Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым


II. ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ
- әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және сенім мәселесі
- әл-Фараби калам мен фалсафа арақатынасы
жайында
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІКІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын бүгінгісі өткен тарихымен астасып жатады. Өткенінен хабары жоқ жандардың бүгінге, болашаққа да берері шамалы болады. Келешектің қамын, оның мәнді болуын ойлаған халық жас ұрпақты бесіктен тәрбиелейді. Одан әрі дәстүр - өнегесін санасына сіңіреді. Мұның барлығы халықтың өзіндік қолтаңбасы бар тағылымдарынан туындайды.
Уақыт-ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып жұтатын, жаңаны сынап, жер жастандырып өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш-саяси қысым, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су болып көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын ұлттық болмысымыздың өзегі-құдайлық әлеммен байланыстырушы дін және оның құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр.
Кеше діни-рухани желі - жүйе кешегі жетпіс жылдық аз ғана уақыттың ішінде қажетсіз деп танытылды, идеологиялық қағажу көрді. Адам мен құндылық арасындағы қатынас бұзылды, тарих үзілді, мәдениет қайта түзілді. Бүгін сол құндылықтарымызды өзінің қалдырған мұрасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген тарихи тұлғаларымызға басқаша көзқараспен, оларға деген қатынасымызды қалпына келтіріп, тарихи сабақтастықты жалғап, төл мәдениетіміздің келбетін қайта танып, саралауға деген ұмтылыс бар. Осындай рухани мұраның басында барша әлемге Екінші Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұрасы тұр.
әл-Фараби және оның мұрасын жан-жақты зерттеу нысаны ретінде таңдаған фарабитану саласы да өткен дәуірдің тегеурінімен сол уақыт пен кеңістіктің қажет деп тапқан қырларымен танылды және танытылды. Фараби мұрасын тану өзіндік болмысы мен табиғатының ақиқатын жан-жақты танырлық мүмкіндікке тәуелсіздіктен кейін жететін сияқты болып көрінді. әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын негізінен зерттелу жағынан, зерттеушілерінің саны мен сапасы жағынан кенде емес. Көрсеткіш ретінде ғалымның мұрасын тану тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, дін, философия және тағы да көптеген сала тұрғысынан зерттелініп жалпы әлемде жүздеген диссертациялар жазылды. Бұл сандық, сапалық өлшем. Осы өлшемнің өзінен-ақ саннан сапаның тууы, зерттеудің дәрежесі мен көлемі анықталуы тиіс еді. Бірақ бүгінгі таңда әл-Фараби мұрасының әрбір саласы арасында тұтастық пен тұжырымдалған, орталықтандырылған жүйеге түсіру қажеттілігі артып отыр. әл-Фараби шығармашылығын зерттеуде ашылмай жатқан, тиісінше танылмай, танытылмай жатқан қат-қабат мәселелер жетерлік.
Төрткүл дүниеге белгілі Абу Насыр Әл-Фараби бүкіл әлемге өзінің шығармалары арқылы кеңінен танымал екені мәлім. Менің пікірім Қазақстанда дін ғылымына сұраныс пен талап арта бастаған кезде ислам философиясының соның ішінде әл-Фараби мұраларындағы дін философиялық көзқарастарын тану, оның араб, парсы және түркі тілдеріндегі құнды шығармаларын мейлінше мемлекеттік тілге, яғни қазақ тіліне аудару қажет. Қазіргі таңда ғалымның ашқан жаңалықтарымен қатар, діни-философиялық көзқарасыда құнды. Осыған байланысты бұл диссертациялық жұмыста ортағасырдағы дін мен фалсафаның, ортағасырлық араб-мұсылман дүниетанымының бірегейлігін ақыл мен сенім тұрғысынан көрсете отырып, сараптама жасау.
Араб халифатының мәдениеті гүлденген уақыты әлемдік тарихтың бірден-бір бөлшегі болып табылады. Қазақ топырағынан талай даналарды дүниеге алып келді. Олар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде танымал жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Сина және т. б. сынды данышпандар Антика дәуіріндегі философиялық дүниелеріне жаңаша сипат беріп, оларға түсініктеме жазған.
Бұл зерттеу жұмысымда әл-Фарабидің мұрасындағы дін мен философия арақатынасы туралы көзқарасын қолға алып отырмыз. Шығыс және батыс ойшылдарының шығармалары негізгі тақырыпты түсінуде бізге көмек болғандықтан оларға белгі қалдырдық. Ислам философиясы дегенімізде әл-Фараби бұл тақырыпта оның пікірлерін талқылау өте маңызды болып отыр. Бұл диссертациялық жұмысымта әл-Фараби мұрасындағы дін мен философияның сабақтастығын түсіндіруде алдымен тәңір, болмыс туралы пікірлерін қарастырдық. Бұл оның философияға ие болған мүмкіндік (мумкину’л-вужуд) және бар болуы міндетті (уажибу’л-вужуд) болмыстар терминін зетіттеуге жетеледі. Осылайша ортаға шыққан бұл екі түр болмыс арасындағы қатынастың уақытын білдіру үшін уақытты да қарастырдық.
Диссертациялық жұмыстың зерттелеу деңгейі.
Соңғы жылдары философия саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген, сондай-ақ автордың да кәсіпқойлық қалыптасуына тікелей әсер етіп, ғылыми еңбектері диссертация жазу барысында үлкен қолданыс тапқан белгілі Қазақстан философтарының есімдерін атап өтпеске болмайды.
Ж. М. Әбділдин, А. Х. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, М. С. Әженов, Ғ. Ғ. Ақмамбетов, К. Х. Рахматуллин, Д. К. Кішібеков, А. Қ. Қасабек, О. А. Сегізбаев, Т. С. Сәрсенбаев, К. М. Сатыбалдина, Б. Р. Қазыханова, М. С. Бурабаев, М. Ш. Хасанов, Ж. Ж. Молдабеков, Б. К. Құдайбергенов, З. А. Мұқашев, Қ. Ш. Шүлембаев, А. С. Балғынбаев, С. Д. Таңкаев, М. С. Орынбеков, Б. Ғ. Нұржанов, Т. Х. Ғабитов, Ж. А. Алтаев, Ә. Б. Наурызбаева сондай-ақ, әл-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеу саласында Қазақстан Республикасы Фарабитанушыларының зерделі еңбектерін көп жылдардан бері әл-Фарабидің тарихи-мәдени, философиялық ғылыми мұраларын көп елге танытып келе жатқан А. Машановтың, А. Х. Қасымжановтың, М. С. Бурабаевтың, А. Көбесовтың, Қ. Жарықбаевтың ғалымдарымыздың әл-Фараби мұрасына қосқан ғылыми зерттеулері шаш етектен. Кеңес өкіметі тұсында әл-Фараби мұрасын жан-жақты зерттеу кеңінен етек жайды. Мәскеу мен Алматының, Ташкент қадаларының зерттеуші ғалымдары В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, И. С. Брагинский, Н. И. Конрад, Б. Ғафуров, С. Н. Григорян, В. П. Зубов, П. Иванов, А. Сагадеев сияқгы белгілі зерттеушілер әл-Фараби ғылымының негізін қалады. әл-Фараби философиясы мен дүниетанымын зерттеуде осы Кеңес өкіметі жылдарынан бері докторлық және кандидаттық диссертациялардың, монографиялар мен ғылыми мақалалар қыруар жазылды.
Осы кезде шығыстық ғаламдар араб және парсы тілдерінде жазған Ахмад ибн Халликан, Ибн Саид әл-Қифти, Ибн Аби Усайбиның еңбектері. әл-Фараби өмір сүрген кезеңдердегі Арабтардың рухани және қоғамдық-саяси өмірін зерттеуде Р. Эрланжэ, Ф. Роузенталь, Л. Данлоп, А. Мец, А. Массэ, Г. Э. Грюнебаум еңбектері айта кету керек. .
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті.
-әл-Фарабидің мұрасындағы дін мен философиялық арақатынасындағы көзқарастардың мазмұны мен қағидаларын анықтау.
- әл-Фарабиді ортағасырлық ислам философиясына қосқан үлесі.
- әл-Фарабидің дүниетанымын діни-философиялық тұрғыдан талдай отырып, сараптама жасау.
- әл-Фарабиді ортағасырлық мұсылман философиясының көрнекті өкілі болғандықтан оның философиясын ислами көзқараста зерттеу.
- Ғалымның мантық ғылымына, калам іліміне, философияға, ғылымға қосқан үлесін анықтау.
- Сол кезеңде Халифат дәуірінің өркендеп тұрған кездегі дін мен философияның бір-біріне сабақтастығын айыру.
- әл-Фараби іліміндегі болмыс сатыларын көрсету.
- Ойшылдың тәңір туралы көзқарасына түсінік беру.
Жалпы, әл-Фараби ғылымның барлық салаларының дамуына үлес қосқан энциоклопедист ғалым ретінде көрсете отырып, оның ислам философиясындағы алар орнын анықтау диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
-әл-Фараби мұрасындағы дінмен философия арасындағы сабақтастық мәні анықталады.
-Ойшылдың тәңір туралы ой-тұжырымдарын барша ерекшеліктермен қарастыра отырып, түрік және араб тілдеріндегі тәңірге қатысты уажибул-вужуд (бар болуы міндетті болмыс), мумкунул-вужуд (бар болуы міндетті болмыс), ассабул-аууал (алғашқы себеп), мухарракатул-аууал (алғашқы әрекет жасаушы болмыс) және тағы басқа терминдер енгізілді.
- әл-Фарабидің көптеген еңбектерінде материалистік көзқарастар ұшқындары бар, бірақ әл-Фарабидің нағыз шынайы болмысы ислам дініне деген қызметі зор болған. Өйткені ислам дінінде білім мен ғылымның алар орны ерекше мәнге ие болғандықтан әл-Фараби ғылымның барлық салаларына мейлінше өз үлесін қосқандығын нақтылай көрсету.
-әл-Фараби шығармаларын материалистік тұрғыдан емес, идеалистік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу обьектісі.
Қазақтың ойшылы әл-Фарабидің діни-философиялық мұрасы.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні.
Диссертацияның берген қортындылары осы мәселені болашақты зерттеуге дінтану ғылыми саласындағы әл-Фараби мұрасының рухани-құндылықтары көптеген мәселелерді шешуге пайдалы, әрі магистрлік диссертация материалдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында философия, дінтану тәрізді студенттердің арнаулы курстарында, семинарларда қолдануға тиімді.
II. ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ
2. 1. әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және сенім мәселесі
Ғылым методологиясы жалпы алғанда, ол ең толық және тұтастығымен философияда көрініс табатын, адамның дүниеге деген танымдық қатынасының деңгейі және сипатымен анықталады. Ғылым объективтік шындықтың адекватты бейнеленуіндегі дамыған форма ретінде алға шығады және қашан білім арнаулы әрекеттің нысанына айналғанда, сөздің өзіндік мағынасында пайда болады. Білімнің ғылымда бекітілуі, ол сонымен бірге оның бөлініп шығуы, ерекше нормалармен және ережелермен ретке келтірілетін, оның формаларымен белгілі бір тектегі арнаулы әрекеттегі қашанда ұйғарады. Соңғылары тек өзінде, өзінің ішіндегі білімде пайда болмайды, бірақ, бәрінен бұрын және ең алдымен, адамның дүниеге деген тұтас танымдық қатынастарының шектеріде ол қалыптасады және дәуірдің дүние танымдық мазмұнымен мәнді түрде анықталады.
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым. Адамға сол өз уақытының шарасынан асып кемелдікке, бақытқа жетуі үшін тек таным жеткіліксіз, оған қоса амалды да жүзеге асыруы шарт. Бұл Құрандағы білім алу, оны жүзеге асыру ұстанымымен үндеседі. Сондықтан адамның алдында өлімнен бұрын жүзеге асыратын үш түрлі таңдау бар: Біріншіден, адам ілімі мен амалын тең дәрежеде қолданып, жүзеге асырып, яғни парасатты адам (фазыл) болып, шексіз бақытқа (ас-саадат-ул қусуа) ұласады; екіншісінде адам тек таным, ілім иесі болып қалады, бұл жерде ол амал арқылы жүзеге аспағандықтан (фасық) шексіз бақытсыздыққа душар болады, (шақауат) яки, адам танымды да қалауды да жүзеге асырмаса, өліммен бірге жоқ болады.
Танымдық қатынас, араб-мұсылмандық мәдениетте тап сондай діни дүниетаным болып табылатын, тұтас дүниетанымдық негіз шектерінде пайда болады және қалыптасады, өйткені осындай мәдениеттің болмысы өзінің шыққан тегі және мәнісі бойынша ерекше діни болмыс болып табылады. Мұсылмандық мәдениет әлеміндегі рационалдық бағыт ретіндегі философия пайда болуының өзі көбінесе әлемнің жаратылуы және ерік бостандығы, тағдыр және адам жауаптылығы және т. б. сұрақтар бойынша тұған пікірталастармен, және әрбір абстрактылы, теңгеруші ұстап және өлшеуіш- ақылға жүгінуді талап ететін, теологиялық және құқықтық пікірталастармен туындаған жағдаймен байланысты болды. Араб-мұсылмандық ортағасырлық мәдениетте ғылымшылдық кез келген формасы дүниетанымы және мәнісі бойынша дінмен анықталады, бұл оның сиаптты белгісі. Оның ішінде танымдық және логикалық құралдар кешені қалыптасқан, Әл-Фараби философиясыда бұл мағынада ниетте жатқан жоқ.
Ислам ілімі қалыптасуының басында-ақ, олар бір-бірімен адамның әлемдегі орны мен маңыздылығы және соған сәйкес адамның дүниені тану қабілеттілігінің және осыны жүзеге асырудағы қолданатын құралдарын негіздеу тәсілдері бойынша ерекшеленетін, екі тұжырнамалар қақтығысты. Оны дәстүршіл-ридейстік деп атауға тұратын, бір тұғырнама Құран мен Сүннені сөзбе-сөз оқу мен түсіндіруден шығуды талап етті, қасиетті мәтінде кездесетін, қайшылықтар мен аршақтықтарды түсіндіру деген пайымдаушы зерденің жолын жеті. Ол Құдайға қызмет етуге міндеттелгендіктен, Сенім адамгершілік қылықтың маңызды және түпкі өлшеуіш құрастыруды, ал одан тек қажетті ғана емес, сосынмен бірге адамның өмірдің барлық салаллырындағы жалғыз, жеткілікті әрекет ету негізі болып есептеледі.
Исламдық мәдениетте қалыптасқан, таным субъектісі ретіндегі адамның рөлі мен мазмұнын принципиалды ерекшелінетін түсіну, дейді Е. А. Фролова, таным мен ғылыми ойлау методолиясында екі жолы бөліп көрстеудің негізі болды. [95] ., 69б. Автор бойынша, оған біз әл-Фараби философиясын жатқыза алатын, бірінші бағыт, табиғи Әлемнің байланыстары мен заңдылықтарының және оларды тану мүмкіндіктерінің жалпылама себептік-салдарлық байланыстарымен қамтылғанын мойындайтын, философиялық детерминизмде көрініс табады. Фатализмнің діни концепцияларынан байланысты, екінші бағыты Құдайды бүкіл баршылықтың түпкі, жаратушы себебі, әлем мен әлеуметте, соның ішінде адамдық қылықтарда да, барлық болып жатқанды қажетті айқындаушы деп мойындаумен байланысты. Бірақ бұл ислам мәдениеті шектеріндегі ұстында да, қатал креационизм, провиденциализм және еркін адамдық таңдауы үйлестіру тәсілін таба білген, ерік бостандығы туралы терең ілім қалыптасты.
Егер бірінші бағыт адамды танымға мүдделесе және болмыс құпияларын ашуда одан батылдықты, тәуелділікті талап етсе, онда екіншісі адамның жетіспегендігі мен әлсіздігіне келіседі, бірақ адамнан, біріншіден өзгеше, танымды емес, ал өзінің әдебі мен сеніміне сай қылықты керек етеді. Методологиялық қырынан бұл, егер адам Құдай жолын тани алмаса, немесе соған қабілетті болмаса да, онда ол таңдануына сай және сенімі бойынша қаншама ол қуатты немесе әлсіз болғанымен, әрекет етуге міндетті.
Егер бірінші ұстаным материалды дүниенің себептік-салдарлық байланыстарының олардың танымдық әрекеттегі сезілуінің адекваттылығынан шықса, онда екнішісі өмірдегі жалпылама детерминизммен және оның интеллектуалды білдірілуінің арасында айырмашылық жүргізеді. [96] . Жігер өмір детерминизміне қарсы тұрамйды, ол оған бағынады. Детерминизмге қарсы білім, зерде тұрады, өйткені олар жалпыламаны, оның байланыстары мен қатынастарын білдіреді. Жігер жалпыламаға емес, ал нақтылы өмірдің индивидуалдық байланыстарына бағытталған. Сондықтан адамның қатал детерминизациямен қақтығысуында, ол зердемен қайшылыққа келеді.
Негізгі мақсат Алланы тану және Оған ұқсап бағу. әл-Фарабидің сана (ақыл) теориясы мен таным теориясы "Үлкен музыка кітабының" мазмұны мен теориялық құрылымы арасындағы ұқсастықтар, рухтың "белсенді сана" мен "интуитивтік байланысы" құбылысының теориялық негізі мен музыканың рухтың құдайлық танымға ұласуы мен бақытқа кенелудегі орны өте маңызды. Фарабидің ойлау жүйесіндегі танымның мәні, танымға жету жолдары мен музыканың рухты танымдық кемелдікке жеткізудегі және тәрбиелеудегі орны жеткілікті дәрежеде қарастырылған.
Ислам өзінің қалыптасу кезеңіндегі философ-рационалистер келбетінде діни ақиқатты негіздеу мақсатында грек методологиясын қолданды, өйткені философтар жиі теологиялық дискурсқа араласты, бірақ бұл кейде догматикалық дінтанудың беделін түсірді. Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушдт және басқа да ойшылдар идеяларында, олардың тек белгілі философтар ғана емес, Құдай және материалды әлемнің қос мәңгілігі, логиканың адаммен дүниені және сол арқылы Құдайды тануының басты құралы болғаны және т. б. жеткілікті дамыды.
Сонымен бірге бұл ұстында ортағасырлық дүниетүсінудің теріс жағы, онда Құдай да, табиғатты адамға қатысты, оларға адам өте терең құрметтеумен қарапайым, сыртқы күштер ретінде көрініс тапқандықтан, солай бейнеленеді. Ақиқат құдайлықпен дәл келуде деп ұғымғандықтан, ал адамның ұмтылыстары міндетті түрде Құадймен бірегейленуде және Құдайды өз жүрегінде табуда тұр деп есептегендіктен, ортағасырлық Құдайды тануға талпынды. Әлем Құдайдың жоспарымен жаратылған болғандықтан, адам үшін әдістемелік бастыға өмір сүріп тұрған заттар тәртібін, тағайныдалған әдептік-құндылық нормалар мен қатынастарды қорғау, ал сондықтан дәстүрлі мінез-құлықты сақтау айналды. Сондықтан тұтас мұсылмандық әлем үшін бүкіл ортағасырлық тарихи барысында, адамды өз өмірін белсенді жасау қабілетінен айырған, өз тіршілігінің шектілігі мен өткіншілігін сезінетін анықтауыш болып қала берді.
Ендеше, таным субъектісі ретіндегі,, адамды екіжақты түсіну ортағасырлық араб-мұсылман мәдениетіндегі ортақ сипатпен түрлі методологиялық ұстандарды анықтады, олардың арасында принципиалды-тұжырымдалған, мәдениеттанулық ұстын, және, ақырында, суфизм жатады.
Бұрын атасын өтемдей, дүниетанымдық өрісте үстем тұрған дәстүршілдік тұғырнамада, Құранның әрпі мен рухына сену және оны түсіндірудің қияс, рай, иджма, истслах(истихсал) сияқты методтары жетекші рөл атқаруы Кең таралған тафсир, мұсылмандық экзегетика тәжірибелері Құрандағы сөз және мағынамен терең іс істеуді талап етті. Құран мен Сүннеге сүйенетін, осы кезде қалыптасқан мұсылмандық құқықтың негізгі мектептері де әр бағытта басымдылық танытқан негіздеу, дәледеу тәсілдеріне, сол немесе басқа заңгерлік ережелер мен нормалардың дұрыстығын әр түрлі дәелдеулер мен бекітулерге негізделді.
Бекітілген сенім, тұғырына сай, құран мен Сүннені түсіндірмелеуде оның қолдаушылары, діннен басқа, оймен аңдау методтарына да сүйенеді, адам өмірінің мақстаы болып құдайлық күштің құдіреттілігін мойындау және оған бағыну ұсынылды. Оны аңдау көбінде, жиі ретте Құпия, қиындық білдірілетін, интуитивті, "іштей көрумен" кепілденді. Табиғатты зерттеу таным басымдылығы бола алмады, себебі табиғат, одан жоғары тұратын күштің, тек жарату әрекетінің нәтижесі ретінде мойындалды, ал адам мақсаты міне осы жоғарғы мақсатқа деген ұмтылыс болып табылады.
Сондықтан діни дүниетаным шеңберінде қала отырып, физикалық объектілерді байыпты қарастыру мен зерттеудің объектісі ете, олар басымдылықтарды өзгертіп отырды. Солай, мысалы, Әл-Фараби бойынша, "философияны оқығысы келетіндер әрекетке ұмтылу және мақсатқа жету жолында болуы керек. Әрекетке ұмтылыс білім арқылы жүзеге асады, өйткені білім әретекпен ақталады. Мақсатқа жету білімде табиғатты танусыз бола алмайды, себебі ол біздің түсінуімізге жақын". [97] ., 11-12б. Сондықтан, ортағасырлық мұсылмандық әлем философтарының интенциясын табиғаттанулық ғылыми танымның методологиясын ажырату, олардың ерекшеліктерін анықтау құрастыру және осыны ортағасырлық араб-мұсылман философиясын зерттеушілердің іс жүзінде бәрі атап өтеді. Сондықтан зерттеулерде олардың ғылыми мүдделеріндегі практицизм мен эмпирикалық бағыттану аталып өтеді, дегенмен араб-мұсылман философтары және қалам өкілдері логикамен бірдей айналысқанымен, бірақ философтарды қызығушылығы басқа мақсаттармен - тек құрандық білімді негіздеу емес, ал ғылыми практикалық жолмен алынған жаңа білімді негіздеумен айқындалды.
Философтардың басты нысына зерттеудің ғылыми методы, рас білім, оның ақиқаттылығы мәселесі болды. Олар көбінесе аңдау тұғырынан шешілді. Философтардың аталып өткен практицизміне, соның ішінде Әл-Фараби де бар, практика соған қарамай, ол таным табиғатын мәдени-тарихи түсіндірмелеуге мүмкіндік беретін, негізге айнала алмады. Пайымдаулардың аңдаушы сипаты көбінесе түрлі пайымдаулардың бір-біріне сәйкесітілігі ретіндегі ақиқатты түсінумен себептеледі, оның үстіне олар біріне-бірі көбінесе қайшылықты болмады, айталық сондайға аристотельдік қайшылық заңы арқылы жолы жатады, ол туралы Әл-Фараби былай деп жазады: «Пайымдаулар мен сенімдер, қашан олар басқа өмір сүріп тұрғанға (пайымдауға немесе сенімге) сәйкес келгенде, сонда олар ақиқат болады. »[98] ., 14-15б.
Ақиқатты осылай түсіну, олардың қайнарында араб-мұсылман мәдениетінде Әл-Фараби тұрған, тарихи-философиялық методологика мен тарихи-философиялық концептуалдықтың негіздерін қалай келе, лағыларын қоса есептегенде, әр түрлі философтардың көзқарастарына кең түрде назар салуға себебін енгізді. Әл-Фарабидің көптеген трактаттарында сол немесе басқа мәселелерді талқылауда алдынғыларының көзқарастарын баяндаумен жиі кездесеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz