Сақтандыру резервтерін құрудың әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-тарау САҚТАНДЫРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
0.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2. Сақтандырудың түрлері. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.Міндетті әлеуметтік сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2-тарау САҚТАНДЫРУ РЕЗЕРВТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
0.1 Сақтандыру резрвтері және олардың мәні ... ... ... ... ...
2.2Сақтандыру резервтерін құрудың әдістері ... ... ... ... ...
2.3Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйыдарының сақтандыру резервтеріне қойылатын талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3-тарау САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ: ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығы
3.2 Сақтандыру жүйесінің мәселелері

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Марк Твен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған ... өлуге жол бермейді деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та, шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.
Cақтандыру түп-тамырлы ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. III-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақтандыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты Акт деп аталды. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда операциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.
1584 жылы сақтандыру полисінд үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған. 18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық айрықша саласын бейнелейтін көне категорилардың бірі. Сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалы және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттар әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар қолданылады, олар:бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы саналуы, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорларындағы нысанда жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшілігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол- табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтақ қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымда - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өзкезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық нарығында пайдалырақ шартттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілгендігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша саласы.

1- тарау САҚТАНДЫРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыған. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған Достық қоғамы болатын. Ресейде XVIII ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылды. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей зкономикасына зиянын тигізді. 1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді. Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құнының 75%көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1,5% құрады. 1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы Саламандра акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқығына ие болды. 1835жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып Өмір жеке акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды. 1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға жейін жұмыс істеді. 1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы Ресейде шетелдік сақтандыу қоғамдарына қызмет жасауға тыйым салынып тасталды. Шетел капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24 % жетті. Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды. 1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлігі сақтандырылды ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды. 1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. сомның мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі- 65%; жергілікті қоғамдардыкі - 15%; өзара қалалық қоғамдардыкі - 8% болды.Орыс акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. сақтық төлемдерді жинаса, шетелдіктер - 12 млн. сом, өзара қоғамдар - 14 млн. сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне айналды. Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.

Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды.
Олар:
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру - заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді. Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.
Міндетті сақтандыру:
oo Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
oo Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;
Ерікті сақтандыру - міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды. Ерікті сақтандырудың инициаторы болып, шаруашылық субъектілері мен жеке және заңды тұлғалар табылады. Ерікті сақтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.
Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:
1. Мүлікті сақтандыру.
2. Жеке басты сақтандыру.
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялыұ және эмпирикалық тәсілдеріне дың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтпуға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады. Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегіөзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларды және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешіліктерді көрсету түрін бейнелейді.Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады.
Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемлекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады. Мемлекеттік сақтандыру - сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің шеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады. Акционерлік сақтандыру - сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қаңаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларының жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді. Өзара сақтандыру - қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.
Сақтандырудың жіктемесі
Нарықтық экономиканың қалыптасуы сатысында объектілерінің сипаттамасына қарап сақтандырудың негізгі 4 саласын ажыратады:
oo мүліктік сақтандыру;
oo жеке сақтандыру;
oo жауапкершілікті сақтандыру;
oo экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру;
Мұндай жіктеу сақтандыруға жататын объектісіне адамның өмірі, денсаулығы, еңбекке қабілетті адам жататын сала Жеке сақтандыру өмірді сақтандыру, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып бөлінеді және қауіп қатер, сақтандыру полисі арқылы қарыз беру туралы жағдайларын қамтиды.
Мүлікті сақтандыру - құқтық қатынас объектісі ретінде әртүрлі мүлік болатын сақтандыру саласына жатады. Оның экономикалық міндеті - сақтандырылған жағдай туғанда болған шығынның орнын толтыру. Сақтандырушының меншігіне жататын мүлікпен қоса, оның иесіне мен оның сақтандырылуына жауап беретін басқа да жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Жауапкершілікті сақтандырудың объектісі орнында сақтандырушының белгілі бір іс-әрекеті салдарынан зиян шегуі мүмкін үшінші (жеке және заңды) тұлғалар алдындағы жауапкершілік тұрады. Сақтандыру қызметін бағалауының жалпы міндеттерін шешкенімен, сақтандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін азаматтардың, азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың нақты сақтық мүдделерін ажырата алмайды. Осы нақты мүдделерді ажырату үшін сақтандыру түрлері мен сала бөлімдері айқындалады. Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың әлеуметтік топтары мен меншік түрлеріне қарай сала бөлімдеріне бөлінеді. Осы белгісі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін ажыратады:
oo мемлекеттік;
oo жеке;
oo жалға берілетін;
oo жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері.

Жауапкершілікті сақтандыруда мынадай сала бөлімдері ажыратылады:
oo қарызды сақтандыру;
oo азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.
Экономикалық кауіп-қатерден сақтандыру 2 салаға бөлінеді: тура және қосымша зияндардан төленетін қатерді сақтандыру. Тура зияндарға пайданы толық ала алмау, қондырғының тұрып қалуынан болғаншығындарға байқамай жіберілген пайда, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауы және т.б. жатады.

Сақтандыру ісі - бұл маңызды экономикалық институттардың бірі. Сақтандыру саласы халықтың негізгі фундаменталды қажеттілігі - кауіпсіздік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, алайда нарықтық экономикада сақтандыру ролінің коп дәрежеде заңды және жеке тұлғалардың жинақтамаларын орталықтандырады.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыауға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қолары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін коғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді жаңа кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
oo әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
oo сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
oo сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының - сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
oo халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық ұадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
oo сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
oo осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
oo сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау Сақтық қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп 0,7 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 34 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 - шетелдіктердің қатысуымен және екуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлердің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар.
Сақтандыру - сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі.Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру,кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіп орындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілерімен заттарының кең шеңберін сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру агенті - берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымдарының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру делдалы - өзінің қызметін сақтандырылушылармен және сақтандырушылармен келісім негізінде жүзеге асыратын тәуелсіз делдал. Заңды тұлға да, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғада сақтандыру делдалы бола алады. Олардың, әдетте, арнаулы экономикалық және заңды білімі болуға тиіс, кәсіпқойлық жарамдылық жөнінде ақыл-кеңес беру, түсіндіру және жарнамалық жұмысты жүргізу; сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру полистері мен басқа да құжаттарды рәсімдеу; сақтандыру жағдайы басталғанда мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша залалдарды реттеу; келісімдегі тиісті жағдайлар болғанда шарттар бойынша сақтандыру жарналарын алу, т.б
Сақтандыру жағдайы- сақтандыру шартының талаптарында қарастырылған оқиғаның болуы.
Сақтандыру жарнасы- сақтанушы немесе оның атынан сақтандыру үшін сақтандырушыға төлеуге міндетті төлем. Оның мөлшері ерікті сақтандыру бойынша тараптардың келісімімен, ал міндетті сақтандыру бойынша заңдармен айқындалады. Сақтандыру жарнасына салық салынбайды.
Сақтандыру компаниясы - азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру куәлігі- сақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру полисі берілгенге дейін беретін сақтандыру құжаты. Кейде ол сақтандыру полисін толық алмастырады.
Сақтандыру қоры- дүлей апаттар мен басқа да төтенше оқиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры. Қоғамның сақтық қорларының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті, мемлекеттік сақтандыру қорлары, кооперативтік, акционерлік, және басқа қорлар, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру қорлары ерекше сақтандыру коры тіркелген сақтандыру өтемі мен сақтандыру сомасын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Сақтандыру құны- азаматтардың мүлкі, өмірі, денсаулығы сақтандырылған ақшалай қаражаттың мөлщері. Мүліктік сақтандыру бойынша оның сомасы сақтандырылған мүліктің нақты құнынан, ал әлеуметтік сақтандыру бойынша белгіленген зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасының мөлшері сақтанушының тілегімен айқындалады.
Сақтандыру қызметі- сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты қызметі; ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру өтемі- сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы себепті сақтанушыға төлейтін ақшалай өтем.
Сақтандыру полисі- сақтандыру қоғамы сақтандырылған адамға немесе мекемеге беретін, сақтандыру туралы жасасылған шарттың талаптары баяндалған куәлік.
Сақтандыру пулы- белгілі бір түрдегі қауып-қатерді бірлесіп сақтандыруға негізделген сақтандыру компанияларының бірлестігі. Сақтандыру пулының әрбір мүшесі пулға сақтандырылған қауып-қатер құжаттарын береді, пул жинаған сыйлық қорының(сақтандыру жарналарының) белгілі бір үлесін алады, нақ сол үлестегі жауапкершілікті мойнына алады және залалды өтейді.
Сақтандыру резервтері- сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымның актуалдық есеп айырусылар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері.
Сақтандыру нарығы- сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерді сақтандыру компаниялары көрсетеді.
Сақтандыру нарығының кәсіптік қатысушылары- өзінің қызметіті уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру делдалы, актуарий және уәкілетті аудитор.
Сақтандыру сертификаты- сақтандырушы сақтанушыға бас полистің күші жүретін жекелеген жүктің сақтандырылғанын растау ретінде беретін құжат.
Сақтандыру сомасы- сақтандыру обьектісі сақтандырылған және сақтандыратын жағдай туғанда сактандырушы жауапкершілігінің шекті ауқымын білдіретін ақша қаражатының сомасы.
Сақтандыру сыйлықақысы- сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру үшін төлейтін сақтандыру жарнасы, ақшалай сома.
Сақтандыру тәуекелдігі- ықтимал қауып-қатер мен кездейсоқтық; олардың ықтимал басталуы себепті сақтандырушының сақтанушыға келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемені мойнына алуы.
Сақтандыру ұйымы- ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру шарты- сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.
Сақтандырушы- сақтандыруды жүзеге асыратын, сақтанушыға шартта уағдаласылған сақтандыру жағдайы басталғанда келтірілген зиянды өтеуге немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенген мамандандырылған ұйым(мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, аралас ұйым).
Сақтанушы, сақтандырылушы- сақтандыру жарналарын төлейтін және сақтандырушымен(сақтандырушы компаниясымен) нақты сақтандыру қатынастарына түсетін заңды немесе жеке тұлға.
Сақтану шығыны- тауарды(өнімді, бұйымды) сатып алушыға (тұтынушыға) жөнелткенге дейін қоймаларға, басқа да сақтау орындарына орналастыруды қоса алғанда оны сақтаумен байланысты шығын.
Сақтық капиталы- акционерлік қоғамдағы арнаулы ақшалай қор; ықтимал залалды жабу мақсатымен және облигацияларды өтеу және есептеі кезеңде табысты кем алған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді төлеу үшін құрылады. Сақтық қордық шамасын акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді, бірақ жарғы капиталы шамасының 12%-нан кем болмауға тиіс. Қор акционерлік қоғамның таза табысы есебінен құралады.
Сақтық қоры- тосын жағдайдан пайда болатын шығындарды жабу, залалдың орнын толтыру, уақытша қиындықтарды жою, қандайда бір төтенше оқиғалар болған жағдайда қалыпты қызметті қалпына келтіру үшін ақшалай және заттай нысанда жасалатын, босалқы қаражат қоры. Бұл оқиғалар жағымсыз факторлардың - табиғат апаттарының, ереуілдердің салдарынан болуы немесе жағымды жәйттерге - ғылыми ашылымдарға, пайдалы қазбалардың мол кеніші табылуына байланысты болуы мүмкін. Сақтандыру мемлекеттің инвестициялық потенциалын жоғарылатады, ұлттың материалдық жағдайының өсуіне ықпал етеді, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыздандырудың мәселелерін шешуде үлкен рол атқарады. Сақтандыру екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVII ғасырдын ортасында-ақ мүліктер мен жеке бастарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгерген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды. Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру заманында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы делдалдар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингтік фирмалар және т.б) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайылығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру қызметі ұлттық экономиканың маңызды саласы және тәуеклден қаржылық қорғау институты ретінде әрдайым дамып келеді. Зерттеу тақырыбын таңдап алу осымен байланысты.
1 Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік мәселелерінің негіздері:
- экономиканың қорғаушы саласы ретінде сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, мәні зерттеліне отырып, оның қазіргі заманғы Қазақстан экономикасындағы рөлі мен артықшылықтары, белгілері, үрдісі зерделінеді; экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің жүйелік ұғымдары мен өзара байланыстары, атқаратын қызметі зерттелініп, жалпы құрылымдық негіздері жіктелінді; сақтандыру саласындағы әртүрлі ғалымдардың ойлары зерделінеді.
Рыноктық экономика жағдайында тәуекелдікті тиімді басқарудың негізі әдісі сақтандыру қызметі болып табылады.
Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді.
Сақтандыру қызметі- бұл қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың уақытшы бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, тұлға тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру сыйақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру - сақтанушы мен сақтанушы арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни мүліктің бір бөлігі сақтандыру (ақшалай немесе наиуралды үлгіде) бір субьектіден екінші субьектіге сақтандыру төлемі түрінде сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі.
Сақтандыру және оның қоғамдық экономикалық қатынастардағы жүйесі ұлттық табысты қайта бөлу (айырбастау) сатысынан итеріле отырып, төрт сатыдан тұратын өзіндік ұдайы өндіріс қызметін жүзеге асырады.(сурет 1)

Өндіріс
Тарату(қайта бөлу)
Айырбастау
Тұтыну, қолдану

Өндіріс факторлары иелерінің арасында брутто-табысты өндіру мен тарату олардың бір бөлігін сақтандыру қорына салудың потенциалды мүмкіндігін береді
Өндіріс факторлары иелерінің нетто-табыстарының бөлігін сақтандыру жарнасына(сыйлықақы) айналдыру, ол өз кезегінде келесі сатылардан тұратын нақты сақтандыру үдерісінің бастамасы болады:

I саты - сақтандырушылармен сақтандыру жарналарын құру және сақтандыру өнімін сату нәтижесінде сақтандыру төлемдерін өндіру үшін олардан сақтандыру қорын құру.

II саты - сақтандыру топтары, сынаптары, түрлері және басқа бағыттары бойынша сақтандыру қорларын құру және тарату.

III саты- сақтандыру шарттары бойынша ( сақтандыру қорларын бағыты бойынша жұмсау) сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін өтеу.

IV саты- сақтанушылардың өтелінген сақтандыру төлемдерін жоғалтқан немесе бүлінген нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.

Сурет 1 - Сақтандырудағы экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі сатылары. Қоғамдағы ұдайы өндіріс сатылары

Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің бірінші сатысы азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып ала отырып, нетто - табыстан сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұл сақтандыру қызметін сатып алу сату сатысы дейді.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы - сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтанушылар біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша, мемлекеттік нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын құру және орналастыру ережесіне сәйкес) сай тартады.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы - сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қодануымен байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етумен байланысты.
Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз сақтандыру қызметі терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып табылады. Екіншіден, сақтандыру қызметі - қоғамдық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлшегі болады. Үшіншіден, сақтандыру қызметі - бизнес түрі болып табылады.
Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жүйесі әрекет етуші заңдарға сүйенеді, оған жалпы құқықтық актілер, арнайы сақтандыру заңнамалары және ведомстволық нормативтік құжаттар кіреді.
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің дамуын және экономиканың сақтандыру секторын әсерлі бақылауды қамтамасыз етеді
Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандыру қызметі саласын реттейтін тиімді құрал сақтандыру заңы бар. Алайда, экономиканың бұл саласы халықаралық стандарттар мен қағидаларды қолдана отырып, табысты жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда, отандық сақтандыру заңнамаларын тиімді, тұрақты сақтандыру қызметін дамытуға көмек көрсету әрекеттері мен қолдауға, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің қадағалау органдарымен келешектегі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажет.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында компанияның тіуекелдерін анықтауға мүмкіндік беретін реттеу механизмдері мен жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет.
Шетелдерде сақтандыру институты әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі құрамдасы ретінде өте жақсы дамыған, ал біздің елдегі осы саланың жағдайы қарқынды дамытуды талап етеді.
Осыған орай сақтандыру жүйесін қарқынды дамытудың жолы сақтандырушылар мен сақтандыру ұйымдарының салық салу жүйесін жетілдіру болып табылады.
Сақтандыру компанияларының қызметі белгісіздікке негізделетінін назарға ала отырып, сақтандыру компаниясына оның ағымдағы және күтілетін болашақ қаржылық жағдайын көрсететін мүмкін болатын жағдайларды ескеру керек. Осыған орай бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тәуекелділікті басқару жүйесін құру міселесі өзекті болып табылады.
Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы:
- сақтандыру қызметін жетілдіру мен оны ары қарай дамыту перспективасына байланысты нұсқаулар жүйесі айқындалады.
Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған орай оның даму стратегиясы республиканың жалпыэкономикалық дамуының стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста болуы шарт. Сақтандыру жүйесін реттеуді ұйымдастырудың жетілдірілмегендігі осы сектор дамуының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерінің жоқтығы- осы аталғандар сақтандыру қызметін дамту қиыншылықтарының көзі болып табылады.
2006 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (негізгі бөлім) және Қазақстан Республикасының келесі Заңдарына: Сақтандыру қызметі туралы, Көлік құралдарының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы қабылданды. Көрсетілген заңдарды қабылдау сақтандыру қызметі субьектілерінің іс-әрекетін реттеу және қадағалау бойынша талаптарды ЕО нормаларына сәйкес жасауға мүмкіндік берді.
Осыған орай, ұлттық сақтандыру қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және субьективті түрде келесі талаптар ескерілуі тиіс болады:
oo сақтандыру қызметі дамуының ұйымдық тұжырымдамасын әзірлеу;
oo бағалаудың сапалық және сандық өлшемдерінің жүйесін анықтау және дамыту бағыттарын таңдау мен негіздеу;
oo Қазақстан - 2030 елдің ұзақмерзімді стратегиясы дамуының негізгі сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметі рыногының даму стратегияларын, олардың мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;
oo Ұлттық және халықаралық рыноктағы өз орнын нығайту және бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру жүйесі дамуының стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын стратегиялық маңызды бағыттар мен салаларға бағыттай отырып әзірлеу;
oo Әлемдік стандарттрға сай келетін сақтандыру қызметінің даму процестерін реттеу механизмдері жүйесін жасау.
Осы талаптарға сәйкес үш түрлі балама болжамды нұсқауларды қарастырып кетуге болады: пессимистік, реалистік және оптимистік.
Пессимистік нұсқада сақтандыру қызметінің дамуын басқару жүйесі құрылымдықөзгеріске ұшырамайды деген пікірді қарастырады. Кейінгі алты жыл ішінде қолданылып келген сақтандыру қызметін реттеу құралдарын қолдануды жалғастыру саладағы тоқырауға әкеліп, дағдарысқа ұшыратады.
Осы нұсқаны жүзеге асыру әлеуметтік - экономикалық даму факторлары мен жағдайларының әсеріне ұшырауға әкеледі. Макроэкономикалық тұрақсыздық сақтандыру қызметінің дұрыс емес дамуына әкеп соқтырады. Ал, бұл өз кезегінде рыноктың даму қарқынының төмендеуіне, даму жағдайларының нашарлауына және сақтандыру қызметінің құрылуы мен қызмет етуіне әлуетті үлкен қателер әсерінің жоғарылауна әкеледі. Осы кезде біздің республикамыз тәжірибе жүзінде сақтық қызмет көрсетулерді толығымен шетелден әкеледі. Нәтижесінде капиталдың мемлекеттен кетуі жүреді. Осы нұсқаның кейбір жағдайларының болу ықтималдығын естен шығармаған дұрыс.
Екінші нұсқа, реалисттік көрініс, отандық сақтандыру қызметірыногында қалыптасқан үрдісті толығымен көрсетеді. Осы тәсіл сақтандыру саласының дамудың ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламасы аясындағы саланы басқару және ұйымдастырудың жоғары деңгейіне сатылып өтуін қарастыра.
1 кезең - тұрақтандыру кезеңі (2004-2010 жж.)

1 ке ке
Мақсаты: сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін нығайту(сақтандыру қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес) болып табылады.
Мазмұны:
oo ЕО директивасы мен IAIS стандартына сәйкес Қазақстанның сақтандыру заңнамасын үйлестіру;
oo Республикадағы сақтандыру статистикасы дамуының құқықтық қамтамасыз етілуін құру;
oo Сақтандыру қызметінің міндетті түрінің тізбесін оңтайландыру;
oo 2008-2009 жылдарға білікті кадрлар дайындау мүмкіншілігінің пайда болуы (сюрвейерлер, диспаншерлер, сақтандыру брокерлері) ;
oo Өмірді сақтандырудың дамуын салықтық ынталандыру арқылы құқықтық базаны құру.
2 кезең - тұрақта өсу кезеңі (2010-2020 жж.)


Мақсаты: әлемдік сақтандыру индустриясында отандық сақтандыру қызметі нарығын жайғастыру, қалыптасқан даму деңгейін ұстап қалу мен әрі қарай дамыту болып табылады.
Мазмұны:
oo Таяу шетел нарығында отандық сақтандырушылардың экспансия жүргізуіне әрекет ету;
oo Өмірді сақтандыру бойынша кем дегенде тағы бір компанияныңпайда болуы және 2010-2012 жылдары осы сақтандыру қызметін көрсетудің жалпы көлемінде 4-5%-ға үлесін көбейту ағымдағы қарқынмен);
oo Сақтандырушыдардың инвестициялық мүмкіншіліктерін кеңейту, қаржы институттары арасында ресурстарға бәсекелестік күресті шиеленістіру;
oo Ішкі сақтандыру статистикасын кең қолдану, сақтандыру статистикасының көрсеткіштерін жинау мен өңдеу бойынша институттардың әрекет етуі;
oo Мемлекет ішінде қайта сақтандыру қызметін дамыту үшін шарттар құру.

3 кезең - бәсекеге қабілетті нарығы (2020-2030 жж.)

Мақсаты: сақтандыру қызметі ішкі инвестиция көзі ретінде шаруашылық субьектілер мен азаматтардың сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ете отырып, толық мөлшерде барлық қызметтерді атқаруы болып табылады.
Мазмұны:
oo Әлемдік нарықта толық бірлесуге қол жеткізу және әлемдік сақтандыру қызметі нарығында бәсекеге қабілетті сақтандырушылардың пайда болуы;
oo ЖІӨ - де сақтандырушылардың активитерінің үлесін 5-6% - ға жеткізу;
oo Сақтандыру түсімдерінің жалпы көлеміндегі ерікті сақтандыру бойынша алым үлесін көбейту;
oo Өмірді сақтандыру бойынша, соның ішінде жинақтаушы түрлері бойынша қызмет көрсетуге сұранысты өсіру;
oo Капиталды орталықтандыру мен шоғырландыру үрдісін сақтау;
oo Жалпы сақтандыру компанияларының қызметін 80%- ға дейін бақылайтын ерекше ірі сақтандыру компаниялар тобын құру.

Сурет 4- 2030 жылға дейінгі Қазақстанның сақтандыру қызметі нарығының дамуы (реалистік болжам бойынша)
Сақтандыру қызметінің дамуын тежейтін келеңсіз факторларды бірден атап өту мүмкін емес, сондықтан мақсатты мехнизмдерін қолдануға біртіндеп көшу кейінгі қайта құруға жағымды жағдай туғызады. Соңғы 5 жыл ішіндегі экономиканың даму қарқынын сақтай отырып, тұрақтылықты көтере отырып, келеңсіз сыртқы факторлардың әсеріне шалдығу әсерлерін төмендете отырып, осы көріністі оптимистік үлгіде сипаттауға болады.

1 кезең - ұйыдық құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін)

Сақтандырудың қорғаныс және инвестициялық қызметтерін ынталандыру
oo Қолайлы әлеуметтік экономикалық ортаны құру;
oo Сақтанушылардың нарығын қалыптастыру;
oo Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру;
oo Сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;
oo Сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;
oo Сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

2 кезең - инвистициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)
Инновацилық және инвистициялық қызметтерді жетілдіру:
oo Сақтандырушылардың инвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;
oo Инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;
oo Сақтандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;
oo Таяу шет ел нарығында ұлттық сақтандырушылардың өтемпаздығы;
oo Заңнамаларды жетілдіру;
oo Сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту;

3 кезең - дамыған сақтандыру қызмет нарығы (2030 жылға дейін)

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
oo Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейілі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сақтандыру компанияларының белсенді ролі жағдайында)
oo ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;
oo Ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;
oo Таяу шет ел нарықтарында инвестициялық өктемпаздықты жүргізу.

Сурет 5 - 2030 жылға дейінгі Қазақстанның сақтандыру қызметі нарығының дамуы (оптимистік болжам бойынша)

Осы нұсқадағы мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін, мехагизмдерді өз елімідздегі сақтандыру қызметін басқару тәжірибесіне енгізу үшін қолайлы жағдай туғызу қажет. Бұл жағдайларға мыналар кіреді:
oo сақтандыру компанияларының автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу;
oo жоғары білікті мамандар дайындау және оларды қайта дайындаудан өткізу үшін өте мықты білім беру базасын құру (сақтандыру компанияның менеджері агенттер, брокерлер, актуарийлер, сэджастерлер, т.б) ;
oo сақтандыру қызметін дамытудың жаңа қағидаларына көшу, стратегиялық мақсаттардың ішінде қысқа мерзімді мақсаттардың басымдылығынан кету.
Жоғарыда көрсетілген отандық сақтандыру қызметі дамуының үш түрлі үлгісінде келесі фактіні: Қазақстанның БСҰ-на кіруінің жоғары бәсекелестік жағдайында қазақстандық сақтандыру компанияларының дамуын ескеру қажет.
Қазақстанның сақтандыру қызметі келесі бағыттарға сәйкес дамуыкерек, олар:
- Біріншіден, Қазақстанның сақтандыру жүйесі тарихи тұрғыдан алғанда дамыған индустриялды елдермен салыстырғанда кейінірек қалыптасты. Әсіресе бұл алшақтық 1918-1988 жылдардағы мемлекеттік сақтандыру монополиясы кезеңінде ұлғая түсті.Ал бүгін біз осы артта қалушылықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасап отырмыз, бұл қадамдар еліміздің ішінде болып жатқан отандық сақтандыру қызметі нарығындағы келеңсіз үдеріс арқылы тежелініп отыр.
- Екіншіден, қазіргі кезеңде сақтандыру қызметі қай елде болмасын оқшау өмір сүре алмайды, ол үшін қайта сақтандыру арнасы арқылы тәуекелді халықаралық қайта бөлуге қатысу керек. Қазақстан өзінің тарихи және географиялық ерекшеліктерінің арқасында кен өндіру саласында үлкен тәуекелдерге ие болды. Бұл балама қайта сақтандыруды қажет етеді және сол үшін де Қазақстан күннен күнге тәуекелдерді қайта бөлудің дүниежүзілікүдерістеріне қатысуға мәжбүр.
- Үшіншіден, қазіргі таңда сақтандыру қызметіне дамыған филиалдары бар, еншілес компаниялар мен әлем елдерінде өкілеттігі бар көптеген халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қатысады. Дәл осы ұйымдар бүгінгі сақтандыру қызметі нарығының таңдаулы көшбасшысы болып отыр.
Қазақстанның БСҰ-на кіргелі тұрған шағында шетелдік компаниялардың қазақстандық сақтандыру қызметі нарығына енуіу жағдайында отандық сақтандырушылар мен шетелдік тәжірибесін қолдану өте қажет.

- Төртіншіден, қазіргі кезеңде нарықтық экономиканың жаһандану үдерістерінің салдарынан мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің шегінен тыс шығып кетеді. Көп жағдайда реттеу қызметі мемлекетаралық деңгейге ауыстырылады. Сақтандыру қызметінің халықаралық нарығына кіру кезеңінде еліміз сақтандыру ісіе және оны реттеудің халықаралық стандарттарын енгізудің қажеттілігін езініп отыр.
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру iсiнiң дамуы
Жалпы ережелер
Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары
Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдары
Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшеліктері
Қаржы мәні және қызметтері
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны жайлы
Қаржы және қаржы жүйесі
Пәндер