Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ

ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі

фонетикалық интерференция

Орындаған

IV курс студенті Г. А. Қалмырзаева

Ғылыми жетекші:

филол. ғ. к., доцент А. Қ. Таусоғарова

Норма бақылаушы: Ж. М. Уматова

Жалпы тіл білімі

кафедрасы меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді:

филол. ғ. д., профессор: Г. Б. Мадиева

Алматы, 2013

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интерференция

Жұмыстың көлемі: 50 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қосымшадан құралған. Ол негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілі дыбыс құрылымының қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне әсерін анықтау, соның ішінде, қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне қазақ тілінің фонетикалық жүйесі әсерінен туындайтын интерференция мәселесін қарастыру, қазақтардың ағылшынша сөйлеу актісіндегі фонетикалық ерекшеліктерді айқындау және сипаттама беру болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

- контрастивті лингвистикадағы тілдік қатынас теориясы мен интерференция құбылысының қарастырылу аясын айқындау;

- қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіндегі айырым белгілерін контрастивті зерттеу арқылы саралау;

- қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның сипаттамасын көрсету.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі интерференциялық қателері бұл жұмыста жан-жақты қарастырылып зерттелді. Қазақтардың сөйлеу тіліндегі интерференциялық қателерді талдау үшін, біріншіден, лингвистика тұрғысынан зерттеуде актуалды болып жүрген интерференция ұғымының теориялық анықтамасын беру, екіншіден, сол анықтамаларға инофондармен жіберілген интерференциялық қателерге талдау жасау, үшіншіден, сөйлеуде және жазу түрінде көрініс тапқан интерференциялық қателердің алдын алу мақсатында жүргізуге болатын жаттығулар жүйесі жұмыс барысында барынша қарастырылды.

Зерттеудің пәні қазақ және ағылшын сөйлеу тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер.

Зерттеу жұмысының нысаны - аудиториялық қарым-қатынасқа түсетін әр түрлі құрылымдағы тілдердің фонетика-фонологиялық жүйесінде байқалатын интерференция құбылысы.

Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйлеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. Контрастивтік талдау, фонетикалық талдау әдістері қолданылды.

Пайдаланылған дереккөздері: Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген тілді оқытуға, зерттеуге байланысты еңбектер қаралды. Интерференция мәселесін зерттеген шет елдің және орыс ғалымдарының еңбектері көптеп пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

АНЫҚТАМАЛАР

КІРІСПЕ

:
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ:
: 1
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР
: 1. 1
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: Контрастивті лингвистика: интерференция құбылысының қарастырылуы және оның тілді меңгерудегі көріністері
:

1. 2

1. 2. 1

1. 3

РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ:

Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама

Қазақ және ағылшын тілдерінің вокализмдері мен консонантизмдері бойынша контрастивті сипаттама

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі күшті және әлсіз контрастар

: 2
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: ҚАЗАҚТАРДЫҢ АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ КӨРІНІСТЕРІ
: 2. 1
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: Қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
: 2. 2
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: Инофондар таңдаудағы негіздер
: 2. 3
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ: Қазақ-ағылшын қостілділерінің сөйлеу тіліндегі парадигматикалық интерференция
: 2. 4
РЕФЕРАТАНЫҚТАМАЛАРКІРІСПЕ:

Қазақ-ағылшын қостілділерінің сөйлеу тіліндегі синтагматикалық интерференция

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А

АНЫҚТАМАЛАР

Билингв - екі немесе бірнеше тілді меңгерген адам.

Билингвизм - жеке адамның немесе қоғамның екі немесе бірнеше тілді меңгеруі, қолдануы.

Бірінші тіл - қостілді адамның тілдерді дербес тұрғыдан меңгерген мерзімі бойынша бірінші тілі. Функционалдық тұрғыдан бастапқы үстем тіл.

Екінші тіл - қостілді адамның бала кезінде, өз бетінше дербес түрде үйренген тілдерінің екіншісі; рет тәртібіне қарай бірінші тілден кейін меңгерілген тіл.

Информант - сынаққа түсуші, экспериментке енгізіліп, сұрақтарға жауап айту арқылы ақпарат беретін адам.

Фонема - тілдің дыбыстық құрылымының негізгі бірлігі, сөйлеу тілінің ең кіші, одан әрі бөлінбейтін элементі. Фонема морфемалар құрамында, солар арқылы сөздерде мағына ажырату функциясын атқарады.

Қателерді талдау (error analysis) - тілді үйренушінің сөйлеуінде ұшырасатын нормадан немесе тіл жүйесінен ауытқушылықтарға талдау жасау. Оның мақсаты - қателердің пайда болу себептерін, жіберілген қателердің тілді қолданудағы маңыздылығын, сондай-ақ қателерді болдырмау мүмкіндіктерін айқындау.

Тілді таңдау (language choice) - қостілділік жағдайында нақты сөйлеу жағдаятында, қарым-қатынастың, қоғамның әлеуметтік құрылымының және тілді пайдалану аясының ерекшеліктеріне қарай тілдердің немесе тіл-жарыспаларының біріне артықшылық беріп пайдалану.

Үстем тіл (primary language) - бастапқы тіл, қостілділік жағдайында меңгерілу және қолданылу деңгейі басқа тілден анағұрлым жоғары тұрған тіл.

КІРІСПЕ

Жаңа қоғамдық бетбұрыстар мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау қажеттілігінің міндетін айқындауда. Бұл орайда, тілдерді салғастыра зерттеудің қарқын алуы, контрастивті тіл біліміндегі теориялық мәселелердің ғылыми негіздері мен әдіс-тәсілдерінің жан-жақты зерттелуі кезек күттірмес өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Түрлі типтегі тілдер деректерін салғастыру зерттелінуші тілдегі құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын жақсы түсінуге, әрбір тілдің құрылымына терең бойлауға, сонымен бірге зерттеу нысаны болып отырған тілдердің әрқайсысын жеке табиғи құбылыс ретінде танып, қай-қайсысының да бойынан табылатын дербес өзгешеліктерді, этностық болмыс-бітімді ғылыми тұрғыдан негіздеп, теориялық әрі практикалық маңыздылығын дәл түсінуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның мәдениеті, экономикасының дамуымен қатар, ағылшын тілді елдермен мәдени, іскери, экономикалық байланысы өсіп келеді. Біздің мемлекетімізде көптілділіктің орын алуы, қалыптасуы және дамуымен байланысты ғылымның қазіргі деңгейінде лингвистердің алдында тілдердің өзара қатынасын зерттеу мәселесі көзделуде. Қоғамдағы көптілділіктің кеңінен өріс алуына байланысты, уақыт өте келе әсіресе соңғы жылдарда тілдік қатынастар теориясын зерттеу ісі біршама жетістіктерге қол жеткізді (У. Вайнрайх, Л. В. Щерба, Е. Д. Поливанов, А. И. Рабинович, Н. А. Любимова, М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский, М. К. Исаев, З. К. Ахметжанова, Б. Хасанов, М. Жусупов, К. М. Байбульсинова және т. б. ) .

Тілдік қатынас мәселесін сөз еткенде, ғаламдық лингвистика әр түрлі тілдік жүйелердің қатынасының нәтижесінен туындаған тілдік интерференция құбылысын да назардан тыс қалдыра алмайды. Интерференция мәселесі бойынша қазақтардың ағылшын тілін меңгерудегі жетістіктері де, қателіктері де типологиялық тіл білімінде жиі айтылып жүр.

Жасанды қостілділік жағдайы жоғары оқу орындарында шет тілін үйрету үрдісінде мейлінше анық байқалады. Оқытушылар үшін біршама қиындықтар туғызатын жағдай осы - тіл меңгерушілердің сөйлеу әрекетіндегі екі тіл жүйесінің әсерінен туындайтын интерференцияға байланысты болып келеді. Тәжірибе жүргізу барысында байқағанымыз, қазақ дәрісханасы үшін ағылшын тілін үйренудегі басты қиындық сол тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты туындайды екен. Қазақ, ағылшын тілдері әр түрлі тілдік семьяға жатады. Ағылшын тілі герман тілдік тобына, қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.

Дипломдық жұмыста қостілділік жағдайындағы интерференция құбылысын айқындау мәселесі лингвистикалық факторларды ескере отырып, қарым-қатынастағы екі тілдің - қазақ, ағылшын тілдерінің дауыссыздар мен дауыстылар тіркесіміне эксперименталды-фонетикалық талдау жүргізу арқылы шешіледі.

Интерференцияның пайда болуы біріншіден қатынастағы тілдер құрылысында айырмашылықтардан туындайды.

Тілдік интерференция мәселелері әлемдік лингвистиканың дамуы тоғысында тұр десе де болады. Бұл мәселелер бір жағынан салыстырмалы - тарихи зерттеумен байланысты болса, екіншіден контрастивті лингвистика қарастырады. Тілдік қатынастар теориясы қостілділік жағдайындағы тілдердің қатынасы өзара әрекетіндегі заңдылықтарды фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейіндегі интерференция түрлері мен себептерін зерттейді. Интерференция мәселесі қазіргі тілдік қатынас теориясы (контрастивті лингвистика) мәселелерінің әр түрлі құрылымдағы тілдер қатынасынан туындаған фонетикалық деңгейдегі интерференцияны зерттеуге қызығушылық туғызады.

Интерференция - қатынастағы тілдер жүйесіндегі фонемалардың, айырым белгілерінің алшақтығы, артикуляциялық және акустикалық белгілердің сәйкес келмеуінен туындайды.

Тілдік қатынас мәселелері қазіргі таңда ауқымды қарастырылуда, себебі халықаралық байланыстар және қызметінің әр түрлі саласында шет тілдерінің рөлімен байланысты десе де болады. Шет тілін үйренудің қажеттілігі заман талабы. Алайда шет тілін үйрену (оқыту) барысындағы қиындықтардан туындаған қателер интерференцияның орын алуына алып келеді. Лингвистикалық тұрғыдан интерференция мәселесі тілдік жүйелер арасындағы айырмашылықтарды айқындаумен байланысты. Тілдегі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды, интерференцияның себебін анықтау контрастивті зерттеудің міндеті болып табылады. Лингвистика саласында интерференция термині тілдік қатынастардың түрлі жақтарын (сөз құрылысындағы өзгерістер, сөйлеудегі құбылыстарды) сипаттау үшін қолданылады.

Сөйлеу интерференциясы төрт түрлі негізгі белгілерімен сипатталады:

1. Интерференция - нормадан ауытқу.

2. Билингв сөйлеу іс-әрекетінде байқалады.

3. Қатынастағы тілдердің өзара әрекетінің салдары.

4. Интерференцияның пайда болуы ситуацияға байланысты.

Қазіргі таңда кеңінен зерттелініп отырған жалпы лингвистикалық мәселелердің біріне қатынастағы тілдер мәселесін жатқызуға болады. Бұл мәселе У. Вайнрайх, А. Е. Карлинский т. б. ғалымдар еңбектерінде шешімін табуда. Қатынастағы тілдер мәселелерін шешудің маңыздылығы қатынастағы тілдерді салғастыра зерттеуге алып келеді.

Интерференция - бұл ауытқу тіл тұлғаларының тілдік норманы, жүйені бұзуы немесе ауытқуы. Бұл ауытқулар қостілді сөйлеуде пайда болады. Бір халықтың немесе ұлттың өкілі қостілде сөйлеуінде ана тілінің әсерінен болған екінші тіл нормасынан ауытқулар болады, ал билингв сөйлеуінде бұл ауытқулар тілді үйрене бастаған жасына, тілді меңгеру қабілетіне байланысты пайда болуы әбден мүмкін. Ғалымдардың зерттеуі бойынша 3-13 жас аралығындағы тіл үйренушілер тілді тез меңгереді. Себебі, оларда артикуляциялық мүшелері толық қалыптасып бітпейді. Сондықтан да тілді акцентсіз тез үйренеді. Ал, 13 жастан жоғары тіл үйренушілер семантиканы жақсы меңгеріп, фонетикада біршама қиындықтар туындайды.

Қазіргі таңдағы тілдік қатынас мәселелерінің ауқымды түрде қарастырылуының бір себебі халықаралық байланыстардың әр түрлі саласында қолданылатын шет тілдерінің маңыздылығымен байланысты.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы қазіргі, үш тұғырлы тіл саясатына сәйкес ағылшын тілінің меңгерілу динамикасын қарастыру өзекті болып табылады.

Зерттеу жұмысының нысаны - аудиториялық қарым-қатынасқа түсетін әр түрлі құрылымдағы тілдердің фонетика-фонологиялық жүйесінде байқалатын интерференция құбылысы.

Зерттеудің пәні қазақ және ағылшын сөйлеу тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тілі дыбыс құрылымының қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне әсерін анықтау, соның ішінде, қазақ-ағылшын қостілділерінің ағылшынша сөйлеу тіліне қазақ тілінің фонетикалық жүйесі әсерінен туындайтын интерференция мәселесін қарастыру, қазақтардың ағылшынша сөйлеу актісіндегі фонетикалық ерекшеліктерді айқындау және сипаттама беру болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

- контрастивті лингвистикадағы тілдік қатынас теориясы мен интерференция құбылысының қарастырылу аясын айқындау;

- қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика-фонологиялық жүйесіндегі айырым белгілерін контрастивті зерттеу арқылы саралау;

- қазақ-ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның сипаттамасын көрсету.

Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Қазақтардың ағылшынша сөйлеу тіліндегі интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйлеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. Контрастивтік талдау, фонетикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің жаңалығы ретінде мынадай мәселелені ұсынамыз:

- фонетика-фонологиялық жүйесі бір-бірінен генеалогиялық, географиялық, типологиялық жағынан алшақтау жатқан қазақ, ағылшын тілдерінің бірліктерін контрастивті тұрғыда салғастыра зерттеу болжамды интерференцияның өрісін айқындауға жол ашты.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан құралған. Ол негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР

1. 1 Контрастивті лингвистика: интерференция құбылысының қарастырылуы және оның тілді меңгерудегі көріністері

Әлемдік қауымдастықтағы ғылыми лингвистикалық ой-таным жалпы әлеуметтік, неосфералық, ғаламдық күрделі құбылыстардың бірқатар мәселелерінің жауабын шешуге талпыныс жасайды. Осындай қоғам өркениетінің жетістігі болып табылатын адамзаттың тілдік қабілеті салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы бағыттардағы тіл білімінің түрлі салаларын қалыптастырды . Лингвистика қазіргі ғылыми әдебиеттерде екі немесе бірнеше тілдер мәліметтеріне, (деректеріне) сүйене отырып, түрліше - салғастырмалы, конфронтативті, контрастивті және т. б. бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған бағыттардағы ізденіс жолдары тек қана тілдерді өзара салыстыра зерттеумен ғана шектелмейді, олар мақсатқа бағытталушылық жоспарларымен де, алдына қоятын міндеттерімен де, мазмұндық-мағыналық сипатымен де, сондай-ақ зерттеу әдіс-тәсілдерімен де ерекшеленеді.

Әр түрлі құрылымдағы тілдерді салғастыру зерттелініп отырған тілдердегі құбылыстардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын айқындауға, сонымен бірге зерттеу нысаны болып отырған тілдердің әр бірін жеке табиғи, қоғамдық құбылыс ретінде танып, қай-қайсысының да бойынан табылатын дербес өзгешеліктерді ғылыми тұрғыдан негіздеп, теориялық әрі практикалық маңыздылығын айқындайды. Яғни, бір ғана тілдің деректерімен айналысу кезінде байқала қоймайтын ерекшеліктерді нақтылауда аса маңызды рөлге ие. Мәселен, генеологиялық жағынан өзара туыстық қатынасы жоқ тілдерде - герман немесе славян, түркі тілдеріне салғастырмалы талдау жасау арқылы олардың тарихи тілдік жалпылығын қалыптастыруға болады. Бұл туралы ғалым К. Джеймс «Біз туыстығы жоқ тілдерді олардың арасында тарихи байланыс болмаса да салғастыра аламыз. Географиялық орналасу және тарихи даму барысында бір-бірінен мүлдем алыс кеткен бөлек тілдерді салғастыру арқылы бірдей қасиеттер, өзгерістер, тарихи процестерді табамыз. Мұның өзі кең лингвистикалық талдау жасауды қажет етеді», - деп көрсетеді [1, 24] .

Бір ғана тілді зерттеу кезінде байқалған айырмашылықтар мен ерекшеліктер тек сол тілге ғана тән құбылыс емес, ондай құбылыс басқа тілдерден де кездесуі ғажап емес. Алайда, тіларалық салғастырудың мақсаты мен міндеті бұдан әлдеқайда күрделірек, өйткені бірін-бірі толықтыратын, бір қызмет жүйесіндегі тілдер әдетте салғастыру нысанына айнала бермейді. Тіларалық салғастырудың нәтижесі олардың жүйелі маңыздылығын айқындамайды. Дегенмен, түрлі типтегі тілдердің тілдік құралдар жүйесін жалпылау - олардың құрылымының типологиялық сипаттамасын береді, яғни түрлі типтегі тілдердің неғұрлым маңызды құбылыстарын, үлкен тілдік топтарындағы белгілерін көрсетеді, сонымен қатар, кез келген екі тілдің тілдік материал корпусында тепе-теңдікті сақтау тілдерді салғастыра, салыстыра зерттеудің мақсат, міндеттеріне де байланысты айқындалады.

Тілдерді салғастыру қазіргі лингвистикалық зерттеулердің түрлі теориялық және қолданбалы бағыттарының негізін қалайды. Қазіргі кезеңде салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің негізгі бағыттары мынадай:

а) аударма теориясы, екі тілдің жеке бірліктері арасындағы функционалды мағыналық ұқсастықтардың тұрақты заңдылықтарын қалыптастырады;

ә) контрастивті лингвистика, шет тілін оқыту ерекшелігін, ана тілі мен шет тілінің айырмашылығын айқындайды;

б) қос тілдің және көп тілдің лексикографиясы, олардың лексикасы мен фразеологиясындағы тұрақты сәйкестіктерді реттейді.

Жеке тіл жұптарындағы тілдік құбылыстарды салғастыруда тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға мүмкіндік беретін типологиялық зерттеулердің маңызы үлкен. Салғастырмалы лингвистика салғастырылушы тілдер бойынша (екі немесе одан көп, туыстығы алыс, туыс емес), тілдің субжүйелері бойынша (салғастырмалы фонетика, лексикология, грамматика, фразеология т. б. ) және талдау бағыттары бойынша (типологиялық, трансляциялық, лексикографиялық және т. б. ) ажыратылады.

Лингвист мамандар салғастырмалы талдаудың қиындығы мен қайшылықтарын көрсете отырып, тілдердің түрлі топтарына және салғастырудың кез келген деңгейінде қолдануға болатын кейбір ұстанымдарды анықтады:

1) жеке тілдерді зерттеу салыстырыла, тұтастай және кезеңмен жүргізілуі тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеулерден бұрын басталады;

2) универсалдық ұқсастықтар мен айырмашылықтарға салғастырмалы талдау - салғастыру бірліктері арасындағы объективті ұқсастыққа негізделеді;

3) тілдегі бірліктерді салғастыру жеке тілдерді зерттеудің біртұтас теориясы негізінде жүргізілуі тиіс. Біртұтас ұғым терминологиялық аппарат көмегі арқылы жүзеге асады;

4) салғастырмалы талдау тілдік формадан мазмұнға (семасиологиялық жол) немесе мазмұнынан оның айтылуына қарай (ономасиологиялық жол) бағытталады. Салғастыра зерттеуде осы екі жол өзара үйлесіп отырады;

5) салғастыра зерттеу синхронды-салғастыру немесе диахронды-салғастыру болуы мүмкін;

6) салғастырмалы талдаудың дереккөздері: салғастырылушы тілдің түпнұсқасы, аударма материалдары.

Тілдерді салыстыра және салғастыра зерттеу, ең алдымен, салыстыру әдісі ұстанымдарына сүйенеді. Ерекшеліктер тілдің типологиялық, құрылымдық қасиеттерін белгілеумен шектелмейді, ол бүкіл бір тілді немесе оның бір тарауын қамтуы мүмкін. Тілдегі ерекшелікке тілдік бейне туралы ілім, лингвоелтану теориясы шеңберіндегі тілдің ұлттық-мәдени компоненті т. б. жатқызуға болады. Мұнда ерекшелікке қатысты ұғымдарды диалектикалық тұрғыдан түсіну керек, өйткені «аталған тілдік түсініктер шеңберінде қарастырылушы құбылыстар әр тілде өзіндік формаға ие, олар сол тілде сөйлейтін халықтың жекеменшігі болып табылады» [2, 56] .

Тілдердің өзара қатынасы мәселелерін жүйелеу барысында зерттеушілер салыстырмалы-салғастырмалы талдаудың нәтижелеріне сүйенетіндіктен, тілді танып білудің нәтижелі жолын жалпы зерттеп қана қоймай, әр түрлі құрылымдағы тілдерді, әсіресе өзара қарым-қатынастағы тілдерді салғастыру тәжірибесін қалыптастырды. Бұл туралы лингвистикадағы ірі тұлға И. А. Бодуэн де Куртене тілдердің туыстық жақындығын, тарихи даму жолын басшылыққа алмай-ақ, оларды салыстыра зерттеуге болатындығын көрсете келіп, әр түрлі тілдердің бұлайша салыстырылуы құнды лингвистикалық жетістіктерге жетудің бірден-бір негізі екендігін айтады. Ғалым тарихи даму барысында пайда болатын немесе географиялық ерекшеліктерге байланысты тіл-тілде туындап жататын ортақ қасиеттер, бірыңғай ерекшеліктер, өзара тамырлас тарихи үрдістер жөнінде деректер келтіреді [3, 371] .

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің зерттеулері арқылы тілдер арасындағы ұқсастықтар, сондай-ақ нақты бір тілге тән қайталанбас ерекшеліктер айқындалады. «В сфере изучения универсалий (универсологии) типология смыкается с общим языкознанием, занимающимся выявлением всеобщих закономерностей строения языков. В сфере изучения уникалий она смыкается с частным языкознанием» [4, 112] .

Салғастыруға негіз болатын тілдердің құрылымдық бірліктерін жүйелі түрде салыстыру ұстанымы туралы лингвист В. Н. Ярцева: «предположения существования базового сходства между языками при наличии дифференцирующих данные языки различий», - деп баға береді [5, 29] .

Қазіргі кездегі лингвистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірнеше тілдің материалдарын салғастыра отырып талдау аса нәтижелі қорытындылар жасауға мүмкіндік беріп отыр. Лингвистикалық салғастырудың негізгі элементі болып өзара ұқсас, ортақ (интегративті) және айырмашылықтарды айқындайтын (дифференциялаушы) белгілер танылады.

Тілдік талдаудың негізі ең алдымен Ф. де Соссюрдің қалыптастырған тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар постулатынан көрінеді. «Салғастыру және қарама-қарсы қою арқылы тілдің грамматикалық, лексика-семантикалық, фразеологиялық деңгейдегі тілдік жүйе бірліктерін айырып көрсетуге болады. Кез-келген жеке тілдік құбылысты суреттеу ондағы түрлі аспектілер, формалар, мағыналар және басқа да құбылыстар жиынтығын көрсетеді» [6, 73] .

Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулердің теориялық маңыздылығын ескерте келе, Л. В. Щерба былай деп жазады: «Одной из основных очередных задач является сравнительное изучение структуры или строя различных языков. Думается во всяком случае, что иного пути нет и быть не может» [7, 39] .

Тілдерді синхрондық тұрғыдан салыстыру және салғастырудың әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсынылатын терминдердің арасында бағыт-бағдары жағынан өзара жіктеліп, тереңдеп зерделеген сайын ара-жігі айқындала түсетін белгілі айырмашылықтардың бар екені жасырын емес. Десек те, бүгінгі Ресей, Қазақстан және т. б. бірқатар шет мемлекеттерді атамағанда, жалпы әлемдік лингвистикада салғастырмалы зерттеулердің арасындағы айырымдық шекара бірізділікке түсе қойған жоқ екенін атап өтуге тура келеді, яғни «контрастивті лингвистика», «контрастивті зерттеу», «конфронтативті лингвистика» терминдерінің ара-жігі толықтай ашылмаған деуге болады [8, 21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары
Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz