Белгісіз жақты сөйлем


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕКІ НЕГІЗДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ПАРАДИГМАСЫ

Орындаған: 4 курс студентіПолатова Мөлдір

Ғылыми жетекші:

Филология ғ. к., доцентМамаева Мәкен

Норма бақылаушы:

Филология ғ. д., доцентӘміров Әбдібек

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға

жіберілді: ф. ғ. д, профессорМомынова Б.

(қолы)

АЛМАТЫ, 2013ж

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі екі негізді сөйлемдердің парадигмасы.

Дипломдық жұмыстың көлемі: 52бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 30

Тірек сөздер: екі негізді сөйлем, бір негізді сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, жақты сөйлем, жалпылама жақты, белгісіз жақты, белгілі жақты, жақсыз сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, актуальды мүше, парадигма, предикативтілік, тема, рема т. б.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі екі негізді сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі орнын, құрылымдық сипатын тану, семантикасын ашу, парадигмалық қатарын түзу. Екі негізді және бір негізді сөйлемдер жайлы зерттеулермен жіті танысу.

Жұмыста белгіленген мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланды:

  • тіліміздегі жай сөйлем типтерінің екі негізді және бір негізді түрлерін нақтылау;
  • екі негізді және бір негізді сөйлемді ажыратудағы басты ұстанымды белгілеу;
  • жалаң және жайылма сөйлемдердің екі негізді немесе бір негізді болып құралу ерекшелігін көрсету;
  • толымды-толымсыз, болымды-болымсыз сөйлемдердің екі немесе бір негізді болып құралу ерекшеліктерін анықтау;
  • есімді-етістікті сөйлемдер жайлы пікірлерді салыстыра отырып, оларды тану ұстанымын түсіндіру;
  • жақты-жақсыз сөйлемдердің ішінде тек белгілі жақты сөйлемнің ғана екі негізді болып құралатынын дәлелдеу;

Пайдаланған дереккөздер: жұмысты жазуға теориялық сүйеніш болған - қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисіне қатысты жазылған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, А. Әбілқаев, М. Серғалиев, Ж. Жақыпов, Ж. Сәдуақасов еңбектері, түркологиядағы және орыс тіл біліміндегі П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев, Р. С. Сибагатов, Н. Д. Арутюнова, В. В. Бабайцева, Л. Ю. Максимов еңбектері қаралды. Жұмыста талданған сөйлемдер Абайдың нақыл сөздерінен, М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, Қ. Аманжолов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, О. Бөкей, С. Мұқанов, С. Мұратбеков, Ғ. Мұстафин шығармаларынан мысал ретінде келтірілді.

ГЛОССАРИЙ

Актуалды мүшелену (сөйлемнің) (лат. actualis әрекетті, әрекетшіл) . Өзекті мүшелену.

Атаулы сөйлем - бастауыш-баяндауыштық қатынастан тұрмайтын, бірақ зат есімді не есімді, тіркестерді атау арқылы білдіретін, айрықша интонациямен айтылатын бір құрамды сөйлем.

Белгісіз жақты сөйлем - грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайтын, істелген іс-әрекет белгісіз бір субъектілерге тән болып ұғынылатын жай сөйлем, яғни баяндауышы жақты болғанмен, бастауышы белгісіз жақты сөйлем.

Болымды сөйлем - объективті болмыстық, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің орындалғанын не орындалатынын хабарлайтын сөйлем. Болымды сөйлем болымсыз сөйлемге қарама-қарсы қойылып қаралады.

Болымсыз сөйлем - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтынын, орындалмағанын хабарлайтын сөйлем. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем негізінде жасалады, бірақ оған қарама-қарсы мәнді білдіреді.

Бір негізді сөйлем - бір ғана предикативтік бас мүшелі құрылымда келіп мағынасы екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем.

Екі негізді сөйлем - грамматикалық құрылымы бастауыш пен баяндауыштық предикативтік қатынасына негізделген сөйлем, яғни екі бас мүшелі сөйлем.

Есімді сөйлем - 1) номинативті сөйлем; 2) баяндауышы зат есімнен болған сөйлем; 3) бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бір құрамды сөйлем.

Жай сөйлем - қарым-қатынас қызметін атқаратын өзіне тән семантикалық құрылымы бар бір предикативтік бірліктен тұратын сөйлем.

Жалаң сөйлем - тұрлаулы мүшелерден құралған жай сөйлем.

Жайылма сөйлем - құрамында бастауыш-баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер (не олардың бірі) қатысқан жай сөйлем.

Жақты сөйлем - грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмайтын, бірақ оның қай сөз екенін баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем.

Жақсыз сөйлем - бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш шаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем.

Номинативтік сөйлем - Р. Әмір бойынша бастауышы атау септігіндегі зат есімнен жасалған екі құрамды сөйлем.

Парадигма (грек. paradeigma үлгі, мысал) - 1) кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез-келген тілдік бірліктер тобы; 2) осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу моделі (үлгісі) мен схемасы; 3) түр мағынасында морфологиялық терминнің синонимі.

Предикат (лат. рraediacatum айтылған сөз) 1) баяндауыш деген мағынада; 2) предикацияның мазмұнын анықтайтын ойдың объектісі, айтылатын пікірдің шындыққа қатынасын білдіретін тілде баяндауыш түрінде көрінетін ойдың мазмұны.

Предикативтілік - айтылатын пікір мазмұнының сөйлемнің негізі ретінде шындыққа қатысын білдіруі.

Тема (грек. thema негіз) - сөйлемде айтылуға тиісті негізгі хабарды білдіреді, көбінесе сөйлемнің алдыңғы жағына орналасады да, бастауыш не бастауыш тобының қызметін атқарады (кейде сөйлемнің басқа мүшелері де болуы мүмкін. Мәтінге, болмаса күрделі синтаксистік тұтастықтарға кіретін сөйлемдерді байланыстырып тұрады. Темаға дауыс екпіні түспейді.

Рема (грек. rhema сөз, сөйлем) - сөйлемнің өзекті (актуалды) мүшеленген сыңары сөйлемде айтылатын ойдың түйіні. Рема темада берілген хабардың негізгі мазмұнын қамтып, ол жайындағы пікірді жеткізуші коммуникативтік орталық болып табылады.

Толымды сөйлем - айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылатын сөйлем. Толымды сөйлемдерде оған қажет тірек мүшелердің болуы ойдың аяқталуы сияқты синтаксистік белгілер сақталады.

Толымсыз сөйлем - айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылмайтын олқы сөйлем. Толымсыз сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылады. Бірақ сол түсіріліп айтылған мүшелердің қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер әсіресе сөйлеу тіліне тән.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6-7

  1. ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ: ЕКІ НЕГІЗДІ ЖӘНЕ БІР НЕГІЗДІ СӨЙЛЕМДЕР . . . 8-15Бір негізді сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері . . . 15-24Екі негізді сөйлем мен бір негізді сөйлемдерді ажырату критерийлері . . . 24-27
  2. ЕКІ НЕГІЗДІ СӨЙЛЕМДЕР ПАРАДИГМАСЫ . . . 28-31Жалаң және жайылма екі негізді сөйлемдер . . . 31-32Толымды және толымсыз, болымды және болымсыз екі негізді сөйлемдер . . . 32-42Есімді және етістікті екі негізді сөйлемдер . . . 43-49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51

КІРІСПЕ

Қазақ тіл білімінде, түркологияда да, жай сөйлем жүйесі 'бастауыш-баяндауыш' болып құралған сөйлемдерді зерттеу арқылы танылды. 3ерттеудің бастысы осылар болды.

1960-70 жылдары О. Төлегенов, Ғ. Мадина, К. Аханов жай сөйлемдерді бір құрамды - екі құрамды, бір тұрлаулы мүшелі - екі тұрлаулы мүшелі деп топтап, осы арқылы атады. 1996 жылы Ж. Садуақасовтың «Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер» деген монографиясы жарияланды.

Бүгінгі зерттеулерде 'бастауыш-баяндауыш' және тек бір негізгі мүшені тірек етіп құрылған сөйлемдер дара-дара талданып, өз құрамы аясында ғана талданып жүр. Әрі сөйлемдердің бұл грамматикалық топтарын атайтын терминдер де тұрақтамай келеді; бір құрамды сөйлем - екі құрамды сөйлем, бір тұрлаулы мүшелі сөйлем - екі тұрлаулы мүшелі сөйлем, бір негізді сөйлем - екі негізді сөйлем деген атаулар қатар жұмсалып келеді.

Қазіргі қолға түскен фактілер екі негізді сөйлемдер мен бір негізді сөйлемдердің сипатын салыстыра зерттеп тану керек екенін байқатады. Сонда олардың әрқайсысына тән құрылымдық, функционалдық сипаттар айқын көрінеді.

Тақырыптың өзектілігі: Екі негізді жай сөйлем қазақ тілі синтаксистік жүйесінде басты роль атқарады. Синтаксистік жүйенің құрылымдық сипатын қалыптастыратын - осы сөйлемдер. Коммуникативтік жүйеде де негізгі қызметті осы структурада құрылған жай сөйлемдер атқарады. Қазақ тіл білімінде сөйлемдер басты зерттеу объектісі болғанмен, структуралық типтермен - бір негізді сөйлемдермен салыстырылып, ерекшеліктері айқын аталмаған. Біздің зерттеуіміз осы олқы жерді толықтыруды міндет етеді.

Диплом жұмысының нысаны: Екі негізді жай сөйлемдер, олардың құрылысы, семантикасы, парадигмасы.

Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіліндегі екі негізді сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі орнын, құрылымдық сипатын тану, семантикасын ашу, парадигмалық қатарын түзу.

Мақсатқа жету үшін шешілетін міндеттер:

  • тіліміздегі жай сөйлем типтерінің екі негізді және бір негізді түрлерін нақтылау;
  • екі негізді және бір негізді сөйлемді ажыратудағы басты ұстанымды белгілеу;
  • жалаң және жайылма сөйлемдердің екі негізді немесе бір негізді болып құралу ерекшелігін көрсету;
  • толымды-толымсыз, болымды-болымсыз сөйлемдердің екі немесе бір негізді болып құралу ерекшеліктерін анықтау;
  • есімді-етістікті сөйлемдер жайлы пікірлерді салыстыра отырып, оларды тану ұстанымын түсіндіру;
  • жақты-жақсыз сөйлемдердің ішінде тек белгілі жақты сөйлемнің ғана екі негізді болып құралатынын дәлелдеу;

Зерттеудің әдістері. Зерттеу әдістері ретінде талдау әдісі, салыстыру әдісі, статистикалық әдісі пайдаланылды.

Зерттеу көздері. жұмысты жазуға теориялық сүйеніш болған - қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисіне қатысты жазылған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, А. Әбілқаев, М. Серғалиев, Ж. Жақыпов, Ж. Сәдуақасов еңбектері, түркологиядағы және орыс тіл біліміндегі П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев, Р. С. Сибагатов, Н. Д. Арутюнова, В. В. Бабайцева, Л. Ю. Максимов еңбектері қаралды. Жұмыста талданған сөйлемдер Абайдың нақыл сөздерінен, М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, Қ. Аманжолов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, О. Бөкей, С. Мұқанов, С. Мұратбеков, Ғ. Мұстафин шығармаларынан мысал ретінде келтірілді.


  1. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері: екі негізді және бір негізді сөйлемдер

Сөйлем - синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.

Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Малдары араласып жатыр. Біз түстік. Түн. Осындай мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум белгілерді танимыз.

Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер, олардың түрлері жайлы жан-жақты зерделеген ғалым А. Байтұрсынов болды. Ғалымның 1912 жылы жазып, 1914 жылы жарыққа шығарған «Тіл тағлымы» атты еңбңегінде жай сөйлемнің бірсыпыра түрлеріне де тоқталады. Солардың ішінде жалаң және жайылма сөйлемдер де бар. Автор: «Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деп аталады, ал тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлнм жайылма деп аталады», - деп, әрқайсысына анықтама беріп, мысалдармен дәлелдейді. [1 ]

Қазақ тілі жай сөйлем синтаксисінде М. Б. Балақаев зерттеулерінің орны ерекше. Жай сөйлем құрылысының басты-басты аспектілерін монографиялық зерттеуден өткізіп, ғалым мынандай ірі-ірі еңбектер шығарды: «Основные вопросы синтаксиса предложения в современном казахском языке» (1950), «Основные типы словосочетания в казахском языке (1957), «Современный казахский язык. Синтаксис словосочетании и простого предложения» (1959) . [2, 3, 4]

О. Төлегенов тіл білімінің көз аясына түскен сөйлемдерді мағыналық, құрылымдық формаларын түгел қамтитын, әрі саралап танытатын топтау принципін атады.

Жай сөйлемдер: 1) жалпы модальді сөйлемдер; 2) мақсат-мәнді сөйлемдер деген басты екі топқа бөлінеді.

Жалпы модальді сөйлемдердің сипаты оқиғаны «жалпы модальдық мағынада (шындыққа қатысты) баяндау».

Жалпы модальдық сипаттағы сөйлемдер іштей екі топқа бөлінеді: болымды сөйлемдер, болымсыз сөйлемдер.

Осы топтаудан соң сөйлемдер екінші принцип бойынша - нақтылы сөйлеу процесінде баяндаудың берілу мақсаты жағынан үш топқа бөлінеді: хабарлы сөйлемдер, лепті сөйлемдер, сұраулы сөйлемдер.

Жай сөйлемдер «эмоциялы мағынасына» қарай үстемелі лепті сөйлемдер, арнаулы лепті сөйлемдер деп топталған. Автор арнап, нақтылап айтпаған, сірә, жай сөйлемдер үшінші принцип бойынша лепсіз, лепті болып бөліну принципі көрініп тұр.

Тек құрылымдық көрінісіне қарай жай сөйлемдер тағы бір топтауға түседі. Бұл - төртінші принцип.

Жай сөйлемдерді құрылымына қарай екі бас мүшелі (екі құрамды) сөйлемдер, бір бас мүшелі (баяндауышты) сөйлемдер, мүшеленбейтін сөйлемдер деп негізгі үш топқа бөлген. Екі бас мүшелі сөйлемдер қатарына құрамында бастауыш - баяндауыш болып қатысқан мүшелері бар конструкциялар кірген.

Бір бас мүшелі сөйлемдерге құрылысы бастауышты қажет етпейтін, тек баяндауышты негіз етіп құрылған конструкциялар кірген.

Мүшеленбейтін сөйлемдер деп автор «құрылымды емес», яғни сөйлем мүшесіне талдауға келмейтін конструкцияларды атаған. Ол сөйлемдердің сипатын тану үшін автордың оларды топтау принципін ескергеніміз жөн. «Мүшеленбейтін сөйлемдерді лексикалық - грамматикалық жасалу ерекшеліктері жағынан қарағанда, олар үш топқа бөлінеді: есімдерден құралған (атаулы) сөйлемдер, арнаулы модальдық сөздерден құралған сөйлемдер» дейді.

Модальдық сөздерден құралған сөйлемдер деп аталғандар жоқ, бар болуға тиіс.

Автор мысалдар келтіріп көрсетпепті.

Сонымен, О. Төлегенов жай сөйлемнің әр грамматикалық түрі көп аспектілі екенін дұрыс аңғарған, әрі ол сөйлемдердің бірнеше өлшеммен танылуға тиіс екенін байқаған. Соған сай сөйлемдердің құрылысы бірнеше параметрмен өлшеніп, топтастырылған.

О. Төлегеновтің «Жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем типтері» деген еңбегі синтаксистік жүйенің ұйымдасуын теориялық тұрғыдан да, фактілерін ашу жағынан да молырақ тануға үлес қосты. Осы еңбекте сөйлемдер құрылымына қарай екі бас мүшелі, бір бас мүшелі деп топталады. [5 ]

Бірақ кітап түгелдей екі бас мүшелі сөйлемдерге арналған. Бір бас мүшелі сөйлемдер мәселесі қозғалмаған. Бұлардың синтаксистік жүйедегі орны, салмағы, арақатынасы көрсетілмеген.

Бір негізді сөйлемдерді арнайы зерттеуге арналған жұмыс Ғ. Мадинаның диссертациясы болды. Диссертация «Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер» (1959) деп аталады. Диссертация кейін «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967) атты академиялық басылымға бір тарау болып өнделіп енді.

Ғ. Мадина «Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер құрылысы жағынан бір тұрлаулы мүшелі болып (односоставные), екі тұрлаулы мүшелі болып (двусоставные) та құрылады» деп, сөйлемдердің басым түрі екі тұрлаулы мүшелі екенін баса айтады. [6 ]

Ғ. Мадина зерттеуінде жақсыз сөйлемдердің түр - түрге бөлінуі М. Ба-

лақаев еңбектерінде аталғанға сай. Бірақ жақсыз сөйлемдердің жасалуын толық анықтап, сипаттап беруге талпыну бар.

Сонымен, Ғ. Мадина жай сөйлемдердің құрылысына байланысты екі негізді сөйлем, бір негізді сөйлем болып бөлінетінін атап, оған өз тұсынан термин ұсынды.

Тілімізге тән және ең көп жұмасалатын сөйлемдер - бастауыш-баяндауыш құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді құрау үшін ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек - ойдың кім, не туралы екенін білдіретін мүше, яғни бастауыш және ол туралы не айтылғанын білдіретін мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.

Бастауыш - баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас - сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.

Көл үлкен . Көл бастауыш ретінде, үлкен баяндауыш ретінде қатынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап тұр. Үлкен көл деген құрамда предикативтік қатынас жоқ, үлкен анықтауыш ретінде қатысқан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбіне баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. Осы орайда предикацияға қатысушы мүшелердің қатысуына қарай екі негізді және бір негізді сөйлемдер деп бөлетініміз белгілі. Ең алдымен, Рақыш Әмірдің ойына тоқталсақ.

Екі негізді және бір негізді сөйлемдер

Жай сөйлемдер құрылымдық ерекшелігіне сай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем болып бөлінеді.

Құрылымында екі негізгі мүше - бастауыш, баяндауыш мүше болып, сөйлем соларды тірек етіп құрылған болса, ол екі негізді болып танылады. Енді, міне үш бала қатар жатырмыз ( С. М. ) .

Екі негізді сөйлемнің басты мүшелері, кейде екеуі де түсіріліп айтылуы мүмкін. Бірақ олардың лексикалық, грамматикалық белгісі белгілі болып тұрады.

  1. - Газет-журнал оқисыңдар ма?
  2. - Сендер қайдан келдіңдер?
  • Егістен

Екі негізді сөйлемдердің басты белгісі түпкілікті құрылысына қарап танылады. Олардың нақты коммуникативтік көрінісі (манифеститация) түрліше бола береді.

Сөйлемдерде бір-ақ негізгі мүше болып, конструкция сол негізгі мүшені ғана тірек етіп құрылған болса, олар бір негізді сөйлем болып танылады. Тыныштық. Оны бұзуға болмайды.

Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі. Бір түрі арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады: Оны бұзуға болады. Екінші түрі бастауыш деп те, баяндауыш деп те тануға келмейтін - тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады: Мидай дала. Жарқыраған ай.

Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде екі негізді сөйлемдер базистік, түпкі құрылым ретінде танылуға тиіс. Олар - пікірдің құрылысына сай ұйымдасып, алғаш пайда болған конструкциялар.

Екі негізді сөйлемдер тек жақты болып құралады. Бір негізді сөйлемдер екі негізді сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық баламасы (параллелі) ретінде қалыптасқан.

Бұл бір. Екінші ескеретін жай - бұл екі типті конструкциялардың жұмсалу аясы бірдей емес. Екі негізді сөйлемдер - басты функционалдық конструкция. Ол әлдеқайда мол жұмсалады. Үшінші ескеретін жай - екі негізді сөйлемдердің құрылымдық потенциясы да үлкен. Мұндай сөйлемдер көп сөз қатыстыра алады, күрделенуі де алуан түрлі. [ 7; 58-59]

Сөйлем жай және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінетіні белгілі. Ал жай сөйлем қарым-қатынас жасауда ойды жеткізудің негізгі формасы ретінде қолданылады. Бірнеше сөздер мен сөз тіркесінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіреді.

Қазіргі тіл білімінде, оның ішінде жай сөйлемнің, оның ішінара түрлерінің аса маңызды аспектілерін айқындау мақсатында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сөйлемдердің жүйелі түзілуі, оның синтаксистік құбылыс екендігі, сөйлем парадигмасы, синтаксистік деривациясы, сөйлемнің актуальді мүшеленуі, сөйлем модельдері Н. Д. Арутюнова, П. Сусов, Г. А. Золотова, Т. Б. Алисова, А. В. Супрун, т. б. орыс ғалымдары еңбектеріне арқау болды.

Жай сөйлем сөйлем мүшелерінен құралатыны белгілі. Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемді құраушы негізгі мүшелер болғанықтан, аталмыш сөйлемнің түрі екі негізді жай сөйлем деп аталады.

Ал сөйлемдер бір ғана бас мүше - баяндауышпен құрылып, субъекті-жақтық мән басқа бір тұрлаусыз мүше арқылы немесе бас мүше бойындағы тұлғалар арқылы аңғарылады, тіпті жақтық мән анық байқалмауы да мүмкін. Бір негізді сөйлемдер деп, грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүше құрылымында келіп, суъектілік бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз.

Екі негізді жай сөйлемдер әр стильде де жиі кездеседі, ал бір негізді сөйлемдер қай стильде де сирек кездеседі. Кейбір ғалымдар жай сөйлемдердің осылай бөлінуіне мән бермейді. Ә. Нұрмаханова «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» деген еңбегінде жалпы түркі халықтарында, көбінесе, жай сөйлемдер екі тұрлаулы мүшелі және бір тұрлаусыз мүшелі болып келетінін көрсетеді. Сонымен бірге тек жақты және жақсыз сөйлемдерге тоқталады. Ал жай сөйлемнің жалаң, жайылма түрлері мүлде ескерілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақты сөйлемдер
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Бір құрамды сөйлемдер
Жай сөйлемнің түрлері жайында
Атаулы сөйлемдер
Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Жақсыз сөйлем
Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz