Ерітінділердің концентрациясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шымкент жоғары медицина колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Ерітінділерді сақтау.Нақты ерітінділер.Нақты ерітінділерді дайындау техникасы.

Орындаған:Қыстаубай Аружан
Қабылдаған:Д.Ж.Ибадуллаевна

Шымкент 2020

Жоспар
1.Ерітінділердің қасиеті мен құрамы.
2.Нақты ерітінділер заңы
3.Ерітінділердің концентрациясы
4.Ерітіндінің теориялары
5.Қорытынды

1)Ерітінділердің қасиеті мен құрамы.
Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады.Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы., тұтқырлығы сияқты қасиеттері өзгеріп отырады.Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те қарастыруға болады.Ерітіндінің механикалық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық бөлшектерді химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында.Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешілігі оның құрамында еритін зат көп еріткіштің мөлшеріне тәуелділігінде және еселік қатынас заңына бағынбауында.Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана ериді.Айталық 200С 293Қ-та алынған 100 мл суда ас тұзының 36,8 грамы ғана ериді де,одан әрі оның мөлшерін қанш көбейтсек те ол ерімейді.Бұл қалыпты жағдайда кездесетін құбылыс.Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешілігі-химиялық байланыс табиғатында.Егер химиялық қосылыстар негізінен ионды, ковалентті байланыстармен сипатталса, ерітіндідегі байланыс, газдард кездесетін аса әлсіз ван-дер-ваальстік, ал кейбір жағдайларда қосымша сутектік байланыстармен түсіндіріледі.
Жай қоспалардағы заттар өзара ешбір байланыссыз-ақ араласса, ерітіндідегі еріткіш пен еритін заттар арасында әлсіз болса да химиялық байланыс болады.Ал, ас тұзын немесе қантты су да ерітсе, олар оңайлықпен әуелгі жеке заттарға бөлінбейді.
Еріткіші су болатын ерітінділер табиғатта кең тараған.Жер қыртысындағы, өсімдіктер мен тірі оргаизмдердегі процестер сусыз жүрмейді. Осыдан ерітінді дегеніміз жай ғана құбылыс емес, ол өте күрделі физикалық және химиялық қасиеттері бар күрделі құбылыс.Еру процестері кейде жылу бөліну арқылы жүрсе, енді бірде жылу сіңіру арқылы да жүреді, яғни зат қыздырғанда ғана ериді.Сондай-ақ кей заттарды еріткенде ерітіндінің көлемі кемуі немесе артуы мүмкін.Мысалы, күкірт қышқылын не натрий гидроксидін суда еріткенде едәуір жылу бөлінеді. Бұл еріген зат пен еріткіш арасында химиялық реакцияның жүргендігін көрсетеді. Бұл процесті сольватация, аал пайда болған қосылысты сольват дейді.Зат суда еритін болса, процесс, гидратация, қосылыс гидрат делінеді.

2)Нақты ерітінділер заңы.
Тәжірибе жүзінде барлық ерітінділер нақты болып табылады. Олардың қасиеттеріне компоненттердің табиғаты, олардың арасындағы әрекеттесу энергиясы, сонымен бірге әртүрлі қоспалардың әсері және ерітінді алынған және жұмыс жасайтын жағдайлар әсер етеді.
Тәжірибе жүзінде концентрацияға байланысты ерітінді қасиеттерін зерттеу нақты ерітіндінің идеалдық шартынан тұрақты ауытқулар байқалатындығын көрсеткен. Мысалы, ерітінді мен оның компоненттер бу қысымдарының тәуелділігі келесідей суреттеледі:

0 N2 0 N2
Графиктерді талдаудан келесі қорытынды шығаруға болады: ұшқыштықты жеңілдететін әртекті молекулалар арасында өзара байланыс әлсізденгенде нақты ерітінділер үшін Рауль заңынан оң ауытқулар және компоненттердің ұшқыштығын қиындататын әр текті молекулалар арасында байланыс энергиясының күшеюімен түсіндірілетін теріс ауытқулар тән.
Нақты ерітінділердің қасиеттерінің талдауы әрбір ерітінді нақты жағдайда ұқыпты талдау мен жеке заңдылықтарды шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан ғалымдардың алдында нақты ерітінділердің қасиеттерін сипаттайтын заңдылықтарды жүйелендіру мүмкіндігін іздеу мәселесі тұрды. Осы мәселені шешу үшін келесі талаптар қойылған:
1. Нақты ерітінділердің барлық ауытқулары нақтылы функция арқылы есепке алынуы тиіс.
2. Идеалды ерітінділерге тән заңдылықтардың жазылу формасы еңгізілетін функция арқылы нақты ерітінділер үшін де сақталу қажет.
3. Бұл функция идеалды ерітінділердің заңдылықтарында концентрацияны ауыстыру керек.
Осындай функцияны Льюис ұсынған және оны активтік деп атаған.

Идеалды ерітінділер Нақты ерітінділер
1. - Рауль заңы 1.
2. - Генри заңы 2.
3. - таралу заңы 3.
4. 4.
Қорытынды: сонымен, нақты ерітінділер үшін жаңы функция активтік ( ) деп аталған.
Активтілік деп нақты ерітінділердің эффектиаті концентрациясын айтады. Ол ерітіндінің концентрациясын ауыстырады.

Активтік концентрацияны ауыстаратын болғандықтан:



(1) Þ (2)
мұндағы, - активтік коэффициенті - бұл шама нақты ерітіндінің идеалды ерітіндіден ауытқу дәрежесін көрсетеді.
Активтік - нақты ерітінділердің нәтижелі концентрациясы.
Сонымен, нақты ерітінділер үшін концентрацияның екі түрін айырады:
1) Аналитикалық - нақты ерітіндіде ерітілген заттың шынайы мөлшерін анықтайды және аналитикалық және физика-химиялық талдау әдістері арқылы анықталады.

2) Активтік - нақты ерітіндінің нәтижелі концентрациясы ретінде нақты жағдайларда активті, яғни әртүрлі химиялық үрдістерде нәтижелі қатысатын ерітінді концентрациясының бөлігін анықтайды.

3) Ерітінділердің концентрациясы
Ерітінді - екі не одан көп компоненттерден (құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық, қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер - сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту - көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа - ерітінді). Химиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділердің қасиеті мен құрамы
Ерітінділер концентрация түрлері
Концентрлі ерітінділер
Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы. Буферлі ерітінділер
Ерітінді және концентрация түрлері
Оптикалық әдістер
Ерітінділердің физикалық теориясы
Ni2+ ионының глицин және лимон қышқылымен комплексті қосылыс түзуін спектрофотометриялық әдіспен зерттеу
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
Ертінділердің концентрациясы
Пәндер