Нормативтік актілердің күші


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігіҚұқықтың қайнар көздерінің түсінігіҚұқықтың қайнар көздерінің түрлері
  2. Нормативтік актілердің түсінігі және түрлеріНормативтік актілердің түсінігіНормативтік актілердің түрлері
  3. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлеріЗаңдардың түсінігіЗаңдардың белгілеріЗаңдардың түрлеріНормативтік актілердің күші

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын және де бірнеше мың жылдық тарихымыздың ең жаңа кезеңінің айшықты беттерін құрайтын Қазақстан Республикасы тарихының келешекте жан-жақты зерттелері де, шынайы да, объективті жазылары да анық. Сондықтан, ондай аса үлкен де, жауапты іске дайындық жұмыстарын осы бастан жүйелі де мақсатты түрде жүргізудің маңызы үлкен. Солардың бірі, тәуелсіз еліміз тарихының деректік негізінің, деректану ғылымының талаптарына сай, осы бастан берік қалануы. Атап айтқанда, тәуелсіздік тарихы бейнеленген, яғни сан алуан формада, сан түрлі мазмұнда көз алдымызда пайда болған және күнделікті пайда болып жатқан дерек көздерін, деректанулық өңдеуден өткізу арқылы ғылыми айналымға тарта білу. Осындай, тәуелсіздік тарихының өзіндік ерекшеліктері мол, маңызды дерек көздерін бірі - заң актілері.

Тарихы ғылыми негізде жазылған басқа да мемлекеттер сияқты, Қазақстан Республикасы тарихының да дерек көздерінің үлкен бір бөлігін жазба деректердің құжаттық түріне жататын заң актілері құрайды. Заң актілерінің Қазақстан Республикасы тарихының басқа да дерек көздері арасында алар ерекше орын - Қазақстан халқының тек тәуелсіз мемлекет қана емес, сонымен қатар қоғамның барлық саласы заңға негізделген құқықтық мемлекет құруға бағыт алуымен айқындалады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қазақ халқының, осы жерді мекендеген өзге де ұлт өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті. Өмірдің барлық саласының заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заң актілеріне сәйкес жүргізілуі, тәуелсіздік тарихының әр алуан заң актілерінде әр түрлі қырларынан бейнеленуіне алып келді. Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу, тәуелсіз Қазақстан тарихының объективті жазылуының басты алғышарттарының бірі болып табылатындығы күмәнсіз. Бұл, біздің ойымызша, зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейтін басты факторлардың бірі.

Заң мәселесімен бізде көбіне заңгер ғаламдардың айналысып келгендігі белгілі. Дегенмен, заң мәселесі тек заңгерлердің ғана мәселесі емес, ол жалпы қоғамтану ғылымының ортақ мәселесі болып табылады. Өйткені, заң актілері аса күрделі де, сан қырлы туындылар ретінде қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан да, заңдарда дамудың нақты бір кезеңінде белгілі бір дәрежеде бейнеленбейтін қоғамдық қатнастар тарихы болмайды. Демек, ол бірнеше ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы тиіс. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеумен және оларды белгілі бір дәрежеде талдаумен немесе сыннан өткізумен тарих, саясаттану, құқықтану, дипломатика, деректану сияқты ғылымдар мен ғылым салаларының бәрі де айналысады. Мысалы, олардың кейбіреулері өздеріне қажетті мәселелерге байланысты нақты бір жылдардағы заң актілеріңдегі мағлұматтарға талдау жасаса, енді біреулері заң актілерінің өзіне жан-жақты талдау жасап, зерттейді.

1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі

  1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі

Заң ғылымында құқықтың қайнар көздері мемлекеттік тұрғыдан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін ( мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынастарын ) реттейтін әр түрлі нысанда қабылданатын құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Түрлері:

Жалпы құқықтық және оның бір саласы ретінде қаралатын азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. ҚР Конституциясы азаматтық - құқықтық қатынастарды реттеудің негізгі принципі және ол барлық азаматтық құқық азаматтық құқық нормаларының негізгі.

Конституцияның 22, 25, 26 және 27 баптарында азаматтардың құқықтарын реттейтін принциптер бекітілген.

ҚР Конституциясы жоғарғы Заңдық күшке ие. Қандай да болмаса заң және мемлекеттік органдар шығаратын нормалары ҚР Конституциясына сай болып, қайшы келмеуі тиіс.

1. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң - ҚР Конституциясы 62 - бабының 3- тармағында белгіленген тәртіппен қабылдаған заң ;

2. Конституциялық Заң - ҚР Конституциясының 2- бабының 4- тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң ;

3. Заң актісі - Конституциялық заң ҚР призидентінің Конституциялық күші бар жарлық және қаулысы ;

4 . Парламанттің қаулысы ;

5. Сенат пен мәжілістің қаулылары ;

6 . ҚР - сы үкіметінің қаулысы ;

7 . ҚР Азаматтық Кодексі - бір тектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң ;

8 . Лауазымды адамдардың ( ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Кеңесі, ҚР Соты, ҚР Сайлау комиссиясы, Орталық атқарушы органдар, жергілікті Өкілдік және атқарушы органдар ) Құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзіретіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер ;

9 . Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі нормалар ҚР аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмес - солармен реттелуі мүмкін ;

10 . Министрліктер және өзге де оталық атқарушы органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар Кодексте және өзге де азаматтық заң актілерінде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтін актілер ;

11 . Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Халықаралық шарт .

Азаматтық құқықтық қатынас - азаматтық құқықтық нормалармен іріктіретін мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастар.

  • азаматтық қатынас субъектілері тең құқылы ;
  • азаматтық құқықтық қатынас пайда болу негіздері ретінде шарттар алынады ;
  • азаматтық құқық қатынастың жауатылығы қалпына келтіру сипатында болды ;
  • бұзылған құқық сот арқылы қорғалуы қарастырылады ;

Азаматтық құқық көлеміне байланысты мүліктік және мүліктік емес құқылы және міндетті тұлғалардың өзара қатынасының сипаты бойынша екіге бөлінеді :

1 . абсолюттік қатынас

2 . тікелей қатынас

Абсолюттік қатынас дегеніміз - яғни бір тұлғаның құқығына шексіз міндетті тұлғалардың міндеттіріне қарсы қойылады.

Тікелей қатынас дегеніміз - яғни қатынасқа нақты анықталған тұлғалардың қатысуы.

Азаматтық құқық, құқықтың басқа салалары сияқты нақты бір құқықтық принциптерге ие.

Қазақстан Республикасы Призидентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы бойынша азаматтық құқықтық негізгі принциптері қатарына мыналарды жатқызуға болды .

  • мемлекеттік немесе оның әкімшілік аумақтық бірліктерінің азаматтық құқық қатынастарына түскен кезде серіктестіктері алдында қандайда бір артықшылығы немесе жеңілдіктері болмайтынын, ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектілер ретінде жеке тұлғаларға теңестірілетінін және де шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар, Республика заңдарында арнайы белгіленген шетелдіктер болса, Қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секілді құқықтар мен міндеттерді, әрі нақ сол тәртіппен иемденетінін білдіретін азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі ;
  • ең алдымен меншік иесінің өз мүлкін өзінің жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтайтынын білдіретін меншікке қол сұқпаущылық ;
  • бұл орайда меншік иесінің өзі құқық өкілеттілігін жүзеге асыруы кезінде өзге адамдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс ;
  • әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкіне иелік етуіне, пайда табуына, кірістерін таратуына мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуіне жол берілмеуін білдіретін мемлекеттің және үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы ;
  • азаматтық - құқықтық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау ; Құқықтың қайнар көздерінің түрлері

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық бақылау, Қазақстан бақылау салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Бақылау жүйесіндегі конституциялық бақылаутың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық бақылау қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын бақылаудың формада бекітеді; екіншіден, конституциялық бақылау барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық бақылаутың нормалары бақылаудың актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конститу­циялық бақылаутың нормалары бақылаутың жасалу үрдісін реттейді.

Конституциялық бақылау ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституция­лық бақылау ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конс­титуциялық бақылау салалық заң ғылымдарына кіреді.

Біріншісі, конституцияның, үстемдігі - оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: конституцияның нормалары басқа бақылау салалары үшін дерек көзі; нормативтік актілерді тек конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституция­ның өзімен бекітіледі.

Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конститу­ция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге қарағанда алғашқы болып табылады.

Үшіншіден, Конституцияның тура, тіке әрекеті. Бұл қасиетін төмендегідей түсіну керек: Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта бақылау субъектілері өз бақылаутарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Төртіншіден, Конституцияны өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерек­ше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзыреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.

Бесіншіден, Конституция ерекше бақылаудың қорғауға жатады. Конституцияны бақылаудың қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рол, мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауа­зымды мемлекеттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі, Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы Президентінің үлесіне тиеді. Сонымен бірге, Конс­титуцияны қорғау мақсатында бақылау қорғау органдары құрылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері. Бірінші кезең. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Конститу­циясының қалыптасу тарихы өзінің бастамасын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан алады. Аталған заң мемлекеттік басқару жүйесі не маңызды өзгеріс енгізді. Нақты айтсақ, елімізде бірінші рет Президент лауазымы енгізілді.

Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты 1990 жылы қазанда қабылданған Қазақ КСР-нын мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды. Декларация бойынша Қазақ КСР-і заңдарының КСРО заңдарынан артықшылығы; КСРО мен ҚКСР арасындағы қатынас шартқа негізделетіндігі; Қазақстан әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ұлттық құрылысқа байланысты мәселелердің барлығын өз еркімен шешетіндігі; ҚКСР заңдарын бұзған жағдайда өз аумағында КСРО-ның заңдарын тоқтатуға құқы барлығы; Республика аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді, шекарасы оның келісімінсіз өзгермейтіндігі; Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз республика жерінде басқа мемлекеттердің әскери бөлімдері мен базалары орналаспайтындығы; Қазақстанның өзінің ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын құруға құқығы; Қазақстанның өз мүддесіне сәйкес сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасын өз ұйғарымынша анықтай алатындығы жарияланды. Декларацияның жаңа Одақтық шарт пен Қазақстан конституциясын жасауға негіз болатындығы осы декларацияның арнайы бабында айтылды.

1978 жылғы Қазақ ҚСР-ның конституциясы кеңестердің билігін бекітсе, 1990 жылғы егемендік декларация мемлекеттік биліктің тармақталу қағидасы жарияланған бірінші акты еді. Заң шығару билігі жоғарғы кеңеске берілді, республика басшылығы және жоғарғы бөлу атқару билігі Президенттің қолына, сот билігі Жоғарғы Соттың қолына берілді. Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтаудың таптық тәсілі көрсетілмеді. Егемендіктің және мемлекеттік билікгін, бірден-бір қайнар көзі халық деп жарияланды.

Республикадағы билік органдары мен басқару жүйесі саласындағы ірі өзгерістердің бастамасы болған 1990 жылы 20 қарашада Қазақ ҚСР-ның Жоғарғы кеңесі «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы», 1991 жылы 13 ақпанда «Қазақ ҚСР-ның жергілікті халық депутаттары кеңестері және жергілікті жердегі өзін-өзі басқару туралы» заңдар қабылдаңды.

Бірінші заң бойынша бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесі Президенттің жанындағы Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Он беске жуық министрліктер мен мекемелер жойылып, жартысы қайта құрылды. Мемлекеттік жоспарлау, мемле­кеттік ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, Мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік жабдықтау, халықтық бақылау комитеті сияқты мекемелер жойылды. Олардың орнына экономика жөніндегі мемлекеттік комитет, монополияға қарсы комитет, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті сияқты жаңа басқару органдары құрыл­ды. Республиканың Вице-президенті мен бас прокуроры лауазымдары енгізілді.

Екінші заң бойынша өкілетті және атқару биліктері кеңестің төрағасының қолына шоғырландырылды. Жергілікті кеңестердін қолына жергілікті шаруашылық, қоммуналды меншік, жергілікті бюджетке түсетін салықтың түрлері бекітілді.

Заңның 3-тарауы мемлекеттік биліктің органдары мен басқарудың құрылымын анықтады. Мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу қағидасына негізделіп іске асырылады деп жазылды. Қазақстан Республикасының және атқару билігінің басшысы Президент деп жарияланды.

4-тарау мемлекеттің экономикалық негізін анықтады. Қазақ­стан өзіндік экономикалық жүйеге және меншіктің әр алуан түрлілігі мен теңдігіне сүйенеді делінді. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік, жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мемлекеттің ерекше меншігі деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халықаралық бақылаутың субъектісі және сыртқы экономикалық мәселелерді өз еркімен шешетіндігі айтылды. 18-бапта бұл заң Қазақстанның жаңа конституциясын жасауға негіз бола алады деп көрсетілді. Бүгінгі күннен бастап Қазақстан заң жүзінде егеменді мемлекет делінді. Осы мемлекеттік тәуелсіздік туралы конституциялық заңға қайшы келмейтіндіктен Қазақ КСР Конституциясының, заңдарының, КСРО заңдарының нормалары күштерін жоймай әрекет жасай берді.

Осы кезеңде 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. Мысалы 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заң КСРО азаматтығы мен қос азаматтылықты мойындамады. Заң бойынша Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың жаңа негіздері бекітілді.

Конституцияның қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. 1993 жылғы Конститу­ция Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция егемендік жарияланған уақыттан бері қабылданған конституциялық занңдардың көптеген бақылаудың нормаларын, қағидалары мен идеяларын пайдаланды. Сонымен бірге конституция ескі 1978 жылғы Қазақ КСР-ның кейбір ережелерін сақтады. Мысалы Жоғарғы Кеңес бір палаталық өкілеттік және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ бұрынғыдай бүкіл биліктік орган болған жоқ. Жергілікті өкілетті органдар - Кеңестер сақталды. 1978 жылғы Конституцияда жа­рияланған адам мен азаматтың бақылаутары мен бостандықтарының және тағы басқа да идеялар, ережелер сақталды. Конститу­цияда тұңғыш рет мемлекетті діни бірлестіктерден бөлуді және Қазақстан аумағында саяси не мәдени автономиялар құру мүмкін еместігін білдіретін «зайырлы және біртұтас (унитарлы) » деген ұғымдар пайдаланылды.

Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым-қатынасында тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті.

2. Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері

  1. Нормативтік актілердің түсінігі

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т. б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.

Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.

Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстүр, діни т. б. ) реттеп, басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.

Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.

Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:

1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.

2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.

3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар «акті» - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.

4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.

Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық, базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.

Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:

- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;

- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;

- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

- рухани сана-сезім, білім дамиды.

Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:

- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;

- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;

- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.

Сонымен, нормативтік-құқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекетгік күші бар нормалар.

Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:

- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе жалпы халықгық референдумда қабылданған нормалар;

- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т. б. болып шығады, олардың заңды нысандары болады;

- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп, басқарады.

Нормативтік актілердің түрлері:

- заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.

- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т. б. қоғамның салаларына сәйкес;

- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;

- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың актісі; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады. Заңның белгі-нышандары:

- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;

- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;

- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті) ;

- заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;

- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілер туралы
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Нормативті актілердің әрекет ету уақыты және кеңістікте ие болуы
Құқық нысанының түсінігі
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Нормативтік шарттар
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Еңбек құқығының қайнар көзі
Еңбек құқығының қайнар көздері
Құқықшығармашылық түрлері, сатылары, субъектілері және принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz