Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары


Жоспар
Тақырып: Сын есімнен жасалған синонимдік қатарлардың өзара стильдік, мағыналық айырмашылықтары
І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1. Сын есімнен жасалған синонимдердің бір-бірінен мағыналық айырмашылықтары
1. 1. Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
1. 2. Әдеби тілде ұшыраспайтын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
2. Сын есімнен жасалған сөздердің бір-бірінен стильдік - қолданыстық айырмашылықтары
2. 1. Синонимдік қатарлардың бір-бірінен стильдік айырмашылықтары (жеке айтқанда білінетін айырмашылығы)
2. 2. Синонимдік қатарлардың бір-бірінен қолданыстық айырмашылықтары
ІІІ Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тұлғасы басқаша болғанмен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті синонимдер деп атаймыз. Тілдегі синонимдер сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып отыруымен де ерекшеленеді.
Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталды. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге байланысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты монографиясы (1970 ж. ) қазақ тіл біліміндегі іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды. Оның құрастыруымен «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» 1962 жылы тұңғыш рет жарық көрді. Бұл сөздік 1975 жылы екінші рет басылып шықты.
Жұмыстың өзектілігі
Бұрын соңды сын есімнен жасалған синонимдік қатарлардың өзара стильдік, мағыналық айырмашылықтары туралы түбегейлі зерттеу жүргізілген емес.
Сын есімнен жасалған синонимдік қатарлардың өзара стильдік, мағыналық айырмашылықтарын анықтау жұмыстың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсаты
1. Әдеби тілде ұшырасатын сын есім синонимдік қатарлардың өзара мағыналық реңктерін ашу;
2. Әдеби тілде ұшыраспайтын синонимдік қатарлардың мағыналық реңктерін ашу және әдеби тілдегі сын есімдік синонимдік қатарлардан айырмашылықтарын көрсету;
3. Сын есімнен жасалған сөздердің бір-бірінен стильдік айырмашылықтарын, яғни жеке айтқанда білінетін айырмашылықтарын атап өту;
4. Сын есімнен жасалған синонимдік қатарлардың бір-бірінен қолданыстық айырмашылықтарын көрсету.
Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді қоямыз:
1. Қазақ тіліндегі сын есім синонимдеріне байланысты еңбектерімен түгелдей танысу.
2. Қазақ тіліндегі сын есім синонимдік қатарларының стильдік-қолданыстық айырмашылықтарын ашу
3. Қазақ тілінде жиі қолданылатын сын есімнен жасалған синонимдік қатарларды жинақтау.
4. Жұмысымыз дәлелді болу үшін көркем әдебиеттен алынған мысалдарды келтіру.
5. Қазақ тіліндегі зат есім синонимдік қатарларының мағыналық-стильдік айырмашылықтарына жеке-жеке тоқталу.
6. Жоғарыдағы міндеттерді орындай отырып қазақ тіліндегі сын есімнен жасалған синонимдік қатарлардың өзара стильдік, мағыналық айырмашылықтарын анықтауға тырысамыз.
Зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі сын есімнен жасалған синонимдік қатарлар.
Пайдаланған әдіс: Салыстырмалы әдіс
Дипломның құрылымы
Диплом жұмысы екі тарау, төрт тараушадан тұрады.
I тарау. Сын есімнен жасалған синонимдердің бір-бірінен мағыналық айырмашылықтары.
1. 1. Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары.
1. 2 Әдеби тілде ұшыраспайтын сөздердің мағыналық айырмашылықтары.
ІІ тарау. Сын есімнен жасалған сөздердің бір-бірінен стильдік-қолданыстық айырмашылықтары.
2. 1. Синонимдік қатарлардың бір-бірінен стильдік айырмашылықтары (жеке айтқанда білінетін айырмашылықтары) .
2. 2 Синонимдік қатарлардың бір-бірінен қолданыстық айырмашылықтары.
І Сын есімнен жасалған синонимдердің бір-бірінен мағыналық айырмашылықтары
Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспресивті-эмоцияналды бояуы оны орнымен қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан байқалады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бар халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика-семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады. Соған орай синоним сөздер сөз байлығының құнарлы бір саласы болуымен қатар, әр халықтың ұлттық таным-түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақты көрсете алса ғана мәнерлік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма-сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы - тілдегі синонимдерді қисынын келтіріп, реңкін айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде.
Тілдің табиғатын айқын сезініп, синонимдерді таңдап, италғап пайдаланып, сөйлем ішінде дұрыс қолданудың күнделікті қарым қатынаста айырықша маңызы бар. Лексиконы синонимге бай адам сөз мағыналарының нәзік реңктерін дөп басып, қолдану шеберлігінің арқасында шешен сөйлеп, ойын анық та тартымды жеткізе біледі. Демек, синонимдер - тіл байлығы дегенде біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, олардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз.
Филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың 1970 жылы шыққан «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты монографиялық еңбегінде қазақ тіліндегі синонимдік қатардың бәрінен гөрі етістікте, сондай-ақ зат есім мен сын есімде көбірек кездесетінін атап көрсетті1. Автор сөздіктің алғы сөзінде: «Қазақтың синоним сөздер байлығы әлі күнге жиналып-теріліп біткен жоқ. Оның жиналғаннынан жиналмағаны көп, зерттеліп жүйеленгенінен тексеріліп сараланбағаны басым»2, - деп ескерткеніндей, синонимдер сөздігін құрастырудағы тәжірбиенің жоқтығын синонимдік қатарды құрайтын сөздердің айырым белгісін дәл анықтап, оларды жинақтап, топтастыруда едәуір қиындықтардың болғаны мәлім.
Синоним сөздер әртүрлі жолмен, атап айтқанда, сөздің мағыналық жағынан дамып, қосымша жанама мағыналық реңктің жасалуынан, әдеби тіл лексикасының жергілікті ерекшелікке жататын сөздер есебінен, көнерген сөздер мен кәсіби лексика есебінен баюы арқылы, басқа тілдегі сөздердің тілге енуінен қалыптасады. Бұл - синонимдердің пайда болуының басты жолдары.
Мағынасы әр басқа, тұлғасы ортақ омонимдерге қарамақарсы тілдік құбылыс ретінде синонимдердің мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер. Әрі синонимдік қатар құрайтын сөздер әр алуан сөз табына жатпайды, бір ғана сөз табына қатысты. Әр басқа сөз табына жататын сөздердің синонимдік қатар құрауы тек бірлі-жарым сан есімнен ғана ұшырасады. Мысалы, екі ̶ қос ̶ пар ̶ егіз, екіден бірі ̶ жартысы ̶ жарымы, төрттен бір ̶ ширек сияқты сан есімнен синонимдік қатар құрайтын сөздер басқа сөз табына (зат есімге, сын есімге) жатады.
Қазақ тіліндегі синонимдік қатар құрайтын сөздер барлық дерлік сөз табынан кездеседі.
Мысалы, зат есім синонимдері күш̶ қуат ̶ әл ̶ қайрат, арыз ̶ шағым, аспан ̶ көк ̶ әуе.
Сын есімдер синонимдері: кіршең ̶ кіршіл, күшті ̶ әлді, қарулы ̶ қайратты, үлгілі ̶ өнегелі ̶ тәлімді, үлкен ̶ зор ̶ нән ̶ ірі ̶ дөй, қабілетті ̶ дарынды ̶ талантты, сыпайы ̶ биязы ̶ сынық, жабайы ̶ тағы, тәрбиесіз ̶ көргенсіз, түсінікті ̶ ұғымды, жаман ̶ нашар.
Етістікке жататын синонимдер: кіру ̶ ену, көгеру ̶ көктеу, шай ̶ қосу ̶ сайысу ̶ айқасу, үйлендіру ̶ аяқтандыру, шаншу ̶ түйреу.
Үстеуге қатысты синонимдер: шала-шарпы ̶ шала-пұла, үнемі ̶ ұдайы ̶ ылғи ̶ әрқашан ̶ дәйім, бекер ̶ текке ̶ босқа ̶ бекерге, тым ̶ аса ̶ өте.
Есімдікке жататын синонимдер: анау - ана, қанша - неше ̶қаншау̶ нешеу, барлық ̶ барша ̶ күллі ̶ тамам, барлығы ̶ бәрі.
Одағайлар: қап ̶ әттең ̶ әттегене, паһ-паһ ̶ пай-ай, құп ̶ ләббай, апырай ̶апырмау̶ ойпырмай ̶ойпырмау̶ япырай ̶ япырмау.
Еліктеуіш сөздер: арс-арс ̶ауп-ауп̶ шәу-шәу, шаңқ-шаңқ ̶ шаңқ-шұңқ, гүр-гүр ̶ күр-күр, сарт-сарт ̶ сарт-сұрт және т. с. с.
Шылаулар: бірақ ̶ алайда ̶ дегенмен ̶ әйткенмен ̶ себебі ̶ өйткені ̶ неге десең.
Сан есімдер: үш ̶ үшеу, төрт ̶ төртеу, он мың ̶ түмен.
Қазақ тіліндегі синонимдер лексикалық ( адым ̶ қадам, азат ̶ бостан, алыс ̶ қашық ̶ қиыр ̶ қиян ̶ шыған, соң ̶ кейін, дейін ̶ шейін), морфологиялық (сезімтал ̶ сезгіш ̶ сезімді ̶ сезімпаз ̶ сезімшіл, түйіндеу ̶ түйнектеу, түрпектеу̶ түрткілеу, ашушаң ̶ ашуланшақ), синтаксистік ( есіктен шықты ̶ есік арқылы шықты, келіп тұрды ̶ келіп жүрді), фразеологиялық ( аза бойы қаза болды ̶ ат-тонын ала қашты, көз ілмеді ̶ көз шырымын алмады), сөзжасамдық ( бейкүнә ̶ күнәсіз, беймезгіл ̶ мезгілсіз, пішіндес ̶ кейіптес ̶ өңдес ) синонимдер деп ажыратылады.
Мақал-мәтелдердің бір-бірімен синоним болып жұмсалуы да синтаксистік синонимге жатады.
Қайсыбір ғалымдар қай тілдің лексикасында болса да бір мағынада ғана айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздердің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды деп есептейді3 Дегенмен тілдік бірліктердің мағыналық жағынан жақындығы әрқалай болатындықтан, зерттеушілер синонимдік сөздердің де әр түрлі екендігіне баса назар аударып келді. Синонимдік қатардың кейбір топтарының арасында сәл-пәл мағыналық немесе реңктік айырмашылықтың да аңғарылатыны белгілі.
Синонимдерге тән ерекшеліктерді еске ала отырып, оларға мынадай анықтама беруге болады: әртүрлі айтылғанымен көбінше жақын болып келетін, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар сөздерді синонимдер деп атаймыз.
Тілдегі сөздердің құрылысы мен жасалуы қандай күрделі болса, олардың білдіретін мағыналары да сондай күрделі болып келеді. Әрбір жеке сөз бір-бірінен дыбыстық ерекшеліктері мен морфологиялық құрамы жағынан ғана емес, олардың білдіретін мағынасы жағынан да әлденеше топқа сала-сала болып жіктеледі. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер болып ең алдымен үш топқа бөлінсе, бұл топтың әрбіреуі іштей лексика-грамматикалық белгілеріне қарай тағы да жік-жікке бөлінеді. 4
Бір тілде қанша сөз табы болса, солардың әрқайсысының синонимдік молшылығы бірдей болып шыға бермеуі ықтимал. Сөз таптардың біреуі синонимге бай, екіншісі кедей, енді біреулері өте тапшы болуы ғажап емес.
Л. А. Булаховский жалпы тілдердегі синонимдердің сөз табына қатысы жайында былай деген болатын: « в . -прилагательными . . . Значительнобеднее, чем у прилагательных и глаголов, синонимика имен существительных»5
Бұл пікірді Будагов та қуаттаған: « . . . в в такойчастиречи, какимяприлагательное . . . Синонимика имен ». 6
Қазақтың да ғалымдары зат есімге тән синонимдерді зерттеу үстінде, қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі синонимдерге ең байы зат есім, онан кейінгілері сын есім мен етістік болып табылады деп айтқан еді. К. Аханов та: «Тіл-тілде, әсіресе, зат есімдер мен сын есімдеерден және етістік сөздерден болған синонимдер жиі кездеседі»7, - деп, басқа қазақ ғалымдары айтқан пікірге қосылған еді. Зерттеудің қорытындысы сөз табынан табылған жеті мыңнан астам синонимдерді өзара жіктеп, бөлгенімізде үш мыңдайы етістікке, екі мыңдайы етістікке, екі мыңнан артығы зат есімге, мың жарымдайы сын есімге, үш-төрт жүздейі үстеуге, қалғандары басқа сөз таптарына тән синонимдері болып шаққан еді.
Сын есімдер заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түсін, көлемін, салмағын білдіретін сөз табы болғандықтан, осы ерекшеліктерді әр түрлі қарым-қатынаста алып көрсетеді.
Сын есімнен болған синонимдердің сан мөлшері жағынан ең көбі - қатыстық сын есімдер. Бұлардың ішінде, әсіресе, адамзатқа байланыстылары өте-мөте көп. Бұл да жайдан-жай болмаса керек. Адам баласы жер бетінде өмір сүретін тірі организмдердің даму жағынан ең жоғарғы сатысында бола отырып, өндіріс құралдарын өндіре алатын қабілеті бар. Сонымен қатар сол өндіріс құралдарын ақыл-ойымен меңгеріп өзінің қалаған мүддесіне пайдалана да біледі, тіл арқылы бірімен-бірі пікір алысып, өзара қарым-қатынаста жасай алады. Міне, осындай толып жатқан ерекшеліктер адамзатты өзге дүниелерден айрықша бөліп алып, оны жеке дара етіп көрсетеді. Сын есімдер алуан түрлі сыр-сипаты білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болып табылатын болса, бұлардың осындай мәнді қызметі тілдегі лексикалық сындық синонимдерден айқын байқалады. Адамға қатысты сындық синонимдерден айқын байқалады. Адамға қатысты сипат, түрлі ерекшеліктер болса, солардың барлығын да егжей-тегжейіне дейін толық қамтып көрсете алады . Мысалы: аңқау - аңғырт, ашушаң - күйгелек, мақтаншақ - бөспе, ауқатты - дәулетті, атқыш - мерген, ақылды -есті, озат - үздік, азат - ерікті, жексұрын - сүйкімсіз, бүкір - құныс, бұжыр - шұбыр, ақсақ - шойнақ - сылтыма, науқас - аурулы, сақау - кекеш - тұтықпа - дұдық - быдық, т. б.
Қатыстық сын есімдерге тән синонимдердің ішіндегі жансыз заттармен байланысты мәндес сөздер де көлем жағынан бірсыпыра. Бұлар әртүрлі заттарға телінді болып келеді. Мәселен, арзан - су тегін дегендер заттың құнымен байланысты, бұлыңғыр - бұлтты күнмен байланысты, ащы - тұзды дегендер заттың құнымен байланысты, көлемді - қомақты көлеммен, тұнық - мөлдір сумен, тар - кіші киіммен, терең - тұңғиық судың тереңдігімен, шикі - көк жеміспен, шұрайлы - құйқалы жермен, аянышты - өкінішті оқиғамен байланысты жұмсалады.
Қатыстық сындарды айтқанда ол сөздер қандай сөздермен байланысып айтылатындығы салған жерден ойға түседі. Мысалы, бас білгі - үйретілген деген синонимдерді айтқанымызда көлік (мал) есімізге келеді, бұралқы - қаңғырған дегендерді айтқанда ит ойға келеді, жүйрік - бәйге дегендерді естігенде жылқы еске түседі.
Демек, қатыстық сынды білдіретін синонимдердің қатыстық ұғымды, дәрежесі, бірдей емес, әрқалай екендігі аңғарылады.
Сапалық сын есімдер қатыстық сындар сияқты белгілі бір затқа ғана арнаулы болмайды, олар көбінесе дүниедегі зат біткеннің жанды-жансыз заттардың барлығының да ұзынды-қысқасы, үлкен-кішісі, ауыр-жеңілі, жақсы-жаманы, ақ-қарасы, жуан-жіңішкесі, жас-кәрісі, түзу-қисығы болады. Осындай сапалық қасиеттердің бәрі де ала-құла болып бөлінбей, бүкіл зат біткеннің бәріне бірдей қатыста айтылады. Мысалы: жас адам, жас мал, жас ағаш, жас ет; үлкен адам, үлкен мал, үлкен ағаш, үлкен стол, үлкен үй, т. б.
Сапалық сындар, сапалық қасиетті білдіретіндіктен, олардың артық-кем мөлшері болады. Сондықтан да бұлар көбінесе мағына жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылады. Тілдегі антоним мәндес сапалық сындардың әрқайсысынан жеке-жеке синонимдік қатарлар туындап кете беруі де ықтимал. Мысалға биік - аласа деген антонимдерді алып қарайық:
Биік - жоғары - зәулім - асқар - заңғар - сұңғақ - бойшаң - ұзын. Ұлықтар отырған екі биік стол қатар қойылып үстіне алалы мақпал жабылыпты (М. Әуезов) . Төменнен жоғарыға қол сермеймін, Болсын деп шіркін көңіл көтеріңкі (Халық өлеңі) . Сәулетті көркем қала орнап, Хош иісті гүл жайнап, Зәулім үйлер қаптаған (Халық ақындары) . Еркін барып жайлаймыз Асқар таудың ар жағын, Көріп келе жатырмыз коммунизм вокзалын (Қ. Аманжолов) . Заңғар таудай ұлы достыққа ұзақ жол есеп емес (С. Омаров) . Сұлу дене, сұңғақ бойлы, Тебіренбес терең ойлы (Т. Жароков), Бойшаң кескінді келген бұл қыз сауық кештерінде қатысып декламация оқығанын көргенім бар (С. Мұқанов) . Ұзын бойлы бір әйел еңкейіп, құдықтан су алып жатқанын көрдім.
Сапалық сындардан туған синонимдік қатарларға көз жіберсек, сын есімдерге тән екі түрлі мағыналық ерекшеліктердің бірлігі мұнда әрдайым толық сақтала бермейтіндігі аңғарылады. Сапалық сындар жалпы абстракт ұғымдар тудырса, қатыстық сындар жеке нақтылы мағына тудыратындығы контекстегі қолданыстан айқын көріп тұр. Мысалы, биік пен жоғары жалпы ұғымды білдіреді, асқар мен заңғар тек тау сөзіне қатысты, зәулім бір ғана үй сөзімен тіркесіп айтылады, сұңғақ - бойшаң дегендер тек адамға ғана арнайы жұмсалып, қолданылу жағынан өзара дара-дара болып сараланады. Сол сияқты аласа - тапал - қысқа - кішкене дегендер барлық жанды-жансыз заттарға түгелдей қатысты болып айтыла берсе, тырбық тек өсімдікке ғана қатысты, жатаған үй мен малға тән, ал қалғандары ( мықыр - қортық - мақар) көбінесе адамның бойының кішілігін білдіреді. Бұған қарағанда сапалық сын мен қатыстық сынның бірлігі синонимдік қатарда әрқашан сақталмайтындығын көреміз. Бір қатарда жалпы ұғымды білдіретін сөздер мен дара ұғымды білдіретін сөздердің араласып келе беру заңдылығы сындық синонимдерден ап-анық болып байқалады. Сапалық сын мен қатыстық сын есімдер тек білдіретін ұғымы жағынан (бірі - жалпы, екіншісі - нақтылы) ғана сараланып қоймайды, стильдік мәні жағынан да бір-бірінен ажырап бөлінеді.
Сапалық сын есімдер қолданылу шеңбері жағынан жан-жақты (әр тарапты) болса, стильдік мәні жағынан әрқашан бейтарап болып келеді. Ал қатыстық сын есімдер, керісінше қолданылу аясы шектелген, стильдік мәні жағынан экспресивті-эмоциялы. Мысалы, аласа - тапал - қысқа - кішкене дегендер ақиқат шындықты ешбір қоспасыз дәл көрсетсе, бұлардың қалған синонимдері (асқар - заңғар - зәулім - сұңғақ - бойшаң) алуан-алуан экспрессивті сөздер болғандықтан, көбінесе көркем шығарма стилінде жиі қолданылады. Яғни бұларды көркем образ жасау үшін жазушылар көбірек пайдаланады. Сан мөлшері жағынан да тілдегі сапалық сындық ұғымдағы синонимдер қатыстық сындардан әлдеқайда кем. Оның негізгі себебі сапалық сын есімге тілде талай заманнан бері қарай ұзақ өмір сүріп келе жатқан негізгі түбір сөздер ғана жатса қатыстық сынға сан алуан қосымшалар арқылы есімдер мен етістіктерден жасалған барлық туынды сын есім атаулылары тегіс кіреді. Тілдегі сын есімге тән арнаулы аффикстердің барлығы да қатыстық сын есімге тиісті сөздерді күнбе-күн молайтып, сын көлемін еселеп арттыруға күшті ықпал жасап отырады. Соның есесінен белгілі мөлшерде там-тұмдап болса да, сапалық ұғымдағы сөз саны да көбейе түседі. Демек, сын есімнің екі түрлі семантикалық топтарының арасында белгілі қарым-қатынастар мен ауыс-түйістер үздіксіз, әрі үнемі болып тұрады. Сапалық сын есімнің бойында бар қасиеттерді (шырайлық жұрнақтарды қабылдау, сындық белгіні күшейтетін үстеме буындар жамалу, әрі анықтауыш, әрі пысықтауыш қызметінде жұмсалу) өзіне сіңіріп қалыптасқан соң, қатыстық сын есімдер де сапа тобына қарай біртіндеп ауыса береді. Бұл ретте етістік түбірлі сын есімдер (сүзеген, сұрамшақ, түртіншек т. б. ) басқаларына қарағанда сапа сынына көшуге неғұрлым бейімірек тұрады.
Лексикалық синонимдер сөздердің негізгі, тура мағынасы тарапынан ғана емес, олардың ауыспалы мағынада қолданылуы арқылы да молайып отырады. Өмірдегі заттар мен құбылыстарды, олардың әр түрлі қасиеттерін сөзбен атап отырудың қажеттігі жаңа мағыналардың пайда болуына, тілдің негізгі сөздік қорында бұрыннан бар сөздердің мағыналық жақтан дамуына әсерін тигізеді. Сөздердің мағыналық жақтан дамуы көп мағыналы сөздерді туғыза келіп, синонимдердің жасалуын қарастырғанда сөздің мағыналық жақтан дамуына, соның нәтижесінде көп мағыналы сөздердің пайда болуына ерекше назар аудару қажет.
Мысалы, ақ сөзінің мағыналық жақтан дамуын қарастырайық. Бұл сөздің бірнеше мағынасы бар:
1. Ақ - боз, шаңқан, аппақ.
2. Ақ - таза, пәк, адал.
3. Ақ - сүттен жасалған әртүрлі тағам .
Мұндағы ақ сөзінің әппақ, боз, шаңқан деген мағынасы тура мағына да, басқа мағыналары - тура, негізгі мағынаның нәтижесінде жасалған туынды мағыналар. Негізгі мағына мен туынды мағыналардың өзіндік ерекшеліктерін айқын аңғару үшін, ақ сөзін контекст ішінде алып көрген жөн.
1. Қырат басына үстіне кілем жапқан ашамайлы аппақ желмаяға мінген ақ сәлделі біреу көтерілді.
2. Сейтілдің көңілі Дәрменге дегенде ақ еді.
3. Ынсапсызға не керек, істің ақ пен қарасы.
4. Мал семірер, ақ пен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz