Хабар арнасындағы тележүргізушілер мектебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ
Тележүргізушінің шеберлік қырлары
- Экрандағы тележүргізуші шеберлігінің кәсіби сипаты мен психологиялық аспектілері . . . 7
- «Хабар» арнасындағы тележүргізушілер мектебі . . . 20
ІІ ТАРАУ
«Хабар» арнасындағы телебағдарламалардың тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері
2. 1. «Хабар» арнасындағы рухани хабарлардың жастар аудиториясын тәрбиелеудегі рөлі . . . 29
2. 2. «Жеті күн» сараптамалық бағдарламасының қоғамдық-саяси мәні . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
КІРІСПЕ
« . . . Дауға салса алмастай қиған,
сезімге салса қырандай қалқыған,
ойға салса қорғасындай балқыған,
өмірдің кез-келген орайында әрі қару,
әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас,
отты да ойнақы Ана тілінен артық
қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?»[1]
Нұрсұлтан Назарбаев
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Тарих қойнауында «көгілдір экран» деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл - бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар теледидар бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі көрермені ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез - келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, теледидардың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Ал телевизиядағы аудиторияның, яғни халықтың жүрегін жаулап, көңілін баурап алатын тұлға - тележүргізуші. Экран эстетикасын, яғни көгілдір экрандағы әсемдік әлемін, бейнелі ақпараттың мәні мен айтылған ойдың дәнін жұртшылық тележүргізушінің көзі мен сөзі, сымбаты мен сипаты, болмысы мен бітімі, үні мен қылығы арқылы қабылдап алады. Ендеше, тележүргізуші қызметінің сегіз қыры мен бір сырын саралау - уақыт талабы, заңды қажеттілік. Сондықтан да бітіру жұмысының тақырыбы - «Телеэкрандағы жүргізуші шеберлігі» («Хабар» агенттінінің «Жеті күн» қорытынды жаңалықтар материалдарының негізінде) ».
Тақырыптың өзектілігі. Көптеген елдер өзінің жағымды имиджін қалыптастыру үшін алдымен әлемге тарайтын бұқаралық ақпарат құралын, әсіресе, телевизиясын жұмылдырады. Бүгін де Қазақстан әлемдік аренеда өзіндік орны бар дербес мемлекетке айналды. Еліміздің стратаегиялық жоспарлары, жобаларының шынайы көрінісін ұсынатын БАҚ-тың үлкен рөлін атқарып отырған еліміздегі «Хабар» телеарнасы. Сондықтан, «Хабар» телеарнасының мойнына артқан жүгі жеңіл емес деуге болады. Қазақстан өте қысқа мерзім ішінде өзін әйгілі етіп, әлемдік аренадан айтулы орын белгілей білді. Осының бәрінде мемлекетіміздің имиджін қалыптастырып алыс жақын шет елге паш ету арқылы «Хабар» арнасының да қосқан үлесі бар екені даусыз. Сондықтан да «Хабар» арнасындағы тележүргізушілік тәжірибе - шын мәнінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін құбылыс. Сол арқылы кәсіби шеберліктің ұтымды тұстары мен қажетті қисындарын қарастыра отырып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу - болашақ кәсіби журналист үшін шынайы парыз
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қазақ тележурналистикасы теориясының негізін қалаған М. Барманқұлов, Н. Омашев, Қ. Тұрсын, Ж. Әбдіжәділқызы, О. Ошанова, Қ. Әбжанов, Ә. Молдабеков сынды ғалымдардың еңбектерінде тележүргізушінің кәсіби қырлары, шығармашылық ерекшеліктері жайында ғылыми көзқарастар мен біршама тұжырымдар айтылған. Сонымен қатар, телеэкрандағы жүргізуші шеберлігі туралы пікірлерді басылым беттеріндегі, интернет сайттарындағы материалдардан да кездестіруге болады. Дегенмен, «Телеэкрандағы жүргізуші шеберлігі» атты тақырып өз алдына арнайы зерттелмеген. Бітіру жұмысында тележүргізуші шеберлігінің сан қырлы сипаты «Хабар» арнасындағы тележүргізушілер мектебінің мысалы бойынша қарастырылады. «Жеті күн» сараптамалық бағдарламасына талдау жасалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты - еліміздің телеақапрат кеңістігіндегі тележүргізушінің шығармашылық тұлға ретіндегі ролін айқындап, тележүргізуші қызметінің кәсіби деңгейіне баға беру. Осыдан келіп туындайтын міндеттер:
- ең алдымен ұлттық тележурналистикадағы тіл мәдениетіне тән проблемаларға шолу жасау;
- отандық телеарналардағы тележүргізушілердің кәсіби деңгейін саралау;
- қазақ тілді тележүргізушілерге тән типтік кемшіліктеріне талдау жасау;
- ұлттық журналистикадағы кәсіби жүргізушілердің үздік үрдістерін атап өту;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі заманғы тележурналистика мүлде жаңаша сипаттағы пішіндерді, әдіс - тәсілдерді, мейлінше күрделі қисындарды меңгеріп даму үстінде. Сол жаңашыл бағыттардың бір тармағы - тележүргізуші қызметі. Тележүргізуші қызметінің ең басты бір қисыны тіл мәдениеті болса, келесі бір маңызды тұсы бет -бейнесі, түр-тұлғасы, яғни имиджі. Отандық тележүргізушілердің болашақ журналистер үшін үлгі алатын тұстары баршылық және көрерменді жауыр етіп, жалықтырып жіберетін типтік кемшіліктері де жетіп артылады. Тележүргізушілер тәжірибесін талдап, ғылыми тұрғыдан зерттеп, оған тән негізгі проблемаларды айқындауға арналған бұл бітіру жұмысының жаңалығы мынадай қисынмен анықталады:
- тележүргізуші кәсіби шеберлігінің лингвистикалық және психологиялық қырлары зерттелді;
- тележүргізушілерге тән типтік кемшіліктерге талдау жасалып, қазіргі заманғы кәсіби этика мен экран эстетикасына сай талаптар аталып өтті;
- «Хабар» арнасындағы тележүргізушілердің кәсіби деңгейлері мен шығармашылық шеберліктеріне талдау жасалып, үлгі-өнеге етер тұстарына айрықша мән берілді;
- Ұлттық тележурналистикадағы тележурналист имиджі арнайы қарастырылды.
Зерттеу тәсілдері . Ғылыми еңбекте баяндау, салыстыру, талдау, баға беру, ғылыми тұрғыда тұжырымдау, теориялық деңгейде жүйелеу, жинау, қорыту әдістері пайдаланылды. Зерттеудің негізгі бағыттары публицистік, лингвистикалық, типологиялық сипат алды.
Зерттеу жұмысының нысаны. « Телеэкрандағы жүргізуші шеберлігі» атты бұл бітіру жұмысының негізгі нысаны - «Хабар» арнасы. Сондықтан да зерттеуге «Хабар» арнасындағы телебағдарламалар мен оның жүргізушілерінің шығармашылық қырлары арқау болды. «Жеті күн» апталық - сараптамалық бағдарламасы арнайы қарастырылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты мен одан туындаған мәтіндеріне орай танымдық, деректік, тарихи, проблемалық, салыстырмалы сипаттағы ғылыми болжам ретіндегі материалдарды сараптау негізінде жазылды. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
I ТАРАУ
Тележүргізушінің шеберлік қырлары
- Экрандағы тележүргізуші шеберлігінің кәсіби сипаты мен психологиялық аспектілері
«Кез келген жүргізуші журналистің суырып салма шешен болуын ешкім де талап етпейді, өйткені, шешендік өнер - таланттың ғана қолынан келетін іс. Ал ойланып, салмақтап қате жібермеуге тырысып сөйлеу - мәдениетті жүргізушінің міндетті борышы»[2] .
Ж. Әбдіжәділқызы
Тіл сөйлеген сайын жетіледі, жазған сайын қалыптасады. Заман ағымы жедел қарқынмен ілгері басуда. Уақыт аясындағы сан қилы өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының стилін қалыптастыруға да орасан зор ықпалын тигізді. Қалай болғанда да журналистердің міндеті - саясаткерлердің, лауазым иелерінің нені қалайтыны, не ойлайтындарын баяндау емес, қоғамда не болып жатқандығын айту. Міне, осы тұрғыдан келгенде, сапалы журналистиканың шын мәніндегі нағыз демократиялық қоғамды қалыптастыруға қабілетті екенін, сол істе маңызды іс атқаратынын айрықша атап өткен жөн. Ал, журналистің жеке өзін алып қарайтын болсақ, онда оның білімділік және белседілік деңгейі қаншалықты жоғары болса, сапалы материал әзірлеуге деген мүмкіндігі де соншалықты мол болады. «Жанның терең түпкірінде жатқан ойларды, жүректің жетпіс қабат астында жатқан ыстық сырларды ашып, шешіп беретін адам сөзінен дүниеде қымбат не нәрсе бар?»[3] .
Көрерменді баурап алудың ең ұтымды тәсілі - олардың өмірін көңіл тербететіндей буалдыр сағым, бос қиялмен толтыру екенін анықтады. Кинофильм өмірден опық жеген осынау жандарға ілгері ұмтылып, алдарында тұрған проблемаларды шешу үшін белсене қимыл жасауға үйретуді мақсат тұтпайды. Оның мақсаты - адамдарды нақтылы өмірдегіден әлдеқайда тартымды, тәтті қиялмен елтіту, соған елтіген жұртты тағы да бірер сағат қиял құшағына кіру үшін қайта-қайта кинотеатрға келгіштей беретін ету. Осындай тиімді штамптардың әбден табан тіреп бекігені сондай, тіпті ең салиқалы романдар мен драмалардың өзі кино қақпақылына түскендей түпнұсқадағы қадір-қасиетінен жұрдай болып шыға келеді. Олар толыспаған ақылдың арзан қиялына азық болатындай өңі айналып, өзгеріске түседі.
Грамматикалық кідіріс - тыныс белгілеріне байланысты кідіріс. Тыныс белгілері автордың айтайын деген ойын ашу мақсатында орындаушының бірден-бір көмекші құралдары болып табылады. Мәтінді «өзіндік» етуде, өз ойын айқындауда, автордың мүмкіндігін меңгеруде ғана тыныс белгілерінің қажеттігіне көңіл аудара бастаймыз. Мәтіндегі әрбір тыныс белгісі бізге автордың ойын тындаушысына нақты және айқын жеткізуге мүмкіндік бермек. А. Чехов белгілерін «оқу барысындағы нота» деген екен.
Грамматикалық мағына - сөздің сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде туатын жалпы мағынасы. Әр сөздің белгілі бір сөз табына топталуына байланысты өзіндік грамматикасы болады. Мысалы, етістік жақ, рай, етіс, шақ, т. б. мағыналарды білдіреді. Оқы+ды+ң етістігінің ашық рай, өткен шақ, жекеше -ды қосымшасы арқылы айқындалып тұр. Грамматика әрбір тілдің грамматикалық құрылысына сәкес грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Мысалы, қазақ тілінде кітаб+ым, қалам+ың, үй+і дегенде меншіктік, жақтық мағына тәуелдік жалғауы арқылы, ал орыс тілінде мой дом, неміс тілінде dein Buch дегенде аналитикалық тәсіл арқылы берілген.
Грамматикалық тәсіл - грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әртүрлі грамматикалық қатынастарды белгілеудің жолы, құралы. Тілде грамматикалық мағыналар әртүрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Олар мыналар: а) аффикстік тәсіл. Сөздің түбіріне немесе негізіне аффикстердің жалғануы арқылы грамматикалық мағыналарды білдіруі (мыс., дос- тар-ым-а, ел-ге) ; ә) қосарлану тәсілі. Бір түбірдің (немесе негіздің) қосарлануы арқылы грамматикалық мағыналарды білдіруі (мыс., жан-жануар, бүгін-етрең, өзді-өзі, көре-көре, қып-қызыл) ; б) көмекші сөздер тәсілі. Көмекші сөздер атауын сөздермен тіркесіп, сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, олардың арасындағы грамматикалық қатынастар мен мағыналарды білдіреді (мыс., оқу үшін келдім) ; в) интонация тәсілі. Сөйлемдердің айтылу мақсаты мен интонациялық өзгешеліктеріне байланысты түрлерін бір-бірінен ажырататын тәсілі ретінде қызмет атқарады. Мыс., сұраулы сөйлем пайымдау мағынасындағы сөйлемнен немесе күдіктену мағынасындағы сөйлем таңдану және т. б. мағыналардағы сөйлемдерден интонациялық айырмашылықтар арқылы ажыратылады; г) сөздердің орын тәртібі, тәсілі. Жалғаусыз байланысқан сөздердің, сөз тіркестерінің жігін ажырататын құрал ретінде қызмет атқарады. Мыс., сағат қалта деген сөз тіркесі мен қалта сағат деген сөз тіркесінің мағыналары бір-бірінен анықтауыш пен анықталғыш сөздердің орын тәртібі жағынан ажыратылады; д) ішкі флексия тәсілі. Түбірдің дыбыстық құрамы өзгеруі арқылы граммат. Мағыналарды білдіруі. Мыс., неміс тілінде Mutter («шеше») жекеше мағынаны білдірсе, Mutter («шешелер») көптік мағынаны білдіреді; е) екпін тәсілі. Еупіні тиянақсыз тілдерде сөздің әр басқа буынына екпіннің ауысып түсуіне орай грамматикалық мағыналар мен формаларды ажыратады. Мыс., орыс тіліндегі руку, ногу түрінде айтылатын ілік септіктегі сөздердің мағынасы олардың руки, ноги түрінде айтылатын атау септіктегі көпше формасынан екпіннің әр басқа буынға түсуі арқылы анықталады.
Грамматиканы меңгеру - біздің ауызекі және жазба сөйлеуімізді дамытудың бірден-бір құралы. Оның заңдарын білу арқылы адам өзінің ауызша, жазбаша сөйлеуін белгілі мақсатқа сай ұйымдастырып, жоспарлы, жүйелі етіп құра алатын қабілетке ие болады. Грамматиканы меңгеру өз ойын басқаларға тиянақты, анық, оралымды етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, грамматиканың адамның сөйлеу мәдениетімен қатар, оның ойлау мәдениетін дамытуға да зор рөлі бар екені байқалады.
Графика - сюжетіңнің графикалық кескіндемесі болуына көңіл бөл. Графикалық кескіндеме материалды әрлеп қана қоймай, көрерменнің сюжет тақырып дұрыстап түсінуіне мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстаннан Қытайға бағытталған мұнай құбыры туралы сюжет жасайтын болсаң, оның ұзындығын көрсету үшін мұрағаттан алынған бейнекадрлерді пайдаланғаннан гөрі, графикалық кескіндеме біраз ақпарат береді. Не болмаса, «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деген сөйлемді былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырар кезде бейнепланыңда көшедегі жүріп бара жатқан адамдарды көрсеткеннің орнына, ақпаратты графикалық кескіндеме арқылы берсең, сюжетің ұтымды шығады.
Ғаламды жаулаған жанрлар - Әлем және әдемілік немесе эфирдегі арулар жайлы. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді» деген қасиетті сөз бар. Ғаламда ананың көз жасынан ауыр, таразы басын кері тартар күш жоқ. Өмір тепе-теңдігінің бір қалыптылығы, жаһан жан-жалының болмауы, соғыс өртінің тұтанбауы да әйел затына байланысты екені сондықтан. Ал жиырмасыншы ғасырдың ғажайып жәшігі - теледидар «жарқ» ете қалғанда, көптің көзайымына айналып, жылы шуағымен баурап, құдіретті эфирдің әрін келтіру де тек әйел қауымының арқасында екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал телевизия саласындағы қыз-келіншектердің салмағы ерлерден асып түспесе, кем түспейді. Қытайдың медиаиндустриясында әйел адамдар басым болғанымен, ақпараттардың көбі ер адамдар жайында сөйлейді екен. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, елде тележүргізушілердің 69, журналистердің 54%-ын нәзік жандылар құраса, олар БАҚ-тағы бүкіл мәтіннің небәрі 19%ғана ауызғаалынатын болған. Телевизияның ықылым заманнан бері келе жатқан негізгі сұрауы сол: сұлулық, көріктілік. Әлбетте жақсы кадрлардың алма-кезек ұсынылып отыруы, әдемі бейнелердің, оның ішінде қылығымен бірден баулап алатын нәзік жандылардың жиі көрініс тауып отыруы телевизияда шынымен көрермен назарын аударып, жан сарайын ашатын таптырмас құралдардың бірі. Анда-санда Бақытжамал Ерманова ел телеарналарының эфирінен «қылт» ете қалса, жұрт «әлі де өңін бермепті» деп жатады. Немесе Рабиға Аманжолова экраннан тысқары кеткен тұстары танымал жүргізушіні сағынған елдің қатары тіптен көбейіп кеткен. Иә, қазір де көрерменнің көзайымына айналып жүрген бір жүргізуші эфирде көрінбей кетсе, аудиторияның аласұратын сағынышты сәттері жоғала қойған жоқ. «Қымбат Хангелдинаның студияға шығуы сиреп барады, Мәдина Балғабаеваны жаңалықтардан жиі көргіміз келеді немесе Ләйлә Сұлтанқызы кішкене шыдай тұрмады ма?. . деген ілтипатты іздеулер соның бір парасы ғана. Мұндайда сол кейіпкерлеріміздің студиядан алшақ кетуіне бірнеше себептер түрткі болып жатады. Мыс., олар жүргізген бағдарламалардың өміршеңдігі таралып, оның орнын жаңа жобалар басып жатады. Немесе бағдарламалар жүргізушінің материалдық жағдайын қанағаттандыруға шамасы жетпейтін кездер болады және т. с. с. рас, халықтың өз жүргізушісін іздейтіні соншалық, бір кездері «Айбын» бағдарламасы іссапармен облыстарға шықса, жергілікті әскерилер мен шабармандар «Айнұр Қамысбекқызы келді ме екен?» деп алдымен сұрайтын көрінеді. Демек, ішбауырыңа кіріп, жан дүниеңді жаулап алатын телевизия сырының қайталанбас құпиясы осындайда көрінеді. Ал эфирдің арғы жағында да қаншама қыз-келіншек, аналарымыз бен әпке-қарындастарымыздың аянбай тер төгіп жатқандығы тағы белгілі. «Талғамы мен эфирдің талабы бір жерден түйісетін болса, ол -қай телеарнаның болмасын ұлы жеңісі. Экран өмірінің әр сағаты әр минутында нәзік те ардақты жандардың абзал үлестері жатыр»[4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz