Гетеротрофты микроорганизмдердің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

Биотехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ТОПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ ГЕТЕРОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ЗЕРТТЕУ

Орындаған 4-курс студенті Муханова М. Е

Ғылыми жетекші

б. ғ. к., доцент Бержанова Р. Ж

Норма бақылаушы

б. ғ. д., доцент Садвакасова А. Ж

Кафедра меңгерушісі

б. ғ. д., профессор Заядан Б. К

Алматы, 2012

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 4

  1. Гетеротрофты микроорганизмдердің ерекшеліктері . . . 4

1. 2 Гетеротрофты микроорганизмдердің табиғатағы рөлі . . . 7

1. 3 Топырақ - микроорганизмдердің мекен ету ортасы ретінде . . . 10

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 17

Кіріспе

Микроорганизмдер табиғатта, соның ішінде топырақта көп таралған және олар топырақтың негізгі құрам бөлігі болып саналады. Топырақ микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып саналуының басты себебі оның кең масштабтағы гетерогенділігінде. Жалпы биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Олар тау жыныстарының және минералдардың пайда болуына қатынасып, ерекше геохимиялық қызметтерді атқарады. Микроорганизмдер қоректену типіне байланысты: автотрофты және гетеротрофты деген үлкен екі типке бөлінеді. Гетеротрофтардың табиғатта алатын орыны мен атқаратын қызметі зор. Олар өсімдіктер мен жануарлардың шірінділерімен қоректене отырып табиғатты тазалайды. Сонымен қоса биосферада жүретін зат айналымдарына қатысады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

  1. Гетеротрофты микроорганизмдердің ерекшеліктері

Барлық микроорганизмдерде метаболизм процесстерi жүзеге асу үшiн қоректік заттар қажет. Қоректендiргiш заттар ретiнде және энергия көзі ретінде микроорганизмдер әр түрлi органикалық және органикалық емес қосылыстарды қолданады. Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды.
Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бәліп те үлгереді. Бұл екі процестің екеуі де ете тез жүреді [1] . Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана еткізіп тұрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да соғұрлым арта түседі. Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Клетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуіде ықтимал [2] .
Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас тұзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы қалындағыдан анағұрлым кішірейеді де жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады, оны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтау үшін тұрмыста қант пен ас тұзынын, концентрлі ерітінділерін пайдалану осындай ерекшелігіне негізделген [3; 4; 6] .
Төрт органоген қоректену үшін негізгі элементтер болып саналады - оттегі, сутегі, азот, көміртегі. Оттегі мен сутегінің негізгі көзі-су. Органикалық заттар клеткаға тек еріген күйде түсуіне байланысты су маңызды роль атқарады. Азот пен көміртегі көзі ретінде әр түрлі химиялық қосылыстарды (органикалық және органикалық емес) пайдаланады. Бактериялардыі кейбір түрлері қарапайым азотты ауадан, ал көміртегін көмірқышқылынан сіңіре алады [5] . Көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді (1-сурет) .

Сурет 1- Микроорганизмдердің қоректенуі бойынша топқа бөлінуі

Автотрофтар (гр. autos - өзім, tropha - тамақтану) қарапайым органикалық қосылыстарды қолдана отырып күрделі органикалық қосылыстарды өздігінен ситездей алатындар. Олар үшін көміртегі мен азот көзі ретінде көмірқышқылы мен көміртегінің өзге де органикалық емес қосылыстары, ауаның молекулярлы азоты, аммоний тұздары жатады. Осындай қарапайым заттарды қолдана отырып олар белок, май, көмірсулар, витаминдер мен ферменттерді синтездейді [6] . Автотрофтардың (прототрофтар) ішінде хемосинтездеуші, яғни фотосинтетикалық пигменттері жоқ, энергияны химиялық реакция нәтижесінде алатындар, және фотосинтездеуші, хлорофилтәріздес пигменттері бар, энергияны күн сәулесінен алатындары бар. Автотрофты микроорганизмдерге С. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар, темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.
Бұлардың кейбір тобына-мәселен, күкірт бактерияларына-жасыл есімдіктердегідей фотосинтез құбылысы тән [9] .
Гетеротрофтар (гр heteros - өзге, tropha - тамақтану) көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. 1933 ж. изотоптық әдіс көмегімен американдық ғалымдар гетеротрофтар СО 2 газын сіңіре отырып көміртегін қорыта алатынын дәлелдеген. Көміртегінің көзі ретінде гетеротрофты микроорганизмдер көбінесе дайын органикалық заттарды көмірсулар, спирттерді және түрлі органикалық қышқылдарды (сүт, сірке, лимон, пропион т. б. қышқылдарды), балауыз, клечатка және т. б пайдаланады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады, сәйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.
Гетеретрофты микроорганизмдер ішінде автотрофтар сияқты хемосинтездеуші, энергияны химиялық реакция нәтижесінде алатын және фотосинтездеушілер, энергияны күн көзінен алатындар бар. Хемосинтездеуші гетератрофтар қолданатын субстратқа байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: метатрофтар (хемолитотрофтар) және паратрофтар (хемоорганотрофтар) . Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктердің калдықтарымен және жануарлардың өлекселерімен қоректенеді. Бұларға топырақтағы және судағы әр түрлі органикалық заттарды ыдырататын және тағамдық заттарды бүлдіретін микроорганизмдер жатады. Сонымен бірге көптеген бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары да сапрофиттер болып есептеледі. Ал паратрофтылар немесе паразиттер (гр. patogenes - ауру тудыратын) тек тірі организмдер белогында ғана көбейе алады. Бұған адам мен жануарлардың ауру қоздырушы микроорганизмдері жатады. Олардың ішінде факультативті, шартты патогенді, облигатты паразиттер бар. Облигатты паразиттерге хламидиялар, риккетсиялар, вирустар жатады.
Гетеротрофтар азот көзі ретінде дайын аминқышқылдарын пайдаланады. Қоректенудің мұндай типін аминогетеротрофты деп атайды.
Көптеген микроорганизмдер азотты күрделі қосылыстардан әрқилы дәрежеде сіңіреді. Азот - микроорганизмдер тіршілігі үшін аса маңызды қоректік зат. Ол негізінен тірі протоплазманың тірегі [10] . Азотсыз белок та, ал белоксыз тіршілік те болуы мүмкін емес. Азотты сіңіру қабілетіне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Аминоавтотрофты микроорганизмдер. Олар белокты азоттың минералдық және органикалық қосылыстарынан түзеді.
2) Аминогетеротрофты микроорганизмдер. Бұлардың көпшілігі жай қосылыстарда (минерал тұздарда) кездесетін көміртегі мен азоттан кейбір амин кышқылдарын түзеді. Бірақ олардың калыпты тіршілігі үшін таза күйіндегі амин кышкылдары да қажет.
Бірінші топқа азот қышқыл аммиак тұздарындағы азотты және молекула күйіндегі атмосфера азотын сіңіретін микробтар жатады да екінші топқа тірі организмнің белогынан азотты сіңіретін иемесе амин қышқылдарының қосылыстарынан азот алатын түрлер жатады.
Белок заттарын ыдырататын микробтарға көбінесе спора түзуші - пішен таяқшасы, бациллус және тағы басқалары жатады. Мұнда белок алдымен микробтар ферменттері әсерінен пептонға, одан кейін түрлі амин қышқылдарына ажырайды. Соңында басқа микроорганизмдердің қатысуымен амин қышқылдары аммиакқа, органикалық қышқылдарға, спирттерге және түрлі көмірсутектеріне дейін бөлінеді. Егер амин қышқылдарының құрамында күкірт болса, онда ыдырау барысында ұнамсыз иісті күкіртті сутектері пайда болады [21] .

Гетеротрофты микроорганизмдердің табиғаттағы рөл

Жалпы биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Олар тау жыныстарының және минералдардың пайда болуына қатынасып, ерекше геохимиялық қызметтерді атқарады:

1) Энергетикалық- бұл фотосинтез барысында энергия қорының жиналып, қоректік тізбек арқылы берілуімен байланысты. Тірі ағзалар күн энергиясын (аккумуляция) өз денесінен өткізіп оны басқа энергия түрлеріне айналдыра алады ( химиялық, жылу)

2) Газдық функциясы - тіршілік ортасының белгілі химиялық газдық құрамын тұрақты ұстау немесе оны өзгерте алу.

3) Тотығу- тотықсыздану қызметі, барлық тірі организмдер үшін оттек өте қажет. Осы оттектің болуы нәтижесінде тотығу және тотықсыздану процестері үнемі жүріп отырады.

4) Концентрациялық - бұл ағзалардың өз денесінде шашыранды химиялық

элементтерді ортамен салыстырғанда бірнеше есе жоғары жинақтай алуы. (мысалы: теңіз балдырларында йодтың көп болуы және т. б. )

5) Деструкторлық - бұл ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесіндегі өнімдерінің және өлгеннен кейін өздерінің жойылуы ( оны жүргізетін деструкторлар, редуценттер) [12] .

6) Транспорттық қызметі - бұл ағзалардың активті тіршілігі барысында зат пен энергияның ауысуы ( құстардың және балықтардың миграциясы, т. б. )

7) Орта қалыптастыру қызметі: Бұл функция интегралдық функция болып табылады (өзге функциялардың бірлесе отырып әсер ету нәтижесі) . Ортаның физикалық-химиялық параметрлерінің өзгерістерге ұшырауы, түптеп келгенде осы функциямен байланысты.

8) Ыдырату қызметі: бұл функция орта қалыптастыру функциясына қарама-қарсы. Бұл функция организмдердің трофтық (қоректену) және транспорттық (тасымалдаушылық) әрекеттері арқылы көрініс береді.

Зат айналымы- заттектердің атмосферада, гидросфера мен литосферада, соның ішінде ғаламшар биосферасына енетін қабаттарда болып жататын процестерге үнемі қайталап, үздіксіз қатынасуы [16] .

Гетеротрофты микроорганизмдер көміртегі айналымында маңызыды роль атқарады [4] . Атмосфералық ауа құрамында шамамен 0, 03% С0 2 бар. Көміртегінің циклдық айналымы бір - біріне ұқсамайтын екі процесс арқылы: оттекті фотосинтез және тыныс алу. Оттекті фотосинтез кезінде аэробты цианобактериялар және жасыл өсімдіктер көміртегінің тотыққан формасын (СО 2 ) тотықсызданған күйге айналдырады. Ал сутегінің тотықсызданған формасын (Н20) 0 2 дейін тотықтырады.

Жер бетіндегі барлық тіршілік микроорганизмдерге тәуелді. Күрделі органикалық азоттық қосылыстар өте көп молшерде қоршаған ортаға, әсірессе топыраққа түседі. Осыдан басқа айналамыздағы ортаға өте жоғары мөлшерде белоктың ыдырау өнімдері, адамдар мен жануарлар нәжістері арқылы мочевина және несепнәр қышқылы бөлінеді. Бұл күрделі азотоқосылыстар әр түрлі микроорганизмдер көмегімен аммоний және азотқышқылды тұздарға дейін ыдырап толық миниерализацияланып, өсімдіктің тамыр жүйесі арқылы жоғарғы өсімдіктер бойына тарап, қайтадан өсімдік белоктарына айналады. Кейбір топырақ микроорганизмдері ауаның азотын сіңіруге қабілетті. Азотты қосылыстардың үздіксіз синтезі мен бөлінуі табиғаттағы азот айнамыла байланысты. Азот айналымының микробиологиялық процесстері топырақтың өнімділігін арттырады және топырақты сауықтырады. Сонымен қоса санитарлы гигиеналық жай күйін арттырады [18] .

Табиғаттағы азот қоры өте мол. Оның басым көпшілігі әлемде тіршілік ететін организмдер құрамында болады. Егер осы организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 биллион тонна болса, ондағы азоттың мөлшері 20-25 биллион тоннадан аспайды. Табиғаттағы жасыл өсімдіктер жылына 20 бил-лион тоннадай көміртегін, 1-1, 5 биллион тоннадай азот сіңіреді.
Топырақтың әр түрлі типтерінің бір гектардай жырту кабатын-да тіршілік ететін бактерия, саңырауқұлақ, балдыр, насеком және басқа да жәндіктердің кұрамында шамамен 6-дан 18-тоннаға дейін байланыоқан түрдегі азот болады.
Азоттың сарқылмас қорының бірі - атмосфера [19] . Ғалымдардъщ есебіне қарағанда, әрбір гектар жер бетіндегі ауада 80 000 тоннаға жуық молекула күйіндегі азот бар. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарынан кем дегенде бір миллион жылдан астам уақыт ішінде мол әнім алуға мүмкіндік берген болар еді. Бірақ өсімдіктердін азотқа тапшы болатыны әрқашан да байқалады. Өйткені ауадағы азот негізінен молекулалық азоттан түрады да, өсімдіктер оны сіңі-ре алмайды. Сонымен қатар топырақтағы азоттың басқа да қосы-лыстарының біразын өсімдіктер сіңіре алмайды. Сондықтан мүндай қосылыстар өзгеріске үшырауы, яғни ыдырауы керек. Азоттьщ осындай органикалыц түрлерінің минералдьщ азотқа айналуын азот қосылыстарының аммонификациялануы деп атайды. Бүл процеске бактериялар, актиномицеттер және саңырауқүлақтар қаты-сады.
Азот айналымының екінші кезеңінде аммонификациялану нәтижесінде пайда болған аммиак алдымен азотты, кейіннен азот қышқылына дейін тотығады. Бүл процесті нитрификация деп атайды [4] . Нитрификация - ерекше микроорганизмдер топтарының қаты-суымен жүретін процесс. Нитрификация барысында нитраттар, яғнк азот қышқылының түздары пайда болады. Олардың түзілуг топырақтың ауа режимінің жақсаруына тікелей байланысты. Егер топырақтың ауа режимі жаксарса, нитраттардың жиналуы ғана күшейіп қоймай, сонымен қатар азоттық органикалық заттардың минералдануы да тездетіледі.
Азотты заттар айналымының үшінші кезеңінде топыраққа жиналған нитраттар тотықсызданадьі. Оны денитрификация деп атайды. Бұл негізінен топыраіқтағы азот қорының босқа ысырап олуымен байланысты. Сондықтан егін шаруашылығына зиянды деп есептеледі.
Табиғатта азот айналымындағы төртінші кезеңде микроорганизмдердің әсерінен ауадағы атмосфералық азот топырақта жиналады. Бұған түйнек баіктериялары, топырақта өз бетінше тіршілік ете алатын азотобактер, клостридиум паеурианум бактериялары қатысады. Қолайлы жағдай туғанда туйнек бактериялары бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп, селбесіп тіршілік ете отырьга, жылына егістің әр гектарында 100-ден 400 кг-ға дейін байланысқан азот пайда болуына себепші болады. Өз бетінше тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялар осындай мерзім ішінде де 1 га жерден 20-дан 50 /сг-ға дейін азот жинай алады.

1. 3 Топырақ - микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы ретінде

Микроорганизмдер табиғатта, соның ішінде топырақта көп таралған және олар топырақтың негізгі құрам бөлігі болып саналады. Топырақ микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып саналуының басты себебі оның кең масштабтағы гетерогенділігінде [19] . Топырақ органикалық және анорганикалық заттардан құралады. Оның минерал бөлшектеріне, көбінесе органикалық заттар жабысып, түйіршіктер құрайды. Міне бұл түйіршіктер микроорганизмдердің негізгі тіршілік ететін мекені. Топырақта микроорганизмдерге кажетті қоректік заттар мол болады да, тікелей түскен күн сәулесінен оларды қорғап түрады. Олар үш фазалы полидисперсті ортада, яғни қатты(минералды және органикалық бөлшектер), сұйық (топырақ сулары) және газ тәрізді (топырақ ауасы) орталарда тіршілік етеді. Микроорганизмдердің өміршеңділігін топырақтың бөлшектерінен, микроб клеткалары мен олардың метаболиттері бар белгілі микрозоналардан көруге болады [22] .

Топырақта микроорганизмдердің түрлері мен санының әр түрлі болуы ондағы табиғи жағдайлардың, яғни топырақтың түрліше болуына байланысты. Ғылыми деректерге сүйенсек: құнарлы қара топырақтың бір грамында бактерия саны 5 миллиардқа, құнары аздау күлгін топырақта оның саны 1 миллиардтай екен. Еліміздің көрнекті микробиолог ғалымы Н. А. Красильниковтың есептеуіне қарағанда топырақтың құнарлы қабатында гектарына 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар болады екен.
Ұзақ жылдар бойы топырақ ғылымда физикалық және химиялық зат, яғни тек өсімдіктер өсетін орта деп танылып, топырақта тіршілік ететін микроорганизмдер мүлде ескерілмеді. Көрнекті орыс ғалымдары П. А. Қостычев, В. В. Докучаев және В. Р. Вильямстың еңбектері топырақтың аса күрделі орта екендігін, онда мыңдаған, миллиондаған микроорганизмдер және басқа да жәндіктер тіршілік ететіндігін дәлелдеп берді [6] .
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырап, биохимиялық өзгерістерге ұшырайды, олардан қүрылысы мүлде өзгеше жаңа заттар пайда болады. Бұл заттардың мөлшері топырақтың түріне байланысты түрліше болады. Мәселен, орманды жерлердегі органикалық калдықтың жылдық мөлшері гектар басына 1, 5-нан 7 тоннаға дейін барады, ал шалғынды жерлердің гектарындағы органикалық қалдықтардың мөлшері 2-ден 11 тоннаға дейін жетеді. Бүл қалдықтарда азотты және көмір тектес заттар көп болады. Олармен микроорганизмдер қоректенеді. Осыншама органикалық заттарды ыдырату үшін топырақтағы микроорганизмдердің саны мен әрекеттері де түрліше болу керек [5] . Сонымен қатар топырақтың 1 г-да микроорганнизмдердің бірнеше миллиард клеткалары кездеседі. Бірақ олар топырақтың төменгі қабатына қарағанда жоғарғы қабатында көбірек кездеседі. Әдетте топырактың құнарлылығы арту үшін олардың топырақта көп мөлшерде болуымен қатар, активті тіршілік әрекеттерінің де зор маңызы бар. Топырақ микроорганизмдері күшті әрекет ететін ферменттер түзеді. Осындай ферменттердің көмегімен топырақтағы органикалық заттар ыдырап, өсімдіктерге оңай сіңетін қоректік заттарға айналады. Оны өсімдіктермен қатар, микроорганизмдер де қоректік зат есебінде пайдаланады.
Топырақтағы микроорганизмдердің бір бөлігі өсіп-дамып көбейетін болса, екінші бөлігінің тіршілік процестері аяқталып, өлексеге айналады. Ондай өлекселермен тірі микробтар қоректеніп, ыдыратады. Ыдырау өнімінің қалдықтарынан қарашірік түзіледі. Академик В. Р. Вильямстың зерттеуіне қарағанда, өсімдіктер ұсақ түйіршікті топырақтарда өсіп дамиды. Мұндай түйіршіктер микроорганизмдердің тіршілік әрекетінен пайда болған гумустан түзіледі. Сөйтіп микроорганизмдер топырақ түзуші негізгі факторлардың бірі болып саналады [4] .
Қарашіріктің мөлшеріне және ондағы қоректік заттардың сапасына байланысты микроорганизмдердің саны әр түрлі топырақтарда түрліше болады. Топырақ неғүрлым қүнарлы болса, соғүрлым микробтар да көп кездеседі. Мәселен, жақсы өңделген шымды-күлгін топырақтардың 1 г-да 3-10 миллионға дейін, ал қара топырақты жерлерде 15-50 миллионға дейін микроорганизмдердің клеткаларын кездестіруге болады. Тіпті бір типтегі топырақтың барлық жеріндегі микроорганизмдердің саны бірдей болмайды. Мысалы, орманды шалғынды аймақтың нашар өңделген, қарашірігі жырту қабатының 1 г-да 0, 5-1, 5 миллионға дейін бактериялар болса, дәл осындай жердің жаксы өңделген, қарашірігі мол учаскенің 1 г-да топырағында 3-25 миллионға дейін бактериялар кездеседі. Бау-бақша топырақтары, ұдайы суарылып, тыңайтылып отырудың нәтижесінде дала топырағына қарағанда микроорганизмдерге әлдеқайда бай келеді. Түрлі топырақтардың жырту қабатында микроорганизмдердің’ мөлшері түрліше болатынын еліміздің көрнекті ғалымы Е. Н. Мишустиннің зерттеуінің қорытындысынан байқауға болады (1- кесте) .

1 кесте - Е. Н. Мишустиннің зерттеуі қорытындысы

Топырақ
Топырақтың күйі
1г топырақтағы микроорганизмдер саны
1мг азот
Топырақ: Күлгін
Топырақтың күйі: Тың
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 300 - 600
1мг азот: 70
Топырақ: Шымды күлгін
Топырақтың күйі: Тың
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 600-1000
1мг азот: 200
Топырақ: Жыртылган
Топырақтың күйі: 1000-2000
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 250
Топырақ: Қарашірік
Топырақтың күйі: Тың
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 2000-2500
1мг азот: 500
Топырақ: Жыртылған
Топырақтың күйі: 2500-3000
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 750
Топырақ: Сұр топырақ
Топырақтың күйі: Тың
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 1200-1600
1мг азот: 2000
Топырақ: Жыртылған
Топырақтың күйі: 1800-3000
1г топырақтағы микроорганизмдер саны: 2400

Микроорганизмдердің басым көпшілігі тек жырту қабатында кездеседі. Мәселен, 20 см тереңдікте 1 г топырақта 5, 7 миллион бактерия болса, 60 см қабатта небәрі жарты миллиондай, ал бір метрлік кабатта іс жүзінде кездеспейді [10] . Топырақтың төменгі қабаттарында бұл кабаттардағы су және ауа режимдерінің нашарлығынан оның органикалық қосылыстарға кедейлігіне байланысты микроорганизмдер ол қабаттарда аз болады.

Сонымен қатар топырақ микроорганизмдерінің басым көпшілігі аэробты организмдер. Олардың анаэробты топтары аз. Топырақта актиномицеттер мен микроокоптық саңыраукүлақтар да аз емес. Олар кебінесе топырақтың түріне қарай бегкі жырту қабатында таралады [19] . Мәселен, таулы өлкенің сүр топырақты тың жерлерінің 1 г-Да1 актиноми-цеттердің саны 2800-3110 мыңға дейін барады, ал саңырауқұлақ-тар 5, 6-6, 3 мыңға жуық болады. Ал осы өлкенің қара топырақты тың жерінің жырту кабатының әрбір грамында актиномицеттер 960-3170 мыңға дейін, саңыраукүлақтар 4, 4-36 мыңға жуық кездеседі. Міне, бұдан топырақ типіне байланысты микроорганизмдердің санының да ауытқып отыратынын байқаймыз. Олар негізінен өсімдіктер қалдықтарын, ондағы клетчатканы ыдыратады. Целлюлоза ыдыратушы аэробты және анаэробты микроорганизмдер өсімдіктегі клетчатканы көмір кышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Ал көмір қышқыл газы - жасыл өсімдіктерге қажетті заттардың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағын судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау
Цианобактериямен симбиозды тіршілік ететін бактерия-серіктестерін анықтау
Гетеротрофты микроорганизмдер
Су микробиологиясы
Жуғыш зат құрамы
Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи ассоциациясын жасау
Цианобактериялар
Зат алмасу қарқыны
Мұнай қосылыстарын микробиологиялық жолмен тазалаудың негізі
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған экожүйелер биоремедиациясындағы көмірсутектотықтырушы микроорганизмдердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz