Қазақстан Республикасындағы банктерді қолдау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес факультеті
Тақырыбы: Жеке тұлғаларды несиелендіру мүмкіндігі туралы тұжырымдама
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2010ж.
Мазмұны
- Несиенің мәні, маңызы
- Қазақстан Республикасындағы банктерді қолдау
- Каспий банкінің несиелендіру мүмкіндігі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде көштi.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады. Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады. Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi. Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
2. Банктерді қолдау нені көздейді
Үстіміздегі жылдың 28 қазанында Қазақстан Үкіметі Ұлттық банкпен және Қаржы қадағалау агенттігімен бірлесіп, қазақстандық банк секторының капиталдану деңгейін одан әрі арттыру бағытында бірқатар шаралар қабылдағаны жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Осы мәлімдемеге орай Үкімет жоғарыда аталған мемлекеттік қаржы ұйымдарымен бірлесіп, еліміздің жүйе құрушы (БТА Банк, Халық банк, Қазкоммерцбанк және Альянс банк) екінші деңгейдегі банктеріне жалпы жиыны 5 миллиард доллар көлемінде олардың қарапайым, артықшылықты акцияларын және субординацияланған облигацияларын сатып алу жөнінде ұсыныс жасады. Бұл шара аталған құнды қағаздардың қосымша эмиссияларын шығару жолымен жүзеге аспақ.
Бүгінгі күні аталған төрт банкпен де негізгі келісімге қол жеткізілді. Енді оларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қандай түрде жүргізілетіндігі келіссөздер барысында айқындалмақ.
Үкіметтің ұсынысына бірінші болып үн қатқан Қазақстанның Халық банкі мен Қазкоммерцбанк болды. Осы ұсынысқа байланысты өз көзқарасын “Қазақстанның Халық банкі” АҚ басқармасының төрағасы Григорий Марченко былай деп білдірген еді: “Біз Үкіметтің ұсынысын қабылдауға да, қабылдамауға да еріктіміз. Дегенмен біз Үкіметтің аталған ұсынысы біз үшін де пайдалы екендігін түсініп отырмыз. Бұл жерде ең бастысы, аталған ұсыныс жайында негізгі шешім қабылдау құқы біздің өзімізге қалдырылып отыр. Сондықтан Үкіметтің жоғарыдағы ұсынысына оң көзқарасымызды білдіре отырып, негізгі мәселе Халық банкінің бір ай ішінде өтетін акционерлерінің жиналысында қабылданатындығын айтпақпын. “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры арқылы мемлекеттің біздің банктің акционерлер құрамына енуі туралы түбегейлі тұжырымды акционерлер жасайтын болады”.
“БТА банк” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбіләзов та Үкімет ұсынысын оң бағалап, бұл ұсынысты акционерлермен жеделдетіп талқылайтындықтарын айтты.
Осыдан көп өтпей-ақ Альянс банк басшылығы да Үкімет ұсынысын қолдайтындықтарын білдірді. Бұл жөнінде банктің қаржы директоры А. Ержанов өз ойын былай деп білдірді: “Менің ойымша, Үкіметтің бұл ұсынысына біз түсіністікпен қарауға тиістіміз. Себебі, осындай шараларды қазір әлемнің басқа елдерінің үкіметтері де ойластыру үстінде. Мәселе, бұл жаңалықты инвесторлардың қалай қабылдайтындығында. Менің ойымша, аталған шара банктік жүйені қаржылай қолдауда оң әсер ететіндіктен, мұндай ұсыныстан инвесторлар бас тарта қоймас”.
Үкіметтің Қазақстанның банк жүйесін қолдау жөніндегі ойластырған шаралары қазір банк акционерлері және қызметкерлерімен қатар еліміздің осы саладағы білікті сарапшылары тарапынан да қызу талқылануда. Сарапшылардың қай-қайсысы болмасын Үкіметтің бұл қадамын дағдарыс кезінде елеулі әсері бар тұрақтандыру шарасы ретінде атап көрсете отырып, негізгі шешімнің банктердің өзіне қалдырылғандығына қолдау білдіруде. Мәселен, аталған оқиғаға байланысты өз ойын еліміздегі белгілі экономистердің бірі Ораз Жандосов былайша өрбіткен болатын: “Еліміздің қаржы саласына түрлі формалармен көмектесуге болады. Егер мемлекет банктерді қосымша қаржыландыру ісін ойластыратын болса, онда ол банктік капиталға енуі тиіс. Менің ойымша, мемлекет нақты банктің артықшылықты акцияларын сатып алған жағдайдың өзінде ол банк қызметін басқару ісіне араласпай, жай ғана меншік иесі болып қалғаны жөн. Үкіметтің бұл жөніндегі көзқарасы осыған сәйкес. Ол банк акцияларына ие болуды оған тек қаржылай қолдау білдіру деңгейінде ғана қарастыруда. Яғни, әңгіме банкті меншікке қарату жөнінде болып отырған жоқ. Бұл жағдай банктердің өздері үшін де қолайлы әсер етпек”.
Ал Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық және қаржылық дағдарыстарды алдын ала айқындау жөніндегі орталығының директоры С. Алпысбаев мемлекеттің бұл қадамы экономика үшін қосымша демеу болады деп есептейді. Өйткені мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерге қосымша қаржы салуы экономиканы инвестициялау мақсатынан туындап отыр. Сондықтан бұл шараны аталған қаржы шағын және орта бизнеске жеңілдікпен жететіндей жүйе негізінде қарастырылуы керек деген ойды білдірген С. Алпысбаев мәселе дәл осылай кешенді жағдайда шешілгенде ғана оның барынша тиімді болатындығын айтады. Сарапшының бұл пікірі Үкіметтің көздеген мақсатына әбден үндесетіндігін оқиғалар барысы да айқындай түсуде.
Үкімет не үшін қаржы қолдауын жасау үшін жоғарыдағыдай банктерді таңдап алып отыр. Бұл сұрақтың жауабы да белгілі. Себебі, бұл банктер АТФ банк және Центр Кредит банкпен қосыла келе елімізде жүйе құрушы екінші деңгейдегі банктер болып есептеледі. Сондықтан жоғарыдағыдай ұсыныс аталған соңғы екі банкпен де талқыланатындығы белгілі болып отыр. Осы алты банк ел экономикасының шикізаттық емес секторының 80 пайызын қаржыландыратындығы алдын ала есепке алынған. Жүйе құрушы банктер төмендегідей өлшемдер бойынша айқындалды.
Ең бірінші кезекте еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің капиталының көлемі есепке алынған. Мұнан кейін отандық экономиканы несиелендірудегі үлесі, жеке тұлғаларды несиелендіру рыногындағы үлесі, жеке тұлғалар депозиттерін жинақтаудағы үлесі, төлеп отырған салығының көлемі, қызметкерлерінің саны ескерілген. Осы алты көрсеткіштің әрбірі еліміздің жалпы банк жүйесіне шаққанда бес пайыздан кем болмауы тиіс.
Міне, осындай есепке сүйене келіп, елімізде жұмыс істейтін 36 банктің ішінде тек алты банк қана жүйе құрушы банктердің қатарына кіре алатындығы айқындалған.
Жүйе құрушы банктерді қолдау екі бағыт бойынша - олардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тартымды активтерін қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүргізілмек. Соның ішінде ұзақ мерзімді тартымды капиталға қатысты акцияларды сатып алу үшін олардың қосымша эмиссиялары шығарылатындығын, бұл акцияларды сатып алу бірінші кезекте банк акционерлерінің өзіне ұсынылатындығын, егер олар осы акцияларды сатып алудан бас тартқан жағдайда ғана мемлекет “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры арқылы аталған акциялардың қосымша эмиссиясын сатып алуға кірісетіндігін айтпақпыз. Кейіннен бұл акцияларды банк акционерлерінің қайтадан сатып алуға құқықтары сақталатын болады.
Ал қысқа мерзімді капиталға қатысты қолданылатын негізгі тетіктердің бірі банктерден талап етілетін олардың өзіндегі сақтық қорының төменгі мөлшерлі деңгейін екі пайызға дейін төмендету жолымен жүзеге аспақ. Бұл мәселені реттеуді әдетте Ұлттық банк жүргізетіндігін айта кетпекпіз.
Жоғарыдағыдай шаралармен қатар Үкіметтің Стресті активтер қорын құру ісімен белсенді түрде шұғылданып жатқандығын айту парыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің екінші сессиясын ашардағы сөзінде осы бастамаға қатысты “Біздің міндетіміз экономикалық қауіпсіздік деңгейін одан әрі көтеріп, банк секторының тәуекелін барынша азайту болып отыр. Сондықтан мен Үкімет пен “Қазына” қорына әлемдік үздік тәжірибелерді ескеру және халықаралық қаржы институттарының көмегімен Стресті активтер қорын құру мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма бердім. Мұның өзі қаржы тәуекелдерін басқарудың нарықтық сенімді тетіктерінің бірі болып табылады” деген болатын.
Үкімет Елбасы тапсырмасын жедел іске асыруға кірісті. Жуықта өткен Үкімет отырысында қазақстандық Стресті активтер қорының негізгі тұжырымдамалары талқыланды. Қор 100 пайыз мемлекеттік болып табылатындығы, оның капиталына 1 миллиард доллар қаржы шоғырландырылатындығы белгілі болды.
Сонымен әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған қолайсыздықтардың алдын алу шаралары елімізде қызу жүргізілуде. Ол шаралар өз нәтижесін беріп те келеді.
Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және несие шартының рөлі. Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі баніктің рөлін көрсетеді. Нарықтық экономика кезінде коммерциялық банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланысты құр отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады. Несие беру-сауда, кәсіпкерлік қызметпен пайда табуды қамтамасыз ететін бактердің маңызды операциялары болып саналады.
Несие беру теориясы мен тәжербиесінде банктің қарыз алушылармен өзарақатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжербие дәлелдейді. Несие беру: субъектілердің несие беру прцесіне қатынасы; несие берушілермен қарыз алушылардың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктілігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды. Банк қарыз алушылармен несие қатнастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігігн білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатнастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтн несие беру процесінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылаумен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие берушімен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді. Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үшін ендігі жерде талдау техникасымен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптардыда енгізеді. Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлуетті қарыз алушыға талдау жасайды . Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қаблетін анықтауға бағытталған.
Әлуетті қарыз алушыныңнесие төлеу қаблеті туралы дұрыс қортынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардын мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзгеде жағдайларды анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатнастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздарымен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанакғаттандыруға бағыттайды.
Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың келесідейнегізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады.
Ол ережелер бойынша:
-банктің несие қаблеті капиталдың жеткіліктігімен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қаржыландыру ставкалврымен, банкаралық несиелер бойынша ставкалармен салыстыра отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебінен дамыту банкке пайдалы емес;
- қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететін несиелерді шоғырландыру банк ұшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;
- несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие бруге қатысы бар банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуекелін азайтға жұмыс істеуі тиіс.
Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:
- банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мерзімдерін анықтайтын ағка қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге өкілеттіктер берілген;
- келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қабылдауына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамассыз етеді. Қаржылық және заңды құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу ұшін негіз болып қатысады;
- бекіту қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.
Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжербиеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі аралықты қмтитын қадамдарын енгізеді.
Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қакрыз алушығанесие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процес болып саналады.
Несие шарты - бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтарымен міндеттері ескерілетін банк пен қарыз алушылар арсындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады.
Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
- ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау кестесімен процедураларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;
- терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттарды орындамау жағайы, келісімнің күшін жою күні, растаушы құрал және т. б қамтиды;
- қарызды дәлелдеу- қаралуы қажет құжаттамаларды сипаттайды;
- пайыз және коммисиялық ставка пайыздық төлемдер бойынша коммисиялық ставкаларды анықтайды;
- алдын ала төлемдер жасау, төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;
- ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының кез келген активіне иеліек ете алады;
- кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке беілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық жағдайға байланысты материалдарда кері өзгерістің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектктері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.
Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндеттемелерді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келесідей ақпараттармен қамтамассыз етуге мүмкіндік береді:
-нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданың бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;
-нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;
-негізгі коэфиценттер бойынша белгілі талаптарға жауап беру;
-ескертілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;
- қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;
-барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдау;
-салықтарды уақытында төлеу;
-қосылуға қатыспау және өз активтерінің маңызды бөлігін сату;
-шарқа қол қою уақытындағыдан үздк саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.
Қазақстан Республикасының банк тәжербиесіндегі несие шартын арнай құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес рәсімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.
Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай ақ кепілдеме немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Одан әрі шарттың заты - несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар сомасы, ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
3. Каспий банкінің несиелендіру мүмкіндігі
“Банк “Каспийский” АҚ жеке шаруа ашып, кәсібін кеңейтемін деген бизнес иелерін несиелендіру өрісін кеңейтті. Бұл үшін отандық банк Еуропалық қайта құру және даму банкінен (ЕҚДБ) бес жылдық мерзімге 59 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржы алатын болды. Жасалған мәмілеге сәйкес мақсатты қарыз елімізде шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытуға бағытталған. Қаражат әсіресе, оған қолы оңай жете бермейтін Алматы мен Астанадан шалғай аймақтарға көзделіп отыр.
Келісімге қол қою рәсіміне ЕҚДБ-ның Қазақстандағы директоры Андре Куусвек мырза, “Банк “Каспийский” АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Александр фон Гляйх мырзалар қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz