Казкомның Алтынмен операциялары


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес факультеті
Тақырыбы: Жеке тұлғаларды несиелендіру мүмкіндігі туралы тұжырымдама
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2010ж
Мазмұны
- Несие операциялары
- Казкомның несиелік операциялары
- Пайдаланылған әдебиеттер
Несие операцияларының сипаты . Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеп соғады;
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;
Үшіншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына-несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай трде қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары-бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгіл бір сомасын беру бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келсімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатнастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық несиенің негізгі белгісі болып саналады.
Банк несиенің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.
Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік-оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларынабойынша жіктеледі тағы несиенің қайтарушылығын қамтамассыз етуді қосуға болады.
Қамтамасыз ету-бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзгеде тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі.
2. Казкомның Алтынмен операциялары
Асыл металдарды сатып алу әдетте сенімді, тәуекелсіз және жинаған ақшаңды сақтау тәсілдерінің басқа мүмкіндіктерімен салыстырғанда анағұрлым тұрақты деп қарастырылады.
Алтынға деген сұраныстың жоғары екені белгілі және соған байланысты ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс кезінде оның құны артып жатыр. Қазір доллар мен еуро бағамы тынышсыз уақытты бастан өткеруде, міне сондықтан көптеген ірі банктер, қаржы корпорациялары және әккі жекеменшіктер алтынды экономикалық соққылардан сенімді қалқан ретінде пайдалануда. Әлемдік нарықтарда алтын бағасы соңғы 3 жылда 2 еседен арттыққа өсті!
КАЗКОМ өз клиенттеріне қосымша қаржылық құрал - ақшаны алтынға инвестициялау мүмкіндігін қуана ұсынады. Қазкоммерцбанкте металл шот ашып, Сіз кіріске үміттене аласыз, ол сатып алу және металды одан әрі сату бағасы арасындағы айырмашылықтан жасалады.
Металл шот деген не?
Металл шот - Клиенттің Қымбат металының (алтын) санын есепке алуға арналған иесіздендірілген металл шот. «Иесіздендірілген» ұғымы сом алтындардың атауы, пробасы, шығарушы, сериялық нөмірі және басқа осы сияқты жеке белгілері көрсетілмейтін шот дегенді білдіреді.
Қымбат метал салмағының өлшем бірлігі - 31, 1034768 грамға тең троя унциясы.
Иесіздендірілген металл шот - алтынға инвестициялаудың қарапайым тәсілдерінің ішіндегі ең кірістісі болып табылады.
Неліктен иесіздендірілген металл шот?
Меншігіңізде Қымбат металл (алтын) бола тұра үйде сақтау қажет емес, яғни алтын қауіпсіз жерде тұр.
Металл шоттағы Иесізденген алтын бағасы нақты металл бағасынан төмен, өйткені оған тасымалдау және сақтау шығыстары кіргізілмеген.
Иесізденген алтынмен операцияларды кез келген уақытта жасауға болады (операциялық күн ішінде*), бұл. Иесізденген алтын бағамының өзгеруі есебінен қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алтын бағасының өзгеруін қадағалай отырып (мысалы, Интернетте), кез келген уақытта асыл металды сату немесе сатып алу мүмкіндігі бар.
*Тазартылған асыл металдармен (ТАМ) операциялар бойынша Банктің операциялық күні
ТАМ-мен операциялар бойынша Банктің операциялық күні төмендегідей белгіленеді:
- Қолма-қол емес ТАМ сатып алу/сату - жұмыс күнінің Алматы уақыты бойынша сағат 11:00-ден 16:00-ға дейін**; Жұма және мереке алдындағы күндерде*** - жұмыс күнінің Алматы уақыты бойынша 14-00 сағатқа дейін.
**- Жұмыс күні - Қазақстан Республикасында операциялар жүргізу үшін банктер ашық болатын күн.
*** - Мереке алдындағы күн - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жұмыс күні болып табылмайтын мерекелік күннің алдындағы күн.
КАЗКОМДА иесіздендірілген металл шот аша отырып, Сіз мынадай мүмкіндіктерге ие боласыз:
- қымбат металл сатып алу және сату мәмілесіне отыру;
Қолма-қол емес алтынды сатып алғанда Алтын сатып алуға арналған өтініш толтырылады. Алтын сатып алу операцияны жүзеге асырған күнгі банктің ағымдағы бағамы бойынша теңгеде немесе АҚШ долларында жүзеге асырылуы мүмкін. Алтын бағамын Қазкоммерцбанк сайтынан валюталар бағамы (XAU/KZT, XAU/USD) арасынан көруге болады.
Алтын сатып алудың ең төменгі лоты
- 1 троя унциясы.
3-ші күні ғана айырбастау жүзеге асырылады.
Алтын сатып алған/ сатқан кездегі комиссия 3-ші күні шетел валютасын сатып алу/сатудағы комиссияға тең - 0, 1%.
Металл шот ашу үшін не қажет?
Металл шот ашу үшін Банкке келесідей құжаттарды ұсыну керек:
- Жеке куәлік,
- СТН көшірмесі
және Металл шоты шартына қол қою.
«Бизнес энергиясы»
Дағдарыс кезі тек төзімділікті тексеретін кез емес, сондай-ақ өз жұмысында жетістікке ұмтылатын адамдар үшін даму мүмкіндігі екенін тарих дәлелдеді.
Қазір Қазақстан экономикасы үшін оңай уақыт емес. Ал бизнестің тұрақтылығын сақтап тұру мақсатыпен қаражат тартудың қиыншылығын шағын бизнес ерекше сезінеді. Өзіңнің жеке жұмысыңа қауып-қатер төніп тұрғанын сезіну ауырға соғады. Өйткені көптеген кәсіпкерлер үшін айналысатын жұмыстары жай ғана бизнес емес, сүйікті «сәбилері».
Шағын бизнестің мұқтаждығын және оларға қаржылай көмектің қаншалықты маңызды екенін түсінетін ҚАЗКОМ «Бизнес энергиясы» атты жаңа несие шешімдерінің желісін ойлап тапты. Енді Банк бизнесіңізді дағдарыстың келеңсіз әсерлерінен қорғап, оның өсуі мен дамуына көмектесуге ұмтылады.
Шағын бизнес шексіз құрметке тұрарлық. Өйткені бұл сегмент дамушы елдердің экономикасын алға жылжытатын күш екені құпия емес. Ал қиыншылықтарға төтеп беріп, ары қарай дамуы үшін шағын бизнеске мемлекеттің де, қаржы институттардың да жәрдемі керек. Шағын бизнес мүмкіндігін суреттеу үшін жаңа несие шешімдері желісінің тұжырымдамасында бірқатар кейіпкерлер пайдаланған - олар қарапайым болғанымен ең ғажайып жетістіктер мен трансформацияларға икем.
Колибри - табиғаттағы ең кішкентай, сондай-ақ шапшаң құс! Шыдамдылықтың дәрежесі жоғары болғандықтан колибри гүлдердің шірнесін шаршамастан жинайды. Бұл еңбекқорлықтың және өжеттіктің белгісі.
Құмырсқа
- табиғатынан жөнсіз жәндік. Ол жеке денесінің салмағынан он есе ауыр заттарды көтеріп, тасуға бейім. Бұл еңбекқорлықтың әрі дене күшінің символы. Жеке бизнесіңнің жетістігі үшін қажырлы еңбек етіп, күн сайын мүмкін емес істерді жүзеге асыру керек екенін шағын бизнестей кім түсінеді?!
Табиғатта таңғажайып жаратылыстың саны аз емес. Мәселен, керек кезде көлемін бірден үлкейте алатын фугу балығы. Шағын бизнес жоғары жинақылығымен, шешім қабылдау жылдамдығымен және лезде реакциясымен ерекшелінеді. Біз тропикалық балықтың образын шағын бизнестің бейнесі ретінде алдық. Бизнес те фугу балығы сияқты өмір сүріп жатқан ортаның жағдайына әп-сәтте бейімделеді.
«Бизнес энергиясы» - несие шешімдерінің жиынтығы. Ол шағын бизнестің кез келген қажетті мұқтажын қамтып, сіздің бизнесіңізге жылдам, мықты әрі үлкен болуға көмектеседі. Қазкоммерцбанктің «Бизнес энергиясы» атты несие шешімдері болашағыңызға нық сеніммен қарауға көмектеседі!
Қазкоммерцбанк ұсынған жаңа несие бағдарламалары белгілі бір бизнес-мақсаттарға сай ойластырылған: инвестиция салу, айналым қаражатын толықтыру, дайын коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу, өзге банктердегі қарызды қайта қаржыландыру сияқты.
Несиелік шешімдердің ішінде Сіз міндетті түрде өзіңіздің жетістік кілтін табатыныңызға біз сенімдіміз.
Жылдам, мықты әрі күшті бол!
Несиелеу бағдарламасы:
«Инвестиция бизнесі»
(несие сомасы 1 млн. АҚШ долларына дейін (немесе 150 000 000 теңге) )
«Айналым бизнесі»
(депозиттік мақсаттарға несиелеу бағдарламасы)
«Жылжымайтын мүлік бизнесі»
(несие сомасы 10 000 АҚШ долларынан (1 500 000 теңге) 1 000 000 долларға дейін (150 000 000 теңге) ) Екінші деңгейдегі банктер ұлттық қордан бөлінген қаражатты игеруге немесе халыққа несие ретінде таратуға неліктен құлықты емес? Кезінде тұтынушылық несиені екі-үш құжат сұратып-ақ таратқан бұл қаржы мекемелері қазір өз қарыздарын қайтара алмай әбігерленіп жүр. Сонда ұтқан кім, ұтылған кім?
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» ММ Ақтөбе облыстық филиалы маманымен тілдескенімізде, көптеген мәселелердің беті ашылды. Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Перизат Әсімбетованың айтуынша, жыл басынан бері-ақ тұрғындардың банк алдындағы мерзімі өткен несиелерінің көлемі біршама өскен. Тек облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың жіті бақылауға алуынан ғана бұл мәселе насырға шаппай тұрған сыңайлы. Сонымен, талдау жасап, сұхбаттасушымыздың пікірін оқып көрелік.
- Бүгінгі таңда облысымызда екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар «Қазақстан Халық банкінің» алты бірдей басқармасы тағы бар. Сол филиалдардың жүзден аса бөлімшелері де әрекет етуде.
Қазір әлемдегі дағдарысқа қарамастан банктер несиелендіруді тоқтатқан жоқ, - деп бастады әңгімесін Перизат Шәкәрімқызы. - Бірақ былтырғы, бұрнағы жылдармен салыстырғанда несиелендіру деңгейі өте төмен. Нақтырақ айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда берілген несиелердің көлемі 18 миллиард теңгеге немесе 31, 1 пайызға азайып кетті. Жыл басынан бері заңды және жеке тұлғаларға облысымызда 40 миллиард теңгеге жуық несие берілген. Бұл экономикамыздың дамуына қосылып отырған қомақты үлес екені даусыз. Яғни шағын және орта бизнес, ірі бизнес және тұрғылықты халық осынша қаражатқа қол жеткізді.
- Осы мезгілде алған несиесін уақытында өтей алмаушылар қатары да көбейіп келе жатқандығы рас. Берілген және өтелген несиелерді есептегенде банктердің алдындағы берешек бүгінгі күнге 168, 8 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде шағын бизнес өкілдерінің үлесі 23, 2 пайызды құрайды немесе 39, 1 миллиард теңге. Сондай-ақ, мерзімі өткен берешектер жыл басындағы 4, 1 миллиард теңгеден 9, 3 миллиардқа жетті. Бірінші маусымдағы деректерді саралай келе ондайлардың екі жарым есеге көбейгендігін аңғарамыз. Оның жауабы неде? Жалпы, өмірдегі қиыншылықтар кәсіпкерлерге де, тұрғындарға да әсер етпей қоймады. Көпшілік кәсіпкерлер өнім өндіруден бұрын алыпсатарлықты көздегендіктен, сырттан қымбатқа әкелген өнімді ішкі нарықта өткізе алмай тоқырап қалғаны шындық. Оның үстіне, көпшілігі несиені пайыздық үстемесіне қарамай-ақ алып тастап, қазір соның зардабын тартып жатыр. Өмір ақиқаты - осы. Мерзімі өткен несиелердің жартысына жуығы жеке тұлғаларға тиесілі. Төлей алмай отырғандардың дені - кезінде тұтыну несиесін алғандар. Кезінде банктер өз бөлімшелерін айтпағанда, сауда орындарында орналасып, қаржыны екі-үш құжат бойынша оңды-солды таратқанын білеміз. Тіпті, уақытында кепілсіз несиенің жарнамасынан көп жарнама болған емес. Теледидар түгілі автокөлік алу үшін жеке куәлігіңнің, үй кітабының көшірмесін тапсырып, кепіл рәсімдемей-ақ несие алатын күндер болып еді. Енді банктер қысылтаяң шақ туғанда несиелерін қайтара алмайтын клиенттеріне шара қолдана алмай әуре. Кепіл болмаған соң талапты қайдан қойсын? Сондықтан да проблемалық несие бөлімшелерін ашып, клиенттерін іздеп, қалай да қаржыларын қайтарудың қамымен жүр. Демек, берешектер ішінде тұтынушылық несиенің үлесінің көп болуы - заңдылық. Өйткені ипотекалық несие бойынша борышкерлердің аз екендігі соған тағы дәлел. Екінің бірі басындағы баспанасынан айырылып қалмау үшін қалай да қаржы көздерін табуға тырысатындықтары анық. Осы санаттағы борыштың көлемі 220 миллион теңге ғана. Миллиард пен миллионның айырмасын мектеп оқушысы да біледі емес пе… Егер бір адамның өзі бірнеше миллион теңге алатындығын ескерер болсақ, бұл көрсеткіш көптік етпейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz