Несиенің мәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және Бизнес факультеті

Тақырыбы: Жеке тұлғаларды несиелендіру мүмкіндігі туралы тұжырымдама

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2010ж.

Мазмұны

  1. Несиенің мәні
  2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
  3. Альянс банкі жеке тұлғаларды несиелендіруі
  4. Қорытынды
  5. Пйдаланылған әдебиеттер

Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга. Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді

2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.

Несие жүйесi - жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы. Несие жуйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi - банктiк жүйе, ал екiншiсi - парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер) . Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.

Келтірілген сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, ның ирархиялық құрылымы кестеде берілген.

Банктердiң саны жыглдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтiп банк жуйесiн реформалау натижесiнде олардың саны 35-ке дейiн (06. 2003 ж. ) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны - 2. Қазақстанның банктiк секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны - 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.

Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы . Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақстты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдйда неисе беру жүзеге асырылады:

1. Несие берілетін шараның техникалық экономикалық негіздері:

-өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама;

-несие есебінен өндірілетін өнімдердің тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;

-экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдердің өткізу нарықтарына талдау жаса, соған сәйкес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелстік, халықаралық нарыққа шығу стратегиясы, өнімдерді экспортқа шығару туралы шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;

-қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар, ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер:

-өнімдерді экспортқа шығаратын лицензияның болуы;

-жобаны жүзеге асыру мерзімдері;

-импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса алғандағы өзін өзі ақтау есептері;

-қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген деректерді бекітетін басқа ұйымдардың ақпараттары.

2. Барлық қосымшалармен контрактылардың, шарттардың, келісімдердің көшірмелері.

3. Бухгалтерлік есеп, пайдалармен шығындар туралы есеп, кірістер туралы декларациялар және белгілі бір кезендегі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие төлеу қаблетін анықтау үшін өзге де мәліметтер.

4. Қажетті деңгейде ресімделген, ссуда беруге тапсырыс.

5. Қарыз алушы туралы ақпарат.

6. Тауар қозғалысы туралы мәлімет.

7. Шұғыл міндеттемелер.

8. Несие шарты.

9. Қамтамассыз ету туралы ақпарат, сондай ақ бизнес жоспар.

Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін. Қажеттілік болған жағдайда банк қарыз алушының қаржылық шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымдардың қортындысын, қарыз алушының есеп айрысу, ссудалық және валюталық есеп шоттары ашылған банктердің атауын, олардың ссудалық қоржыныңдағы қарыздарының жіктеуі көрсетілуімен ссудаға берешектерінің көлемін, сондай ақ банк тәжербиесінде қабылданған үлгілер бойынша несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру хатын, қарсыкепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.

Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын мәліметтердің жеделдігімен сенімділігіне жауап береді. Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық экономикалқ негіздеу есептерінің шынайлығын анықтаумен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді. Неисе бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, олардың құқықтық мәртебесімен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заңдық істерін зерттейді. Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қортындысын несие беру туралы мәселені несие коммисиясына немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып саналады. Клиенттерге ссудалар беру ссуданың мақсаты бағыттаушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Ссуда, негізінен тауар матириалдық құндылықтанрмен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібімен жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды. Ссуданы беру кезінде банкке бірнеше рет өтініш білдірген қарыз алушы өзін куәләндіруі тиіс, өйткен аталмыш қарыз алушының Жарғысында оның шаруашылық жүргізуші субъекті атынан шаруашылық шарттарын жасауға басшылық жасау құқығы қаралған.

Несие берудің қазіргі тәжербиесінде банк несиесін ссудалық есеп шоттардын әр түрлі үлгілерінен беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі. Тұтастай алғанда клиенттің иелігіне түсетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға қатысты болады. Мынаны еске сала кетейік: несиенің мөлшері несие келісімімен блгіленген. Осы келісімде белгіленген сома, әдетте клиент есепке алатын ен жоғары сома болып саналады. Аталмыш сома негізі бойынша несие беру лимиті болып табылады. Оны: несие бағыты, бақылау цифрі деп те атайды. Тұтастай алғанда несие беру лимитін отандық және шетелдік банк тәжербиесінен туындайтын жағдайларға сүйене отырып, келесі түрде жіктеугу болады:Тағайындалуына байланысты төленбеген қарыз лимитіне, берілетін лимитке бөлінеді. Бірінші ссудалық төленбеген қарызды белгілі бір күнге лимиттейді, ал екінші жолы берілетін ссуданың көлемін белгілейді. Қолдану мерзімдері бойынша шығатын және жылішіндегі лимиттерге бөлінеді. Шығатын лимиттер- бұл клиеттер сол арқылы белгілі бір кезен шегінен шығу құқығына ие лимиттер. Лимиттердің екінші түрі қарыз алушының тиісті кезен шегінде ссуданы пайдлану құқығн белгілейді.

Несиені пайдалану мүмкіндіктері бойынша тұрақты лимит, қосымша лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері ажыратылады. Тұрақты лимит ссуданы алудын жоғары құқығын белгілейді, оны банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес жасайды. Несие шартын туындайтын, беруге жататын несие мөлшерін анықтау- бұл мәселенің заңды жағы ғана. Клиентке берілетін несие көлемі клиенттің өз өтінішіне қатысты болады.

Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішінде:

-қарыз алушының төлем айналымындағы айырмашылық көлеміне;

-несиені қамтамасыз етуге түсетін тауар материалдық құндылықтардын нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесіне;

-маржалар деңгейіне;

-ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.

Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру және қайтару тәртібі.

1. Мақсатты несиелер. Өндірістік мақсаттарға берілетін өзге де тауар материалдық құндылықтарды жинақтаумен және өндірістік шығындарды жабуды жүзеге асырумен байланысты болады. Осыған орай несие өтем ақылық немесе төлемдік сипатты білдіреді. Бірінші жағдайда ол осыған дейін қалыптасып үлгерген тауар материалдық құндылықтарға, оларды алуға жұмсалған өз қаржыларының шығындарына өтемақы жасау тәртібінде беріледі. Екінші жағдайда құндылықтар әлі алынып үлгермеген, кәсіпорынның қоймасында әлі жоқ, тапсырыс беруші-кәсіпорынның мекен жайына енді ғана түседі. Жеткізушілер түсірілген өнімдер үшін несие есебінен төлем жасау қажет болатын есеп айрысу құжаттарын ұсынады. Мақсатты несиелерге мыналар жатады: сауда делдалдық операцияларға жұмсалатын несиелер . Уақытша мұқтаждықтарға берілетін несиелердің мерзімі отыз күннен аспайды.

2. Контокоррект бойынша несие. Бұл несие көп мақсатты қысқа мерзімді сипатқа ие. Ол клиенттің ағымдағы қаржылық қажеттілігі өзінде бар ресурстардан асып кеткен жағдайда, оның төлем айналымындағы айырмашылыққа беріледі. Несие беру несие бағытының мөлшері айналым қаржыларының әртүрлі элементтерінің сомасы мен оны құрудын өзіндік көздері мен несиелік борыш сомалары арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады. Контокоррект -бұл көрсетілген қызмет түрлері үшін төлемдік есеп айрысу құжаттарын қоса алғандағы төлемдер жүргізілетін бірыңғай активті пасивті есеп шот.

3. Консорциалды несиелер. Консорциум қандай бір жобаны жүзеге асыру үшін әртүрлі коммерциялық бірліктердің, оның ішінде банктердің шарттық негізде уақытша бірігуін білдіреді. Банк консорциумдарын құру: қосымша ресурстарды тарту жолымен операциялардың ауқымын көбейту, тәуекелдерді бөлу, өтімдіктің белгілі бір деңгейін сақтау сияқты мақсаттарды көздейді. Мемлекеттік консорциалдық несиелерге деген қажеттілік ең алдымен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырумен, әртүрлі салалардағы мемлекеттік кәсіпорындарды техникалық қаруландыру мен қайта жарақтандыру құралдарын инвестициалаумен байланысты болып табылады.

4. Ипотекалық несие. Қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып берілетін, нарықтық экономикада белсенді түрде қолданылатын келісімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін несие беру нысандарының бірі болып саналады. Ипотекалық несие кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғын үй құрылысы фирмаларының несиеге қажеттіліктерін сенімді негізде қаржыландырудың мемлекеттік көздерінің міндетін атқаруда үлкен рөл атқарады.

Ипотекалық несие беру жүйесі:

-шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа ипотекалық несиелерді тікелей беру;

- несие беру үшін ресурстарды қосымша тартуды қамтамасыз ететін қайталама нарықта ипотекалық несиелерді сату екі бағытын көздейді.

Бірінші бағытпен негізінен ипотекалық банктер, ал екінші бағытпен мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктерден активтер сатып алатын, содан соң олардың базасында өзінің атынан құнды қағаздар шығаратын қаржылық компаниялар және қорлар айналысады. Ипотека-бұл кепілдік алушының кепілдік беруші өз міндеттеесін орындамаған жағдайда кепілге қойылған мүлік есебінен өзін қанағаттандыру құқығына ие, міндеттемелерді қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып саналады.

Ипотека туралы шарт жазбаша түрде жасалады және нотаиатпен расталуы тиіс.

5. Халыққа берілетін ссудалар тұтыну ссудалары деп аталады. Осыған орай ссуданың тұтыну сипаты ссуданы беру мақсатымен айқындалады. Қарыз алушылардың тұтыну ссудалары мен несие беру объектілерін жіктеу бірқатар белгілері, оның ішінде қарыз алушының типі, қамтамасыз ету түрі, өтеу мерзімдері, өтеу әдістері, пайдаланудың мақсатты бағыты, несие беру объектілері, көлемі және т. б бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Банкаралық несие-бұл банктердің бір бірінің арасында несие мекемелерінің уақытша босатылған ақша ресурстарын тартуы мен орналастыруы болып табылады. Биржадан тыс банкаралық нарықтағы несиелер беру мен оны өтеудің жағдайын коммерциялық банктедің өздері анықтайды.

Несие беруші -банктер несие сомаларын анықтау кезінде қарыз алушы банктің жарғылық капиталының мөлшерін, оның қаржылық және заң тұрғысынан сенімділігін ескереді. Банкаралық несие сондай ақ қамтамасыз етусіз де берілуі мүмкін. Дегенмен банкаралық несие шарттарының басым көпшілігінде белгілі бір қамтамасыз ету міндеттемелері белгіленеді, негізінен ондай түрде бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктер қатысады.

Банкаралық несие алу кезінде қарыз алушы банк келесідей құжаттарды тапсырады:

-банк жарғысы;

-банк операцияларын жасауға лицензия;

-кәсіпорын жетекшілері қолдарының үлгісі бар карточка;

-банк өтімділігінің нормативтері;

-алынған және берілген банкаралық несиелердің мағынасын ашу.

Қарыз алушы банк несие алғаннан соң несие беруші банкке тұрақты түрде есеп береді, өтімдік нормативтерінің сақталуы туралы хабарлап отырады. Несие беру сияқты оны қайтарудың біріңғай үлгілері де жоқ. Тәжербие ссудаларды қайтарудың алуан түрлі нұсқаларын туғызады. Солардың бірнешеуі мынадай:

1. шұғыл міндеттемелер негізінде эпизоттармен қайтару;

2. меншікті қаржылардың нақты жинағына және қарыз алушының банктің есеп шотынан алатын несиеге қажеттілігінің азаюына қарай қайтарылады;

3. күні бұрын белгіленген сомалар негізінде жүйелі түрде қайтару;

4. төленбеген ссудалық қаржыларды азайту үшін, банк есеп шоттарына соқпай түсімдерді есепке алу;

5. несиені қайтару мерзімін кейінге шегеру;

6. төленбеген кешіктірілген қарыздарды “Кешіктірілген несиелер” айрықша шотына ауыстыру;

7. төленбеген кешіктірілген қарыздарды банктің резервтері есебінен есептеп шығару және т. б

Қарыз алушыларға тауар материалдық құндылықтардың қорын кепілге қоя отырып, несие беру процесінде ссудалық есеп бойынша өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен өзге де ақша түсімдері клиенттің есеп шотына қабылданады, ал банктің есеп шотынан ссудаларды қайтару несие шартында ескертілген келесідей жолдар арқылы күнделікті немесе өзге де мерзімдерде қайтарылуы мүмкін:

-банктің өз бетімен клиенттің есеп шотынан бірінші кезектегі және өзге де төлемдерді төлеп болғаннан кейінгі қалған оның шотындағы ақша қаражаттарының қалдығын ссудалық есеп шотқа аудару жолымен;

-ссудалар бойынша төленбеген қарыздарды қарыз алушының есеп шотынан міндетті түрде өндіру жолымен;

-ссуда бойынша төленбеген қарыздардың анықталуы кезінде банктің өкімі бойынша мерзімінен бұрын өндіру жолымен.

Бір жолғы келісім жасау үшін қарыз алушыға берілетін қысқа мерзімді ссудалармен кәсіпкерлерге берілетің ссудалар нақты қайтарылатын мерзімі көрсетіле отырып, оның берілетін күні шұғыл міндеттемелермен рәсімделеді. Негізгі қарызды қайтару, сондай ақ ло бойынша пайыздар төлеу қарыз алушының төлем тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады. Ссудаларды қайтару жағдайында несие шартында қарыз алушының ірі сомадан бір мезгілдік резерв жасау мүмкіндігін қарауы мүмкін, бұл әрине тараптардың келісімі бойынша жасалады. Қарыз алушының ссудалары бойынша төленбеген қарыздар мен пайыздарды қайтаруға алдағы уақытта ешқандай мүмкіндігі болмаған жағдайда несие беруші банк:

-өзінің өнімімен даусыз тәртіпте, алдын ала хабардар етпестен, кепілдің немесе кепілдік берушінің есеп шотынан қарыз сомасын өндіруді талап етеді;

-несие шартында анықталған тәртіпте қарыз алушының қойған мүлік құнынан қарыз сомасын қайтарады;

-қарыз алушы банктің пайдасы үшін жол берген өзге қарыз алушының есебінен төлем жасауды талап етеді, сондай ақ қарыз алушыныңесеп шотының есеп айрысу шотынан несие шартында көрсетілген айыппұлдарды өндіреді. Ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін ақы мөлшері пайдалану мерзіміне немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекеліне, несие ресурстары үшін ақыға, қаматамасыз етудің сипатымен сенімділігі, Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкаларына және т. б қатысты белгіленеді. Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған ссудаларды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде тығыз байланыс жасауына жүйелі түрдй бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметі мен оның қаржылық жағдайына жүйелі түрде талдау жасалып отырады, жер жерлерде ақша және есеп айрысу құжаттарына, бухгалтерлік жазуларға, бухгалтерлік және статситикалық есеп материалдарына тексерулер жүргізеді. Осыған орай қарыз алушылардан, сол сияқты өзге де көздерден алынатын қаржылық және басқа ақпараттардың бүкіл түрлері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша жер жердегі қарыз алушыларға тексерістер жүргізеді:

-банктен алынған ссудаларды мақсатты пайдалану;

-қойма есебінің мәліметтері бойынша ссудаларды қамтамасыз ету;

-бухгалтерлік есептің жай күйі;

-тауар материалдық құндылықтарды сақталу жағдайы;

-несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың құрамы және оларды қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы;

-қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану.

Несие шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын қарыз алушылардын қатынасы ссудаларды төлемеген қарыздарын уақтылы және толық қайтаруға қауіп төндіретін болса, сондай ақ есеп қисапта сенімсіздік пайда болып немесе бухгалтерлік есептің бетімен жіберілгендігі анықталған жағдайларда, ықпал етудің мынадай шаралары қолданылады:

-егер келісілген мерзімдерде банктің нұсқалары орындалмайтын болса, одан әрі несие берудің тоқтатылатыны туралы қарыз алушыға ескертеді;

-шартта қаралған ссудаларды одан әрі беруді тоқтатады;

-ссудаларды қайтару үшін кезекті жарналарды төлемеу және оларды уақытында төлеудің болашағы жоқтығы жағдайында, одан әрі қарыз алушының алған ссудасының бүкіл сомасын өндіру талап етіледі;

-ссудаларды өз мақсатында пайдаланбау фактілері анықталған кезде заңсыз пайдаланылған ссудаларды жоғары пайыздық ставкалармен өндіреді, ссуданың көлемін қысқартады немесе несие шартында көрсетілген шараларға одан әрі несие беруді тоқтатады;

-ссудалар бойынша төленбеген кешіктірілген қарыздар болған кезде жана ссудалар берілмейді, ал қарыз алушыдан түскен түсімдер ссудалар бойынша кешіктірілген қарыздарды жабуға бағытталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несиенің түрлері және қызметтері
Несиенің мәні және оның қажеттілігі
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несие
Займдар бойынша шығындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz