Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы


КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тілдердің, ең алдымен, мемлекеттік тілдің еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, әсіресе, терминологиялық және ономастикалық жұмыстардың ерекше атап көрсетілуі - тіл білімі саласында әлі де шешуін таппай жатқан мәселелердің бар екендігін айғағы.
Соңғы жылдары жалпы тіл білімінің, қазақ тіл білімінің қарқынды дамуына байланысты тілдік ұғымдардың, оларды білдіретін терминдердің мол қоры қалыптасып қолданысқа түсті. Қазақ тіл білімінде тіл білімі терминдеріне арналған бірнеше сөздік жарық көргені белгілі.
Соңғы кезде басқа терминдер салалары сияқты лингвистикалық терминдер саласында үлкен өзгерістер бар. Бұрыннан қолданыста болып келе жатқан халықаралық терминдер төл тілімізден өз баламаларын тауып, көптеген тілдерде өзгеріссіз алынып келе жатқан грек-латын тілінен енген лингвистикалық терминдерді де жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе тіл мамандары мен зерттеушілері үшін лингвистикалық терминдердің халықаралық атауларын, олардың негізгі түпкі мағыналарын ұғынып білу өте қажет. Өйткені бұл терминдер ғасырлар бойы тіл ғылымының барлық мәселелерін шешіп, тіл ғылымын дамытуға, көркейтуге орасан зор үлесін қосып келді және келешекте де көмегі керек бола беретіні сөзсіз. Сондықтан да лингвистикалық терминдердің грек-латын терминэлементі негізінде жасалған терминдерді жиып, олардың сөзжасамдық құрылымын, терминқорымыздағы маңызын жан-жақты талдау қажет.
Қазіргі қазақ терминологиясындағы көп дау туғызып, шешімін таппай жүрген мәселе - халықаралық терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, яғни, оларды қабылдау тәртібін белгілеу ісі және сөздіктердің лексикографиялық құрылымын, терминдердің сапасын, терминжасамдық жолын көрсетіп, сөздіктерге жан-жақты талдау жасау. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан кезек күттірмейтін мәселе. Терминографиямызға әлі де толығу мен зерттеулер қажет екендігі белгілі.
Бүгінгі сөздіктердегі грек-латын терминэлементтерінің сөздіктердегі қолданысын жан-жақты талдау - терминжасам мен терминография жұмыстарын жеңілдетіп, осы салалардың зерттелуіне жол ашады. Сөздіктеріміз жан-жақты талдауды қажет етуде.
Осы диплом жұмысында соңғы жылдары жарық көрген лингвистикалық сөздіктердегі грек-латын терминэлементтерінің қолданылуы мен нақты статистикасын шығару арқылы біз терминдерге сөзжасамдық және терминографиялық жағынан талдау жасаймыз.
Қазақ терминологиясына теориялық тұрғыдан зерттеу жасап жүрген ғалымдар көп. Бірақ, көпшілігі практикамен ұштаспай, біржақты болып қала береді. Бүгінде грек-латын терминэлементтерін жан-жақты қарастырып, сөздіктердегі қолданысын зерттеушілер жоқтын қасы. Аталмыш мәселе терминология мен терминографияның өзекті тақырыбы болғандықтан диплом жұмысы көлеміндегі ғылыми жұмыс ретінде алынды.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ терминологиясындағы грек-латын терминэлементтерінің сөздіктердегі қолданылуы мен маңызын, термин жасаудағы қабілеттілігін, қазақ терминографиясы мен терминжасам тұрғысынан қарастыру.
Диплом жұмыстың міндеттері. Грек-латын терминэлементтерінің сөздіктердегі қолданысының нақты статистикалық есебін шығару, сөздіктердегі берілуін және қолданысы бойынша жиілігін көрсету.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу, грек-латын терминэлементтерін санау, терминдердің құрылымы мен шығу тегіне талдау, сөздіктерді өзара салыстыру, терминэлементтердің есептік көрсеткішін пайыздық өлшеммен шығару.
Диплом жұмысының дереккөздері. Терминологиялық, лингвистикалық, салалық сөздіктер, зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, естеліктер, терминологиялық хабаршы, баспасөз материалдары.
Зерттеудің нысаны. Грек-латын терминэлементтері, салалық, лингвистикалық, терминологиялық сөздіктер, терминологиялық әдебиеттер.
Жұмыс нәтижелілігі. Жалпы жұмыс барысында грек-латын терминэлементтеріне талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
- Грек-латын терминэлементерінің халықаралық маңызы зор;
- тілімізге орыс тілінің кірме сөздері арқылы енген;
- жаңа термин жасауға қабілетті (будан атаулар мысал бола алады) ;
- терминқорымыздың көптеген бөлігін грек-латын терминэлементтері құрайды;
- алғашқы сөздіктердегі терминэлементтердің үлесі аз;
- будан атаулар жасауға қабілетті;
- әлемдегі барлық ұлт тіліне тән құбылыс;
- ғылым тілінің дамуына өз үлесін қосуда;
- Қазақ тілінің сөзжасамдық заңдылығына тән емес морфологиялық тәсіл арқылы жасалған (артикль, приставка) және оларға қазақ қосымшалары эквивалент бола алмайды.
Грек-латын терминэлементтерінің сөздіктердегі қолданылуының сандық көрсеткіші:
Қаратышқанов Н. Пән сөздері. (қайта басылып шыққан) - 0, 5 % ;
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - 39% ;
Салқынбай А., Абақан Е. Тіл әлемі: Лингвистикалық терминдердің анықтамалық сөздігі. - 42% ;
Сүлейменова Э. Д., Шәймерденова Н. Ж., Смағұлова Ж. С., Ақанова Д. Х. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. - 37%.
- ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫҚазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Қоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстың бірі ретінде сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Яғни қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын алады да, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналады. Сонда, тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да, қоғам дамуының белестері арқылы тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік алып отырамыз деген сөз бұл. Сөйтіп қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихы оның тілінде, яғни тіл фактілері арқылы біз халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.
Қоғам дамуы арқылы тіл де дамиды дейміз. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық қабатына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өріске онша көне бермейді (мәселен тілдің грамматикалық категориялары, дыбысталу жүйесі т. т. ) . Ал оның қайсыбір қатпарлары жаңалыққа иін беріп, жаңа мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткішінің бірі - оның терминдік жүйесінің арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын терминологиялық лексика. Неге десеңіз қоғам дамуы әлеумет өміріне алуан-алуан жаңалық әкеледі.
Терминнің күнделікті өмірде араласпайтын жері жоқ. Тіпті қазіргі кезеңде термин сөздердің ауызекі сөйлеу тілімізге де еніп, күнделікті өзара қарым-қатынас құралына да айнала бастағанын байқау қиын емес. Мұның өзі тілдің, атап айтқанда, әдеби тілдің қарқынды дамуын байқататын бір белгі. Керек десеңіз сан салалы ғылыми қажетімізді өтеуге қызмет етіп отырған әдеби тіл, ең алдымен осы терминологиялық лексиканың өрістеуіне тәуелді. Терминологиялық жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тіл, ол әлі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмаған тіл.
Термин ретінде мұны біліп қолданатындар да бар, термин екенін сезбей де қолданатындар бар. Тілдің мәдениетіне ойысатын мәселенің бұл жағы да зерттей түсуді тілейді. Сөйтіп, кім қалай қолданса да, термин сөздердің әлеумет өмірінің қатынас құралы қажетін қамтамасыз етіп отырғаны даусыз. Яғни терминсіз сөз қолданыс болмайды, терминсіз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайды. Оның қанат жайғаны соншалық, қоғам өмірінің қандай саласында да қазір терминсіз күн кешу мүмкін емес.
Сонымен термин және терминология дегеніміз не? Оны сөздік құрамның өзге қабатынан қалай ажыратуға болады? Оның негізгі белгілері қайсы?
Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтың, Н. А. Баскаковтың, Г. В. Степановтың, С. Г. Бархударовтың, О. С. Ахмановның, И. Ф. Протченконың, В. И. Сифоровтың, Ю. Д. Дешериевтің, К. М. Мусаевтың, Р. А. Будаговтың, Л. И. Скворцовтың, В. П. Даниленконың, Т. С. Коготкованың, Т. Л. Канделакидің, А. В. Суперанскаяның, Б. З. Букчианың, В. Ф. Журавлевтің, И. Н. Волковтың, Б. О. Орузбаеваның, М. Ш. Гасымовтың, Т. Бертагаевтың т. б. зерттеуші ғалымдардың ролі ерекше болды.
Бұл жайында орыс тіл білімі зерттеушілері мен түркологтары біраз пікір өрбіткен.
Терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда «Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес» деген тұжырым жиі айтылады.
Термин жайында бүкіл түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде, сондай-ақ орыс тіл білімінің өзінде де нақты пікір қалыптаса алмай келеді. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жататынын елдің бәрі білгенмен, негізгі басты белгілерін ажыратып тануда әрқилы түсінік бар. Оған берілетін анықтаманың өзі де ала-құла. Ғылыми әдебиеттерде қалыптаса бастаған пікірлерге тоқталып өтсек.
Термин жөнінде ғылыми және анықтағыш еңбектерде түрлі мәлімет беріледі. Тиянақты түйін мен дәл анықтамалар беруге тырысатын энциклопедиялық сөздіктерге үңілгенде мыналарды байқадық.
«Термин рим мифологиясында шекара құдайы. Т. - терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді меңзейді екен. Сонымен бірге термин шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. [1, 122]
Терминология мәселесімен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен мұның өзінің мазмұны мен мәнін ашып, анықтамасын айқындап беруге тырысып отырған. Әсіресе, бұл проблеманы лингвистер тереңірек қарастырып келеді. Мысалы, бұл жайында О. С. Ахманова еңбегінен мынадай жолдарды оқуға болады. «Термин (ағыл. ) дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т. б. ), тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т. т. ) сөздер мен сөз тіркестері». [2, 225]
Сонда бұл келтіріп отырған анықтаманың өзара аздаған ғана айырмасы болғанмен, негізінен бір тектес екенін көреміз. Термин болатын сөздің шегі, шеті, шекарасын анықтау керек дегенді меңзейді. Яғни оның өзге сөздерден айырмасы оның мағынасының шектеулі болатындығында дегенді білдіретін тәрізді.
Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы, белгілі лингвист Қ. Жұбанов бұған мынадай анықтама береді:
«Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса, міне осы екеуі теліп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін». [3, 37]
Проф. Қ. Жұбанов терминнің өзіндік өзгешелік сипатын дұрыс түсінбеушіліктен кеткен қателіктерге назар аударады.
Академик І. Кеңесбаев пен проф. Т. Жанұзақов та терминнің о баста латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғанын айта келіп: «Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын, тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз», - деп түйін жасайды. [4, 62]
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін пікірлердің бәрі де сайып келгенде негізінен осы тұжырымдарға тоқтайды. Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оның басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйелілік.
Бүгінгі қазақ терминологиясында термин мәселесімен жан-жақты айналысып жүрген Шерубай Құрманбайұлы өз еңбегінде терминге төмендегідей анықтама береді.
- Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркесі болады. (кейде сөйлем түрінде де кездеседі. )
- Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен. )
- Термин - белгілі бір терминологияның мүшесі. (А. А. Реформатский)
- Термин деген - ұғым аты.
- Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
- Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады.
- Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады. [5, 26]
Бұл аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігінде аталып көрсетілетін, мамандар мойындаған терминнің басты белгілері деуге болады. Терминтану саласындағы зерттеу еңбектерінде, лингвистикалық ғылыми әдебиеттерде терминнің өзге де қасиеттері, өзіндік қырлары мен ерекшеліктері аталып жатады.
Терминтанушылар тарапынан терминге берілген анықтамалар өте көп. Олардың бірін-бірі толықтыратындары да, қайшы келетіндері де, бірін-бірі белгілі дәрежеде қайталайтындары да бар. Жалпы термин мәселесін зерттеп, термин жайлы сөз қозғаған ғалымдардың оған анықтама бермегені кемде-кем. Ондай анықтамалардың бәрін бірдей тізе берсек, сала мамандарының қай анықтаманың терминнің лингвистикалық табиғатын толық сипаттап беретінін ажыратуы қиынға соққан болар еді. Әзірге терминтанушылардың бәрі бірдей мойындап немесе ортақ мәмілеге келіп, ғылыми, анықтамалық әдебиеттерде бірізді қолданылып жүрген анықтама мынау деп көрсету қиын. Сол себепті терминнің негізгі белгілерінің көбін қамтыған мына анықтаманы ұсынуға болады:
«Термин - ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы (анықтамасы) бар сөз немесе сөз тіркесі». [6, 226]
Термин ұғымы атауы болса, терминнің дефинициясы деген - сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметін, әлеуметтік сипатын оның терминологиялық жүйесі негізінде ғана анықтауға болады. Өйткені тіл өзінің табиғатында өзгерістерге, қоғами құбылыстардың бәріне жауап беріп, соны таңбалап отыруға бейім тірі организм іспетті үнемі даму үстінде болады. Ал даму, баю дегеніміз көбінесе тілдің осы саласын барынша қозғалысқа түсіріп, сан түрлі сарапқа салады. Бұл құбылысты қазақ тілінің қазіргі күйінен де байқауға болады.
Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін, басты белгілерін көрсетіп тұруы қажет. Олардың әрқайсысы өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді.
Қазақ терминологиясының қалыптасуы бүгінгі таңда әлі де үлкен кедергілер мен шешуін қажет ететін кезек күттірмес теориялық және практикалық мәселелерге толы. Ұлттық терминологияны дамытудың басты қағидаттарының бірі - ұлттық терминологияның жүйеленуі, оны тілдік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. Терминологияны қалыптастыру туралы сөз болғанда терминология стандартталған, біріздендірілген, реттелген, жүйеленген, жетілдірілген болуы қажет деген талаптар қойылды. Бұл бағытта XX ғасыр басында А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Х. Досмұхамедұлы, С. Асфендияров, Қ. Кемеңгерұлы, Н. Қаратышқанов, Қ. Жұбанов, М. Жұмабаев, С. Бәйішев, С. Аманжолов т. б. белгілі ғалымдар өз еңбектері арқылы қазақ терминологиясын зерттеуге, реттеуге және теориялық-практикалық мәселелерді шешуге ұмтылды. Қазіргі қазақ тілінде алдыңғы буын ісін жалғастырып, терминология ісімен айналысқан Ә. Қайдар, Ө. Айтбаев, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы, Р. Шойбеков, А. Алдашева, Е. Әбдірәсілов, С. Исақова, Б. Момынова сияқты т. б. ғалымдардың еңбектері терминологияның өзекті мәселелерін шешуге көмектесуде. Терминдердің қоғамда өміршеңдігінің негізгі көзі - ұлттық тіл. Осы себептен терминжасам ісінде жүйе қалыптастыру ісі - қоғамдық қатынас құралы болып саналатын тілдің басты қағидатына айналып отыр.
Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени өмірінде болған өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болған ондай өзгерістер терминологиялық лексиканың қалыптасуына тікелей әсер етті.
Терминдердің қалыптасу тарихы ұлттық әдеби тілдің дамуымен тікелей байланысты. Ол терминологиялық лексиканы құрайтын атауларды шығу тегіне (қай тілден енгендігіне), жасалу жолы мен кезеңіне қарай бірнеше дәуірге бөле отырып, тарихи тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
XX ғасырда қазақ халқының қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірі елеулі өзгерістерге қаншалықты толы болса, ондай өзгерістер терминологияның, ғылым тілінің дамуына да соншалықты әсер етті, із қалдырды. Өткенімізден сабақ алып, атқарылған ісіміздің дұрысы мен бұрысын сарапқа салып, елеп-екшеп алу ең алдымен, болашақта істелер істеріміздің баянды болуы үшін қажет. Ұлттық терминқордың әр кезеңінің ерекшелігін, өзіндік сипатын анықтаудың маңыздылығы да сонда. Сол себепті жаңа ғасыр басталып, терминтаудың алдында жаңа міндеттер жүктеліп отырған қазіргі шақта қазақ терминологиясының дамуы, қалыптасуының айрықша кезеңдері мен қалыптасуын қарастыру шарт.
«Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше, Октябрь революциясынан бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, халық медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т. б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып енгенін айқындау қажет». [5, 98]
Тілші ғалым А. Әбдірахмановтың бұл пікірі де жеке салалардың терминдерінің, терминологиясының қалыптасуына қатысты айтылған. Мұны терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы деп қараудың және оны Октябрь революциясымен байланыстырудың негізі бар деп айту қиын.
Бізде қазақ тіл білімінің ғылыми негізінің қалануын Ахмет Байтұрсынұлы есімімен байланыстырып, оны XX ғасырдың басынан басталады деген пікір бар. Ал терминтанудың тіл білімінің, оның ішінде лексикологияның қойнауында пайда болған ғылым екендігін мойындасақ, онда терминтанудың тарихын да қазақ лингвистикасының тарихымен байланыста қарау керек. Сол тұрғыдан келгенде терминтанудың өткен жүзжылдықтағы дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Отандық терминтанудың негізінің қалана бастауының алғашқы кезеңі қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланыста қараған жөн. Ғалым өзі жасап қолданысқа енгізген жүздеген терминдері арқылы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды термин шығармашылығында ұтымды пайдаланудың, ұлттық терминжасам үлгілерін қалыптастырудың жолын көрсетті. 20-жылдары Ахмет Байтұрсынов термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Өзі басқарған комиссия бекіткен терминдерді сөздік түрінде бастырып шығарып, көпшілік қауымға, мамандарға ұсынды. Осы себептен де отандық терминтанудың пән ретінде қалыптасу тарихында Ахмет Байтұрсынұлының алатын орны айрықша болмақ. Сөз болып отырған кезеңдегі терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына Ахмет Байтұрсыновтың замандасы Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, Т. Шонанұлы сынды алаш зиялыларының да елеулі үлес қосқанын айту керек. Мысалы, Нәзір Төреқұлұлы кірме терминдерді қабылдау, оларды ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп жазуға арналған «Жат сөздер туралы» (Мәскеу, 1926. - 38 бет) деп аталатын еңбек жазса, 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінде Елдес Омарұлы «Қазақша пән сөздер» (Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. Орынбор, 1925. - 75б. ) деген тақырыпта баяндама жасап, терминология қағидаттарын съезд қарауына ұсынған. Сондай-ақ өзге аталған алаш зиялылары да көптеген салалық терминдерді жасап, термин мәселесіне арналған мақалалар жариялаған. XX ғасыр басындағы қазақ терминологиясының жай-күйі туралы сөз еткенде 20-жылдарға дейін-ақ жарық көрген М. Әуезовтің «Қайсысын қолданамыз?» («Сарыарқа» газеті. 1917 жылғы қазанның 9-ы. №17) және «Ғылым тілі (научный термин) » деп аталатын («Абай» журналы. 1918 жыл, №7. 4-7 беттерде) мақалаларын атамай өтуге болмайды. Ғалымның бұл аталған мақалалары терминдерді біріздендіру мен ұлттық ғылым тілінің болашағы туралы мәселе көтерген алғашқы жарияланымдардың бірі.
30-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңді «қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірі» деуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz