Несиелік тәуекелді басқару саясаты


Кіріспе
Жоғары тәуекелді талап ететін қызмет түрінде жоғары табысқа жету үшін банктер шешім қабылдаудың ерекше механизмдерін дамытуы қажет. Банктер өздеріне қандай тәуекелдер және қандай көлемде тәуекел қабылдай алатындығын бағалауы қажет; тәуекелдің түрі күтілетін табысқа сай келетіндігін анықтауы қажет. Осылардың негізінде тәуекел факторларының әсерін төмендететін іс-шаралар құрып және оларды жүзеге асыру керек. Бұл міндеттің жүзеге асыру әдісі банктің басшылығына тәуекелдің сол немесе басқа түрін бақылап отыру және өлшеу, анықтау және осы арқылы оның әсерін төмендететін тәуекелді басқару жүйесін құру болып табылады.
Банк қызметі өзінің табиғаты бойынша банк өнімдерінің күрделілігіне байланысты көбейетін тәуекел жүйесінің пайда болуын анықтайды.
Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекел міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда несиелік тәуекел жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер косымша капиталды қажет етеді. Банктік кызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Бұл тапқырыптың өзектілігі банк ісінің негізінде - несиелік тәуекелдің жатқандығын анықтайды және оны басқарудың қажет екендігін негіздеп береді. Олардың қабылдайтын несиелік тәуекелі ақылға сыйарлықтай, үнемі бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктер мен компетенттілігінің шегінде болған кезде ғана банк табысты болады. Банктердің несиелері қаражаттардың кез келген ағынын, шығындарын және зиян шегулерін жаба алатындай болып, сонымен қоса біршама табыс әкелуі керек. Бұл мақсаттарға жетуді несиелік тәуекелді қабылдау және оларды басқару туралы банктің саясаты анықтайды.
Несиелік тәуекелді басқару - қиын мәселе, бұл идентификация процесінің көп қадамдылығы, бағалау (өлшеу) және тәуекелді басқару. Банктердің коммерциялық операцияларын жүзеге асыру барысында несиелік тәуекелді басқарудың банк үшін күннен күнге маңыздылығы артуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - несиелік тәуекелді басқарудың теориялық негіздерін, сонымен қоса несиелік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру. Несиелік тәуекелдің теориясына талдау жасай отырып, оны бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты оның Қазақстанның банктік жүйесінде колданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және несиелік тәуекелді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін несиелік тәуекелді баскарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатты ұстана отырып, мына міндеттерді анықтау қажет:
- тәуекелдің түрлерін анықтау;
- несиелік тәуекелді басқару әдістерін анықтау;
- шетелдегі банктердің несиелік тәуекелді басқаруына талдау жасау.
Бұл жұмысытың негізгі мақсаты - несиелік тәуекел аясында банк менеджментінің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.
Зерттеу объектісі «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қызметі болып табылады. Бұл жұмысты жазуда теориялық негіз ретінде Қазақстан, Ресей және шетел экономистерінің жазған ғылыми еңбектері және Қазақстан Республикасының банкке байланысты нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан құрылған. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, бірінші тарауда несиелік тәуекелді басқарудың теориялық негіздері қарастырылды.
Екінші тарауда несиелік тәуекелді басқару әдістері, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының тәжірибесінде оны басқарудың негізгі мәселелерін қарастырылды.
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді шетелдік тәжірибе және хеджирлеу арқылы жетілдіру жолдарын үшінші тарауда көрсетілген.
- НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІТәуекел түрлері және оның жіктелуі
Тәуекел - қауіп, шығынның пайда болу ықтималдығы, жоспарланған табысқа жетпеуі.
Тәуекел - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез келген тұлғаның белгілі бір қаржылық және өндірістік стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде өз қаражатының бір бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмау немесе қосымша шығынға ұшырау ықтималдылығы.
Заманауи ғылими әдебиетте тәуекел күрделі экономикалық категория ретінде қарастырылады және оны анықтау барысында келесідей әдістемелер қолданылады:
- компанияның қызметінің қаржылық нәтижесі арқылы анықтау, яғни тәуекелді экономикалық немесе қаржылық категория ретінде анықтау;
- жоспарланған оқиғалардың барысында туындайтын ауытқу арқылы анықтау, яғни тәуекелді мақсаттан ауытқу категориясы ретінде анықтау;
- кез келген жағымсыз жағдайдың орын алу мүмкіндігі арқылы анықтау, яғни тәуекелді ықтималдылық категориясы ретінде анықтау [9] .
«Тәуекел» түсінігі Н. Вебстердің сөздігінде қауіпті және шығынның пайда болу мүмкіндігін, ал С. Ожеговтың сөздігінде қауіптің пайда болу мүмкіндігін немесе табысқа қол жеткізу мақсатында жасалатын іс - әрекеттерді білдіреді. Уильям Ф. Шарптың пікіріне сәйкес «тәуекел - жобаның соңғы кезеңіндегі инвестициялардың құнымен байланысты белгісіздік» болып табылады. [27]
Қоршаған ортаның белгісіздігі және компания ресурстарының шектеулігі тәуекелдің пайда болуына себепші болады.
1 сурет. Тәуекелдің пайда болу себептері
Тәуекелді жіктеу келесі элементтер бойынша орындалады:
Пайда болу уақыты бойынша тәуекел ретроспективті, ағымды және болашак түрлеріне бөлінеді.
Ретроспективті тәуекелдің талдау нәтижесі арқылы ағымды және болашақ тәуекел шығындарын төмендетуге болады.
Пайда болу факторы бойынша саяси және экономикалық түрлерге бөлінеді.
- Саяси тәуекел - елдегі саяси өзгерістерге байланысты пайда болатын тәуекел. Олар тікелей кәсіпорын жұмыстарына әсерін тигізеді. Мысалы, шекараның жабылуы, тауарды сыртқа шығаруға тиім салуы, елдегі әскері жағдайдың қалыптасуы және тағы басқа елдегі тәуекелдер.
- Экономикалық тәуекел - мемлекет немесе кәсіпорында туындайтын экономикалық қолайсыз өзгерістерге байланысты болып келеді. Мысалы, нарық конъюнктурасының өзгеруі, басқару деңгейінің өзгеруі, қажетті төлемдерді уақытында аудармауы.
Есепке алу сипаты бойынша тәуекел ішкі және сыртқы тәуекелге бөлінеді.
- Ішкі тәуекелге кәсіпорын жұмысына байланысты туындайтын тәуекел жатады. Оларға кәсіпорын басшылығының белсенділігі, тиімді маркетинг стратегиясын, саясатын және тактиканы таңдау тәуекелге әсерін тигізеді.
- Сыртқы тәуекелге кәсіпорын жұмысына байланысы жоқ, дегенмен ол сыртқы факторларға байланысты болып келеді. Мысалы, саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және т. б.
Нәтиже сипаты бойынша тәуекел спекулятивті және таза болып бөлінеді.
- Таза тәуекел - кәсіпорын үшін тек қолайсыз нәтиже алып келеді. Мысалы, апаттар, соғыстар, қайғылы жағдайлар, қылмыстық әрекеттер және т. б.
- Спекулятивті тәуекел - кәсіпорын үшін пайда немесе шығын келтіреді. Мысалы, нарық конъюнктурасының өзгеруі, валюта курсының өзгеруі, салық түрлерінің өзгеруі және т. б.
Пайда болу саласы бойынша тәуекел өндірістік, коммерциялық, қаржылық және сақтандыру тәуекеліне бөлінеді.
- Өндірістік тәуекел - сыртқы орта жаңа техника мен технологияны негізгі және айналым қорларды дұрыс пайдаланбауға байланысты, уақытты тиімсіз жұмсауға байланысты тәуекел және т. б.
Өндірістік қатерлердің негізгі себептеріне: өндіріс көлемінің төмендеуі, материалдық және басқа да шығындардың өсуі, шикізатты жеткізу тәртібінің төмендеуі, құрал-жабдықтардың бұзылуы т. б.
- Коммерциялық тәуекел-тауарды сату және қызмет жасау барысында пайда болатын қатерлер. Оның себептері: коньюнктура міндеттерінің өзгеруіне байланысты тауарды сату көлемінің төмендеуі, сатып алатын тауар бағасының өсуі, айналым кезінде тауарды құртып алу т. б.
- Сақтандыру тәуекелі - сақтандыру бойынша пайда болған қатерлер, бұл кезде сақтандыру компаниялары қажетті ақша төлеу қажет. [25]
- Қаржылық тәуекел - фирманың өз міндеттерін орындай алмауына байланысты. Оның негізгі себептері: инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануы ол валюта курсының өзгеруіне байланысты, төлемдері орындай алмауы. Қаржылық тәуекел келесі түрлерге бөлінеді:
- Инфляциялық тәуекел - инфляциялық экономика жағдайында бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің жеке түрі болып бөлінеді. Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында капиталдың нақты құнының, сондай-ақ қаржылық операцияларды жүзеге асырудан күтілетін табыстардың құнсыздану мүмкіндігімен сипатталады.
- Дефляциялық тәуекел - бұл өсуі кезіндегі бағалар деңгейінің төмендеуі, кәсіпкеліктің экономикалық жағдайының нашарлауы және табыстың төмендеуі.
- Пайыздық тәуекел - ол қаржы нарығында пайыздық ставкалардың (депозиттік те, несиелік те ставкалардың) күтілмеген өзгерісін сипаттайды. Бұл қаржылық тәуекелдің пайда болуының негізгі себептері: мемлекеттік реттеу ықпалынан қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруі, бос ақша ресурстарын ұсынудың төмендеуі немесе өсуі және басқа да факторлар. Бұл тәуекелдің теріс қаржылық салдарлары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдарда және басқа да кейбір қаржылық операцияларда көрініс табуы мүмкін.
- Валюталық тәуекел - тәуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар импорттайтын немесе дайын өнімді экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорынның сыртқы экономикалық операцияларында қолданатын шетел валютасы курсының өзгеруінің операциялардан күтілетін ақша ағындарына тікелей әсер етуі нәтижесінде алдын-ала көзделген табыстарды толығымен ала алмауын түсіндіреді. Осылайша, шикізат пен материалдарды импорттай отырып, кәсіпорын сәйкес шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты айырбас курсының жоғарылауынан ұтылады. Сондай-ақ, бұл курстың төмендеуі кәсіпорынның дайын өнімді экспорттау кезіндегі қаржылық залалын анықтайды.
- Депозиттік тәуекел - бұл тәуекел депозиттік салымдардың қайтпау (депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Бұл тәуекел сирек кездеседі және кәсіпорынның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банкті дұрыс бағаламау немесе дұрыс таңдамауымен байланысты болады.
- Несиелік тәуекел - алған несиені уақытылы қайтармауға байлынысты туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның өз қаржылық қызметі барысында сатып алушыларына тауарлай (коммерциялық) немесе тұтыну несиесін ұсыну кезінде орын алады. Оның көрініс табу формасы болып кәсіпорынның несиеге берген дайын өнімі үшін төлемдерді өтемеу немесе уақытында есеп айырыспау табылады.
- Салықтық тәуекел - қаржылық тәуекелдің бұл түрі бірнеше түрде көрініс табады: шаруашылық қызметтің жеке аспектілерін жүзеге асыруға жаңа салықтар мен алымдардың түрлерін енгізу ықтималдылығы; салықтар мен алымдардың ставкаларының деңгейінің жоғарылау мүмкіндігі; жеке салықтық төлемдерді жүзеге асырудың шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі; кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сферасындағы салықтық жеңілдіктерді алып тастау ықтималдылығы. Кәсіпорын үшін алдын-ала болжанылмайтын бұл тәуекел оның қаржылық қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді.
- Құрылымдық тәуекел - тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады. Тауар нарығы конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі кезіндегі операциялық леверидждің жоғары коэффициенті және операциялық қызмет бойынша оң мәнді ақша ағындарының жиынтық көлемінің төмендеуі қызметтің осы түрі бойынша таза ақша ағындары сомасының төмендеуінің одан да жоғары қарқынымен ұштасады.
- Криминогендік тәуекел - кәсіпорынның қаржылық қызметі сферасында бұл тәуекел оның серіктестерінің өзін жалған банкрот деп тану формасында, басқа бір үшінші тұлғаның осы кәсіпорынның ақшалай және басқа да активтерін заңсыз иемденуді қамтамасыз ететін құжаттарды жалған рәсімдеу; кәсіпорынның жеке персоналының активтердің жекелеген түрлерін ұрлауы және тағы да басқа формаларда көрініс табады.
- Өтімділік тәуекелі - бағалы қағаздарды жүзеге асыру мен басқа да тауарлардың тұтынушылық құны мен сапасының, бағасының өзгеруіне байланысты болатын шығындар мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер.
- Биржалық тәуекел - биржалық келісімдерден болатын қауіп қатерді білдіреді. Оларға коммерциялық келісімдер бойынша төлемеу, брокерлік фирмалардың комиссионды марапаттауын тәуекелі жатады. [3]
Тәуекелдің баска да түрлері - басқа да қаржылық тәуекелдердің тобы үлкен, бірақ пайда болу ықтималдылығына қарай немесе қаржылық залалдар деңгейі бойынша бұл тәуекел жоғарыда атап өтілген айтарлықтай тәуекел түрлерімен салыстырғанда, кәсіпорын үшін аса маңызды емес. Мұндай тәуекелге тек ғана күтілген табыстардың ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның активтерінің бір бөлігінің (негізгі қорлардың, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының) жоғалуына әкелуі мүмкін стихиялық апаттар тәуекелі және басқа да "форс-мажорлық тәуекел"; есептік-кассалық операциялардың уақытында орындалмау тәуекелі; эмиссиялық тәуекел жатады.
Әкімшілік тәуекел - қарыз алушының мемлекеттік реттеу және қадағалау органдарының рұқсаты мен келісімін алу барысында қиыншылықтардың туындауымен және қарыз алушының жобалық қызметті жүзеге асыру барысында қадағалау-реттеу нормаларының өзгеруімен сипатталады.
Салалық тәуекел саланың ерекшелігімен және саладағы жағымсыз тенденциялармен, ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуімен, импорттың өсуімен, сонымен қатар мемлекеттің араласу деңгейімен (мемелкеттік реттеумен) сипатталады.
Заң тәуекелі ұлттық заң шығару жүйесіндегі және халықаралық құқықтағы кемшіліктермен, заң шығару базасының тұрақсықдығымен, сонымен қатар келісім шарттар, кепілдеме хаттар мен басқа да құжаттар сапасының төмендігімен сипатталады.
Келеңсіз жағдайдың орын алу тәуекелі - жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл және басқа да банк қызметінің нәтижесіне әсер етуі мүмкіндігімен сипатталатын табиғат апаттарының орын алу ықтималдығының тәуекелі [18] .
- Банк қызметіндегі тәуекел және олардың ерекшеліктері
Банк тәуекелі экономикалық тәуекел санатына жатады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Өндірістік-коммерциялық қызмет немесе қаржы операцияларының жұмысы алғаш басталғанда немесе мәміле жасалған кезеңде тиімділігі белгісіз болғандықтан тәуекелді болып табылады. Болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да болмасын өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банк операцияларын басқару дегеніміз - іс жүзінде банк қоржынына байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынтығымен байланысты тәуекелді басқару.
Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай берудің маңызы жоғары.
Нарықтық қатынастың қалыптасқанына қарай тәуекел (қатер) ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуекел кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелдің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды. [1]
Банк тәуекелі дегеніміз - әдетте «қатер» сөзін естігенде оның болу ықтималдылығы алдымен еске түседі, дәлірегі, банктердің өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупі ұғылады. Банк қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал секілді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану қажет.
Ысырап - банк қызметіне тән тәуекелді сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысындағы банк пайдасының болжанбаған кемуі ретінде ұғылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залалды ұштастырады, сол себепті де қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен ысырап ұғымдары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осыған қарай, қатерді ысырап категориясына пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясын дамытудың базасы болып табылады.
Шығын - банк өз қызметінде белгілі бір шығын шығарады. Бұлар салымшыларға төленетін пайыз; өзге қаржылық институттан қарызға алынған несие ресурсы үшін төлем, есеп айырысу операцияларымен бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, үй-ғимаратты және т. б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясы болжанбаған жағдайда белгіленген шығыннан да көп шығынның шығып кету қатері пайда болатынын ескертеді.
Табысты ала алмауда көрінетін немесе белгіленетін шығыннан да көп шығын шығару жағдайында көрінетін залал алдағы кезеңнің операцияларын жеткілікті дәрежеде талдамаған кезде, жаңсақтыққа ұрынған жағдайда немесе ахуалды болжауға келмейтін жағдайда пайда болады. Нашар несие портфелімен (ресурстарды дұрыс орналастырумен) коньюнктураны жеткіліксіз есептеумен байланысты мұндай залалдардың қатері банктің қызметіне үлкен қауіп төндіреді. Кез келген қызмет түрі белгілі бір қатермен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын секілді банк те ысырап пен банкротқа ұшырау қатерінен алыс кете алмайды, яғни, олар да ысырап пен банкротқа ұшырауы мүмкін. Банк басшылығы пайданы барынша кемітуге ұмтылады.
Бұлардың барлығы да белгілі бір дәрежеде банк пен қожайындарының және олардың салымшыларының мүдделі сәйкеспеуіне байланысты бір біріне қайшы болады. Банк қожайындары қосымша пайда алуға ұмтылып, осы үшін тәуекелге барса, салымшылар үшін банкке сеніп тапсырған өз қаражатының аман сақталуы маңызды. Табыс пен тәуекелдің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың ең басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады.
Банктерде негізгі қатер оның портфелінің құрылымымен, яғни банк ресурстары салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады.
Тәуекелді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағытын қамтиды. Қаржы тәуекелі бірқатар операциялармен, бірінші кезекте несиелік және инвестициялық қызметпен байланысты. Депозиттерге, құнды қағаздарға қаржы тарту қызметі де көптеген тәуекелдерге байланысты. Банктің бір кезде активті және пассивті операцияларды іске асыруы тәуекелдің қосымша факторлардың пайда болуына және олардың әсерін шектеуге ерекше қарауды талап етеді. Сондықтан да тәуекелді басқару банк стратегиясының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы және ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамту керек. Банктегі тәуекел нашар менеджмент нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Яғни, қажетті көлемде өтімділік қаржысы бар, капиталы нарыққа еркін шыға алатын, төлем төлеу қабілетінің көрсеткіштері мен табыстылығы (рентабельдігі) жоғары, менеджментінің жоғары сапалы көрсеткіштері бар банк сенімді болып саналады. [2]
Қаржы басқаруында «тәуекел-табыстылық» байланыс тұжырымдамасының маңызы өте зор. Табысты көбейту үшін инвестордың үлкен тәуекелге баруына тура келеді. Бірақ нормативтік актілер банктердің тіпті жоғары табыстарға жетуге, соған байланысты өте үлкен тәуекелге баруына шектеу салады. Көптеген шектеулердің болуына қарамастан табыстың өсуі үшін тәуекелдің біреуін таңдауға тура келеді. Бір жағынан банктер коммерциялық кәсіпорын ретінде жоғары (максималды) табыс табуға ұмтылады. Сондықтан олар өздерінің ресурстарын тәуекелді операцияларға бағыттауға тырысады. Жоғары тәуекелді операциялар жоғары түсімді болып табылады. Екінші бір жағынан алғанда, банк қауіпсіздікке ұмтылуы керек. Банктер үшін қауіпсіздік дегеніміз - өтімділік соманың жеткілікті болуы. «Өтімділік» термині тура мағынасында жүзеге асыру, сату, материалдық құндылықтар мен басқа да қаржы түрлерін ақша қаражатына айналдырудың жеңілдігі дегенді білдіреді. Енді бір тұжырым бойынша өтімділік - несиелеуші мекеменің өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін төлеу мүмкіндігі О. В. Ефимова «Өтімділік - банктің өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін төлеу» - деп жазады. Оның пікірі бойынша, банк осы арқылы өтімділік төлем төлеу қабілетімен ерекшеленеді.
Қаржы рыногында банктердің операцияларына ұдайы жоғары тәуекелдің тән болуы қалыпты құбылыс. Тәуекел дегеніміз - нақты ақшадан айрылып қалу мүмкіндігі, сондықтан тәуекелді төмендету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz