Интернет жарнамасының түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Алматы қаласындағы туристік жарнама

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Жарнама түсінігі . . .
  2. Жарнаманың түрлері ……… . . . . . .
  3. Туризмдегі жарнама . . .
  4. Алматы қаласындағы туристік жарнама . . .
  5. Қазақстандағы туристік жарнама . . .
  6. Электронды жарнама . . .
  7. Интернет жарнамасының түрлері . . .
  8. Қорытынды . . .
  9. Қолданған әдебиеттер тізімі . . .

Жарнама - бұл ежелден келе жатқан, адамдардың көңілін аулау үшін, адамдарды қызықтыру үшін жасалынатын құбылыс. Оның тарихы өндірістің дамуымен, тауардың алмасуымен өте тығыз байланыста болған. Қазіргі заманда жарнаманы экономикаға байланысты, информация-коммуникативтік, жалпы мәдени түрде шығарып жатыр.

Жарнама - жарнама берушінің визит карточкасы. Сондықтан жарнаманы көз тартатындай жасау үшін арнайы безендіру әдістерді қолдану керек.

Ал енді жарнаманы таратудың да өзінің бір түрлері болады. оларды атап өтсек:

  1. Теледидардағы жарнама
  2. Радиодағы жарнама
  3. Прессадағы жарнама
  4. Афишалы жарнама
  5. Почталық жарнама т. б.

Енді осы жарнамалардың түрлеріне қысқаша тоқталып өтсек.

  1. Теледидардағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі ең қымбат болып табылады. Өйткені біз теледидардан оны көре аламыз, ести аламыз т. с. с. Оның маңыздылығыны келетін болсақ, олар:
  • Бір уақыттағы визуалды және дыбыстық әсер ету, құбылыс қозғалыс ретінде байқалады, бұл көрермендерді қызықтырады.
  • Таңдаулы түрде анықталған аудиторияға әсер ету мүмкіндігі.
  • Ауқымды аудитория.
  • Ұмытылмас бейнелерді құру үшін үлкен мүмкіндіктері бар.
  • Адам теледидарды ешқайда асықпай, демалып отырған кезде көреді.
  • Бір тәулікте жазылған жарнаманы бірнеше мәрте көре алады.

Бірақ, өздеріңіз білетіндей, кез келген нәрсенің жақсы жағы болса да, оның жаман жағы да болады. Жарнамада да тура осындай. Оның жаман жақтары:

  • Ол қысқа болады.
  • Барлығы оны жалпы көре алады. Сондықтан ол жаман жарнама болса оны кішкентай балдар көрсе бұзылуы мүмкін.
  • Ол көп өнерлікті қажет етпейді т. с. с.
  1. Радиодағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі теледидарға қарағанда арзан болып келеді. Бағасы да теледидардағы жарнамаға қарағанда 5-6 есе арзан. Ғалымдардың айтуы бойынша көргеннен гөрі, адам естігенде оның есінде сол мағлұмат көпке дейін сақталады. Сонықтан радиодағы жарнама жақсы болып келеді.
  2. Интернеттегі жарнама. Бұл жарнаманың түрі қазіргі заманда қарқынды дамып келе жатыр деуге болады. Қазір көптеген ірі турфирмалар осы жарнаманың түрін көп қолданып жатыр. Бұл жарнаманың өзіндік түрлері болады. Олар:
  • Текстік жарнама. Бұл информацияның ең көп тараған түрі.
  • Графикалық жарнама. Бұл жарнаманың түрін барлық сайттарда кездестіруге болады.
  • Рич медиа.
  • Pop Up
  • Pop UNDER
  1. Прессадағы жарнама. Бұл жарнаманың түрі дәрежесі теледидар жарнамасының дәрежесіндей. Өйткені бұл жарнаманың түрін халық көп қолданады. Ол өздеріңіз білетіндей жазбаша түрде келеді және бұл жарнаманың түрі теледидар жарнамасына қарағана арзан болады.
  2. Почталық жарнама. Бұл жарнаманың түрі басқа жарнамалардың түріне қарағанда ең қарапайымы болып келеді.

Ал енді жарнама құрудағы басты қағидаларына тоқталатын болсақ:

  • Жарнама қысқа және нұсқа болуы керек. Өйткені ол аяғына дейін қабылданбай қалуы мүмкін.
  • Жарнама ойда ұзақ сақталу үшін клиентке түсінікті болуы керек.
  • Жарнамалық жолдауды құрған кезде алдын-ала мәтіндегі басты мәселені айқындап көрсету керек.
  • Материал түрлі және әдеттегідей болмауы тиіс. Сол кезде ол есте тез сақталады.
  • Егер де ақпарат үйреншікті түсінікке және қағидаларға қарама-қайшы келмейтін болса, жеңіл қабылданады және күштірек есте сақталады.
  • Қоғамдық өмірдің негізгі тенденцияларын ескеру қажет. Ол үшін тұрғылыұты халықтың пікірін білу қажет, басқаша айтқанда маркетингтік зерттеулер жүргізілуі керек.

Жарнаманы орналастыру қағидалары:

  1. Ақпарат көзін мұқият зерттеу қажет, бұл деген мемлекет, аудан, турорталық немесе курорттар туралы туристер информация алады.
  2. Жарнаманың құралы әртүрлі болуы мүмкін. Туризмде көбінесе прессалық жарнама, ТВ жарнама, радиолық жарнама, видеороликтер, сатылу орындарында көп қолданылуы мүмкін.
  3. Міндетті түрде жарнаманың эффекті түрін таңдап алу қажет.

Жарнаманың орналасу эффектігін міндетті түрде бақылау керек.

Интернет жарнамасын бүкіл әлем біледі және қолданады, соның ішінде Қазақстан да бар . Интернет жарнамасы территориялық жағынан шектеусіз болып келеді. Оны Жердің әр нүктесінде тұтынушы көре алады. Мәлеметті мамандырылған туристік WWW- серверде орналастыру керек. Клиенттерді өз туристік өніммен қызықтыру үшін басқа сайттарда жарнамалық баннер орналастыруға болады.

Баннер- сіздің сайтқа кіруге шақыратын, 468x60 немесе 100x100 пиксел көлемінде Интернеттегі жарнамалық плакат. Баннермен қызықтырған тұтынушы оған кіріп, жарнамалайтын ресурсқа кіреді.

Клиенттерді қызықтыру үшін ізденіс жүйелерде және каталогтарда міндетті түрде тіркелену қажет.

Мамандырылған туристік жүйелерде өз жарнамалық баннерлерді орналастырса көптегн тұтынушылардаы тарту мүмкіндіге туындайды. Арнайы элетронды туристік ресурстарда елдер, курорттар, ауа райы бойынша анықтамалары, көлік кестелері, турфирмалардың ұсыныстары, саяхатшылардың қызықты әңгімелері және т. б. қызықты мәліметтер бар. Бұл ресурстарға туризммен қызықтыратын көптеген адамдар жиналады. Сондықтан осындай туристік серверлерде өз жарнамалық баннерлерді орналастыру өте тиімді әдісі болып табылады. Осы ресурстарда баннерлермен қоса өзінің нақты ұсыныстарын да орналастыруға болады. Әдеттегідей бұл жағдайда сатушы фирманы, курортты, қонақ үйдің категориясын, көлік түрін, турдың қосымша қызмет түрлері, минималды немесе максималды бағасы көрсетіледі.

ИНТУРИОН (http://www. hro. ru/intour) мамандырылған онлайн қызмет беттерінде туристік мекемелерге және туристтік қызметтерді қамтамасыз ететін мекемелерге мәліметтік және жарнамалық қызмет көрсетіледі. ИНТУРИОН жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

  • Туристтік мекемелер- электронды онлайн анықтамасы;
  • Туристтік ұсыныстар- туристтік бағдарламалар және турлар туралы хабарландырулар;
  • Серіктестерді іздеу- серіктестерді іздеу жайла хабарландырулар;
  • Туристік шаруашылықты қамтамасыз ету- туризмді қаматамасыз ететін мекемелер жайлы онлайн анықтамасы;
  • Виртуалды саяхаттар- елдер және қалалар бойынша электронды экскурсиялар.

Электронды онлайн анықтамасы Жердің әр нүктесінен тәулік бойы мәліметті қарау, жаңадан келген мәліметтің жедел орналастырылуы, 1-2 күннің ішінде өзгертулерді оперативті түрде енгізілуі, мәліметті елдер, қалалар, қызметтер түрлері бойынша топтасуы, мәліметті іздеу, персоналды беттеріне және серверлеріне ссылкаларды безендіруду мүмкіндігін ұсынады.

Анықтама екі тілде құралған: орыс тілінде Ресей және ТМД елдері үшін, ағылшын тілінде Интернеттің дүние жүзілік тұтынушылары үшін.

Қазақстанда Интернет жүйесі қазақ тілінде әлі дамымаған деңгейде болғандықтан, көптегн турфирмалар өз Веб серверлерді құрайды, сонда да бүкіл ақпарат орыс тілінде беріледі. Сондықтан көптеген Интернет пайдаланушылар Google. kz ізденіс жүйесін пайдаланып, келесі Ресейлік туристік ресурстарына шығады.

  • 100 дорог туристік сервер(http://www. tours. ru/)
  • «Кирилл и Мифодий» порталының туристік бөлімі(www. km. ru/tourism)
  • Туристтік ақпараттық жүйесі(http://tos. ru/)
  • Сапарлар үшін серверTravel. ru- (http://www. travel. ru/)
  • Туристтік маяк(http://www. mayakinfo. ru/)
  • Жаңатын саяхаттар дүкендар жүйесінің сервері (http://www. tournews. ru/)

Өзінің Web-бетінді немесе мамандырылған серверді ашуы- электронды жарнаманың ең тиімді әдісі.

Осы бетіне орналастырылған ақпарат Интернеттің барлық пайдаланушыларына ашық. Жарнаманың құруына және дамуына байланыты шығындар ақпараттың көлеміне және оны ұсыну ядісіне (текст, тект және фотосуреттер, бейне материалдар және т. б. әдістер) тікелей байланысты. Жарнама бетінді ашуы арнайы мамандарды қажет етеді. Ол HTML тілінде құралады.

Web- бетінді ашқаннан кейін, оны Интернет пайдаланушының көбісі табатын жерде орналастыру қажет. Себебі, егер жарнамалық бет ізденіс серверлерде, жүйенің пайдаланушылары оны жиі іздеейтін орнында, тіркелмесе, онда сізді ешкім таба алмайды.

Жарнама басқа маркетингтік коммуникациядағы сияқты, туристік фирмаларда да үлкен рольді ойнайды. Ол халыққа әлеуметтік-мәдени және психологиялық әсер береді. Жарнама сатылымның көлемін көбейтеді. Халықта Интернет жайлы бірнеше қате ойлар қалыптасқан, бірақ олар әлеуметтік зерттеулермен дәлелдемеген. Бірнші қателік, Интернетті тек вирусты жазатын, банктерді, программаларды бұзатын студенттер мен хаккерлер пайдаланады. Зерттеулеіне сәйкес жүйенің пайдаланушылары бұл жұмыс істейтін адамдар, фирмалардың жұмыскерлері, яғни жұмыс орнында Интернет жүйесіне қосылған адамдар болып табылады. Интернетке мейрам, демалыс күндері және түнде аз кіреді.

Туристік қызметтер нарығында туристік өнімді жылжыту электрондық жарнаманың көмегімен маркетингттік зерттеулер негізінде жүргізіледі.

Интернет- шектелмейтін жарнама кеңістігі деуге болады. Жарнаманың потенциалды тұтынушылары 70 миллионнан астам адам, яғни Интернет және оның мүмкіндіктерін пайдаланушылар болып табылады.

Интернеттегі жарнамалық компания шетелде де, Қазақстанда да өте қолайлы. Компьютер біздің еліміздің әрбір кәсіпкерлердің кеңселерінде және мемлекеттік мекемелерде бар. Көптеген фирмалар электронды почта және Интернетте мәліметті іздеу кызметтерін пайдаланады. Интернетте фирма жайлы мәліметті, сонымен қатар фирманың жарнамасын орналастыру жарнама берушінің имиджін көтереді, жоғары деңгейдегі кәсіпкерлерде, потенциалды партнер- фирмаларда, дәнекерлерде қызығушылық туындайды. Дәнекерлер үзіліссіз компьютерлік кеңестікті, жарнамаларды және бірге жұмыс істеу және өзінің жергілікті нарықта тауарларды тікелей сату ұсынуларды зерттеуде мамандырылған мекмелер. Бұл дүние жүзілік нарыққа өз өнімді жылжытудуң ең қолайлы әдісі.

Интернет жүйесі пайдаланушыларға бұрын көрмеген мүмкіндіктерді, яғни дүние жүзілік ұйымға өз туристік өнімді ұсыну және жылжыту мүмкіндіктерін ұсына алады. Сонда да үлкен емес туристік фирма жақсы өткізілген жарнамалық компанияның көмегімен жоғары көрсеткіштерге жете алады.

Басқа жарнама көздеріне қарағанда, Интернет жарнаманы көрген тұлғалар туралы мәліметті ұсына алады. Яғни, жарнамалық бетінің қай мәліметтері қай уақытында, қай мемлекеттердің Интернет пайдаланушыларында қызуғышылық туындайды сияқты мәліметті алуға бола алады. Бұған сәйкес кейбір өзгешеліктерді, жаңа мәліметті енгізу. Ақпаратты түрлі тілдерде ұсунуға болады: кириллица немесе латын. Сонымен қоса ақпарат тәулік бойы Жердің әрбір мемлекетінің Интернет пайдаланушыға ашық болады. Жарнаманың басқа әдістеріне қарағанда электронды жарнаманың шығындары төмен, ал тиімділігі жоғары болып келеді.

Интернетте жылдамдық және мәліметтің жаңартылуы бағаланады. Бүгінгі технологиялар мәліметті күн сайын жаңартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманда, біздің Қазақстанда туризм қарқынды дамып келе жатыр деуге болады. Ол қалай дамып келе жатыр? Деген сұрақ туады. Ол дегеніміз, оның бірі жарнаманың әсерінен деуге болады. Әлемдік сараптама бойынша туристік мекемелер жарнаманы көп пайдаланушылардың бірі болып табылады деп шешкен. Мысал, туристік фирмалар тапқан табыстың 5-6 пайызын жарнамаға жұмсайды. Қазақстанда, сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің 58, 4 пайызы біздің елге іскерлік және кәсіьи мақсаттармен келгенін көрсетеді. Жыл сайын сыртқа шығушылардың туризмінің көлемі артып жатыр. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындысы бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристерді құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Туркия - 63, 1 мың адам (30 пайыз), Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1 пайыз), Біріккен Араб Әмірліктері - 23, 8 мың адам (11, 3 пайыз) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады. Осыған жарнаманың өз үлесін қосқандығын байқаймыз. Егер жарнама болмағанда біз ол елдің қандай екенін, оның қандай кереметтері туристерді қызықтырады т. с. с. білмейтін едік. Сондықтан тіл жетпеген жерге жарнаманы жеткізуге болады. жарнаманың тағы бір түрі бұл- тікелей почта арқылы жарнама беру. Тікелей жарнамалық компания қымбат тұратын, бірақ перспективалы әдісі деуге болады. Ол арнайы мамандырылған дайындықты, жоспарлауды және қаражаттың қаматмасыздануын қажет етеді. Осында йжарнамалық компания нарықта өзінің туристук қызметтерін белсенді түрде жылжытүға жоспары бар немесе қайта ашылған туристік фирмалар үшін ең қолайлы әдісі. Direct-mail әдісі жүйемен жұмыс істеу алғашқы кезеңдерде жақсы нәтижелер береді.

Интернеттің қарқынды дамуы туристтік мекемелердің жарнамаға көзқарасын өзгертуге әсерін тигізеді. Кейбір еуропалық турагенттіктер газетке шығаратын жарнаманың көлемін азайтып, Интернетке орналастырылатын жарнамаға қаражат көптеп бөліне бастады. Енді газеттердегі үлкен жарнамаларды Интернетте ақпараттық мәліметтің адресін көрсететін кішкентай блоктар ауыстырады.

Сонымен қатар Еуропаның көптеген туристік компаниялар Интернеттің бизнесіне қаупін көреді. Интернетте қонақ үйлер, авиабилеттерді және турды құрайтын басқа бөлшектерін брондау жүйелерінің ашық болуы туристтерге өз бетінше, агенттікдердің көмегін пайдаланбай, турларды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Элетронды жарнама

  • Интернет жарнамен танысқан тұлғалар туралы мәліметті ұсынады
  • Ақпаратты түрлі тілдерде ұсынуға мүмкіндігі бар
  • Ақпаратты Жердің барлық Интернет пайдаланушылары көре алады
  • Шығындары төмен, ал тиімділігі жоғары
  • Ақпаратты оперативті түрде өзгертуге мүмкіндігі бар
  • Тестпе қоса, жарнамаға суреттерді, роликтерді, фильмдарды орналастыруға болады
  • Жарнама берушінің имиджі көтеріледі
  • Дүние жүзілік нарыққа шығуға мүмкіндігі туады
  • Тұтынушылары өздері жарнама берушіні табады

Көптеген туристтік орталықтар және компаниялар Интернет жүйесінде тексттермен, фотосуреттермен, кішкентай фильмдармен ақпараттар енгізіді. Осының барлығы пайдаланушыға туристтік ресурстамен танысуға, турлар, тасымалдау кестелері және шарттары, көлік, қонақ үйлер және отельдер, ірі мейрамханаларжәне ас мәзірі, туристтік сақтандыру шарттары, ауа райы, көңіл көтеру шаралары туралы мәлімет алуға, сұранысты жасау немесе туристтік қызметтерді брондау, сонымен қатар туристтік қазметтер үшін төлеу мумкіндігін ұсынады.

Бүгінгі таңда Алматылық нарықта туристік қызметтер көрсететін 200-ден астам туристік фирмалар белгілі. Бірақ олардың ірілері ғана өздерін жарнамалайды. Әрине, бұқаралық ақпараттар құралдарында жарнама беру өте қымбат болғандықтан тек мықты капиталы бар туристік фирмалар жарнама бере алады. Жарнама компанияларды ұйымдастырған кезде маркетингтік стратегияға байланысты сәйкес әрекетке бару қажет. Ол бұл компанияның мақсаты мен міндеттерін анықтайды және жарнамалық каналдардың құралдары мен түрлеріне әсер етеді.

Жанама түрде жарнаманың әсерін анықтайтын, сонымен қатар жарнамалық өнімнің сапасын анықтауға арналған тәсілдері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары
Кітап өнімдерін жарнамалау
Пошта жарнамасы жəне басылымды жарнама құралдары
Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары
Тауарлар мен қызметтер жайлы тұтынушыларды ақпараттандыру
Туризм саласындағы жарнама қызметтерінің арнайы сипаттамасы
Тұрмыс құру жарнама мәтінінің аудармасына тартымдылық сүйкімділікпен қарау
Кітапханалық жарнама мәселелері
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz