Биологиялық белсенді заттар комплексін бөлудің технологиялық сызбанұсқасын ұсыну


Дипломдық жұмысты орындау кезіндегі тапсырмалар
Жұмыстың жалпы сипаттамсы: Дипломдық жұмыс Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің құрамындағы биологиялық белесенді заттар комплексіне сапалық және сандық анализ жүргізу сонымен қатар, оларды бөлу технологиясының сызбанұсқасын ұсынуға негізделген.
Зерттеу мақсаты: Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігі құрамындағы ББЗ комплексін бөлудің технологиясын қарастыру.
Зерттеу нысаны: Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігі құрамындағы ББЗ комплексін зерттеу.
Негізгі міндеттер
- мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің-мақпал бас(leontopodium ochroleucum) ББЗ-ға сапалық сараптау жүргізу.
- Анықталған биологиялық белсенді заттар комплексіне сандық сараптау жүргізу
- Биологиялық белсенді заттар комплексін бөлу жағдайына үйлесетін оңтайлы параметрлерді талдау жағдайын қарастыру.
- Биологиялық белсенді заттар комплексін бөлудің технологиялық сызбанұсқасын ұсыну.
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы туралы
1. 2 мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің биологиялық ерекшелігі
1. 3мақпал бас өсімдігітуралы түсінік
1. 4мақпал бас өсімдігін химиялық түрғыдан зерттеу
1. 5
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Қарастырылып отырған дипломдық жұмыста қолданылған анықтамалар мен сілтемелер стандартқа сәйкестендірілген.
Аминқышқылдары - әр түрлі ақуыздардың молекулаларын түзетін мономерлі заттар.
Белоктар - тірі организмдер құрамына кіретін заттардың ішіндегі ең маңздысы және олар клетка протоплазмасының негізгі бөлігі.
Биологиялық белсенді заттар - тірі ағызаға белгілі әсері бар қосылыстар.
Микроэлементтер - тірі ағзаларда, яғни адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің ағзасында кездесетін элементтер. Олардың мөлшері ағзада өте аз, дегенмен атқаратын рөлі зор.
Айқындағыштар - қосылыс құрамындағы арнай топтарды анықтайтын реагенттер.
Хроматография - органикалық заттарды екі фаза арасында әр түрлі орналасуы негізінде бөлу, алу және идентификациялау.
Жұқа қабатты хроматография - аралас компонентті қоспаның жазық жұқа қабатты сорбент бетінде жылжымалы фазада қозғалуы.
Өсімдік шиізатының сапалылығы - шикізат сапасының келесідей техникалық шарттарға сай болуы: сапалық көрсеткіштер (ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттардың мөлшері), сыртқы көрінісі, қосылыстың сапасы мен саны.
ББЗ - биолигиялық белсенді заттар
ЖҚХ − жұқа қабатты хроматография
ҚХ - қағазды хроматография
УК - ультра күлгін спектр
ИҚ - инфра қызыл спектр
GC/MS -газды хроматограпия масс спектрскопия
МФ - мемлекеттік фармакапея
R f - өлшемсіз бірлік, хроматографиядағы заттардың жылжу жылдамдығының көрсеткіші
ФЭК - фотоэлектрлік калориметр
СФ - спектрофотометр
НОРМАЛЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 2. 105-95 Единая система конструкторской документации. Общие требования к текстовым документам.
ГОСТ 24027. 2-80 Сырье лекарственное растительное. Методы определения, содержания золы, экстрактивных, дубильных веществ, Лекарственное растительное сырье - анализ.
ГОСТ 42-3-84 Сырье лекарственное растительное, в порядок установления, сроков годности. Лекарственные растения - Контроль качества.
ГОСТ 7. 1 СИБИД «Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления. Запись сокращений слов на русском языке».
ГОСТ 64-060-88 Сырье лекарственное растительное, нормы естественной убыи при хранении и железнодоржных перевозках, нормы расхода при абработки, согласования и утверждения.
ГОСТ 7. 12-93 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическая запись. Сокращение слов на русском языке. Общие требования и правила.
ГОСТ 7. 32-2001 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Отчет о научно-исследовательской работе. Структура и правила оформления.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыстаАлтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігініңхимиялық құрамы зерттелді, биологиялық белсенді заттарды бөліп алу технологиясының сызбанұсқасы жасалды.
Қарастырылып отырған маселенің қазіргі кездегі жағдайы: Қазақстан флорасында 1000 - нан астам балдыр түрлері өседеі. Солардың аз мөлшері ғана халықтың игілігіне жұмсалады. Жер бетіндегі органикалық заттар көмір қышқыл газынан және күн сәулесі есебінен жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі нәтижесінде бөлінеді. Сондықтан жануарлар және адамзат әлемі болсын барлығының тіршілік әрекеті толығымен өсімдіктердің тіршілігіне тәуелді деп айтуға болады. Фотосинтездің маңызды өнімі балдырлар есебінен артуы мүмкін. Осы өсімдіктерді қолдану теңіздер мен мұхиттардың гидрофиті зоналарында яғни табиғи популяциялардың эксплуатациясы тәрізді және бағалы түрлерін жасанды культивирлеуге мүмкін болатын жаңа аумақтарды құруға мүмкіндік берер еді.
Сондықтан гидрофиті орындарда өсетін отандық өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттар комплексін бөлу, олардың құрамын зерттеу, медицинада пайдалану жолдарын іздестіру теориялық және практикалық қызығушылық тудыруда.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан фармацефтика саласында шет елдерден келген фитопрепараттардың түрлері біршама көп. Олардың әртүрлі ауру бактериасын жою әсерін жоғары деп бағаласақта, екінші жағынан адам ағызасына тудыратын зиянын ескермесекте болмайды.
Қазақстанда фармацефтика саласы жаңа әрі жедел дамып келе жатыр, еліміздің гидрофиті зоналарында әртурлі ауруларға ем болатын өсімді түрлері өседі. Сондықтан алдыда кезек күттірмейтін маселе осы отандық өсімдік шикізат көздерін ашып, оларды халық мұқтажына айналдыра білу, сол арқылы отандық фарм өндірісін көтеріп халықтың салуаттыда сапалы өмір салтын орнату.
Соңғы жылдары озық технологияның дамуына байланысты жаңа технологиялармен дәрілік өсімдіктер құрамындағы жаңа заттар анықталынып, олардың белсенділіктері де анықталынып жатыр. Осыған байланысты Өсімдіктің құрамын химиялық зерттеу, гидрофиті орындарда өсетін өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттар комплексін алу, биоматериалдырдың эффективтілігін көтеру, жаңа дәрілік заттар тазалау жұмыстарында сорбенттерді пайдалану жағдайын өзгерту, сол арқылы адам ағызасына зияны аз зкологиялық таза дарілік заттар алу өте маңызды және өзекті маселе болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсатыменміндеттері: Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) биологиялық белсенді заттар коиплексін бөліп алу технологиясын қарастыру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- мақпал басөсімдігінің сапалылығы және биологиялық белсенді заттардың құрамын анықтауға сапалық сараптау жүргізу.
- Анықталған биологиялық белсенді заттарға сандық сараптама жүргізу.
- Биологиялық белсенді заттарды комплексінің жекеше түрде бөлу сызбанұсқасын ұсыну.
Зерттеу нысаны: . : Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттар коиплексін бөліп алу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы : таудың күнгей беткейлерінде өсетін мақпал басөсімдіктерінен биологиялық белсенді заттарды алудың жаңа көздері табылды.
Алтай өңірінде өсетін мақпал бас(leontopodium ochroleucum) алғаш рет химиялық зерттеулер жүргізіліп, биологиялық белсенді заттарға сапалық және сандық сараптаулар жасалды, биологиялық белсенді заттар комплексін бөлудің технологиялық сызбанұсқасы ұсынылды, құрамындағы амин қышқылдары, көмір сулар, май кышқылдары, витаминдер, макро- және микро- элементтер құрамы анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрлымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім ол әдеби шолудан тұрады. Ондамақпал бас(leontopodium ochroleucum) өсімдігі туралы жалпы мәліметтер, амин қышқылдары, көмір сулар, май кышқылдары, витаминдер, макро- және микро- элементтер және оларды бөлу туралы жазылған. Екінші бөлімінде зерттеу нәтижелері және оларды талқылау болса, ал үшінші бөлімінде талдаудың әдістері мен зерттеуге қолданылған реактивтер жайлы жазылды.
.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1: таудың күнгей беткейлеріндеөсетін мақпал бас өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы туралы
Бұл жұмыста алдыментаудың күнгей беткейлерінде өсетін мақпал бас өсімдігінің ботаникалық зерттеу жүргізілді
Мақпал бас- leontopodium ochroleucum beauv. күрделі гүлдер тұқымдасының арыстантабан туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік . оны арыстантабан деп те атайды.
биктігі 15-30см . сабағның өн бойында жіиі өскен ақ түсті мамық түкшелері бар . сабағы бұтақсыз немесе сабақ басында бұтағы бар . оның сағақсыз, бүтін жиекті, таспа формалы жапрақтары сабағында кезектесіп орналасқан. Сабағының ең басында ретті тізіліп өскен шоқбас гүл шоғыры болады
1-сурет. Мақпал бас( leontopodium ochroleucum) өсімдігі.
1. 2 Мақпал бас( leontopodium ochroleucum) өсімдігі туралы түсінік
Мақпал бас бізге дейін сақталып келе жатқан leontopodium өсімдігініңбір бөлімі болып табылады. биктігі 15-30см . сабағның өн бойында жіиі өскен ақ түсті мамық түкшелері бар . сабағы бұтақсыз немесе сабақ басында бұтағы бар . оның сағақсыз, бүтін жиекті, таспа формалы жапрақтары сабағында кезектесіп орналасқан. Сабағының ең басында ретті тізіліп өскен шоқбас гүл шоғыры болады . көбінесе, таудың күнгей беткейлерінде өседі бүкіл шинжаңның тауларына көптен таралған.
Таралуы : бүл түқымдастастардың шаммен 30 түрлісі бар көбі Европа жане батыс солтүстік Азияда кең таралған. Қазақстанда 2 түрі кездеседі . L. fadtschenkoanum Beauverd жане L. ochroleucum Beauverd . (Тянь- шань, Алтай) .
Климаттық орта жағдайы. Бұл өсімдік сілтілік және бейтарап ортаны қалайды, судың тереңдігіне байланысты тамыр жайып өсе береді. Ортаның активті реакциясы мен судың тұздылығына төтеп бере алады.
2- суретМақпал бас( leontopodium ochroleucum) өсімдігінің жер үсті б
Мақпал бас өсімдігінің Дәрлік бөлегі жане оны жинау ролі: : Мақпал бастың жер үсті бөлімі дәрі . оны жазда немесе күзде жинап алып, кептіріп турап сақтайды .
3-сурет Мақпал бас( leontopodium ochroleucum) шөбінің қима бет суреты.
1. 3 Амин қышқылдары
Амин қышқылдар - дегеніміз әр түрлі ақуыздардың молекулаларын түзететін мономерлі заттар, сондықтанда олар өте маңызды. Табиғатта 80-нен астам амин қышқылдары белгілі болып отыр. Бұлардың ішінде 20-сы ақуыз құрамында кездеседі [31] .
Амин қышқылдардың молекуласында карбоксилдік (-COOH) және аминдік (-NH 2 ) топтар бар. Осы екі топтың молекуладағы орналасуына қарай амин қышқылдар α-, β- және γ- амин қышқылдары болып бөлінеді. Бірақ табиғи белоктардан α-амин қышқылдары ғана табылған. Ол қышқылда карбоксилдік және амино- топтар бір көміртегі атомымен байланысады. Сонда α-амин қышқылының жалпы формуласын мынадай түрде көрсетуге болады: R-CH-COOH
NH 2
Мұндағы: R-радикал, бүйірдегі топтарды көрсетеді.
Амин қышқылдарының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі бүйірлік топтардың құрылымына тәуелді.
Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдар полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік амин қышқылдар деп бөлінеді [32, 33] .
Полярсыз бейтарап амин қышқылдары
құрамындағы органикалық радикалдар протонды қабылдамайды да, бере де алмайды сумен әрекеттеседі алмайды. Оларға жататын қышқылдар:
- глицин, ауыстырылатын амин қышықылы;
- аланин, ауыстырылатын амин қышқылы;
- валин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- лейцин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- изолейцин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- метионин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- фенилаланин, ауыстырылмайтын ароматты амин қышқылы;
- пролин, ауыстырылатын иминді амин қышқылы.
Полярлы бейтарап амин қышқылдары
Бұл қышқылдардың тобында C-O, O-H, S-H, C-N сияқты сумен әрекеттесе алатын полярлы топтары бар. Оларға жататын қышқылдар:
- серин, ауыстырылатын амин қышықылы;
- треонин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- цистин, ауыстырыйтын амин қышқылы;
- аспарагин, ауыстырылатын амин қышықылы;
- глутамин, ауыстырылатын амин қышықылы;
Полярлы қышқылды (гидрофильді) амин қышқылдары
бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:
- аспарагин қышқылы, ауыстырылатын амин қышықылы;
- глутамин қышқылы, ауыстырылатын амин қышықылы;
Полярлы негізді (гидрофильді) амин қышқылдары
Полярлы қышқылдардың бүйірлік радикалында негіздік қасиет беретін топ бар:
- лизин, ауыстырылмайтын амин қышқылы;
- аргинин, біршама ауыстыруға болатын амин қышқылы;
- гистидин, біршама ауыстыруға болатын амин қышқылы;
1. 6. 1 Амин қышқылдарының физикалық қасиеттері
Глициннен өзге амин қышқылдарының бәрінің құрамында көміртегінің асимметриялы атомы бар. Көміртегінің асимметриялық атомы әр түрлі төрт химиялық топпен байланысады. Мұндай кезде амин қышқылының екі түрлі пішіні болуы мүмкін, ол екуі L-және D- пішіні деп нтиомерлер деп те атайды. Оларды басқаша стереоизомерлер немесе эвантиомерлер деп те атайды. Осы стереозимерлердің біреуінің ертіндісі полярланған жарықты сол жаққа қарай, екіншісі - оң жаққа қарай бұрады. Мұндай заттар оптикалық активті заттар деп аталады. Белок құрамында сол жаққа бұрушы да, оң жаққа бұрушы да амин қышқылдары болады. L- амин қышқылдары мен D- амин қышқылдарының біреуі екіншісінің айнадағы бейнесіндей. Мұндай амин қышқылдарының құрылым формуласы былай жазылады:
COOH COOH
H 2 N C H H C NH 2
R R
L-амин қышқылы D-амин қышқылы
Белоктар құрамында L-амин қышқылдары ғана кіреді. D-амин қышқылдары табиғи белоктардан әлі табылған жоқ және оларды адам мен малдың организмдері сіңіре алмайды. Бұл амин қышқылдары әр түрлі заттар құрамынан бөліп алынғаны белгілі. Сондай -ақ ол адам организмінен бос күйінде бөлінген және клеткалық құрылымдардан да алынған D-амин қышқылдары кейбір антибиотиктер құрамында кездеседі. Химиялық синтездеу кезінде L-амин қышқылы мен D-амин қышқылының қоспасы түзіледі.
1. 6. 2 Амин қышқылдарының қышқылдық - негіздік (амфотерлік) қасиеттері
Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері бір-біріне қайшы екі функционалдық топ бар, олар сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық, негіздік те қасиет көрсетеді [34, 36] .
И. Н. Бренстенд теориясына сәйкес, осы заманғы түсінік бойынша, өзінің протонын (H + ) бере алатын қосылыстар қышқылдар деп аталады, протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп аталады.
Амин қышқылдары қышқыл ретінде диссоциацияланған кезде протон бөліп шығарады да анион түзеді:
R-CH-COOH R-CH-COO - +H +
NH NH 3
аминқышқылы анион
Негіз ретінде иондану кезінде амин қышқылдары протон қосып алады да, катион түзеді:
R-CH-COOH+H + R-CH-COO - +H +
NH 2 N
амин қышқылы катион
Қышқылдық та, негіздік те екі қасиетті болатын мұндай қосылыстар амфотерлер (грекше amphi-екі жақты) деп аталады, оларды қысқаша амфолиттер (амфотерлік электролиттер) деп атайды.
Амин қышқылдарының диссоциациялану ерекшелігі ортаның рН мөлшеріне байланысты болады. Сілтілік ортада карбоксил тобы иондалады, амин қышқылы қышқылдық қасиет көрсетеді [36] .
Амин қышқылдары қышқыл ортада-керісінше, амин қышқылдары негіздік қасиеттер көрсетеді, амин тобы ионданады, карбоксил топ іс жүзінде диссоциацияланбайды. Бір карбоксил тобы және бір амин тобы бар амин қышқылдарында бейтарап су ерітіндісінде полярлы екі топ та ионданады. Бір амин қышқылының карбоксил тобынан протон бөлініп сол амин қышқылының амин тобына қосылады және қосқабат ион-цвиттер - ион (гибрид-ион) түзеді:
R-CH-COOH R-CH-COO - +H + R-CH-COO - +H +
NH 2 NH 2 HN 3 +
Амин қышқылы цвиттер-ион
Көптеген табиғи амин қышқылдар оптикалық пәрменді келеді, өйткені олардың құрамында ассиметрлі (хиралды) атомы болады. Ең бастысы амин қышқылдары бір-бірімен әрекетескенде суды бөліп шығарып пептид түзеді, яғни амин қышқылдардың қалдықтарынан құралған, ауыр молекулалы күрделі органикалық қосылыстар- ақуыздар түзеді. Олар-тіршіліктің негізгі арқауы. Жануарлардың және өсімдіктердің организмінде ақуыздар әр түрлі міндет атқарады. Ақуыздар таяныш мүшелердің бұлшық ет және жабын ұлпалардың (сүйектер, шеміршектер, сіңірлер, тері) негізін құрады, зат алмасу процестерінде және жасушалардың көбеюінде шешуші рөлін атқарады. Көптеген гармондар, энзимдер, пигменттер, антибиотиктер, токсиндер ақуызды денелер болып есептелед [37] .
1. 6. 3 Амин қышқылының химиялық қасиеттері
Құрамындағы карбоксил және амин топтарының реакцияға қатысуы барлық амин қышқылдарына тән қасиет. Амин қышқылдарының амфотерлік ерекшелігі болғандықтан, олар негіздермен де, қышқылдармен де әрекеттесіп тұз түзеді; спирттермен әрекеттесу нәтижесінде күрделі эфирлер түзеді және декарбоксильдену, дезаминдеу құбылыстарына ұшырайды.
Нингидриннің қатысуымен болатын реакция.
Бұл реакцияның маңызы айтарлықтай, өйткені α- амин қышқылының түсті реакциясы осыған негізделген және амин қышқылдарының ұқсастығын білу үшін көп пайдаланылады, әсіресе жеке қышқылдардың сандық мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Нингидрин - күшті тотықтырғыш. Оның әсерінен амин қышқылы декарбоксильдену және дезаминдену реакцияларына ұшырайды.
Реакция формуласын жаз
Тотықсызданған нингидрин тотықсызданбаған нингидриннің бір молекуласымен және аммиакпен реакцияға түсе алады. Бұл кезде көкшіл- күлгін түсті зат пайда болады. Осы зат бояуының түсі бойынша колориметрлік әдіспен 570нм толқын ұзындығында амин қышқылының сан мөлшерін анықтайды.
Құрылыс формуласын жазамын
Имин тобы бар пролин бұл жағдайда 440нм сіңіру максимумы бар, сары түсті зат түзіледі.
2. ЗЕРТТЕУ НАТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
Үлгіні анализ жүргізуге дұрыс дайындау өсімдік шикізатын зерттеуде нақты нәтиже алуда, әсіресе, сандық және сапалық сараптау жасауда шикізат құрамындағы күлділік, ылғалдылық, экстрактивті заттарды анықтау маңызды.
Орташа үлгіні дайындауда және одан аналитикалық үлгіні бөлерде фитохимиялық анализге қажетті ережелерді қатаң сақтау керек. [ГОСТ, 24027. 0-80, Государственная Фармакопея СССР, Х изд., с 854 (ГФ Х) ] .
Қатаң сақталатын екінші ереже - шикізатты қалдықсыз бірдей мөлшерде ұнтақтау. Олай болмаған жағдайда өсімдік шикізатының бөлшектерінің қатынасының бұзылуына алып келеді
2. 1 Мақпалбас() сапалылығын зерттеу.
Зерттеу нысаны - Алтай өңірінде өсетін, күрделі гүлдер тұқымдасының арыстантабан туысына жататынөсімдігінің жер үсті бөлігі. Мемлекеттiк фармакопеяның 11-шi басылымында қабылданған әдiстемелер бойынша зерттелген Мақпал бас өсiмдiгiн кептiру кезiнде массаның шығымы, жалпы күлділігі, сульфатты күлділігі, тұз қышқылында ерімейтін күлділігі және экстративтi заттар мөлшері анықталды (1-кестедегідей) .
Кесте 1
Шикізаттың Мақпалбас( ) сапалылығын анықтау нәтижелері
Өсімдік шикізатының ылғалдылығы - шикізатты тұрақты массаға дейін кептіргенде құрамынан гигроскопиялық ылғал мен ұшқыш заттардың жойылуы нәтижесінде жоғалған масса.
Өсімдік шикізаты құрамында ылғалдылық қалыпты мөлшерден аспауы керек, себебі жоғары ылғалдылық сақтау кезінде оның сапасын төмендетеді. Өсімдік шикізаттары үшін ылғалдылық шегі 12-15%.
Өсімдік шикізатының күлділігі - шикізатты жаққаннан кейін қалған бейорганикаклық қалдықты тұрақты массаға дейін келтіру. Өсімдік күлі (жалпы күлі) әртүрлі бейорганикалық заттар қоспасы мен минералды қосылыстардан (топырақ, құм, тас, шаң) тұрады.
Жалпы күлділікті ары қарай зерттей отыра, өсімдік шикізатының құрамындағы микроэлементтер мөлшері анықталды.
Микроэлементтер
Химиялық элементтердің бестен төрт бөлігі процентпен алғанда орташа мөлщерде таралған. Оларды микроэлементтер деп атайды. Оларға барлық ауыр металдар жатады деуге болады. Бірақ жер бетінде микроэлементтердің таралуы әртүрлі. Микроэлементтердің басты ерекшелігі - олардың барлық жерде аз мөлшерде болсада таралуы болып табылмақ.
Натрий- физиологиялық қызыметі өте маңызды, организмнің биологиялық сұйықтығы мен барлық тіндерінің құрамында болады. Натрий тұзы ағзаның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етеді және судың алмасуына белсенді қатысы бар.
Калий- калий натриймен біріге отырып, қанның қысымын реттейді, жүйке импульстерін өткізуге және жүрек қызметін реттеуге қатысады, ақуыздар мен көмірсулар алмасуындағы ролі де аз емес.
Кальций- организмдегі маңызы үлкен. Кальций тұзы-қанның, жасушалар мен тіндердің сұйықтығының тұрақты құрамдас бөлігі. жасушаның өсуі мен әрекет үрдісінде маңызды роль атқарады.
Кобальт- ол табиғатта екі валентті және үш валентті қосылыстарда көп кездеседі. Өсімдіктердегі кобльттың мөлшері оның қоректену ортасына байланысты әртүрлі болады. Кобальттың жетіспеушілігі және аз мөлшерде болуы өсуге әсер етеді және ағзаның формасының өзгеруіне алып келеді.
Мырыш - басқада микроэлементтер сияқты ағзадағы зат алмасудағы биохимиялық реакцияларда маңызды роль атқарады. Барлық ағзаларда мырыш жетіспесе әртүрлы ауруларға алып келеді.
Мыс- ағзаның өсуіне қажетті және басқада маңызды физологиялық роль атқарады.
Марганец- физикалық және химиялық қасиеттері жағынан темірге ұқсайды. Марганец өсімдіктердегі фотосинтез кезінде оттектің бөлінуінде маңызды роль атқарады. Ол ағзадағы барлық тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейтін, декарбоксилдейтін, гидролиздейтін ферменттердің активаторы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz