ЖМП дәрісші шеберлігі


ЖМП дәрісші шеберлігі
Мақсаты: дәрісті өткізу арқылы жоғарғы мектеп педагогикасы дәрісшінің шеберлігі жайлы мәселелерді анықтау, жоғарғы оқу орнының оқытушысы және ғалым-зерттеуші ретіндегі болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Жоспары: 1. «Дәрісші шеберлігі» ұғымының түсінігі, мазмұны.
2. Дәрісші шеберлігіне қойылатын талаптар
3. Психологиялық-педагогикалық біліктілік оқытушысының кәсіби
шеберлігінің көрсеткіші ретінде.
Негізгі ұғымдар: дәріс , дәрісші, кәсіби маңызды қасиет, педагогикалық әсер ету, психофизиологиялық қасиет және т. б.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Зерттеушілер М. И. Дьяченко және Л. А. Кандыбович, педагогикалық шеберлікті анықтай отырып, былай деп жазады, “бұл оқытушының кәсіби іс-әрекетінің жоғарғы деңгейі. Сырттай ол өте әртүрлі педагогикалық тапсырмаларды жетістікті шығармашылық шешуде, оқу-тәрбиелік жұмыстың тәсілдері мен мақсаттарына тиімді қол жеткізуде көрінеді. Ішкі жағынан педагогикалық шеберлік - бұл педагогикалық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін, білімдердің, дағдылардың, икемділіктердің, психикалық үрдістердің, тұлғаның қасиеттерінің қызмет ететін жүйесі” Осылайша, дәрісші шеберлігі түсінігінің мазмұнына мыналар енеді: 1) жалпы жоғары мәдениет, эрудиция; 2) оқытылып отырған ғылымның ауданындағы кең және терең білімдер; 3) педагогиканың, жалпы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның білімдерімен жабдықталғандық, оларды практикада пайдалана алу икемділігі; 4) оқу-тәрбиелік жұмыстың жетілдірілген әдістемесін меңгеру. Дәрісші шеберлігінің құрылымында келесі өзара байланысты элементтерді бөлуге болады: психологиялық-педагогикалық бағыттылық, кәсіби білімдер; сабақ беру іс-әрекетіне қабілеттілік; психологиялық және педагогикалық техника ауданындағы икемділіктер.
Оқыту іс-әрекетіне қабілеттілікке мыналар кіреді:
- Дидактикалық қабілеттер - материалды қол жететіндей етіп, логикалық негізделген, қызықты, айқын және анық етіп жеткізе білу икемділігі;
- Ұйымдастырушылық қабілеттер дәлдік, тиянақтылық, жауапкершіліктік, жинақылық сияқты тұлғалық мәнді қасиеттердің көмегімен оқушыларды ұйымдастыру қабілетінде және өзінің оқытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру қабілетінде көрінеді;
- Коммуникативті қабілеттер - оқушылармен дұрыс өзара қатынас орнату, пікір алмастыруға коммуникациялық, қарым-қатынасшылдық, ашықтық;
- Перцептивті қабілеттер - оқушының ішкі әлеміне ене білу икемділігі, оның көңіл-күйі мен өзіндік сезімін тану және оған жауап қату икемділігі;
- Суггестивті қабілеттер - оқушыларға эмоциялық-еріктік әсер ете алу, оларды сендіру, өзінің дұрыс айтқандығын дәлелдеу икемділігі;
- Ғылыми-танымдық қабілеттер - жаңа ақпараттарды, ғылымның сәйкес аудандарынан алынған білімдерді меңгеру икемділігі;
- Эмоциялық тұрақтылық - өзін-өзі ұстай алу қабілеті;
- Рефлексия және оптимисттік жобалау - өз студенттерінің және өзінің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын талдай алу, оқу-тәрбиелік үрдістің жетістіктігін қамтамасыз ете алатын факторларды есепке ала отырып жағдайдың ары қарайғы дамуын жобалау қабілеті.
Жоғарғы мектеп педагогикасы дәрісшінің шеберлігі
Мақсаты:
жоғарғы мектеп педагогикасы дәрісшінің шеберлігі жайлы мәселелерді дәрісті өткізу арқылы анықтау, жоғарғы оқу орнының оқытушысы және ғалым-зерттеуші ретіндегі болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Жоспары:
- «Дәрісші шеберлігі» ұғымының түсінігі, мазмұны.
- Дәрісші шеберлігіне қойылатын критерийлер.
- Психологиялық-педагогикалық біліктілік оқытушысының кәсіби шеберлігінің көрсеткіші ретінде.
Негізгі ұғымдар:
дәріс , дәрісші, кәсіби маңызды қасиет, педагогикалық әсер ету, психофизиологиялық қасиет және т. б.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Орыс зерттеушілері М. И. Дьяченко және Л. А. Кандыбович, педагогикалық шеберлікті анықтай отырып, былай деп жазады:“ Жоғарғы мектеп педагогикасы дәрісшінің шеберлігі - бұл оқытушының кәсіби іс-әрекетінің жоғарғы деңгейі. Сырттай ол өте әртүрлі педагогикалық тапсырмаларды жетістікті шығармашылық шешуде, оқу-тәрбиелік жұмыстың тәсілдері мен мақсаттарына тиімді қол жеткізуде көрінеді. Ішкі жағынан педагогикалық шеберлік - бұл педагогикалық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін, білімдердің, дағдылардың, икемділіктердің, психикалық үрдістердің, тұлғаның қасиеттерінің қызмет ететін жүйесі” Осылайша, дәрісші шеберлігі түсінігінің мазмұнына мыналар енеді :
- жалпы жоғары мәдениет, эрудиция;
- оқытылып отырған ғылымның ауданындағы кең және терең білімдер;
- педагогиканың, жалпы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның білімдерімен жабдықталғандық, оларды практикада пайдалана алу икемділігі;
- оқу-тәрбиелік жұмыстың жетілдірілген әдістемесін меңгеру.
Дәрісші шеберлігінің құрылымында келесі өзара байланысты элементтерді бөлуге болады:
- психологиялық-педагогикалық бағыттылық;
- кәсіби білімдер;
- сабақ беру іс-әрекетіне қабілеттілік;
- психологиялық және педагогикалық техника ауданындағы икемділіктер.
Оқыту іс-әрекетіне қабілеттілікке мыналар кіреді:
Дидактикалық қабілеттер - материалды қол жететіндей етіп, логикалық негізделген, қызықты, айқын және анық етіп жеткізе білу икемділігі;
Коммуникативті қабілеттер - оқушылармен дұрыс өзара қатынас орнату, пікір алмастыруға коммуникациялық, қарым-қатынасшылдық, ашықтық;
Суггестивті қабілеттер - оқушыларға эмоциялық-еріктік әсер ете алу, оларды сендіру, өзінің дұрыс айтқандығын дәлелдеу икемділігі;
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Г. К. Ахметова, З. А. Исаева Педагогика для магистратуры университетов - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 327с.
- М. В. Буланова-Топоркова Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д:Феникс, 2002. - 544 с.
Отандық білім беру жүйесі
Оны халықаралық білім кеңістігіне тиімді интеграциялау - заман талабына сай мамандар дайындаудың кепілі
Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.
Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді. Мұның өзі тек біздің қалауымыз емес, ол бүгінгі күннің шындығы.
“Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасының” мазмұны білім беру жүйесінің ырғақты дамуын және әлемдегі жаһандану мен ақпараттану үрдісінің ерекшелігіне қабілетті болуы керек деген түсінік бар екенін көрсетті.
Әлемдік білім жүйесіне интеграциялау қажеттілігін жоғары мектептің қазіргі деңгей құрылымдары мен біліктілікті түпкілікті қайта қарастырмайынша тиімді іске асыра алмаймыз. Осыған байланысты еліміздің жоғары білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу аса маңызды да өзекті мәселе.
Білім беру жүйесіндегі жасалған реформалаудың алғашқы қадамдары жаңа өзгерістердің пайда болуына алып келді.
Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты - біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтқан білімді дамыту тұжырымдамасына сәйкес өндіріс пен нарықтың өзгеріп тұратын жағдайында қалыптасқан, жоғары білімді мамандардың жаңа моделін дайындау - бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламалары арқылы іске асырылады. Ол осы үш деңгейлі білім тиімді жұмыс істегенде ғана қамтамасыз етіледі. Осы бағытты іске асыру үшін Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары Ph. D докторларын дайындайтын мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеуге қатысты.
Университеттің алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен іскерлік және шығармашылық байланыс орнатуы, оған аймақтағы білім, ғылым және мәдени саясатты іске асыратын үлгілі орталық болуға мүмкіндік береді.
Бакалавриат-магистратура-докторантура (Ph. D) арқылы кәсіптік мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесінің жұмыс істеуі - оған жоғары білім сатыларын стандарттауға негіз болатын, білім кредиттері жүйесіне негізделген жаңа технологияны енгізуді талап етеді.
Аталған кредиттік жүйе бойынша көптеген еуропалық және америкалық жоғары оқу орындары жұмыс істейтіні белгілі. Алдыңғы қатарлы білім ордаларының мамандар дайындаудағы көпжылдық тәжірибесі білім үрдісінің жаңа сапасын жүйелі түрде қалыптастыруға өте қажетті құрал болып табылады. Біздің университет, білім беру үрдісі сапасының қажетті деңгейін іс жүзінде қамтамасыз ететін, оқу үрдісіне кредиттік жүйені енгізуге арналған ғылыми экспериментке белсенді түрде қатысуда. Оқу-әдістемелік және нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындаудағы М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің тәжірибесі мен жетістіктері Білім және ғылым министрлігінде жоғары бағаланып, университетте кредиттік оқыту жүйесінің басқа оқу орындарына оқу-әдістемелік көмек көрсететін республикалық консалтингтік орталығы ашылды.
Кредиттік жүйе білім беру үрдісінің демократиялығымен сипатталады, ол әрбір білімгердің өсуіне, ерекшелігі мен қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі таңдау еркіндігі - білімгерлер, білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес келетін, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалыптастыра алады. Осы жүйенің дамуы жалпы мемлекеттің дамуы мен аймақтық ерекшелікті ескеру арқылы, ғылыми білімнің өзгеруіне байланысты жаңа пәндер енгізіліп, білімгерлердің өзі таңдайтын пәндер санының көбеюімен байланысты екені белгілі.
Көріп отырғанымыздай, оқытудың кредиттік жүйесі білім беру үрдісіне икемділікпен қарауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Оның үстіне енгізіліп отырған жүйе Қазақстанның дәстүрлі білім беру жүйесіндегі құндылықтардың сақталуына мүмкіндік жасайтынын атап өткім келеді.
Барлық жаңа тірлік сияқты, оқытудың кредиттік жүйесі дәстүрлі жүйенің қалыптасқан түсініктерінің өзгеруін талап ететіні белгілі. Оқу үрдісіндегі білімгер мен оқытушының өзара қатынасы мүлдем өзгереді. Білімгердің өзінің жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы, оның жоғары сапалы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығы болуын талап етеді. Осының өзі ағылшын тілінен аударғанда “сенім” дегенді білдіретін “кредит” сөзінен туындап отыр. Сонымен, оқытудың кредиттік жүйесіне өту білімгер мен оқытушының арасында, жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы тек ақпарат көзі ғана емес, ол білімгердің ақпаратты іздеп тауып, қайта бағалап, іс жүзінде пайдалануға үйретуі қажет. Сондықтан оқытушылар сабаққа тындырымды дайындалуға көбірек уақыт бөліп, өзінің біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы тиіс.
Оқытудың кредиттік жүйесінің тағы да бір айта кететін тиімді ерекшелігі - ол оқыту бағдарламаларын халықаралық талаптарға сай сәйкестендіруге мүмкіндік туғызып, білімгерлердің білімін бақылау мен бағалау үшін нақты көрсеткіштер енгізген. Осыдан барып жас мамандардың халықаралық еңбек нарығына қатысу мүмкіндігі туындайды.
Осы аталған білім саласындағы реформаларды жүргізуге түрткі болған жәйт - ол республикамыздың Болонья декларациясына қосылуы. Осының өзін еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласында жаңа биіктерге көтерілуге берілген тарихи мүмкіндік ретінде қарауға болады деп ойлаймын.
Әлбетте, ұлттық білім жүйесін реформалаудың үрдісі тек қана отандық және шетелдердің білім саласындағы ең үздік жетістіктерін тиімді ұштастыра алғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз.
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі мемлекеттік құжаттар
Өзгермелі әлемде өзгермейтін нәрсе жоқ. Осы жылдар ішінде біз де өзгердік. Әлемнің көптеген елдерімен тығыз байланыс орнатып, саяси-экономикалық және ғылыми-мәдени қарым-қатынастарымызды едәуір тереңдете түстік. Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау - білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, “парасатты экономиканың” қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін қолданыстағы заңның мүмкіндіктері жеткіліксіз болып қалды.
Сондықтан “Білім туралы” жаңа Заңды қабылдау - заң шығаруға әуестенушіліктен туындаған нәрсе емес, бұл заман талабы болып отыр.
Сонымен қатар, бұл Заңды қабылдау - Мемлекет басшысының жолдауларында анықталған және Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін де қажет.
Елбасы өзінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Дүниешаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де “парасатты экономиканың” жолына тіккен еді” деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз - білім беру білімнің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай мәселенің шешімін табу бүкіл ел аумағындағы білім беру қызметінің құқықтық негізін жасауды қажет етеді.
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” құру бізден жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Білім туралы заң туралы айтқанда оның құрылымына айрықша назар аударған жөн. Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері бір жүйеге бағындырылған, ол қисынды сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң “білім беру жүйесі” ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ, білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.
Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі, көптен бері сөз болып келе жатқан - педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан, осылай болуы орынды деп білеміз.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім беру жүйесіндегі реформаларға, әсіресе жоғарғы мектепке қатысты реформалардың нәтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз қазақстандық білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі процестің қатысушысы болып отырмыз. Яғни, жоғарғы мектепті дамытудың прогрессивті моделін енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда, жоғарғы білімнің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік мәдени фактордың мәні орасан зор.
Жаһандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, әрбір дамушы, экономикасы толық тұрақтамаған елдер (Қазақстан осындай елдер қатарында) өз мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа беруге мұқтаж. Осы жердегі біздің мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына әсер етпей қоймайтын әлеуметтік мәдени факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттық мүдде мақсаттарды көздей отырып әрбір жаңалықты тек керегінше қабылдау. Қазіргі таңдағы ҚР-ғы білім берудіңу стратегиясы. Мақсаты және міндеттері. Жоғары білімнің Ұлттық үлгісінің бағыттары.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшінң атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымымен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа әкономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген «Білім» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Білім» бағдарламасы) іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса торырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерісттер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете торырып әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz