Химиялық қауіпттер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
Химиялық қауіпттер
II. Негізгі бөлім
1. Өндірістік Авариялар.
2. Ақпаратты тыңдап, зақымданған аймақта қалып қойған адамдардың іс-әрекеті.
3. Алғашқы көмек көрсету.
4. Қазақстандағы химиялық өнім туралы заң.
I. Қорытында
Табиғаттың ластануы.

Химиялық қауіпті нысандарда авария болған кезде халықтың іс-әрекеті
Химиялық қауіптер дегеніміз - түрлі заттар мен олардың арасындағы химиялық үдерістермен ,айналымдармен байланаста болатын қауіптерді айтады.
Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) - өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).
.
АҚӘУЗ шығарудың негізгі көздері:
Қара және түрлі түсті метпллургия,мұнай өнеркәсіптері;
Целилоза-қағаз өнеркәсібі;
Коммуналды шаруашылық;
Медицина өнеркәсібі;
Тамақ өнеткәсібі;
Теміржол станциялары;
Химиялық қарулар ретінде немесе басқа жағдайларда қолданылатын (дезинфикация,дезинсекция,дератиэац ия)улы заттар;
Құбырлар;

Химиялық авария-химиялық қауіпті обьектілерде апат болуынан қатты әсер ететін улағыш заттардың сыртқы ортаға шығуы ,нәтижесінде адамдардың ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктердің өлуі мен зақымданцына әкеліп соғады.
Химиялық авария болуының негізгі себептері :
Улы заттарды сақтау және тасмалдауда техника қауіпсіздігінің сақталмауы:
Құбырлардың,улы заттарды сақтайтын ыдыстардың ,огрегаттарды істен шығуы;
Нормадан тыс сақтау;
ХҚО-де терроризмнің өсуі;
ХҚО-де техника жүйелерінің тозуы;
ХҚО-де орналастыру ережелері мен қабылданған нормалар бұзылуы;
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар мен зылзалалар нәтижесінде химиялық зақымдағыш ошағы пайда болады.Адамдардың жаппай зақымдану мүмкіндігі немесе зақымдануы болатын аймақты химиялық зақымдағыш ошағы деп атайды.Зақымдағыш аймақта химиялық заттар тамшы - сұйық , бу.аэрозоль , газ күйінде болуы мүмкін.Химиялық заттар адам ағзасына әсер ету қауіпімен қаттылығына байланысты 4 классқа бөлінеді :
1. Төтенше кауіпті - 50% өлімге әкелер дозасы .0,5 гм;
2. Аса қауіпті -5 гсм дейін;
3. Орташа қауіпті - 50 гсм дейін ;
4. Қауіпі аз - 50гсм жоғары;
Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА! сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек
Ақпаратта баяндалады:
- авария қай объектіде болғандығы жөнінде;
- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;
- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады.
Ақпаратты тыңдап, зақымданған аймақта қалып қойған адамдардың іс-әрекеті:
- тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету - қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);
- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;
- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;
- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;
- егер Сіз БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА! сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының - қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.
Зақымданған жерде жүрген кезде келесі ережені сақтау керек:
- бұрынғы орнынан 1,5 км кем емес ара қашықтыққа жақсы желдетілетін желдің бағытына перпендикуляр бағытқа қарай (өсімдік өспейтін биік жерге) тез қимылдап, АҚ және ТЖ қызметтерінен әрі қарай нұсқау алғанша болу керек;
- жабық аулалардан, төмен жерлерден, тығыз салынған учаскелерден аулақ болу керек;
- теріде, аяқ киімде, киім-кешекте күшті әсер ететін улы заттың тамшысын байқап қалсаңыз, оны қағаз, ескі-құсқы затпен немесе орамалмен сүртіп тастау керек;
- қажет болған жағдайда балаларға, қарттарға немесе өздері жүре алмайтындарға көмек көрсету қажет;
- зақымданған аймақтан шыққаннан кейін міндетті түрде санитарлық тексерістен өту керек.
КӘУЗ-бен уланған жағдайда:
хлормен - кеуде аурады, көз ашиды, жасаурайды, құрғақ жөтел пайда болады, құсады, жүрісінің бұзылуы, алқыну;
аммиак - тұмаурата бастайды, жөтел пайда болады, тыныс алу қиындайды, тұншығу, тамырдың соғу жиілігі бұзылады, терінің беті зақымданады (күйдіреді, тері қышиды, қызарады, көз ашиды, жасаурайды).

Алғашқы көмек көрсету:
- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;
- хлормен уланған кезде - 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға - 1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;
- аммиакпен уланған кезде - 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу.Қатты уланған жағдайда ауруханаға жатқызу керек.

Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттартоксиканттар деп аталады. Өндірістік улану ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин зиянды зат ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі - әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы
Қазақстанда химиялық өнім туралы заң бар .Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ескертпелік таңбаланым - химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердіңталаптарына сәйкес өнімге және (немесе) орамаға жапсырылатын химиялық өнімнің қауіпті қасиеттері туралы және онымен жұмыс істеу кезеңдеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат;
2) қатерді бағалау - химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерін анықтауға бағытталған, қауіп деңгейін, дозасын (концентрациясын) айқындауды қамтитын шаралар кешені;
3) қауіпті химиялық өнім - осы Заңның 5-бабының 4-тармағында тізіп көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған, құрамына кемінде бір химиялық зат кіретін химиялық өнім;
4) орама - химиялық өнімді және қоршаған ортаны бүліну мен ысырап болудан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ химиялық өнімнің тасымалдануын, сақталуын және өткізілуін жеңілдететін құрал немесе құралдар кешені;
5) өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) - химиялық өнімді белгіленген тәртіппен тіркеуді және олардың сәйкестігін растауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) техникалық құжаттама - қатерді бағалау үшін қажетті ақпарат жазылған, барлық қолжетімді тиісті деректері бар, соның ішінде зерттеудің әдістері мен нәтижелері толық сипатталып көрсетілген немесе оларға библиографиялық сілтеме жасалған құжаттар;
7) химиялық зат - табиғатта бар немесе технологиялық операциялардың нәтижесінде алынған элемент немесе түзілім;
8) химиялық өнім - табиғи ресурстардан бөлінудің және (немесе) химиялық реакцияларды пайдалана отырып, шикізатты түрлендірудің технологиялық сатыларынан өткен және адамның қажетін қанағаттандыруға немесе дайындаушы кәсіпорын шығарған күйінде өндіріске пайдалануға жарамды өнім;
9) химиялық өнімді жіктеу - химиялық өнімді адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қасиеттерін анықтау үшін химиялық заттардың қауіптілік түрлері және санаттары бойынша бөлу;
10) химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын берілген өкілеттіктер шегінде қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар;
11) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
12) химиялық өнімнің өмірлік циклі - химиялық өнімді өндіру, қолдану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
13) ыдыс - ашық немесе тұйық қуыс корпус түрінде жасалған, химиялық өнімді орналастыруға арналған бұйым болып табылатын ораманың элементі.

Қоршаған ортаның ластануы
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.
"Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді). "Пайда болу көзіне байланысыты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аумақтар мен мемлекеттерден енетін). "Әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті. "Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.). "Әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік) физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.). "Әсер етудің кезеңдігіне байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері). "Тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - 100 және 1000 жыл тұратын (азаот, оттегі, аргон және инертті газдар), тұрақты - 2-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жинау әсері жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз әсерін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік әсерінің пайда болуы қамтамасыз етеді. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал, қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б). Адам қызметінің көңіл аударарлық қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. -нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады. Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрылықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Мектепте химияны оқытудың әдіс тәсілдері
Химияны оқытуда химиялық тілдің қалыптасуы
Химиялық заттарды талдау
Химиялық өндірістерді ұйымдастыру
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Химия тілі және оның маңызы
Химиялық барлау приборлары
Арнайы химия
Германияның химиялық парктері
Пәндер