ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және Саясаттану факультеті
Дипломдық жұмысы
ТЕАТР ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ (ҮНДІ, ҚЫТАЙ, ЖАПОН)
Алматы, 2012
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
1. 1 Театр өнерінің мәні мен маңызы . . . 6
1. 2 Шығыс театр (үнді, қытай, жапон) өнерінің мәдени құндылықтары . . . 10
2 ШЫҒЫС ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ФЕНОМЕНДІК СИПАТЫ
2. 1 Үнді мәдениеті мен театры қалыптасуының құбылыстық ерекшеліктері . . . 19
2. 2 Қытай театры феноменінің сыры мен сипаты . . . 29
2. 3 Жапон театрларының көркемдік келбеті . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекет бағдарламаларымен байланысы. Бiршама ойшылдардың тұжырымдамалары мен концепцияларында театр ойыны адамның бастапқы субстанциясымен байланысқан iс-әрекет, құбылыс, жағдай, қалып ретiнде көрiнедi. Адам театр масштабын нөлден шексiздiкке дейiн жүзеге асырып анықтай алатын жалғыз тiршiлiк иесi. Сол себептi ол рольдерде ойнамай тұра алмайды. Театрда ойнау арқылы оның жетiстiгi мен кемшiлiгiн, басқалармен қарым-қатынасын бiлуге мүмкiндiк туады. Бiрақ бұл философтардың назарынан тыс қалды. Басқаша айтқанда, театр феноменi философиялық талдаудың объектiсiне айналуы үшiн адамның болмыстағы жаңа стратегиясы қажет болды және осы ХХ ғасыр философиясы мен мәдениет теорияларында жүзеге асты. Й. Хейзинга бойынша, “ театр және ойын мәдениеттен бұрын пайда болған, себебi мәдениеттiң өзi ертеде ойын сипатында болды, кейiннен ойын дами келе, күрделенiп бiздiң түсiнiгiмiздегi мәдениет құбылысына айналды [1, 21] .
Театр - ең ежелгі өнерлердің бірі. Оның алғашқы ұшқындарын тіпті балалардың ойындарынан байқауға болады, және дәстүрлер мен рәсімдерден анықтауға болады, - мәселен, үйлену тойларында оның элементтері көптеп ұшырасады. Роман мен театрды, И. Кант сезiм ойынымен салыстырады. Бұл арқылы И. Кант өнер мен ойын арасындағы терең байланысты ашып көрсеткен болатын. Немiс ақыны Ф. Шиллер ойынның театр қалыптастырудағы орны жайлы өзiнiң “Эстетикалық тәрбие жайлы хаттар» деген еңбегiнде қарастырып өтедi. Ол ойынды күштiң артық болуынан пайда болады деп түсiндiредi. Мұндай пiкiрдi ағылшын философ-позитивисi Г. Спенсер қолдайды. Сондай-ақ ХIХ ғасырда К. Гросс ойын теориясын көпшiлiкке ұсынды. Оның пiкiрiнше, ойын тек қана күштiң көп болуынан пайда болмайды, сонымен бiрге жас организмдi болашақ өмiрге бейiмделуге, баулуға үйретедi. К. Гростың есептеуiнше, ойын бұл қабiлеттердi жетiлдiрушi, оларды бекiтушi болып табылады. Ойын құбылысын театр қалыптастырудағы орнын осылайша алуан түрлi жолмен түсiндiру оның адам өмiрiнде қаншалықты үлкен орын алатындығын бiзге аңғартады, көрсетедi. Қазiргi кездегi мәдениеттанудағы алуан түрлi концепциялар мен теориялардың қатарына театр концепциясы да кiредi. Бұл концепцияға көпшiлiк тарапынан қызығушылық артуда. Оның себебiн ХХ ғасырда адамзат өмiрiнде орын алған үлкен сапалық өзгерiстермен түсiндiруге болады. Қазiргi заманда театр элементi зерттеушiлердiң пайымдауы бойынша, саясатта, өнерде, спортта, халықаралық iстерде, сот процесiнде, педагогикада т. б. көрiнiс бередi. Сондықтан да мәдениеттегi театр элементiн жан-жақты зерттеу мәдениеттiң негiзiне, тереңiне үңiлу болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері. Этномәдениеттiң тарих формаларында қазақтың ұлттық ойындарын мәдениеттанулық тұрғыдан талдау арқылы халқымыздың қоршаған табиғи және әлеуметтiк ортаны игеру барысында қалыптасқан ойындық мәдениетiн айқындау, ойын құбылысының табиғатын анықтау зерттеудiң басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынадай мiндеттер туындайды:
- театр мен мәдениет арасындағы тереңде жатқан байланыстарды ашып көрсету; ойын құбылысының мәдениетке жасайтын ықпалын анықтау; ойын мен өнер арасындағы байланысты көрсету; ойын мен философия арасындағы байланысты iздеп табу.
- батыстық философиялық және этнографиялық зерттеулердегi өзiндiк “философемалардың көркем-бейнелiк суреттемелерден ажыратып, оларға мәндiк, салыстырмалық және қисындық талдау беру;
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Қазіргі батыстық мәдениеттанудың өзекті мәселесі - театр мәдениетi алғашқы рет шығыс халықтарының, оның ішіндегі үнді, қытай, жапон театры мәдениеті контекстінде қарастырылып отыр.
Дипломдық iзденiстiң сонылығы таңдалып алынған тақырыпты қарастыруда жаңа әдiстеменi қолдану және осы мәселеге арналған әдебиетте кездеспейтiн немесе ерекше мән берiлмеген соны қағидалар мен тұжырымдар арқылы айқындалды. Соны әдiстемелiк және мазмұндық қағидаларға жататындары:
Адам болмысының түбегейлі стратегиясы, өркениеттің ақпараттық толқыны мен еркін таңдауға негізделген постмодерндік қоғамға сай тұлғалық экзистенция бітімінде қарастырылады.
- Театр өнерін рационалистiк парадигмаға негiзделген батыстық мәдени-философиялық тұғырларынан өзгеше, Шығыс дүниетанымы мен феномендік мәдени-рухани контекстiде қарастыру.
- Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр өнерінің мәдени мазмұны мен функциялары герменевтикалық талдауды қажет етедi.
- Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) ұлттық театр өнерін мәдениеттанулық тұрғысынан талдау өрiсiнде философиялық ұғымдарды мәдени және өркениеттiлiк контекстiнде қарастырудың қажеттiлiгiн көрсетедi.
Қорғауға ұсынылатын негiзгi ғылыми тұжырымдар:
- Адамдық болмыс тәсiлiнiң бiрi болып табылатын театр мәнiсiн мәдени онтологиялық зерттеу арқылы тереңiрек айқындауға болады.
- Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр өнеріндегі типтер дионисийлiк функциялармен қатар көшпелiлiк өмiр салтына қажеттi жаттығулардан туындаған.
- Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр өнеріндегі формалар салт-рәсiмдiк ерекше типтерден әмбапты көңiл көтеру бiтiмдерiне ие болады.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары.
Зерттеудің теориялық құндылығы Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр өнеріндегі осы мәселе бойынша алғашқы еңбектердің бірі екендігімен айқындалады. Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр мәдениетіне мәдениеттанулық түсiндiрмелер беру философиялық-дүниетанымдық зерттеулерді ынталандырып, еліміздегі мәдениет философиясын әлемдік өркениеттілік мәселелеріне бет бұруға себебін тигізеді. Олардың арасында қазіргі театр өнері формаларының рәміздік негіздері алдыңғы қатарға шығады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
1. 1 Театр өнерінің мәні мен маңызы
Шығыс халықтарының (үнді, қытай, жапон) театр өнері жөнiнде сөз қозғамас бұрын алдымен жалпы «театр» дегенiмiз не? деген сұраққа жауап iздеп және оны зерттеп, ол жайында пiкiр айтып, тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерiне тоқталғанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi, кез келген нәрсенiң шығу тегi мен қалыптасу жолдары болатыны тарихтан белгiлi. Сол сияқты театр тарихының да өзiндiк құпиялары жетерлiк. Ойлап қарасақ, «театр» деген сөздің түп мағынасы өте күрделi, әрi сан қырлы ұғым. Театр өнері - бұл тек көңiл көтеру де, ләззаттану да, ересек өмiрге жаттығу да, бәс тiгудегi құмарлану да, тылсым шабыт та емес. Ол - адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкiн етедi [2, 172] . Ол, ең алдымен, ойын және қозғалыс элементтерімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, ойындағы әр түрлi элементтердiң ара қатысына байланысты мынадай жiктеме жүргiзуге болады:
- Сөз өнерiне қатысты, спорттық негiздерi жоқтың қасы, интеллектуалдық және сезiмталдық сайыстар (әзiл, қалжың, бәдiк өлеңдер, жұмбақ, айтыс т. т. ) .
- Тәндiк жетiлгендiкке қатысты сайыстар.
- Рәсiмдiк сайыстар.
- Театр элементтерi бар ойындар
- Инициациялық, сакральды ойындар.
- Спорттық жарыстар.
- Жаттығу ойындары.
Бірақ театрдың өзі басқа өнер ретінде көптеген қажетті элементтерді бойына жинақтайды. Театр әр қырынан танылған және ол әр кейіпте болып саналады. Адамзат санасы әр кезеңдегі театрлар дәуірі туралы қажетті мағлұматтарды сақтап, бүгінгі күнге дейін жеткізіп отырады. Ежелгі шығыс театрлары ежелгі грек және ежелгі рим театрлары сияқты артына көптеген құнды мәліметтер тастап кете алған жоқ, алайда оның феномендік дәрежеге жеткен құбылыс екенін ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Олардың театр үшін зәулім ғимараттары болғанын барлығы да біледі, сонымен қатар драматургиялық шығармаларды жазушы арнайы жазушылардың, пьеса иелерінің болғандығын да тарихи деректер дәлелдеп отыр. Бірақ театрдың әрқилы өнер түрі болғанын байқауға болатын жайт, ол үшін тек арнайы салтанатты көрермендер ығы-жығы болып жайғасатын да залдың қажеттілігі бола қоймаған, ол көшелерде де, аулаларда да көрерменнің көз қуанышына бөленген. Сондықтан театр жайлы әлі де талғаммен зерттеуге тура келеді. Әсіресе шығыс театрларының өзіне барлық құпияларын жиып алған сан қырлы сырлы құбылыс екендігін бүгінгі таңдағы шығыстанушы ғалымдар, мәдениеттанушылар арнайы дәлелдеп отыр. Шығыс театрларының өткені мен бүгініне, дәстүр сабақтастығына көз жүгіртіп, оны кеңінен зерттеп-зерделеу арқылы біз ол өнердің құпиясын байқайтын боламыз. Айрықша Шығыстағы Үнді, Қытай, Жапон елдерінде байырғы замандарда пайда болған театрлар олардың діни дүниетанымымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен байланысты болып келеді.
Драма тек демократиялық аймақтарда өркен жайып, халықтың кең қолдауына ие болып отырды. Үнді, көне Шығыс, Қытай, Жапон елдерінде өздерінің драматургі, театры болғандығы жайлы деректер тым айқын емес. Бір белгілісі, олардың мәдени орталыққа айналған қалалары болған. Мәселен, көне грек елінде Афина бүкіл Грецияның мәдени орталығына айналған. Мұнда, мәселен, аттика жерінде ғылым мен өнер гүлденіп, кең қанатын жайды. Бұл жайт көне Шығыс елдеріне де тән. Бұл аймақта да сол кездегі қоғамдық-саяси өмірмен байланысу, халық талабына сай қызмет ету басты орынға қойылды. Үнді, қытай, жапон қаһармандық, батырлық эпостарының жетістіктерін пайдалану, сыршыл лирикадан өздеріне қажетті жерлерін алу - осының бәрі шығыстық театрды көркемдік деңгейі жоғары театр дәрежесіне көтерді. Зорлық пен қанаушылыққа басты қарсылық, отанына деген сүйіспеншілік, азаматтық және гуманистік пікірлерді қорғау идеялары адамзат қауымына жақын да түсінікті болды. Сондықтан да ежелгі дәуірдегі шығыс драмасы кейіпкерлерінің күресі мен күйзелісі қазіргі заманымыздың театр көрермендерінің жүректерін жаулап алған.
Сонымен бірге театрды актерсіз елестету тіптен де мүмкін емес. Актер - бұл театрдың тынысы деп айтады зерттеушілер. Актер өздігінен «қуыршақтың» да роліне түсуі мүмкін (қуыршақ театрларындағы сияқты), оның бетін маска жабуы мүмкін (антикалық теарларда, сонымен қатар ежелгі шығыстық театрларда да осындай), ол ән айтуы немесе сөйлеуі мүмкін. Немесе ақырында жай үнсіз қалуы да мүмкін. Бірақ театрдың осындай әр алуандығы жанды адамның өнерінің арқасында бір қалыпқа бірікті. Уақыттар жылжыған сайын бұл өнердің түрі өзгере берді, жетіле берді, барлық уақытта ойынның әр түрлі стильдерінің арасында толассыз күрестер жүріп отырды. Және бұл атаққұмарлық ойындар әлемдік театрдың өн бойына қабысты. Олардың кейбіреулері уақыт сынына төзе алмай, жойылып кетті. Бір ұрпақтың театр туралы түсініктерін келесі ұрпақтың жасампаздық идеялары ауыстырды, сондықтан театр барынша даму үстінде деп айтуға болады. Ол театр өнерінің алға қарай жүруіне, жетілуіне жол ашты деп саналады.
Театрда барлық уақыт бойы және барлық халықтардың дүниетанымында спектакльдерді декоративтік түрде әсемдеу, әрлеу орын алды және дәстүрлі костюмдерді даярлауға басты назар аударылды. Мұның себебі көрерменннің мәдени сұранысын қанағаттандыруды көздеді. Егер көрермені болмаса, оның үстіне жалпы халықтың эстетикалы талғамына сәйкес болмаса, театр өз-өзінен замана көшінен сырғып қалып қояр еді. Алайда актерлер мен театр басшыларының, драматургтердің күні-түні ізденістегі ойлары бұған мүмкіндік бермеді. Олар - театрды халықтың жүрегінен жол табудың бір құралы есебінде сақтап қалу үшін көрермендердің көңілінен шығатын драмалық спектакльдерді даярлауға басты назар аударды. Соның арқасында театр бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Қазіргі кезде театрлардың шығуына басты себеп болған бірнеше факторлар жиі тілге тиек етіліп отырады. Мәселен, көне грек, көне рим театрларының қалыптасуы үшін діни түрткілер басты себеп болған. Олар көпқұдайшылдық, пұтқа табынушылық кезеңінде пайда болды. Әрі сол арқылы дінбасылар, ақсүйектер өздерінің идеяларын халыққа өткізуге тырысып бақты. Мәселен, театр өнері жайлы жазылған зерттеулерде бұл туралы айтылады: «Ежелгі грек драмасы мен театры Дионистің құрметіне арналған ауыл мейрамдарынан пайда болған. Алғашында Дионисті гректер теке немесе бұқа кейпінде бейнелейтін еді. Кейінірек, гректер жүзім өсіріп үйренгеннен кейін Дионистің еншісіне шарапты, поэзияны және театрды берген болатын. Жылына бірнеше рет болатын ауыл мерекелерінде диониске дифирамбалар (әндер) айтылатын.
Гректер Дионистің қасында жүретін маскарад киімдерін киген топтың өнерін тамашалаған. Тойға қатысушылар бетіне шарап қоқысын жағып, маска мен ешкі терісін киіп жүрген. Мұнда салтанатты, қайғылы әндермен қоса көңілді, тіпті адам ұялатын әндер де айтылған. Тойдың салтанатты бөлімінен трагедия пайда болған. Ал көңілді әзілқой бөлімінен комедия туған. Аристотельдің пікірінше, трагедия даму жолын мақтау әндерден алған. Ал комедия фалли әнінен, яғни табиғаттың жеміс беру күшіне арналған әндерінен шыққан. Әнді бастаушылар хордың қойған сұрақтарына жауап берген. Хорды өздерімен қосылып, ән айтуға мәжбүр еткен. Бұл әңгімелерге актерлік ойын элементтері қосылып, миф көрермендер алдында қайта жанданғандай әсер қалдырған» [3] .
Театр өнері ұжымдық сипатқа ие. Ежелгі кезеңнен спектакльді құрастыруға тек актерлер ғана емес, сонымен бірге театр үшін сценарийлер немесе драмалар жазатын драматургтер де қатысып отырған. Қазіргі уақытта ХІХ ғасырдан бастап қана театрда тағы бір маңызды фигура - режиссер пайда болған. Ал ХХ ғасырда театр режиссерлік деген атауға біржолата ие болған.
Қалай және неліктен театр «ұлы», «атақты» өнер иесі ретінде бүгінгі күнге дейін ұрпақтар санасынан өшпей келе жатыр деп сұрақ қоюға болады? Театрдың ұлылығы әртүрлі принциптермен анықталады, шығыс театрларындағы неше түрлі ғажайып жолдарға ешкім де күмән немесе күдік келтіре алмайды. Театр өнер ретінде өледі деген бәсекелер тарихтың әр кезеңінде бой көтеріп отырған, немесе дін иелері шіркеу тарапынан немесе мемлекет билігі тарапынан театрларға тыйым салынып отырған кездер де болған. Кино да кейінірек пайда болып, мамандардың пікірінше, театрдың орнын ауыстыруға тиіс болған. Алайда театр әлі өшпей, қайта өзінің аясын ұлғайтып, бүгінгі күнге дейін келіп жатыр. Мұның бір себебін оның жасампаздығынан да іздеу қажет. Ал енді театрларға алдыңғыларынан да зор қатерлер пайда бола бастады: олар - бұқаралық ақпарат құралдары немесе Интернет. Интернет беттеріне телміріп, сағаттар бойы уақыттар өткізетіндердің театрға деген құштарлықтары байқалмасы анық, алайда театр бұл қатерден де аман-есен өтіп кетуі мүмкін. Ол бірақ әлі де көрермендерді еліктіріп, өзіне тартып отырады.
«Театрдың тарихы - бұл адамзаттың өткендерінің баспалдағы іспеттес, оның құлдырауы мен қайта қалпына келтірілуі туралы деректерді адамзат баласы осы театрдан таба алады. Ежелгі Шығыстық театрлардан қазіргі театрларға қадам жасай отырып, біз адамзаттың бітім-болмысы туралы, оның басынан кешкен көптеген жайттар хақында, ғалам тарихының өн бойында болып өткен құбылыстар жайында, құлдырау мен өркендеу туралы, моральдық немесе этикалық құндылықтар жүйесі туралы, адамзаттың әртүрлі кезеңдері жайында, соғыс пен бейбітшілік, тұрмыс тауқіметі мен адам сенгісіз оқиғалардың бейнеленуін таба аламыз. Шығыс театрында жоғарыда айтылғандарға қатысты элементтер өте көп ұшырасады. Ол адамзат пен уақыт пен кеңістіктің үйлесім табуы ретінде бағаланса да артықтық етпейді» [4, 272] . Бір айта кететін мәселе, осыған қарап, театрдың адамзат игілігі үшін ойлап табылғандығын байқауға болады. Егер театр болмаса, онда мәдениетке, өнерге сусаған адамдар өздерінің күнделікті іс-әрекеттерін білдіретін басқа бір баламалы өнер түрін ойлап таба алмас еді. Осындай қырлы-сырлы неше қилы құбылыстарға баға бере отырып, театрдың феномендік сипатын ашуға жол басталады. Театр әлемдік мәдениеттанушылық ғылымда өзіндік бір үлкен ашылмаған тың тақырыптар шежіресі болып есептеледі.
1. 2 Шығыс театр (үнді, қытай, жапон) өнерінің мәдени құндылықтары
Азия елдерінің театрлары бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Әр елде өзінің тілі, өзінің мәдениеті, өзінің ұлттық дәстүрлері бар. Және сонымен бірге бұл елдердің театр өнерінің бастау көзіне айналған ортақ ешбір де нәрсе жоқ. Үндістан, Қытай және Жапония мәдениеті мыңдаған жылдар бойы қалыптасты, алдыңғы кезеңнің белгілерін келесі ұрпақ өкіліне сақтап жеткізіп отырды. Сондықтан да театрлық өнер дәстүрлі деп аталады, олар үшін қазіргі уақытта да ертедегі кездің көптеген белгілерін сақтап жеткізген.
Үндістанда, Қытайда және Жапонияда және басқа да елдерде адамзат шұғыласында қоршаған орта мен адамзат туралы әртүрлі түсініктер пайда болған. Сол кезде Аспан мен Жер және Адам біртұтас ретінде қалыптасқан, мұнда Ғарыш заңы өзінің шартын міндеттейді, оның ізінде адам жүреді. Бұл заңдарды сақтай отырып, сонымен бірге театр өнері де қалыптасты деп есептейді зерттеушілер. Көз жеткісіз нәрсеге ой жеткізуге тырысып, әлемді бір аяға біріктіруге талпыныс, әлемнің барлық бүге-шігесін толық қамту - оңай міндет санатына жатпайды. Ол бейнелеу құралдарының айрықша жүйесін талап етті, оның негізінде символизация принципі жатты. Сценалық ишара, музыкалық сүйемелдеу, сценалық кеңістік, грим мен декор де символикалық түрде болды. Біртұтастық театрдың айрықша түрінде - музыкалық драмада да көрініс тапты, мұнда сөз, ән айту мен би үйлесім тапты. Бұл синтез гротескінің стильдік тәсілін қалыптастырды, ол өзіне сценалық қозғалысты, би мен ән айту және сөйлеу мәнерін тоғыстырды. Діни танымдар жүйесі мұнда айрықша рольге ие болды, әсіресе қытай және жапон әдебиетінде сонымен бірге поэзиясында, және ақырында драматургиясында буддалық сюжеттер орын алды. Буддизм символикалық ишара стилисткасына оның мазмұндық палитрасын байыпт ай отырып, ықпал етті. Үндістан, Қытай және Жапония театр өнерінің пайда болуы діни рәсімдермен тығыз байланысты, ол театр канонының қалыптасуына игі әсер етті. Ол сценалық өнер мен актер шеберлігінің үйлесімінің қатаң тәртібін сақтады, және орындаушыдан барлығының мүлтіксіз шығуын талап етті [5, 18] .
Үнді елінде әлеуметтік құндылықтарды бағалауда адамдардың қоғамдағы іс-әрекеттеріне айрықша назар аударылды. Ел басшылары мен әскери адамдар брахмандардан төмен болса да, қоғамда пайдалы қызметтер атқарылғандықтан үлкен құрметке ие болды. Мысалы, өз елін сыртқы жаулардан қорғаған Викрамды үнді халқы осы уақытқа дейін мадақтайды.
Будда діні бойынша халық құрметіне ие болу - байлыққа байланысты емес, демек бұл дінде адамның өз бақытын байлық - мансаптан іздеп, баюды мақсат етіп қоюы ешбір қолдау таппайды. Олай болса, бұл өмірдің мән-мағынасы жинаған ақшамен немесе байлықпен емес, керісінше, адам бойындағы адамгершілік-ізгілік қасиеттерімен өлшенеді, бұл жағдай - үнді халқының өзіндік ұлттық ерекшелігі болар деген ойдамыз. Үнді-будда мәдениеті ең басты орынға әр адамның діни-моральдық іс-әрекеттерін қоя отырып, адамның табиғатпен де, өз-өзімен де, қауыммен де үндестік, ірі келісім табуына баса назар аударады.
Ағылшындардың үстемдігі кезінде шетел басқыншылары өз армияларын солтүстік Үндістандағы жоғарғы каста өкілдерінен толықтырып отырды: «әскери касталар» деп аталатын бұл үнділер өз Отанының жауларына қызмет жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz