Ұлттық мемлекет тарихының бастауы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазіргі кездегі ұлттық мәдениетті дамыту мәселесі
Орындаған :
4 курс студенті
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
Филос. ғ. док. проф.
(қолы, күні)
Рецензент:
Филос. ғ. док. проф.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы : .
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
«» «» 2012 ж
Кафедра меңгерушісі
Филос. ғ. д., профессор.
(қолы, күні)
Алматы 2013
КІРІСПЕ . . . 3
І Ұлттық мәдениет пен жаһандану үрдісінің арасындағы қайшылық.
1. 1 Ұлттық мемлекеттің пайда болу тарихы мен негізгі принцптері . . . 6
1. 2 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке тигізер кері әсері . . . 17
ІІ Қазіргі кездегі ұлттық мәдениетті дамыту мәселесі
2. 1 Қазақстан халықтарының ұлттық идентификациясының тарихи негіздері . . . 30
2. 2 Қазақ халқының негізгі құндылықтарын анықтау және қазіргі кездегі ұлттық мәдениетті дамытудың маңызы . . . 41
Қорытынды . . . 56
Әдебиеттер тізімі . . . 58
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық мәдениет, тіл, дін, тарихи жады, ата мекен, ұлттық символдар мен аңыздар, мемлекет халқының этнодемографиялық құрамы және мемлекеттің даму деңгейі әр елдегі тарихи және географиялық жағдайға, халқының құрамына байланысты әр түрлі болады. Кейбіреулері бірінші қатарға шығарылып, кейбіреулері мемлекет тұтастығына қауіп туғызатындықтан маңызын жояды. Қазіргі кезде Қазақстанда ұлттық мәдениетті қалыптастыруға оны дамытуға керекті құндылықтар нақты анықтала қойған жоқ. Қазақстандағы ұлттық мәдениетті қалыптастырудың шешуші факторлары - ұлттық құндылықтарды насихаттау мен діни келісім, миграция және демографиялық процестер болуға тиіс деп ойлаймыз.
Қазақстандағы ұлттық құндылықтарды, тілдік ситуация мен еліміздің мәдени тұтастығын қалыптастырудың ғылыми негізін жасап, мейлінше тездетіп іске асырмаса, ішкі тұрақтылықтың, тіпті егемендіктің сақталып қалуының екіталай екенін білдіреді. Өйткені жаһандану жағдайында өзге де мемлекеттер де ұлттық құндылықтарын насихаттауға әлдеқашан кірісті
Бізге ортақ ұлттық аңыздар мен тарихи жады жасау керек. Дегенмен, біз бұрынғы этникалық аңыздардың әр халықтың ертедегі батырларына немесе әулиелеріне арналып шығарылғанын, ал батырлар көбіне орыс пен қазақ халқы араласпай, бүгінгідей бірге тұрмайтын ерте кезде елді сыртқы жаулардан қорғау үшін соғысқанын ескеруіге тиіспіз. Орыс отарлаушыларына қарсы қазақ батырлары соғысса, Шыңғыс ханның атақты жорығы мен алтын орда кездерінде орыс батырлары ұлы даланың шабуылынан өз елдерінен қорғау үшін өлімге бас тікті. Ал, діни мистикалық әңгімелердің екі халық екі түрлі дін ұстанғандықтан бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сондықтан, этникалық аңыздар халықтарды бір-біріне алыстатуы да мүмкін. Сондықтан, бізге екі халықтың да ұлттық өшпендігін қоздырмайтын, ортақ символдар мен құндылықтарды жаңадан жасау керек. Демография басқаруға ыңғайсыз сала һәм жақын болашақта Қазақстан халқының ұлттық мәдениетіның құрамында біртектілік қалыптаса қоймайды. Сондықтан, Біз идентификацияның ұлттардың арасын жақындататын, болашақта ортақ құндылыққа айналатын әмбебап факторларын ғана таңдап алдық. Және, бұл факторларды таңдап алғанда көпұлтты мемлекет болғандықтан азаматтық ұлт концепциясына сүйенетін Батыс Еуропа тәжірибесін де, Қазақстан халықтарының менталитеті «примордиалистік» екенін де ескереміз.
Азаматтық ұлттың да қалыптасуы белгілі бір мәдениетке негізделетіні белгілі. Ол мәдениет көбінесе индустриалды мәдениет. Ал, көп елдерде жоғары индустриалды мәдениет бір тілдік негізде, ортақ құндылықтар арқылы қалыптасқан. Сондықтан, тұратын халықтарының менталитеті «примордиалистік» болғандықтан Қазақстанда мәдени тұтастық, яғни бір тілде сөйлейтін азаматтық ұлт ортақ стандарттары мол индустриалды мәдениеттің арқасында қалыптаспақ. Аталған негізгі проблемалар шешілсе Қазақстан халықтарын бөліп, бір-бірінен ерекшелендіріп тұрған идентификация қиындықтары шешіледі деп санаймыз.
Зерттеу нысаны. Дипломдық жұмыстың негізгі нысаны көпұлтты Қазақстанда, ұлттық мемлекет құра отырып ұлттық мәдениетті одан әрі дамытудың негізгі жолдарын қарастыратын боламыз
Зерттеу пәні. Қазіргі кездегі ұлттық мәдениеттің негізі. Ұлттық мемлекет тарихының бастауы. Саясаттанулық көзқарастағы жаһанданудың ұлттық мәдениетке тигізер әсері. .
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жаһанданудың негізгі қаупі - мемлекеттің бірлігін сақтайтын ұлттық сана-сезімнің тұтастығының жойылуы мен ұлттық мемлекеттің саяси-әлеуметтік функцияларының әлсіреуі. Біз бұл жұмыста осы аталған екі проблеманы кеңінен қарастырдық. Ұлттық идентификацияның, яғни ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана-сезімнің адамның адамгершілігіне, рухани дамуына тигізетін оңды әсері, қоғамның тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін нығайтудағы ролін ескерсек, бізге идентификацияның негізгі буындарын, компоненттерін анықтау, көпұлтты қоғамның саяси, мәдени консолидациясын нығайту үшін керек құндылықтарды айқындау өте маңызды мәселе екенін түсінеміз. Әсіресе, жаһандануға тән ашық қоғам, саяси демократия жүйесі мемлекеттің ішінде сенім бостандығы мен еркін ойлау құқын бекітеді. Осы құқықтық ереже жағдайында көптеген конфессиялардың, ілімдердің, экстремистік-фундаменталистік секталардың қоғамның мәдени тұтастығын бұзып, рухани саулығына зиянын тигізетіні белгілі. Бұл жағдайда ұлттық сана-сезімнің негізгі құндылықтарын, жалпы адамгершілік принциптерінің басты талаптарын белгілеп, олардың насихатталуы мемлекеттік саясатқа айналуы тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың басты жаңалығына ұлттық мәдениеттің қалыптасып даму жолындағы, ұлттық мемлекеттің шығу тарихы және ұлттық мәденитті ұстын қылған ұлттық мемлекеттің дамуына жаһанданудың тигізер әсерінің зерттелуі жатады. Ол Қазақстан халықтарының мәдени бірлігін қалыптастырушы факторлар ретінде - тілдік процесті, діни келісімнің қалыптасуын, индустриалдық мәдениеттің орнығуы мен ортақ құндылықтардың халық санасынан орын алуын анықтаудан көрінеді. Екінші жаңалығы - «ұлт» концепцияларын интеллектуалдық конструкция ретінде ғана емес, ұлттардың шын болмысы, табиғаты ретінде санау болды. Яғни, Қазақстандағы негізгі ұлттар қазақ пен орыс халықтарын «примордиалистік» менталитет өкілдері ретінде мәлімдеу. Қазақстандағы азаматтық-мәдени бірлік азаматтардың ұлттық мәдениетінің қысым көрмейтіндігіне деген сенімінің және индустриалды мәдениеттің бір тілде, болмаса билингвизм арқылы қалыптасуының негізінде ғана пайда болады деген тұжырым. Бұл дегеніміз Қазақстанда бір «ұлт» қалыптастыру деген мақсаттың өзі дұрыс емес деген сөз. Елімізде азаматтық-мәдени бірлік қалыптасуы мүмкін. Өйткені, қазақ пен орыс этностарының бойындағы примордиалистік менталитет «қазақстандық ұлт» ұғымын қабылдай алмайды. Ешкім қарсылық жасамауы мүмкін, бірақ өмір шындығы ретінде ел бұған сенбейді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом екі тарау мен төрт бөлімнен тұрады. Диплом мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, тарих, т. б. топ студенттеріне және басқа ғылыми ізденушілерге арналған.
І Ұлттық мәдениет пен жаһандану үрдісінің арасындағы қайшылық.
- Ұлттық мемлекеттің пайда болу тарихы мен негізгі принцптері
Ұлттық мемлекеттің пайда болған уақыты - 16 мен 17-ші ғасырлардың арасы. Нақты бір датаны белгілеген адам жоқ. Әсілі, ұлттық мемлекеттің бүгінгі демократиялық формасының қалыптасу процесі 20 ғасырдың аяғына дейін созылса керек. Қалай десек те, ұлттық мемлекет империялық мемлекеттен азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас принциптері бойынша басқаша құрылым болды. Басқалығы сол, мұнда империядағыдай адамдар құдайдың көлеңкесі, өзі ешқашан жауапқа тартылмайтын құдіреттің, абсолютті биліктің иесі, халық әкесі - императорға, немесе корольге, қағанға емес, қаймана жұрт ішінен өзі сияқты қараны бүкіл халық болып сайлап алып, соған бағынады. Ол және мерзім-мерзім қайтадан сайланып тұрады. Халық өзіне ұнаған адамды билікте қалдырып, қызметі нашар болғандарды биліктен босатып отырады. Мемлекетті басқаруда халыққа құқық берілген соң, әр ұлт өз мемлекетін құруға кірісті. Сөйтіп, ұлттық мәдени тұтастыққа сүйенген мемлекеттердің дамуы барысында Еуропада адам мемлекеттің құлы емес, мемлекет адамның қызметшісіне айналды. Ұлтшылдық дәуірі адам баласын белгілі бір деңгейде жоғары саяси даму сатысына шығарып, қоғамдық, материалдық игіліктерді көбейтті. Империяның мүддесі көршілес елдерді өзінің құрамына қосып алу, император билігін күшейту болса, ұлттық мемлекетте ұлттық қауіпсіздік, билік легитимдігі мәселесі алға шықты. Дегенмен, ұлттық мемлекеттер дәуірінде барлық ұлттар тегіс өз мемлекетін құрып кете қойған жоқ. Тіпті, құрылған ұлттық мемлекеттердің кейбірі демократиялық приципті мойындамады. Бірақ, құрылған ұлттық мемлекеттердің барлық күш-жігері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жұмсалуы керек болды. Бұл негізгі саяси қағидаға айналды. Яғни, ұлттық мемлекетке ең маңызды нәрсе тек қана ұлттық мүдделер болып саналды. Ұлттық мүдде жеке адамдардың талаптарын орындау мен қоғамдағы көпшіліктің тілектерін қанағаттандыру болып белгіленді. Билік органдары ұлт өкілдерінің, яғни қатардағы азаматтардың мұң-мұқтажын анықтап, оны белгілі бір мемлекеттік мақсатқа айналдырып, іске асырады. Сөйтіп, билеушінің емес, қарапайым адамдардың мүдделері ұлттық мәртебеге ие болып, арнайы мемлекеттік саясатқа ұласып отырды. Осы тәртіп бойынша халықаралық құқық жүйесі жасалды [1, 151-154 бб] . Халықаралық құқық жүйесі ұлттардың мемлекет құру құқын және ол мемлекеттердің егемендік принципін бекітті. Осы ретте бізге ұлт пен мемлекеттің арасын ажыратып білу маңызды. Ұлттық мемлекеттің тарихы мен бүгінгі анықтамасын білмек лазым.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғ. Батыс Еуропа елдерінде буржуазия ұлттық мемлекет құру ұранын көтерді. Және осы ұранның арқасында Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды да. Бұл ұлттық мемлекеттер ұлттың өзін-өзі сақтау құралы ретінде дүниеге келді. Бірақ, халықаралық құқық жүйесі ұлттардың егемендігін бекіткенімен, мемлекет ұлттың өзін-өзі сақтау, даму құралы болғанымен нақты өмірде бұлай болмады. Мұндағы бір парадокс ұлттық мемлекеттер дәуірінде мемлекеттердің көбі түрлі ұлыстардан, этностардан құралды. Барлық мемлекеттер осы ретте осы ұлыстардың әсіре ұлтшылдыққа ұрындырмауға, сөйтіп, мемлекеттің тұтастығын бұзып алмауға ұмтылды. Ғылыми теориясына жүгінсек ұлтшылдық дегеніміз бір мемлекетте тұратын екі немесе одан да көп этностардың біреуі немесе барлығы бірдей өз ұлтының тілін мемлекеттік тілге айналдыруды, билік органдарын өз өкілдерінің басқаруын, мемлекеттің өзінікі болуын қалайды, сол үшін саяси тәсілдермен күреседі. Ұлтшылдық кейбір тарихи кезеңдерде, бірде тұрғын халық отарлаушылардың кетуін талап етіп, бірде екі ұлыс мемлекеттегі билікке, саяси ықпалға таласып ел тұтастығына, ішкі тұрақтылық пен дамуға қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай ұлтшылдықтың тамырына Еуропада ертерек балта шабылды. Яғни, өндірістік-индустриалдық мәдениет қалыптасып, этникалық мәдениеттерді ығыстырып шығарды. Сондықтан, Еуропалықтар этникалық тұтастықтан гөрі, мемлекеттік тұтастық, саяси бірлікті «ұлт» деп таныды. Батыс Еуропаның қоғамдық ғылымында да бірнеше этнос бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүретін болса, ол мемлекеттің жұртшылығы біртұтас ұлт болып есептелді. Ал, Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті, индустриясының даму деңгейі Еуропа мемлекеттерінің тарихынан, даму дәрежесінен, өркениетінен, діни түсінігінен бөлек еді. Бұл елдердің мәдениеті де, ондағы ұлттардың қалыптасу тарихы да басқаша өрбіді. Сондықтан, ұлт пен мемлекеттің жігін ашып, ұлттық мемлекет деген ұғымды толық түсіну үшін біз ұлт, этнос жайындағы ғылыми теорияларды шолып шығуға тиіспіз. «Жаһандану жағдайында көпұлтты Отанымызда қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ұлттық саясатта қандай мақсаттарды таңдауға тиіспіз? Қазақстан халықтарын біріктіру үшін қандай құндылықтарды насихаттау керек? Бізге бір ұлт болып ұйысу мүмкін бе?», - деген сұрақтарға жауап беру үшін осы «ұлт» ұғымының ғылыми тұжырымдамаларын сүзіп шығуға міндеттіміз. Батыс ғалымдарының түсінігі бойынша және Батыс Еуропаның бүгінгі өмірінің ерекшеліктеріне қарағанда ұлт дегеніміз - дамыған қоғамдағы этностың жетілген түрі. Ұлт дегеніміз - феодалдық ыдыраңқылық жойылып, капитализм орнаған кезде, яғни шаруашылық және басқа да экономикалық-кәсіби қатынастар күшейген кезде, жаппай сауаттылық тарап, бір тілде әдебиет жазылып, білім беру мен өндірістік қатынастар бір тілде жүргізілгенде, сол тіл арқылы ұлттық сана-сезім пайда болғанда қалыптасатын тұтастық [2] . Бұл анықтама Шығыс елдеріндегі ұлт анықтамасына сәйкес келмегенімен, Еуропа елдерінің тарихына сәйкес, дұрыс анықтама. Шындығында Батыс Еуропа ұлттары капитализмнің арқасында қалыптасты. Капитализм жеке меншік пен саудаға негізделген құбылыс, сондықтан ол демократия шеңберінде ғана дамиды. Ал, демократиялық мемлекет бейбіт өмір сүре алатын, біртұтас халықтың мемлекетінде ғана орнығады. Батыс Еуропада жеке меншік сезімі, нарықтық қатынастар ерте бастан бекіді. Мұнда әр адам еңбегі мен өнімін сатып, қаражат қорын жинайды. Ал, сауда жүру үшін бір ғана тауар емес, алуан түрлі бұйымдар сатылуы керек. Бәсекеде озып шығу үшін қаражат қорын өндірісті кеңейтуге салу қажет. Бұл капитализмнің бастапқы талаптары ғана еді. Сауда мен бәсеке адамдарды өндірістің тиімді жолдарын іздестіруге итермеледі. Адамның ғылымға құмар табиғаты да индустрианың дамуына әсер етті. Осының өзі Батыс Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің нығаюына әкелді. Мысалға, Ұлыбритания мен Францияда 19 ғасырда қарқынды дамыған өндіріс ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғ. негізі қаланған ұлттық мемлекетті мықты державаға айналдырды. Буржуазия бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті орнататын мемлекетті пайдаланып қоғамды ұйымдастыруды, сол арқылы өздерінің мәртебелерін, байлықтарын көбейтуге мүдделі болды. Бұған, олардың патриоттық сезімдерін қосамыз. Сонда, капитализм мен өндірістік технологияның дамуы ұлттық мемлекеттің негізгі институттарын, мысалға, экономикада ішкі рынок пен өндіріс стандарттарының, әлеуметтік-мәдени салада ортақ баспасөз бен білім беру жүйесін, саясат саласында бюрократиялық орталық үкімет пен ортақ заңдарды, идеологиялық салада ұлттық бірлік идеологиясын қалыптастырды [3 , 239-240 бб] . Сондықтан, ұлттардың пайда болуы Еуропада демократиялық мемлекеттердің құрылуымен тікелей байланысты болды. Ал, капитализм мен ұлттың қайсы бірінші пайда болды деген сұраққа тарих әрқалай жауап береді. Мысалы, бірінші мәдени туыстық бойынша саяси билік орнайды (Франция), содан кейін бұл билік тілді, мәдениетті, әдебиетті барлық ұсақ ұлыстарға ортақ дүниеге айналдырады. Екінші бір елде тілі, діні бөлек ұлыстардың үстінен бірінші саяси билік орнап, одан кейін ортақ тіл, ұлттық символдар пайда болады (Италия) . Дегенмен екеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста өріліп жатқан дүниелер. Феодалдық ыдыраңқылық жойылғанда қай ұлыс қай астанаға бағынып кетті сол күйі ұлттық мемлекет құруға кірісті. Мысалға, Италиян ұлтында түркі халықтарындағыдай бір адамнан тараймыз деген аңыз да, ұлттық тұтас мәдениет те болмаған. Италиян ұлты 19 ғасырда орталық үкімет пен халық арасындағы клиенттік қатынастар арқылы бірікті. Яғни, ортақ рынок, ортақ саяси биліктің, ортақ заңдардың арқасында ала шұбар халық бір ұлтқа айналды. 1860 жылы халықтың 3 пайызы ғана италиян тілінде сөйлейтін. Өндірісті, ғылымды, білім жүйесін, баспасөзді, заңдарды орталық үкімет италиян тілінде дамытып әкеткендіктен ғана қазіргі Италиан ұлты пайда болды [4 , 94-95 бб] . Үкіметтің ұлтты қалыптастыруының жарқын мысалын біз Францияның тарихынан да көре аламыз. 1789 жылы Франция халқының жартысы француз тілін білмейтін. Францияда 1833 жылы әрбір коммуна бір мектеп ашсын деген заң шығады. 1847 жылы мектептер екі есе көбейді. Мектептерде сабақ тек француз тілінде жүрді. 1881 жылы бастауыш мектепте оқу тегін болды да, 1882 жылы бастауыш мектепте оқу міндетті деп жарияланды. Сөйтіп, 1863 жылы халықтың 80 пайызы французша сөйлей алатын дәрежеге жетті. 1880 жылы Бретон түбегіндегі жағдай туралы Франция Үкіметіне берілген есепте түбекті Францияның құрамына қосып алу үшін алдымен мектептер салу керектігі жазылған. Мектеп салудың маңызы «түбекті Францияға толық қосып береді және тарихи аннексия, мәдени тұтастану процесін аяқтайды» деп анықталған. Бірақ, бұл ғасыр демократияның орнығуының алғашқы сатысы болғандықтан, француз тілінде оқытатын мектептер зорлықпен салынды және балалардың санасына ұлттық патриотизм мектептер арқылы «қолдан» сіңірілді. Француз тілін үйрене алмай, бретон тілінде сөйлеп жүрген балаларды кемсіту, тіпті әкімшілік шара қолданып жазалау тәсілдері кеңінен қолданылды [4 , 97 б] . Сөйтіп, Батыс Еуропа елдерінде ұлттар азаматтық негізде, саяси бірліктің арқасында қалыптасты. Мемлекет базарларында адамдар өз өнімдерін сату үшін немесе білім алып, заңдарды пайдаланып, саяси карьера жасау үшін сол мемлекеттің заңдарын, тілін, білім стандарттарын, яғни жоғары мәдениетін қабылдауға мәжбүр. Мұның атын ағылшын этнологы Энтони Д. Смит «азаматтық ұлт» деп атады. Ол, - «Капитализм белгілі бір территорияда экономикалық интеграцияны күшейтіп, сауда мен айырбастың дамуына жағдай жасады. Мемлекет салық жинау мен кейбір салаларда өзінің монополиясын орнатудың, күш қолдану құқының арқасында қоғамда билігін күшейте түсті. Біртіндеп мемлекеттің билігі жүретін жердің барлығына бірдей стандарт кәсіптер мен біліктілік жүйесі орнады. Адамдардың білім алуын, экономикалық машығын қалыптастыруды өз қолына алған мемлекет ұлтты жасап шығатын қуатты тәрбие орны ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып болды», - деп жазды [5 , 121 б] . Мысалға, ХХ ғасырда Франциядағы негрлер мен еврейлерге үкіметтің сыңаржақ саясаты қатты әсер етті. Олардың мәдениетін, тілі мен дінін үкімет мүлдем ескерген жоқ. Олар сол әлеуметке сіңіп, өмірде өз орындарын тауып кету үшін француз мәдениетін игеруге мәжбүр еді. Сөйтіп, француз еврейлер, француз негрлер пайда болды. Бұл Францияның капиталистік, индустриалдық мәдениетті француз мәдениетінің, француз тілінің негізінде қалыптастырғанынан болды. Осындай индустриалды мемлекеттік мәдениетті Еуропа «ұлт» деп түсінеді. Осы франция мәдениеті арқылы біріккен құрама халық - Франция егемендігінің негізі болды. Яғни, заңдар мен әлеуметтік, құқықтық институттардың ортақтығы ұлттық бірлік деп түсінілді. Батыс Еуропаның ұлтты экономикалық-саяси бірлік деп түсінуіне тағы бір аса маңызды фактор әсер етті. Бұл ХҮІ ғасырда басталған процесс еді. Осы уақытта рухани сала Еуропада реформацияның ықпалына түсті. Шіркеуді тәркілеумен бірге, қоғамдық сананың діннен ажырауы жүріп жатты. ХҮІІ ғасырдың ортасынан бастап христиан әлемінде латын тілінің ролі төмендеді. Бұл біріншіден христиандық шіркеудің өз ішінде жүріп жатқан ыдыраңқылыққа байланысты болса, екінші жағынан буржуазия мен сауданың ықпалы артып, Еуропаның жеке-жеке аймақтарындағы саяси һәм шаруашылық коммуникациялардың күшейе бастағанына да байланысты еді. 17 ғасырдың ортасынан бастап Еуропада латын тілінде кітап басу азайды. Еуропаны біріктіріп тұрған дін тілінің құлдырауы өте терең тарихи процестің басталуына түрткі болды. Еуропаның діни тұтастығы бұзылып, мұның соңы бұрынғы мемлекеттік-аймақтық жікшілдіктің күшейе түсуіне ұласты [6 , 78-79 бб] . Сөйтіп, секуляризация процесінің ықпалымен аймақтық діндер Еуропа ұлттарының қалыптасуында негізгі роль ойнаған жоқ [ 7 , 62-63 бб] . Сондықтан, Еуропада дін ұлттың негізгі белгісі саналмайды. «Ұлт» ұғымы экономикалық-саяси бірлік тұрғысында ғана қаралады. Ұлт сөзі Шығыстағыдай бостандық, ар-ождан, намыс, имандылық, адалдық, айнымастық сияқты рухани-моральдық категорияларымен байланысты емес. Батыс Еуропадағы тілдік бірлік негізінде қалыптасқан азаматтық ұлттардың ортақ саяси биліктің ықпалымен қалыптасуының сыры да осында. Яғни, әр түрлі ұлыстардың ұлттық мемлекеттерге бірігу кезінде діннің жіктеуші, жауластырушы ықпалы болған жоқ. Сөйтіп, мұнда ұлттың азаматтық негіздегі түсінігі қалыптасып шықты. Мысалға, қазір Шығыс елдерінен барған адамдарды Франция азаматтығын алған соң француз деп атай береді. Олар өздерінің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізіп, мәдениетін, тілін дамыту құқықтарын саудалай алмайды. Өйткені, мұндағы мемлекет пен ұлттың арасы ажырағысыз. Индустрия жұмысының, кәсіби қатынастар мен білім жүйесінің бір тілде қалыптасып қалған коммуникациялық әдетін иммигранттарға бола өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, адамдардың ұлты азаматтығына, яғни сол мемлекетте қалыптасқан индустриалды жоғары мәдениетті қабылдауына қарай анықталады. Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХХ ғасырда халықтың ортақ идентификациясын арнайы «қолдан» қалыптастыру проблемасы болған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz