Гүлзар және көкөніс бақшасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды Болашақ маңызды білім беру колледжі

Жеке пәндер әдістемесі пәнінен

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Гүлзар және көкөніс бақшасы

Орындаған: М-14-3(11) тобының студенті
Ыксанова Ж.
Тексерген: Иляшова Б.Ф.

Қарағанды - 2017ж
ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларда гүлзар туралы жалпы түсінік қалыптастыру, гүлзар өсімдіктерімен таныстыру ... ... ... ... ... .
0.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды гүлзарлар мен көкөніс
бақшасымен таныстырудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзар туралы түсініктерін
қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ...
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың көкөніс бақшасы туралы
түсініктерін қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру ... ...

ІІ-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзарлар мен көкөніс
бақшасындағы еңбегін ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ...
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзарлардағы бақылау
сабақтарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Балабақшағы көкөніс бақшасында балалардың бақшаны жабдықтау,
күту еңбегін ұйымдастыру, бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Балаларды гүлзар мен көкөніс бақшасымен таныстырудың үлгілік
сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
7
9
13
13
14
20
29
31

Кіріспе

Гүлзар - бұл бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының.
Көкөніс -- тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, балалар әрқашан да және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, көшпелі бұлттар, жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар -- соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіне мол азық береді.
Орманда, көгалда, өзеннің немесе көлдің жағасында ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер, гүлдер теру, жануарлар мен өсімдіктерді күту және бақылау балаларға шексіз қуаныш әкеледі. Адам бала кезінде шомылған өзенін, ала көбелекті қуалап, гүл терген көгалын еске алып, өмір бойы есінде сақтайды. Табиғатка үңіле қараудан, балалар ойнайтын орындарға күштарлықтан өз өлкесіне, туған табиғатына, Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болып, жетіле түседі, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.
Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, судың шалпылы, шөптің сыбдыры, құрғақ жапырақтардың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы -- осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіке мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады.
Табиғатты шын мәнінде қандай болса, сол қалпында көріп, еститін бала кездегі ептілік -- балалардың оған деген қызығушылығын арттырады, білімін кеңейтеді, мінез-құлқын, ынта-ықыласын қалыптастыруға ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзар мен көкөністер туралы түсінігін қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
oo мектеп жасына дейінгі балаларды гүлзарлар мен көкөніс бақшасымен таныстырудың маңыздылығы туралы ақрпарат беру;
oo мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзар туралы түсініктерін қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру;
oo мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзарлардағы бақылау сабақтарын ұйымдастыру;
oo балабақшағы көкөніс бақшасында балалардың бақшаны жабдықтау, күту еңбегін ұйымдастыру, бақылау;
oo балаларды гүлзар мен көкөніс бақшасымен таныстырудың үлгілік сабақ жоспарын зерделеу.
Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балаларды гүлзарлар мен көкөністермен таныстыру әдістемесі.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: гүлзарлар мен көкөніс бақшасы.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың Дәрібаев Ж. Е. Экология негіздері, Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику "Познание мира"; Николаева С.Н. Методика экологического воспитания дошкольников; Веретенникова С. А. Ознакомление дошкольников с природой; Как знакомить дошкольников с природой. Под ред. П.Г.Саморуковой; М.М.Марковская Уголок природы в детском саду сияқты еңбектері қолданылды.
Жұмыстың теориялық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзар мен көкөніс бақшасы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, гүлзар өсімдіктері мен көкөніс бақшаларының өсімдіктері бойынша біліміңді толықтырасың.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы гүлзар жасау әдістерімен танысуға көмектеседі және көкөніс бақшасы өсімдіктерін күтуге көмектеседі.

І-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларда гүлзар туралы жалпы түсінік қалыптастыру, гүлзар өсімдіктерімен таныстыру

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды гүлзарлар мен көкөніс бақшасымен таныстырудың маңыздылығы

Балалар әрқашан да және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, көшпелі бұлттар, жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар -- соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіне мол азық береді.
Орманда, көгалда, өзеннің немесе көлдің жағасында ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер, гүлдер теру, жануарлар мен өсімдіктерді күту және бақылау балаларға шексіз қуаныш әкеледі. Адам бала кезінде шомылған өзенін, ала көбелекті қуалап, гүл терген көгалын еске алып, өмір бойы есінде сақтайды. Табиғатка үңіле қараудан, балалар ойнайтын орындарға күштарлықтан өз өлкесіне, туған табиғатына, Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болып, жетіле түседі, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.
Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, судың шалпылы, шөптің сыбдыры, құрғақ жапырақтардың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы -- осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіке мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады.
Табиғатты шын мәнінде қандай болса, сол қалпында көріп, еститін бала кездегі ептілік -- балалардың оған деген қызығушылығын арттырады, білімін кеңейтеді, мінез-құлқын, ынта-ықыласын қалыптастыруға ықпал етеді. Бүған көптеген табиғат зерттеуші-ғалымдар-дың (Қ. А. Тимирязевтің, И. В. Мичуриннің), жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың (А. Пушкиннің, М. Пришвиннің, И. Левитанның, П. Чайковскийдің т. б.) өмірбаяндары біздің көзімізді жеткізеді.
Балаларда шындықты дұрыс көрсететін білімдердің болмауы -- оларда жоққа сенушілік пайда болуына әкеліп соқтырады. Балалардың жануарларға деген қатігездігінің, бақаларды, кірпілерді, пайдалы насекомдарды т. б. қырып, өлтіруінің себебі олардың жануарлар жөніндегі теріс түсініктерінен болады. Бұл тек табиғатқа ғана зиян келтірмей, балалардың психикасына да теріс әсер етеді, оларды қатігездендіріп жібереді. Ұялап қалған теріс түсініктерді түзеу жаңа, дұрыс түсініктерді сіңіруден анағұрлым қиын. Міне, сондықтан да балалардың мектеп жасына дейінгі кездің өзінде-ақ табиғат жөнінде дұрыс мәлімет алуы өте маңызды.
Табиғат құбылыстарын балалардың дұрыс қабылдауы үшін, олардың табиғатты қабылдау процесін бағыттау қажет. Балаларды табиғатқа жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілерді ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті -- балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын объектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру.
Ақыл-ой тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі -- сенсорлық мәдениет. Ол анализаторды (талдауларды) жетілдіруге, балаларда сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған, ол келесі талдаулардың, табиғаттанудағы қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады.
Балалардың білімді меңгеруі -- олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.
Ойды дамыту және материалистік дүниетанымдылықтың негізін қалыптастыру үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстармен таныстыру, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара катынастарды жете түсінуге балаларды баулу. Ақыл-ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп-салдарлық қатынасты түсіну процесінде жетіледі.
Бақылауға, яғни табиғат құбылыстарына белгілі бір мақсатпен қарауға үйрете отырып, біз балалардың жалпы ақыл-ойының жетілуімен тығыз байланысты болатын және балалардың оқуға дайындығының елеулі шарты болып табылатын зейінін дамытамыз.
Табиғатқа деген ынта-ықыласты да тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына, қылықтарына балалардың назарын аударып, қалай бақылау керектігін көрсете отырып, балалардың табиғат жөніндегі білімін ғана емес, жануарларға деген көзқарастарын да қалыптастырады. Тек әрқашан да баланың жасын ескеру қажет және оның көңілін сол заттың немесе құбылыстың несі қызықтыратынын да білу керек.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар саласынан білімніқ мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну, табиғаттағы заттар мен болып жаткан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты материалистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру, календарь жасау, көбірек таралған есімдіктер мен жануарларды анықтап, тануды үйрену, оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.
Балаларды табиғатқа белсенділікпен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат мүйісін ұйымдастыра білу, өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса, соған ұқсас жағдайларды жасау талап етіледі. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіруге агротехникалық әдістерін және жануарларды бағып-күтуді меңгеру керек.
Тәрбиешінің өз үлгісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді. Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен ше-берліктерді, сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып, табиғатты баланың жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор ете алады.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзар туралы түсініктерін қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру

Гүлзар - бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілемтәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады.
Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық Гүлзарлар - миксбордерлер, партерлер,
Қазақстанда Гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі.
Гүлзарлардың пішіні әртүрлі (төртбұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10см, ал ортасы 30-40см биіктікте болады. Гүлзардың шетіне газоннан шағын (10-20см) жиек жасалуы тиіс. Гүлзар жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек.10-15 күннен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастауға болады. Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді тығыз отырғызып Гүлзар жасаудың қажеті жоқ.
Гүлзарлар түрлері:
oo Жүйелі гүлзар - оның негізгі ерекшелігі, геометриялық өрнектер тек гүлден жасалады, пішіні симметриялы болып келеді.
oo Негізгі белгілері:
а. Барлық гүлдер бір мезгілде гүлдеуі қажет.
б. Көшеттер арасындағы шекараның сақталуы.
Жүйесіз гүлзар - гүлдерді топтармен отырғызады. Мұндай гүлзарлар табиғи гүлге ұқсас келеді де, арасындағы шекараларды өсімдіктер жауып тұрады. Гүлзарды гүл топтары бірінен соң бірі гүлдейтіндей етіп отырғызады. Бұл гүлзардың ұзақ сақталуына негіз болады.
Гүлзар өсімдіктері және олардың жіктелуі. Гүлзарландыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады. Осы себептен біз мына келесі өсімдіктерге тоқталайық.
Гүлзар өсімдіктерінің жіктелуі
oo Жылу сүйгіш бір жылыдықтар (арыстанауыз, цинния және т.б)
oo Суыққа төзімді біржылдықтар (қызғалдақ)
oo Суыққа төзімді көпжылдықтар (эрика, дельфиниум т.б.)
oo Жылу сүйгіш көпжылдықтар (фиалка, пеларгония, фуксия)
oo Экзотикалық жылу сүйгіш көп жылдықтар (пальма, канна, дурман, клещевина)
oo Суыққа төзімді бір жылдықтар (бурачок, кларкия, годеция)
Гүлзар жасау. Еліміздің гүлзарлары. Гүлзарлардың пішіні әртүрлі (төртбұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10см, ал ортасы 30-40см биіктікте болады. Гүлзардың шетіне газоннан шағын (10-20см) жиек жасалуы тиіс.
Гүлзар жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек.10-15 күннен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастауға болады. Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ.
Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді тығыз отырғызып Гүлзар жасаудың қажеті жоқ.

Гүлзар. Гүлзарлардан өсімдіктердің бір бөлігін бөлмеге көшіріп апарады. Салқын үй-жайға қыста сақтауға нарғызгүлдің түйнектерін, гладиолустардың пиязшықтарын және т. б. жинастырады. Раушан бұталарын жылылап, қымтайды.

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың көкөніс бақшасы туралы түсініктерін қалыптастыру және олардың түрлерімен таныстыру
Көкөніс -- тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.).
Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді:
тамыр-жемістілер -- тарна, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі;
жапырақтылар -- қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық;
жемістілер -- томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, патиссондар, гүлді капуста, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі;
жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады) -- басты пияз, сарымсақ, порей, батун жуалары, шнитт жуасы.
Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон.
Көкөністер -- бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп -- крахмалға, ал қызылша -- қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде -- организмде А витамині құрылатын -- каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк -- хош иісті заттарға бай.
Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек.
Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Кокөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар).
Көкөністердің жұғымдылығын сақтап қалу үшін оларды дұрыс өндеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінде ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет.
Тамыр жемістері мен картопты бетіндегі топырағы кеткенше жуады. Содан кейін қабықтарын жұқалап аршып, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды.
Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болады, сондықтан олардың қабығын жұқалап аршу керек. Таз аршылған көкөністерді қайтадан жуып, тек содан кейін барып турау қажет. Оларды неғұрлым ірілеу кессе, витаминдері солғұрлым азырақ жойыл ады; картоптық кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн.
Көкеністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді.
Көкөністер күннің сәулесінен қуат алып, жылуынан құнарланып, гүлдеп, түйнек салады, жеміс береді.
Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар көп.
Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картоп С витаминін 22 % жоғалтса, тазартылған картоп екі есе артық жоғалтады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіру керек. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнаған ыстық су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды кастрюльге салып қақпағын нығыздап жауып пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салған жөн, оларды 10 минуттай артық қайнатпау керек. Оны дайын болысымен пайдалану керек, ұзақ сақталып, қайтадан жылытса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттап астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі, төмен температурада (0°С төмен) ауа ылғалдығы 90 -- 95% және көлеңкеле жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыр жемістер, пияздың бастары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністерді сақтау мүмкін емес. Консерві өнеркәсібі әр түрлі көкөніс консервілерін шығарады. Консервілеудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері көкөністердегі пайдалы заттар мен витаминдерді сақтауға мүмкіндік туғызады.
Бақша жұмыстары. Картоп жинайды. Кеш пісетін капуста, қызылша, сәбіздерді жұлып алады. Октябрьде жүйектерді қайтадан аударыстырып, ноябрьдің басында қысқы егіске арнап жер даярлайды.
Бау-бақша жұмыстары. Сентябрьде алма мен алмұрттарды жинау жүріп жатады. Жапырақтар түскеннен кейін жас ағаштарды қарақат пен тұшала қалемшелерін отырғызады. Бүлдіргендерді қарашірікпен кейде шымтезекпен бүркейді. Таңқурайдың түптегі сабақтарын бір-біріне байланыстырады. Жеміс ағаштарының діңдеріне әк жағады; зиянкестерден корғау үшін шырша бұтақтарымен немесе жеке талшықтарымен орап байлайды; ағаштарда қыстап қалатын долана көбелек пен тіллә көбелектердің жұлдызқұрттарын құртады; буылтықты тұт көбелектің жұмыртқалары бар бұтақтарын қиып алып тастайды. Бақты түскен жапырақтардан тазартады.

ІІ-Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзарлар мен көкөніс бақшасындағы еңбегін ұйымдастыру әдістемесі

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың гүлзарлардағы бақылау сабақтарын ұйымдастыру

Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады. Жер учаскесі жеткілікті болса, үлкен гүлбақша жасалады. Мұны әдетте үлкен адамдар мен мектеп жасына дейінгі ересек балалар күтіп-баптайды және әр топтың учаскесіне бір-екіден клумба немесе гүл жүйектерін жасайды.
Гүлдер егілетін үйме топырақтардың (клумба) көлемін әр түрлі етіп (дөңгелек, ұш бұрышты, жұлдызша) жасауға болады, бірақ көлемі баланың қолы олардын, ортасына дейін жететіндей, яғни диаметрі 70 см-ден артық болмауы тиіс.
Шағын гүл жүйектері (рабатка) -- тік бұрыштанып, жіңішкелеу келген ұзынша гүл тізбектері -- құрылыс маңындағы ойын алаңдарындағы жолдардың бойына орналастырылады. Рабатканың ені 50 -- 80 см, ұзындығы -- 2 м және одан да ұзын болады.
Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін I -- 1,5 м етіп, ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды; оларға құм төсеп, жасыл газон себеді.
Гүлбақшаны бөлу үшін, оған бөлінген учаскені елшейді де қағазға оның жобасын сызады. Жобада клумба, рабаткалар, соқпақ жолдар және бұталар отырғызылатын орын белгіленеді.
Клумбалар мен рабаткаларды жерде жіптің және таяқшалардың көлемімен белгілейді. Дөңгелек клумбаны сызу үшін оның келешектегі дәл ортасына таяқша қағады, оған ұзындығы клумбаның радиусына тең жіптің ілмегін кигізеді; жіптің екінші ұшына екінші таяқшаны байлайды да, осымен айналдырып шеңбер жасайды. Клумбалар мен рабаткалар белгіленгеннен кейін, оларды қайтадан қазады да, беттерін, тырмамен тегістейді, Клумбалар мен рабаткалар аяқ жолдардан 5 см биігірек болуы тиіс. Олардың бүйір жақтарын тырманың сырт жағымен соққылап түзетеді.
Гүлді-сәндік өсімдіктер. Бір жылдық, екі жылдык және көп жылдық гүлді-сәндік өсімдіктер болады.
Гүлбақша үшін көп күтімді керек етпейтін, формасы мен түсі жанынан әр алуан гүлдер беретін, жағымды иісі бар, ашық көктесінді өсімдіктерді таңдап алу керек. Ерте көктемнен қара күзге дейін үзбей гүлдеп тұратын өсімдіктердің түр-түрінің болғаны жақсы (4 -- 5 түрлі-түсті таблица).
Б і р ж ы л д ы қ т а р -- өсіп, гүлдейтін, жетік піскен тұқым беретін және сол еккен жылы өлетін өсімдіктер. Олар негізінен тұқымдарынан көбейеді. Тұқымдарын май айының екінші жартысында тура топырақка себуге болатын төмендегі бір жылдық өсімдіктерді алуды ұсынуға болады.
Жоңышқа бас (алиссум), немесе хош иісті тастақ (крест гүлділер тұқымдас) -- биіктігі 15 -- 20 см жиектік өсімдік; июньнен бастап үсік түскенге дейін балдай иістеніп, ақ және күлгін гүлшешек атып гүлдейді; жапырақтары сұрғылт жасыл, ұсақ, ланцеттік. Кез келген топырақта және жартылай қараңғыланған орындарда өсе береді.
Екі жылдықтар -- көктемде немесе жаздыгүні сепкенде топырақта қыстап қалып, келесі жылдың ерте көктемінде гүлдейтін өсімдік. Балалар бақшасына ұсынылатын екі жылдық өсімдіктердің қысқаша сипаттамасын келтірейік.
Шегір гүл (қоғажай тұқымдастар) -- формасы әдемі және бояуы әр түрлі, үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп кішкене түптер; ерте көктемнен салқын түскенше гулдеп тұрады; жапырақтары ұзынша келген, лирдің (құстың) қауырсындары секілді қосалқы жапырағы бар. Ерте көктемнен бастап гүлдеуі үшін тұқымын июльдің аяғы мен августың басында себеді. Қай кезінен бастап қайта отырғызса да өсе береді. Кешке қарай ұзарады, ал ыстықта суаруды көп керек қылады.

2.2 Балабақшағы көкөніс бақшасында балалардың бақшаны жабдықтау, күту еңбегін ұйымдастыру, бақылау

Көкөніс бақшасына орын таңдап алу және жоспарлау. Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардын, әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталарымен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы (жүйек, жол, қатар аралықтары, 3-4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5-6 жастағы бала үшін 1-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс.
Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5-3 м болатындай етіп бөледі. Мұндай ұзындық егіс егу, көктеген шығымды қарау, көшеттерді отырғызу кезінде және т. б. жағдайларда барлық баланы жүйектің бойына орналастыруға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар жұмыс істеген кезде қолдары ортасына дейін жетуі үшін жүйектің енін 70 см шамасынан арттырмаған жөн. Жүйектердің биіктігі топырақтың ерекшелігіне және сол жердің климатына байланысты болады. Күні суық немесе топырағы ауыр, жазы қысқа, жауын-шашыны мол болатын немесе ойпаң жерлерде жүйеқтердің биіктігін 40-50 см етіп; топырағы жеңіл, құрғақшылық аудандар мен біиктеу жерлерде жер бетіне деңгейлеп, тегістеуғып жасайды. Топырағының ылғалдылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулеттік және конструктивтік шешімдер
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Жобаның бастапқы деректері
Алматы қаласы
Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Жылыжайда қызанақ аурулары есепке алу әдістері
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңының маңызы
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Пәндер