Огюст Конт - социология ғылымының негізін салушы


Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Тақырыбы: Огюст Конт - социология ғылымының негізін салушы
Орындаған: Балтабай Салтанат 202-топ
Тексерген: Садибеков Бауыржан Есімханұлы
Алматы 2009 жыл
Жоспар
1. О. Конт - социология ғылымының негізін қалаушы.
2. Конттың адамзат дамуын үш кезеңге бөлуі.
3. Жанұя және мемлекет туралы.
4. Қорытынды ''О. Конттың социология ғылымының дамуына қосқан үлестері''.
5. Қолданылған әдебиет тізімі.
1. 19-ғасырдың басында Францияда қоғамдық-саяси қатынастардың дамуы өзінің биік деңгейіне жетті. Әлеуметтанудың осы қолайлы жағдайының О. Конт (1798-1857) туып, өскен ортасына тікелей әсері тиді. Ол Сен-Симонның ғылыми хатшысы болып, алапат революцияның қорқынышты кезеңдерін бастан өткізіпғылыми ізденістер барысында өз ұстазының революциялық теориясына эволюциялық әлеуметтану теориясын қарсы қойды. Осы түсініктерін О. Конт “Позитивтік философияның мазмұндамасында” (1829-1842) баяндап берді. Ол социологияға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми-әлеуметтік білімді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады. Бұл бірліктегі алғашқы орынды Конт жаратылыстану методологиясына, алдымен физика және биологияға береді.
2. Конт бойынша, жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статика және динамика тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам тәртіп және прогресс заңына бағынады. Әлеуметтік статика міндеті - отбасы, адам және ол әрекет ететін өмір сүру жағдайы. Әлеуметтік динамика қоғам дамуындағы қозғаушы күштің не екендігін түсіндіру керек. Конттың баяндауында мұндай күштерге мыналар жатады: экономикалық табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта, сол сияқты көзқарастар, идеялар, ойлау, адам санасы. Әлеуметтік динамиканы Конт ''үш кезең заңы'' атты заңмен сипаттайды, ол қоғамдық және ғылыми сана тарихындағы қозғалысқа ұқсайды. Конт қоғам тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырды: теологиялық, метафизикалық және позитивті. Мұндағы өлшем үстем етуші идеялар болды.
Теологиялық кезең деп Конт діни идеялар үстемдік еткен 17-18-ғасырларға дейінгі қоғам дамуындағы белгілі бір кезеңді атады. Ол кезде идеялық сипаттағы үстемдікеткен негізгі күш - дін болды.
Екінші кезең - метафизикалық кезең. Қоғамда бейнеленген абстракциялар мен метафизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды, Конт оған революциялық теориялар мен материалистік философияны жатқызды.
Үшінші кезең - позитивті кезең. Конт қоғамға тек позитивті ғылым ғана дамитын кезең қажет деп есептеді. Бұл діни және философиялық мәндер жүйесіндегі алыпсатарлыққа тыйым салады. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік етіп, эмпиризм, позитивизм, физикализм принциптері негізіндегі қоғамды зерттейтін социология дамуы керек.
3. О. Конт қоғамды әр түрлі құрылымдық элементтерге бөліп, жанұны, мемлекетті және дінді қоғамдағы органикалық бірлік пен ынтымақты қамтамасыз етудегі маңызды элементтер ретінде ерекше алып бөліп көрсетеді.
О. Конт әлеуметтік құрылымның бастапқы бөлшегі ретінде жанұяны атайды. Жанұядағы кездесетін қатынастар қоғамдағы билейтін қатынастардың табиғи негізі боп табылады. О. Конттың пікірінше, жанұяның басты қызметінің бірі - жас ұрпақты альтруизм рухында тәрбиелеу. Демек, жанұя адамдағы туа біткен эгоистік және өзімшілдік қасиеттерді жоя біледі деп көрсетті.
Мемлекет - Конттың түсінігінше, қоғамдық реттілікті орнатушы, қоғамдық рухты көрсетуші боп табылады. Сондай-ақ, мемлекет қоғамдағы бірлік үшін күресіп, ортақ идеяның бұзылуына жол бермейді. Онсыз қоғамдық прогресс жоқ деген Конт. Таптардың өзара ынтымақтастығы еңбек етуі эволюциялық дамуына жол ашады. Осыны уағыздайтын Конт революцияға да, демократияға да қарсы болды.
4. Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды немесе алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды немесе қоғамды алғаш рет қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін негіздеді. Демек, ол ғылыми жолмен қоғамның ішкі жасырын жақтарын ашуға болатынын дәлелдеген. Ол оны алғашында әлеуметтік физика, кейін социология деп атады. Екіншіден, социологияны түрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделген ерекше ғылым ретінде алды. Үшіншіден, эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Төртіншіден, тарихи дамудың заңдылық сипатын, әлеуметтік құрылымның жалпы контурын және ондағы кейбір институттардың өзіндік ерекшеліктері мен маңызын көрсетті. Бесіншіден, өзінің позитивтік социологиясын екі концепцияға бөлді.
Әдебиеттер:
1) Әлеуметтану негіздері, авт. : Ш. Қ. Қарабаев, Алматы 2007
2) Социология лекциялар курсы, редакциясын басқарған: Ә. Х. Тұрғынбаев, Алматы 2001
3) Социология, авт. : Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Булатова, З. Н. Исмағамбетова, Алматы 2005
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz