Компанияның қаржылық активтерінің жіктелуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Компанияның қаржылық активтерінің экономикалық маңызы және олардың жіктелуі . . . 8
1. 2 Компанияның қаржылық активтерін бағалау мен басқарудың шетелдік тәжірибелері . . . 17
2 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУЫНА ТАЛДАУ («ВАГОНСЕРВИС»АҚ МЫСАЛЫНДА) .
2. 1 «Вагонсервис» АҚ негізгі қызметі мен ұйымдық құрылымы және технико - экономикалық көрсеткіштері . . . 30
2. 2 «Вагонсервис» АҚ активтерінің жағдайын және қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 35
2. 3 «Вагонсервис» АҚ активтерінің өтімділігін бағалау . . . 48
3 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайда отандық экономиканың рыноктық қатынастарға ауысуымен байланысты, компанияның қаржылық жұмысы алдымен рентабельділіктің өсуін қамтамасыз етуге инвестициялық тартымдылықты, яғни кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту мақсатында қаржы активтерін жақсартуға мақсатталған. Қаржылық активтерді бағалау компанияның қаржылық активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдары мен тиімділендіруден тұратын жалпы қаржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Қаржылық активтер қызметінің басты мақсаты - компанияның және өндірістің тиімді дамуы және ең көп табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және компанияның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін қаржыларды қалай басқару, қаржы құралдарын тиімді ұйымдастыру компанияның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай компанияның қаржылық активтерін түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу еліміздің қаржы жүйесіне елеулі өзгерістерді әкелгені анық. Елімізде меншіктің түрлі нысанында қызмет атқаратын шаруашылық субъектілері пайда бола бастады. Жылдар өткен сайын олардың қызметіне деген қызығушылық тек олардың басшылары мен инвесторларда ғана емес, жалпы мемлекетте де туындады. Себебі мемлекеттің қаржы жүйесінің елеулі элементі болып кәсіпорын қаржысы табылады. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржыларды тиімді басқаруға кез келген субъект тырысады.
Компанияны бағалауда шығындарды төмендету, қаржы активтерін тиімді басқару мұнда аса маңызды мәселе болып табылады. Яғни, осы жерден оны қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақ туындайды. Өнім түрінің нақтылы өзіндік құның қалай есептеу керектігі, қолда бар активтер жағдайында сатып алуларды қалай жоспарлау керектігі, қандай процестер арқылы қаражаттарды инвестициялау керектігі және т. б. мәселелер алға қойылады. Жұмыста осы мәселелер қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - компанияның қаржы активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау. Берілген жұмыста мен арнайы әдебиет көздерін қолдана отырып, компанияның қаржылық активтерінің экономикалық мәнің анықтадым.
Бұл алдыға қойылған мақсаттарды орындау үшін мен арнайы әдебиет көздерін қолдана отырып, мынандай міндеттер орындалды:
- Компанияның қаржылық активтерінің экономикалық мәні теориялық тұрғыда ашылды;
- Қаржылық активтерді отандық басқаруды шетелдік басқару тәжірбиесімен салыстыру арқылы сәйкестікте ұсыныстар берілді;
- Компанияның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық активтер құрылымын талдау жүргізілді;
- Компанияның қаржылық активтерін бағалаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Зерттеу объектісі - «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Алматы филиалының қаржылық активтерін бағалау.
«Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі филиалының негізгі қызметі: жолаушылар және жүк вагондарының жоспарланған жөндеу түрлерін, ағымдағы және ағытпалық жөндеу жүргізу, олар ТО - 1, 2, 3 циклдары бойынша жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету және вагондарды отынмен және ауызсумен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Алматы филиалының келесідей қызмет түрлерін көрсету бойынша лицензиялардың иесі болып табылады:
- темір жол көлігіндегі жылжымалы құрамдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
- темір жол көлігінде қолданылатын техникалық құралдарды жөндеу және қызмет көрсету;
- темір жол көлігінде жүктеу және жөнелту қызметтерін көрсету;
- темір жол көлігінде электр желілерін пайдалану;
- темір жол көлігінде жылу желілерін пайдалану;
- темір жол көлігінде өртке қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану;
- өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету.
Компаниянының қаржылық жағдайын бағалау үшін келесі көрсеткіштер маңызды болып келеді: тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс; ақша қаражаттар ағыны. Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда компанияның әр түрлі қызметтерден түсетін қаржылық активтері бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер қаржылық активтердің түсуі шығыннан жоғарыласа, онда компания ағындағы және болашақтағы дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос активтерді бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер компания пайда табатын болса, онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ағымдағы кезеңде қаржылық активтер сомасының қөбеюі келесі негізгі іс - шаралар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: қысқа мерзімді қаржылық салымдар портфелін ликвидациялау; дебиторлық қарыздың жалпы көлемін азайту мақсатымен оны қайта қаржыландыру; дебиторлық қарыз айналымын жылдамдату; тауарлы - материалдық қорлардың ағымдағы көлемін нормализациялау; тауарлы - материалдық қорлардың маусымдық және сақтандыру қорларының көлемін қысқарту. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында қаржылық активтерді бағалау маңызды орынды алады, себебі осыдан компанияның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Қаржылық активтердің жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қаржылық активтердің үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс үрдісінің үздіксіздігінің негізі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ақпарат көзі. Дмпломдық жұмысты жазу барысында керекті материалдарды көптеген әдебиеттер, газет - журналдар, ең керекті материалды «Вагонсервис» АҚ -ның қаржылық есебі мен жылдық есебінен алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеу үшін жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, экономикалық маңызы көрсетіліп негізделген мақсаттары мен міндеттері, әдістері қарастырылған.
Жұмыстың бірінші бөлімі екі тараудан тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржылық активтерін экономикалық талдаудың маңызы қарастырылған. Сонымен қатар, бірінші тараудың екінші бөлімінде компанияның қаржылық активтерін басқарудың шетелдік тәжірбиелерінің әдістері негізге алынып талқыланды.
Жұмыстың екінші тарауы үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде «Вагонсервис» АҚ негізгі қызметі мен ұйымдық құрылымы және технико- экономикалық көрсеткіштері қарастырылған. Ал, екінші бөлімінде «Вагонсервис» АҚ активтерінің жағдайына және қаржылық тұрақтылығына талдау жасалды. Үшінші бөлімінде АҚ активтерінің өтімділігі бағаланды.
Үшінші тарау бір бөлімнен тұрады. Компанияның қаржылық активтерін бағалауды жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Тарауда « Вагосервис» АҚ активтерін жетілдіру жолдары қарастырылды.
1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Компанияның қаржылық активтерінің экономикалық маңызы және олардың жіктелуі.
Жалпы компания активтері дегеніміз - өткен оқиғалар нәтижиесінде болашақта экономикалық пайда алынуы күтілетін, ұйымның бақылауында болатын ресурстар болып табылады. Активтер бұл құндық бағасы бар компанияның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады немесе нені иеленді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді. Олар компанияның бухгалтерлік балансында өтімділік белгілері бойынша және «неғұрлым өтімді активтерден өтімділігі аз активтерге қарай» принципі бойынша, яғни өтімділігінің азаюы тәртібімен орналасады. [18]
Қаржылық есеп берудің аса маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың болуы, құрылымы және оларда болып өткен өзгерістер зерттеледі. Активтер құрылымын тұтастай және оның жекелеген топтарын талдау оларды орналастыру тиімділігі жайлы ой қорытуға мүмкіндік береді.
Компанияның қаржылық активтері экономикада жалпы компания мүлігінің негізгі бөлігін құрайды. Осы қаржылық активтерінің жағдайын және тиімділігін қамтамасыз ету - кәсіпкерлік қызметтің тиімді дамуының бірден-бір негізгі көзі. Компанияның қаржылық активтері өз кезегінде ақшалай, өндірістік және тауарлық формада болып, олар өндірістік қорларға және айналым қорларына бөлінеді. Мұнда өндірістік қорларға еңбек күші мен еңбек құралдары жатады, ал жылдың өнім, ақша қаражаттары айналым қорын қалыптастырады.
Компанияның қаржылық активтері деп отырғанымыз- материалдық және қаржылық ресурстар, бағалы қағаздар мен бағалы мүліктер болып табылады. [3]
Компанияның қаржылық активтері:
- Банктік салымдар;
- Запастар;
- Инвестиция және бағалы қағаздар;
- Қолда бар ақша-қаражаттары;
- Сауда белгісі
- Машинамен ғимараттар;
- Патенттер;
- Жер;
- Ноу-хау;
Компанияның айналым активтері бөлігінің ең бір қажетті маңызды бөлігі қаржылық активтер болып табылады. Қаржылық активтерді бағалау және оларды басқару:
- Компанияның ақша-қаражаттары және активтерінің төлемқабілеттілігінің өтімділігін анықтау;
- Ағымды қаржылық-шаруашылық қызметтерін іске асырудағы қаржылық активтерінің рөлі;
- Қаржылық активтердің айналымдылығын жоғарылату;
- Уақытша бос ақша қаражаттарын рентабельді жолдарға инфляциядан сақтану үшін жұмсау.
Компания қорларының айналымы ақшалай формада немесе өндіріске қажетті шикізаттар, материалдар және тағы басқа өндірістік қажеттіліктерді пайдаланудан басталады. Мұны кейде 1-ші кезең деп те атайды.
2-ші кезеңде өндіріс құралдарын және материалдарды пайдаланып бастаған кездегі қатынастар. Олар жаңа өнім шығаруға бастайды және бұл кезеңде өнім құны өндірістік құнынан тауарлы құнға өтеді.
3-ші кезең компанияның жалпы шығарған өнімдерін сатудан туындайтын және ақшалай табыс алады. Бұл аралықта өндірілген құн тауарлы формадан ақшалай формаға өтеді. Яғни, өндірісте ұдайы ұлғаймалы өндіріс қалыптасады. Бұл дегеніміз бастапқы бір айналым жасаған активтер үстеме активтерді қалыптастырады. Бұл өз кезегінде кәсіпорын пайдасын қалыптастырады.
Ұдайы өндiрiс өндiрiстiк капиталды пайдалану негiзiнде жүредi. Осы процесте өнеркәсiп капиталы үш функционалдық форма алады. [4] Ұдайы өндiрiстiк процестi осыған қатынасатын өнеркәсiптiк капиталдың функционалдық формаларының өзгеруi бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:[5]
А - Т . . . Ө . . . Т 1 - А 1 (1)
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А - Т . . .
Өндiрiс факторлары нарығында тауар формасын алған өндiрiс факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтiп, ақша капиталы өндiргiш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - өндiрiске жағдайлар жасау:
. . . Ө . . .
Өндiрiс процесiнде өндiргiш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме құн өндiру функциясын атқарады:
. . . Т 1 - А 1
Тауарларға сiңген үстеме құн, оны нарықта өткiзген соң, кәсiпкердiң қарамағына түседi. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы - үстеме құнды өткiзу және сату.
Капиталдың бiр формадан екiншi формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетiп тұр - капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейдi:
d = A 1 - A (2)
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзiлмей қайталанып жүрiп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бiр-бiрiмен тура келмейдi. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесiнде кәсiпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бiр бөлшегi қайтып келедi, барлық капиталдық құн өз иесiне өзiнiң бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасады деп есептеледi.
Капиталдың әр түрлi элементтерiнiң айналымы бiрдей жүрмейдi. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негiзгi және айнымалы болып бөлiнедi.
Негiзгi капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшiнiң төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерiнiң айналымының айыпмашылықтары, өндiргiш капиталдың құнының әр элементтерiнiң жасалынатын өнiмге өзiнiң құнын алмастыруының әдiстерiнiң әр түрлi болуымен байланысты болады.
Негiзгi капитал - бұл өндiрiс процесiне тұтас қатынасатын, бiрақ өз құнын өнiмге бiрте-бiрте ауыстырып, меншiк иесiне ақшалай формада бiрте-бiрте оралатын капитал. Негiзгi капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндiрiстiк ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Ал шикiзаттар, материалдар, еңбек күшi айнымалы капиталдарға жатады, олар өзiнiң құнын шығарылған өнiмге толық бередi.
Айнымалы капитал - өндiргiш капиталдың бiр бөлiгi болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесiнде толығынан өнiмге ауысып, әрбiр ауыспалы айналым актiсiнiң соңында ақшалай формада тұтас қайтады.
Қаржылық активтер өндірістік шығындардың басты бөлігін құрайды. Өйткені олар өздерінің құндарын шығарылған тауар құнына толық қосып отырады, яғни айналым активтері тауар құнын белгілеудің негізі болып табылады. Ал тауар бағасы нарықта сұранысты қалыптастырады, демек қаржылық активтерін тиімді пайдалану, өндіріс шығындарын минималдау әрбір нарықта қызмет етуші, бәсекелестік кәсіпорынның күн тәртібіне қойылған негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Компанияның қаржылық активтері екі қызмет атқарады. Оған өндірістік және есептік қызметтер жатады. Өндірістік қызмет негізінде қаржы активтері өндірістік қорларды қалыптастырады, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осы өндірістік кезең аяқталғаннан кейін қаржы активтері айналым қорлары түріне өтеді, яғни екінші қызметі көрініс табыды. Бұл қызмет бойынша айналым біткенше айналым біткеннен кейін қаржылық активтері тауарлы формадан ақшалай формаға өтеді.
Компанияның қаржылық активтерінің көлемін үлкейтетін факторлар:
- сауда қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- жаңа заманға сай технологияларды көбейту;
- басқа бәсекелестік компаниялардың өнімдері мен қызметтерінен сапа жағынан да, қызмет көрсету жағынан да әрқашан жоғарғы дәрежеде болу;
- қазіргі нарықтық жағдайға сай қызмет көрсету.
- қаржылық активтерін қалыптастыру көздерін анықтау;
Компанияның қаржылық активтерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады(1-сурет) . Әртүрлі ерекшеліктеріне, қызметіне, нысанына, қаржылық көздері мен әсер етуші факторлары бойынша топтастыруға болады. [4]
Сурет 1. Компанияның қаржылық активтерінің жіктелуі
Қайнар көзі: И. А. Бланк. «Управление активами»
Материалдық активтер - компанияның материалдық құны бар иелігіндегі құндылықтар. Материалдық активтерге мыналар жатады:
- Негізгі құралдар
- Аяқталмаған капиталдық салымдар
- Құрылыстар мен ғимараттар
- Өндірістік запастар және жартылайфабрикаттар
- Құны аз немесе тез тозатын құралдар
- Аяқталмаған күрделі құрылыс
- Жеке - дара сатуға арналған таза өнім запастары
- Басқа да материалдық активтер
Материалдық емес активтер - белгілі бір табиғи пішіні жоқ, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын, субьектіге үнемі ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтер. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер оны жалға беруге, сатуға, алмастыруға болатын болса; егер оны қолданудан күтілген болашақ экономикалық пайданы берілген активке қатыстыратын болса. оларға мыналар жатады:
- Гудвилл
- Патенттер, тауарлық белгілер және басқалар
- Материалдық емес активтердің амортизациясы
Қаржылық активтер- компания иелігіндегі ақша қаражатының құнын сипаттайды және тиісті ақшалық және қаржылық аспабы болып саналады. Қаржылық активтер - өз кезегінде ақшалай, өндірістік және тауарлық формада болып, олар өндірістік қорларға және айналым қорларына бөлінеді.
Компанияның басты қаржылық активтеріне:
- Ұлттық валютадағы қаржылық активтер
- Шетел валютасындағы қаржылық активтер
- Дебиторлық берешектің барлық түрі
- Қысқамерзімдік қаржылық салым
- Ұзақмерзімді қаржылық салым
Айналым активтері - компанияның өндіріспен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. [1] Айналым активтері бар компания жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады.
Айналымнан тыс активтер - компания меншігіндегі бағалы заттар жиынтығы, олар бір жылдан асатын немесе құқықтық нормамен бекітілген қысқа мерзімді уақыт аралығында қолданылатын активтер.
Операциялық активтер - компанияның шаруашылық коммерциялық (операциялық) қызметі бойынша операциялық пайда табу мақсатын көздейтін активтер.
Инвестициялық активтер - акционерлiк компаниялар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина әне құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық салымдар. Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты. Активтi инвестициялар - кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында салынған инвестициялар.
Жалпы активтер - компанияның өз меншігі немесе қарыз капиталы бойынша тартылған иелігіндегі барлық құндылықтардың жиынтығы.
Таза активтер - компанияның өз меншікті капиалы бойынша жиналған компания иелігіндегі барлық бағалы құндылықтар жиынтығы.
Компанияның таза активтері келесі формуламен анықталады:[6]
ТА = А - ҚК (3)
ТА - компанияның таза активтер құны
А - баланстық құны бойынша компанияның барлық активтерінің сомасы
ҚК - компанияның пайдалынатын барлық қарыз капиталы.
Меншікті капитал - компаниядағы ең маңызды ролін алады. Себебі ол осы компанияны ашудағы негізгі соманы құрайды және компанияның нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші компаниялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы меншік капиталының негізі болып компания құрыла сала пайда болатын жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе затттай салымдары арқылы іске асады. [21]
Жалгерлік активтер - шаруашылық қызметті іске асырудағы жалға алынған қолданыстағы құндылықтары.
Өтеусіз қолданыстағы активтер - компанияға басқа субьекттің уақытша тегін қолдануға берілген құнды меншігі.
Жекеменшік активтер - компанияның жеке- даралық минималды басқарудағы(мысалы, кассадағы ақша- қаражаттары, компанияның жеке акциясы; материалдық емес активтердің кейбір түрлері) активтері.
Бірігіп басқару активі - компанияның қызметін басқарудағы бірлікті сипаттайтын құндылықтар (мысалы, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар, тауарлы- материалдық құндылықтар, бұлардың барлығы айналым активтеріне кіреді.
Компанияның жиынтық активтері - компания өндірісінің аяқталған және мүлікті сату бойынша активтердің бағасы.
Пайдалынатын активтер - компанияның операциялық немесе инвестициялық қызметінен түсетін табыстардан жиналған иелігіндегі құндылықтар.
Пайдалынбайтын активтер - компания иелігінде бар бірақ уақытша қолданылмай тұрған немесе істен шыққан құндылықтар.
Олар :
- Компанияның қолданылмайтын ғимараттары мен құрылыстары;
- Қолданылмайтын машиналармен жабдықтар;
- Компанияның өндірістен шығып кеткен тауарларына бұрын алынған өндірістік заттар мен материалдар;
- Дайын өнімдер запасы, нарықтағы сұранысты жоғалту себебімен қолданылмаған;
Ішкі активтер - компания аумағында, меншігінде орналасқан құндылықтар:
- Құрылыстар мен ғимараттар;
- Машина және жабдықтар;
- Таза өнімнің қоры;
- Компания иелігінде орналасқан қаржылық құралдар (акция, облигация) депозиттік сертификаттар;
- Кассадағы ақша-қаражаттары;
Сыртқы активтер - компания меншігінен тыс, басқа шаруашылық субьекттерде, жолдағы немесе жауапкершіліті сақталымдағы құндылықтар. Бұлар деп отырғанымыз:
- Компанияның жолдағы барлық құндылықтары;
- Барлық сыртқы дебиторлық берешектер;
- Уақытша басқа субьектіге немесе жауапкершілікті сақталымдағы құндылықтар;
Компанияның активтерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерге бөліп қарастырады. Кәсіпорын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді баланста өтімділік негізіндегі ұсыну сенімді және неғұрлым сыйымды ақпарат беретін жағдайлардан басқа кезде жеке жіктемелер ретінде ұсынады. Бұл кезде барлық активтер мен міндеттемелер еркін, үлгілі өтімділік тәртібімен беріледі. [4]
Төмендегі жағдайларға кәсіпорын активтерді қысқа мерзімді деп жіктейді:
- Активті өткізуді қалыпты операциялық цикл барысында активтерді сатуды немесе пайдалануды ойға алса;
- Активті негізінен сату мақсатында ұстағанда;
- Активті есепті кезеңнен кейінгі 12 ай ішінде өткізуді ойға алса;
- Есепті кезеңнен кейінгі 12 ай ішінде активті айырбастауға немесе міндеттемелерді өтеу үшін пайдалануға шектеу қойылған жағдайлардан басқа кезде бұл актив ақша қаражаты болса немесе ақша қаражатына барабар актив болса;
Басқа барлық активтер ұзақ мерзімді деп жіктеледі. Кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі нақты белгіленбеген жағдайда, оның ұзақтығы 12 айға тең деп қабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz