Инновациялық экономикадағы білімнің рөлі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІИнновацияның экономикалық түсінігі, түрлері және жіктелуіИнновациялық экономикадағы білімнің рөлі
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ Республикасының білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайыҚазақстан инновациялық экономикасының ғылыми-технологиялық әлеуетіҚазақстан дамуындағы білім берудің инновациялық белсенділігін жетілдіру жолдары
- ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІШет елдердегі білім беру жүйесіДамыған елдер мен Қазақстанның білім беру жүйесін салыстыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен Міне, мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.
Зерттеу тақырыбы мазмұны: Ғылым өрісі бұрыннан дәстүрлі түрде мемлекеттік саясаттың қызу саласы болып есептелінген. Қазіргі жағдайда мемлекет бизнесті ең алдымен қажет ресурстардың бірі - білім және идеялармен қамтамасыз етуді - өз міндетіне алып отыр. Қазіргі жаһандану жағдайында алдыңғы қатарлы іргелі ғылымы, озық технологиясы бар мемлекеттер ғана әлемдегі дамыған елдер қатарына кіре алады. Сондықтан білімнің, ғылымның, техниканың дамуының басым бағыттарынан үлкен стратегиялық мәні бар ғылыми-техникалық кешендер іске асырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы инновациялық дамуындағы білім беру саласының даму ерекшеліктерін, білім беру саласындағы саясаттың жасақталу барысы, оның жүзеге асу бағыттарын, білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуболып табылады.
Зерттеу міндеттері: ҚР білім беру саласындағы инновациялық саясаттың ерекшеліктерін айқындау, оның жүзеге асыру құралдарын саралау, ҚР білім беру жүйесінің даму жағдайларын сипаттау, білім беру саласын зерттей отырып, оны одан әрі дамыту бағыттарын айқындау.
Зерттеу объектісі: ҚР инновациялық дамуындағы білім беру саласының объектілері
Зерттеу пәні: Инновациялық саясатты дамытумен байланысты ҚР білім беру туралы саясаты
Зерттеу әдістері: Әдістемелік негіз болып шетелдік және отандық ғалымдардың инновациялық даму және оның теориялары туралы еңбектері табылады. Зерттеу кезінде экономикалық талдаулар, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистикажәне басқа да ғылыми болжау әдістері қолданылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР білім беру саласының инновациялық дамуының теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмысының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде білім беруді дамыту маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктерінің дамуын қамтамасыз етедi.
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІИнновацияның экономикалық түсінігі, түрлері және жіктелуі
Көптеген зерттеушілердің айтуынша, «инновация» термині шамамен XV ғасырдың бірінші жартысында пайда болған, яғни ағылшынның «innovation» сөзін аударғанда «қайта өрлеу» немесе «тауар жасаудың жаңа жолы».
«Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30- жылдарында австриялық ғалым Йозеф Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:
- инновация дегеніміз жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
- инновация - практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс;
- инновация - əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.
Жалпы алғанда, инновация - əкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
ҚР «Инновациялық қызмет туралы» заңында инновация деп жаңа немесе жетілдірілген тауар ретінде көрініс тапқан интеллектуалды еңбектің нәтижесі, экономикалық айналымдағы жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс деп түсіндіріледі.
В. А. Макаренко редакциясымен шыққан заманауи түсініктер мен терминдердің қысқаша сөздігінде толық анықтама берілген. «Инновация (ағыл. innovation -жаңа енгізу, жаңалық, лат. innovation - қайта жаңару, жаңару) бұл:
- техника и технология буынының қамтамасыз ету үшін, экономикаға қаржы салу;
- ғылыми- техникалық үдерістің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технология;
- жаңа идеяларды жасау мен жинақтау, жаңа теория, модель жасау, оларды жүзеге асыру: қайталанбайтын, жеке саяси бағдарламалар;
- тіл білімінде - жаңа өскін, саластырмалы жаңа құбылыс, әсіресе морфологияда.
Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. Й. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа нарықтарына шығу;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнар көздерін пайдалану.
Инновация - бұл техника мен бизнес әлемінің бір уақытта көрінуі. Өзгеріс тек технология деңгейінде болғанда, Й. Шумпетер оны «өнертабу» деп атады. Оған бизнес қосылғанда ғана, олар инновация болады.
Шетелдік зерттеушілер Э. Дж. Долан, Я. Корани, П. Хейне, П. Ф. Друкер, Н. Г. Менкью, Г. Хоскинг, Й. Шумпетер, В. Леонтьев жəне т. б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты.
Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.
Индустриалды-инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай-ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме-дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажет.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық - бұл тек идея немесе жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.
Ч. Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз - жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т. б. ) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
Инноватика теориялары экономикалық даму теорияларының контекстерінде қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің ойынша, экономикалық дамудың жетекші факторлары білім, интеллект, инновациялар.
XX ғасырдың 50 жылдары американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде ҒТП-ға көңіл аударады. Осындай тұжырымды басқа да экономистер жасады: Джон Кендрик, Эдвард Денисон, сонымен қатар Саймон Кузнец. Кузнецтің ойынша сұранысты қанағаттандыратын ұлттық өнімнің өсуі технологиялық прогреспен жүзеге асады.
Кейінірек Эдисон экономикалық дамудың 23 жіктемесін ойлап тапты. Соның ішінде 4-еңбекке қатысты, 4 - капиталға, 1- жер, қалған 14 ғылыми - техникалық прогресті сипаттайды.
Сонымен қатар инновациялардың өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты бөлінуі:
- Салааралық;
- Салаішілік;
- Кəсіпорын ішіндегі инновация;
Салааралық ішіндегі инновация - екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация - белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация - кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист Г. Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:
- Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.
- Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге бағытталған.
- Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
- Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді.
Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген жағдайлар міндетті түрде қажет. Олардың барлығының жиынтығы аймақтық инновация жүйесін құрайды.
Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән:
- әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;
- қатысушылардың қызығушылықтарының жүйелілігі және келісімділігі;
- шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек болуы;
- болжамдық сипат;
- экономикалық және әлеуметтік мән.
Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет; корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми зерттеу орындары.
Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.
Қазақстан Республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.
Ұлттық технопарктер республикалық бюджеттің қаржысына құрылады. Олардың ерекшіліктері болып мыналар саналады:
- ғылыми-зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;
- нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;
- отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;
- жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.
Ұлттық технопарктерді құру мақсаты - отандық ғылыми-техникалық әуелетті толық пайдаланып өз аясына тарту.
Аймақтық инновациялық орталықтардың инфрақұрылымның элементі ретінде ерекшеліктері төмендегідей:
- бір инновациялық орталықтың шеңберінде әртүрлі ғылыми бағыттарды дамыту;
- орталықтарды жеке аймақтық ғылыми-зерттеу кешенінің негізінде құру;
- қызмет нысанасы жеке аймақтық ресурстары мен қажеттілігіне сүйенеді.
Қазақстанда жоғары технологиялық аумақтарды құрудың алдынғы себептері:
- ұтымды географиялық орналасуы;
- өндірістік инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуы;
- бай минералдық ресурстардың барлығы;
- экономикалық және саясаттық тұрақтылық.
Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы барлық компоненттердің болғанын қажет етеді.
Инновациялық жүйеге бірнеше инфрақұрылымдар кіреді:
- мемлекеттік ғылыми ұйымдар - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, жобалау институттары;
- ұлттық компаниялар, күрделі кәсіпорындар жанындағы ғылыми ұйымдар;
- меншік ғылыми-зертту және жобалау институттары;
- ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік;
- ғылыми кадрлар және жеке өнертапқыштар;
- материалдық-техникалық база.
Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін, егерде мынадай функциялар атқарылса:
- көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса;
- қаржылық инфрақұрылым инновациялық жүйенің негізгі элементерін қаржыландырумен қамтамасыз етілсе.
Сонымен инновацияның құрылымы келесідей:
- Технопарктер;
- Технологиялық инкубаторлар;
- Инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз - ғылымды, білімді жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық - эксперименттік базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор - ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық - конструкторлық-технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу кезінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік-технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми-техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік - лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар.
Сонымен инновация - инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық, консалтингтік, əлеуметтік жəне басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің нəтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық жəне ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тəжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды. Инновациялық жүйе əр алуан қатынастардың - фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық жəне аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі. Осы орайда зерттеудің негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында жаңа заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға, оларды халық тұтынатын жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге түрлендіруге қатысушы экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың күрделі жүйесі ретінде инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде К. Фридманды айтуға болады. Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына сəйкес инновациялар дегеніміз - бір-бірімен көптеген күрделі байланыстар арқылы біріккен жүйе болып табылады.
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық кəсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде технологиялық бизнес-инкубаторлар жүйесін құру болып табылады.
Технологиялық бизнес-инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай-ақ технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады. Яғни технологиялық бизнес- инкубатор дегеніміз - инновацияларды құру, қорғау құжаттарын алуға өтініштерді рəсімдеу жəне инновациялық жобаны дайындау үшін жеке жəне заңды тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың жəне өзге де қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор - инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды жəне инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Сонымен қатар ҚР-ның 09. 07. 2001 №225-2 «Ғылым туралы» Заңының 1 бабында инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама берілген:
Технопарк дегеніміз - негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық - техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.
Технопарктер əлемдік тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді:
- американдық;
- жапондық;
- аралас.
Технополис - бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені. Яғни, басқаша айтқанда, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған жəне сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді.
ҚР-ның Индустриялық-инновациялық стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
- ұлттық технологиялық парктер;
- аймақтық технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылыми қалашықтар. Инновациялық экономикадағы білімнің рөлі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz