Кино өнері мәдениет саласы ретінде



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Кино өнері мәдениет саласы ретінде
0.1 Мәдениеттегі кино генезисі
0.2 Қазіргі таңдағы мәдениеттегі кинолар
1 Орта Азия киносы мәдениет сахнасында
2.1 Орта Азия кинематографындағы отбасы бейнесінің әлеуметтік мәдени динамикасы
2.2 Орта Азияның кинематографы: тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық құрылым процесінің басталуының кескіні.
3 Қазақстандық кинолардың мәдениеттен алатын орны
3.1 Қазақ киносындағы ұлттық мәдени мұра мен тарихи уақыт бірлігінің көрінісі
3.2 Қазақ киносының даму кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Өнердің атқаратын функцияларын ғылыми тұрғыда сараласақ, ол - тәрбиелік, эстетикалық, коммунитативтік, эверистикалық және ақпараттық болып, бес бес бағытқа қазықталған. Атылмыш функциялар әдебиет, театр, музыка секілдішығармашылық салалардың қай-қайсынан да, ең бастысы кино өнерінің де өн бойынан түгелдей дерлік табылады.
Қазақ киносы мен Орта Азия елдерінің киносы - қоғамдық әлеуметтік ғылымдардың назарынан тыс қалуда. Осынау кемшіліктің аз да болса орнын толтыруды көздейтін, бұл дипломдық жұмыстың нысаны - Қазақстан және Орта Азия елдерінің кино өнерінің даму жолдары.
Заманның ұлы ойшыл-философы Ақиқат атаулының барлығы өнерден табылады [1, 47б], - деген парасатты пайымдауын еске алсақ, адам мен қоғамның рухани келбетінің қалыптасуына кинематографтың қосатын рөлі ерекше.
Кәсіби туынды ретінде мазмұн тереңдігі мен форма, түр, стильдік болмысы өзгеше, идеялық-тақырыптық тегеуріні мықты, таным мен тағлым көкжиегі шексіз, өскелең ұрпақтың бүкіл тыныс-тіршілігі мен өмірге деген асқақта өршіл көзқарастарын арқау еткен көркем дүниелер - қоғамның ең басты темірқазығы.
Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі кино өнерінің алғашқы қадамы мен бастамасы ақтаңдаққа толы идеологиядан алшақтаудың нышаны байқалған тұста дүниеге келді. Басы ашық бір нәрсе, кеңес кезінде балалар киносы көптеп түсіріліп,нәтижесінде әлемдік құбылысқа айналды. Өйткені, кеңестік кино өндірісінде ,балалар тақырыбындағы кино өнімдер жағынан да алдыңғы қатарда болып келді.
Ал, кеңестік кезең ыдырағаннан кейін Орта Азия кинематографиясы туралы - байсалды түрде көз жүгіртіп, авторлық фильмдермен қоғамның өзгерістерін көрсетіп, идеологиядан бас тартты. Соңғы жылдарда кеңестік кинематографиясына ұқсап баққан, алайда жаңа толқынның да эстетикалық әсерінен арыла алмаған, сонымен қатар заманауи технологиялық жаңашылдықтардың да әсерімен түрленген, жаңғырған Орта Азия және Қазақстан киносын көруге болады. Бұл кино - қоғамға тән және қоғам психологиясының ішкі иірімдеріне қайта оралуымен ерекшеленуде.
Бұл дипломдық жұмыс Орта Азия және Қазақстан киносының даму кезеңдерін, эволюциясын ғылыми тұрғыда саралап, талдауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазігі уақытқа дейін Орта Азия және Қазақстан киносының даму кезеңдері ғылыми тұрғыда арнайы зерттелмеген. Кеңес одағы кезінде Орта Азия елдеріндегі әлеуметтік - экономикалық жағдай шамалас болып, барлығы да идеологияға бағынса, тәуелсіздік алған 10 жыл аясында көршілес аймақтардағы халық тағдыры түрлі өзгерістерге толы болды. Біріншіден: біз социалистік кеңестік жүйе бұғауынан босап, беймәлім басқа әлемге босап, беймәлім басқа әлемге ауысқанымызды сезіндік. Екіншіден: біз Қытай, Иран, Ауғанстан, Түркия сияқты бұрын біз үшін таңсық болған көрші елдерімізбен етене араласып, өзімізді азиялықтармыз деп сезіне бастадық. Үшіншіден: осы мерзім аралығында Орта Азия елдерінде әртүрлі идеялардың күресі басталып кетті.
Дипломдық жұмыста Орта Азия және Қазақстан киносының ауқымды материалдары негізінде кинематографияның даму кезеңдері қарастырылады. Кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі кино өнерінің дамуын эстетикалық ой сүзгісінен өткізу және экрандағы қоғам психологиясының көрінісі, кинематографияның тәрбиелік функциялары сан түрлі деңгейімен ерекшеленеді. Сан түрлі кино тақырыптарының дамуы аспектісінде, кино өнерінің эволюциясы және трансформациясы, авторлық киноның қалыптасуы, Тәуелсіздіктің бүгінгі күндегі фильмдері зерттелді.
Қазақстан мен Орта Азия кино өнерін зерттеу тұрғысынан киноның әрбір кезеңі саралануы тиіс. Классикалық режиссерлердің жасөспірімдер мен ересектер психологиясын, олардың мына әлемдегі шынайы бейнесін суреттеудің, орта және жас буын режиссерлердің кино өнерінің дамуына қаншалықты үлес қосқандығы және оның ерекшеліктері бүгінгі күн үшін өзекті.
Бұл дипломдық жұмыста кино өнерінің ғылыми анықтамасын беру, экранда қоғам шындығын көрсету, көркемсуретті кино өнерінің қалыптасу кезеңдерінен бері туындаған негізгі мәселелердің бірі. Фильмдегі бала бейнесі қоғамның бағдарын, әлеуметтік-философиялық, адамгершілік этикасын бейнелеп, бейнелі ойдың деңгейін сипаттауы, өнерде бүтіндей дамуы, әрбір кезеңдегі шығармашылық ізденістің негізгі бағыт-бағдары, сол кезеңдердегі көркемдік жүйенің маңызды компоненті болып келеді. Бұл кинематографиялық тәжірибедегі бірінші дәрежедегі сұраулар.
Сонымен, диссертациялық еңбектің басты өзектілігі - Орта Азия мен Қазақстан киносының даму кезеңдеріндегі кеңес үкіметі уақыты және тәуелсіздік жылдарындағы саяси, мәдени құбылыстарымен, мемлекет идеологиясымен тығыз байланыста қарастырылады. Әрбір кезеңнің ерекшелігіне тоқталу және фильмдердің көркемдік құрыымына, драматургиясына тигізген ықпалын талдай отырып, зерттеу болмақ.
Зерттеу нысаны. Кеңес үкіметі және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан және Орта Азия елдеіндегі кино өнері.
Зерттеу жұмысының пәні. Кеңестік кезең және посткеңестік кезең аралығындағы Қазақстан және Орта Азия елдеріндегі кино өнерінің даму жолдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің даму кезеңдерінің ерекшеліктерін жүйелеп, талдап қарастыру мақсатын алға қойған бұл дипломдық жұмысында, мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- кеңес үкіметі кезеңіндегі және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда және Орталық Азияда түсірілген кино туындыларының көркемдік құрылымының негізі ретінде қызмет атқарған кеше және бүгін көркемдік ұстанымының идеологиялық және саяси факторлармен тығыз байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеу;
- Қазақстанның деректі киносындағы әлеуметтік уақыт көрінісінің социалистік идеологияға, кеңестік үгіт насихат науқанына тікелей бағындыруылын және оның кейіпкер бейнесіне, экрандық уақытың қозғалысына тигізген әсерін сараптау;
- кеңес үкіметі идеологиясы аясындағы адам және оның еңбегін дәріптеу сияқты тағы басқа гуманистік ұғымдардың алдыңғы қатарға шығу үрдісінің кейіпкер бейнесін ашып көрсетуде маңызды өзгерістер алып келгендігін сипаттау;
- тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мен Орталық Азия киносындағы әлеуметтік уақыттың көрніс табуындағы басты ерекшеліктерін айқындау;
- соңғы жылдардағы түсірілген фильмдердегі тарихи уақыттың қайта қалпына келу үрдісінің басымдылығынын көрсету;
- кино өнерінің жанрлық түрленуі, кейіпкерлердің бастапқы үрдісіндегі ұлттық мінез-құлықты көрсету дәстүрінен алшақтауы, көрермендердің ішкі психологиялық иірімдері тұрғысынан көрсетілгенін сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Кино өнері мәдениет саласы ретінде
1.1 Мәдениеттегі кино генезисі
Кинематография - бұл өнердің, театр мен музыканың, бейнелеуші өнердің синтезі болып табылатын көркемдік шығарманың бір түрі. Еуропада кино қарқынды дамыды. Біріншіден кино фильмдер жалғасуы бір минутты жиі көбейтіп отырған бір жобадан тұрды. Бұл шынында қозғалып тұрған суреттер болды.
Сыншы Хрисанф Херсон алғашқы шығарылған фильмдер бойынша былай деп жазады: Алғашқы кино түсірілімдер Еуропаның әртүрлі мемлекеттерінде жасалған. Олар бірсызықтылық деп шартты аталатын бір спецификалық сызықты иеленген. Фильм үздіксіз түсірілді және бір бөліктен тұрды: поезд пиронға жақындап келеді - бұл фильм, адамдар фабриканың ауласынан шығып келеді - бұл басқа фильм [2, 196 б]. Техникалық көздер кинематографты құратын екі принципшіл: суреттерді және қозғалыстарды көрсетеді. Суретке түсіретін негізгі принцип , киноны кескіндемеден бөліп жарып бейнелейтін дәстүрмен байланыстырады. Қозғалыстағы сурет өзінің бастамасын: балаганнан, қорқынышты аттракциондардан, сағымшылдардан алып, дәлірек айтқанда жаппай көпшіліктің көңілін көтеретін дәстүрлерге апарады.
Киноның тарихын - көпшілік алдында бірінші рет ағайынды Люмьерлердің ұйымдастырылуымен Парижде Гран кафедегі капуциндық бульварда 1885 жылы 28-желтоқсанда көрсетілген Ла Сиота вокзалына поездың келуі киносеанстың бастамасымен бастауға болады. Бірінші кино құралдары патенттеген және оған кинематография деген атау берген ағайынды Люмьерлердің өзі болды. Бұл құралдарға дейін басқа да құралдар бұрын болған. Солардың ішіндегі Т. Эдисонның кинетоскопы (1894 жылы пайда болған, сол себептен кейбір тарихшылар кинематографты ойлап табушыны Эдисонның өзі деп ойлайды) Люмьерлердікіне өте жақын болды. Сонымен қатар, тармақтық жобаларда соған негізделген. Шындығында қазір ағайынды Люмьерлердің бірінші фильмдері өздеріне шынайылыққа Ла Сиота вокзалына пойездың келуі, Фабрикадан жұмысшылардың шығуыжәне тағы басқа суреттемелік қатынас сияқты көңіл көтеру мен ойын-сауықтықты да (Наполеонның өмірінен сахналанған Су себетін суарушы) өзіне қосып алды. Бірақта, фильмді шынайы , күшті, әсерлі оқиғаға айналдырған бірінші кинорежисер Жорж Мельес болды.
Күнделікті кинематографияда көзге түсетін негізгі екі бағыт: Люмьердің жолы және Мельестің жолы. Кинематографияда бірінші шынайыланған - деректі киноның бастамасы болды делінсе, ал екінші оқиғалық - көркемдік киноның бастамасы болды деп түсіндіреді. Франсуздық Жорж Мельес кинода шынайы оқиғаларды түсіру үшін ғана, онымен қоса әртүрлі болған оқиғаларды айту үшін қолдануға болатынын бірінші болып айтты. Мельес - өзінің күшін барлық жанрларда көрген пионер режиссер. Өзінің тапқыштығының , ойлап шығарғандарының және керемет фантазиясының арқасында Мельес қазіргі таңда да өзінің тартымдылығын жоғалпаған фильмдер түсірді.
ХХ ғасырдың бірінші он жылдығында Мельес ең үлкен табысқа жеткен кинопродюсер болды. Бірақ, бірінші дүниежүзілік соғыстың басында кинематографиядағы жаңа әсерлерге бейімделуге үлгемегендіктен, қайыршылық күйге ұшырады. Өзінің қаражаттық сәтсіздікке ұшырағанына дейін оған киноның маңыздылығын ұлғайту қолынан келді. Ол сахнадағы пьеса тәрізді бірінен соң бірі ұласқан тірі суреттемелер серияларын ойлап шығарды. Оның ең жақсы шыққан жұмысы 1899 жылы түсірілген Золушка фильмі болып табылады [3, 13б.].
Бірінші Дүние Жүзілік Соғыс дүниеге келіп жатқан кинематографияға үлкен зардабын тигізді. Германияда соғыстан кейін қоғам дағдарысы қатты білінді. Бұндағы фильмдер экспрессионистік бағытта болды және қоршаған ақиқаттылыққа байланысты өткізіп алынған адамдардың психопотологиялық уайымдалуына арналды. (Режиссерлар: Р. Вине және П. Лени). Сол кезеңнің өзінде барлық әлемнің экраны голливудтық студияның өнімімен толық болды. Бұл - жанрлар, стильдер және сапа жағынан әр түрлі болған фильмдер. Олардың бағыттары да әр түрлі болды: музыкалық - көңіл жадырататын, жанұялық- тұрмыстық және ащы әлеуметтік жағдай.
Миллиондаған көрермендердің кішкентай адамның жан - түршігерлік өмірді зейін қойып қарарлықтай күлкілі гротескпен (гротеск - кешкілі ысқақ стильде шығарылған көрке өнер шығармасы) көрсететін сүйікті актеры Чарльз Спенсер Чаплин болды [4, 34 б.]. Кейіннен Ч. Чаплин өзі: Сәби, Алтын безгек, Үлкен қаланың оттары, Жаңа кезеңдер деген фильмдерде көріне бастады. Сол кездің кино жұлдыздары негізінде көбісі ағылшындар: Дина Дурдин, Дуглас Фербенс, Кларк Гейбл, Герольд Лиойд. Германия, Жапония, Италия секілді мемлекеттерде олардың әскери күйреуіне дейін кино фашистік насихаттағы мақсатпен бағынышты болды.
Германия және Италияда фашистік идеологиямен назардағы тарих пен шынайылылыққа негізделген тарихи фильмдер кеңінен көрсетілді. Жапонияда самурайлардың ерлік-жігерлері мадақталған, олардың император үшін өзінің жанын пида етуіне дайындығы, зорлық-зомбылық және нәсілдік келіспеушілік насихатталған фильмдері кеңінен таралды. Жәймендеп Батыстық кинематографияға бірінші жоспарға мінездің психологиялық тереңдігі, өмірдің поэтикалық көрінісі,орташа топ мәселесін дамытуға әрекеті кіреді. Оған қоса демократиялық тенденциялар жағында тереңінен байқалуда. Фашизмнің жойылуы, әлемнің ортақ демократизациялануы, кинематографияға үлкен ықпал жасады. Одан маңызды оқиғалар туындаған. Солардың бірі - италияндық неореализм (1940-1950жж),француздық Жаңа толқын (1960-1970жж) және неміс экрпрессионизмі [5, 56 б.].
Неореализм антифашистік және антибуржуаздық көңіл-күймен соғыстан кейінгі италияны байланыстырады. Бірақ, әлеуметтік қайнар көздерден басқа шынайылықтың приоритеті люмьерлік ағымды айқындайтын эстетикалық түр - тамырлар онша маңызды емес болып табылады, әрі қашан шынайылықтілі болғанға дейін неореализмде ол жоғары жарқын болуды айтады.
Бірінші неореализмнің үлгілі киносы шамамен документалдық түрде түсірілген, онда шебер актерлар ойнады және ол жаулап алынған Римде түсірілді. Бұл - Роберто Росселини режисердің Рим - ашық қала(1945ж) киносы. Түсірілімдегі суреттер - эпизодтар қатарынан тұрды. Оның негізінде жасалынған жалған фактілер жатты, оның ішінде Феррари коммунистің тарихы, астыртын жұмыс істейтіндерге көмектескені үшін ату жазасына ұшыраған Морозини дін қызметшісінің берілгені және гестаповтармен қорланғаны туралы кино.
Неореализмнің басқа классикалық туындысы - Викторио де Сиктің Шайтан арбаның ұрлықшылары фильмі. Де Сик өзінің түсіріліміне тәжірибелі актерлардан бас тартты. Оның орнына басты рөлді сомдаушыға қарапайым жұмыссыз адамды шақырады. Ал 10 жастағы газет-журнал таратушы Бруно рөліне шын мәнінде газет-журнал таратушы болып жұмыс атқарған баланы шақырған [6, 56 б.]. Неореалистер заңға сәйкес өмірлік негіздің қатарын алып және оны экран алдында оның пайда болу себебіне, әлеуметтік негіздеріне талдау жасады. Бұлай режисер Джузеппе Де Сантис журнал бетіндегі хабарландыру бойынша жұмысқа шақырылған әйел-машинистке бірнеше қыздардың келіп кезекке тұруы және кезекте тұрған қыздардың келіп кезеккке тұруы және кезекте тұрған қыздардың аяқ астарындағы баспалдақтарының құлауын оқуы, сол оқиғаға байланысты Рим сағат 11де (1952) фиьмінің түсірілуіне негіз болды [7. 102 б.]. Бұл киноның мазмұны жұмыссыздық мәселесіне байланысты болды. Неореализм әлемдік киноның эстетикасын біршама маңызды байытты. Қарапайым күнделікті оқиғаларды қолдану, көшеде түсірілім түсіру көптеген мемлекеттердің кино түсірілімдеріне ене бастады.
50-60 жылдары көркем киноға әлемдік киноның алыптары, тәжірибелі мамандары - Лукино Виксонти мен Роберто Росселини, Микеланджело Антониони, Федерико Феллини келеді. Нағыз осылардың суреттемелерінде 50-60 жылдардың ортасындағы жаңашыл адамның психологиясын зерттеу , оның өз-өзін ұстаудағы әлеуметтік себебі, сезімдедің абыржуы және адамдар арасындағы қарым-қатынас үзілгендік батыс еуропалық кинематогафия арасындағы тенденциясын жүргізушілердің бірінен көрінеді. Бұл туралы Феллини Жол, Анасының балалары, Кабиридің түндері, Тәтті өмір және тағы да басқа фильмдерді түсірген [8, 89 б.]. Феллини өзі мойындағандай оның фильмдері жиі автобиографиялық және көптеген есте қалғандарды құрайды, мүмкін поэтикалық түсініктері бұрмаланған мен өтірік айтуға бейімделген кинолар. 70 жылдардың ортасында италияндық киноның дағдарысы басталды. Кинотеатрларға бару күрт төмендеді.
Француз киносында фотогения деп аталатын бағыт Л.Деллюк, Ж.Энштейн, М.Лэрбье атты режиссерлер мен теориктердің әрекеттерінде басым. Бұлардың киноның спецификалық айқын эффектілерін іздестіруі әрі қарай француз кинематографиясының дамуына үлкен септігін тигізді. Оны киноавнгард (Ф. Леже, М.Дюшан және Ман Рейлердің экспериментальды ленталары), дадаизм мен сюрреализм (Р.Клераның Антракт(1924), Ж.Дюлактың Қабыршақ және дін қызметшісі(1928), Л.Бунюэлдің және С.Далидің Андалуздық төбет1928 және Алтын ғасыр(1930) құрайды [9, 38 б.]. Деллюктың фотогендер теориясы кинода объектінің бейнеленуіне белгілі бір формальды талаптарды алға итеріп шығарды. Оны Люмьер жолының дамуы деп есептеуге болады. Пленэрадағы түсірілім - ракурстың, ритмнің, көркем өнердің, кадрдың композициясы барлығы біріге келіп Деллюктың импрессионизмін дүниеге әкелді. Импрессионизм бағытындағы Ж Энштейн, А.Ганстың, Р. Клердің және Ж.Ренуардың ерте түсірілген фильмдері жатады. Осының барлығы авангардизмде формальді қатаңдыққа және тазалыққа арналған, ал поэтикалық шынайылықта бейнелеу стилистикасы өз деңгейінде сақталады.
Неміс экспрессионизмінде бірінші рет кино түр-түстілікті иемденді. Олар түрлі-түсті пленкалардың ойлап табуына дейін қолмен боялған фильмдер болды. Германияда светопись киноның соншалықты тартып алатындай бөлшегі болды. Өйткені, экспрессионизмге формальді түрде көптеген киноленталар кірмеген. Соған қарамастан өздерінде осы бағыттың анық белгісін алып жүрді. Орасан күрделі Ф.Лангтың (Небилунгтар 1924ж, Метрополис 1926ж) кинолары да және камершпиле әлеуметтік бағытының мелодрамалары (Л.Пиканың Сынықтар1921, Ф.Мурнаудың Соңғы адам1925) және көптеген басқа суреттемелер осындай. Экспрессионизмнің дәстүрлі нацистардың билікке келуіне дейін толықтай сақталынған. Бұл бағыттың соңғы фильмдері деп Ф. Лангтың М(1931ж) және Мабузье дәрігерінің өсиеті(1935ж) туындыларын есептеуге болады.
Фильмдердің бейнелеу спецификасы және кинематографтың теоретикалық ұғынулығы ұлтшыл Германияға дейін ең маңызды формальді салдар болды. Біріншіден, кинематографтың назарлары монтажды айқындайтын амалдарға дайындықта болды. Екіншіден, ерекше қызығушылық - актерлік ойынға және оның кинодағы спецификасын көрсетуінде болды. Э. Яннингс, К.Фейд, В.Краус, П.Лорре секілді актерлардың айқын ойнауын кинодағы экспессионизм бейнесін бейнелейтін ең қажетті бөлім деп білді.
Швеция әлемге ғажайып Ингмар Бергман шеберін әкелді. Оның еңбектері скандинавтық көркемөнерлік ойлардың және әлемді сезінудің ерекшеліктерін ең жарқын көрсеткен. Әдеттегідей тек қана Швеция үшін емес, батыстың көптеген мемлекеттеріне де тән десек қателеспейміз. Ол фильмдер: Жетінші өмір, Құлпынайлы бақ(екеуі 1957ж), Күздік соната(1978ж), Түпкі негіз, Тұлға, Келбет(1958ж). Бұл фильмдерде Бергман қоғам ортасындағы адамның трагедиялық жалғыздық тақырыбын дамытты. Бергман Францияға, АҚШ-қа киноға түсуге шақырылған - М. Фон Сюдов, Н.Андерсон, Л.Ульман, және тағыда басқа керемет актерларды тәрбелейді [10, 79 б].
Испания әлемге француздық режиссер болып танылған киносуретші Луис Биноиэоді әкелді. Өзінің барлық туындыларының шығуы кезінде ол 1928 жылдан бастап сюрреализм көзқарасына сенімді болды. Сальвадор Далимен бірге олар Андализдік төбет фильмін және Алтын ғасыр (1930 жылы, бұл фильмді көрсетуге жарты ғасырдай тиым салынды), 1977жылғы Бұл бұлдыр қажеттіліктің объектісі фильміне дейін түсірді.
Біз ағылшын киносын айтқан кезімізде, бізге әдеби тамаша экранизациялар есімізге түседі. Сонымен қатар, тамаша режиссерлар Альферд Хичкок және Линдскей Андерсон да есімізге түседі. А. Хичкок фильмдерде көпшілік психоздың техникасын, көпшілік шу шығарудағы қолданып, қорқынышты фильмнің негізін салған. 1929 жылы түсірілген Алдап арбау дыбыстық фильмі арқылы аты кеңге жайылды. Ал, экспрессионистік стильдегі қорқыныштылық, күлкілі және романтикалық сюжет қосылған Леди жоғалды(1938ж) фильмінен кейін оны ойнамалы қысымның ұстасы деп есептеді. Л. Андерсон болса Еркін кино түсіретіндер қатарында болды. Ол ағылшындық кинематографтар үшін болған қиын кезеңдердің өзінде оған адал болды. Л. Андерсон киноны әдеби шығармалар бойынша Бұл салауатты өмір(1963ж), Британия(1982ж) сияқты кинолар түсірді. Француздық кинематографиялық мектеп өкілдері өздерінің үздік комедиялары арқылы ерекше орынды иеленеді. Жан Маре, Жан Поль Бильмандо, Луи Де Фюнес, Ален Делон, Жерар Депардье, Пьер Ришар Жан Гобен және тағы басқа актерлер киноның арқасында көрермендердің естерінде мәңгіге қалады.
Қазіргі таңдағы француз киносы әлемдік масштабтағы нағыз жұлдыздар болып табылатын Жан Рено және Люк Бессон сияқты тұлғалармен жете танымал. Француз киносы өзіндік ерекшелікті сақтай білді және Голливудтан ең жақсы деген марапаттар алды. Бүгінде француз фильмдері тең дәрежеде америкамен салысқа түсе алады [11. 58б.]. Бұл бүгінгі күнге дейінгі керемет дәстүрлермен ерекшеленетін ең күшті кинематографиялық мектептердің бірі. Киноның тарихы аталған бағыттармен жоғалмайды, қайта ол дами түсуде.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Еуропада шынайы ұлттық кинематографтар пайда болған. Бірақта, орыстық монтаж, немістік экспрессионизм, француздық фотогения мектептерінің өздерімен - өздері әлеуметтік және уақыттық көркемдік әсерінен шығуы үшін екі жақты кинематографиялық әсерлерді іздестірумен, олар өздерінің ұлттық мектептерінің шегінен шыға алмады. Сонымен, Энштейн мен Вертовтың ерекше қатты әсері Германияда (В.Рутманн, Г. Рихтер, Л. Фон Рифенштал,) бірақ, сонымен қатар және де Францияда басқада мемлекеттерде көрінді. Бұл әсер бүгінгі таңда да сезіледі, және де К. Дрейердің, О. Уэллстің, А. Хичкоктың фильмдерінде кімде-кімнің бейнелеулік жетістіктері көрінген немістің экспрессионизмі туралы және француздық навациялардың кинематографиялық премяларын ерекше шынайы болған аймақтық формалар туралы да айтуға болады.
Алған білімнің негізгі бөлімінде мынадай қорытынды жасалады: кинематографиялық сол мәдени ортаны, қазіргі таңдағы сол әлеуметтік - мәдени ортаны құрды. Онда оның ойлап табушыларымен біршама маңызды мәдени құндылықтармен құралған ең шыдамды және қажетті мәдени ақпараттар формалары қалыптасқан. Ол қоғамдық қатынастың динамикаларының эффективті бейнелеудің құралы болып табылады. Осының барлығы бізге XIX-XXғасырда құралған негізгі жанрларды шығаруға негіз береді.
Бұқаралық мәдениеттің манипулятивті мүмкіндігі кең көлемді аудиторияның талғамы мен көңіл-күйіне тигізетін әсері оның танымал жанрларын қолдана білуімен тығыз байланысты. Жанрдың нашар немесе жақсы деген түрлері болмайды. Олардың барлығын идеологиялық және бейнелік мағынасы жағынан бір-бірінен ерекше болады. Нақты айтқанда, кино әлемінде барлығына ортақ қабылданған біртұтас жанр жоқ. Киноны бір жүйеге келтіріп саралау кино әлемін зерттеушілерге қарағанда көрермендердің сол киноға деген жеке көзқарасынан айқындалады. Соған қарамастан, бұл жүйелеу системасы кең таралып кеткен.
Басты танымал жанр: боевик - бұл жанр атақты мына тезисті алға қояды жақсылық жұдырықпен жазалануы қажет. Бұл жанрдағы кинолар күрделі сюжеттерден құралмайды. Басты кейіпкер көбіне зұлымдық пен қылмыспен күреседі. Жемқорлық, қылмыс, терроризм, адам өлтіру осы жанрдың басты тақырыптары. Бұл жағдайлардан шығудың басқа жолын білмегендіктен басты кейіпкер күш көрсетуге мәжбүр болады. Хэппи-энд - боевик жанрының негізгі көрінісі, яғни зұлымдық міндетті түрде жазалануы тиіс. Вестерн - Батыс Құрама Штаттарына тән мінез бостандық пен тәуелсіздікті дәріптейді.
Ганстерлік фильмдегі іс-әрекеттер 1930жылдары Америка Құрама Штатында ганстерлік топтың пайда болуымен байланысты. Ганстерлер арасындағы жанжал осындай фильмдердің негізгі сюжеті болып табылады. Нуар - гангстерлік фильмдер экшн жанрындағы қарапайым фильмдерден сюжеті жағынан көп ерекшелігі болмайды. Дегенмен, карате фильміндегі кейіпкерлер негізгі күштерін қару қолдануға емес, керісінше шығыс күрес өнерінің тәсілдеріне жұмсайды.
Шытырман оқиғалы фильм - боевикке қарағанда басты назарды күш көрсетуге емес,алдап соғуға,зұлымдықты алдау арқылы жеңуге аударады.
Детективті фильм - бұл жанрдағы кинолар қылмыс әлемін ашу,қылмыскерлердңі фильм - бұл жанрдағы кинолар қылмыс әлемін ашу,қылмыскерлерді анықтау мазмұнымен ерекшеленеді.көрермендердің көпшілігі киноны көріп отырған кезде осы іс-әрекеттерді өздері жүргізіп,отырған кезде осы іс-әрекеттерді өздері жүргізіп,өз ойларын айтқылары кеп отырады.
Драма-бұл жанрдың ерекшелігі іс-әрекеттің жанжалдылығы сюжеттің көп болуы,диалог пен манологтан құралады.драма негізінен жеке адамның өмірімен қоғам арасындағы бітпес жанжал бейнеленеді.сонымен қатар,басты назар киноның кейіпкеріне деген жалпы әлеуметтің қарама-қаишылығына аударылады.
Трагедия - театральды трагедияны драмадан бөліп қарастыруға болмайды,бірақ кино әлемінде бұған жол берілген.трагедияның мазмұны да жеке тұлғаның қоғаммен ,өмірмен,әлеммен,қақтығысынан құралады.дегенмен драмаға қарағанда трагедияда негізінен басты кеиіпкердің өлімімен аяқталады.
Тарихи жанрдағы фильм - бұл жанрдағы фильмдер шынайы болған тарихи оқиғалар ізімен баяндалады.
Әскери фильм - бұл соғыс туралы фильм.
Кинокамедия-бұл жанрдағы фильмдер қатарына көрермендерді күлдіру,көңіл күйді көтеру,күлкі шақыруды алға мақсат етіп қойған кинолар жатады.
Трагокамедия-драмалықсюжеттен құралған комедия.
Мелодрама-бұл жанрды кинолар басты кейіпкерлерінің рухани және сезімдік әлемін ашып көрсетеді. Мұндай киноларда жақсылық пен зұлымдық,махаббат пен жеккөрушілік тағы басқа сезімдер қатар жүреді.
Әуенді фильм - мюзикл немесе оперетта,киноэкранда театрландырып қойылады. Көп мөлшерде әуендер, би, әдемі костюмдер мен безендірулер жатады. Міндетті түрде мелодрама мен хэппи - энд элементтері кірістіріледі. Зұлымдық болғанның өзінде де ең қарапайым түрі қолданылады.
Эротикалық фильм - бұл жанрдағы фильмдер көрерменнің жыныстық сезімі мен эротикалық санасын ояту мақсатында бағытталған. Порнофильм - эротикалық фильмдердің өте ашық жарияланған түрі.
Триллер (ағыл.Thrill - трепет) - көрермендердің уайымдау, ойлау сезімдерін оятуға тырысатын фильм жанры. Триллер жанрына көбіне қылмыстық топты анықтауға, ұстауға дайындық, яғни детектив - шытырман оқиғалы фильмдер жатады. Бұл жанрдың белгілі бір шекарасы жоқ. Сонымен қатар, триллерге қорқынышты (ужас) фильмдерде жатады.
Апатты фильм - басты кейіпкері апатқа ұшырап, одан құтылу жолын іздеу. Апаттар қатарына табиғи апат (жер сілкінісі, вулканның атқылауы, қатты желдің
соғуы және тағы басқа).
Қорқыныш фильмі - бұл жанрдың міндеті көрермендерді қорқыту, олардың қорқыныш, уайымдау сезімдерін күшейту, қорқынышты жайттарды қиналыспен күтуін туындату. Фильмнің сюжеті тыныш, еш уайым-қайғысыз жерде адамдарды өлтіруші қанішердің пайда болуымен байланысты. Қорқынышты фильмде сонымен бірге, мутанттар, басқа әлемнен келгендер, зомбилар және тағы басқа алыптар адамдардың тыныш өмірін бұзады.
Қиял-ғажайып фильм - шынайылыққа жатпайтын жайттарды бейнелейтін кино жанры. Бұл фильмдегі іс-әркеттер болашақтағы, өткен шақтағы немесе осы шақтағы жайттарды бейнелейді.
Неоготика - қорқынышты фильм жанрынан ерекшелігі басты кейіпкер зұлымдардан жапа шекпейді, керісінше өзі қанішер немесе алапат зұлым иесі болады.
Бенефис - бұл жанрда тек қана бір адамның (мысалы: актер, саясаткер) жеңісі көтеріледі.
Сұқпат - диалог немесе полилогтың, кейде көмекші киноны немесе фотоқұжаттарды қолданатын аналитикалық публицистиканың жанры. Бұл екі формада болады. Нақты қоғамдық маңызды тақырыпқа арналған немесе адамдардың қатысуымен экрандағы өзіндік шығарылымының аудиторияы қызықтыра білуі.
Брифинг - ақпараттық публицистиканың жанры. Билік басындағылардың арнайы журналистерді шақырып, болған оқиға жайлы немесе қоғамдық - маңызды құбылыс туралы деперсонифицирланған ресми өз ойларын айтуы немесе ақпараттар беруі. Бұл тікелей эфирге де арналмаған жабық түрде де өтуі мүмкін. Бұл кезде көбінде сұрақтар қойылмайды.
Бюллетень - берілген көлем (хронометраж) мен белгілі жанрлық құрылымға ие шектелген тематикалық таңдалған ақпараттың жаңалығын беру формасы.
Водоевиль - музыкалық ойынды таңғажайып қойылым және экрандық жанр.
Қойылым қою (кадрда) - қоғамдық маңызды тақырыптағы монолог. Теларнада плюреализмнің эффектілерін тудыратын ақпараттық немесе аналитикалық публицистикалық жанр.
Гипершынайылық - шынайылық сөзінің негізіндегі телевизиялық заставкалардың, бейнеклиптердің , Терминатор немесе Парк Юрского периода сияқты фильмдердің дайындалуымен анимациялық техниканың дамуымен реализм негізінде терминге айналған жаңа туынды. Анимация, компьютерлік графиканы негізінен кез-келген жас бала компьютерді аз қолданатын болса да оны пайдалана алады.
Қосымша комьютерлік графиканың дамуына мультипикациялар және ең бастысы көк фонда бейнеленген шын актерлерді синтезделген декорациялармен синтездеп түсірілген бейнеклиптердің дамуы жатады. Ең алғашқы бейнеклиптер Любэ(он тоғызыншы ғасырдың басы) тобы үшін Не валяй дуракаамерикада түсірілген.
Виртуалды шынайылықтың авторлардың айтуынша комьютерлік анимацияда не керектің барлығын алуға болады. Гипершынайылықты туындыны толықтыратын стиль деп санауға болады.
Дискуссия - бұл аналитикалық публицистикалық жанр. Көбіне жүргізушінің қатысуымен және екі жүрушіден құралған қандай да бір қоғамдық маңызды тақырыпқа немесе кез-келген ньюсмейкерлік контрастық өз ойын білдіруі кадрда бір уақытта көрінуі қандайда бір қарама-қайшылықты білдіретін полилогы.
Киножурнал - өткен кезеңдердегі экрандық өнімдік форманың таралу жолы. Ол туынды кішкене ойындық, документальді немесе мультипликациялық сюжеттерді кең драматургиялық немесе ақпараттық композициямен құралған өзіндік жанрды білдіреді. Киножурнал экрандық өнім ретінде ең бірінші (1918жылдан бастап - отандық кинода) қалыптасты. Ең бірінші жарық көрген Дзиги Вертовтың киношындық (1922-1925жылдар) киножурналы. Киножурнал көбіне фильмнің алдында кинотеатрларда көрсетіліп тұрды. Мысалы, документальді Новости дня немесе сатиралық Фитиль. Теларнада қазіргі күнге дейін балалар үшін Ералаш танымал.
Киножурналмен қатар индивидуалды форма құрамында экрандық құжаттардан тұратын тележурнал (әсіресе жетпісінші жылдар) болды. Мысалға, Здоровье.
Клип (бейнеклип) - синтетикалық жанр (ағыл. Clip - қайшы, қию). Жарнамалық өнім ретінде қысқаша бейнелейтін, мүмкіндік келгенше бейнені компьютерлік қайта қаралымдардан және күнделікті кәсіпкерлердің ең жоғары деңгейлік көрсеткішімен барлық жағдайларды қолданған видеожазбадан құралған. Клипті дайындау қымбатқа шығатын болғандықтан, бұндай жарнамаларға көбінесе рок - жұлдыздар мен саясаткерлер қатысады. Клиптің фильмнен айырмашылығы - ол бенефис сияқты персоналды жарнаманың басқа формаларын шығарып жанр түріне айналды.
Жанрды қарастыру киноның келе жатқан тарихының барлық кезеңдерінде әлі күнге дейін жүріп жатыр. Кейде ол ерекше байқалынады. Негізгі базалық жанрлар пайда бола бастағандығы мылқау фильмнің кезеңіндегі сияқты және қазіргі таңда жақсы комплестік жанрлар туған.
Осындай кинематографияның жанрларын ХХ ғасырдағы фильмдердегі қолданыстарын көре отырып қазіргі заманның фильмдері өзінің шарықтау шегіне жетуде десе де болады. Сол себепті, қазіргі таңдағы кинематографияның , соның ішінде Қазақстан мен Орта Азия кинематографиясының тарихы мен заманауилығын мәдениет аясындағы ерекшелігі мен ықпалын келесі тарауда тоқталып өтіледі.

1.2 Қазіргі таңдағы мәдениеттегі кинолар
Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы - кино![14, 104 б.]. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Жоймақ тұрмақ, бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет әлемді ауызға қаратудың жаңа тәсіліне аяқ басты. Оны мәдени идеологиялық майдан дер едік. Мұнда жеңіске жеткендер Кеңес Одағы сынды тұла бойы толған қару империяның өзін бір оқ шығармай, мұрттай ұшыра білді. Неге? КСРО-да әр фильм өндірісіне долларға шаққанда 1миллиондай қаржы жұмсалатын. Ал АҚШ-та сол кездің өзінде әр кинолентаға орта есеппен 20 миллиондай қаржы беріліп жатты. Бір фильмнен алатын сценарист қаламақысы Кеңес Одағында 10 мың долларға әрең жетсе, АҚШ-та сол кездің өзінде ол 500мың долларға дейін баратын. Нәтижесінде, америка киносы өткен ғасыр аяғында әлемдік экранды жаулады. Кеңес киносы болса өз көрермендеріне өзіие бола алмай жатты. Олай дейтініміз, сол кездегі аға-апаларымыз шетел киносы дегенде кинотеатрларға қойдай қаптайтын. Бұл мәдени - идеологиялық майдандағы жеңіліс еді.
Күні кеше көз алдымызда өткен осынау тарих сабағын бүгін біз әдейі еске алып отырмыз. Ондағы ой мәдени-идеологиялық күрестің ойыншық емес екенін қаперге салу. Бұл бүгінде де солай. Себебі, мәдениет пен өнердің көш басында аудиториясы төрткүл дүниені төріне отырғызған кино - телеэкран тұр. Бұл фактормен санаспаған ел, сөз жоқ, күндердің күнінде осы сала дамыған елдердің ықпалында кетпек.
Бүгінде экран әлемдік рухани - идеологиялық дода майданына айналды. Әлемдік аламан жарыс қыза түсуде. Сол бәйгеге жүйріктерін қосып, бақ сынау әлемдік рухани бәсекелестікке айналды.
Кино тағдырын шешетін құдірет - қашанда қалың көрермен. Қазіргі таңда кино дегеніміз - көкбет коммерция мен періште өнердің бір арбаға жегілуі. Фильм қаржылық табысқа жетпесе өнер де болса өлгені. Бұл әрине, шынайы өнер үшін жасалған авторлық киноға әбден обал. Бірақ ащы шындық осы.
Тәжірибе көрсеткендей, коммерциялық тұрғыдан покатта отандық кино өзін-өзі ақтау үшін ел тұрғындарының саны 50милионнан асуы керек екен. Мысалы, халық саны 150 милионнан асатын Ресей үшін касса алынбайтын асу емес. Тек ұтымды фильмдер түсіре біл. Касса проблемасы - продюссерлердің төбесінен төнген Демокл семсері. Өйткені, ақша салған жақ қаржысының өсім бермеуін қаламайды. Киноға салған қаржысы бірнеше рет желге ұшса, ол ойланады. Енді ол қаржыгерден екінші қайта ақша сұрау қиын. Шыққан шығынын өтей алмай қанша фильмдер сөреде жатыр.
Бүгінгі таңда жалпыхалықтық аудиторияға айналған телеэкран маңызы тіптен ерекше. Көгілдір экраннан өткен жақсы телесериалды үлкен демей, кіші демей,жалпы халық көреді. Жаңа дәуір әкелген бұл жанр аса пәрменді жалпыхалықтық эстетикалық,этикалық тәрбие мектебіне айналды. Оның осынау теңдесіз мәдени-идеологиялық қуатын ерте аңғарған елдер осы салаға сұрапыл қаржы құйып, әлемді сериалдарымен-ақ жаулап ала бастады. Қазіргі таңда көгілдір экрандағы тамаша телесериалдар көпшіліктің сұранысына ие. Оның себебі, бұл телесериалдардың барысы адам өміріне етене жақындеп айтсақта болады. Киноөндірістің бұндай бағыты осының арқасында қарқынды даму үстінде.
Басында кино әлемдік ықпал үшін күрестегі теңдесіз мәдени - идеологиялық құрал дедік. Жаңа заманның жойқын рухани қаруы дедік. Бұл ойды тағыда дәлелдеу керек пе?! Ендеше, тағы мысал. Естеріңізде болса, осыдан үш-төрт жыл бұрын әлем экранын Ұлы Александр атты АҚШ түсірген тарихи фильм шарлап өтті. Ол АҚШ Иракқа басып кіргеннен кейін түсірілді. Шығысқа жасаған біздің дәуірге дейінгі Ескендір жорығына бұл фильмде жаңа идеялық сарын берілген. Фильм авторларының ашқан жаңалығы бойынша Ескендір Шығысқа шабуылды ол елдерді басып алу үшін емес, мәдени мешеуліктен құтқару үшін жасаған екен. Сол мешеу Шығысқа мәдениет жарығын тарату үшін жорық бастаған екен. Демек, АҚШ-тың да Иракқа басып кіруі де: Мешеу Шығысқа мәдениет жарығын түсіру үшін керек болған екен ғой! - деген ой келеді көрерменге. Осы арқылы фильм авторлары белгілі бір дәрежеде көздеген мақсаттарына жеткен.
Экран сонысымен қатар жаңа ғасырдың мәдени-идеологиялық майданы. Осыны ерте аңғарған елдер ол майданға қыруар қаржы салды, салып та жатыр және сала береді. Жоғарыда аталған Ұлы Александрға жүздеген миллион қаржы жұмсалған. Өйткені, ендігі жердегі жеңіс: мәдени - идеологиялық майдандағы жеңіс. Кино - шынында да біз үшін өнер ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Оның себебі, ол адам өміріне айтарлықтай әсер етуде. Бұның ықпалынан мәдениеттің бір тармағы дамып жатыр десекте қателеспеген болармыз. Қазіргі таңдағы тамаша дамыған кинолар адамды тіптен таң қалдырып та жатыр. Өйткені оның қанаты кеңге жайылды. Ол қазіргі таңда барлық мәдениетке өзінің ықпалын тигізуде және өзге мәдениеттерден өзіне қажеттерді жетерліктей қамтуда.
Мәдениеттің ең бір өзекті саласы - кино. Кино адам өмірінде ерекше орынға ие. Оның себебі, қазіргі таңда кино адамның өзімен бірге дамуда. Адам өмірге келісімен көгілдір экранды тамашалаумен өзіне қажеттің немесе тиесіліні еш қиындықсыз иеленіп отыр десекте артық болмас. Олай деуімнің мәнісі қазіргі таңда кішкентай сәбилердің өзі көгілдір экрандағы мультфилмдерді, фантастикалық киноларды аса қызығушылықпен қарайды. Олар осылар арқылы тіптен тәрбиеленеді десекте қателеспейміз.
Әрине көгілдір экрандағы кино, телесериал, клип, мултьфилм адам өміріне қажеттілігімен қатар зияны да бар. Қазіргі таңдағы кинолардың жақсы жақтарымен тіркесе жүретін оның теріс жағымсыз жағын айтпасқа болмайды. Батыстың кинолары шарықтау шегіне жетіп, адам өміріне қатты әсер ететін де киноларды аз түсіруде емес. Оны айтар болсақ қазіргі замандағы киноның адам психикасына әсер ететін жақтары басым. Әрине бұл барлығына бірдей әсер етпейді, бірақ бұл ерекше жастарға кеңінен ықпалын тигізеді. Киноны әркім әрқалай қабылдайды және бағалайды. Киноны бәз біреулер жоба, өнер деп бағаласа, үлкен экранға жол тартатын туындының толық құнын ұқпауынан деп ұғамыз. Әйтпесе бүкіл әлем киноны ақпараттық соғыстың, елді мансұқтаудың емес, ұлтты ұлықтаудың құралына айналдырып отыр.
Өмірді өнерге көшіре салу өнер дегенді білдірмейді. Кинопродюсер мен режиссерлер шын талант , ал кино өнер болса кең ауқымды қамтиды. Кино өндірістің батыстық отаны Голливуд болып табылады. Бұған дейін америкадағы ең алғашқы студия 1911 жылы Калифорнияға Нестор жеке меншік фирмасымен құрылған. Бір жылдан соң, Лос - Анджелесте бірнеше студиялар пайда бола бастады. Бұл ағаштан жасалған қойма болды. Онда құрал-жабдықтар, аппаратуралар және қиын емес реквизиттер сақталған. Ол кезде Голливудтың жерлері төмен бағамен бағаланды. Ешкімнің басына он жылдан кейін Голливудтың бір метр жерінің құны үшін 1911 жылғы жер көлемін сатып алу бойынша толықтай бірнеше гектар жер алатындары кімнің ойына келді дейсің?
1914 жылдан бастап Голливудта жақсы студиялар құрыла бастады. Бастамасын Лос - Анжжелестен он километр алшақтағы Сан - Фердинанд аймағынан жер учаскесін сатып алған К.Лемле сол жерде Юниверсал сити кино қаласын салды. Онда түсірілімге қажетті: кең павильондар, жақсы құрал-жабдықтар, ашық түсірілім орындары және тағы басқаларының барлығы болды. Көшедегі үйлер неше түрлі стильдер мен кезеңнің туындыларымен жасалынып тұрғызылған. Өздерінің аң ұстайтын жерлері, телеграфтық және телефондық байланыстар және жеке темір жолдық сымдар да болды. К. Лемленің артынан көптеген бағынышты еместер ерді. Үлкен студияны В. Фокс құрады, одан кейін Мьючуэль фирмасы, оның артынан ИМП және тағыда басқалары. Жаймендеп Голливудта сонымен қатар кинопатенттердің: Байограф, Вайтаграф, Эссеней, Зелинг және тағы басқа компанияларына кіретін фирмалар ашыла бастайды. 1910 жылы Голливуд Лос - Анджелеске енеді. 1911 жылы NESTOR COMPANI фирмасы Голливудтың Сансет бульварының бұрышы мен Гоунер көшесінің қилысында алғашқы киностудиясын ашты. 1920 жылдары Голливудта Метро - Голдинг - Майер, Парамаунд - Пикчерс, Уорнер - Бразерс, Двацаты век Фокс сияқты киностудиялар ашылды. Сонымен, Голливуд американдық киностудияның ортасына айналды. Өсіп жатқан киноөндіріс өзіне тән инфраструктураны талап етіп отырды. Голливудта кинокомпанияның көптеген жұмысшылары үшін үйлер, көптеген банктер, ресторандар, түнгі клубтар, кинотеатрлар тұрғызыла бастады.
Қазіргі таңда кино түсіру қиынға соқпайтын жұмыстың өзіне айналып бара жатқандай көрінеді. Оның себебі, техниканың қарқынды дамуында. Голливуд есімі барша әлемге танымал. Оның туындылары әлемнің барлық жерінде көрсетіледі. Голливудтың үлкен жетістігі - жанрлардың қайта жаңғыруы. Ол дегеніміз М.Линдердің, Ч. Чаплиннің, Б. Китонның, Г. Ллойдтың, ағайынды Макрстың комедияларының , Рудольфо Валентиноның қатысуымен түсірілген мелодрамалардың Д. Фордтың Вестерндарының , Х.Болгарпен түсірілген Қаралар фильмінің, Фред Астермен және Джон Келлимен түсірілген мюзиклдардың, А. Хичкоктың триллерінің және тағы басқаларының әлемге таралуы [ 15, 33б.].
Соңғы кездегі фантастикалық ленталардың ужастардың, боевиктердің және блокбастерлердің - осы жанрлардың барлығы көпшілік көрермендердің арқасында өмір сүреді және қажеттілік бойынша қалыптасады. Американдық кино ол тек ғана Голливудтың үлкен киностудиясы емес, сонымен қатар бағынышты емес кино системаларының дамуы. Бір жағынан бұл аз бюджетті білдірсе, екінші жағынан режиссерлерге аз қысым жасайды. Үлкен кинокомпаниялар біріншіден кинофильмдердің өндірісін коммерциялық қозғалыс үшін ұйымдастырады. Осы себептен фильмге продюсерлердің коммерциялық қызығушылықтарының өзара келіспеушіліктері кейде фильм үшін жақсы аяқталмайды. Кең тараған талап: фильмдік кинопаркатта фильм
тым үлкен деңгейде болмас үшін белгілі бір қойылымдарды алып тастау. Кейде толық (режисерлық) түсірілімдер DVD да бөлек тиражда шығарылады.
АҚШ-тың тәуелсіз киносы әртүрлі болады. Қазіргі замаңғы американдық киноөндірістің көпшілік көрермендерге деген биімділігі атты режисеорлардың авторлық мкіндіктерін шектеді.Система көп кіріс алып келетін фильмнің кереметтілігін (зрелищных) талап етті.Соның әсерінен бірінші планға режисерлар емес, актерлар - жұлдыздар шықты.Ісіне шебер тамаша актерлар адам өмірінде идиал да болып жатыр. Қазіргі таңның аса танымал актерлары: Бред Пит, Анджелина Джоли, Салма Хайк, Сандра Баллак, Том Крузт және тағы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
Кеңес одағы кезіндегі қазақ мәдениеті типтері
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Қазіргі театр өнері
ҚР – ның мәдениет саласының ағымдағы жағдайы
Мәдени саясаттың модельдері
Өнер мамандарын дарлаудағы Республика өнер қайраткерлерінің рөлі
Фольклор және әдебиет
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі
Ұлттық өнер
Пәндер