Орманды алқаптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Орманды күтіп баптау кесулері

Орындаған: Кенесбек Б.С.
Тобы: ЛР-204

Алматы,2020
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Орманды күтіп баптау
2.1.Орман шаруашылығы
3.Қорытынды

1.Кіріспе
Орман -- жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман -- географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған -- маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.

2.Орманды күтіп баптау
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде `'мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар'' өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды `''ауру қоздырғыш бактерияларды'''өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын `''курорт-санаторийлер''' орналастырылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 23 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.
Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи-климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі Ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай. Бразилияда 320 млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195 млн., Анголада 60 млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50 млн., Үндістанда 46 млн. га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегі Орман қорлары 760 млн. гажерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы орманның көлемі 816 млн. га, яғни жер аумағының 37%-ын алып жатты (оның 50%-дан астамы Ресейдің үлесінде). Бұл әлемдегі Орманның , яғни 25%-н құрады. Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 - 4%-н құрайды.
Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500 - 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты - қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде (600 - 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500 - 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі - жасы 300 жылға дейін, биікт. 40 - 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге жететін Тянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында - Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан - басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма, грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.
Орманның адамзат коғамы үшін маңызы
Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз-өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер, тұрмысқа қажетті заттар, қағазт.б. алынады; Ормандағы ағаштардың арасында жидектер мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап, қоректерін содан табатын жан-жануарлар мен жәндіктер көп.
Орманды алқаптар
Көлемі жағынан Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52,2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді Орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілді Орманның құмды алқаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой, түйеүшін қысы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т.б. өзендердің бойларында түрлі ағаш-бұталар (терек, тобылғы, жыңғыл, шетен, емен, шегіршін, тал, т.б.) өсетін тоғайлы ормандар кездеседі. Олар жыл бойы сумен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен, шөл ішіндегі жақсы көлеңкелі, сулы тамаша демалыс орындары болып саналады. Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т.б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады

2.1Орман шаруашылығы-ағаш кесудің әсерінен орман табиғатының өзгеруі туралы, орманды табиғи қалпына келтіру туралы, орман өсіру жолдары мен ормандарды ұтымды кешенді пайдалану туралы ғылым.
Орманның кеңдігі сияқты, бірақ кез келген қаланың немесе ірі ағаш өңдеу кәсіпорнының жанында талап етілетін сүрек жеткілікті мөлшерде жоқ, өйткені бұрын орманшылық қатынаста негізсіз ағаш кесу жүргізілді. Батыс Еуропада белгілі Г. Ф. Морозовтың ағаш кесу және орманды жаңарту синонимі болуы тиіс тезисінде айтылған ағаш кесудің орманды қалпына келтірумен байланысы сақталмады.
Орман шаруашылығы орманды басты (шаруашылық-құнды) тұқымдармен қалпына келтіруді көздейді. Бұл ретте осы үдеріске жәрдемдесу шараларының көмегімен басты тұқымдардың табиғи жаңаруына қол жеткізу идеал болады.
Табиғи ормандар әдетте орман екпелеріне қарағанда анағұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын бағалау
Аңшылық алқаптардың типологиясы
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
АМАНГЕЛДІ ЖШС ТОПЫРАҒЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Орман – біздің байлығымыз
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өсімдіктер әлемі
Рекреациялық ресурстар
Экожүйе концепциясы
Пәндер