Қызылша бөртпелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ
Тақырыбы: Балалар инфекциясы. (Қызылша.)

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жоспар:
Кіріспе :
1.Балалар жұқпалы аурулары.
Жұқпалы аурулардың берілу (таралу) механизмі .
3.Қызылша.
4.Жіктелісі.Клиникасы.Емі.
Қолданылған әдебиет тізімі :
БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ
Балалар патологиясының жұқпалы аурулар ең жоғарғы орынды алады. Жұқпалы аурулар - өте кең тараған аурулар, әр түрлі микроорганизмдермен шақырылатын, контагиозды сипатты, инкубациялық кезеңі бар, клиникалық белгілерінің циклдық өтуі және арнайы иммунитеттің қалыптасуы байқалатын аурулар тобы.
Инфекция, немесе инфекциялық процесс деп патогенді микрорганизммен макроорга-низмнің қоршаған ортаның әсер ету жағдайында әрекеттесуін айтамыз. Осы процесстің әсерінен организмің қоршаған ортамен тепе-теңдік жағдайы бұзылатын болса, инфекциялық ауру пайда болады. Инфекция барлық уақытта арумен біліне бермейді. Инфекциялық ауру инфекциялық процесстің бір түрі. Инфекциялық процесстің келесі бір түрі, ол организммен микробтардың әрекеттесуі ешқандай білінбейтін тасымалдау (бактериотасымалдаушы) болып келеді. Дегенмен, тасымалдауда организмнің жасырын (инфекциялық аурулардағыдан кем қарқынмен) жауабымен, мысалы, антиденелердің жиналуымен, білінуі мүмкін.
Инфекциялық ауру мен тасымалдау, бір біріне ауысуы мүмкін, инфекциялық процесстің түрлері: инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін әртүрлі мерзімде тасымалдаушылық қасиеті сақталады, керісінше тасымалдаушыда қоршаған ортаның жағдайларының әсерінен, инфекциялық аурудың клиникалық белгілері байқалуы мүмкін.
Жедел инфекциялық ауруларға циклдік ағым тән ерекшелік. Аурлардың ағымы бірнеше кезеңдерге айқын бөлінеді: инкубациялық, немесе жасырын, алғашқы (продромдық) немесе алғашқы белгілер кезеңі, даму кезеңі, басыла (жазыла) бастау кезеңі және сауығу (реконвалесценция) кезеңі. Инкубациялық кезеңі қоздырғыштың ену кезінен басталып, аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуымен аяқталды. Әртүрлі инфекцияда оның ұзақтығы әртүрлі болады. Инкубация кезінде қоздырғыш көбейеді және уытты өнімдер бөледі. Сонымен қатар, шектен тыс қоздырғыштар әсеріне жауап ретінде организмде әртүрлі өзгерістер жүреді. Организмнің инкубациялық кезеңдегі өзгерістері көзге көрінбейді. Дегенмен, морфологиялық, биохимиялық, зат алмасу, антиденелер түзілу бұл өзгерістердің куәсі болып келеді. Алғашқы немесе продормальды кезең инфекциялық ауруларда бола бермейді. Ол аурудың алғашқы айқын емес белгілерінің (аздап дірілдеу, шамалы қызба, шамалы дімкәстік, басының ауруы және т.б.) пайда болуымен сипатталады. Әдетте аурудың бұл кезеңінің ұзақтығы көп болмайды (1-3 күн).
Аурудың даму кезеңі біртіндеп бірізділікпен пайда болып, одан әрі дами беретін, содан кейін басыла бастау кезінде біртіндеп жойыла бастайтын, оған тән белгілер кеше-німен сипатталады. Барлық инфекциялық ауруларға әртүрлі деңгейдегі қызба, қабыну процессінің дамуы, ауыр немесе жеңілдеу уыттану белгілері тән болып келеді. Даму кезеңінде әр инфекцияның өзіне тән белгілері (тері мен клегей қабаттарда бөртпелердің пайда болуы, тиісті жергілікті өзгерістер, қанда антидененің пайда болуы және т.б.) пайда болады. Сауығу кезеңінде біреулерде тез, ал, кейбіреулерінде біртіндеп барлық белгілер жойылып кетеді. Дегенмен, организмнің барлық функциясының толық қалыптасуы кейде ұзаққа созылып кетеді. Кейбір инфекцияларда (іш сүзегі, дизентерия, күл және басқалар) кейде организм ұзақ уақыт қоздырғыштардан тазармайды (реконвалесцент тасымалдау-шылар).
Инфекциялық аурулардың клиникалық белгілері басылу сатысында өршу байқалса, сауығу кезеңінде рецидив (қайталау) байқалып, барлық клиникалық белгілері қайта анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, аурудың қайталауы қайталап, осы қоздырғыштың басқа штаммымен қайта инфекцияланумен (суперинфекциямен) байланысты болуыда мүмкін. Инфекцияның атипті (белгілі түрге жатпайтын) түрлерін анықтау көбіне қиынға түседі. Бұларға аурулардың белгілері айқын білінбейтін көмескі түрлері жатады. Бұндай жағдай көбіне тасымалдаушы болып келетін инфекцияларда байқалады. Асқынуы деп негізгі аурумен тығыз байланысты және оның даму барысында және сауығу кезеңінде пайда болатын патологиялық процессті айтады.
Инфекциялық процесс пен иммунитеттің ерте жастағы балаларда атарлықтай ерекшеліктері бар. Жаңа туылған нәрестелерде және алғашқы екі айда жәншау,
эпидемиялық паротит және басқа ауруларға резистенттілік байқалады. Бұл анасынан құрсақішілік қабылданған иммунитет нәтижесі деп есептелінеді.
Жұқпалы ауру даму үшін эпидемиялық процесс болуы қажет. Эпидемиялық процесс бір-бірімен байланысты 3 бөлімнен тұрады: эпидемиялық процесстің түрткілері (олардың себептері, жағдайлары), эпидемиялық процесстің даму механизмдері, эпидемиялық проце-сстің даму көріністері. Эпидемиялық процесс үздіксіз даму үшін жұқпалы қоздырғыштар көзі, жұқпалы аурулардың тарау жолы және қабылдайтын организм болуы қажет.
Жұқпалы аурулардың берілу (таралу) механизмі 5 типке бөлінеді:
- Ауа- тамшы;
- фекальды-оральды (алиментарлы);
- трансмиссивті;
- тұрмыстық қарым-қатынас;
- трансплацентарлы.
Ауа-тамшы жолымен тарайтын инфекциялар: күл ауруы, қызылша, менингококкты инфекция, жәншау, ЖРВИ, тұмау және т.б. Бұндай жолмен тарауда аурудың даму дамы-мауы инфекция ошағының алыс немесе жақындығына және баланың қабылдау қабілетіне байланысты. Кейбір инфекциялар ұшу арқылы қашық жерге таралады, тіптен иненің көзі-ненде өтіп кетеді. Оларға қызылша, желшешек жатады. Ауа-тамшы жолымен тараудың тиімділігі қоздырғыштардың қоршаған ортада өмір сүре алу мүмкіндігіне байланысты. Кейбіреулер ұзақ өмір сүрсе, кейбіреулері дереу өледі. Мысалы, менингококк.
Ішек жұқпалы аурулары фекальды-оральды немесе алиментарлы жолмен беріледі. Мұндай жағдайда берілу түрткілері азық түлік, лас қол, су, шыбын-шіркей, мүлік заттары және т.б. болып келеді. Тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғу бетпе-бет сөйлескенде (тура қатынас) немесе қоршаған ортадағы (жанайы қатынас) заттар арқылы іске асады. Анаэробты жаралы инфекцияда топырақтың жұқтыру түрткісі ретінде маңызды болып келеді. Қоздырғыштар топыраққа түсіп, спора құрайдыда, жараға (газды гангрена, сіріспе), немесе азық-түлікке (ботулизм) түседіде аурулардың дамуына ықпал етеді.
Трансмиссивті таралу жолы тірі тасушылар арқылы жүзеге асады. Олар қоздырғыш-тардың биологиялық қожайыны немесе механикалық тасымалдаушылар болуы мүмкін. Мысалы, биологиялық қожайындар немесе арнайы тасымалдаушыларға кене, бит, бүрге, маса жатады. Олар белгілі бір инфекцияны ғана таратады. Олардың организмінде қоздырғыштар көбейеді немесе дамудың жыныстық циклнан өтеді.
Механикалық немесе бейарнамалы тасымалдаушылар қоздырғыштарды қандай түрде қабылдаса, сол күйінде береді. Мысалы, шыбындар сүзектің, шигеллездің, А гепатитінің қоздырғыштарын осы жолмен береді.
Трансплацентарлы (құрсақішілік) берілу жолы плацента арқылы анадан ұрыққа берілуді қамтамасыз етеді. Берілудің бұл түрі вирустық инфекциялар (герпетикалық инфекция, цитомегаловирус, қызамық, вирусты гепатит, энтеровирус).
Адамдардың барлық жұқпалы және паразитарлық аурулаы халықаралық жіктелу бойынша бірінші классқа жатады:
1. Ішек жұқпалары
2. Туберкулез (A15-A19) Басқа бактериальдық зооноздар (A20-A28)
3. Басқа бактериялық аурулар (A30-A49)
4. Жыныстық жолмен берілуі басымырақ жұқпалар (A50-A64)
5. Спирохеталар тудыратын басқа аурулар (A65-A69)
6. Хламидиялар тудырған басқа аурулар (A70-A74)
7. Риккетсиоздар (A75-A79)
8. Орталық нерв жүйесінің вирустық жұқпалары (A80-A89)
9. Буынаяқтылар арқылы берілетін вирустық қызбалар мен вирустық геморрагиялы қызбалар (A90-A99)
10. Тері мен сілемейлі қабықтың зақымдалуымен сипатталатын вирусты жұқпалар (B00-B09)
11. Вирусты гепатит (B15-B19)
12. Адам иммунитет тапшылығы вирусы [АИТВ] тудырған ауру (B20-B24)
13. Басқа вирусты аурулар (B25-B34)
14. Микоздар (B35-B49)
15. Протозойлық аурулар (B50-B64)
16. Гельминтоздар (B65-B83)
17. Биттеу, аскаридоз және басқа инфекциялар (B85-B89)
18. Жұқпалы және паразиттік аурулардың салдарлары (B90-B94)
19. Бактериялық, вирусты және басқа жұқпалы агенттер (B95-B97)
20. Басқа жұқпалы аурулар (B99)
Қоздырғыштардың берілу механизміне байланысты жұқпалы ауруларды 4 топқа бөледі:
- Ішек жұқпалы аурулары (шигеллездар, эшерихиоздар, сальмонеллездар, сүзек, тырыс-қақ, сал ауруы, ботулизм, сарып және т.б.);
- Тыныс жолдарының жұқпалы аурулары (ЖРВИ, тұмау, күл, қызылша, жәншау, қыза-мық, менингококкты инфекция, өкпе ауруы (туберкулез);
- Қандық (трансмиссивті) жұқпалы аурулар, бөртпе сүзегі, рикетсиоздар, туляремия, арбовирусты энцефалиттер, геморрагиялық қызбалар және т.б. Мұндай жұқпалы аурулардың қоздырғыштары негізінен қан мен лимфада орналасады;
- Сыртқы қабаттағы инфекциялық (трахома, тілме, жындану, листериоз, түйнеме) аурулар. Аруларды бұлай бөлу шартты болып келеді және кейбір инфекциялардың қоздырғыштарының берілу механизмдерін қамтымайды.
Клиникалық тәжрибеде балалар жұқпалы ауруларын А.А. Колтыпин ұсынған қағида бойынша түріне, ауырлығына, ағымына байланысты бөледі.
Аурулар түріне қарай типті немесе типті емес (атипті) болып бөлінеді. Типті ау-руларға осы ауруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылша – жұқпалы ауру
Қызылша туралы
Экзантеманың белгілері
Жедел респираторлы аурулар
Шешек, құтыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Диагностикасы, алдын-алуы және емі
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Ем жобасын тузу
Өсімдік шаруашылығындағы бұршақ тұқымдастардың биологиялық қасиеттерінің маңызы
Зертханалық диагностикасы
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Пәндер