Агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӨТУІ

1. 1. Жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары . . .

1. 2. Жекешелендірудің негізгі кезеңдері мен жүргізілген экономикалық реформалардың мәні

ІІ ТАРАУ. ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . .

2. 1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен оны қолдаудағы мемлекеттің рөлі . . .

2. 2. Ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы мен оның отандық кәсіпкерлікке қоскан үлесі . . .

2. 3. Нарықтық экономикада отандық агробизнестің алатын орны . . .

ІІI ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕРМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ . . .

3. 1. Қазақстан Республикасының посткеңестік елдермен экономикалық байланысы . . .

3. 2. Қазақстан Республикасының алыс шетелдермен экономикалық байланысы . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

І тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының нарықтық

қатынастарға өтуі

1. 1. Жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары

Еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап экономикалық жағдайды реттеуге баса назар аударған болатын. Экономикалық даму нарықтық қатынастарға өткен кезде ғана жоғары нәтиже бередідеген ниетпен мемлекеттің экономикалық жүйесін толығымен нарықтық жүйеге бағыттады. Қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшаралардың таралуына байланысты жұмыссыздық көбейді. Жастар жұмыс іздеп қалаға шұбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен ұрлық-қарлықпен шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын толықтырды.

Негізінен алғанда Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-ші бесжылдықта (1986-1990 жж. ) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді [3, 162 б. ] .

Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы ондірістің тимділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалады. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейілінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті [2, 47 б. ]

Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады. Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г. Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.

Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары - акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.

Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7, 2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек өнімділігі 5, 4%-ке төмендеді. Тұтыну, сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы «көлеңкелі» экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4, 5 есе өсіп 8, 7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7, 8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәспорындар мен ұжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды [6, 19 б. ] .

Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1, 5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небәрі 3, 2 миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жинаған астықтың тек 27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.

Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1, 4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60% қара және түсті еталлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады [6, 23 б. ] . есесіне республика басқа жерлерден бұрынғша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикзатты алдырды.

Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ашқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады [2, 89 б. ]

90-шы жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығынмен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және т. б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді [35, 267 б. ] .

Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты саласы - мал шаруашылығы едәуір төмендеді. малдың саны азайып кетті. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелендіру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9, 8 млн. Бас ірі қара болса, 2002 жылы 4, 4 млн. Бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35, 7 млн. бастан, 10, 4 млн. басқа дейін, жылқы 1, 6 млн. бастан 1, 0 млн. басқа дейін азайып кетті.

2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000-2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%-ке, құс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%-тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған [90, 11 б. ] .

Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4, 3 миллиард теңге, 1997 жылы 5, 3 млрд. Теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауылшаруашылығына жұмсалды. Тек 1996 жылы егін және 100 мақта жинайтын шетелдік комбайындар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды. 1999 жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жұмсалды.

Ауыл шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Жаңа кезең - жаңа экономика» атты лекциясында атап көрсеткендей «рынокқа берік бағдарланған фермерлер тобы пайда болды» (Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж. ) . ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалардың нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік құрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауыл шаруашылыамяғы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай ұзартылды.

Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды тұлға бизнеспен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. «Астық үшін айқас» кезеңдері ұмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пұттан астам дәнді дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жұмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жұмсап-ақ жинап қамбаға құйып алатын болдық.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 202 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік-аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003-2005 жылдарды қамтыды, бұл жылдары ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар ауыл жылдары деп жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд, теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын және оған байланысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мысалы, 2003 жылы 40 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 50 млрд., 2005 жылы 55 млрд. теңге бөлінді [63, 12-13 бб. ] .

Кейінгі жылдары қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті [42, 9 б. ] .

Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен үн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты.

Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті тұрып жатыр.

Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі - адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс-тіршілігіжөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.

1. 2. Жекешелендірудің негізгі кезеңдері мен жүргізілген экономикалық реформалардың мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Жекешелендірудің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен эволюциясы
Жекешелендiру туралы заңдар
Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Жолдауда көзделген мақсат Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz