Дыбыстар бойынша талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тілдің дыбыстық жағы сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып танылады. «Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның физикалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады». Тіл дыбыстары, әдетте, сөз ішінде айтылады. Белгілі дыбыс бір дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылумен шектеліп қоймай, көптеген сөздердің құрамында қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай, екінші буынын да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т. б. дыбыстық заңдылықтарды атауға болады.

Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста болады. Лексикалық элементтер болсын, грамматикалық элементтер болсын, белгілі бір дыбыспен немесе дыбыстардың тіркесімен айтылады, сол арқылы өмір сүреді. Мұнымен бірге тілдің дыбыстық жағының өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері және әр түрлі заңдары болады, сондықтан тіл дыбыстары тіл білімінің арнаулы бір саласы - фонетиканың зерттеу объектісі болып саналады.

Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада, әрине, маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетиканың басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқа да мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланысты болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралы ілімнің тілдің жазба түріне тікелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің (речь) деректеріне, тіл дыбыстарының фактілеріне негізделеді.

Сонымен фонетиканың зерттейтіндері - тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.

Фонетика лингвистика ғылымының арнаулы саласы бола отырып, тілдің лексикасымен де, грамматикасымен де астарласып, байланысып жатады. Бұлай болатындығы фонетикалық құбылыстар мен процестер тілдегі сөздерден тыс емес, қайта әрдайым сөздердің ішінде болады, ал сөздер грамматикамен тығыз байланыста, әрқашан қарым-қатынаста болады. Омонимдерді қоспағанда, тілдегі сөздер бір-бірінен дыбыстық айырмашылықтары арқылы ажыратылады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің дыбыстық жағының ұқсас жақтары болуымен бірге, айырым жақтары мен өзіне ғана тән ерекшеліктері де болады. Бұл жұмыста фонетикалық талдау мәселесі қарастырылған.

1 ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Фонетика - дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне -бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия, және т. б.

Тіліміздегі сөздердің дыбыстық құрылысын, олардың дыбыс жүйелерінің қолданылу ерекшеліктерін, әр дыбыстың өзіндік ерекше сапасын, жеке дыбыстардың жасалуындағы, сол сияқты қолдануындағы қарқыны мен белсенділігін, айтылу күшін, әлсіздігін, созылыңқылығын, үнін, әуенін, ашықтығын, айқындылығын, көмескілігін, күңгірттігін, үн мен салдырдың мөлшерін т. с. с. қасиеттерін толық түсініп, жақсы меңгеру арқылы ғана қазақ тілінің нақтылы фонетикалық материалына қажетті талдау жасауға мүмкіндік туады [2, 6] .

Фонетиканың практикалық жақтан да үлкен мәні бар. Фонетиканың практикалық мәні әр саладан да көрінеді. Мектептерде дұрыс оқытудың да, дұрыс жаздырудың да методикасының көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарды жете білуді қажет етеді. Практикалық тұрғыдан жетік игерілмеген білім құр жаттандылыққа ұрындырады. Есте ұзақ сақталмайды. Тілдің әр саласынан өтілген материалдарды, ондағы түрлі грамматикалық тұлғалардың атқаратын қызметтерін, тыныс белгілерінің қолдану ерекшеліктерін талдап, саралап, жинақтап меңгерту сатылай кешенді талдаудың басты белгісі болып табылады[5, 42] .

Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады. Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі, фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгерту маңызды.

Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған [8, 25] .

Мұндай кемшіліктер қазақ мектептерінде де кездеседі. Атап айтқанда, 4-5 сынып оқушыларында орфоэпияға байланысты мына сияқты қателерді байқауға болады. Мысалы, 4-5 сынып оқушылары кітап оқу кезінде дыбыстардың (о, ә, ү, у, ұ) екінші, үшінші буында жазылмауына байланысты сол буындарда келетін езулік дыбыстарды еріндік қып жібереді, ал бұны оқушы ескермей айтылуда езулік қып айтып, орфоэпия заңын бұзады.

Мысалы, Жазылуы: Айтылуы:

домбыра домбұра

Жорық жорұқ, т. б. [7, 18] .

Орфография сөздің дұрыс жазылуын зерттесе, орфоэпия сөздің дұрыс айтылуын зерттейді. Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма - белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсері ақиқат.

  1. Қазақ тіліндегі тіл дыбыстарының жіктелуі

Фонетиканың теориялық мәні ерекше. Тіл тарихы, этимология, тіл туыстығының, тілдердің қарым-қатынасының толып жатқан шым-шытырман мәселесі фонетикасыз шешілмейді. Тіл-тілдегі дыбыстық ұқсастықтар мен ортақ жайларды және жеке, нақты заңдылықтардағы ғылыми тұрғыдан білмейінше, жеке бір сөздің шығу, даму, өзгеріс жолдарын білу, ол сөздің басқа сөздермен байланысын ашып, айқындау мүмкін емес.

Фонетиканың практикалы мәні де айрықша. Фонетикасыз ана тілі дыбыстарын дұрыс айта білу, шет тілін үйреніп, ол тілде сөйлей білу, алфавит жасау, орфография, орфоэпия заңдары мен қағидаларын қалыптастыру мүмкін емес. Әдетте, бір тілдің дыбысы екінші тілде сөйлейтін адамға жат болып көрінеді. Әр халыққа өз тілінен басқа тіл - «тіл емес, бірдеңке» сияқты көрінеді. Ал екінші тілді білген адамға олай емес. Соған көз жеткізетін нәрсе - сол тілдің фонетикасын меңгеру. Тіліміз әр түрлі дыбыстық үзіктерден құралады. Сөйлеудің дыбыстық үзіктерінің ең қысқасы - дыбыстық единица, яғни дыбыс. Дыбыстардан буын құралады. Буындарды, дыбыстарды айтудың тақтысы, яғни сөйлеу тақтысы болады. Сөз ішіндегі дыбыстар (фонемалар) - тілдің материалдық бөлшегі. Дәлірек, айтсақ, фонетика - тіл дыбыстары, яғни фонемалар туралы, тіл-тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар туралы ілім.

Тіл дыбыстары - күрделі құбылыс. Өйткені әр дыбысқа тән басты үш ерекшелік (қасиет) болады: бірі - дыбыстың акустикалық (физикалық) ерекшелігі, екіншісі - дыбыстың физиологиялық ( анатомиялық) ерекшелігі, үшіншісі - дыбыстың қоғамдық (яғни әлеуметтік) ерекшелігі. Бұл үш ерекшелік әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей, әр дыбысты айтқанда, қолданғанда, бір мезетте болатын (бірі-ерте, бірі-кеш пайда болмайтын) қасиеттер. Сондықтан тіл дыбыстарын сипаттағанда, оған әрі физик, әрі физиолог, әрі лингвист тұрғысынан қарауға тура келеді. Бірнеше дыбыстарға сипаттама беріп көрелік.

Қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында былай талданады: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз. Олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е.

А дыбысы жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай ашық дауысты дыбыс болып табылады. А дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - ашық, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл арты. Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл арты дауысты дыбыс.

Ы дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. Ы дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. Ы дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл арты дыбыс. Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл арты дауысты дыбыс.

Ү дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. Ү дыбысын айтқанда ерін доғалданып тұрады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. Ү дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - ерін, жасалу орнына қарай - тіл ортасы дыбыс. Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс.

Жоғарыда келтірілген сипаттамалар дауысты дыбыстардан келтірілді. Енді дауыссыз дыбыстардың бірнеше түріне сипаттама беріп көрейік.

Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстар жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У(W), Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың жуан-жіңішке үндесім варианты аллосингемасы екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр. Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай: қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі) және үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді.

Қатаң дауыссыз дыбыстан П дыбысын алып қарасақ. П дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орныны қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. П дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің өзара тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. П дауыссыз дыбысын айтқанда, дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.

Қ-К дыбысы. Қ дауысссыз дыбысы тілшік пен тілдің түбі арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауссыз дыбыс болып табылады. Қ-(К) дауыссыз дыбысы тілшік пен тіл түбінің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Қ дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.

К дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ортасы дауыссыз дыбыс болып табылады. К дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. К дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тіл ортасы, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз болып табылады.

Б дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. Б дауыссыз дыбысы қос еріннің өзара тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Б дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі сәл тербеледі, яғни дауыс жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербелмелі) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.

Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын - орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия ( грекше orthos- дұрыс және epos-сөйлеу) - сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Сөздердің бірізді айтылуы (сондай-ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді. Керісінше, белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің (сөзформаның) дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып, көңілді алаңдатады. Бұл әсіресе, жергілікті ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Мәселен:

Жергілікті Әдеби Жергілікті Әдеби

құлдану қолдану пұрсат мұрсат

құрытынды қорытынды меш пеш

оқсайды ұқсайды челек шелек

Сондай-ақ кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Мәселен:

Жазылуы Айтылуы Жазылуы Айтылуы

өлең өлөң айдын көл айдыңгөл

өзенге өзөңге ай қабақ айғабақ

қонған қоңған алтын кірпік алтыңгірпік [13, 69] .

Сөздердің жазылуынша айту әсіресе жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бір қызығы жаппай сауаттылыққа соңғы жарты ғасыр көлемінде ғана ие болған біздің тілімізде алғашқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді де орфоэпия мәселесі елеусіз қалып келді. Ол заңды да еді. Ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту нормалары ол кезде аса алаңдата қоймаса керек. Рас, мектеп, жоғарғы оқу орнына арналған оқулықтарда алғашқы күннен-ақ үндестік заңдары арнайы айтылып келеді. Алайда орфоэпия жайында арнайы тақырып, түсінік тек 60-жылдардан бергі жерде ғана бой көрсете бастады. Соның өзінде жоғарғы оқу орнына арналған оқулықта (авторы С. Кеңесбаев) бұл мәселе әлі күнге жабулы күйде қалып келеді. Әрине, қазақ орфоэпиясының негізгі үндестік заңдарда жатқанын, үндестік заңдарын меңгеру, айналып келгенде, айту нормаларын меңгеру екенін түсіну қиын емес. Тек орфография сияқты мән беріліп, , бұл салада ала-құлалық, селкеуліктердің күн санап көбеюі заңды. Сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша нормаларының арақатынасын парықтамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз жүргізуілінен болып отыр. Көрнекті ғалым Н. Сауранбаев 1947 жылы былай деп жазды: «Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы алшақтық біржола жойылды» [21, 68] .

Дыбыстық тіл - күрделі құбылыс. Оны әріптермен мүлтіксіз беру мүмкін емес. Сондықтан кез келген тілдің айтылуы мен жазылуының арасында алшақтық болмай қоймайды. Мұндай алшақтық қазақ тілінде де жетерлік. Олай болса, сөздерді жазылуынша айту ара-тұра жаңсақтыққа ұрындырары аян. Бұл салада да тәжірибе жинақталып, ереже-қағида жасалынуға, оның өзі сол тілді тұтынушыларға ортақ, міндетті заңға айналуға тиіс.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі - пофессор М. Балақаев. Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «. . Бірақ, сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді - бәрібір - әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек» [22, 112] . Кітапта «Орфоэпиялық және орфографиялық норма» деп аталатын тақырып бар. Көлемі шағын болғанмен осы мәселелерге қатысты бірсыпыра құнды мағлұмат айтылған. Рас, автор алғаш: «Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ», - деген де пікір айтады. Алайда келесі бетте-ақ: «Сөйтіп қазақ тілі сөздерінің айтылуы мен жазылу әр уақытта бірдей бола бермейді . . . Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірлестік болу мүмкін де емес», -екенін нақты фактілермен дәлелдейді. Соңы ы, і дыбыстарға біткен етістіктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ, ү-ге айналып кететіні де айтылады. Автор орфоэпиялық норманы айқындауға байланысты өз пікірін ұсынады: « Сонда жалпылама долбармен айтқанда, сөздердің айтылу нормасы былай болу керек: құлаққа жағымды, көңілге қонымды айтылғанның бәрі - норма, бәрі дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын бұлдыр, оғаш түсініксіз, дөрекі айтылғанның бәрі - нормаға жатпайды, дұрыс емес. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделгендіктен олар жалпы халыққа бірыңғай түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс». Қысқасы, бұл еңбекте қазақ орфоэпиясына қатысты алғашқы пікірлер айтылған деуге болады.

М. Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған еңбегі мұны арнайы зерттеген.

Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілінің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді: халықтың дәстүрлі (традициялық) сөйлеу тілі, белгілі бір мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет. Автордың мына бір пікіріне көңіл аудару керек болады: «Қазіргі Алматы қаласындағы интеллигенциясының сөйлеу тілі дұрыс сөйлеу мәдениетінің үлгісі болады дейміз» [23, 44] .

Х. Қожахметованың мектепке дейінгі балалар мекемелеріне маман даярлайтын педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» деп аталатын оқу құралында орфоэпияға да орын берілген. Тіпті «Орфоэпияның басты ережелін» анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрінде қалған [24, 212] .

Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық еңбек - Р. Сыздықованың «Сөз сазы» (сөзді дұрыс айту нормалары), 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсіріліп, 36 параграфке топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ, жай қағида болып қалмаған; мысалдар берілген, жаттығуы және бар. Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатынын және ондай топтардың түрлерін анықтайды [8, 22] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дыбыс сөздің материалы
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz