 2008-2009 жылдары 550 бірлік жиналды. Қостанай Енисейінің құны 8 млн. теңге көлемінде тұрады. 2010 жылы 700 комбайн құрау жоспарлануда.
Мемлекеттік даму институтының қолдауымен Қазақстан даму банкі АҚ екі басым жобаны іске асыруда:
1. Казхимволокно ЖШС Қостанай қ. АРНИКС өнімінің өндірісі жөніндегі технологиялық кешенді іске қосу және іске асыру. Жобаның құны - 3036,0 млн. теңге (23 млн. АҚШ доллары). Қазақстанның даму банкімен жобаны 9,5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыру мақұлданды, соның ішінде 6,5 млн. АҚШ доллары игерілді. 2006 жылдың қыркүйек айында зауыт сынақтан өтті. 92 жұмыс орны құрылды. Банк жобасын әрі қарай қаржыландыру мәселесі шешілуде;
2. Қостанай дизель зауытында жинақтау өндірісін дамыту, сондай-ақ АгромашХолдинг АҚ меншікті конструкторлық әзірлемелер негізінде техника мен дизелді қозғағыш өндіру. Қазақстанның даму банкі АҚ 20 млн. АҚШ доллары мөлшерінде кредит бөлді, 19,6 млн. АҚШ доллары игерілді. 709 жұмыс орны құрылды.
Инвестициялық жобалар ДАМУ кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ қолдауында іске асырылуда, ол 2009 жылы 652,5 млн. теңге жалпы сомасына 68 жобаны қаржыландырды.
2009-2011 жылдарға арналған облыстың егін шаруашылығын реттеудегі мақсаттары мен міндеттері:
oo Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлікті тұрақты өндіру;
oo салалар өнімділігі мен табыстылығының өсуін қамтамасыз ету, ұлттық өнімдердің бәсекелік артықшылықтарын дамыту;
oo ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілету;
oo егін шаруашылығына ылғал сақтағыш технологияны енгізу;
oo техникалық жарақтандырудың сапалы өсімі негізінде АӨК салаларының техникалық және технологиялық жаңғыруларын қамтамасыз ету;
oo халықты картоппен және көкөніс-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету;
азық базасын дамыту;
oo АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздік тәуекелін бағалау жүйесін жаңғырту мен нығайтуды қамтамасыз ету;
oo Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және көтерме сауда жүйесін дамыту;
oo қаржы, сақтандыру инфрақұрылымын және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді дамыту жолымен АӨК нысандарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;
oo АӨК ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы мен оны кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіруді дамыту.
Облыстың материалдық өндірістің озат саласының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы шаруашылық жүргізудің негізгі түрі шаруа қожалықтары болып табылады, олардың ауылшаруашылық құрылымының жалпы санының үлесі 91,6 пайыз, немесе 6343. Жалпы саны 6924.
2011 жылы агроөнеркәсіп кешенінде:
oo ресурс сақтағыш агротехнологияны игеру бойынша, жергілікті биоэнергетикалық ресурстарды толығымен пайдалану есебінен топырақтың құнарлылығын сақтауға демеу жасау, өсімдіктердің жергілікті жағдайларға ыңғайланған жоғары түсімді жаңа сорттарын енгізу жұмыстары жалғаса береді;
oo егіс алқаптары құрылымын жетілдіру, табиғи-климаттық ерекшеліктерге сәйкес әртүрлі сорттардың арақатынасын оңтайландыру жалғасады;
oo егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылығының бәсекеге лайық дақылдарының, бірінші кезекте майлы дақылдардың алқабы ұлғаяды. 2011 жылға құрылымдағы рапс егістігі 120,2 мың гектардан кем болмайды. Құрылған Рапс өндірушілер ассоциациясы бұған оң ықпал етпек (рапстың майлы дәнін қайта өңдеу заводының құрылысы);
oo 2011 жылға топырақтың құнарлылығын көтеру үшін минералды тыңайтқыштарды сіңіру көлемі 60 мың тоннаға дейін ұлғаяды, ол негізінен азотты тыңайтқыштардың көлемін ұлғайту есебінен болмақ.
Ауыл шаруашылығын дамытуға шаруа етуші субъектілерінен 61 млрд. теңге сомасында инвестицияларды тарту жоспарланады. Агроөнеркәсіптік кешенін қолдау 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту және 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту облыстық бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі 2009 жылы ауыл шаруашылығына инвестициялар 19,8 млрд. теңгені құрайды. ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры АҚ қаржы институттарының жарғы капиталындағы олардың үлестік қатысумен жасау арқылы ауылды жерлерінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредиттеу үшін микрокредиттік ұйымдар өңірлік желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Қостанай қаласында рапс зауыты іске қосылды. Дүние жүзінде рапсқа сұраныстың артып отырғанын зерделеген кәсіпкерлер 2005 жылы рапсты егу мен оны өңдейтін зауыттың құрылысын қамтитын жобаны іске асыруды бастады. Зауыт сүзілмеген сұйық май және құрамында белок мол болғандықтан құнарлы мал азығы саналатын күнжара өндіреді. Қазір бұл кәсіпорын қостанайлықтарға 58 жұмыс орнын ұсынды. Зауытқа немістің "Тиссен Крупп" компаниясының жабдығы орнатылды, онда жылына 36 мың тонна рапс тұқымы өңделеді, сонымен қатар 20 мың тонна тұқымды кептіріп сақтай алады. Бүгін 9,1 миллион АҚШ долларына бағаланған жобаның 1 миллион 40 теңгесі игерілді. Бұл жобаның бірінші кезеңінде ғана біткен шаруа. Екінші кезеңдегі жұмыстар 2010 жылға дейін атқарылады. Мамандардың айтуынша, жоба кеткен шығынды бес жарым жылда толық ақтайтын болады. Облыс диқандары бүгінде рапс егуді қолға ала бастады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында рапс егетін кәсіпкерлердің қауымдастығы құрылған. Қазір Қостанай облысында ғана 76 мың гектарға рапс егілді. Жобаның екінші кезеңінде зауыттың рапс өңдейтін қуаты арта түсетін болады. Зауыт құрылысы толық біткен кезде мұнда 80 мың тоннаға дейін майлы дақылдың дәні кептіріліп, сақталады.
Қостанайда егін шарушылығын реттейтін ауыл шаруашылығы басқармасы және "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының Қостанай облысындағы филиалы, Қостанай қаласы әкімдігі - нің ауыл шаруашылығы бөлімі апта сайын мониторинг өткізіп тұрады. Жалпы Қостанай облысында ауылшаруашлығы өнімін жергілікті жерде өңдеу оң жолға қойылған. Аймақта аграрлық-несиелік корпорация арқылы тұтынушылар коперативтерін жасақтауға арналған бағдарлама бар. Қазір осының аясында барлығы 664 млн теңге қаржы бөлініп, Жанкелдин, Қарабалық, Федоров аудандарында тиісті кәсіпорындар ашылды. Олар ет, жүн, астық және сүт өнімдерін өңдеп, өткізумен айналысады. Қостанай облыстық ауылшаруашылығы департаментінің соңғы уақытта облыста ауылдық өндірістің ауқымы өскені байқалады. Биылдың өзінде аудандарда 5 кешенді диірмендер пайдалануға берілді. Тағы үш диірменді іске қосу жобасы қаралып жатыр.

Облыстың әлеуметтік саясаты

Кедейлікті төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізу кедейлік деңгейін азайту, тұрмыстық деңгейді, халықты жұмыспен қамтуды көтеруге қол жеткізді. Кедейлік деңгейі 2008 жылға қарағанда 2,0 пайыздан 1,5 пайызға дейін азайды. 2009 жылдың аяғына аз қамтылған азаматтардың саны 13,1 мың адам құрап, өткен жылға қарағанда 25,9 пайызға азайды (2009 жылы орта жылдық есептеу - 14,6 мың адам). 2009 жылы аз қамтылғандардың ішінен 1611 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 216 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Жұмыссыздарды әлеметтік қолдаудың тиімді түрі қоғамдық жұмыстар болып табылады. Ақылы қоғамдық жұмыстарға аз қамтылған 1631 азамат қатысты. 2009 жылы есепте тұрған 687 отбасына 7 млн. теңге сомасына жеке қосалқы шаруашылықты ұйымдастыруға көмек көрсетілді, 259 отбасына бақша салуға және саяжайға жер учаскелері бөлінді. 12,8 мың аз қамтылған азаматтарға (ай сайын орташа - 7,7 мың азамат) 138,2 мың теңге сомасына мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2008 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 4,7 мың адамға азайды. 20,6 мың адамға 268,4 млн. теңге жалпы сомасына тұрғын үй көмегі төленді, оның ішінде 42,8 млн. теңге сомасында 4,2 мың аз қамтылған азаматқа бөлінді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда тұрғын үй көмегінің орта мөлшері 75 пайызға өсіп 3315 теңге құрастырады, тұрғын үй көмегін алушылардың саны 5308 адамға көбейді. Жоғарыда көрсетілген өсімдер шектеулі рұқсат шығындар үлесінің 25 пайыздан 15 пайызға төмендеуімен байланысты, екінші жарты жылдықта коммуналды қызметтер тарифтерінің өсуі күтілуде. 18 жасқа дейінгі 42,7 мың балаға 411,6 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді. 7,1 мың адам 12,4 млн. теңгеге әр түрлі қайырымдылық көмегін алды. 5,5мың адам 20,9 млн. теңге сомасына тегін тамақтанды. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры АҚ Қостанай филиалы 834 азаматқа жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алу үшін жалпы 147,7 млн. сомасына шағын несие берді, оның ішінде 26 аз қамтылған азаматқа3,6 млн. теңге бөлінді.
Облыста тұратын 20,6 мың мүгедекті оңалту бойынша жұмыс үш бағытта жүргізіледі: әлеуметтік, кәсіби (еңбектік) және медициналық. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мүгедектердің саны 21139 адамнан 20570 адамға дейін азайды. Протездеу мен ортопедиалық аяқ-киіммен, ортопедиялық аппараттар, корсеттер мен өзге де протездік-ортопедиялық бұйымдармен 481 мүгедек қамтамасыз етілді, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 7 адамға кем. 2009 жылы мүгедектерге 518 сурдоқұралдар, 250 кресло-арба сатып алынды, көзі нашар көретіндерге 335 тифлоқұралдар сатып алынды. Мүгедектердің әлеуметтік нысандағы объектілерге кіруін жеңілдету үшін 754 бірлік пандус салынды, бұл пандустардың қажетті санының 91 пайызын құрайды, қырықтан астам кіреберіс жолы салынды. 2009 жылы мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмыстар арнайы орталықтарда жалғастырылады. Екі оңалту орталығында 1300 мүгедек медициналық оңалтудан өтті. 2009 жылы 162 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді, 264 мылқау мүгедекке 14 ымдау тілі мамандары қызмет көрсетті, 611 мүгедекке гигиеналық құралдар берілді. Облыста қарттар мен мүгедектерге медициналық - әлеуметтік көмек көрсету үшін 10 интернат үйі жұмыс атқарады, онда 1453 мүгедек пен қарт азамат тұрады, үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 20 бөлімшесі 2167 қарт пен мүгедекке қызмет көрсетеді, 3 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мүмкіндігі шектеулі 675 балаға қызмет көрсетеді.
2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда халықты жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету іс-шараларын іске асыру арқасында аз қамтылған азаматтар саны 0,8 мың адамға азайып, 13,8 мың адамды құрады. Тифлотехникалық құралдар тізбесін кеңейту, санаторлық-курорттық емделуге, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне және гигиеналық құралдарды сатып алуға қаржыландыруды көбейту жоспарланып отыр. 2008 жылы қыркүйек айында Қостанай қаласында жаңа облыстық оңалту орталығы ашылды, ол оңалту шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2010 жылдың аяғында 252 орынды Рудный психоневрологиялық интернаты ашылады.
Халықты жұмыспен қамтуды жақсарту жөніндегі өткізілген іс-шаралар, облыстың әлеуметтік - экономикалық даму жоспарын, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жалпы жұмыссыздық деңгейін 2010 жылдың аяғына 2009 жылмен салыстарғанда 7,8 пайыздан 7,5 пайызға дейін, тіркелген жұмыссыздықтың деңгейін 0,9 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2009 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың саны 3094 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37,3 пайызға қысқарды. Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны 1 пайызға өсті және 518,4 мың адамды құрады. 2009 жылы экономиканың барлық салаларында 11599 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6354 тұрақты жұмыс орны. Жаңа және бос жұмыс орындарына 14409 адам жұмысқа орналыстырылды, жұмысқа орналасу деңгейі 95,8 пайызды құрап, 2008 жылмен салыстарғанда 10,6 пайыздық пунктқа өсті. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1308 жұмыссыз азамат орналастырылды.
2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 5798 жұмыссыз қатысты, немесе жұмыспен қамту бағдарламасын қарастырылғаннан 105,4 пайыз. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстармен қамту пайызы өтініш білдіргендер санынан 38,5 пайыз. 1021 адам кәсіби даярлау мен қайта дайындыққа жіберілді, бұл 2008 жылға қарағанда 249 адамға көп.
Болжам бойынша 2011 жылы кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Тыңның тарихы
Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланыс механизмдерін дамыту
Ауыл шаруашылық өндірісі
Тыңды жаппай игеру жолындағы бүкілхалықтық күрес
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ауыл шаруашылығындағы қарқынды дамыту жұмыстары
Қазақстанда ауылшаруашылық сақтандырудың даму мәселелері және жетілдіру жолдары
Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері
Пәндер