Мәдениаралық сұхбат мәдениет динамикасының алғышарты ретінде


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

магистратура

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы контексіндегі акмеологиялық мәдениетінің қалыптасуы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаушы Танирбергенова А. Н

Ғылыми жетекші Масалимова А. Р.

филос. ғ. д., профессор

«___» 2013 ж.

қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі Құрманалиева А. Д.

филос. ғ. д., профессор

«___» 2013 ж.

Алматы 2013

Жоспары

КІРІСПЕ 3

І. Мәдениаралық сұхбаттың құрылымы мен мазмұнының мәні 6

1. 1Мәдениаралық сұхбат мәдениет динамикасының алғышарты ретінде 12

1. 2 Мәдениаралық сұхбаттың өзге мәдениетті қабылдаудағы қызметі 12

ІІ. Мәдениаралық сұхбат және инновациялар 27

2. 1 Қоғамның құндылық негіздерін мәдениеттанулық талдау27

2. 2. Мәдениаралық сұхбаттағы құндылықтардың маңызы 39

ҚОРЫТЫНДЫ 44

Пайдаланған әдебиеттер 45

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Әлемдік қауымдастықтың дамуының қазіргі сатысында мәдениеттер арасындағы сұхбата барынша назар аударылады. Мемлекетаралық деңгейде қызмет атқаратын және өз елдерінің мәдениетттерін басқа елдерге таныстыратын дипломаттардың пікірі бойынша, өзара кең түсіністікке жол ашатын халықтар арасындағы мәдени айналым үдерісі аса маңызды. Мәдениеттер сұхбаты аймағындағы зерттеушілер «мәдениеттердің өзара байланысының әртүрлі деңгейлерде: жекелеген мәдениеттер арасындағы байланыстан шартты түрде «Шығыс» және «Батыс» ұғымдарымен белгіленген жаһандық мәдениет жүйесіне дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Бұл өзара байланыстың барлығын қамтушы сипаты қазіргі жағдайды мәдениеттер сұхбаты ретінде сипаттауға мүмкіндік береді» (Серебрякова, 1997:34) . Осылайша, заманауи кезеңде қолданысқа енген халықаралық қатынастар мәселесі мәдениетаралық түсіністік аясында зерттеулер жүргізу қажеттігін талап етеді, оның шешімі мәдениетаралық қарым-қатынастың тұтастығында табылады.

Мәдениет сұхбаты тек қана өнеркәсіп, сауда-саттық, ғылым, өнер аймағындағы елдер мен халықтардың материалдық және рухани мәдениеттерінің жетістігімен алмасуды ғана ұйғармайды, мәдениет сұхбаты әртүрлі мәдениет аймағындағы ұлттар мен ұлыстардың өзара байланысы түрінде жүзеге асырылады. Мәдени антропологияда «мәдениеттердің бұл қарым-қатынасы «мәдениетаралық коммуникация» деген атауға ие болған, ол екі немесе одан да көп мәдениеттер мен олардың әрекетінің өнімдерінің алмасуын білдіреді. Бұл айырбас саясатта, сонымен қатар адамдардың тұлғааралық қатынасында, тұрмыста, отбасында, ресми емес байланыстарда өтуі мүмкін» (Грушивецкая, Попков, Садохин, 2002:25) . Бұл тұжырым мәдениетаралық сұхбаттың көп қырлылығымен сипатталатындығын білдіреді. Сондықтан мәдениетаралық сұхбаттың қазіргі Қазақстан қоғамындағы модернизациядағы роліне талдау жасау аса өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда оқу-ағарту ісін гуманитаризациялау мәселесі алға қойылып отыр.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Ұсынылып отырған жұмыс ол әр түрлі теориялық ізденістер мен терең мәдени қайнарларға сүйенеді. Жұмыстың ұғымдық және методологиялық құрылымының мәдениет теориясын қолдану нәтижесінде пайда болғанын атап өту керек. Бұл ретте диссертатцияның авторы өзінің кәсіби қалыптасуына әсер еткен және еңбектері осы жұмыста қолданыс тапқан бұрынғы Кеңестік және Қазақстандық философтардың есімдерін атап өткенді жөн көріп отыр: Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбділдин, Т. Х. Ғабитов, Б. Ғ. Нұржанов, М. С. Орынбеков, Т. С. Сәрсенбаев және т. б. Диссертатция үлкен мәселені көтеріп отыр Мәдениетаралық сұхбаттың құндылық аспектілері және оның Қазақстан модернизациясындағы рөлі осы тақырыптың өзіндік зерттелу деңгейін көрсетіп өту қажет. Адам зерттеуге ниет еткен нысындардың ішіндегі ең күрделісі -мәдениет. Сондықтан мәдениеттануда өте күрделі ғылым ретінде философия қойнауында дамып, жетіліп, бүгінде өз алдына дербес дәрежеге ие болып отыр. Мәдениеттің бітімдері олардың заңдылықтарын дүниетанымдық негіздері мен сұхбаттасу өрістерін зерттеуде өздерінің тың ойларын айтқан мына ғалымдар: М. М. Бахтин, В. С. Библер, Б. А. Конев, Л. М. Баткин, А. Ф. Лосев, И. С. Кон, және т. б. Ұсынылып отырған диссертатция әлемдік және отандық философияны арқау еткен.

Зерттеу мақсаты: таңдалып алынған тақырыптың актуалдығын және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Мәдениаралық сұхбаттың құрылымы мен мазмұнын, оның негізгі мәнін анықтау, мәдениет динамикасындағы орнын айқындау, сонымен қатар қазіргі Қазақстан қоғамындағы мәдениаралық сұхбаттың ролін, оның елдің модернизациясына қосатын үлесін бағдарлау.

Зерттеу міндеттері: Қойылған мақсатқа сәйкес алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:

-Мәдениаралық сұхбаттағы мәдениеттің маңызы мен қызметін айқындау;

-Мәдениаралық сұхбаттағы модернизацияның ролін көрсеті;

-Мәдениаралық сұхбат және мәдениаралық коммуникация ұғымдарының мәні мен мазмұнын тәжірибе жүзінде зерттеп-зерделеу;

Зерттеудің тәсілі: зерттеу тәсілінің негізінде ғылыми-теоретикалық танымның, ізденістің талай сыннан өткен дәстүрлі тәсілі диалектика жатыр. Диалектиканың принциптері мен категориялары( әсіресе, осы зерттеуде қолданылған мәдени-тарихилық принципі тарихилық пен қисындылық бірлестігі пинципі, абстрактылық пен нақтылық бірлестігі) зерттеу жұмысының ғылыми-теоретикалық деңгейін танытады. Диссертатциялық ізденістің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында автор М. Бубер, М. Бахтинннің сұхбаттық әдістемесін кеңінен қолданды. Сұхбаттық әдістеменің негізі сананың интенционалдығы принципіне интерсубьективтік принципіне сүйенген феноменологиялық тәсілде жатыр. Аксиологиялық тәсілдің де сұхбаттық әдістеменің тірегі болары даусыз. Олай болатын болса, сұхбаттық фенеменология мен сұхбаттық аксиологияның зерттеуде елеулі әдістемелік рөлге ие болғандығы заңды.

Зерттеу объектісі: Мәдениаралық сұхбаттың қазіргі Қазақстан модернизациясындағы орны мен ролі

Зерттеу пәні: Мәдениаралық сұхбат пен мәдениаралық коммуникацияны, оның Қазақстан модернизациясындағы қызметін мәдениет антропологиясы аясында қарастыру.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Диссертациялық зерттеудің теориялық мәні онда мәдениаралық сұхбатты (мәдениеттанулық, коммуникативтік, прагматикалық, этнологиялық) зерттеуге кешенді тәсілдің әзірленуімен анықталады. Мұндай тәсіл халықтың мәдениаралық сұхбатын олардың өзара тығыз қарым-қатынасы барысында зерттеуге, мәдениеттанулық зерттеулер методологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Мәдениаралық сұхбаттың прагматикалық қырларын әзірлеудің өзіндік құндылығы бар.

Жұмыстың практикалық мәні зерттеуде келтірілген дәйекті мәліметтердің әртүрлі халықтардың мәдениаралық сұхбатын салғастырмалы зерттеуінде қолданылуы әлеуетімен байланысты. Сонымен қатар еңбектің практикалық мәні оның нәтижелерін тілдік коммуникация, мәдениеаралық коммуникация мәселелерінде, қазіргі Қазақстан қоғамындағы модернизациядағы мәдениаралық сұхбаттың қызметін анықтауда пайдаланумен қатысты айқындалады.

Еңбектің жекелеген тұжырымдары мәдениетаралық коммуникация мен мәдениеттану курстарын оқытуда пайдаланылуы мүмкін: мәдени семантика мен семиотика, мәдениеттің тілі мен рәміздері, мәдени конвенциялар, әлемнің мәдени келбеті, мәдени дәстүрлер, құндылықтар мен нормаларды оқыту курстарында; лингвомәдениеттану және елтану курстарында қолдануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: диссертатцияның ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың алға қойған басты мақсаттың және оны орындау барысында шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде танылады. Мәдениетаралық сұхбаттың құндылық аспектілері және оның Қазақстан модернизациясындағы рөлі деген тақырыпты қарастырудың өзі жаңаша бір талпыныс. Ол қажетті түрде мәдениетаралық сұхбатқа деген семиотикалық көзқарастарды қалыптастыруды талап етеді.

І. Мәдениаралық сұхбаттың құрылымы мен мазмұнының мәні

1. 1 Мәдениаралық сұхбат мәдениет динамикасының алғышарты ретінде

Зерттеушілердің дені мәдениет туралы түсінікті осы сөздің латындық («батыстық») тимологиясынан бастайды. «Батыстық» деп шартты түрде белгілейтін болсақ, ол терминіміз- « культура ». Бүгінгі күнгі түсінігімізге үйреншікті орыс тілі арқылы жеткенімен де, оның түп- тамыры сонау романдық тілдер тобының атасы- латын тіліне барып тіреледі. Осы орайда мәдениеттің мағыналық, мәндік анықтамасын іздестіргеннен гөрі сөздің этимологиясын лингвистикалық сарапқа салғанымыз тиімдірек. «Культура» сөзінің түп астары латын тілінің « colo » деген етістігінің өзгеріске ұшырауынан шықты деген ғылыми көзқарас қалыптасқан. Осы етістікті қазақ тіліне дәлме-дәл тәржімалауға тырысатын болсақ, «жер өңдеу», «баптау», «қолдан өсіріп-өндіру» деген мағынағы жуық келеді екен. Әлі күнге дейін осы этимологиялық мағынаны «культиватор», «агрокультура» сөздерінен кездестіруге болады. Қарап отырсақ «культура» сөзінің шығу барысының өзі адамзат тарихындағы түпкілікті өзгеріс уақытына сайма-сай келген көрінеді. Ол адамзаттың терімшілдіктен өндірушілдікке, көшпенділіктен отырықшылыққа бет бұрған кезі, ақпарат алмасудың ауызекі сөз формасынан жазу-сызуды қолдануға әдеттене бастаған кезеңі. [1-4] .

Осыған ұқсас жайды шартты түрде «шығыстық» деп аталынған мәденеит сөзінің арабтық этимологиясында табамыз. Ол «мадина» - «қала» деген сөзден туындайды. Бұдан «мәдениет» ұғымының қаланың адамзат өмірінде пайда болуымен байланыстырылғандығын көреміз. Бәрімізге белгілі, қала адамзат өмірбаянының, мәдениетінің елеулі құбылысы ретінде тікелей отырықшылықпен байланысып жатыр. Сонымен, бұл этимологиялық талдаудан байқағанымыз мәдениеттің қалаларда ғана орнап қоймай, сонымен қатар өзі де қалалық өмір сүру арқылы дүниеге келетіндігі. Қаллық емес, мысалы, ауылдық өмір салты әрқашанда өзінің табиғат пен тығыз байланыса, табиғилығына қарай «жеткілікті түрде мәдениетті емес», «жеткілікті түрде жасанды ортасы жоқ» деп қарастырылған уақыт та болды. Бұл терминнің этимологиялық мағынасы туралы айтылған түсінік, бірақ ол мәдениет ұғымының өзіндік анықтамасын, мазмұнын дәл беріп отырған жоқ. Сондықтан да, тікелей қалалықтан туындайтын болса, онда көшпелілер номадтар әлемінде мәдениет болмаған ба деген сұрақтардың қойылуы орынсыз.

Көшпенділіктен отырықшылыққа көшкен адамзат баласы жерді өңдеу барысында өзі де өңделуден өтті. Адамның өзі ендігі жерде білім беру мен тәлім-тәрбие жүйесінің объектісіне айналды. Осыдан келіп, «культура», «мәдениет» ұғымының о бастағы этимологиялық мәнінен кейін пайда болған мазмұны мәдениетті тікелей рухани тәрбиемен, руханилықпен, рухани құндылықтар әлемімен байланыстырады.

Мәденеит ұғымы полисемантикалық, көпмағыналы ұғым. Ғылыми әдебиетте мәдениеттің 400-ден астам анықтамасы жүрген көрінеді. Шет елдік әдебиеттердің қоя тұрғанның өзінде, бұрынғы ортақ отанымыз болып есептелінген Кеңес одағының рухани аясында мәдениетке деген бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Оларды шартты түрде мынандай концепцияларға бөліп қарастыруға болады:

  • Н. З. Чавчавадзенің құндылықтар ілімі. Бұл бағыттың бастауын сонау неокантиандықтардан: Г. Риккерт, В. Виндельбанд, Г. Коген, Ф. Кассирлерден табамыз десек артық болмайды. Құндылықтарды зерттейтін ілімді аксиология деп атайтындықтан, мәдениетті құндылықтар идеясы тұрғысынан түсіндіруге тырысқан бұл концепцияны да аксиологиялық концепция десе болады. Аксиологиялық түсінік бойынша мәдениет дегеніміз құндылықтардың жиынтығы болып табылады. «Мәдениет деп идеалды құндылықтың оның материалды иесімен қосылуын айтады» -дейді Н. З. Чавчавадзе.

Адам баласы-табиғаттың бір бөлшегі. Солай бола тұрса да табиғатты, қоршаған табиғи әлемді өз қажеттіліктеріне байланысты саналы іс-әрекеттің арқасында өзгертуші де, табиғатқа қожалық етуші де болып табылады. Мәдениет негізі- адам еңбегі болып шыққандықтан, мәдениетті адам іс- әрекетінің технологиясы деп қарастыратын ғалымдар да баршылық. Олардың қатарына М. Маркарянды, Л. Н. Коганды, В. Межуевті және тағы басқаларды жатқызуға болады.

Біз осы сынды мәдениетті анықтауға тырысыатын көптеген концепцияларды кездестіре аламыз. Бірақ отандық философия, мәдениет теориясымен қатар көпжылдық тарихи және көпқырлы бағыттары бар шет елдік мәдениет философиясын да ұмыт қалдырмағанымыз жөн.

Қазіргі Батыстық мәдениеттанудағы белді ілімдерге тоқтала кететін болсақ, жалпы, батыстық философия тарихының сонау дәуірде қалыптасқан «мәдениет» ұғымымен шын мәнісінде танысуы тұңғыш рет XVIII ғасырда болды десек қателеспейміз. Руханилыққа зәру болмаған антикалық және ортағасырлық дәуірдегі батыс мәдениеті үшін «культура» ұғымы ешқашан орталық мәселе болған емес. Ғылым мен техниканың бұрын болмаған дәрежеге көтеріліп, адамзат өмірінің анықтауыш күшіне айналған кезеңдердің «мәденеит» ұғымын ортаға шығаруын түсінсе де болады. Өйткені, материалдық және руханилық арасындағы қашықтықтың ұлғайып, табиғи және жасанды, заттай және рухани, өркениет және мәдениет дихотомиясына жол ашылады. Осының нәтижесінде XIX ғасыр түгелдей дерлік мәдениеттудырушы, мәдениетжаратушы (культурогенный) факторды іздеумен болды. Мәдениет дегеніміз не? Өркениет дегеніміз не ? Олардың өз ара қарым-қатынасы қалай? Міне, осындай сұрақтар төңірегінде батыстық мәдениет филисофиясы туындады.

Бәрімізге белгілі, мәдениеттің ұғымдық мәнін ашып беруді көздемесе де оны мәдени кезеңдердің айналып соғып отыруы арқылы түсіндіруге тырысқан циклдік теорияның өз жақтаушылары бар. XVIII ғасырдың басында-ақ Дж. Вико (1668-1744) барлық ұлттар дамуының тарихтағы қайталанбалық циклі туралы идеясын айтқан болатын( Дж. Вико. Основания новой науки об общей природе наций. Л., 1940) . Бүкіл адамзатқа ортақ үш даму кезеңін Дж. Вико: құдайлар ғасыры, батырлар ғасыры, кейін, яғни үшінші кезеңнен кейін қоғамда, мәдениетте құлдырау, тоқырау процесстері орын алып, терең күйзеліс басталады. Осыдан кейін цикл қайтадан өзін құдайлар ғасырынан бастайды. [1, 4] .

Ресейде айналу циклдері идеясын орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н. Я. Данилевский (1822-1875) өзінің «Россия және Еуропа» атты еңбегінде қолданды. Онда Н. Данилевский дүниежүзлік мәдениетті негізгі он түрлі өзімен өзі шектелген мәдениеттердің болмысымен теңдестіреді. Әрбір жеке мәдениеттің болмысын табиғатты тірі организм өмірімен салыстыра отырып қарайды. Барлық тіршілік иесі дүниеге келу, өсіп-өну, кең құлаш жайып даму, қартаю сияқты кезеңдерді басынан өткізетін болса, мәдениеттер де деп сондай схема жүйесінде дамиды. Даму кезеңдері тұрғысынан қарастырсақ, барлық мәдениеттер бірдей, бірақ әрқайсысы өзіне берілген бір уақыт кесіндісі арқылы ерекшеленеді. Морфологиялық тұрғыдан, немесе құрылым жағынан әр түрлі деп қарастырылады. Барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан, кезеңдерінен өтеді, бірақ әрқайсысының өзіндік сүрлемі бар. XX ғасыр адамзат баласы үшін, соның ішінде, әсіресе, батыстық адам үшін жойқын бір пессимистік сарынмен басталды. Бірінші дүние жүзлік соғыстың басталуы, онда қырылған қанша миллион адам, одан кейінгі екінші дүние жүзілік соғыс жан түршігерлік сұмдық апаттарымен адамзатты тұғырыққа тіреді. XX ғасыр эсхатология, апокалипсис идеясына негізделген тоқыраушылық көңіл-күйге орын берді. Соның нәтижесінде XX ғасырдағы мәдениет философиясы дағдарыс, тоқырау, үмітсіздік белгісімен басталды десек асыра айтпаған боламыз. Оған тән үрдістерге қысқаша тоқтала келетін болсақ, былай:

  • Мәдениет және өркениет арасндағы алшақтық ұлғая түсті. Ол дегеніміз бұдан былайғы жерде адамның материалдық және рухани өмірінің формаларының ырғағы, амплитудасы сай келмек тұрмақ, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келуге дейін барып қалғандығын көрсетеді;

Осы тұста мәдениет ұғымымен тығыз байланыста дамыған өркениет ұғымына қысқаша тоқтала кетейік. Өркениет «цивилизация»-сөзі де семантикалық жағынан латын тілінен шығып, онда азаматтық деген мәнді білдіретін болған. Көне римдіктер бұл ұғымды өздерінің басқа халықтар мен мемлекеттерден варварлардан айырмашылығын, ерекшелігін көрсету үшін қолданған. Өркениет пен мәдениет ұғымдарының ара қатынасы әр уақыттағы әр түрлі авторлар шығармаларында түрліше көрсетіліп жүрді. Мысылы, егер И. Гердер, Э. Тэйлор оларды синонимдер деп қарастырса, О. Шпенглер өркениетті мәдениеттің ақыры, оның антиподы деп түсіндіреді. Ал А. Тойнби, Н. Я. Данилевский сынды зерттеушілер үшін өркенит этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі болып табылады.

  • Өмірдің барлық формаларының қасиетсізденуі десакрализация;

Ағартушылықтың шынайы еуропалық мәдени құбылыстың ала келген рационалистік идеясының нәтижесінде өмірде бәрі рациоға, ақыл-парасатқа бағынышты, тиесілі болды. Бәрін танып білемін, бәрі менің ақылыма тәуелді деген жерден заңды түрде қасиет, аруақ, әулиелік, құпия кетуі орынды;

  • Мәдениеттің мән- мағыналарының, идеяларының өз мүмкіншіліктерін пайдаланып бітуінің нәтижесінде мәдени деградация, мәдени құлдырыу процесі басталады. Оның көрінісі ретінде мәдени элитаның бытырауын, мәдениеттің стильдік бірегейліктен айырылуын, көпшілік мәдениетінің бой көрсете бастауын, стандарттың шедеврді жеңуін және тағы сол сияқты келеңсіз оқиңаларды атауға болады.

Міне, қысқаша айқындып кететін болсақ, XX ғасырдағы мәдени ахуал осындай. Өзіміз өмір сүріп жатқан дәуірдің тоқырау, күйзеліс идеясына ден бергені соншалықты, тіпті XX ғасыр уайым-қайғыға, дағдарысқа ғашық па деп қаласың. Сонау Ф. Ницшеден басталып, Ж. П. Сартрдың экзистенциализмі, Э. Фроммның психоаналитикалық философиясы, Франкфурт мектебінің өкілі - Г. Маркузенің шығырмалары, Х. Ортега-и-Гассет, А. Хаузердің бұқаралық мәдениет туралы ойлары арқылы әсіресе батыстық мәдениетке деген күйзелістік көзқарастар әлі де болса талай жандарды толғандырып, көңіліне қаяу салуда. Жоғарыда аты аталып кеткен О. Шпенглердің айтуы бойынша, әр мәдениет өз алдына жеке әлем, жеке атом, жеке тірі жан тәрізді. Кез келген мәдениеттің ерекше бір рухы бар. Әрбір мәдени организм табиғи организмнің тіршілігін қайталайды да пайда болу, гүлдену, солу, өлу сияқты сатылардан өтеді. Мәдениет өлігінің орнына өркениет келеді. О. Шпенглердің Еуропаның күйреуі атты еңбегңнде өркениет-мәдениет моласы ретінде қарастырылады. [2, 363] .

О. Шпенглердің түсінуінше, мәдениет алғашқы феномен, бастапқы рәміз-мәдениет стилін өзінің барлық бөліктерінде қайталап шығады. Мәдениетті біртұтас организм, тұлға ретінде біріктіріп мәдениет қылып отырған да сол мәдениеттің бастапқы рухы-мәдениет стилі. Ол мәдениеттің өзіндік келбетін, өзіндік болмысын қалыптастырады.

Дүниедегі қай мәдениет болмасын, О. Шпенглердің айтуы бойынша, өз алдына томаға тұйық жатқан өзгеше бір әлем, өзіндік ерен құбылыс. Ал өркениеттілікке келетін болсақ, оның жалпыға ортақ қасиеттерін, тіпті жалпыға ортақ дерттерін көрсетуге болады екен.

Осы орайда А. Хаузердің, М. Маклюэннің, Х. Ортега-и-Гассет, В. Вейдленің бұқаралық мәдениет туралы толғаныстары еске түседі. Х. Ортега-и-Гассеттің көп шығармаларының негізгі сарыны да бейтарап та бейқам бұқаралық мәдениеттің қауіпті дертінің бірі- өзіндік ерекшелігін, ерен стилін жоғалтқандығы. XX ғасыр мәдениеті соның ішінде әсіресе Батыс Еуропалық мәдениет даму барысында өзіндік тұрақты координаттарынан айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэннің айтуы бойынша, мәселенің түп-төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді.

М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процессін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да дискреттік идеяға мәдени дамудыңконтинуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз-тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер және тағы басқалар. Мәселенің бәрі ақпарат құралдарында! Все дело в средствах!-бұл М. Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған негізгі тезисі.

М. Маклюэн адамзаттың тарихи дамуы барысында негізгі қарым-қатынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді көрсетті. Әрбір тарихи-мәдени сатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші кезең - тас дәуіріндегі жабайылық варварлық кезеңі. Адамдардың өз ара қарым-қатынас құралының бірден -бір көзі -ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық дыбыстық, естілетін кеңістікте өмір сүрді. Шетсіз -шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық акустикалық кеңістік адам баласының алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіне сәйкес келеді. Сананың синкретикалығының бөлінбегендігінің, жіктелінбегендігінің нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам табиғат пен қауымнан кіндігі ажырамаған, өзінің дербес жан, тіршілік иесі екендігін әлі де түйсіне алмайтын дәрежеде болған. Сол себепті қауым мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.

Негізгі коммуникация байланыс құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және мирасқорлығының негізі де сол болып табылады. Тіл-коммуникация құралы ретінде коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатыасуын айтуын, естуін қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды. У ішсең- руыңмен деген мәтел сол кезеңнің қауымдық біртұтастығынан хабардар етсе керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
12 жылдық жалпы орта білім беру мақсаты
МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы
Американдық саяси дискурс
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Мәдениаралық құзыр
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Публицистикалық қағаздарды аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz