Сарай поэзиясының ерекшелігі


- Кіріспе
Өзектілігі:
Менің бітіру жұмысымның мақсаты : бұл тақырыпты терең меңере отырып, осы күнге дейін зерттеген зерттеушілердің еңбегін оқып, әл-Мутанаббидің Сайф ад-Даулаға арналған мадақ бәйіттерін талдау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қойдым :
- Сарай поэзиясының ерекшелігін көрсету
- Әл-Мутанаббидің өмірі мен шығармашылығын толық зерттеу және шығыс пен батыс ғалымдарының көзқарасы
- Әл-Мутанаббидің шығармашылығын толықтай ашып көрсету
Мен өзімнің дипломдық жұмысыма әдеби синтез дәуірінің талантты өкілдерінің бірі - Әбу-т-Таийб Ахмад ибн әл-Хусайн әл-Мутанаббиді таңдадым. Маған дейін де әл-Мутанаббидің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп кеткен. Сонымен қатар, ғалымдар Мутанаббидің шығармашылығына қызығып, олардың әл-Мутанаббиге деген көзқарастары әр түрлі болған. Соның ішінде Мутанаббидің қайратты жақтастарының бірі- Аббасидтік халифтер билеген кезеңнің соңғы ширегінде өмір сүрген ақын Әбу-л-Ала әл-Маарри болды. Ол Мутанаббидің «Ахмедтің кереметтері» атты диуанына сын жазып кеткен. Ақынды жек көрген адамдар да болды. Оның бірі - Ибн Аббад және Әбу Сайд әл-Убеиди. Мутанаббиді жақтаушылар мен жек көруші топтарымен қатар бейтарап топтар да болды. Солардың қатарына әл-Кади әл-Джурджани жатты. Әбу Мансур ас-Саалиби өзінің «Уникальная книга века о поэтах -современниках» («Ятимат ад-дахржри шуара ахл әл-асыр» атты кітабында басты мәселе әл-Мутанаббидің өмірі болған. Ол бұл кітабында Мутанаббидің дұрыс та, дұрыс емес жақтарын көрсетіп кеткен. Ал Әбу али әл-Хаттими Мутанабби арнап трактат жазған. Бұл трактатта әл-Мутанаббидің поэзиясы мен Аристотельдің афоризміндегі көптеген ойларының сәйкес келгендігін айтып кеткен. Ибн әл-Асир өзінің «Жазушылар мен ақындардың танымал кітабында («әл-масал ас-саир фи адаб әл-катиб уа-ш-шайыр») әл-Мутанабби шығармашылығының көптеген дәрежесін зерттеген»
Мутанаббидің шығармашылығын бағалаудағы келіспеушіліктер түріктердің билеген кезімен құлдырау кезеңінде жалғасқан. Осы кездегі ақынның танымал жек көрушілерінің бірі әбу Хиләл әл-Аскари және ибн Халдун болған. Мәдениеттің қайта өрлеу кезеңінде әл-Мутанаббидің есімі ұлы ақынның синонимі, ал оның диуаны поэзияның ең биік үлгісі болады. Бұл кезеңде ақынның танымал жақтастары мен еліктеушілерінің бірі Насиф әл-Язиджи болған. Ол Мутанабби туралы мынандай пікір айтып кеткен: «әл-Мутанаббидің беделі жоғарыға шарықтайды, ал қалғандары онымен әлдеқайда төмен дәрежеде». әл-Мутанаббидің шығармашылық жетістіктері әл-Баруди мен Ахмед Шауқидың поэзияларында көрініс тапты.
әл-Мутанаббидің даңқы араб шығысына дейін жетті және араб батысында айтарлықтай қолданысқа ие болды. Онда Әбу Джафар әл-Каззаз ақынға арнап екі кітап жазған: «әл-Мутанаббидің поэзиясындағы мазмұнды өлеңдер» («Абиат маанин фи шиар әл-Мутанабби») және «әл-Мутанаббидегі кемшіліктер мен қателіктер» («Ма уахиза ала-л-Мутанабби мин әл-лахи уа-л-галат») . әл-Мутанаббидің шығармалары тек қана шығыста емес еуропа елдерінде, соның ішінде испанияда да таралды. Ақынның шығармашылығындағы мадақ өлеңдері Мароккода кең етек алған.
Тіпті әл-Мутанаббидің поэзиясына грамматистер мен лексикологтар бас иген, олар көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, онда әрбір бәйітке талдау жасап, ақынның образдарды құру шеберлілігі, өлең формаларының бүтіндігі мен нақышы, риторикалық бейнелеулері талқыға салынған. Мысалға ибн Хишамның «рух беруші» атты еңбегі үлгі болды. Кейбір басқа авторлар, мысалы, Әбу әл-Нахир әл-Джурджани және Әбу Иакуб ас-Саккани әл-Мутанаббидің диуанының грамматикалық және лексикологиялық теорияларын қабылдай отырып, үлгілер мен мысалдардың көзі ретінде таңдаған.
әл-Мутанаббидің поэзиясы үлкен беделге ие болып, әдебиетшілердің көңілін аудартқан. Ақынға еліктеушілер саны таң қаларлық мөлшерге жетті. Бірақ та барлық қатынастарда оның әсері нәтижелі болған жоқ, көптеген еліктеушілер әл-Мутанаббидің шығармаларының дәлме-дәл көшіріп бос сөздермен толықтырған, осының нәтижесінде олар өздерінің поэзиясын мұхитқа батырғандай болды.
XVIII ғасырдың екінші жартысымен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген танымал арабисттердің бірі -Силвестер де Саси былай деп пікір айтып кеткен, әл-Мутанаббидің өлеңдері сөзсіз жоғары дәрежеде болған, тарих талғамына бет бұрмаған. Олардың авторы қолданған атақтылығына қарамастан, маған Рейске сияқты мұндай ерекше орын алуым арабтардың талғамдарының бұзылғандығына байланысты. Қазіргі заманғы араб зерттеу ғылымының беделді мүшесінің бірі - К. Броккелман. әл-Мутанаббидің шығармашылығын былай деп сипаттайды: Егер ежелгі поэзияда оның жат мазмұнына қарамастан, біз форманың өрескел қаталдылығына таңданатын болсақ, ал әл-Мутанаббиде бәрі шексіз гипертрофиядағы сияқты бұрмаланған. Образдар мен метафоралар ақынның табиғи ортасынан енді еріксіз туады, жасанды және көпшілік бөлімі таң қаларлық.
Көрнекті араб әдебиетшісі, профессор Абд әл-Уаһһаб Аззам зерттеулерінен әл-Мутанабби туралы: «Ахмад әл-Мутанабби өз поэзиясымен өзгелер шыға шыңға көтерілді. Ақын өлеңдерінің қуаттылығы, сонша, оған теңесер ақындар кемде-кем. Тіпті, Гомердің «Илиадасы», Фирдоусидің «Шахнамесі», римдіктердің «Энейдасы», үнділіктердің «Махабхаратасы» мен «Рамаянасы» әл-Мутанаббимен үзеңгі «қағыса алмайды» - деген секілді артық, кем айтылған жолдарды ұшыратқанымызбен батыстың көрннекті шығыстанушы ғалымдары Силвестер де Саси, Хаммер, Николсон, Броккелман, Бляшер, Франческо Габриелилер де ақын шығармашылын шұқшия зерттеген. Оны былай қойғанда орта ғасырлық тамаша тарихшы, әрі ақын әрі сыншы Насиф ан-Насиджи «заманымыздың ақындарының бәрі жер басып жүрсе, тек қана әл-Мутанабби ғана өзінің өршіл, құдыретті поэзиясымен аспанда қалықтауда» десе, Ханна әл-Фахури: «әл-Мутанаббидің поэзиясы өмірге келген күннен бастап күні бүгінге дейін ғасырдан-ғасырға таусылмас сапар шегіп, шеру тартып келеді» - деп даңқты шайырға әділ баға берген.
II. Негізгі бөлім
II. 1. 1 Сарай поэзиясының ерекшелігі
Көрнекті ақындар аш-Шанфара, Имру-л-Қайс, Әмір ибн Кулсум, Антара ибн Шаддад шығармашылығы бәдәуи өмірі мен тұрмысына тығыз байланысты болса, ал енді VI ғасырдың екінші жартысында өмір сүрен ан-Набиға аз-Зубиани, әл-Ааша секілді шайыр жырларынан сарай өмірі байқалады.
Дей тұрғанмен, сарай ақындары да бәдәуи шайырларының ежелгі дәстүрінен бірден қол үзіп кете қоймаған. Сарай ақындары шығармашылығында тек мадх жанрына жататын өлеңдер басым болған. Сонымен, бірте-бірте бәдәуи өмірін жыр еткен ақындардың орнына сый-сияпатты көбірек алу мақсатымен түрлі әмірлерді көбірек жырлаған ақындар көбейе бастайды. Олар қасыдаларының мадх бөліміне ерекше назар аударады. Солардың бірі ан-Набиға аз-Зубиани.
Ан-Набиға суреттеуге, бейнелеуге шебер шайыр. Өзге сарай ақындарынан оның басты ерекшелігі өлеңдерінде салыстыра суреттеу әдісін көп пайдаланады. Оның шығармалары тек шешендік тілімен ғана емес, сонымен қатар көркемдігімен де ерекшеленеді.
Ан-Набиға аз-Зубиани сияқты сарай ақындарының бірі -әл-Ааша. Әл-Ааша сыйлықты мол бергендерге өлеңді көбірек арнаған ақын. Ақын шығармашылығында кеңпейілділік, жарлыға жәрдем көрсету мәселесі де көбірек қозғалады. әл-Ааша шығармашылығында әсіресе табиғат лирикасы жиі кездеседі. Ақын жалған сезімге беріліп, бәйіттер шығармаған. Ол не айтса да көңіл кестесіне өрнектеп айтады. Ақынның махаббат лирикаларынан басқа шарапты жырлаудан туған бәйіттері де бар. Ондай жырларында ол шарап ішушілердің мас болған сәті мен шарап сатушының көңіл күйін түрлі метафора, теңеуді пайдаланып суреттейді.
әл-Ааша бәйіттерінде шашау шығып тұрған сөз, орынсыз қолданылған теңеуді табу қиын. Сондықтан да әл-Ааша замандастары оған кезінде "Санаджату -л-араб"("арабтардың ұлы ақыны") деген атау берген.
Ислам дінінің Арабия жарты аралынан ұзап шығып өзге елдерге таралуы, араб халқының басқа елмен қарым-қатынасы әдебиетке де өз әсерін тигізеді.
Егер исламға дейінгі дәуірдегі бәдәуи ақындары өз өлеңдерінде руы мен тайпаластарын мақтаса, исламнан кейінгі кезеңдегі ақындардың бір тобы жаңа дінді, пайғамбарды мадақтап жырға қосты.
Ислам дінінің жауларына сатира жебесін жаудыра отырып жаңа дінді таратуда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен олардың жорықтары, жаулап алынған жерлер, араб жасақтары қолданылған түрлі қару-жарақтар ақындар талмай жырлаған жаңа тақырып болды.
Араб ақындары ислам дінін әрі қарай батыл тарата беруді ұсына отырып, "қасиетті соғыста" мерт болғандарға элегия арнады. Мұның бәрі исламға дейінгі бәдәуи поэзиясы үшін бейтаныс жайттар еді. Мұхаммад пайғамбар маддах ақындарға: "Алланың елшісін қолына қару алып қорғағандардың оны сөзімен де қорғауына неге болмасқа"1 дей отырып, өзін мадақтауға қарсы емес екендігін білдірген. Ислам дінін қабылдаған соң Мұхаммад пайғамбарды сынаған шайырлармен айқасқандар ішінен екі ақын-Кааб ибн Зухайр мен Хассан ибн Сабит ерекше көрінеді.
Кааб ибн Зухайр ибн Аби Сулма бәдәуилердің Гатафан тайпасында дүниеге келген. Ақынның әкесі атақты Зухайр ибн Әби Сулма болатын. Жас кезінен-ақ жыр жазуға талпынған болашақ ақынды әкесі Әби Сулма талантын таусып алар деген қауыппен кідірте берген. Жаңа дін тарай бастаған тұста есейіп, оңы мен солын танып үлгерген. Бірақ, ол исламға үрке қарап оны бірден қабылдай қоймаған. Пайғамбарға арнап көптеген уытты өлеңдер шығарады. Ақыры кезекті бір қақтығыста Кааб ауыр жараланады, әрі жол серіктерінің сатып, жауының жағына шығып кетуі оны қатты қапаландырады. Соңыра өзі де исламды қабылдап, пайғамбар алдында бас июге мәжбүр болады. Алланың елшісі күн кешіп жатқан Медина қаласына өзінің атақты "Суад мені кетті тастап" атты қасыдасын ала келіп пайғамбармен болған бір кездесуде оқып бергенде пайғамбар ақын қатесін кешіріп, мейіріммен қарайды, үстіндегі шапанын шешіп Каабқа жабады. 2 Кааб ибн Зухайр 662 жылы қайтыс болған.
Мадх жанрына ақын пайғамбарды мақтау үшін барған. Пайғамбарды ол айбатты арыстанға, Алланың өткір қылышына теңейді.
Ақын қасыдасының композициясы тұтастығымен ерекшеленеді. Бір оқиғадан дарынды шайыр екінші оқиғаға ретімен ауысып отырады. Қасыда пайғамбар шыққан Қурайш тайпасы мен пайғамбардың сахабаларын мадақтаумен аяқталады.
Әбу Уалид Хассан ибн Сабит Хиджаз өлкесіне Иеменнен келіп Мединеге тұрақтап қалған Аус тайпасынан шыққан ақын. Хассан Мухаммад пайғамбардан сегіз жас үлкен екен. Әуелде ол да Кааб ибн Зухайр секілді исламды бірден қабылдамай Пайғамбардың қарсыластарының бірі болады. Тек жасы алпысқа келгенде ғана ислам дінін қабылдайды. Исламды қабылдаған Хассанды пайғамбар өзіне тартып, мақтау өлеңдері үшін сыйлықты үйіп төгеді. Хасанның мадақ өлеңдерінде пайғамбар жаңа дінді уағыздаушы, арабтарға мәңгілік жәннат бағын сыйлаушы болып көрінеді. Ол сондай-ақ жаңа дінді тарату жолында қаза тапқан мұсылмандарға элегия шығара отырып Мухаммадты, пайғамбардың нағашысы Хамзаны, соңыра үшінші халифа Османды да жоқтап көптеген өлеңдер шығарған. "Пайғамбардың өмір жолын" баян ететін әдебиеттерде ол "ислам жыршысы"3 атанған.
Академик А. Е. Крымский Хассан ибн Сабиттің өлеңдерін Набиға аз-Зубианидің қалай талдағаны туралы Әбу-л-Фарадж әл-Исфаһанидің «Китаб әл-Ағаниінен» қызықты деректер келтіреді. Онда ақындар айтысы кезінде осы екі ақынның қалай кездескені, «тапқыр ақын» деген атаққа лайық жүлдегерлерді анықтауға байланысты туған пікір таластарды келтіреді. «Жәрмеңкеге көптеген атақты ақындар жиылады. Олардың ішінде әл-Ааша мен ақын қыз әл-Ханса да бар болатын. Ан-Набиға аз-Зубианиге арнайы шатыр тігіледі. Мұнда Хассан ибн Сабит те келеді. Әуелі әл-Ааша, сонан соң әл-Ханса өлеңдерін оқиды. Сонда әл-Хансаға ан-Набиға аз-Зубиани: «Егер сенің алдыңда ғана әл-Ааша өз өлеңдерін оқымағанда нағыз ақын жалғыз сен ғана дер едім. Алла атымен ант етем, сен әйелдер арасынан шыққан нағыз атақты ақынсың», - дейді. Бұған әл-Ханса іле-шала: «Алла атымен ант етем, еркектер арасынан да шыққан деңіз», - деп жауап береді. Оларды сырттай тыңдап тұрған Хассан шыдай алмай ан-Набиғаға:«Алла атымен ант етем: мен сенен де, әл-Хансадан да даңқты ақынмын», -деп ақырып қалады. Соның дәлелі ретінде өзінің төмендегі өлеңдерін оқ Ләнә әл- джафанату-л-гуру иалма' на би-д-духа уа асйафуна-йактурна мин наджатин дама. Біздің тайпамызда меймандарды сыйлай алатын тамаша ыдыс бар. Ол таң алдында күн сәулесі түсіп жарқырайды, ал қылышымыздан жауымыздың қаны тамшылайды. Ан-Набиға Хассанды тыңдап болған соң «Егер өзің мақтайын деп тұрғандардың абыройын төмендетпегеніңде нағыз ақын атанар едің. Сен «джафанат»- («ыдыс») - деген сөз қолдандың. Бұған қарап сендерде меймандарға арналған ыдыстар аз екен деп қалуға болады. Сондықтан да «джафанат» емес, бұл сөздің «джифан», - («ыдыстар» -деген көптік формасын пайдалану керек еді. Сен меймандарыңа арналған ыдыстың «таң алдында күн сәулесі түсіп жарқырайтынын айттың. Бірақ мадақ өлеңдеріңе сай етіп «йабруқна би-д-дуджа» - «түн қараңғылығында да найзағай отымен жарқырайды» деуің керек еді. Себебі жолаушфы күндізгі сапардан соң қонаққа тек түнде ғана келеді. Сенің «қылышымыздан жауымыздың қаны тамшылайды» деген сөзің де, жауларыңды аз жайрататындарыңды дәлелдейді. Егер сен «йақтурна» («тамшылайды») дегеннің орнына «йаджрина» («ағады») деген етістікті қолданғаныңда-көп қан төгілгенін көрсететін еді . . . »4 деген. Ан-Набиға ескертулеріне сасып қалған Хассан ибн Сабит үндемей айтуға сөз таба алмай қалады. Ал араб дүниесін умаийалар билеген тұста поэзия бұрынғы ескі қағидаларды түгел сақтаған болатын. Тек тайпа ғана емес, ақындар пікірімен ірі мемлекет басшылары да санасуға мәжбүр болған.
Умаийалықтар дәуірінде өмір сүрген барлық ақындар, тіпті сарай шайырларының өздері де тайпа дәстүрінен бірден қол үзе алмаған. әл-Ахтал, әл-Фараздақ, Джарир секілді ақындар өздерін тек тайпа ақыны деп біліп, тайпаластарының сарайдағы өкілі міндетін атқарған.
Сөйтіп бұл кезең поэзиясында бұрынғыдай дала көрінісі, бәдәуи жұрты мен батырлығын жырлау рәсімі жалғаса береді. Мұны Ханна әл-Фахури де қостай келіп «араб мәдениетін таза күйінде сақтамақ болған умаийалар балаларын бәдәуилер арасында тәрбиелеуге тырысқан. Олар ақындық өнер және тіл мен әдебитті жастар тез, әрі таза күйінде бәдәуилер арасында ғана үйрене алады деп санаған. Умаийалар түрлі әдеби кештерді де жиі өткізген. Оған белгілі ақындар, шешендер мен әңгімешілерді шақыра отырып, олардан сый-сияпатты аямаған . . . » дейді де тағы да «дей тұрғанмен умаийалық халифалар ислам дәстүрі мен қағидаларын жиі бұзған. Үкімет билігі қолдарына тие салысымен-ақ олардың өмірі мен тұрмысы алғашқы халифалар тіршілігінен күрт өзгерген. Олар парсылар мен римдіктердің әдет-ғұрпына жиі еліктеген» деген қорытындыға келеді.
Осы тұста ғұмыр кешкен бәдәуилер әдебиет пен мәдениет орталығы болған Сирияда тұруға ынтыққан. Мұнда да олар бұрынғы ақындар айтысы кезіндегідей ру, тайпаларын мақтап, қарсыластарын ащы мысқылмен сынауды жалғастыра береді. Өйткені «бір-бірімен жаудай жағаласқан түрлі топтар мен ағымдар өз ақынын ұстағысы келген. Сондықтан мадх, хиджа жанры бұрынғыдан да жандана түседі. Қасыдаларда жорықтарды, әскери қару-жарақ, қорған, қамалдарды сипаттау көріне бастайды. Бейнелеу тәсілдері мен образдар жүйесінде ақындық қияли әрі дәл елестету молая түскен. Бірақ халифа сарайлары ірі мәдени-әдеби ошаққа айналып тайпа ақындарын өзіне ынтықтырып шайырларды бәдәуи ортасынан, дала табиғатынан бірте-бірте алыстата түседі. Көптеген соғыс, қақтығыстар уасф жанрының тақырыбын да кеңейткен. Қасыдаларда жорықтарды, әскери қару-жарақ, қорған, қамалдарды сипаттау көріне бастайды. Поэзия афоризмге баи түседі. Дәстүрлі көне нақылға жаңа құрани сөздер қосылады . . . Жаулап алушылардың әдебиетіне бағындырылған елдер мәдениеті әсер ете бастайды. Парсы поэзиясының ықпалымен араб поэзиясы жарқырай да қарапайымдылана, әуездене түседі. Бейнелеу тәсілдері мен образдар жүйесінде ақындық қияли және жанды әрі дәл елестету молая түскен. Нәтижеде поэзияда жасандылық белгілері пайда бола бастайды»5. Осы ретте қайталап айтар мәселе-ислам діні шығыс елдеріне тез тарап, арабтардың өзге халықпен араласуы әдебиетке жаңа сипат әкелгенімен ол бірден түбірлі өзгеріске ұшырамаған. Бірден ол бәдәуи поэзиясынан қол үзіп кете алмаған. Әдебиетте ғасырлар бойы қалыптасқан бәдәуи поэзиясының игі дәстүрлері түгел сақталған.
Қоғамда, өмірде өзгеше бетбұрыс жасалғанVII- ші ғасырдың соңы мен VIII- ші ғасырдың басында өмір сүрген ақындар ішінен атақтыәл-Ахтал, әл-Фараздақ, Джарир секілді үш шайырды араб әдебиетшілері әдетте "саяси поэзия" өкілдеріне жатқызады. "Саяси поэзия" бәдәуилер заманында тайпа патриоттығы фанатизмінен аса алмаған болса, жаңа дін тұсында тайпа аралық қақтығыстардың сирексуіне байланысты әдебиеттен бірте-бірте жоғала бастаған еді. Енді умаийадтар үкімет басына келген жылдары ол қайта жанданады. Өйткені умаийадтар рулық, тайпалық фанатизм көрігін барынша қыздыруға тырысқан.
әл-Ахтал, әл-Фараздақ, Джарирді қазіргі түсініктегі "саяси поэзия" өкіліне жатқызуға болмайды. Олар сарайдағы саяси өмірге белгілі бір шамада араласқандарымен саясат олар үшін тайпа, ру мүддесін қорғаумен ғана байланысты болды. Олардың сарай ақыны болуы белгілі бір саяси мақсатты көздегендіктен де емес, күн көріс қамын ойлағандықтан еді.
Ақын өмір сүрген кез Умаийалар мен ансарлықтардың жауласып алма-кезек жеңіске жетіп жатқан тұсы болатын. Әл-Ахтал умаийадтар жағына шығып, олардың мемлекет басына келуінің заңды екенін дәлелдемек боп қасыдалар шығарады. Онда ол умаийадтар жауларына барынша шүйлігеді. Қурайштықтардың мәртебелі, қасиетті рудан шыққанын ескерте отырып, ансарларды жерге соғады. Сөйтіп ақын бірте-бірте умаийад тайпасының туын желбірете көтеруші сарай шайырларының біріне айналады. Өз өлеңдерінде ол халифа тағын иумаийадтарға бір Алланың өзі жібенгенін ескертеді. Осындай адал қызметі үшін халифа Иазид оны Дамаскіге шақырып ресми түрде сарай ақыны деп жариялайды. Ақын енді жебеушілерінің басты жауы Али тобы мен аз-Зубайр және Ансар, Қайс руларын қатты сынға алады. Тіпті халифа жасақтарымен бірге бірнеше рет Жорықтарға да қатысады. Халифаттың саяси өміріне белсене қатысқан ақын өз руының мүддесін де ұмытпаған. әл-Ахтал өз міндетін абыроймен атқарған, сарайдағы сөз өнері өкілдерінің беделдісі болған. Ақын кімді мақтап, кімді даттаса да белгілі бір саяси мақсатты көздеген. Мысалы, Умаийадтарды мадақтағанда ол тақты оларға Жаратушысының өзі жібергенін, олар кіммен соғысса да қашанда жеңіске жетіп отыратынын, себебі бір Алланың өзі олардың жағында екенін жауларының есіне сала отырып, Әли тобын Османды өлтіріп, тақты тартып алған деп кіналайды.
Ақын сарайдағыларды мақтаумен ғана шектелмеген. Сонымен қатар ол көптеген сатиралық өлеңдер де шығарған. Ақын әріптесі Джарирдің мысқыл өлеңдеріне ойлы да мәнді жауап берумен қатар оны көп ретте жеңе де білген.
Ақын өзінің сатиралық өлеңдерін бір адамға емес, бірнеше руларға да бағыштаған. Шайыр хиджаларында "нақаид" жанры кездеседі. Бұл жанр көне бәдәуи поэзиясында да болған. Тек оләл-Ахтал тұсында жарқырай түскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz