Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

Тарау 1. ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 6

  1. Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері . . . 6
  2. Терроризмнің шығу тегі мен түрлері 10
  3. Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар 16

Тарау 2. ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ 21

  1. Террористтік әрекеттердің қылмыстық құрамы және оның ерекшеліктері 21
  2. Терроризмді басқа қылмыс түрлерінен шектеу және ажырату мәселелері 27
  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы террористік әрекеттер үшін жауапкершілік 38

Тарау 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖОЛЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ
41

  1. Халықаралық терроризммен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық нысандары 41
  2. Терроризммен күрестің халықаралық- қүқықтық механизмдері 48
  3. Дайындалып жатқан террористік акт жайлы ақпаратты тіркеудің ерекшеліктері 51
  4. Банктер мен өзге де несие үйымдарының халықаралық терроризмді қаржыландыруын қадағалаудың Қазақстандағы тәжірибесі 55

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Террроризммен күрес мәселесі бүгінде әлемдегі ең өзіктіде өткір проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан да бүл келеңсіз құбылыстың пайда болу негіздері мен оны болдырмауға немесе алдын алу және терроризммен ұтымды күрес жүргізу қүқықтық механизмдерін қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемі ізденіс, іс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық терроризммен күрестің қүқықтық теориялық негіздерін саралау, әрине, отандық зерттеушілер үшін өзекті, эрі тың тақырыптардың бірі болып табылады. Жалпы соңғы он жылда белсенді зерттеле бастады. Алайда бүл тақырыптың қүқықтық - теориялық аспектілері аз зерттелген. Осы түрғыдан алғанда менің дипломдық жүмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған халықаралық терроризммен күрес мәселесі озінің өзектілігін айқын аңғартады.

Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңінде тұрып, дербес мемлекет ретінде өзінің, тәуелсіздігі, жер аумағының тұтастығын, үлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған үлкен іс шаралар ұйымдастырды, соның бірі халықаралық терроризммен күресу, оның алдын алуды реттеуге арналған заңдар қабылдап үлгерді, алайда сол еліміздің тәуелеіздігінің алғашқы жылдарында қабылданған заңдар, әрине, бүгін өзінің мазмүндық сапасы бойынша жаңа заман талабына толық жауап бере алады деп айтуға болмайды. Сондықтанда халықаралық терроризммен күрестің қүқықтық негіздеріне жаңаша, қайта қүқықтық - теориялық сараптау жасаудың объективті қажеттілігі туындап отыр.

Ал мұндай мақсаттарды жүзеге асыру, әрине, халықаралық
терроризммен күрес мәселесінің құқықтық негіздерінің әрі ұтымды, әрі
реттеудің әлемдік деңгейдегі озық үлгі, әдіо тәсілдер мен жаңа
прогрессивтік жолдарын қарастыруды қажет етері созеіз. Бұл

бағытта, егемен ел, әлем таныған дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы терроризм мен экстремизімге қарсы заңнама негіздері мен теориясы мейілінше, жедел қайта қарастырудың маңызы зор деп білеміз.

Бүгінде халықаралық терроризммен күрес мәселесі тек ұлттық заңнама шеңберінде ғана қалып қоймай сондай-ақ халықаралық қүқықтық өлшем сипатына ие болып отыр және де бүл сала бойынша жаңа заман талаптарына сай жеткілікті теориялық және құқықтық негіздер қалыптастыруға мүмкіндігінше тиімді ат салысу қажет.

Терроризммен күрестің қүқықтық негіздері жалпы әлемдік
деңгейдегі ең ауқымды әрі күрделі, өткір де озекті

проблемаларының біріне деп жоғарыда атап өттік. Өкінішке орай, соған қарамастан, Қазақстан Республикаеында халықаралық терроризммен күрестщ құқықтық непздері құқықтық - теориялық түргыдан кешенді түрде әлі күнге дейін толыққанда зерттелген емес, сол себептенде бүл сала бойынша арнайы монографиялық еңбектер мен диссертациялық зерттеулер жоқ. Қарастырып отырған халықаралық терроризммен күрестің қүқықтық негіздеріне қатысты қазақша материалдардың тапшылығына қарамастан біздер осы мәселеге қатысты қүқықтық -теориялық зерттеуді жүзеге асыруға үмтылыс жасап отырмыз.

Терроризмнің теориялық мәселелерін зерттеуге мына авторлардың төмендегідей тақырыптағы еңбектері жарияланған. Мәселен, А. И. Гушердің «Проблема терроризма на рубеже третьего тысячелетия новой эры человечества» жэне Б. Берсибаевтің «Глобализация и угрозы исламского терроризма», Д. Е. Дулатовтың «Виды современного терроризма и методы борьбы с ним», К. И. Исаевтың «Терроризм в прошлом и настоящем: подходы к классификации в контексте антитеррористической программы ЕС», Л. Клепацкийдің «Глобализация и национальные интересы», Е. Шакуроньщ «Терроризм - главная угроза международной безопасности», Е. Сатановскийдің «Глобализация терроризма и его последствия», Д. Т. Жакеновтьщ «Военно-политические аспекты борьбы с международным терроризмом», Г. Тусупбаеваныц «Геополитические аспекты обеспечения международной безопасности», А. Кожиховтьщ «Международное сотрудничество в борьбе с международным терроризмом», Р. Н. Амербекованың «Интернационализация терроризма и новая парадигма безопасности», М. С. Ашимбаевтьщ «Национальная безопасность Казахстана: новое понимание, новые угрозы», A. M. Амребаевтың «К вопросу о «новых» угрозах в условиях современного миро-порядка», М. М. Тажиннің «О природе терроризма» И. Л. Труновтьщ «Правовые механизмы борьбы с терроризмом в Европейском союзе: тенденции совершенствования» жэне Е. Г. Ляховтыц «Терроризм и межгосударственные отношения в Европе», А. А. Меныдихтің «Законодательство о борьбе с терроризмом во Франции - гарантия государственной защиты прав личности», И. В. Кормушкинаның «Европейская система предотвращения терактов», С. А. Ланцовтыц «Проблема терроризма в международных отношениях: правовые и политические аспекты» т. б. еңбектері жарық көрген. Үзақ жылдар бойы терроризм мэселелері з. г. д. Г. Б. Ханның, з. г. к. И. Г. Ханның және P. P. Кунгейбаевтің т. с. с. авторлардың еңбектерінде кең көрініс тауып жүр.

Сондай-ақ терроризм проблемаларымен мемлекеттік деңгейде Қазақстанның стратегиялық даму институты, ҚР Президенті жанындагы Әлемдік экономикалық зерттеу институты, Әлемдік экономика жэне элемдік саясат институты, ҚР сыртқы істер Министірлігінің сыртқы саясат және талдау институты т. б. кешенді түрде айналысуда.

Терроризммен күреске қатысты теориялық зерттеудің басты мақсаты болып жалпы терроризм түсінігін, терроризмнің шыгу тегі мен түрлерін жэне оның қүқықтық теориялық негіздерін саралау арқылы бұл қылмыстық құбылыстың мәнін ашып көрсету болып табылады.

Осы мақсаттарга қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер белгіленеді:

Терроризмнің түсінігін, пайда болу негіздерін, терроризмнің шығу тегі
мен түрлерін, терроризм және халықаралық террористік экстремистік
ұйымдарды, террористтік әрекеттердің қылмыстық қүрамын және оның
ерекшеліктерін, терроризмді басқа қылмыс түрлерінен шектеу және ажырату
мәселелерін, Қазақстан Республикасының қьшмыстық заңнамасындағы

террористік эрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыру. Жалпы терроризммен
күрестің отандық және халықаралық қүқықтық негіздерін, терроризммен
күресудің халықаралық құқықтық негіздерін саралау және де осы
бағыттағы мемлекетаралық ықпалдастық мәселелерін қарастыру.

Осы мәселеге қатысты өзге де өзекті қүқықтық - теориялық және тэжірибелік
мәселелерді зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту жэне еліміздегі

қолданыстағы кейбір қылмыстық зандардың сапалық мазмұнын саралау
арқылы оларда орын алған жетіспеушіліктерді анықтап, зерттеу

нәтижесінде қол жеткізілген құқықтық, теориялық тұжырымдарды негіздеу
және терроризммен күрестің құқықтық негізі болып табылатын арнайы
сип£ат&ғы ұлттық заңдар мазмүнын жетілдіруге бағытталған

тәжірибелік ұсыныстар жасаут. б. мэселелерді қарастыру.

Зерттеудің әдістемелік негіздері: Дипломдық жүмыстың әдістемелік негізін жалпы ғылыми диалектикалық танымдық әдістерімен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы-қүқықтық талдау, әлеуметтік зерттеу сияқты әдістерді құрайды. Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік заңгер ғалымдардьщ теориялық жэне тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері қалайды.

Зерттеу нәтижесінде мынандай негізгі түжырымдар жасалды:

-Террироризм әлемдік деңгейдегі әлі жеңіп болмаған қоғамға аса қауіпті қылмыстың жаңа бір түрі болып табылады;

-Терроризммен күрес мәселесі тек жекелеген мемлекеттердің ішкі проблемасы ретінде қарастырылмау тиіс, сондықтанда оған әлемнің барлық мемлекеттері бірлесе атсалысып халықаралық терроризммен күреске үнемі халықаралық ұйымдар ықпалдастық жасап отыру қажет;

- Терроризммен күрестің қүқықтық негізі болып табылатын ұлттық қылмыстық заңнамалар халықаралық терроризммен күресуге бағытталған халықаралық қүқық нормаларына қайшы келмеуі тиіс;

-Жекелеген мемлекеттердің терроризммен күрес жолындағы қол жеткізген ең үздік ұтымды күрес, айла тэсілдері элемдік дәрежеде жедел және кең қолданыс табуы тиіс;

-Терроризмнің пайда болуына негіз болатын мемлекетаралық
жанжалдар мен қауіпті қақтығыстардың алдын алып оларды

болдырмауға халықаралық деңгейдегі іс шаралар ұйымдастырлуы қажет деп білеміз.

Зерттеу жүмысыныц құрылымы және көлемі. Дипломның жұмыс көлемі 66 беттен түрады. Қүрылымы жағынан жүмыс кіріспеден, үш бөлімнен жэне он бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған эдебиеттер тізімінен түрады.

Tapay 1ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 1. 1 Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері

Терроризм латынның "terror" - қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген: "Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бүзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет" .

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті халықаралық қылмыс түрі болып табылады. Мүндай қылмыстар көп жағдайларда үлттық шектен іпығып халықаралық сипат алуда. Террорлық эрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм - мемлекеттік окімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы түрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық, еезімін туғызу болып табылады

Әлемдегі барлық мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға бірлесіп мүдделілік танытуда.

Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы "Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау" Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі корсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет баешыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да түлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық үйымдардың штаб-пэтерлерін жару, жоғарыда аталған түлғалардың үй-жайлары мен көлік кү:ралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердеғі және т. б. диверсиялар.

Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғалар да, террористік үйымдар да жатады .

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мемлекеттік органдарды, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дэл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау осы халықаралық қылмыс қүрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады.

Бұл тұрғыдағы халықаралық қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның, белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-эрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жэрдемдесуге адамның озінің жарылысты, ортті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.

Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде озге қылмыс қүрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш қүрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды үрлау т. б. ) болмаса, ол терроризм үшін халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ, корсетілген мазмүндағы материалдарды таратқандық үшін жеке халықаралық қылмыстық жауаптылық козделген.

Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген эр түрлі үйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.

Жария түрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.

Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмүнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.

Террористік үйымға террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын үйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс- әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.

Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты қүрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.

Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау болып табылады.

Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің

жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс- әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Заң террорлық әрекетке-адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, орт қою немесе озге де іс-әрекеттер жаеауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын қүнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не қүрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады ( гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т. б) .

Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін эрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т. б) қуаттай отырып, террорлық әрекет жасау жөнінде тікелей айтуды түсінеміз. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін тондіру терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады, тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар орналаскан тоңіректің үлкен жерлерін су басуы, апат, катастрофа, апат, аймақтың химиялық немесе радиоктивті заттармен ластануы, т. б.

Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп тондіретін жарылыс, ортеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған халықаралық қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін олімнің не басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.

Түлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп тондіруші жарылыс, өртеу не басқа эрекет жасайтындығын немесе осындай эрекеттермен қорқытатындығын түсініп біледі жэне нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.

Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бүзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету-оның негізгі белгісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бүзу, сол сияқты халықты қорқыту мақсаттары түлғаның қоғамды дүрбелең күйге үшыратуға, қалың копшілікті өздерінің омірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге үмтылумен сипатталады.

Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бүл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз эрі тиімсіз эрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің болуымен байланысты. Қазіргі кезде терроризм деген үғым мен ислам дінін жиі байланыстырып қарастырады, алайда шын мәнінде, исламның оз басында ешқандай агрессияшылдық жоқ, әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуыда мүмкін. Қоғамдық коңіл күйдің радикалдауының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістерімен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді.

Сонымен, терроризм проблемасы бүгінгі таңға дейін эрбір мемлекеттің ішкі ісі деп саналмайды. Бірақ үлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың осуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін жэне күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мүндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.

1. 2 Терроризмнің шығу тегі мен түрлері

Терроризмнің пайда болу туралы мәселесіне байланысты екі түрлі пікір бар: биологилық және әлеуметтік. Бірінші пікірді үстанушылар адамды - оған зорлау түйсігі жэне агрессияшылдық тән деп, тек қана биологиялық жәндік ретіде қарастырады. Ал екінші пікірдің (элеуметтік) үстанушылары қоғамдағы терроризмнің пайда болуының себептерін көреді: адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани өмірін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризмнің ұғымы және белгілері
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Халықаралық терроризмге қарсы күрес
Терроризм және экстремизм
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Экстремиз және терроризм
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
Терроризм жайында
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz