Банктің тәуекелдің деңгейі
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .3
1. Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні және табыстылықпен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Банк тәуекелдерінің түрлері мен пайда болу көздері ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тәуекелдердің табыстылық деңгейімен байланысы ... ... ... ... ... ... ...14
1.3 Банк тәуекелдерін басқару және бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.4 Қарыз алушының несиелік қабілеттін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2. Ипотекалық несие тәуекелін басқару және төмендету шаралары . ... . ..28
2.1 Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 Қазақстандағы ипотекалық дағдарыстың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.3 Ипотекалық несие тәуекелін басқару және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.4 Қарыз алушының несие тәуекелінің дәрежесін төмендететін
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.5 Ипотекалық несиені қолданудың американдық тәжірибесі ... ... ... ... .53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. .56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . .59
КІРІСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
Қазіргі уақытта банктік нарықта тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әр түрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы - тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.
Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым - қатынасын табу, белгісіз қаржылық - шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде қолданылуын есептеуге болады.
Тәуекел - деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе ықтималдылығы.
Банк ісіндегі тәуекел - бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша - қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты банктік тәуекелдерді, сонын ішінде ипотекалық несие тәуекелін талдау әдістері негізінде оларды бағалау, басқару тетіктерін жетілдіру және төмендету бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- банктік тәуекелдің экономикалық мәнін, түрлерін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы банктік тәуекел түсінігінің тұжырымын анықтау;
- банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;
- коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарудың тиімділігін бағалау;
- нарықтық экономика жағдайында банктік тәуекелді басқару әдістерін жетілдіру жолдарын анықтау;
- шетелдік банктік тәуекелді басқару ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың кейбір тиімді жақтарын қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
Ипотекалық несиелендірудің әртүрлі елдердегі түрлі моделдері негізінде жүзеге асырылған теориялық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендірудің мүмкіндіктері мен оның Қазакстандағы даму болашағын ашып көрсету болып табылады. Соған сәйкес оның алдында келесідей міндеттер тұр:
ипотекалық несиелендіруге анықтама беру;
- тұрғын үйді ұзақ мерзімді қаржыландырудың моделдері мен олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру ұйымдастыру жүйесін қарастыру;
- ипотекалық несиелендіру жүйесіне несие ресурстарын тартудың механизмдерін анықтау және т.б.
Дамыған мемлекеттердің ипотекалық несиелендіруді дамытудағы сәтті тәжірибесі ипотекалық несиелендіру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан оның тек қана экономикалық емес басқа да салалармен байланысты мәселелерді шешудің маңызды құралы болып табылатындығын көрсетеді. Ол белгілі бір деңгейде жалпы экономикалық стратегия мен қоғамды ондаған жылдар алға дамыту бағытын анықтайды.
Жұмысымның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың методологиялық негізі. Қазақстанда ипотекалық несие тәуекелді басқару әдістерін қолдану және дамыту мәселелері де жан жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар баршылық. Соның ішінде Н.Н. Хамитов, С.Б. Мақыш, Ғ.С.Сейітқасымов және т.б. отандық экономист - ғалымдардың еңбектерін еліміздегі банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктен атап айту орынды.
Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.
1. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСЫ
1.1 Банк тәуекелдерінің түрлері мен пайда болу көздері
Кез-келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе қазіргі уақытта банктер үшін тәуекелді басқарып, төмендетудің маңызы жоғары болып отыр. Өйткені банктер - нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Банк ісіндегі тәуекел - бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.
Бүгінгі танда банктер операциялардың көптеген түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әр қайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты. Осы шешімдерді өз мойнына алу - банк ісінің негізі. Тәуекелдер міндетті түрде реттеліп, банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы қажет.Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді төмендетудің саясаты қалыптастырылады.
Қазіргі кезде қазақстандық экономикада коммерциялық банктердің несиелік қызметінің маңызы зор. Бұл, біріншіден, елімізде несие нарығының дамуымен, екіншіден, шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық жағдайы және елімізде макроэкономикалық жағдайлардың жақсару салдарынан банктердің ресурстық базасының кеңеюімен, үшіншіден, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың пайда болуымен байланысты.
Банктердің несиелік қызметі өз кезегінде берілген ссудаларды уақытында өтемеу және пайыздарды төлемеу немесе қайтармау салдарынан шығындар әкелетін анықталмағандықтардың деңгейімен бірге жүреді.
Тәуекел - артынан түрлі шығындардың пайда болуын әкелетін (мысалы, физикалық қаражат алу, мүліктердің жоғалуы, стихиялы оқиғадан пайда болатын шығыстар, т.б.) кейбір жағымсыз жағдайлардың болу мүмкіндігі.
Тәуекел жүргізілетін операцияның нақты нәтижелерінің күтілетін мәндерінен ауытқу мүмкіндігі болып табылады. Мүмкін болатын ауытқулар диапазоны неғұрлым кең болған сайын, соғұрлым берілген операцияның тәуекелі жоғары. Бұл жағдайда қаржылық операцияның нәтижесі ретінде әдетте оның табыстылығын, яғни алынған табыс сомасының өндірілген шығындардың сомасына пайыздық қатынасын түсінеді.
Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз пайыздық нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады, өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді.Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында адам екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалайды.
Тәуекелдің пайда болу көздері
субьективті
Обьективті
Несиелік тәуекел
Нарықтық тәуекел
Басқару тәуекелі
Стратегиялық тәуекел
Оперативтік тәуекел
Проценттік тәуекел
Валюталық тәуекел
Инвестициялық тәуекел
Сурет 1 - Банктік тәуекелдіктің пайда болу көздері
Банк тәуекелдігі - банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын ысыраптар қаупі. Банк тәуекелдіктері төмендегідей түрлерге бөлінеді - несие, валюта, пайыздық тәуекелдік және өтелімдік тәуекелі.
Пайыздық тәуекел - ағымдағы проценттік тәуекелдің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.[1]
Пайыздық тәуекелді мынандай тәсілдерді қолдану арқылы кемітуге болады:
- пайыздық тәуекелділікті сақтандыру - бұл да тиісті қатерді сақтандырушы ұйымға толық беруді ұйғарады, яғни несие нарығының сақтандырылуына ұқсас;
-банктерге жағдай өзгергенде пайыздық мөлшерлемені тиісінше өзгертуіне мүмкіндік береді;
-мерзімді келісім - қатерден қорғанудың әдісі. Ол банк пен қарыз алушының айтылған мерзімінде белгілі бір сомадағы ссуданы белгіленген мерзімімен беру турасында арнайы форвардтық келісімді бекітумен байланысты жүзеге асырылады. Банк ссуданы беру сәтінде пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен орын алатын ысырапқа ұрынып қалу қатерінен өзін осындай келісімді бекіту арқылы қорғайды;
-пайыздық фьючерлік контрактісі. Ол мерзімді контрактіні білдіреді. Ол пайыз мөлшерлемесін ойнату үшән пайдаланылады. Сатушы шарт бойынша сатады, ал сатып алушы қаржы құжатын осы сәттегі келісілген , тіркелген баға бойынша келешектегі айтылған уақыт мезетінде белгілі бір кезеңнен соң сатап алады;
-пайыздық опцион - опционның иесіне қысқа мерзімді ссуданы немесе депозитті тіркелген баға бойынша келешектегі белгілі бір күнге дейін немесе сол күні сатуына немесе сатып алуына құқық беретін келісім;
- пайыздық своп. Онымен бір ғана сомаға, алайда бір түрлі шартпен бекітілген несие міндеттемесі бойынша пайыздық төлемдердің айырбасы
Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
1 Кесте - Банктің валюталық тәуекелге тәуелділігі[30]
30 қыркүйек 2007 жыл
31 желтоқсан 2006 жыл
Тенге
Шетел валютасы
Барлығы
Тенге
Шетел валютасы
Барлығы
Ақшалай активтер
Ақша және оның эквиваленттері
41,302
131,442
172,744
31,957
95,842
127,799
Міндетті резервтер
80,814
-
80,814
18,873
36,233
55,106
Табыс және шығын есебі негізінде әділетті құнмен бағаланатын қаржы активтері
36,072
11,961
48,033
37,484
15,532
53,016
Несие мекемелеріндегі қаражаттар
4,493
481
4974
1,928
121
2,049
Қолда бар бағалы қағаздар
143,847
671
144,518
122,157
1,182
123,339
Клиенттер займдары
599,233
305,879
905,102
291,007
305,209
596,216
Сақтандыру активтері
5,557
109
5,666
5,252
374
5,626
Басқа активтер
2,088
3,387
5,475
2,925
1,416
4,341
Барлығы
913,396
453,930
1,367,326
511,583
455,909
967,492
Ақшалай міндеттемелер
Клиент қаражаттары
474,553
292,616
767,169
303,199
294,736
597,935
Несие мекемелерінің қаражаттары
92,613
129,554
222,167
55,042
63,677
118,719
Ұзақ мерзімге шығарылған бағалы қағаздар
89,576
150,277
239,853
68,188
66,225
134,413
Резервтер
968
316
1,284
3,014
7
3,021
Мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері
2,645
-
2,645
2,524
6
2,530
Сақтандыру міндеттері
7,695
1,132
8,827
6,425
1,110
7,535
Басқа міндеттер
7,836
3,185
11,021
5,757
432
6,189
Барлығы
675,886
577,080
1,252,966
444,149
426,193
870,342
Кестеде Цеснабанк АҚ валюталық тәуекелге тәуелділігі көрсетілген. Ең алдымен негізгі ақша ағымдары тенге және АҚШ долларымен жүргізіледі. Нәтижесінде, болашақта болатын тербелістер АҚШ долларына қарағанда тенге ақшалай активтерге және міндеттемелердің баланстық құнына әсер етуі мүмкін.
Валюта қатерін азайту үшін көбінесе пайыздық қатердегі әдістер қолданылады: валюталық фьючерлік контракті, валюталық опцион, валюталық своп. Бұлардан басқа валюта ретінде өз ұлттық валюта төлемін(әрине, ол тұрақты болатын болса, біздің елімізде көбіне төлем ретінде американдық доллар пайдаланылады) таңдау әдісі, сондай ақ ақшалай міндеттеме сомасының валюта бағамына қарай өзгеру қаупін ескертетін қорғану шартын несие келісімшартына енгізу әдісі қолданылады. Валюта бағамы ретінде ұлттық валютаның немесе үшінші ел валютасының немесе халықаралық ақша бірліктерінің бағамдары алға шығуы мүмкін.
Несие тәуекелі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Өтімділік тәуекелі. Ол қаржылық активтердің төлем қаражатына жылдам айырбасталуының ысырапсыз жүзеге аспайтынымен байланысты, яғни баланс активі мен пассивінің балансталмауынан ысыраптың болу қаупі бар.Банктер өтімділікті қамтамасыз етудің - ішкі және сыртқы екі түрін қолданады.
Ішкі өтімділік - бұл жылдам өтетін активтер. Ол үшін нарық тұрақты болу керек. Бұл нарық инвестор үшін ақшаны орналастырудың сенімді обьекті болып табылады.
Сыртқы өтімділік банктердің өтімді қаражат қорын арттыратын активтерді банктердің нарықта сатып алу жолымен (өзге банкттер федералдық қордың резервтік қалдығын сатып алу, табыс етілетін салым сертификаттарын сатып алу және т.б.) қамтамасыз етілуі мүмкін.
Өтімділік тәуекелінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәсілдерге мыналар жатады:
несиелік және проценттік тәуекелдерді тиімді басқару;
өтімді активтердің жеткіліктігін қамтамасыз ету;
баланстан тыс міндеттемелерді (кепіл, несиелік желі, овердрафт) жоспарлау және реттеу;
қызметкерлер арасында банктің қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды құпияда сақтау;
банктің кез-келген уақытта нарықтан қарыз алу үшін жоғары репутациясын сақтау немесе қалыптастыру. [1]
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болды.
Тәуекел - бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел - тарихи және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда).
Банктік тәуекел - жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша-қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты "сыртқы") және эндогендік факторлар жиынтығы (өзіндік қате қызметінен пайда болатын "ішкі") бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.[11]
Осылайша, банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтайды:
1. Коммерциялық банктің түрі немесе мамандану саласы;
2. Банк клиенттерінің құрамы;
3. Тәуекелдерді есептеу әдістері;
4. Банктік тәуекелдердің деңгейі;
5. Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
6. Тәуекелді есепке алу сипаты;
7. Банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
1.Коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрлері жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.
Банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді .
Ішкі тәуекелдер - банктің және оның клиенттерінің іс әрекетімен байланысты пайда болатын тәуекелдер. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы да басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі,ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатады.
Коммерциялық банктердің түрлері
әмбебап
салалық
маманданған
Функционалдық:
Биржа;
Сақтандыру;
Трасталық;
Кооперативтік;
Коммуналдық.
Нарықтық:
Аймақтық;
Аймақаралық;
Трансұлттық.
Салалық:
Ауылшаруа-шылық;
Өндірістік;
Құрылыстық;
Тауарлық:
Инновациялық;
Инвестициялық;
Ипотекалық;
Депозиттік;
Клирингтік;
Сурет 2 - Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі.
Ал қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырады.[29]
Банктік тәуекелдер
ұйымдастырушылық
басқарылмайтынн
басқарылатын
қаржылық
әкімшілік
ішкі
сыртқы
Сурет 3 - Қазақстандық экономистердің сыртқы және ішкі тәуекелдерді жіктеу.
Стихиялық апат тәуекелі
Валюталық тәуекел
Мемлекеттік тәуекел
ішкі
саяси
сыртқы
экономикалық
Банктік тәуекелдер
Жүйелік емес
Өтімділік
Инфляция тәуекелі
Диверсификация тәуекелі
Жүйелік
Қаржылық
Портфельдік
Несиелік
Операция түрлерінің тәуекелі
Пассивтік операциялар бойынша
Активтік операциялар бойынша
Баланстан тыс операциялар бойынша
Баланстық қатынастар бойынша
Меншікке қатынасы бойынша
Көлемі бойынша
Әр түрлі салаға жатуы бойынша
Ресурстық
Келеңсіз жағдай
Реттеулік
Өндірістік
Трансферт тәуекелі
Айырбастамалы тәуекелі
Трансляциялық
Коммерциялық
Коммерция-лық банктердің түрлері
Банк операция-ларының сипаты
Банк клиенттері-нің құрамы
сырс
Төлем мораториясының тәуекелі
Факторинг
Лизинг
несиелендіру
Клиринг
Бартер
Сурет 4 - Банктік тәуекелдердің ықпал ету аясы
2.Банк клиенттерінің құрамы;Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады.
Банк клиенттерінің құрамы
Мемлекеттік
Жеке меншік
Акционерлік қоғамдар
Кіші
Орта
Ірі
Өндірістік
Келеңсіз жағдай
ресурстық
Меншігіне байланысты
Көлеміне байланысты
Салаға жатқызылуына байланысты
Сурет 5 - Банк клиенттерінің құрамы бойынша тәуекелдердің жіктелуі
Меншікке қатынасына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша, банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып, нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.
3.Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде жарғылық шығындарды шектеуге тырысады. Тәуекелді талдау келесі суреттегідей жүргізіледі.
4.Тәуекелді есепке алу сипаты.Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан тыс ,активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.
5.Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Басқару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуге
6.Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру. Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді. Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және өткен деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезеңдегі тәуекелдер бір - бірімен өте тығыз байланысты болып келеді.[2]
Тәуекелдің нақты түрлерінің көбеюі немесе азаюына әсерін тигізетін ішкі және сыртқы факторларды анықтау
Анықталған факторларға талдау жасау
Төмендегі екі әдісті қолдана отырып нақты тәуекелді анықтау
Жобаның қаржылық тұрақтылығын анықтау
Жобаға салынатын қаржылардың экономикалық тиімділігін анықтау
Тәуекелдің минималды рұқсат етілетін деңгейін анықтау
Тәуекелдің алынған деңгейі бойынша жеке операцияларға талдау жасау
Тәуекелді төмендетуге байланысты іс-шараларды анықтау
Сурет 6 - Екінші деңгейлі банктерде тәуекелді талдау алгоритмі
Банктің тәуекелдің деңгейі. Банктік тәуекелдің деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол процент түрінде немесе коэффициент түрінде анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде бекіткен Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма- қол ақша, Ұлттық Банктегі депозиттер, Ұлттық Банкке берілген несие, үмітке берілген несие, мемлекеттік бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, Қазақстан ипотекалық компаниясы АҚ - ң бағалы қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0,2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және т.б. жатады және олардың тәуекелі 0,5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша есептелетін инвестициялар, субардинацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау жатады.Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.[2]
1.2 Тәуекелдердің табыстылық деңгейімен байланысы
Коммерциялық банктің табыстылығы банктің барлық саладағы шаруашылық-қаржылық және коммерциялық іс-әрекеттердің оңды жиынтық көрсеткіші болып табылады. Банк табысы арқылы дивиденд деңгейінің көлемін арттыруға, барлық ағымдық шығындарынды жабуға, соның ішінде әкімшілік-басқару шығындарын, пассив пен актив операцияларын дамытуға болады.
Банк табыстылығын баланс активтері мен пассивтерінің тиімді құрылымы және оны банк қызметкерлерінің сол бағытта мақсатты әрекеттері анықтайды. Банк табыстылығының деңгейіне әсер ететін басқада факторларға банк табысы мен шығыстарының ұтымды құрылымы, пайыз маржасын есептеу мен қарыз операциялар табыстылығының өсу қарқыны жатады. Банк харекетінің табыстылық жағдайларының өтімділік және банк тәуекелдіктерін басқару болып табылады.
Табыс дегеніміз - экономикалық агенттерге жалақы, рента, дивиденд, пайыз, кәсіпкерлік пайда ретінде белгілі бір периодта түсетін ақша ағымы немесе жалпы ақша сомасы.
Инвестициялық компания, банк, сақтандыру компаниясы, зейнетақы қоры немесе басқа да бір ұйым табыс алу мақсатында өзінің қаражатын биржалық қаржылық құралдарға инвестрлейді. Мұның мақсаты өзінің инвестициялық қаражатын сақтандыру, яғни инвестициялық шешімнің маңызды өзгергіштерінің бірі - табыс болып табылады.[33]
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
* Несиелік бизнес;
* Дисконттық бизнес;
* Сақтау бизнесі;
* Банктің кепіл беру қызметі;
* Бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
* Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
Несилік бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екі бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі.
Дисконттық бизнес - төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды.
Сақтау бизнесі, банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің басқармаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалы, траст келісімшарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын аңықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2. оларды нарықта сату;
3. кәсіпорынды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитеттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялар.
Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепілхаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттің қатарында болса, банк оған ақысыз кепілхатын беруі мүмкін.
Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:
* комиссиондық сыйақыларға:
а) шот ақшасы үшін;
ә) шотты жүргізгені үшін;
* белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия;
* айналымнан алынатын комиссия;
б) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;
в) шотты жабу үшін;
г) қолма - қол ақша беруге және есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін:
Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктің қызмет көрсетуден алынатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар ( бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пениялар және т.с.с.).[1]
Пайыз табыс және комиссиямен ұштасуы мүмкін.Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.
2 Кесте - Цеснабанк АҚ комиссиядан алынған табыстары[32]
30 қыркүйек 2007ж. дейінгі үш ай үшін алынған табыс
30 қыркүйек 2006ж. дейінгі үш ай үшін алынған табыс
30 қыркүйек 2007ж. дейінгі тоғыз ай үшін алынған табыс
30 қыркүйек 2006ж. дейінгі тоғыз ай үшін алынған табыс
Банктік аударымдар
1,481
1,180
5,912
4,049
Клиенттерге зейнетақы төлеу
815
271
978
785
Пластикалық карточкалар қызметі
487
11
488
307
Берілген кепілдер мен аккредитивтер
325
305
1,046
967
Кассалық операциялар
304
737
2,731
1,845
Коммуналдық төлем қызметтері
178
508
178
710
Зейнетақы қоры мен активтерді басқару
161
1,022
3,845
4,510
Шетел валютасындағы операциялар
132
4
147
215
Трасталық операциялар бойынша
1
-
3
-
Басқалар
66
372
191
699
Клиент шотының қызметі
923
364
1,699
.
980
Кастодиалдық қызмет
48
-
124
-
Барлығы
4,921
4,774
17,342
15,067
Коммерциялық банктердің табыстылығы - банк шаруашылық - қаржылық және коммерциялық қызметтердің барлық сферасындағы жағымды жиынтығының нәтижесін көрсетеді.
Табыстылық банктің барлық операцияларының шығындарын, соның ішінде әкімшілік - басқармашылық шығындарын өтейді, банктің пайдасын қалыптастырады, пассивтік және активтік операцияларын дамытады, өзінің меншігін ұлғайтады.
Банк қызметіндегі табыстылық - бұл өтімділікті ұстау, банк тәуекелдерін басқару және төмендету болып табылады.
Банктік тәуекелдің табиғатын түсіну үшін, тәуекел мен табыстылықтың байланысын түсіну қажет. Банк қызметкері анықталмағандық шартында тәуекелге барады, себебі тәуекелмен бірге қосымша табыс алуға болады.Бірақ ескеретін бір жай, пайданың орнына банк шығындалып қалуы мүмкін.[34]
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген қәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
табыс
П3
П2
П1
0 r2 r3 тәуекел
Сызба 1- Табыстылықтың тәуекелге тәуелділігі[34]
Тәуекелі аз (r1=0)шешімді таңдауға болады, бірақ табыста (П1) аз болады. Ал ең үлкен тәуекелді (r3) таңдасақ, табыста (П3)үлкен болады.
Тәуекел мен табыс деңгейінің арасындағы байланысты төмендегі сызбадан көруге болады. Бұл сызбада табыс пен тәуекел арасындағы байланыс бірнеше бөліктерге бөлінген және әр бір бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Тәуекел
2
1 3
Табыс
Сызба 2 - Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланыс[33]
Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікке қызмет етсе үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі деп атауға болады. Ал екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелді қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады. Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастыратын болса, өзін қажетті табыс деңгейімен қамтамасыз етеді және негізделген тәуекел деңгейін қабылдайды. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте орнығады.
2007 ж. 1-ші желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша, табыс салығын өтегеннен кейін екінші деңгейлі банктердің табысы 207,4 млрд. тенге құрады. Табыстылықтың жиынтық көлемі - 1618,1 млрд. тг, ал шығындары - 1410,7млдр. тг құрады.
Пайыз табыстылығының құрылымындағы табыстың үлкен бөлігі клиенттерге берілген қарыздың сыйақыларын алумен байланысты (89,5% немесе 1001,7 млрд. тг), ал пайыздық шығындарының құрылымында шығындардың басым бөлігі клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеумен байланысты (62,8% немесе 371,2 млрд. тг).Таза табыстың табыс салығын төлеуге дейінгі жиынтық активтерге (ROA) қатынасы -2,20%-ды, ал таза табыстың табыс салығын өтеуге дейінгі меншік капиталына (ROE) қатынасы - 18,13%-ды құрады.
3 Кесте - Банк секторының табыстылығы[28]
Банк секторының табыстылығы
01.12.06
01.12.07
Өзгерістер (+; -) %-бен
Сыйақы алумен байланысты табыстар
553
1119,80
2,0 есе
Сыйақы төлеумен байланысты шығындыр
300,9
590,8
96,3
Сыйақы алудан түсетін таза табыс
252,1
529
2,1 есе
Сыйақы алумен байланысты емес табыстар
229,8
497,4
2,2 есе
Сыйақы төлеумен байланыссыз шығыстар
419,1
772,9
84,4
Сыйақы алумен байланыссыз табыстар (шығыстар)
-189,3
-275,5
45,5
Көзделмеген мақалалар
0,7
0,2
-57,1
Табыс салығын өтеуге дейінгі таза табыс
63,5
253,9
4,0 есе
Табыс салығын төлеуге кеткен шығындар
18,3
46,5
2,5 есе
Табыс салығын төлегеннен кейін түскен таза табыс
45,2
207,4
4,6 есе
Банк табыстылығы оның активтер, пассивтер балансының үйлесімді құрылымының нәтижесі. Банк табыстылығының басқа да маңызды шарттарына табыс пен шығынның рационализацияланған құрылымын қамтамасыз ету, пайыздық маржаның есебін, қарыз алушылардың табыстылық тенденцияларын табу жатады.
Коммерциялық банктің баланс құрылымын зерттеу негізінде ең алдымен оның пассивінен бастаған дұрыс, себебі пассивтің көлемі мен құрылымы активтің көлемі мен құрылымын анықтап береді. Пассив құрылымын талдау негізінде алдымен меншікті капиталдың баланс соммасындағы үлесі мен көлемінен бастау керек. Қазіргі таңда коммерциялық банктер меншікті капитал арқасында пассивтің 8-18% құрайды. Ал тартылған қаржылық ресурстар пассив құрылымында 70-80%.
Талдау кезінде банктің табыстылығына әсер ететін факторларды анықтап, оларды активтермен салыстыру керек.Бұл есеп активтер операцияларының табысын көрсетеді. Алынған мәліметтер ұқсас банктердің мәліметтерімен салыстырылады.
Қазіргі кезде банктерге өзінің бизнесінің табыстылығын қамтамасыз ету күрделеніп жатыр, себебі секторда бәсекелестік жоғарылауда, ал маржа төмендеуде. Сарапшылардың айтуы бойынша, табысты басқару проблемаларын бірінші орынға шығару керек.
4 Кесте - Банк секторының табыстылығын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер[21]
Банк секторының табыстылығын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер
01.12.06
01.12.07
Таза табыстың табыс салығын төлеуге дейінгі жиынтық активтерге (ROA) қатынасы
0,86
2,20
Таза табыстың табыс салығын төлеуге дейінгі меншік капиталына (ROЕ) қатынасы
9,57
18,13
Сыйақы алумен байланысты табыстардың жиынтық активтерге қатынасы
7,46
9,70
Кредит бойынша сыйақыны алумен байланысты табыстардың жиынтық қарыз портфеліне қатынасы
9,24
11,55
Дилингтік операциялар бойынша таза табыстың табыс салығын төлеуге дейінгі таза табыстың қатынасы
48,19
31,98
Сыйақыны төлеумен байланысты шығындардың жиынтық міндеттемелерге қатынасы
4,46
5,82
Резервтерді құруға кеткен шығындардың жиынтық активтерге қатынасы
2,46
1,86
Табыстылықты екі негізгі жолмен жоғарылатуға болады:
1. Шығындардың маңызсыз өсуі кезінде, табыстың ұлғайту;
2. Бар шығындардың кемуі кезінде, табыстың өсуі.
Несиелік ұйымдарда қолданылатын бағдарламалық - технологиялық кешендер банк қызметінің және табыстылықтың өсуіне үлкен үлесін қосады.
Табыстылықты басқарудың тиімді жүйесі бірнеше негізгі компоненттерді қолдану арқылы жүргізіледі:
1. Қаржылық жоспарлау, бұл қызмет бөлімшелеріне нақты мақсаттарды алға қойып, оның орындалуын бақылайды;
2. Банк құрылымындағы шығыс және табыс орталықтарын бөлу;
3. Банктің жалпы шығындарын шығыс орталықтарынан табыс орталықтарына бөліп, содан соң белгілі бір қызметтің табыстылығын анықтау үшін оны өнім түрлеріне бөл.[21]
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарлату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер[22]
1. Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек.
a) Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
b) Қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер портфелінде төлем құралдары көп болу керек;
c) Қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
* Мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді;
* Қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.
2. Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;
3. Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құралған резервтік қоры болуы керек.
4. Лимиттеу - банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлер, құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу. Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:
* әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;
* әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;
* бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері;
* баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;
* келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін мөлшері;
* банктің әр бөлімшесі, әр құралы, әр позициясы бойынша пайда мен шығындар лимиті.
5. Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары және мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру. Интернет сияқты маманданған фирмалардан электрондық және ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу;
6. Сапаны басқару - тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке маманданған қызметкерлер керек.[4]
Несиелік тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел - негізгі қарызды және берілген қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын тәуекелдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби белсенділіктің төмендеуі, сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар және тағы да басқа факторлар.
Пайыздық тәуекелдерді басқару. Пайыздық тәуекелдер дегеніміз - тартылған қаражаттар бойынша төленетін проценттік ставканың орналастырылған активтер бойынша алынатын проценттік ставкалардан жоғарлап кетуге байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Жалпы қарастырсақ, банк ісінде көп қолданылатын пассивтер мен активтерді басқару түсінігі нарықтық конъюктураның өзгеруне байланысты активтер мен пассивтер бойынша проценттік ставкілерді басқару ұғымымен сипатталады. Банктердегі проценттік тәуекелдерге талдау жүргізу үшін активтер мен міндеттемелер өзгерісінің проценттік ставканың өзгерісіне тәуелділігін анықтап алу керек.
Пайыздық тәуекелдерді басқарудың мынадай құралдар қолданылады:
1. проценттік тәуекелдерді сақтандыру;
2. несиені өзгермелі проценттік ставкамен беру;
3. ФРА (Forvard Rate Agreement) операцияларын жүргізу.
Валюталық тәуекелдерді басқару. Валюталық тәуекелдер - әр түрлі бағам бойынша валютаны сату және сатып алу кезінде шығынға ұшырау. Бір валютаның басқа валютамен салыстырғандағы бағамы әр түрлі факторларға байланысты өзгереді. Ондай факторларға мыналар жатады: валютаның ішкі құны, спекуляция, бір мемлекеттен екінші мемлекетке ақша ағымы. Валюталық тәуекел ашық позиция жағдайында пайда болады.
Валюталық тәуекел әр банкте әр түрлі әдіспен басқарылады. Банктер тарапынан ең жиі қолданылатын әдістердің бірі валюталық операцияларға шек немесе лимит белгілеу болып табылады. Ондай лимиттерге мыналар жатады:
шетел мемлекеттеріне байланысты лимиттер;
клиенттермен жүргізілетін операциялар бойынша лимиттер;
әр дилерге байланысты лимиттер;
шығындарға байланысты лимиттер.
Өтімділік тәуекелін басқару. Өтімділік тәуекелі банк өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау барысында өтімді қаражаттардың жетіспеу мүмкіндігіне байланысты пайда болады. Өтімділік тәуекелі басқа банктік тәуекелдердің туындысы болып табылады, яғни несиелік, проценттік тәуекелдердің шамадан тыс жоғарлап кетуі өтімділік тәуекелінің жоғарлауына әсерін тигізеді.[8]
Дүние жүзілік тәжірибеде өтімділікті басқаруға байланысты бірнеше әдістер қалыптасқан. Өтімділікті басқарудың базалық әдісі ресурстарды активтер топтарының арасында бөлумен байланысты болып келеді. Ресурстарды бөлу мынадай екі әдіске байланысты жүргізіледі: жалпы қор әдісі және банк ішіндегі банктер әдісі.
Жалпы қор әдісінің мазмұны: ресурстардың қалыптасу көздеріне қарамастан пассивтер сомасын әр түрлі активтердің арасында бөлу. Банк белгілі бір активтік операцияны жүргізу кезінде осы әдіске сәйкес ресурстардың қалыптасу көздерін есепке алмайды. Бұл тәсіл өтімділіктің талаптарына жауап бермейді, сондықтан ол қарапайым немесе жай әдіс болып саналады.
Банк ішіндегі банктер әдісіне сәйкес банктер тарапынан пассивтерді бөлу барысында тартылған ресурстардың құрамына көңіл бөлінеді. Осылайша, мерзімсіз депозиттер ретінде тартылған қаражаттар қысқа мерзімді және өтімділігі жоғары активтерге орналастырылуы керек.
Өтімділік кризисі банктің банкроттыққа ұшырауына дейін пайда болады. Ол негізінен банктік тәуекелдерді басқарумен байланысты проблемалардан басталады. Өтімділік тәуекелін нашар басқару өтімділік кризисіне алып келеді.
Өтімділікті басқарудың дәстүрлі әдісі болып, белгілі бір активтер сомасын абсолютті өтімді түрде, яғни қолма-қол ақша түрінде сақтау. Бірақ бұл әдіс банк тарапынан жиі қолданыс таппайды, өйткені бұл жағдайда банк капиталының белгілі бір бөлігі жұмыс істемей, табыс деңгейі төмендейді. Өтімділікті басқарудың екінші әдісі филиалдар жүйесін ашу арқылы тез арада заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қолма-қол ақша ретінде тартады. Өтімділікті басқарудың үшінші әдісі өтімді пассивтер құрылымын қалыптастыру, ал төртінші әдісі резервтік қаражат көздерін қалыптастыру болып табылады.
Банктік тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел туралы толық ақпаратты алу бірнеше көрсеткіштердің есептеліну нәтижесінде алынады. Неғұрлым ақпараты сапалы болып банктік тәуекелді бағалауда салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады. Тәуекелді бағалау кезінде ықтималдықтың деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің маңызы зор болып келеді. Банктік тәуекелдің деңгейін бағалау барысында нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын есептеп қана қоймай, сонымен қатар теріс ауытқулардың оң ауытқуларға қарағандағы ықтималдығы есептеледі.
Банктік тәуекелді бағалаудың келесідей әдістері мен көрсеткіштері жиі кездеседі:
Value at Risk (VаR) моделі. Ағылшын тілінен аударғанда тәуекелге ұшыраған сома деген мағынаны береді. VaR - тәуекелдің құнын бағалаудың әдістемесі болып табылады. Бұл көрсеткіш белгілі бір интервал аралығында шығындардың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. Яғни, VaR-дың көлемі инвестордың n күн ішінде белгілі бір ықтималдық деңгейінде шегуі мүмкін шығындардың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. VaR-ды есептеудегі ең негізгі параметрлері уақыт және ықтималдық болып табылады. VaR мына көрсетілген тәуекелдерді есептеудің әмбебап әдістемесі болады: бағалық тәуекел, валюталық тәуекел, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі.[25]
Альфа-Бета моделі:Бұл модел бойынша қаржы құралдары құнының (P) өзгеруі тәуекел индексі (I) құнының өзгеруімен сипатталады. Ол мына сызықтық регрессия формуласында көрсетілген:
P = ++
мұндағы:
- құрал құнының тұрақты өсімі;
- құрал құнының индекстен сызықтық тәуелділік дәрежесін сипаттайтын коэффицент. Егер коэффицент 1-ден жоғары болса, онда құрал индекстің өзгерісіне тәуелді болып келеді. Егер коэффицент 1-мен 0-дің арасында болса, онда құрал құнынының өзгерісі индекстің өзгерісіне онша тәуелді емес, ал егер коэффицент мені 0-ден төмен болса, онда құрал құнының өзгеруі индекстің өзгеруіне қарама-қарсы болады, яғни мұндай жағдайда индекспен байланысты тәуекелді хеджирлеуге мүмкіндік туады.
- жүйелік емес тәуекелдерді сипаттайтын және математикалық күтімі 0-ге тең кездейсоқ шама.
Gap әдісі:Gap дегеніміз проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді активтер мен проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді пассивтердің айырмасы болып табылады. Осы концепцияны қолдану барысында банктің негізгі міндеті айырманың мәнін минимумға дейін жеткізу болып табылады.
Gap-тің көлемі төмендегі формула бойынша есептеледі:
G = a - п = Пп - Ап
а - өзгермелі ставкамен есептелетін активтердің көлемі;
п - өзгермелі ставкамен есептелетін пассивтердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz