Толымсыз хабарлы сөйлемдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Сөйлем - синтаксис зерттейтін басты тілдік бірліктердің бірі. Ол атқаратын қызметі тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілері тұрғысынан да синтаксистік форма ретіндегі алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.

«Сөйлем - бегілі бір мағыналық және интонациялық тұтастыққа ие, грамматикалық тәртіппен байланысқан сөздер тізбегі ретінде көрінетін адамдар тілінің кіші бөлшегі (единицасы) . Сөйлем, сонымен бірге, қарым- қатынас единицасы бола отырып, ойдың да қалыптасуы мен берілісінің единицасы ретінде тіл мен ойлаудың бірлігін көрсетеді. Сөйлем логикалық пікірмен қатысты, бірақ онымен барабар емес; әрбір пікір сөйлем түрінде беріледі, бірақ кез келген сөйлем пікірді білдіре бермейді. Сөйлем адам әрекетін білдіре отырып, оның еркі мен сезіміне қатысты эмоциялық, сезімдік ұғымдарды білдіруге де қызмет етеді. Сөйлемнің грамматикалық негізін шақ, жақ модальдік категорияларының және хабарлау интонациясының жиынтығынан тұратын предикативтілік құрайды . . . » [1, 227] . Демек, сөйлемді белгілі мөлшерде аяқталған ойды білдіретін және предикативтілік пен модальділікке ие, интонациясы бар кесінді десе де болады.

Сөйлем бір сөзден тұрса да, белгілі бір дәрежеде актуалданған шындықпен сәйкестендірілген жағдаятты білдіреді. Мысалы: Жаз деген атаулы сөйлемнің мағынасы табиғаттың бір мезгілі екендігін білдіріп тұрса, ал сөйлем ретінде болмыстың бір шындығынан хабар береді. Бұған сай келіп тұрған құбылыс оны айтушы авторға да, бағытталған адресатқа да актуалданып тұр. Сөйтіп, сөйлем белгілі бір дәрежеде тың немесе енді ғана бегілі болған хабарды жеткізу үшін қарым-қатынас қызметін атқарады. Осыдан сөйлмнің предикативтілігін көрсететін аспектінің бірі - коммуникативтік аспекті - айқындала түседі.

Сөйлем субъект болмысының көрінісі, ойдың сөз жүзінде «жарыққа шығуы», қалыптасуы болғандықтан, ол (сөйлем) субъективті сипатта көрінеді.

Адам ойының күрделенуі, дүниетанымның кеңеюі тіліне сөйлемдер жүйесіне ықпал етері хақ. Соның нәтижесінде арасында дербестік пен оқшаулық басым болған сөйлемдердің болуынан қазіргі тілімізде құрмалас сөйлемдер пайда болған. Дегенмен тілде тек күрделену процесін ғана өтіп отырмайды. Сөйлемдер жүйесінің қалыптасып дамуына әр түрлі тілде заңдылықтар өз ықпалын тигізіп отыратыны анық. Сонда заңдылықтардың бірі тіліміздегі - үнемдеу заңы.

Үнемдеу заңы адамға өз ойын көп сөйлемей-ақ, өз уақытын үнемдеу мақсатында аз ғана сөзбен білдіруіне себепкер болады. Ал мұның өзі белгілі бір ойды білдіру үшін керекті сөйлем мүшелерінің сөйлем құрамында түгел болмауына әкеп соқтырады. Осыдан сөйлемнің грамматикалық жақтан толымсыздығы туындайды. Бірақ бұл құбылыс бір тілде сөйлеуші әлеуметтік жағынан, аялық білімі деңгейлес коммуниканттардың арасында ойды жеткізу мен қабылдауда қиыншылық немесе түсініксіздік тудыра қоймайды. Сондықтан, тілімізде коммуникациялық жағдайдың орайына қарай, толымды да, толымсыз да сөйлемдер қолданыла береді. Әдетте ойды анық, дәл, толық жеткізу үшін толымды сөйлемді қолданамыз. Кейде өзара мағыналық байланыста келетін сөйлемдердің біразы түрлі себептермен толымсыз болып айтылады.

Тіл білімінде толымды және толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажыратылып жүр. Сондықтан мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы сөйлем т. б. ) толымды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер - бірқұрамды (бір негізді) және қосқұрамды (екі негізді) сөйлемдер. Осы тұста бірқұрамды (бір негізді) сөйлемді толымсыз сөйлем типіне жатқызу керек пе, жатқызбау керек пе деген мәселе шығады. Бұл мәселе турасында орыс тіл білімінде қарама-қайшы, алуан түрлі пікірлер көп. Біз сол пікірлердің ізімен бізбен қатар жүріп қазақ тілі синтаксисінің маманы Ж. Сәдуақасұлының кей пікірлеріне ден қойдық, сол пікірлермен пікір үйлесті. Атап айтқанда:

- ол (толымсыз сөйлем- Ж. Ж. ) - бас мүше ғана емес, кез-келген мүшенің түсірілуімен байланысты; - сөйлем мүшесінің түсірілуі контекст, ситуация, стильдік құрылымға байланысты; - толымсыздық қосқұрамды сөйлемге де, бірқұрамды сөйлемге де тән; - толымсыз қосқұрамды сөйлемдерде бас мүше (негізінен, бастауыш әдейі стильдік мақсатта) түсіріледі. Ал бірқұрамды (негізінен белгілі жақты) сөйлемде бастауыш әдейі айтылмайды немесе бастан болмайды, сөйлем бастауыштың арнайы сөзбен берілуін қажет етпейтіндей дәрежеде әбден тұрақталып қалыптасқан болады; - контекст пен ситуация толымсыз сөйлем мен бірқұрамды сөйлемнің ара жігін ашу үшін емес, толымсыз және толымды сөйлемдердің ара жігін ашу үшін ғана негіз етіп алыну қажет. Демек, бірқұрамды сөйлемдер де, қосқұрамды сөйлемдер сияқты толымсыз бола алады. Бірқұрамды сөйлем мен қосқұрамды сөйлемнің айырма белгісі субъект-предикаттық қатынаста. Ал сөйлемнің толымсыздығының субъект-предикаттық қатынасқа ықпалы жоқтың қасы екенін есептесек, бірқұрамды сөйлем мен толымсыз сөйлемнің ара-жігін ашу аса қажетті де еңбек емес. Осы тұста А. Н. Кононовтың: «Бірқұрамды сөйлемдердің толымсыз сөйлемдерден өзгешелігі сол, бірқұрамды сөйлемдерде «жетпей» тұрған тұрлаулы мүше контекстен де, сөйлеу жағдаятынан да білінбей тұрды», - деген пікіріне ден қоямыз.

Зерттеу жұмысымызда толымсыз сөйлем дегеніміз не, оның туындау себептері қандай деген сұрақтарғажауап берумен қатар, толымсыз сөйлемдердің құрылысы, синтаксистік жүйедегі орны, сондай-ақ оның құрылымдық сипатын тану мәселелері қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінің синтаксис саласында толымсыз сөйлем деген құралым бар екені әлдеқашан танылған. Бірақ соған қарамастан біздегі жоғары оқу орындарының оқулықтарында, академиялық грамматикаларда осы санат лайықты орын ала алмай жүр. Әсіресе, соңғы, 2002 жылы, шыққан «Қазақ грамматикасында» мұны іліктірмеу түсініксіз жайт болған. Бұдан бұрынғы Грамматикаларды (1954, 1967) жарияланған кезеңдерде толымсыз сөйлемдерді зерттеу деңгейі академиялық деңгейге жетпеген болар, ал қазір толымсыз сөйлемнің құрылымға қатысы, функционадық-коммуникативтік сипаттары, контекст және мәтінмен байланысты, тіл мен сөйлеуден алар орны сияқты мәселелер бір биікке шыққан сияқты, содан толымды және толымсыз сөйлем туралы зерттеулерді түйіндеу жұмстың өзектілігін толытады. Толымсыз сөйлемнің, біртума құбылыс емес, лингвистикалық норма екені дәлелденді. Толымсыз сөйлемдері тілдік жүйе аясына қарауға болады, ал оның коммуникативтік себебі- бейактуалдану құбылысы. Қазіргі кезең талабына ой жіберсек, тілдегі құрылымнан гөрі, коммуникативтік қызмет, функционалдық көрсеткіш, контекст пен мәтін мәселелері өзекті болып тұр. Зерттеу мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің құрылымдық сипатын синхрондық тұрғыдан тану, «толымсыз сөйлем» ұғымының көлемін, толымсыз сөйлемдерді анықтаудың құрылым-синтаксистік және коммуникативті синтаксистік жолдарын, олардың қызмет ету ерекшеліктерін, толымды және толымсыз сөйлемдердің ара-жігін ажырататын белгілерін анықтау. Осы аталған мақсатқа сәйкес мынадай нақты міндеттер туындайды: * толымсыз сөйлем жай сөйлемнің бір түрі екендігіне байланысты тіл біліміндегі жай сөйлемдерді зерттеу, топтастыруға қатысты мәселелерге шолу жасау;

* толымсыз сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін айқындап, анықтама беру; * толымсыз сөйлемнің түрлерін айқындап көрсету; * толымсыз сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері мен мағыналық типтерін анықтау; * толымсыз сөйлемнің синтаксистік сипаты мен оның сөйлеу тіліндегі қолданылу ерекшеліктерін айқындау; * толымсыз сөйлемдердің коммукативтік қызметін анықтап, оларды топтастыру. Толымсыз сөйлемнің құрылысы, семантикасы, оның түрлері, қолданылу аясы зерттеу пәні болып табылды. Жұмыстың әдістанымдық негізі. Қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдерді жан-жақты зерттеу барысында қазақ тіл білімінде: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, О. Төлегенов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Ж. Жақыпов, Ж. Сәдуақасов, З. Ерназарова, А. Ысқақов, Қ. Есенов, А. Атажанова, З. Әділова және А. Бозбаевалардың, сонымен қатар жалпы тіл білімінде А. А. Шахматов, Э. В. Севортян, И. И. Мещанинов, А. М. Пешковский, И. А. Попова, Б. П. Ардентов, А. Н. Кононов, В. В. Бабайцева, И. Х. Ахматов, И. Б. Кязимов, М. Закиев, А. Мырадов, А. Н. Баскаков, М. М. Бахтина, И. В. Пронина, Г. В. Колшанский, Р. Т. Сибагатов, В. Я. Мыркин, Ш. Балли, Г. А. Золотова және т. б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік. Зерттеу материалдары мен дерек көздері. Зерттеудің фактологиялық материалдары ретінде қазақтың көрнекті жазушыларының көркем шығармаларынан алынған (Б. Соқпақбаевтың мынадай шығармалары: “Аяжан” повесі, “Бурыл ат” әңгімесі) мысалдар пайдаландым. Теориялық сүйеніш болған - диплом жұмысының тақырыбына қатысты қазақ тіл біліміндегі, түркітанудағы ғылыми зерттеулер. Сонымен қатар, жалпы тіл білімідегі қарастырылып отырған мәселелерге тікелей қатысы бар тұжырымдамалар да негізге алынды. Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе мен негізгі мәселерді қамтитын II тарау, қорытындыда, 1 кестеден тұрады. Еңбек соңына пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 ТОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМНІҢ СИНТАКСИСТІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Толымсыз сөйлемнің синтасистік жүйедегі орны

Қазақ тілі төңірегінде зерттеулердің, қазақ тілі синтаксисін жоғары оқу орындарында, мектептерде оқыту үстіндегі ізденістердің, жалпы лингвистикалық теориялық ағымның жетістіктеріне қарамастан қазақ тілінің жай сөйлем жүйесінде әлі де болса танылмаған мәселелердің көп екені байқалады.

Зерттеу жұмысымыз жай сөйлемнің бір түрі - толымсыз сөйлемдер мәселесіне арналғандықтан, алдымен тіліміздегі жай сөйлемдердің зерттелу тарихына шолу жасай кеткенді жөн көрдім. Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер құрылысына, мағыналық мазмұнының сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

1. Коммуникативтік мақсатына қарай: а) хабарлы сөйлем; ә) сұраулы сөйлем; б) бұйрықты сөйлем; в) лепті сөйлем. 2. Сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына байланысты, ақпараттың аумағына қарай: а ) жалаң сөйлемдер; б ) жайылма сөйлемдер.

3. Сөйлем құрамында ойға қажетті синтаксистік позициялардың түгел қатысқан, қатыспағандығына қарай: а) толымды сөйлемдер; б) толымсыз сөйлемдер. 4. Жоғарыда көрсетілген топтардан құрылымы жағынан ерекшеленетін мынадай топтар бар: а) жақты сөйлемдер; ә) жақсыз сөйлемдер; б) атаулы сөйлемдер. 1950 жылдан бері жай сөйлемнің бір түрі жақсыз сөйлемдер сондай-ақ атаулы сөйлемдер фактологиялық материялдарға сүйеніп зерттелене бастады. Жақсыз сөйлемдерге арналған монографиялық еңбегінде Ғ. Мадина қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдерді баяндауыштардың жасалу ыңғайына қарай, қандай тұлғалардан жасалғандығына байланысты он үш топқа бөліп қарап, әрқайсысын ана тіліміздің фактілерімен дәлелдеп, маңызды түйін жасады [2, 71] .

1960-70 жылдары К. Аханов жай сөйлемдерді бір құрамды, екі құрамды, бір тұрлаулы мүшелі, екі тұрлаулы мүшелі деп топтастырып қарастырса [2, 71], Ж. Садуақасов қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді зерттеу нысаны етіп алды [2, 71] . Жай сөйлемнің басқа түрлерінен тек оқулық аясында ғана мағлұмат беріліп жүр. Толымсыз сөйлемдер қазақ тіл білімінде әлі де түпкілікті зерттеуді қажет етеді. Оқулық көлеміндегі жұмыстарда бұл мәселе тек шолу жасаумен ғана шектелген. Осы кезге дейінгі барлық грамматикаларда толымсыз сөйлемлер жай сөйлемдердің бір түрі ретінде енгізіліп келді. Бұл еңбектерде аталған сөйлем түріне берілген анықтамалар, негізінен, ойға қатысты сөйлем мүшелерінің түгел қатысу, қатыспауын басшылыққа алған. Дегенмен, қазақ тіл білімі мамандарының арасында толымсыз сөйлемдерге бірізді берілген анықтама жоқ. Қазақ тіл білімінің негізін салушы ұлы ағартушы ғалым А. Байтұрсынұлы «Тіл тағлымы» атты еңбегінің «Сөйлем түрлері» деген бөлімінде толымды және толымсыз сөйлемдерге мынадай анықтама береді: «Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер таусыз болмайды, ер даусыз болмайды. Көп қорқытады, терең батырады. Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек. Ал тұрлаулы мүшенің біреуі немесе екеуі де жоқ болса, сөйлем толымсыз деп аталады. Мысалы: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар, жоқты қайдан табар. Күлме досыңа, келер басыңа. Баланы жастан, қатынды бастан» [4, 296-297] . Қазақ тіл білімін зерттеуші профессор Қ. Жұбанов толымды және толымсыз сөйлемдерді «толық сөйлем» және «олқы сөйлем» деген атаулармен атайды да, «негізгі мүшелері түгел (бастауышы да, баяндауышы да бар) сөйлемді толық сөйлем дейміз», ал «негізгі мүшелерінің (бастауышының немесе баяндауышының) біреуі не екеуі де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем деп аталады» деген анықтама береді [5, 146] . Автор мысал ретінде мына өлең жолдарын келтіреді : Қартайдық. Қайғы ойладық. Ұлғайы арман (Абай) . Берілген өлең жолдарының соңғы сөйлемін толық сөйлем деп, алдыңғы екі сөйлемді олқы сөйлем деп көрсетеді. 1950 жылға дейінгі мектеп оқулықтарында сөйлемнің толымсыз болуын тұрлаулы мүшелерінің бірінің түсіп қалуымен түсіндіріліп келеді [6, 160] . Ал педучилищелерге арналған оқулықтардың әрқайсысында бұған (толымсыз сөйлемдерге) берілген анықтама әр түрлі. Профессор Н. Т. Сауранбаев педучилищелерге арналған «Қазақ тілі» оқулығында жай сөйлемдерді «тұрлаулы мүшелерінің айтылу - айтылмауына, бар - жоқтығына қарай жақты - жақсыз, толымды - толымсыз, атаулы» деп үшке бөледі де, одан әрі сөйлемнің толымды және жақты түрлеріне анықтама береді. Ал жақсыз, толымсыз, атаулы сөйлемдерді бір бөлек қарастырады. Ғалымның бұл сөйлемдердің үш түрін бөлек қарауы олардың өзара ұқсастығын тануынан болса керек. Ондай ұқсастық автордың пікірінше, «олардың толымды мүшелерінің жоқтығында». Ғалым аталған еңбегінде толымды сөйлем деп бастауышы мен баяндауышы, кейде толықтауышы түгел айтылған сөйлемді айтады да, толымсыз сөйлем деп сол аталған тұрлаулы мүшелермен бірге толықтауышы да қатыспай тұрған сөйлемді айтады. [7, 190] . Ал Ғ. Әбухановтың [8, 313] және «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында [9, 502] «ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады», ал «ойға қатысты мүшелері толық айтылмаған олқы сөйлем толымсыз сөйлем болады» деген анықтама берілсе, қазақ тіл білімінің М. Балақаев, Т. Сайрамбаев [10, 227-227], Т. Қордабаев пен М. Балақаев [11, 171], О. Күлкенова [12, 75], С. Аманжолов [13, 174-175] сынды ғалымдарының еңбектерінде «толымсыз сөйлем ойға қатысты мүшелерінің жоқ болуымен сипатталады» деген пікірлер айтылады.

О. Төлегенов толымсыз сөйлемдер мәселесіне арнайы тоқталып, олар «жалпы сөйлем құрылымының толымсыздығы сөйлеу түрі мен стилінің өзгешелігіне байланысты болады, сондықтан ол қосымша бір топтастыру принципі ретінде анықталатынын» айтады [14, 44] . А. Әбілқаев жай сөйлемнің түрлері (жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы) жайлы өз еңбегінде біршама тұжырымдар жасайды [14, 44] . Зерттеуші ғалым Ж. Садуақасов толымсыз сөйлем: «контекст пен ситуациядан тыс алғанда сөйлемнің мағыналық толымсыздығы байқалып, оны толықтыруға болатын сөзді контекспен табу мүмкіндігі болса және оны сөйлемге енгізгенде мағынасына нұсқан келтірмейтін болса ғана ондай сөйлемдерді толымсыз сөйлем дейміз», - деген анықтама береді [3, 26] .

Демек, мектеп грамматикаларындағы берілген анықтамалар тұрғысынан қарасақ, толымды сөйлемге бастауышы мен баяндауышы толық қатысып тұрған сөйлемдер жатқызылады, ал бастауышы жоқ сөйлемдер әрдайым толымсыз сөйлемдер болмақ. Профессор Н. Сауранбаевтың берген анықтамасында толықтауыштың қатысу- қатыспауы да сөйлемнің толымды я толымсыз екендігін білдіреді [7, 190] . Сонда сөйлемнің толымды не толымсыз болуы үшін сөйлемнің қалған тұрлаусыз мүшелері - анықтауыш пен пысықтауыштың қатысу - қатыспауы неліктен деген заңды сұрақ туады. Толымсыз сөйлемдер мәселесі қазіргі қазақ тілінің маңызды да күрделі мәселелерінің бірі болғандықтан, ол теориялық жағынан да үлкен қызығушылық тудырады. Теориялық жағынан алғанда бұл мәселе жалпы синтаксис теориясының негізгі сұрақтарымен тығыз байланысты: сөйлемді тіл бірлігі ретінде түсіну, сөйлем құрылысы мен оның мүшелері жайлы зерттеулер, сөйлем мен сөз тіркесінің арақатынасы туралы мәселелер. Қарастырылып отырған мәселенің практикалық маңыздылығы оның мектептегі синтаксистік талдау жасаумен тығыз байланысты болумен айқындалады. Синтаксистік талдауды сөйлемнің түсіп қалған мүшесін «ойша түсіну, қалпына келтіру» принципі арқылы жасау субъективизмге көп жол береді. Олай деуге себеп, түсіндірілген сөйлем мүшесін әр адамның әр түрлі қабылдауы, әрбір сөзді түрлі мағынада, сондай - ақ түрлі формада түсінуі әбден мүмкін ғой. «Толымсыз сөйлем» аумағы, оны дәстүрлі қолданысы өте кең. Бұл термин арқылы түрлі синтаксистік көріністер бірігеді: 1) монологтық және диалогтық бірлікті білдіретін құрылымдардың элементтері; 2) етістіксіз дербес қолданылатын құрылымдар; 3) тұрақты фразеологиялық бірлікті білдіретін сөйлемдер; 4) күрделі сөйлемдердің құрылымдық элементтері;

1. 2 Толымсыз сөйлемнің тілдегі көрінісі. Толымсыз сөйлемдер тілде өзіндік ерекше қызмет атқарады. Сөйлемнің толымсыз түрде жұмсалуы оның грамматикалық белсенділігін төмендетпейді, сондай-ақ кемшілігі бар сөйлем деуге де мүмкіндік бермейді. Толымсыз сөйлемдер тілімізде сөздерді үнемдеп жұмсап, бір сөзді орынсыз қайталамау мақсатында, ойды ықшамдап, тұжырымдап жеткізу үшін жұмсалады. Сөйлемнің толымсыздығы жайлы сөз болғанда, ең алдымен, оның грамматикалық жағы ескеріледі. Өйткені толымсыз сөйлемдер мағынасы жағынан толымсыз емес, сондықтан ол жалпы сөйлемге тән қасиет - қарым-қатынас құралы бола алады. Мұндай сөйлемдер грамматикалық жағынан толымсыз, атап айтқанда, олардың синтаксистік құрамы толымсыз болып келеді. Сонда сөйлем толымсыз болу үшін қажетті шарт - ойға қатысты бір немесе бірнеше мүшенің ерекше айтылмай түсіп қалуы. Жалпы алғанда, толымсыз сөйлемдерді түсіну оңай, өйткені берілген сөздердің грамматикалық формаларынан олардың қатыспай тұрған, бірақ ойдағы мүшелермен өзара байланысы білініп тұрады. Толымсыз сөйлемдерді жіктеуге олардың мағына-мазмұн толықтығы я формалды-грамматикалық құрамының толықтығы ғана емес, сонымен бірге келесі жайттар да ескерілуі тиіс деп санаймыз: 1. толымсыз сөйлемнің пайда болуындағы контекст пен жағдаят факторы; 2. қатыспай тұрған сөйлем мүшесінің синтаксистік қызметі. Толымсыз сөйлемдердің білдіретін мағынасы алдыңғы сөйлемдер мазмұнына не болмаса сөйлеу процесі өтіп жатқан жағдайға сүйенеді. Мұндай байланыстың ерекшелігін анықтау үшін сөйлем мен контекст арақатынасының түрлеріне тоқталып кетелік: Біріншіден, сөйлемде беріліп тұрған жеке сөздің мағынасы, сондай-ақ есімдердің нақты мағынасы алдыңғы немесе кейінгі контекст арқылы түсінікті болады. Мысалы: 1. Бірақ жолдастары, бастығы Ақылбай болып, Кәкітайға қарсы жабыла дау айтты. Қатты күлгендерін естіген соң топқа енді Баймағамбет пен Ербол келіп қосылды (М. Әуезов ) . 2. Бұл баланың аты Ораз еді. Әке, шешесі осы колхоздың мүшесі (Б. Соқпақбаев) . 3. Қыз оны туысындай көрді. Жақын шырай беріп, ұзақ қарап қоштасты (М. Әуезов ) . Бұл мысалдардың алғашқы сөйлемдері кейінгі сөйлемдерге қарағанда толымды. Ал кейінгі сөйлемдердің бірінде анықтауышы жоқ болса, екіншісінде бастауышы түсірілген.

Екіншіден, жекелеген сөйлемдер арасында түрлі мағыналық қатынастар орнауы мүмкін: себеп-салдарлық, мезгілдік, жалпылық- жекелік т. б. Мысалы: 1. Сол жылғы жорық сәтсіз болды. Хандардың алауыздығы мақсатқа жеткізбеді (Қ. Жұмаділов ) . 2. Не ғажап, әншейінде уыздыға сөз бермейтін Ұзақ осы әңгіменің біріне де қатысқан жоқ. Төрге ұмтылмай, күйеулігін сақтап, босаға жақтан орын алған. Сол бетінде басына іс түскен адамның кейпін танытып, тымпиып отырды да қойды. Тек шайға қанған соң ғана жадыраған кейпі бар (Қ. Жұмаділов ) .

3. Әлдеқандай қамқор, күтімшіл жанның Аяжанды бұл сапарға құнттап, майпаздап шығарып салғаны көрініп тұр. Киімдері тап-таза, ықшам (Б. Соқпақбаев) . Беріген үзінділердегі бірінші және екінші сөйлемдер арасында себеп- салдарлық байланыс бар екенін көруге болады. Жай сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай төрт түрге бөлінетіні белгілі. Толымсыз сөйлемдерді де осы төрт түрге қатысты қарастыруға болады екен. Айтылу мақсаты мен интонацияға байланысты жіктелетін хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер толымды ды, толымсыз да түрде жұмсала алады.

1) Толымсыз хабарлы сөйлемдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Белгісіз жақты сөйлем
Жай сөйлемнің түрлері жайында
Бір құрамды сөйлемдер
Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Жай сөйлемді оқыту
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер
Есімді сөйлемдер
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz