Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Ветеринариялық желі.

Орындаған:Жасан Б.Ж Қабылдаған:Орынбасар М.Б.
Тобы:ВМ-102

Алматы-2020

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.

2.1. Ветеринарияның даму тарихы.
2.2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары. 2.3.Ветеринариялық зертхана туралы ереже.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және
медициналық санитариялық
маңызы да
жоғары.Әлемнің
және
республикамыздың ветеринария
саласындағы
жетістіктері де
айтуға
тұрарлықтай.

4.1. Ветеринарияның даму тарихы.
Ветеринария (лат. veterinarius -- малды бағып -- қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.
Ветеринар хирург.Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т.б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты.Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Э. Дженнер, В. И. Всеволодов, К.И. Скрябин, С.Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан.Ветеринария -- қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық- санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді.Ветеринарияның алдыңда тұрған кезек күттірмейтін мәселелер: жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың жаңа әдістерін (оның ішінде вирусты және гельминтозды -- құрт ауруларды) табу, осы аурулардан адамзатты қорғау, елі- міздегі ветеринарлық жағрапияны зерттеу арқылы жұқпалы аурулар таралуының алдын алу, шаруашылық қожалықтарындағы малдарды жұқпалы аурулардан сақтау және ауырған малды емдеу, сөйтіп, мал басының көбеюіне тікелей ықпал ету.
4.2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары.
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер.
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңымен.
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;
4) Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
5) Індет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық

(ветеринариялық-санитариялық) ереже лерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;
6) Ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;
7) Ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
8) Мыналардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 1-1) уәкілетті орган;
2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары.
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.

2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы" деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары" деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор" және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Қазақстандағы ветеринария қызметі, ҚР «ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы мәлімет
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «ветеринария туралы» заңы туралы
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР ветеринария туралы заңын талдау
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Пәндер